Қылмыс объектісінің түсінігі, құрылымы және түрлері жайлы
Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 87 бет
Таңдаулыға:
Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 87 бет
Таңдаулыға:
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
І тарау. Қылмыс объектісінің түсінігі, құрылымы және түрлері
1.1. Қоғамдық қатынастар - қылмыс
объектісі ... ... ... ... ... ... .. ... ... ..5
1.2. Қоғамдық қатынастардың
құрылымы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 13
ІІ тарау. Қылмыс объектілерініњ түрлері
2.1. Ќылмыстыњ жалпы
объектісі ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... 19
2.2. Ќылмыстыњ тектік жєне түрлік
объектілері ... ... ... ... ... ... ... ... ... .21
2.3. Ќылмысыњ тікелей
объектісі ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... .23
ІІІ тарау. Қылмыс заты – ќылмыс объектісініњ ќосымша белгісі
3.1. Ќылмыс затыныњ түсінігі, белгілері ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .43
3.2. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінде
келтірілген қылмыс заттарының түрлері
және оларды топтастыру ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..61
ЌОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..72
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... .75
К І Р І С П Е
Еліміздегі өткен ғасырдың сексенінші жылдарының аяқ шенінде басталып,
келесі онжылдықта қарқын алған қоғамдық қатынастардың өзгерісі шарықтау
шегіне жетіп, жаңа және жаңарған базис бой көрсетті де өзіне сай
қондырмасын талап етті. Оның себебі - Социалистік мемлекеттің (қоғамның)
Кеңестік моделі қалыптастырған қоғамдық қатынастардың КСРО-ның құлдырау
кезеңінің басталуынан-ақ ірге сөгілуі өріс алған еді. Ақыр аяғы
қондырмалық қатынастардың бір және бірегей бөлігі құқықтық қатынастардың
өзгерісіне, соңғысы заңды түбегейлі реформалау үрдісіне алып келгендігі
аян. Осы социалистік қатынастарды нарықтық қатынастардың ығыстырып,
орнығуы кезінде Конституцияның өзі екі рет қабылданып, тіпті, соңғысының он
сегіз бабына өзгеріс еніп те үлгерді. Тіпті, кейбір маңызды заңдар әлі
күнге жаңа қатынасқа сай етіп қайта қабылданған жоқ.
Базистің, оның ізімен қондырманың өзгеруі салдарынан әрекетті бағалауда
қоғамның, заң шығарушының позициясының өзгеруі нәтижесінде жаңадан
қабылданған ҚК-те Кеңес дәуірінде қылмыс болып келген әрекеттер
қылмыссыздандырылса (декриминализация), керісінше бұрын беймәлім қылмыс
құрамдары да көрініс тапты. Осының өзі де қылмыс объектісін құрайтын
қоғамдық қатынастардың мазмұны ғана емес, сипаты да өзгергендігін
көрсетеді. Сондай-ақ, қоғамдық қатынастар әлі де өзгеру үстінде екендігін
және заң шығарушының көзқарасы әлі де орнықпағанын ҚК-тің қабылданғанына
жыл өтпей-ақ белгілі баптардың (210, 211, 212-б.б.) күшін жоюынан да
білуге болады. Сол секілді Қазақстанның құқықтық мемлекет ретінде
қалыптасуы жолында өткізіліп жатқан реформаларға байланысты қоғамдық
қатынастардың әлі де сан өзгеріске ұшырайтыны аян.
Жаңа ҚК-тің Ерекше бөліміндегі баптардың 29% -ке жуығы мүлде жаңа.
Олар: 97, 113, 114, 123, 128, 133, 137, 138, 142, 144, 151, 153, 156, 158,
160, 161, 162, 168, 169, 180, 189, 191, 193, 197-205, 207, 208, 210, 213,
215, 216, 218, 225, 226, 228-230, 232, 233, 238, 240, 242-244, 254, 258,
268, 270, 272, 277, 279, 289, 290, 293, 294, 297, 303, 305, 309, 310, 322,
328, 329, 331, 338-340, 342, 343, 345, 348, 356, 379, 388 -баптар. Кеңестік
кезеңдегі ҚК-тің 36% -ке жуығын жаңа Кодекс мүлде білмейді. Олар: 55, 56-1,
58, 59, 62-1, 62-2, 68, 71-1, 72-1, 72-2, 74, 75, 75-1, 76-6, 77, 79, 80,
81-2, 84, 86, 87, 105, 106, 107, 109, 126, 127-1, 127-2, 130, 132, 133, 133-
1, 134-139, 141, 142, 149, 150, 151-1, 153, 154, 155, 157, 158, 160, 165,
166-2.1 66-3, 168, 168-1, 168-2, 170, 170-2, 172-1, 172-2, 173-1, 174, 179,
180, 180-1, 180-2, 181-184, 191-1, 191-3, 198, 199-3, 200 –1, 200-3, 201-1,
201, 2, 204-1, 205, 2 05-3, 205-4, 206, 209, 211-1, 213-3, 214-2, 217-,
218, 219, 220, 223, 226, 228, 232, 235, 250, 252, 254, 256 -баптар.
Бұған қарап та қоғамдық қатынастарды зерттеу мәселесі өз өзектілігін
жоймағандығын аңғаруға болады.
Жалпы, қылмыстық құқықта қылмыс объектісі мәселесі көкейкестілігін
жойған емес. Қазан төңкерісінен бұрын оған қатысты әр түрлі көзқарастар
орын алып (мүдде, субъективтік құқық, құндылық, құқықтық игіліктер, парыз
бен оның көрінісі қатынас т.б.), ненің қылмыс объектісі екендігіне соңғы
позиция айқындалған жоқ. Кеңес үкіметі орнаған бетте-ақ Маркстің идеясы
бойынша қылмыс объектісі деп қоғамдық қатынастарды жариялағанымен, нүктенің
бұл жерден де қойылмай, қайта мәселенің осы жерден басталатынын көрсетті.
Осы үрдісте КСРО-ның белді ғалымдары атсалысты.
Қылмыс объектісі - қоғамдық қатынастарға әр қырынан өзіндік әр
қосушылар болғанмен құқықтық және философиялық зерттеулерден соң қоғамдық
қатынастардың ғылыми образы, талданған сұлбасы қалыптасты. Сондай-ақ,
ғылымда әлі де болса, бұл мәселенің түбегейлі шешілмеген тұстары да,
ғалымдардың бірізді көзқарасқа келе алмауынан, не пікірлерінің жаппай
қабылданып кете алмағандығынан авторлар жылы жауып қоя салатын тұстары да
жетерлік.
Қоғамдық қатынастың түсінігін беруде ауыз толарлықтай нәтижелер болса
да, оның түп бастауынан, методологиясынан әлсін-әлсін ауытқып кетіп
жүргеніміз тікелей объектіні анықтағанда ғана емес, қылмыс заты мәселесі
бой көтергенде де анық байқалды. Методологияға сүйеніп, қорытынды жасасақ,
объект пен зат (предмет) ажырағысыз егіз категориялар екендігі аян болса,
қылмыстарды затты және затсыз деп қаққа айырып жүрген позицияның затсыз
қылмыстарға қатысты методология талаптарына жауап бермеуі де шиеленісті
проблеманың шетін шығарып береді. Осы жолда авторлардың жасаған
талпыныстары кең қолдау тауып кете қойған жоқ, тіпті кейде зат деп таныған
құбылыстың өзі өзін ішіне сыйғызып тұруға тиісті объектінің де ауқымынан
шығып кетіп жатады (өмір, денсаулық, биологиялық тіршілік иесі ретіндегі
адам т.б.).
Диплом жұмысы мынандай міндеттерді алға қойды:
- Ќылмыс объектісініњ т‰сінігін, ќ±рылымын айќындау;
- Ќылмыс объектілерін топтастыру;
- Ќылмыс затыныњ ќылмыс ќ±рамындаѓы орнын айќындап, оны ќылмыс
объексініњ ќосымша белгісі ретінде сипаттау;
- Ќылмыс затыныњ Ќазаќстан Республиасыныњ Ќылмыстыќ кодексіндегі
т‰рлерін аныќтау.

1. Қоғамдық қатынастар - қылмыс объектісі
Қылмыс қашан да бір құндылықтарға қол сұғып, зардап әкеледі немесе
әкелу қаупін туғызады. Не нәрсеге қол сұғылса, не қол сұғылмақ болса, сол
қылмыс объектісі болып табылмақ. “Қылмыс объектісінің проблемасы кінә, зиян
келтіру проблемаларынан кем түспейтін маңызды да философиялық терең
проблема болып табылады”[1].
Қылмыстық құқық теориясында қылмыс объектісі болып қылмыстық құқықпен
қорғалатын қоғамдық қатынастар танылады.
Қазақстандық құқық ғылымы ҚР КСРО ыдырағанша оның құрамында болып
келгендіктен, сол Кеңестік құқық ғылымының оған дейінгі жеткен ортақ
жетістіктерін мұралап, енді өз желісімен дамып келе жатқандығы аян. Ал
Кеңестік қылмыстық құқық өзінің алғашқы күндерінен бастап-ақ қылмыс
объектісі ретінде, оған дейін әр түрлі көзқарастар болса да, Марксизм
идеяларын жалғастырып, қоғамдық қатынастарды таныған еді.
А.А.Пионтковскийдің 1925 ж. жарық көрген “Қылмыстық құқық” оқулығында
“қоғамдық қатынастарды” қылмыс объектісі ретінде атап өтеді[2].
Шынында да, Қазан төңкерісінен бұрын бұл тұрғыда Ресей мен шет ел
ғылымында әр түрлі пікірлер орын алған еді. Мысалға, Ресейдің төл ғалымы
Н.С.Таганцев “шынайы болмысындағы құқық нормасын”[3] таныды. Оның осы
сөзін тарата келе, А.В.Наумов “Таганцев шынайы болмыстағы құқық нормасы деп
қылмыстық құқық арқылы қол сұғушылықтан қорғалатын игіліктің (мүдденің)
шынайы мазмұнын көрді”[4], -деген қорытындыға келеді.
Ал Н.С.Таганцев енді бір жерінде, қылмыстың мәні қылмыскердің шынайы
құқыққа ие адамға зиян әкелгенінде емес, мемлекеттің талабын бұзуға еркінің
жеткендігінде, зиян келтіру қылмыстың мәні емес, амалы ғана, “сондықтан да
қылмыстан құқық үстемдігін қорғаушы ретінде қашан да мемлекет зардап
шегеді. Қылмыс объектісі деп шынайы игіліктер мен мүдделерді танысақ біз
қандай да бір игіліктер мен құндылықтарды жою заңсыз болып табылмайтын
әрекеттердің құқықтық табиғатын түсіндіре алмаймыз”[5] дегенді айтады.
Яғни, игіліктер мен мүдделер қылмыс объектісіне айналуы үшін олардың
міндетті түрде мемлекет қорғайтын құқық нормаларымен қамтылуына сілтейді.
Сондай-ақ мүдде мен оның құқықтық формасының бірлігі туралы ой
толғамдарды Е.І.Қайыржановтан да кездестіреміз (ол туралы төменде
баяндалады).
Сол сияқты шетел және төңкерістен бұрынғы Ресей әдебиеттерінде қылмыс
объектісі деп тұлғаның субъективтік құқығын (А.Фейербах), қоғамның дұрыс
қызмет ету шарты ретінде құндылықтарды (К.Биндинг), құқықтық нормамен
қорғалатын өмірлік мүдделерді (Ф.Лист), құқықтық игіліктерді (Х.Уелрел),
парыз бен оның көрінісі қатынасты (И.Я.Фойницкий) танитын пікірлер орын
алды.
Қазіргі заманның Қазақстандық (және ТМД елдерінің) қылмыстық құқығында
“қылмыс объектісі қорғалатын қоғамдық қатынастар” деген пікір жалпылама
қабылданған ереже болғанымен, Кеңес дәуірінің өзінде де бұған өзіндік әр
қосушылар мен сын айтушылар болды және әлі де бар.
Айталық, В.Г. Смирновтың ойы бойынша “құқықтық тәртіп шын мәніндегі
қоғамдық қатынастардың өзінше бір “құқықтық қабығы” ретінде қылмыс және
басқа да құқық бұзушылық кезінде белгілі бір зардап шегеді, осы тұрғыдан
келгенде ол қылмыстық -құқықтық қорғау мен жалпы құқықтық қорғау
объектісіне енуі тиіс[6]. Өз сөзімен айтсақ, “Бұл ұғымның дәл мағынасында
қылмыстық қол сұғушылық объектісі деп тек қана социалистік қоғамдық
қатынастарды ғана емес, олардың қамтамасыз етілу шарттарын да”, яғни
құқықтық тәртіпті де тану керек. Құқықтық тәртіп (құқықтық шарттар) нақты
қоғамдық қатынастардың құрамына енбейді, сол себепті қылмыстық құқықтық
қорғау объектісінің айрықша бір құрамдас элементі болып табылады[7].
Сол сияқты, М.И.Федоров та қылмыс объектісі деп тек қана қоғамдық
қатынастарды емес, сонымен қоса, құқық нормасын да тануды ұсынады[8].
Бұған А.А.Исаев құқық нормасының мазмұны оған берген түсініктемесіне
қарай өзгеріп отыратын тұрақсыздығын алға тартып, сондай-ақ барлық қоғамдық
қатынастардың құқық арқылы реттелмейтінін келтіре отырып, келіспейтіндігін
баяндайды[9].
Ал Е.І.Қайыржанов болса, қылмыс объектісінің материалдық және формальдық
жақтарын ажыратады. Материалдық жағы қорғалатын мүдде болса, формальдық
жағы - ол мүддені бүркеп, қорғап тұрған құқықтық норма. “Құқықтық қорғаусыз
құқықтағы мүдде жоқ. Сондай-ақ олар қорғайтын әлеуметтік құнды мүддесіз
құқық, нақты құқықтық нормалар жоқ”, - дейді Е.І.Қайыржанов, оның ойынша, -
“қылмыстың объектісін анықтау үшін. кез келген жеке жағдайда екі түрлі
өзара байланысты мәселеге тоқталуға тура келеді. Біріншіден, кімнің қандай
мүддесі.? Және, екіншіден, қандай құқықтық норма.. бұзылды?”[10].
“Формальдық тұрғыдан қылмыс объектісі болып құқықтық норма шығады. Бірақ
бұл жәй беткі... жағы ғана. Объектінің неғұрлым терең мазмұнды жағы, мәнісі
немесе қоғамдық құндылығы қоғам мен мемлекет атынан. қорғалатын мүддеде,
қоғамның. материалдық не моральдық игіліктерінде жатыр”[11].
“Мүдде қоғамдық қатынастардың нақты көрінісі бола тұра, өз кезегінде,
өзінің құқықтық формасымен жанамалануы, рәсімделуі, киінуі керек”, әйтпесе
қылмыс объектісі емес[12]. Е.І.Қайыржанов, сондай-ақ, объект турасындағы
академик М.Т.Баймахановтың, құқық бұзушы осы екі жақты объектіге (қоғамдық
қатынастар мен оны қорғаушы заң) зиян келтіреді деген сөзін ат-үсті айтып
өтеді[13].
Н.И.Коржанский болса, нормативистік теорияға өз қарсылығын былайша
білдіреді: біріншіден, қылмыс кейде құқық нормаларымен реттелмеген қоғамдық
қатынастарға (кейбір жыныстық қатынастар, қоғамдық тәртіп) қол сұғады,
екіншіден, қылмыстық-құқықтық қатынастар қылмыс жасаудан бұрын өмір
сүрмейді, сол сияқты бұл қатынастардың объектілері де одан бұрын өмір сүре
алмайды. Ал қылмыс объектісі, керісінше, әрқашан қылмыс жасаудан бұрын өмір
сүреді[14].
Біз өз тарапымыздан нормативистік теорияны қолдамағанымызбен, соңғы
пікірге қосар ойымыз да бар. Н.И.Коржанский айтатын “құқықтық реттелмеген”
кейбір жыныстық қатынастардың өзі ҚК-те аталып өтсе (қылмыс хақында),
соның өзі оны қорғаумен қатар реттеп өтеді. Демек, ненің жасалуға тиісті
емес екенін білген соң, ненің (қандай әрекеттің) жасалуы мүмкін екені
шығады. Ал бұл реттеу емес пе ?!!
Бұдан шығатын қорытынды - құқықтың аясына енбеген айдаладағы нәрсеге
қылмыстық қолсұғылады деу қиыспайды.
Кейбір авторлар қоғамдық қатынастардың қылмыс объектісі екендігін айта
отырып, объектіні нақтылауға көшкенде “мүмкіндікке” қарай ауысып кетеді
(Б.С.Никифиров, А.Е.Фролов, Н.И.Коржанский т.б.), оның да себебіне өз
кезегінде ораламыз.
“Қоғамдық қатынастарға” соңғы жылдарда сүбелі қарсылықты А.В.Наумов
білдірді. Оның пайымдауынша, қоғамдық қатынастар теориясы жеке адамға қарсы
қылмыстардан басқаларына келеді, ал адамды “тек қоғамдық қатынастардың
жиынтығы” деп түсіну өмірдің биологиялық құбылыс ретіндегі, адамның
биологиялық тіршілік иесі ретіндегі абсолюттік құнын төмендетеді.
Сондықтан да А.В.Наумов қоғамдық қатынастар иедеясынан бас тартып, XІX
ғасырдың аяқ шенінде қылмыстық құқықтың классикалық және социологиялық
мектептерінде іргесі қаланған “құқықтық игіліктер” теориясына оралуға
шақырады[15].
Десек те, Н.И.Коржанскийдің пікірі бойынша адамды қоғамдық қатынастардың
жиынтығы ретінде емес, биологиялық тіршілік иесі деп қарасақ, онда қажетті
қорғану жағдайында, үкімді орындау кезінде адамға қаза келтірудің заңды
екендігін түсіну мүмкін болмай қалады[16].
Біздің ойымызша, қоғамдық қатынастар идеясынан мүлде бас тартуға
болмайды. Себебі, айталық, әрекетсіздік арқылы жасалатын “Науқасқа көмек
көрсетпеу” (ҚР ҚК 118-б.), “Қауіпті жағдайда қалдыру” (ҚК 119-б.) сияқты
қылмыстар орын алғанда адам мүддесіне зиян келіп тұрғанын егер қоғамдық
қатынастар (арқылы жүктелетін міндеттер) болмаса, қалай білуге болады?
Оларға көрсетілмек көмекті кімнен талап ету керектігіне заңмен қалыптасқан
қоғамдық қатынастар (арқылы жүктелетін міндеттер) ғана жауап береді.
Сонымен, қазіргі қазақстандық қылмыстық құқық ғылымы қылмыстық құқықпен
қорғалатын қоғамдық қатынастарды қылмыс объектісі деп біледі. Бірақ қылмыс
объектісі деп қоғамдық қатынастарды танудан қылмыс объектісі
проблемаларының барлығы шешіле қалмайды, қайта проблема осы жерден
басталады[17]. Соның ішінде оның түсінігі мен құрылымын анықтау, топтастыру
проблемалары алдыңғы кезекке сытылып шығады.
Қоғамдық қатынас тек адамдар арасында ғана болады. Өзге тіршілік иелері
бұндай қасиеттен ада. Адамдар бір-біріне байланысын, кіріптарлығын сезінген
сәтінен бастап қоғамдық өмір (қатынастағы) басталады. Ал аталмыш байланыс,
кіріптарлық қайдан пайда болмақ? Басқа биологиялық тіршілік иелері өздерін
бұлай сезіне алмайды. Оларда тек қана биологоиялық, табиғи мұқтаждықтарды
қанағаттандыруға ұмтылу сезімі ғана бар. Оларды жүйелі қанағаттандырудан
соң да ешқандай жаңа мұқтаждықтар пайда болмайды. Барлық мұқтаждық “затын”
тек табиғаттан дайын күйінде ғана алады.
Homo sapіens-тен бұрынғы адамдар да өз “тарихи-әлеуметтік практикасын”
табиғаттан дайын күйінде алып бастады. Адамның ерекшелігі сонда, ол тек
биологиялық мұқтаждықтарды қанағаттандырғанына тоқмейілсіп қоймай, оны
қанағаттандырған соң, жаңа мұқтаждықтарды тудырып отырды.
Әрбір жаңа мұқтаждықтарды қанағаттандыру одан да жаңасын тудырады.
Мұқтаждықтар еңбек* арқылы қанағаттандырылады. К.Маркс, Ф.Энгельстің
сөзімен айтсақ осы мұқтаждықтарды тудырудың өзі тарихи процесс. Адам
мұқтаждықтары қоғам дамуының қозғаушы күштерінің бірі, бірақ негізгісі
емес.
Алғашқы кезде жаңа мұқтаждықтарды адам жалғыз өзі қанағаттандыра алатын
еді. Табиғатынан берілген дене еңбегімен қоса, “әлеуметтік мүмкіндігін”
арттыру үшін материалдық әлемнің заттарын өз еңбегіне бейімдеп пайдаланды.
Кейін келе адам мұқтаждықтарының күрделенгені сонша оны жалғыз өзі не
кішігірім топ өмір бойы қанағаттандыруға қабілетсіз болып шықты. Сол
себепті керекті мұқтаждық “затын”, өзге қоғамдық қатынастар бойына сіңген
игіліктерді, өзгеден алуға, ал өзі өз мұқтаждықтарынан артылатын басқа бір
мұқтаждық “затын”өзге біреуге беруге мәжбүр болды, яғни туындаған
мұқтаждықтарды үнемі қанағаттандырып отыру үшін өзін-өзі реттей алатын
адамдар тобы, демек, қоғам қажет етеді.
Осыдан еңбек бөлінісі пайда болды да қоғамдық даму қарыштай түсті.
Даму тек мұқтаждықтарға арқа сүйей алмайды, сол себепті, бұл жерде, адамның
өз мұқтаждықтарын саналы түрде сезініп, оны қанағаттандыруға ұмтылысы,
сыртынан субъектінің объектіге қатысы (қатынасы) болып көрінетін, мүддесі
пайда болды.
Өндірістік қатынастар мен мүдделер жанама түрде мұқтаждық арқылы
байланысады[18].
Адамның әрбір саналы әрекеті мүддесіне арқа сүйейді. Тек жеке адамның
мүддесі емес, тарихи даму барысында, олардан бөлек өмір сүретін жалпы қоғам
мүддесі дараланып шықты. Себебі, қоғам мүшелерінің механикалық жиынтығынан
гөрі ауқымды ұғым, айталық ол өзіне бұған дейінгі өткен ұрпақтар әрекетінің
нәтижелерін сіңіре алады. Бірақ “бөлек” дегеніміз шартты түрде айтылғаны,
“ешқандай да жалпы мүдде, осы мүддені өз мүддесіндей қабылдайтын жеке
индивидтің өмірлік мүддесінен тыс өмір сүрмейді”[19].
Сонымен, Адам мұқтаждықтары мен өмірлік мүдделерін қанағаттандыру үшін
еңбек бөлінісіне қарай өзі сияқты адамның көмегіне жүгінуге, ал өзі
өзгенің мұқтаждық-мүддесін қанағаттындыруына “жәрдемдесуге” мәжбүр. Осы
байланыстан, осы адамның өзге адамдарға деген кіріптарлығын сезінген
сәтінен бастап әлеуметтік байланыс туындап, қоғамдық өмір басталады да,
қоғамдық қатынас туындайды.
Қоғам дамуының қозғаушы күштерінің( қатарына қоғамдық қайшылықтар, оны
шешуге бағытталған әлеуметтік субъектілердің прогрессивті қызметі, ондай
қызметке түрткі болған күштер (мұқтаждық, мүдде т.б.) жатады [20].
Қоғамдық қатынас ұғымын философиядағы жалпы “қатынас” категориясынан
шығарып, оның бір ерекше түрі ретінде ғылыми айналысқа енгізген - Карл
Маркс. Энгельс өзінің Карл Маркс “Саяси экономия сынына” атты еңбегінде:
“Саяси экономияның ісі заттарда емес, адамдар арасындағы және түптеп
келсек, топтар арасындағы қатынаста, бірақ ол қатынастар қашанда заттармен
байланысты және зат болып көрініс табады. Бұл байланысты алғаш рет Маркс
ашты”[21], -деп көрсетеді.
Философиядағы (методологиядағы) “қатынас” ол “барлық құбылыстардың
өзара байланыс сәті. Заттардың қатынасы объективті; заттар қатынастан тыс
өмір сүрмейді. Кез келген заттың өмір сүруі, .өзіндік (спецификалық)
ерекшеліктері мен қасиеттері, .дамуы оның объективтік әлемдегі өзге
заттарға қатынасына байланысты”[22].
Ф.Энгельс топтастыратын қозғалыстың бес формасында заттар қатынасқа
әрқилы түседі. Зат өзін құрайтын материямен табиғаты сәйкес келсе, алғашқы
төрт түрлі қозғалыс деңгейінде (механикалық, физикалық, химиялық,
биологиялық) қатынасқа түспей қоймайды. Ал соңғы қоғамдық қозғалыс
деңгейінде қатынасқа түсуі тіпті өзгеше нысанда көрініс табады. Тіпті, ол
зат қоғамдық қатынастың айналысына мүлде түспеуі де мүмкін.
Қоғамдық қатынас өмірдегі ''Қатынастың'' бір түрі ғана. Энгельс өзінің
аяқталмаған ''Табиғат диалектикасы'' атты еңбегінде қозғалыстың бес
формасын келтіреді. Ол, ең алдымен, механикалықтан басталады. Механикалық
қозғалыстан жоғары тұрған қозғалыс формасы ол - физикалық қозғалыс. Соңғысы
алғашқысын өз бойына сіңіріп алады, дегенмен оның мазмұны механикалық
қозғалыстан гөрі кеңірек (салыстырмалы түрде, үйкеліс пен магниттің бірін
бірі тартуы сияқты). Физикалық қозғалыс өз кезегінде одан жоғары тұрған
химиялық қозғалыстың ішіне енеді, ал химиялық қозғалыс нысаны биологиялыққа
енеді. Биологиялық химиялықты бойына сіңірсе де одан гөрі кеңірек болады.
Ал биологиялық қозғалысты, оның мазмұнындағы өзгелерімен қоса, бойына
сіңіретін әлеуметтік (қоғамдық) қозғалыс қана. Ал осы қозғалыстардың әр
қайсысына өз деңгейлеріндегі қатынас тән: механикалық қозғалысқа -
механикалық қатынас (үйкеліс), физикалыққа - физикалық қатынас (жер мен
айдың тартылысы), химиялыққа - химиялық қатынас (судың құрамындағы Н және Н
және О-ның арасындағы байланыстар), биологиялыққа - биологиялық қатынас
(особьтердің көбеюге ұмтылысы), әлеуметтікке - қоғамдық қатынас (сатушының
құқығы мен алушының міндеті және керісінше). Төменгі сатыдағы қозғалыс
формаларындағы қатынастар ешқашан бұзылмайды, өйткені олар тек табиғат
заңына ғана бағынады, бұзылатын қоғамдық қатнастар ғана, өйткені оны
белгілейтін адамдардың өз заңы. Неғұрлым қозғалыс жоғарылаған сайын олардың
қатынасын көру, сезу қиындай түседі. Энгельс ''Қандай да болса қозғалыс
қандай да бір орын ауыстырумен байланысты - аспан денелерінің, жер
массаларының, молекулалардың, атомдардың немесе эфир бөлшектерінің орын
ауыстыруы. Қозғалыс формасы неғұрлым жоғары болған сайын бұл орын ауыстыру
да соғұрлым байқаусыз болады. Бұл денелердің өзі өзара байланыста болатын
жағдайдың өзінде олардың бір біріне ықпал ететіндігі жатыр, осы олардың
бірі біріне ықпал етуі нақ сол қозғалыс''[23],- деп жазады. Демек, қозғалыс
дегеніміздің өзі, бар болғаны, нақ сол деңгейдегі қатынасты жүзеге асыру
ғана, әйтпесе қатынассыз қозғалыс та жүзеге аспайды (қозғалыс дайын бір
қалыпта жүзеге асу керек, ол қалып қатынас деп аталады).
Қатынасты математика тілімен түсіндіруге де болады. Өйткені, математика
математика үшін ғана өмір сүрмейді. Ол табиғат құбылыстарын ұғынуға өз
үлесін қосады. Айталық, санның шексіздігі “шексіздік” категориясының айқын
айғағы.
Ал қатынас математика тілінде 68 (алтының сегізге қатынасы) сияқты
нәрсе. Осы күйінде (әлі тең боладысы (“ = ”) жоқ) 6 8 -ге бөлінуге, ал 8 6-
ны сегіз бөлшекке бөлуі тиіс, бірақ әлі бөлінбей, қатынаста тұр (құқық
тілінде - 6 бөлінуге міндетті, ал 8 бөлуге құқылы).
Заттар мен құбылыстардың заңдылығы осы әр деңгейдегі (қоғамдықтан
басқа) қатынастарынан көрінеді.
Ал қоғамдық қатынастардың жөні бөлек. Ондағы 6 болатын да, 8 болатын да
адамдар (қатынасушылар).
Қоғамдық қатынас тек адамдар арасындағы “байланыс” қана емес. Оның осы
байланыс жүзеге асырылатын динамикалық жағы да бар. Бұл ретте қоғамдық
қатынас адамдардың әрекеті болып көзге шалынады.
Жоғарыда келтірілген қатынас мағынасының бағыттарын талдай келе
Б.Никифоров: “Қоғамдық қатынас не адамдардың бір-біріне қатысты белгілі
бір жәй-күйі (положение), не қоғамдағы осы жәй-күйіне сәйкес келетін
қоғамдық әрекеті немесе бір мезгілде осылардың екеуі де”[24], -деген
анықтама береді.
“Қоғамдық қатынастың” авторлары - марксизмнің негізін қалаушыларға
жүгінсек, “қоғамдық қатынастар, түптеп келгенде, адамдар өз әрекетін
жарыққа шығаратын және жүзеге асыратын формадан басқа ештеңе де емес”[25].
Е.І.Қайыржанов, сонымен қоса, Намир Махди Аль-Анидің қоғамдық
қатынастарға берген анықтамасын да келтіре кетеді, яғни ол автордың ойынша
“қоғамдық қатынастар адамдар өздерінің көп қырлы мұқтаждықтарының негізінде
қоғамдық процестің жалпы логикасына сәйкес жасаған олардың жан-жақты
қоғамдық әрекеті жүзеге асатын және көрініс табатын форманың қажетті,
объективті, тарихи ауыспалы мәнісі (суть)”.
Тарих дөңгелегі жылжи береді де, қоғамда оның мүшелерінің өздері
тудырған қатынастары бірте-бірте қалыптасып, тұрақтанып, қатынасқа
түсушілердің әрекеттерін реттеуші тетікке айналады. Ұрпақтар бірін-бірі
жалғап ауыса бермек, ал олардың тіршілік әдістері, яғни, “меншіктің, әрекет
алмасудың, өнімдерді бөлу мен игерудің саяси байланыстардың т.б. нақты-
тарихи-формалары” көпке шейін сақталады[26]. “Қоғамдағы ірі-ірі адамдар
тобының орнын, олардың мүдделерін, өзге әлеуметтік топтармен өзара
байланысының сипатын анықтайтын осылар. Сондықтан да, қоғамның дамуы - бұл
қашан да адамдар қатысатын, олардың өз әрекетімен жасала тұра осы
әрекеттерді реттеуші болып табылатын қатынастар жүйесінің өзгеріске түсуі
(өзгеруі)”[27].
Қоғамдағы бұл қатынастар үлкен екі топқа бөлінеді: базистік және
қондырмалық. Қондырмалық қатынастардың сипатын айқындайтын базистік
қатынастар, яғни алғашқысы соңғысына сәйкестеніп отырады. “Әр түрлі
базистің өзіне сәйкес қондырмасы болады. Базис өзгерсе, қондырма да
өзгермек. Қондырма өзіне сай базис тұрған кезеңде ғана өмір сүреді және
әрекет етеді”[28] базистік (материалдық) қатынастарды тауарды өндіру,
айырбастау, бөлу және тұтыну қатынастары құрайды. Ал осыған сәйкес
қондырмалық, басқаша айтсақ, идеологиялық (рухани) қатынастарды саяси,
құқықтық, өнегелік, эстетикалық, ғылыми-танымдық, діни және психологиялық
қатынастар құрайды.
“Қондырма өндіріс пен жанама, экономика арқылы байланысады. Базистен
туындаған қондырма өз базисінің рәсімделуіне, орнығуына және ескі базисті,
.ескі топтарды жоюға көмектесетін зор белсенді де пәрменді күшке
айналады”[29].
Реттеушілік роль атқаратын қалыптасқан қоғамдық қатынастар жүйесі көп
әрі әрқилы, сондай-ақ әр субъектінің өз құлшыныс -мүддесі болғандықтан,
қатынасты жүзеге асыру барысында дау туатыны, сондай-ақ осы қалыптасқан
қоғамдық қатынастар жүйесін бейнелейтін немесе оны қалыптастыратын бір
механизм қажет. Мұндай тетік болып тарихта әдет-ғұрып, салт-дәстүрден соң
ресми түрде жариялы биліктің құралы болып құқық орын алды.
Қоғамдағы қоғамдық қатынастар орасан көп болғандықтан объективтік құқық
ең негізгілерін, құндыларын ғана мақұлдап, реттеп, қорғауды мойнына алады
да, әр құқық саласы әртүрлі туысқан қатынастарды еншілеп, бөліске салады.
Құқықпен қамтылған қоғамдық қатынастар “құқықтық қатынастар” дәрежесіне
ие болады. Құқық теориясы бойынша құқықтық қатынастардың мазмұнын қатынасқа
түсушілердің субъективтік құқықтары мен міндеттері және оларды қолдану мен
жүзеге асыруға байланысты шынайы әрекеттері құрайды[30]. Субъективтік
құқық ол - құқықтық актімен тұлғаға берілген мүмкіндік болса[31], міндет -
сол мүмкіндікті демеу үшін белгілі әрекеттің міндетті түрде жасалуын немесе
жасалмауын жүктейтін жауапкершілік.
Заң қоғамдық қатынастарды қалыптастыруға бағытталады. Ол сонымен қоса,
қоғамдық дамуды қамтамасыз етуі қажет. Қоғамдағы даму дегеніміз, жоғарыда
аталғандай, қоғамдық қатынастардың өзгеруі. Демек, заң қоғамдық
қатынастарды қалыптастыра отырып, оларды эволюциялық жолмен өзгертуге алдын
ала икемделген.
Осы орайда, Б.С.Никифировтың “Бұл қатынастарды қылмыстық құқықтық
жолмен қорғау.- қоғамдық қатынастарды қалыптастырудың құралы (автор
“средство” сөзін қолданады), ал қылмыстық заң нормалары арқылы адамдардың
мінез-құлқын реттеу (қалыптастырудың ) әдісі”[32] болып табылады деген
сөзін айта кеткен абзал. Бұл ретте азаматтарды (белгілі бір әрекетті
жасамауға не қатаң түрде жасауға міндеттеп қоюдың мақсаты - оларды елгезек
тыңдағыш қылу емес, тек белгілі бір қоғамдық қатынастарды қалыптастырып,
орнықтыру[33] (жалпы объективтік құқық атаулының да мақсаты осы емес пе?!).
Әлбетте, қылмыстық құқықтың да өзі қорғайтын қатынастарды орнықтыруға
(реттеуге) өз үлесі бар. Сондай-ақ, Б.С.Никифоров айтпақшы, барлық қоғамдық
қатынастар құқық салаларымен реттелмеген (жыныстық т.б. қатынастар). Ол
қатынастар қылмыстық құқықтың тікелей араласуымен орнығады (реттеледі).
Қорыта айтсақ, осы қылмыстық құқық жанама түрде реттей отырып (егер
осылай деп айтуға болатын болса), өз қорғауына алатын қоғамдық қатынастар
қылмыс объектісі болып табылады. Ол және мәңгілік қатып қалған қатынастар
емес, қоғам дамуына орай қорғалатын қатынастар да сәйкестеніп отырады.
Сол сияқты әрекетті қылмыстандыру, қылмыссыздандыру (криминализация
және декриминализация) кезінде де қорғалатын қоғамдық қатынастар өзгеріске
түсіп[34], белгілі қатынаста қамтылып не олардың құрамынан шығып қалып
отырады, демек “қылмыстық заңмен қорғалатын қоғамдық қатынастар аясы
динамикада”[35].
Қылмыс объектісін анықтау қандай жаңа қоғамдық қатынастар қылмыстық-
құқықтық амалдармен қорғауды қажет ететіндігіне байланысты. Осы қоғамдық
қатынастарды анықтай отырып, заң шығарушы ҚК-ке сәйкес норма енгізеді
(криминализация). Ал егер де қоғамдағы қалыптасқан қатынастар ендігі жерде
нақ қылмыстық - құқықтық амалдармен қорғауды қажет етпейді, -деген шешімге
келсе, онда ол нақты әрекет үшін қылмыстық жауаптылықты доғарады және ҚК-
тен сәйкес нормаларды (барлығын не бөлшегін) алып тастайды
(декриминализация)”[36].
Қоғамдық қатынастар туралы толығырақ танымға ие болу үшін, сондай-ақ
қылмыскердің объектіге ықпал ету механизмін игеру үшін қылмыс объектісі -
қоғамдық қатынастардың тек теориялық жағынан ғана бөлшектене алатын
құрылымына тоқталу ләзім.
2. . Қоғамдық қатынастардың құрылымы
Қоғамдық қатынастардың құрылымы туралы да ғылымда әр түрлі
пікірталастар болды.
Қылмыс объектісіне қатысты алғашқы болып кешенді зерттеу жүргізген
Б.С.Никифоров қоғамдық қатынастардың үш түрлі құрамдас элементін атайды:
1) қоғамдық қатынасқа қатысушылар; 2) қатысушылардың арасындағы қатынас; 3)
қатынастардың жүзеге асу шарты.
Ал философиялық, социологиялық әдебиеттерде кездесетін пікір бойынша
қоғамдық қатынастарды: 1) олардың қатысушылары; 2) аталмыш өзара байланысты
тудыратын факторлар (қатынас соған қатысты туатын “зат”); 3) қоғамдық
маңызды әрекет (әлеуметтік байланыс)[37] құрайды.
Қоғамдық қатынастардың құрамдас бөліктеріне жеке-жеке тоқталайық.
А.Қоғамдық қатынасқа түсушілер (субъектілер). Қатынас болған соң оның
субъектілері де болатыны аян. Субъект дегеніміз (лат.subjectum) “1) сыртқы
әлемді танушы және оған өзінің практикалық әрекетімен ықпал етуші адам; 2)
қандай да бір қасиеттерге ие адам, тұлға; 3) құқықтар мен міндеттерге ие
заңдық субъект: жеке тұлға және заңды тұлға.”[38] (тәржіме бізден).
Демек, қоғамдық қатынастардың субъектілерінің қатарына жеке адамдар
ғана емес, сонымен қоса, мемлекет, оның мекемелері, заңды тұлғалар,
ұжымдар, топтар т.б. жатады. Әрине, жеке адамнан басқалары тікелей өздері
әрекет ете алмайды. Қашан да олардың функциясы жеке адамдар арқылы
атқарылады.
Осы мәселеге орай XІX ғ. орта шенінде “фикция теориясы” немесе кейіптеу
теориясы пайда болған еді. Оның іргесін қалаушы неміс заңгері Фридрих Карл
Савиньи (1774-1861). Бұл теория бойынша заңды тұлғалар қарапайым фикцияға
орай әрекет жасайтын құқықтың жасанды субъектілері, әрекет қабілеттілігі
тек адамдардан тұратын заңды тұлғалардың органдарында ғана бар. “Заңды
тұлға - фикция, заң техникасы арқылы жасанды жолмен құрылатын өмірде жоқ
құбылыс”[39].
Бұл жерде XІІІ ғасырда Рим папасы ІY Инокентидің осыған орай айтқан
пікірін келтіріп өтсек, артық болмас. Оның ойынша “Заңды тұлға фикцияның
арқасында тек ұғымда ғана өмір сүреді, оның тәні жоқ демек еркі де жоқ.
Корпорацияның өзі емес тек, мүшелері ғана әрекет ете алады”[40].
Заңды тұлғалар құқық арқылы жасалған тек санада ғана өмір сүретін
фикция болғанмен, олардың субъектілік қабілеті бар. Демек, жоғарыда аты
аталған субъектілер де қоғамдық қатынастардың толыққанды қатысушылары
ретінде басқа қатысушылармен қатынасқа түсе алады.
Ф.Энгельс айтпақшы, қатынас болған соң оның бір-біріне қатынасатын екі
жағы бар. “Біз әрбір жағын жеке-жеке қараймыз; бұдан олардың бір-біріне
қатынасының, өзара әрекетінің сипаты шығады”[41].
Осы орайда В.Я.Таций Н.В.Климонтевичтің: “Күн системасын оған кіретін
планеталарсыз сипаттауға болмайтыны сияқты. өндірістік қатынастарды олардың
субъектілерінсіз елестету мүмкін емес”[42],-деген сөзін тілге тиек ете
келіп, қоғамдық қатынастардың субъектілеріне ғана емес, сонымен қатар,
олардың осы қатынастардағы функцияларына назар аударады. Оның ойынша,
қоғамдық қатынастардың “субъектілік құрамы мен олардың функцияларын
анықтау қылмыс объектісі болып табылатын қоғамдық қатынастарды анықтауға”,
сондай-ақ “зиян келтіру механизмін анықтауға мүмкіндік береді”[43].
Қауіп сырттан келген жағдайларда қылмыс субъектісі қылмыстық құқық
арқылы қорғалатын дәл сол қоғамдық қатынастардың әдеттегі қатысушылары
болмайды. Бірақ қатынастан тыс басқа біреу аспаннан түсіп оны бұзуы мүмкін
емес. Қылмыс дегеніміздің өзі біреудің мүмкіндігін бұзу (немесе қауіп
туғызу), ал ол өзіне жүктелген мүмкіндікті бұзу арқылы бола алады.
Мүмкіндігі бұзылатын жақ (жәбірленуші) тек жеке тұлға ғана емес сондай-
ақ заңды тұлға да болуы мүмкін. Оны КІЖК 75-бабының 12-бөлігі де растай
түседі.
Ал міндетті бұзатын тұлға болып, яғни қылмыскер болып қазіргі
қазақстандық қылмыстық құқықтың қағидаларына сәйкес тек жеке тұлға (адам)
ғана табылады. Дегенмен, бұл заңды тұлғалардың да қылмыстық жауаптылығын
жақтаушы авторлар жоқ деген сөз емес. Бірқатар ғалымдар “фикция-заңды
тұлғалардың” субъектілік талаптарға жауап бере алатындығын алға тартып,
оларға қылмыстық жауаптылық шараларын да қолдануды ұсынады[44].
Бұл шетел практикасында Нидерландта -1976 ж., Португалияда - 1982 ж.,
Францияда -1992 ж., Финляндияда -1996 ж., Қытайда -1997 ж. орнықтырылды.
Ә. Қатысушылардың өзара байланысы (немесе тар мағынадағы қатынас). Бұл
өзара байланыс (әлеуметтік байланыс) қоғамдық қатынастардың мазмұны болып
қарастырылады. Себебі, ол қоғамдық қатынастың мәні мен негізгі қасиеттері
көрініс табатын айнасы[45].
Бұл өзара байланыс бізге кейде субъектінің басқа қоғам мүшелеріне
қатысты (қарағандығы). күйі, жәй-күйі және оның өзін белгілі бір жолмен
ұстаудың (алып жүрудің) нақты мүмкіндігі (әлеуметтік мүмкіндік) болып,
кейде осы мүмкіндікті жүзеге асыру немесе қоғамдық қатынас субъектілерінің
әрекеті болып көрінеді[46].
Бұл жерден А.Е.Фроловтың Б.С.Никифоровқа арқа сүйегенін аңғаруға
болады.
“Сол себепті, - деп жалғайды Е.І.Қайыржанов сөзін осы анықтамаларды
келтіре келіп, - нақты қоғамдық қатынастың мағынасы кей жағдайда қатынасқа
қатысушылардың белгілі бір позицияларының үйлесімі болып, ал кейде осы
позициядағы олардың әрекеті болып көзге шалынады”[47].
Жоғарыдағы пікірлерден біз әлеуметтік өзара байланыс туралы екі бағытты
аңғарамыз. Субъектілердің өзара байланысы, біріншіден, қоғамдық қатынасқа
түсушілердің сырттай көрініс табатын әрекеті.
Екіншіден, әлеуметтік байланыс тек әрекет болып қана емес, “олар “қатып
қалған” пассивті формада да, мысалға, адамдардың бір-біріне қатысты
“позициясы” түрінде де, азаматтардың құқықтары немесе әлеуметтік статусы
нысанында да, әлеуметтік институттар т.б. түрінде де өмір сүре алады”[48].
Алғашқысы - байланыстың динамикасы болса, екіншісі - қозғалмайтын
статикалық мағынасы. Соңғысы “қатынас” категориясының методологиялық
мағынасына көбірек жақындайды (68).
Бұл байланыстарда қоғамдық қатынастың өзге элементтерінің негізгі
қасиеттері көрініс табады, қоғамдық қатынастардың негізгі сөлі осы өзара
байланысқа жинақталады; оған субъектілердің ерекше белгілері мен
функциялары әсерін тигізеді, сондай-ақ үшінші элемент - қоғамдық
қатынастардың объектісінсіз байланыстың өзі де болмас еді.
Жоғарыда атап өткеніміздей, құқықтық қатынастардың мазмұнын
субъективтік құқықтар* мен міндеттер құрайды. Ал құқықтық емес
байланыстардың мазмұнын не құрмақ?
Әңгіме қоғам мүшелерінің әрекеттерін реттеуші тетік қалыптасқан
қоғамдық қатынастардың арқасында болған соң да, субъектілердің әлеуметтік
байланысы тек олардың “жанасуы” тұрғысынан қарала алмайды. Онда біз үшін
қоғамдық қатынастың (өзара байланысты қоса алғанда) мәні де жоқ.
Субъектілер әуелгі кезде құр жанасудан соң, бірте-бірте “үйренісіп”,
бір-біріне деген позицияларын үйлестіріп, өзара байланыстың өзі, соның
ауқымында әрекет етуге болатын “қалып” күйіне ене бастайды. Біз үшін
мәндісі де осы қалып. Марксизмнің өзі қоғамдық қатынасты “адамдардың өз
әрекетін. жүзеге асыратын формадан басқа ештеңе де емес”[49] демей ме?!
Ал ол “қалып” (форма) несімен қалып? Ол қалып адамдар әрекетіне қатысты
болғасын, сол әрекеттерді “қалыпқа келтіріп” тізгіндеп отыруы - шарт.
Демек, оның мазмұнын бір субъектінің белгілі бір әрекет ету (немесе
хәлде болу) мүмкіндігі мен қарсы жақтың осы мүмкіндік пен мүмкін еместік
қалыбына салып, субъектілердің позициясын сәйкестендіріп жымдастырғанда
ғана, үйлесім болады, әйтпесе ол түпкілікті қалыптаспаған не шешімін
таппаған қоғамдық қатынас болар еді.
Құқықтық қатынастардың ерекшелігі сонда ол мүмкін болатын әрекетке (жай-
күйге) “құқық” деген, ал мүмкін емес (болуға тиіс емес) немесе қатаң түрде
болуға тиісті әрекеттерге “міндет” деген айдар тағады. Өз кезегінде
мемлекет оларды өзінің пәрменді ықпалымен жүзеге асырады. Құқықтық
қатынастардан басқа қатынастардың айырмашылығы олардың құқық нормаларымен
қамтылмағанында ғана. Мемлекет сияқты билік тұтқасы демеп тұрмағандықтан
олардың “мүмкіндік -мүмкін еместік” қалыптары қатаң сақталмауы мүмкін.
Жоғарыда аталған А.Е.Фролов әлеуметтік байланысқа берген анықтамасында
“субъектінің. өзін ұстаудың нақты мүмкіндігіне” басты назар аудармап па
еді?!! Энгельстің өзі ‘’Қандай да болсын қозғалыс тарту мен тебудің өзара
ықпалынан тұрады’’[50],-деп көрсеткен болатын.
Демек, бұл әлеуметтік байланыстағы ең бастысы әлеуметтік мүмкіндік
жағы. “Мүмкін еместік” жағы аталған мүмкіндіктерді жүзеге асыруды
қамтамасыз ету үшін жасалады.
Бұл тұрғыда, қоғамдық қатынастардың өзге элементтерін оның мазмұнына
енгізбей, тек аталмыш (әлеуметтік байланыс) элементтің өзін ғана қоғамдық
қатынас деп түсінетін авторлар бар (мысалға, Ю.И.Ляпунов, В.С.Прохоров.
Олар туралы сәл кейінірек).
Б. Қоғамдық қатынастардың объектісі (пәні, заты). Қоғамдық қатынастар
өздігінен туындамайды, олардың субъектілері өз мұқтаждықтарының ықпалымен
қандай да бір материалдық немесе рухани құбылысқа қатысты байланысқа
түседі[51].
Қандай қоғамдық қатынас болмасын затсыз (пәнсіз) болмайды. Әйтпесе
адамдар “құр бос” қатынасқа түспес еді.
Әлеуметтік субъектілердің белгілі-бір мұқтаждықтарын қанағаттандыруға
қабілетті әр түрлі игіліктер қоғамдық қатынастардың объектісі бола
алады[52].
Сол сияқты құқықтық қатынастар да өздігінен туындамайды. “Құқықтық
қатынастардың (қоғамдық қатынастардың құқықтық нысаны) қызметі қоғамдық
қатынастың құзірлі субъектісіне тиесілі белгілі-бір құбылыстарды,
құндылықтарды қорғау немесе қамтамасыз ету үшін адамдардың қоғамдағы бір-
біріне қатысын (қатынасын) реттеу”[53]
Не нәрсеге байланысты және неге қатысты қатынас туындаса, сол қоғамдық
қатынастың объектісі (заты) болып табылады.
Қоғамдық қатынас белгілі бір (материалдық, рухани) құбылысқа
(игіліктерге) қатысты, байланысты пайда болса, онда олар (құндылықтар,
игіліктер) қоғамдық қатынастардың алғы шарты болғаны.
Ю.И.Ляпуновтың ойынша, егер материалдық дүниенің заты қоғамдық
қатынастың туындауына себепкер яки алғы шарт болса, онда ол (зерттеліп
отырған) құбылыстан тыс нәрсе болғаны; ал бүтіннің бөлшегі қашан да
бүтіннің ішінде болмақ.
Бір ғана элемент әрі құбылыстың алғы шарты, әрі құрамдас бөлшегі бола
алмайды. Оның ойынша, материалдық дүниенің заты қоғамдық қатынастың
құрамына ене алмайды, өйткені, қоғамдық қатынас өз құрамына заттай ештеңені
енгізе алмайды. Сол себепті “қоғамдық қатынастың субъектілері - адамдардың
өздері де, қатынастың объектісі - материалдық заттар да, адамдардың әрекеті
де қоғамдық қатынастың құрамдас элементі бола алмайды”[54].
В.С.Прохоровтың пікірі де осы іспеттес: қоғамдық қатынас адамдар
әрекетінен басқа ештеңені де өзіне кіргізе алмайды[55].
Шынында да, тарата келсек, жоғарыдағы авторлардың сөздерінің жаны бар.
Сонымен, қоғамдық қатынастардың үшінші элементін (олардың объектісін)
қатынасқа түсуші адамдардың мұқтаждықтарын қанағаттандыра алатын, соған
қатысты субъектілер әлеуметтік байланысқа түсетін әр түрлі материалдық
немесе рухани игіліктер құрайды. Теорияда қоғамдық қатынас объектісінің
мазмұнын “мүдде” ұғымы арқылы ашу (аталмыш игіліктерді оның ауқымына
сыйғызу) үрдісі қалыптасты*.
Сонымен, қоғамдық қатынас үш элементтен тұрады: қатысушылыр, олардың
өзара байланысы және ішкі объект (мүдде). Ал байланыстың өзі мүмкіндіктен
(+) және мүмкін еместіктен () ғана тұрады, олар құқықта құқытар мен
міндеттер деген атқа ие болады.
ІІ тарау. Қылмыс объектілерініњ т‰рлері
2.1. Ќылмыстыњ жалпы объектісі
Қылмыс объектілерін топтастыру туралы екі түрлі көзқарас бар: 1)
қылмыстық заңмен қорғалатын қоғамдық қатынастарды жинақталуына қарай
“вертикалдық” топтастыру; 2) қылмыс арқылы тікелей зардап шегетін қоғамдық
қатынастарды маңыздылығына қарай “горизонталдық” топтастыру[56]
Бұған дейін қылмыс объектісін топтастыру мәселесінде терминологиялық,
методологиялық қолайсыздықтар болғанмен[57] қазіргі қылмыстық құқық
теориясында қылмыс объектісі вертикал бойынша үш немесе төрт сатылы үлгі
бойынша топтастырылады. Соның үш сатылы нұсқасын алғаш рет 1938 ж.
В.Д.Меньшагин ұсынған еді[58]. Аталмыш нұсқа қылмыс объектісін жалпы,
тектік немесе арнайы және тікелей деп бөледі. Бұлар методология бойынша
өзара бүтін мен бөлшек категориялары сияқты қатынаста немесе танымдық
тұрғыдан келсек, оларға диалектиканың жалпы, ерекше, бөлек (жеке)
категорияларын қолдануға болады. Жалпы объект тектік объектілерден тұрса,
өз кезегінде тікелей объектілердің жинағы (дәлірек айтсақ, жиынтық бейнесі)
тектік объектіні құрайды.
Е.А.Фролов өз тарапынан бұл топтастыруды толықтыра түседі, яғни туысқан
қоғамдық қатынастардың үлкен тобының ішінен қылмыстық құқықпен біртұтас,
кешенді түрде қорғауға тұрарлықтай объектілерді (қоғамдық қатынасқа
түсушілердің бір ғана мүддесін яки бір ғана объектінің өзара тығыз
байланысты мүдделерін бейнелейтін) неғұрлым кіші топқа бөлуге болады деп
есептейді де тектік объект пен тікелей объектінің арасынан түрлік (кіші
топтық) объектіні аршып алуды ұсынады[59]. қылмыс объектісін “ары қарай
нақтылау үстінде, -дейді Е.І. Қайыржанов, - ҚК-те “кіші топтық” нормалар
түзілуі мүмкін. Бұл процесті екі бағытта жүргізуге болады: мүдденің
субъектісіне қарай, қорғалатын мүдденің сипаты мен мазмұнына қарай”[60].
Қылмыс деп аталатын құқық бұзушылық әрекет (іс-әрекет және
әрекетсіздік) жалпы алғанда, бір-ақ тікелей объектіге қол сұғады. Бірақ кей
кездері заңсыз әрекеттен бірнеше тікелей объект зардап шегуі мүмкін. Заң
шығарушы мұндай заңға қайшы әрекеттің тұтастығы мен қорғалатын
объектілердің байланыстылығын ескере отырып, оларды бұтарламай ҚК-тің бір
ғана нормасымен “рәсімдейді, киіндіреді”.
Мұндай кездерде, тікелей объектілердің бірі негізгі болуы тиіс те,
келесісі қосымша болуы керек. Оның негізгі болуы қорғалатын объектінің
(мүдденің) құндылығына қарай емес, жасалып отырған қылмыстың тектік
объектісі бойынша қандай қылмыс тобына жататындығынан. Қылмыскер діттеген
нысанаға зардап әкелу барысында (міндетті түрде қасақана деген сөз емес),
онымен қоса, “жол-жөнекей” қосымша бір құндылықтарға залал тигізуі мүмкін.
Қосымша объектінің өзі қажетті және қосалқы болуы мүмкін. Қажетті
қосымша объект ҚК-те келтірілген, жасалған әрекетті дәл сол қылмыс
құрамымен саралау үшін қажет болады. Қосалқы (факультативный) объектіге
зардап (немесе зардап қаупі) келуі де келмеуі де мүмкін.
Мысалға, бұзақылық әрекеттерден (ҚК 257-бап) жеке адамның мүддесі зақым
шегуі де, шекпеуі де мүмкін, яғни ол қылмыстың қосымша қосалқы объектісі.
Оның негізгі объектісі - қоғамдық тәртіп.
ҚК-тің Ерекше бөлімінде қамтылған барлық қоғамдық қатынастар қылмыстың
жалпы объектісін құрайды. Оның ауқымы кейбір әрекеттерді қылмыстандыру,
қылмыссыздандыру кезінде өзгеріске түсіп отырады. Жалпы қоғамның атынан
заң шығарушы белгілі қоғамдық қатынастарға аса мән беріп, оны қылмыстық
құқықтың қорғауына алуы немесе белгілі бір қоғамдық қатынастарды қылмыстық
заң арқылы қорғау әрекетін доғаруы ғажап емес.
Мысалға, “бұрын қылмыс қатарында болмаған компьютерлік ақпаратқа кіру,
ЭЕМ үшін зиянды бағдармалар жасау, пайдалану және тарату (227-бап) жаңа заң
бойынша қылмыс, ал бұрын қылмыс болып саналатын екі немесе көп әйел
алушылық, алыпсатарлық жаңа заң бойынша қылмыс емес, яғни қылмыстық заң
қорғайтын қоғамдық қатынастарға жатпайды”[61].
Яғни базистік қатынастардың сипаты өзгергендіктен, аталмыш әрекеттер
қоғам көзіне қауіпті болып көрінбейді.
Жалпы объектіден қылмыстан қорғалатын, қоғамда орын алып жүрген
қоғамдық қатынастардың жалпылама сипатын, көлемін аңғарамыз. Демек,
қылмыстық құқық өз қорғауына алатын қоғамдық қатынастардың жалпы аясынан
(аумағынан) хабар беріп өтеді.
ҚК-тің міндеттері айқындалатын сол Кодекстің 2-бабында қылмыстық
құқықтық қорғау объектілері қамтылған, яғни адам мен азаматтың құқықтары,
бостандықтары мен заңды мүдделері, қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздік,
қоршаған орта, Қазақстан Республикасының Конституциялық құрылысы мен
аумақтық тұтастығы, қоғам мен мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделері,
бейбітшілік пен адамзат қауіпсіздігі қылмыстық құқық арқылы қол
сұғушылықтан қорғалады.
Орайы келгенде айта кетелік, 1998 жылға дейін заңды күшінде болған ҚК-
тің 1-бабы (статьясы) қылмыстық құқықтың қорғау объектілерін, “СССР-дің
қоғамдық құрылысын, оның саяси және экономикалық системаларын, социалистік
меншікті, азаматтардың жеке басын, праволары мен бостандықтарын және бүкіл
социалистік право тәртібін” санамалап шығады да, қылмыс ұғымына анықтама
беретін “7-статьясында” осы объектілерді қайталап айтып өтеді (демек,
қылмыстың материалдық анықтамасын береді).
Ал жаңа ҚК болса, қылмыс түсінігін анықтағанда ондай қайталаудан ада.
Бірақ қылмыс объектісін игеру үшін оның не нәрсеге зиян келтіретінін
(немесе келтіру мүмкін екенін) білу қажет екені екібастан белгілі жәйт.
Біз жалпы объектінің түсінігіне қоғамдағы орын алатын “қылмыс” деп
аталатын құқық бұзушылықтың барлығын жинақтау арқылы қол жеткіземіз. Жалғыз
қылмыстың әкелген қиянатынан жалпы объект туралы түйсік туындамайды.
Осы орайда, “жалпы объект шынайы өмірде жоқ, қоғамдық өмірдің шынайы
құбылысы емес, тек ұғым, яғни жалпы объект деген қылмыс объектісі жоқ” деп
есептейтін М.И.Федоровтың ойын айтпасқа болмайды. Оның ойынша, қылмыстың
жалпы объектісінің ғылым үшін де, практика үшін де еш пайдасы жоқ[62].
Біз М.И.Федоровтың бұл пікірін “жалпы объектінің”, әсіресе, ғылым үшін
гносеологиялық маңызын ескермеу деп есептейміз.
2. Ќылмыстыњ тектік жєне т‰рлік объектілері
Қылмыстың тікелей зиян келтіретін нәрсесіне танымдық тұрғыда бір табан
жақындай түсу үшін жалпы объектіні тектік (топтық, арнайы) объектілерге
бөліп жібереміз. Қылмыстық құқықпен қорғалатын барлық қоғамдық
қатынастардың ішінен өз сипатына қарай туысқан қатынастар бөлек-бөлек
ошаққа тізе қосып, ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz