Қытай философиясы жайында


Пән: Философия
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   

Қытай философиясы.

Философия тарихы пәндерінде қалыптасқан дәстүр бойынша шығыс философиясы ежелгі замандағы түрінде жазылып келді. Ортағасырлық кезеңі шығыс ойшылдарының шығармашылығы кең көлемде қамтылмаған. Ал қазіргі замандағы шығыс философиясы өркениеттің бесігіңде, бастауыңда тұрған елдерде жан-жақты дамыса да, еурооцентристік қағиданың жақтастарының жетегінде жүрген авторлардың назарынан тыс калып келеді.

XX ғасырдағы шығыс философиясы деп қытай, үнді, жапон, мұсылман елдері философиялык ой жүйелерін айтуға болады. Бұл аталған жайлардан баска да философиялық ойлау мектептері жоқ емес (мысалы, африкалық және т. б. ) Осы көрсетілген философиялық бағыттардың ерекшеліктерін, ғасырымыздағы жетістіктерін, олардың жүріп өткен тарихи кезеңдерімен салыстыра отырып баяндауды мақсат тұтып, тек көрнекті философтардың шығармашылығына тоқтауды жөн көрдік.

Қытай философиясы осы халықтың тарихын жан-жақты түсіну үшін үлкен негіз және методологиялық құрал. Ол қоғамдық сананың басқа да түрлерімен тығыз байланысты. Сондықтан оны зерттеп, кең түрде насихаттамайынша ол елдің ғылымын тарихын, саяси идеологиясын, өнерін, әдебиетін, адамгершілік қағидаларын, діндарлығын және тағы да басқаларды пайымдау қиыншылыққа түседі. Қытай халқының ұлт-азаттық қозғалысымен тығыз қоян-қолтықтасқан ұлттық философиясы ғылыми құндылығымен қатар, жоғары азаматтық қасиетімен, әлеуметтік әділеттікке жету жолдарын тікелей іздеуге атсалысқандығымен, өзінің жемісті жетістіктерімен ерекшеленеді.

ХХ ғасырдағы философияның көрнекті өкілдерінің бірі Кан Овэй (1868-1927) . Барлық алғашқы заттардын пайда болуы алғашқы бөлшектермен негізделген, яғни адам сол ортаның бөлшегі және де жануарлар әлемінің жоғары бөлшегі. Ең алғашқы бастаудың бөлшектері аспан мен жер. Аспан барлык, заттардың кемеліне жетуі және адам да, одан асқан кемеліне жеткен. Заттардың формасына қарай әр түрлі болады. Үлкен теңізден алынған бір тамшы судай, айырмашылығы жоқ. "И-Цзинде айтылған" Ұлы қайырылымдылықтық гексограммасы Цзянь, сондықтан ол аспанды басқарады. Аспан мен жердің тірегі бөлшектері қозғалыста болады", - деп жазды Кан Ювэй.

Енді барлық заттар алғашқы бөлшектен өткендіктен зат пен меннің арасында, аспан мен адамның арасында айтарлықтай бөлу жоқ. Кан Ювэй зат пен Менің болмысы біртектес, сондықтан О дүние мен бұл дүниенің айырмашылығы жок, - деп жазды. Аспан мен адам жаңа алғашқы бөлшектен жаралған, олардың арасында ішкі және сыртқы бөлектеу жоқ, бөлшектер су сияқты, ауалы кеңістікте белсенсіділіксіз. Зат - бұл мен, ал мен - бұл зат. Аспан бұл адам, ал адам - бұл аспан. Тірі зат табиғат пен адам бірдей бөлшектен тұрады, сондықтан барлық тіршілік бір деңгейде.

" Рух - сананы билейтін ток. Фотоэлектрикалық энергия барлығын береді. Рух күші бәрін сезінеді, затсыз ток жоқ, затсыз рух жоқ. Рух бөлекті таниды, өмірлік эфирді таниды. Ол энергияны ақылды, жоғары қайырымдылықты меңгереді, оны әртүрлі атайды, бірақ онын, негізі біреу, - дейді философ.

Токтың көмегімен Кан Ювэй адамтануды сезім ретіңде, адам басқаруынсыз деп түсіндірді. Қабылдауды игере отырып, ток тартылысты игереді. Бақылау жасай алмау - бұл өзіне тарту күші.

Адамның өзін-өзі басқара алмау сезімі - бұл адамдық сүю (тану) ток - эфир. Ұлы жерде, адамдық қоғамда (ортада), біз бәріміз түрлі рудан шыққан, бір құрсакты ағайындармыз, әртүрлі мемлекетте тұратындар, қоғамның ескі мүшесі, керемет ілімдар, атақтың адамдар, данышпандар - бәрі бір-бірінің қолын қысады, бір-бірінін қасына отырады, мактасып жүреді, өз арасында тамақты бөліл ішеді, яғни өз махаббатын көрсетеді. Тек адамдарды сүю арқылы барлық махаббатты меңгеріп, оған жетуге болады, егер "Мен" барлык Ұлы жерде танылып, әлемдегі бос жерді толтырса рухтың мақсаты орындалады", - деп қорытындылайды Кан Ювэй.

XX ғасырдағы көрнекті қытай философы Ху Ши (1891-1962) көптеген ірі еңбектердің авторы. 1925 жылы Шанхайда оның төрт томдық жинағы жарық көрген. 1917 жылы ол Колумбия университетінде 26 "Ежеліі Қытайда логикалық методтың дамуы" атты докторлық диссертация корғайды. Бұдан басқа да философиялық еңбектері мол, соның ішінде 1992 жылы Қытайда жарық көрген "Қытай философиясының тарихы" деген көлемді жұмысын айтуға болады.

Ху Шидің аталған докторлық диссертациясы оның көзқарасын тануда негізгі орын алады. Бұл еңбек төрт бөлімнен тұрады, оның кіріспесінде Ху Ши қытай философиясының даму кезендеріне методологиялық шолу жасаған және оның ерекшеліктеріне тоқталған.

Ең алдымен ол зерттелетін материалдарды дұрыс таңдап алу мәселесін жеке дара қарастырған. Сондықтан ол Конфуцийдің бас қітабының ішінен "Поэзия кітабын" ғана толық пайдаланған. Одан баска Чжуан-Цэу мен Сонь-Цзи еңбектерінің тек кейбір тарауларына тоқталды. Екінші мәселе - бұл текстерді сынау және оларды бағалау. Текстер авторлардың өздерінікі болулары қажет, және олар "ең жоғарғы критицизмге" жауап бере алатындай жағдайға сәйкестенгені дұрыс. Мысалы, Конфуцийдің еңбектері, жазылу уақыты және оның өмір сүру кезеңі өте дәл анықталуы шарт.

Ху Ши Конфуцийдің "Өзгерістер кітабын" логикалық еңбек деп бағалайды. Философияның өз методына тәуелді болатыны Батыс пен Шығыс философияларына тән құбылыс екені олардың тарихи дамуынан көрінетіндігін Ху Ши атап көрсетеді. Соңғы 900 жылда Қытай философиясы тарихынан логикалық методтың философия дамуына тигізген терең де жан-жақты әсерлерін ол таппайды. Ал қазіргі қытайда философия мен ғылымның дамуы оларға сәйкес келетін логикалық методтың жоқтығынан зардап шегуде дейді.

Сун және Мин заманындағы жаңа мектептер кезінде ғайып болған конфуцинствоға жаңа түр беруде және оларға тән емес екі логикалық (дедуктивті және индуктивті) методтарды пайдаланып, қайтадан тірілте бастады, деп айтып көрсетеді Ху Ши.

Қытай философиясының болашаған ол Конфуциялық идеялардың моралистік және рационалистік тұсауларынан босану бағытымен байланыстырады. Бұл жолда біздің жыл санауымыздары үшінші, төртінші және бесінші неоконфуциялық мектептерінің қайта өрлеуі үлкен роль аткарады дейді Ху Ши. Сонымен бірге Батыстық ғылыми мен логикалық методтарының жетістікгерін кең пайдалану қажет. Ол қытай философиясы дамуының бірінші кезенін философия методын анықтау үшін зерттейді. Ху Ши әуел бастан-ақ қытай философиясында логика бастау алып, дамыған, ал мораль теориясы, саясат, білім мәселелері логика теориясы мен методын айқындау жолында көмекші рөл атқарды деп пайымдайды. Осы жолда Қытай екі кезеңнен ақындардан софистер ғасырына және софистерден логика ғасырына өтті және бірінші софист ретінде Лао-цзыны атап көрсетеді.

"Өзгерістер кітабындағы" ең маңызды логикалық доктрина ретінде Ху Ши сян идеясын сипаттайды. Идеалды форма Конфуций логикасының негізі бөлігі. Бұл идея Аристотельдің формальді себептеріне немесе Ф. Бэконның форма туралы ұғымына жақын келеді. Конфуций бұл теорияны рационалдырды, - дейді Ху Ши.

Ежелгі Қытайдағы логикалық методты дамытуға Мо Дидің де үлесі бар. Ху Ши оның пайымдаудың үш заңы туралы ойларын қарастырады және Конфуцийдің логикалық методымен салыстырады: таным, себеп, форма, дедукция мәселелерін айқындайды. Кітаптың сонғы бөлігінде эволюция және логика сұрақтарын зерттеуде Ху Ши Гегель, Спенсер, Бертсон сияқты европалық ойшылдармен қатар Чжуан-цзы логикасында, Сюнь-Цзынның логикалық идеяларында жан-жақты қарастыруға күш салады. Болмыс интуицияға қарапайым таза түрінде көрінсе интеллект үшін абсолютті абстракция ретінде көрінеді, ал ой тек нақты, реалды заттармен ғана айналысады. Логикалық тезистін антитезис және синтезге бетбұруы мәңгілік айналмалы процесс болып табылады. Ху Ши нақты әлемде объекті және субъекгі болады дейді. Бұл қ арама-қайшылық әрбір кұбылыста көрінеді. Демек болмыстың өзі екі антагонистік сапалылыққа ие. Әлем - бұл әр қилы тендігі, Құдай - иманентті себеп, тендіктің негізі.

Егер біз Моның теориясына қарасақ мұндай құдай абсолюттен немесе таза болмыстан еш айырмашылығы жоқ. Құдай бұл - абсолют. Ол болмыс - бейболмыс Брахман майя, субъект-объект шексіз күш. Аристотельдегі көзқарастық себепшісі. Гегельдегі абсолютті дух. Үздіксіз козғалыс оның өмірлік табиғатын көрсетеді. Құдайдың мәңгілік болмысы - өмірінде барлырын танытушы фактор болып есептелінеді. Бұл философиялық ойдың негізіне үңілетін нақты нәрседе іштей қарама-қайшылық болуы мүмкін емес.

Логика термині - шыққан, яғни қабылдау, көру деген сөзді білдіреді. Көру сезімдік қабылдау немесе логикалық таным немесе интуитивті таным болуы мүмкін. Философиялық көзқарас бойынша логика интуицияны тексеру. Біздер реалдылықтың логикалық шағылысының жетіспеушілігін сезсек, онда біз оны. интуиция арқылы тануға тырысамыз. Осы кезде біз таза болмысты көреміз. Сонда ол кез келген реалдылықтың ғылыми көрінісін көрсетіп береді.

Логикалық таным - рухани қабылдау, толық білім деңгейі. Ол ақикаттылыктың негізі. Ақиқатты іздеуші оның негізгі нұсқауларына көңіл бөлуі керек. Ху Ши өзінің шығармасында логикалық төрт ережені білу арқылы ақиқат танымыньщ жетістігіне ие болады дсйлі. Бірінші ережесі мәңгілік пен өтпеліліктің айырмашылығын біліп алуымыз керек. Бұл әрине толық білімділікті, танымдылықты бермейді, тек күдіктен арылуына көмектеседі. Ол рухани бай болып өз елестетулерін таза түрінде көрсете білуі керек. Екінші ережесі осы өмірден немесе болашақтағы өмірден ләззат алуға деген тілегінен арылу. Бұл ереже барлық тілектерден, жекелік мотивтерден және, практикалық қызығушылықтан арылуды талап етеді.

Танушы ақыл-ой үшін ойлану мен зерттеу бұл негізгі мақсат болыл табылады. Интеллекгіні дұрыс қолдану заттарды жақсылай-жамаңдай тануға көмектеседі. Философ - бұл тексеруші, жаратылысты барлаушы, ол барлық заттардың қозғалысына көз салушы. Өмірден алшақ шығып оған сырттай қарау және ой диірменінен өткізу болып табылады. Ол осы өмір болашак өмірді жақсы көрмеуі керек. Тек сол жағдайда ғана әлемге объективті көзқарасын дұрыстай алады. Бұл көңіл күйге жету үшін оның ішкі рухани әлемі өзгеріске ұшырауы қажет. Үшінші ереже бойынша, тек білімді ақыл-ой денені өзінше бағындыра білуге, зерттеу ; мен ойлануға жол ашады. Ол қатал тәртіпке үйреніп ләззат алудан безуі керек.

Рухтың тәртіптілігі, кайырымсыз өзіндік бақылау акиқат іздеушіге өз мақсатына еріктілікке жетуіне жол ашады. Логикалық ойға ұмтылу немесе одан босану - төртінші ереженің негізі болып табылады. Дүниені қалай түсіңдіруге болады? Эмпирикалық түсінік кеңістік, уакыт, себептілікпен шектелген. Егер Мен - бірлік жалпы өзгермейтін болса, онда біз әлемде бұған қарсы келетін бірнеше құбылыстарды көреміз.

Біз оларды Мен емес деп, субъектінің объектісімсн тәжірибенің негізгі категорияларының, өзара іштей қарама-қайшылығына ұшыраймыз. Бұлар тек салыстырмалы ұғымдар. Олар реалды мән емес. Әлем өмір сүреді. Біз дуние арқылы өз әрекетімізді жасаймыз, бірақ бұл әлемнің себептілігін толық білмейміз және біле де алмаймыз. Біздің шектелген ақыл-ойымыз уақыт, кеңістік, себептілік өлшемінен шыға алмайды. Біз абсолюттік Менді толық тани алмаймыз, салыстырмалы тәжірибеміз түс сияқты, сондықтан адамның ақыл-ойы салыстырмалы түрде дүниені логикалық методпен танып - білуі кажет, - дейді Ху Ши.

Қытай философиясының XX ғасырдағы аса ірі өкілі Фэн Юлан (1895-1990) . Ол 1915 ж. Пекин университетіне түседі. 1919 ж. АҚШ-та білім алып, Колумбия университетінде философия ғылымының докторы деген атақ алады (1912ж. ) - Ең алғашқы еңбектерінде Фэн Юланға Лян Шуминнің мәдениеттану идеалары әсер еткен болатын. "Өмір идеяларын салыстырмалы зерттеу" деген шығармасында бір-біріне ұқсас әр түрлі мәдениеттердің тенденцияларын қарастырады. Адам ойлауының үш негізгі бағытын "Ойлаудың бірінші бағыты - азайту жолы" (сунь дао) аскетизм, антиинтеллектуализм мен мистицизмге негізделген болатын. (Оның өкілдері: Чжуан-Цзы, Платон, Шопенгауэр) . 2 түрі - "Ұзару жолы". Бұл жолға эгоизм, рационализм, гедонизм тән. Негізін қалаған ойшылдар: Ян Чжу, Мо Ди, Декарт; Бэкон, Фихте. 3 -ші "орташа жол". Мұны қытайша "Чжун Дао" деп атайды. Негізгі өкілдері- Конфуйций, Аристотель, Гегель. Фэн Юлань XX ғ. ерекшелігі мол жаңа неоконфуцианство ілімін жасады. Қытай мен Батыс философиясындағы идеаларды жүйелеуге талпынып, сунь коцфуцианствосы мен позитивизмнің негізін салып, үлесін қосқысы келді.

Фэн-Юланның көзқарасы бойынша шын метафизикалық философия ізденіс объекгісіне ең абстрактылы, ең жоғарғы дамыған адамдардың күнделікті өмірімен байланыспайтын абстрактылы нәрселерді алады. Философия, - деп жазды ол, - физикалық реалдықпен емес, керісінше шындыкпен жұмыс жасайды. Сондықтан oл біздің позитивгі білімімізді, бізді қоршаған әлемді тану, кеңейтіп ұлғайту жағдайында емес. Метафизикалық дәстүр реалды заттар мен құбылыстарды тану барысында әлемнің белгілі бір шектеулерінен шығып кете алады.

Фэн Юланның пікірі бойынша бұған Қытай философиясы жата алады. Философияның ең негізгі мәні, - дейді Фэн Юлань, -субъектінің моральдық жағынан өркендеуінде, тұлғаның жоғарғы жетістікке жетуінде. Адамдар, - дейді ол, бірдей қайталана беретін әрекеттер жасауы мұмкін, бірақ әр түрлі өмір сферасында соңғысы бірдей бір құндылыққа ие болмауы мүмкін. Мұндай сфераларды Фэн Юлань төртке бөледі. Табиғи немесе нәрестелік, утилитарлы, моральды және трансцендентті.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қытай философиясы. Ежелгі Қытай философиясы
Ертедегі Шығыс философиясы
Ертедегі Қытай философиясының пайда болуы
Дүниеге философиялық көзқарас
Философиядағы адам мәселесі жайлы
Философияның пайда болуы мен дамуы, негізгі тарихи типтері
Көне Қытайдың негізгі философиялық ескерткіштері
Материализм
ДІНИ ФИЛОСОФИЯ пәнінің ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАРЫ
Адам мәселесі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz