Қалдықтар түрлері


Қ а л д ы қ т а р

Адам баласының кез-келген шаруашылық ас-әрекеті әртүрлі қалдықтармен биосфераны ластайды, бұл халықтың денсаулығы мен өміріне, флора мен фауна түрлерінің қысқарылуна, қоршаған ортадағы тепе-теңдіке қәуіп тудырады. Кей үйінділерін, өнеркәсіп тастандыларын, қоқыстарды, қала шөп-шаландарын тек қоршаған ортаны бұзатын ластағыштар деп санауға болмайды, олар құнды шикі зат көздереніе жатады. Қазіргі кезеңдегі ғылым мен техникалы даму деңгейіне сәйкес әбден жетілдірілген технологйияның жоқтығына байланысты оларды өңдеп құнды өнімдер алу әзірше жолға қойылмаған, сондықтан бұларды сақтауға, жыюға, тасуға, көмуге, зиансыз түрге айналдыруға көптеген қажет, энергия, уақыт жұмсалып жатыр.

Қалдықтар шығаратын негізгі көзге өнеркәсіп, ауылшаруашылығы, үй-жай шарушылығы жатады. Өнеркәсіп қалдықтарының мөлшері бір адамға шаққанда тұрмыс қалдықтарынан 20 еседен артық келеді. Төмендегі 10. 1- 10. 2 - ші суреттерде қалдықтардың жалпы және өнеркәсіп қалдықтарының табиғатына қалай жіктелуі берілген. Агрегатты күйіне байланысты топтастыруда сулы ерітінділер мен шламдарға араласқан (органикалық және анорганикалық), бейтарапты, сілтілі және қышқылды сұйық ерітінділержатса, сусындарға пайдаланылған шайырлар, мал мен өсімдік майлары, органикалық еріткіштер (өтеуге болатын мен болмайтындар) жатады.

Әр өнеркәсіп өндірістері өнім өндіруге ғана назарларын аударып қоймай қор айналымын жүзеге асыратын әдістерге көшсе, қоршаған орта ластанудан қорғанылады. Аз немесе қалдықсыз технологиялық кешендер ұйымдастыру қажеттігі айқын, яғни бір жердің шеңберінен аспайтын қалдықсыз өндірістер емес, қалдықсыз өндірістік кешендер туралы сөз көтерілгені орынды. Бұл жағдайда бір өндірістің қалдығы басқа өндіріске шикізат ретінде пайданылады.

Қалдықтар өте көп мөлшерде пайдалы кендерді шығарғанда және байытқанда пайда болады. Қазіргі кезде қолданылатын технологияларға байланысты бастапқы алынған шикізат мөлшерінің 10 пайызы қалдыққа айналып отырады. Осыған байланысты бос жыныстан тұратын таулар пайда болады, көп көлемді сулар ағынға жіберіледі.

Қалдықтар

Тұрмыстық Өнеркәсіптік Ауылшаруаршылық

Газ тәрізді Қатты Сұйық

Органикалық Анорганикалық

Зиянды Зиянсыз

Пайдаға асырылатын Пайдаға асырылмайтын

Жанатын Жанатын Жанбайтын Жанбайтын

қатты сұйық қатты сұйық

Қазіргі уақыта дүние жүзі бойынша жер қойнауын жыл сайын 100 млрд. Тонаға дейін руда, құрылыс материалдары, отын (4 млрд.

т мұнай және газ, 2 млрд. т көмір) беткі қабатқа шығарылып оты-

рылады, шамамен 92 млн. т миниралды тыңайтқыштар мен 2млн. т улы химикаттар пайдаланылып, оларда жер бетіне таралады. Атмосфераға 200 млн. тоннаның үстінде көміртек оксиді, 53 млн. тоннадай азот оксидтері, 50 млн. т көмірсутектері, 146 млн. т күкірттің диоксиді, 250 млн. т шаң газ тәрізді қалдық ретінде шығарылынылады. Ал су қоймаларына жыл сайын орта есеппен 32 млрд. тазаланбаған су, әлемдік мұхиттарға - 10 млн. т дейін мұнай тасмалданады. Осы жағдайларға байланысты қоршаған ортада пайда болған қолайсыз өзгерістер қайтымсыз түрге айналып отыр.

Қалдықтардың мөлшерін азайту үшін әр түрлі халық шаруашылығы салаларының арасында байланыс ұйымдастырып, шикізатты кешенді түрде пайдалану мәселелерін шешу қажет. Табиғаттағыдай өнеркәсіпте де айналым болу керек. Өнеркәсіп комбинатының жанынан улағыш қалдықтарды зиянсыздандыратын немесе өңдкп пайдалы заттар шығаратын қосымша өндірістер ұйымдастырылса экономикалық тұрғыда пайда түсірілумен қатар табиғаттқа тиетін қолайсыз әсер де жойылып отырады.

Шыққан көздеріне байланысты өндірісткгі қалдықтар екі топқа бөлінеді - өндіріс қалдықтарына және тұтыну қалдықтарына.

Өндіріс қалдықтарына бұйым алу процесіне шыққан және жартылай немесе түгелімен өзінің бастапқы тұтыну сапасын жоғалтқан шикізаттың, материалдардың, шала бұйымдардың қалдықтары жатады. Бұл топқа сонымен қатар шикізатты физикалық - химияалық жолмен өңдегенде, пайдалы кендерді шығарғанда және байтқанда шыққан, бірақ-та өндірістік процестің бағытталған мақсатына жатпайтын, өнімдер кіреді. Оларды шамалы өңдегеннен кейін халық шаруашылығында немесе шикізат ретінде басқа өндірісте, немесе ақаба суларды тазалағанда шыққан қатты заттарда жатады.

Тұтыну қалдықтарына пайдалануда болғаны үшін тозып, өздерінің түтыну қасиетін жойған бұйымдар мен материалдар жатады. Олар өндіріс жағдайнда белгілі тәртіппен шығынға шығарылады, ал тұрмыста тасталынады.

Өндіріс және тұтыну қалдықтары пайдаға асырылатын және пайдаға асырылмайтын болып бөлінеді.

Пайдаға асырылғандарға - өңдейтін технология болғанына байланысты өнеркәсіптің өзінде немесе халық шаруашылығының басқа салаларында шикізат, шығарылатын өнімге қосымша зат, отын, жем, тыңайтқыш ретінде пайдаланылатын қалдықтар жатады.

Тап осы кезеңде жүргізетін технологияның болмағанына және алынған өнімдерге тұтынушының жоқтығына байланысты немесе экономикалық тұрғыдан қолдануға тиімсіз қалдықтарды пайдаға асырылмайтытындарға жатқызады.

Өндірісте шикізатты жер қойнауынан шығарғанда, оны физикалық-химиялық жолмен өндегенде жанама немесе қоса шыққан өнімдер қалдықтарға жатпайды. Бүл өнімдерге мелекеттік стандарт белгіленеді және баға қойылады.

Пайдаға асырылатын және асырылмайтын қатты және сүйық қалдықтар жанатын және жанбайтын топтарға бөлінеді.

Жанбайтын пайдаға асырылмайтын қатты өндірістік қалдықтарға қоқыстар, кектер, руданы байытқанда шыққан қалдықтар және т. б. жатады. Бүларды өңдейтін технология әзіріне болмағандықтан зиянсыздандыру үшін көмеді.

Жанатын пайдаға асырылатын қалдықтарға ағаш қалдықтары, макулатура, тоқыма материалдарының қалдығы, құрамында резина бар қалдықтар, пайдаланылған былғаныш, істен шыққан жарамсыз майларды, еріткіштерді жатқызуға болады. Бұл қалдықтарды зиянсыз түрге айналдыру үшін камералық цехта жағады да, бөлініп шыққан жылуды өндірістік айналымдарда пайдаланады немесе жанбайтын қалдықтарды зиянсыздандыруға қолданады. Ал жағу процесінің нәтижесінде шыққан қалдықтар көмуге жіберіледі.

Қалдықтарды жер астына, геологиялық кен орындарына (көмір шахталарының, тұз кендерінің оқпандарына, кейде арнайы жасалған орларға - полигондарға) немесе теңіз түбінің терең ойпандарына қайтадан шықпайтындай етіп орналастырады. Радиоактивті және едәуір улы қалдықтарды мүлде қауіпсіз етіп көму амалы әлі толығымен шешімін таппаған экологиялық проблеманың бірі болып табылады.

Улы қалдықтарды көмууақытша амалсыз қолданылатын щара, себебі бұл жағдайда қоршаған ортаның ластану қауіптілігі тұрақты сақталып отырады. Кейбір тұрмыстық және өнеркәсіптік қалдықтарды көму алдында жағу арқылы олардың көлемін азайтуға болады.

Улы қалдықтардың әр уақытта қауптілік (уыттылық) класын негізге ала отырып, оларды көму, сақтау, жинақтау, тасымалдау туралы шешім қабылданады.

Қауіпті қадықтар

Қауіпті қалдықтар деп құрамында зиянды заттектері бар, қаупті қасйеттер (улылы, өртенетін және жарылатын қауіптілігі бар, жоғары радиактивті) тән немесе жұқпалы аурулардың қоздырғыштары бар, сонымен қатар өздігінен немесе басқа заттектермен қосылғанда адамның денсаулығына қоршаған ортаға қауіп төндіретін қалдықтарды айтады.

Қалдықтардың қоршаған ортаға әсері олардың сапалық және сандық құрамына байланысты. Қалдықтардың химялық құрамы әркелкі, себебі олар әр түрлі физикалық - химиялық қасиеттері баркүрделі поликомпонентті заттектердің қоспасынан тұрады. Осы қалдықтардың биосфераға тигізетін зиандылығы мен қауіптілігін сипаттайтын кейбір негізгі көрсеткіштер 10. 3 - ші суретте келтірілген.

Зиянды және қауыпты қалдықтардың сипаттамасы

Улылық

Улылық

УлылықУлылық: Өрттік-жарылғыштық қауыптілік
Биологиялық активтілігі
Химиялық активтілігі
Химиялық активтілігі: Коррозиялық активтілігі

10. 3 - ші сурет. Зиянды және қауіпті қалдықтардың

сипаттамары

Қоршаған орта мен адам денсаулығына өте қауіпті қалдықтарға (арнайы қалдықтарға) шамамен 600-дей заттар мен қосылыстар жатады. Олардың құрамына керітендер:

  • пестицидтер және олардың құрамына кіретін химия өндірістерінің қалдықтара;
  • радиоактивті қалдықтар;
  • сынап және оның қосылыстары, сынапты термометрлер;
  • мышьяк және оның қосылыстары, құрамында мышьягі бар металлургиялық өндіріс пен жылу электр станцияларының қалдықтары;
  • қорғасынның қосылыстары, көбіне олар мұнай өндейтін және бояу өндіретін кәсіпорындардың қалдықтарында болады;
  • пайдаланылмаған медикаменнтер, улы химикаттар, бояулар, лактар, коррозияға қарсы қолданылатын заттар, синтетикалық желімдер, косметикалық заттар;
  • тұрмыстық химия құралдарының қалдықтары.

Егерде өндіріс қалдықтары кейбір зиянды заттектердің табиғи ортаға өтуіне себебін тигізетін болса, онда олардың осындай қабілеті артқан сайын қоршаған ортаға қатысты қауіптілігі де жоғарылап отырады (10. 4 - ші сурет) .

Қалдықтардың қоршаған ортаға қатысты қауыптілігін жоғары-лататын негізгі қасиеттері
Шаң түзу
Ерігіштік
Ерігіштік: Тұрақсыздық
Ерігіштік: Ұшпалылық
:

Өнеркасіптің барлық саларынан көп мөлшерде қалдықтар шығатынына жоғарыда тоқталып кеткенбіз. Мысалы, жылына Ресейде түсті металлургия саласында 2 млрд. т руда өндірелетін болса, оның тек 1% - ғана құндылық өнімге айналып отырады. 100 млн. т көлімінде шыққан улы қалдықтардың 6 -7%-і ғана залалсыздырылған немесе көміледі. Жалпы 7 млрд. тоннадай жиналған қалдықтардың ішінде 1 млрд. тоннадайы қауыпті қалдықтарға жатады.

Ресей мен Қазақстпнның әр тұрғынына жылына келетін қатты қалдықтардың көлемі шамамен 15-16 т. Қатты қалдықтардың жинақталуы оларды өңдеу процесінің кеңінен дами алмағандығымен түсіндіруге болады. қауыпты қалдықтардың тек ¼ көлемі ғана қазіргі шақта өңделуге жататындар.

Радиоактивті қалдықтар. Қоршаған ортаға және тұрғындарға ерекше қауіптілік туғызатын қалдықтарға радиоактивті қалықтар жаиады. Олар уран өндірістерінде, ядролық реактормен жұмыс істеген кезде, ядролық сынақтар өткізілгенде, радиоактивті изатоптарды қолданғанда, АЭС бөлшектеу және жөндеу жұмыстарын жүргізген кезде, радиоактивті медициналық аспаптардың бөлігі істен шыққанда пайда болады, сонымен қатар радиоактивті қалдықтарға АЭС, тағы басқа радиоактивті заттармен қатынасты объектілер қызметкерлерінің жұмыс киімдкрі жатады.

Радиоактивті қалдықтар активтілктеріне және агрегаттық күйіне қарай топтастырылады (10. 5 - ші сурет) .

Радиактивті

Қалдықтар

Тозаңгазтүзуші
Тозаңгазтүзуші: Сұйық
Тозаңгазтүзуші: Қытты
:

Орташа активті

0, 1-1000 ки/м ³

Орташа активті0, 1-1000 ки/м³:

Төмен активті

≤ 0, 1 Ки/м³

Орташа активті0, 1-1000 ки/м³:

Жоғарғы

активті

> 1000 Ки/м³

10. 5-ші сурет . Радиоактивті қалдықтардың жіктелуі

Қазақстанда активтік қалдықтардың келесі түрде жіктелуі қабылданған:

Қалдық түрі: Қалдық түрі
Сәулеленудің активтілігі: Сәулеленудің активтілігі
Қалдық түрі: ץ , мбэр/сағатына
Сәулеленудің активтілігі: β, нКи/г
α, нКи/г
Қалдық түрі: Жоғары активті
Сәулеленудің активтілігі: >1000
>1
>1
Қалдық түрі: Орташа активті
Сәулеленудің активтілігі: 30-1000
100-1
10-1000
Қалдық түрі: Төмен активті
Сәулеленудің активтілігі: 0, 03-30
>2
>0, 2

Қатты қалдықтар радиоактивті деп есептелінеді, егерде олардың меншікті белсенділігі α - сәулелену көзі ретінде қарағанда 3, 7·10² Бк/кг - 7·10³ Бк/кг аралығында; β - сәулелену 7, 4·10 Бк/кг; ץ - > 10 г-экв. рад/кг болса.

Адам үшін иондауші сәулеленудің қауіпті дәрежесі сәулеленудің белсенділігіне ғана емес, жартылай ыдырауының физикалық кезеңіне де байланысты, себебі осы кезең өткеннен кейін заттектердің радиоактивтілігі де, мөлшері де төмендейді.

Әрбір радионуклидтың өзіне тән жартылай ыдырау кезеңі бар. Мысалы, уран - 238 - дің жартылай ыдырау кезеңі 4, 5·10 жыл, уран - 235 - 7·10 жыл, калий-40 - 1, 25·10 жыл, плутоний-240 - 6620 жыл, плутоний-239 - 2, 4·10 жыл (судағы ШРК - 81. 4 Бк/л, ауадағы - 3, 3·10 Бк/л), полоний-210 - 138, 3 тәулік (судағы ШРК - 3·10 мкКи/мг, ауадағы ШРК - 2·10 мкКи/м³), радий - 8100 тәулік (ауадағы ШРК - 3·10 Ки/л), йод-125 - 60, 2 тәулік, йод-129 - 16 млн. Жыл, йод-131 - 8, 05 тәулік, йод-132 - 2, 26 сағат, стронций-90 - 27, 7 жыл, цезий-137 - 65 тәулік, цезий-134 - 100 тәулік (ауадағы ШРК - 0, 002 Бк/л) құрады.

10. 3. Өндіріс қалдақтарының улылық немесе уыттылық (қауіптілік) класын анықтау

Құрамында адам денсаулығына өте зиянды әсер ететін, сондайақ қоршаған ортаға қауіп тұғызатың улылық қасиеті бар заттектерден тұратын қалдықтарды улы қалдықтар деп атайды. Ал қолданғанда немесе қатысу арқылы организмнің өмір тіршілігін бұзатын зеттектердің қасиетін улылық немесе уыттылық дейді. Қалдықтарға кездесетінулылық қасиеті бар зеттектерге мысал ретінде ауыр металдарды, қышқылдық пен сілтілік көрсеткіштері pH 3, 5-тен төмен және 9-дан жоғары ерітінділерді, пестицидтерді келтіруге болады.

Уытты қалдықтардың негізгі көздеріне өнеркәсіп, ауыл-шаруашылығы, сонымен қатар қазіргі кезде көп тараған шағын кісіпорындар мен шеберханалар жатады. Уытты қалдықтардың 70-80%-ын шығарушыларға химия және мұнай өңдеу өнеркәсіптерін жатқызуға болады.

Шығарылатын уытты қалдықтардың жылдық көлемі АҚШ-та - 275 млн. т, Германияда - 6 млн. т, Ресейде - 20 млн. т, Қазақстанда - 3 млн. т. Адамның жан басына шаққанда мөлшер жағынан барлық елдердің ішінде алда тұрған Нидерландия. Дүние жүзі бойынша әр адамның үлесіне орта есеппен уытты қалдықтардың келетін көлемі 0, 1 т, дамыған елдерде 0, 5 т. Уытты қалдықтарды үйіндіге тастауға, не қоқыс өртейтін зауыттарға жіберуге жатпайды. Олар улылығына, яғни қауыптілік класына байланысты көміледі немесе арнаулы қоймаларда сақталады.

Өндіріс қалдықтарының қауіптілік класы заттектердің улылығын негізге ала отырып есептеу әдісі арқылы анықталады. Әр заттың улылық индексін (Кі) анықтау үшін оның топырақтағы шекті рауалы концентрациясы (ШРК) негізгі алынып

Кі=ШРКі/(S+C3)

формуласымен анықталады. Бұл жерде ШРКі - қалдықтың құрамындағы і-затының топырақтағы шектік рауалы мөлшері; S - і-затының суда ерігіштігін сипайттайтын өлшемсіз коэффициент (ерігіштік шаманы 100% бөлу арқылы табылады), Сі - бұл компоненттің қалдықтағы мөлшері, т/т.

Улылық индексі қалдық құрамындағы 3 негізгі компоненттер үшін аңықталады. Содан кейін приоретті улы заттектер арқылы жалпы улылық индексі (КΣ) табылады:

i=n

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қалдықтарды жою ережелері
Қоршаған орта тұрақтылығы мен қауіпсіздігі
Қалдықтардың басқарылуы
Қалдықтарды қауіпсіз жою мәселесі
Радиоактивті қалдықтарды көмуді әлемдік тәжірибеде талдау
Қатты тұрмыстық қалдықтарды жою мәселелері
Экологиялық қауіпсіздік пен қоршаған ортаның тұрақтылығын сақтау үшін, қалдықтар жүйесін жан-жақты зерделеп, қалдықтарды басқару жүйесін жетілдіру жолдарын қарастыру
Қалдықтарды өңдеу технологиясы
Құрылыс қалдықтарының мәселелері
ҚАЛДЫҚТАРДЫҢ ТҮЗІЛУІ ЖӘНЕ ҚОРШАҒАН ОРТАҒА ӘСЕРІ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz