Қазақстандағы электрондық банктік қызметтің дамуына талдау


МАЗМҰНЫ
Кіріспе 9
1 Электрондық банктік қызметінің теориясы, түсінігі, мәні 11
1. 1 Электрондық қызметтің теориялық мазмұны 11
1. 2 Электронды банк қызметі: басқару мен бақылау 22
1. 3 Электрондық банк қызметінің шетелдік тәжірибесі 30
2 Қазақстандағы электрондық банктік қызметтің дамуына талдау ("Каспи Банк" Маңғыстау облыстық филиалының мысалында) 34
2. 1 "Каспи банк" АҚ-ның тарихы мен қаржылық сипаттамасы 34
2. 2 "Каспи Банк" АҚ Маңғыстау облыстық филиалының электрондық қызметін сараптау 40
3 Қазақстандағы электронды нарық қызметін және банк қауіпсіздігін жетілдіру жолдары 47
3. 1 "Каспи Банк" АҚ-ның электрондық қызметін дамыту механизмдері 47
3. 2 "Каспи Банк" АҚ-ның электрондық қызметін дамытуды жетілдіру жолдары 53
3. 3 Банктің дистанциялық қызмет көрсетуі 60
Қорытынды 73
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 75
Кіріспе
Тақырыпты зерттеу өзектілігі. Қазақстанда және шетелдегі даму процесінде қарастырылатын электрондық банктік қызмет көрсету нарығында инновациялық іскерлік инфрақұрылымдары болды. Электрондық банк қызметінің нарықтағы несиелік ұйымның және электрондық банк қызметінің нарығындағы есептеу механизмін жетілдіру. Банк картасының сегментінде және Интернет-банкингте жан-жақты зерттеулер қарастырылады.
Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Қазақстан халқына «Қазақстан-2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» Жолдауында: “21-ғасырдың 2010 жылдары республика экономикасында орын алған дағдарыстың себептерін ашу, оны жеңудің жолдарын анықтау керек” деп айтылған. Радикалдық саяси және экономикалық әлемдік шаруашылық қатынас жүйесіне енуі дағдарыстың болуына, өндіріс көлемі мен өнімдердің, жұмыс, қызметтің бәсекеге қабілеттілігін күрт төмендетуге объективті жағдайлар тудырды. Бұл дәстүрлі нарықтың ығысуына, төлемге қабілетсіздік тудыруға, шектен тыс инфляцияға және көптеген шаруашылық жүргізуші субъектілер қызметінің тоқтауына әкеп соқтырды. Қалыптасқан жағдайды ескеру арқылы ұзақ мерзімді жеті артықшылықтың бірі ретінде жоғары шетелдік инвестиция мен ішкі жинақ ақша деңгейіндегі ашық нарықтық экономикаға негізделген экономикалық өсу анықталды. Экономикалық өсу қаржы тұрақтылығына, өндірісті әртараптандыруды қамтамасыз етуге, аса маңызды салаларға инвесторларды тартуға, шешуші бизнес салаларының іскерлігін арттыруға, белсенді өндіріс қолма-қолсыз есеп айырысу саясатын еңгізуге және акценттерді шаруашылық жүргізудің макродан, микро деңгейіне жылжытуға септігін тигізеді [1] .
Әлемде қандай ел болмасын қолма-қол ақшаларға толық түрде бақылау орната алмайды. Өз кезегінде қолма-қол ақшалар көлеңкелі экономиканың және ақшаға байланысты қылмыстың дамуына алып келеді. Сондықтан ірі көлемдегі төлемдерді және тағы басқа қолма-қолсыз төлемдер жүйесін қолма-қолсыз есеп айырысудың бүгінгі таңдағы заман талабына сай жаңа формаларына өткізудің маңызы зор болып табылады. Деректерге жүгінсек, электронды мемлекеттік сатып алулар жүйесі бойынша ел бюджеті осы жылдың өткен жеті айында 17 млрд теңге үнемдепті. Электронды мемлекеттік сатып алу кезінде - 20-25 пайызға дейін, ал электронды байқаулар өткізу кезінде 5-10 пайызға дейін бюджеттік қаражат үнемделген. Десек те, біз нақ осы электронды жүйеде тендер өткізуді, электронды бағытта аукциондар ұйымдастыруды әлі де дұрыс меңгере алмай отырмыз. Тендер жүйесін электронды түрде өткізу бағытының ұсынылғанына біршама жыл болса да, оған қатысушылардың пайыздық көрсеткіші өте төмен. Біз тендер өткізуде әлі сол бұрынғы жүйені місе тұтып келеміз. Тендердің айналасында жең ұшынан жалғасу әлі де болса белең алуда. Сондықтан электронды жүйеге толыққанды ену арқылы ескі жүйені ығыстыру керек. Біз электронды мемлекеттік сатып алуға қатысушылардың легін көбейткеніміз жөн. Бұл турасында мықты насихат қажет. Бұл жүйе жемқорлықтың жолына тосқауыл қоя алатын болуы керек. Сонда ғана бұл жүйені барлық салаға енгізу жеңіл әрі сауатты болмақ .
Қазақстан Республикасының қаржы жүйесінің тұрақтылығы, көбіне, банк жүйесінің тұрақтылығымен байланысты болып келеді.
Қазақстан Республикасының Ұлттық банк қызметі Қазақстан Республикасының заңымен және Конституциясымен тікелей негізделген іс-шаралар атқарады.
Тақырыпты зерттеудің мақсаты - Қазақстан Республикасының банктік қызметтерінің негізгі талаптарына сәйкес банктің қолма-қолсыз есеп айырысуын қалыптастыру мен басқаруының өзекті мәселелерін шешу.
Зерттеудің міндеттері:
- қолма-қолсыз есеп айырысудың қалыптасуын зерттеу;
- банктің басқару жүйесіндегі қолма-қолсыз есеп айырысу қозғалысын зерттеу;
- қолма-қолсыз есеп айырысуын қалыптастыру мен басқарудағы проблемаларды зерттеу.
Дипломдық жұмыстың зерттеу объектісі - «Каспи Банк» АҚ электронды қызметінің банк саясатында үлкен рөлі бар екенін, қолма-қолсыз есеп айырысуының маңыздылығын дәлелдеу.
Зерттеу пәні - электронды жүйе, біріншіден, компаниялар мен кәсіпорындар арасындағы бәсекелестікті арттырады, екіншіден, жемқорлыққа жол бермейді. Міне, осыдан барып ел бюджетіне кіретін табыс еселене түседі, сондықтан экономиканың негізгі құралы болып табылады.
Дипломдық жұмыстың әдістемелік және теориялық негіздері: «Қазақстандағы коммерциялық банктердің электрондық қызметінің дамуы» Қазақстан Республикасының Заңы, Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтың 2014 жылғы халыққа Жолдауы, «Ақша және несие», «Қазақстан банктері» журналдары, Тінәсілі М. Д. Қырғыз республикасында 2007 жылы жарыққа шыққан Банк жаршысы мақаласы.
Диплом жұмысының ғылыми жаңалығына мыналар жатады:
Қазақстан Республикасының қаржы жүйесінің электронды нарық тұрақтылығы және банк жүйесінің тұрақтылығымен байланысты мүмкіндіктерді жетілдіру бойынша ұсыныстар жасалды.
Жұмыстың құрылымы. Дипломдық жұмыс кіріспеден, үш бөлімнен, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
1 Электрондық банктік қызметінің теориясы, түсінігі, мәні
1. 1 Электрондық қызметтің теориялық мазмұны
Банктің электрондық қызметі - бұл банктік карточкаларды және электрондық ақша жүйесін пайдалану арқылы көрсетілетін қаржылық қызметтері, сондай-ақ қор құндылықтарымен жасалатын биржалық операцияларды жүзеге асыруда мен қаржы делдалдары ретінде көрсететін банктік мекемелердің электрондық қызметтері.
Электрондық қолма-қолсыз есеп айырысу жүйесі - Банк пен клиент арасындағы төлем операцияларын жылдамдатуға, сондай-ақ олардың орындалысын бақылау жасауға арналған есеп айырысу жүйесі.
Мұндағы есеп айырысу операцияларының жылдамдатылу қағаз формасындағы құжаттардың орнын, банкке электрондық байланыс жолдары арқылы жеткізілетін олардың электрондық үлгілерімен айырбастау және төлем құжаттарын автоматты түрде өңдеу нәтижесінде жүзеге асады.
Ақпараттық технологияның дамуымен байланысты банк бизнесі қарыштап дамуда. Қазіргі ақпараттық технология жаңа қаржы өнімдерін жасап шығару мен жаһандық қаржы рыногының алғышырттары болатын шешуші фактор болып отыр. Көрсеткіштерді цифрлық форма технологиясын көшіру қаржы дүниесінде қаржы дүниесінде революциямен бірдей болып отыр.
Электронды банктік жүйе қазіргі банк жүйесінің дүниежүзілік практикада стратегиялық даму бағытының бірі болып есептелінеді. Электрондық банк қызметін кең және тар анықтамада қарастыруға болады. Кең анықтамада (ЭБҚ) банк қызметінің бөлігі болып табылады және электрондық банк бизнесінің жиынтығын ұсынады, банктіқ ақпараттық технологиясы, сонымен қатар, ғылыми және аналитикалық білім болып табылады. Қазіргі қызығушылық зерттеу алаңында электрондық банк қызметі тар мағынада жатыр, ол өзімен кредиттік қызмет ұйымын ұсынады, клиенттерге банк қызмет ұсыныстары ара-қашықтықта бағытталған.
Кейбір дамыған елдерде (Норвегия, Финляндия) электрондық банк қызметі банк бөлімінің негізгі сапалық моделі ретінде қарастырылады. Дамушы елдерде де (Бразилия, Индия, Қытай, Филиппин, Оңтүстік Африка Республикасы, Малайзия) осындай стратегиялар сәтті іске асырылып жатыр немесе қорытынды кезеңде енгізіліп жатыр.
Электрондық есептер интернет желісінде қолдануымен (интернет-Банк) және жаңа Қазақстандық банк түрлеріне қатысты өзге электрондық банк қызметін ұсынады. Сонымен қатар, инновациялық қызметті іске асыру сомасы біздің мемлекетте тек қалыптастыру сатысында ғана, ал қазіргі кезде электрондық есеп жүйесі басқару банк шотында банктік карталар дүниежүзілік елдерде өшірілген құрал-жабдықтар ретінде қарастырылады, ал есептердің өзі халықаралық мінездемеге ие болды. Қазақстан банкінің халықаралық карталық жүйесіне қызығушылығы кездейсоқ емес. Мұндай банктік карталарды шығару дүниежүзілік банк қызмет жүйесін интегралдайды, банктің іскерлік имиджін көтереді және нарықты басып алу мен клиентураны іске тартуды қарастырады. Мамандардың айтуы бойынша халықаралық карталық жүйесіне қатысу кредиттік ұйымдарға жаңа батыс банктік технологияларымен басқаруға мүмкіндік береді, сонымен қатар үлкен масштабты инфрақұрылымды есептеуді қолдануға мүмкіндік береді [2] .
Қазіргі кезде инновациялық несие қызмет ұйымының даму тенденциясы нарықта электрондық банк қызметімен инфрақұрылымдық механизмдер және төлем жүйесін дамыту қызметінен тұрады. Инновациялық несие қызметінің ҚР және шетел нарықтарындағы электрондық банктік қызметінің процесстеріне байланысты таңдалады, яғни экономикалық қарым-қатынастарының бірлестігінде және ұйымдық құрылымдар, институттар және ғылыми-техникалық творчество саласындағы инновациялық кәсіпкерліктер.
Бүгінгі таңда дүниежүзіндегі кез-келген банк 3 негізгі функцияларды атқарады: ақшалай қаражатты жинау, олардың орын ауыстыруы және несиелендіру. Ақшалай қаражат жинау ол банкке шығын арқылы келеді, олардың орын ауыстыруынан табыс түсіруге болады, бірақ негізгі банк бизнесі - бұл несие беру. Өкінішке орай, біздің республикамызда ұйымды несиелендіру қазіргі кезде сенімсіз және әлі оған бағытталуға мүмкіндік бермейді. Ол негізгі салада банкке табыс әкелмейді. Ұйымның электрондық есептеу жүйесі көмегімен банктік өнімді алуға болады, қазіргі Қазақстан жағдайын ескере отырып, банктік функцияның үшеуін біріктіріп табыс түсіруге мүмкіндік береді: орташа жағдайлы клиенттердің арзан ресурстарын үлкен көлемде жинау, банктік шот циклы бойынша айналымын қадағалау.
Клиент - дүкен - банктік шот - кәсіпорынды несиелендіру және өнім құрылымдары клиентурамен байланысты болады. Бұл банкке табыс түсірудің негізгі бір жолы болып табылады.
Бұл тақырыптың маңыздылығы айқын, себебі өмірде біз электрондық есептеулермен жиі кездесеміз және қазіргі заманғы құрал-жабдық ақша айналымы үздіксіз жүреді. Кейбір сәтте айналым құрал-жабдықтың ауысуына әкеп соғады. Оған қоса біздің өмірімізде тез жылдамдықпен Internet пайда болды, онда электрондық есептеу жаңа құралдармен есептелінеді.
Қазіргі ғылым мен техниканың даму сатысында көптеген облыстарда көптеген жаңа техникалық мүмкіндіктер туындады. Оның көмегімен ақшалай есептеуді және өзара есеп беруді ақшаның көмегінсіз есептеуге болады. Коммерциялық банктер бұл заманда электрондық есептеу жүйесімен байланысты барлық дамыған жағдайларды жасауға міндетті.
Электронды есептеу қазіргі заманғы коммерциялық банк көзқарасынан мынандай аспектілерге бөлінеді:
- банк қызметінің қазіргі заманғы деңгейі;
- техникалық және ақпараттық базаның дамуы және олардың клиентінің дамуы;
- электрондық банк өнімінің технологиялық жұмысы;
- есептеу жүргізудің қауіпсіздігі;
- құқықтық база;
- коммерциялық банктерді жеке қызмет көрсету мүмкіндіктері.
Қаржылық жаһанданудың ең маңызды факторлары рынокқа қатысушыларға әсер етеді. Атап айтсақ, олар: банктер, қаржы компаниялары, биржалар, мемлекеттер, орталық банктер, қарыз алушылар, инвесторлар. Сонымен бірге осы топқа ақпараттық технология жасаушылар мен оған қызмет көрсетушілер кіреді.
Қаржылық ортаға ақпараттық техниканың әсері ерекше. Жаһанданудың секъюритизация, стандарттау, ақша тасқыны сияқты қосымша факторлары да бар екенін естен шығармау керек [3] .
Банкті басқару мен бақылау. Нольдік процент - қол жетпейтін абсолютті мөлшер, себебі бұл жағдайда заемщиктің салғырттығын айтпағанда күнделікті кездесіп қалатын өнімді, жұмыстан шығып қалуды, аяқ астынан кездесетін қатерді айтсақ та жеткілікті болады. Қайтара алмаудың ең төменгі пайызы 0. 5-1%-мұсылман елдеріне тән. Себебі қалыптасқан ұлттық тәрбие мен дәстүрге байланысты олар әлі де бір-бірімен туыстық қатынасы бұзылмаған. Ал, жеке дара өмір сүруді қалайтын христиандарда бұл көрсеткіш 3%-ға жетеді.
Ал Ресейдегі бұл көрсеткіш бұдан да төмен. Ms Kinsey компаниясының анықтауынша Ресей банктеріндегі қайтарылмай қалған кредиттер 7 пайызды құрайды. Нарыққа енді шықпақшы болы отырған, тәжірибесі жоқ банктердің жағдайы бұдан да төмен болуы мүмкін. Оның себебі - банктер автоматты сараптама жасайтын интеллектуалды жүйені пайдаланбайды және бірде-бір кредит алушыға «жоқ» демей, бәріне бірден келіседі. Бұл саладағы ізденулер мен сараптаманың негізінде математикалық модулі бар экспертті жүйенің параметрлерін анықтауға болатынына көзіміз жетті. Бұл тәсіл бойынша жүйені өте аз ақпаратқа сүйеніп іске қосуға әбден болады. Бұл жүйе бойынша кредит берілгеннен кейін клиентпен қалай жұмыс істеу керектігін классификациялауға болады. Мысалы кімге, қай клиентке меншікті ұзартуға болатынын немесе банктің жаңа өнімін ұсынуға болатыны туралы мәлімет алуға болады. Кең мағынасында бұл жұмыс автоматты сараптама мен оптималды шешімдерді жасай алады [4] .
Скоринг-жүйе банкке нендей қызмет көрсетеді дегенде, ол:
- кредит алу үшін жазылған арыздарды жылдамдап реттейді;
- банк персоналының қысқаруына әсер етеді;
- төменгі квалификациялы персоналды пайдалану арқылы үнемдей алады;
- ақпараттық жүйеге сүйене отырып, арыздарды қарастырудың әрбір мерзімін бақылай алады.
Аталған жүйенің артықшылықтары осымен бітпейді. Жүйеге жиналған көрсеткіштер мына мақсатта қолданылуы мүмкін:
- клиенттердің түрлерін зерттеу мен классификациялауда;
- әртүрлі өнімдерді пайдаланғанда клиенттердің қайсысын көбірек пайдаланатынын анықтау;
- кредитік портфельді және бизнестің сапасын бақылау (әр түрлі бағыттар мен региондар бойынша) ;
- клиенттердің әртүрлі өнімге пікірлерін анықтай білу.
Белгілі бір деңгейге статистика тұрғысынан жеткеннен соң скоринг жүйе мұнан да күрделі мәселелерді шешетін қабілеті бар. Мысалы: пайдасы жағынан оптималды арыздарды таңдай білуде.
Скорингтің тағы бір түрі - кредит қайтармаған клиенттердің іс-қимылдарының стратегиясын зерттеу. Бұл жұмыс та автоматты түрде жүргізілетін болады. Мұнда клиенттің кім, не екеніне байланысты оның операцияларын анықтап, банкпен қарым-қатынасын айқындайды.
Қазір көптеген қазақстандық банктер кредиті карточкалар нарығына шығуға тырысуда (скоринг жүйесін қажет етпейтін овердрафт мүмкіндіктері бар вип-карточкалармен шатастырмаңыз) .
Біздің елімізде банктердің төлем карталарына қатысты іс-әрекеттері толық еркіндікте. Осы мүмкіндікті пайдалана отырып, клиенттердің банк өнімдеріне сұраныстарын қамтамасыз ету, олардың қаржы нарығындағы бәсеке қабілеттілігін жоғарылату, жеке тұлғаларға қызмет көрсету жүйесін жаңарту қажеттігі жөнінде мәселелер ғылыми ортаның көптен бері көңіл бөліп келе жатқан тақырыптарының бірі. Соның ішінде, жеке тұлғаларға төлем карталарымен банктік қызмет көрсетудің тиімді жүйесін құру күн тәртібінде тұрған маңызды зерттеу бағыты. Осы карточкалар нарығында қалыптасқан жағдай жөнінде мәліметтер төменде берілген. ТМД елдері пластикалық карталарды пайдаланып қолма-қолсыз төлемдер жүйесін дамытуда түрлі ерекшеліктерді басшылыққа алады. Осы мемлекеттерде меншікті карталық бағдарламаларды дамытуға себепші болған фактор - 1992 жылы қолма-қол ақша тапшылығы еді. Соның салдарынан Ресейде аймақтық және локальдық карточкалар бағдарламалары әзірленді. Мұндағы мақсат - біріншіден, қолма-қол ақшаны қолма-қолсыз ақшамен алмастыру, екіншіден, тауарды қолма-қол ақшаға айырбастап басқа елдерге шығаруға шектеу жасау. Бұл үрдістерде банктер карталық бағдарламаларды оның имиджі ретінде қызмет ету аясын кеңейтуге және болашақта пайда әкелетін жаңа бағыт деп қарастырды.
Электронды ақшалар пластикалық карточка формасында болады. Олар екі түрлі болып келеді:
Дебеттік (төлем) карточка - банкте арнайы карточкалық қаражаты бар, клиент арасындағы келісімшартқа сәйкес шоттағы қаражатты пайдалануға, банкомат арқылы қолма-қол ақша алуға, сондай-ақ тауарлар мен қызметтер үшін төлеуге арналған төлем құралы. Төлем карточкасы оның эмитентімен анықталған төлемдерді жүзеге асыруға, қолма-қол ақшаларды алуға, валюта айырбастау т. б. операциялар үшін оның ұстаушысымен қолданылады. («Ақша аударымдары мен төлемдер» ҚР заңы, 29-маусым, 1998 жыл. 11-бап, 1-тармақша) [5] .
Несиелік карточка - оның эмитенті мен карточка иесі арасындағы келісім-шартқа сәйкес, несиелік көлемінде тауарлар мен қызметтер үшін төлемді жасауға, не қолма-қол ақша алуға арналған карточка.
Пластикалық карточка - карточкалардың мағынасы бойынша, көрсететін қызметіне байланысты түрін білдіретін жалпы термин.
Электронды есептеулер жүйесін қызметтендіру механизмі пластикалық карточкалардың қолданылуына негізделген және өзіне банкоматтар арқылы жүзеге асырылатын операцияларды, тұрғындардың сауда орталықтарындағы есептеулерінің электронды жүйесін т. б. кіргізеді [2] .
1 - сурет. Карточка түрлерінің классификациясы
Кәсіпорындармен, сонымен қатар жеке тұлғалар қатысуымен қолма-қолсыз есеп айырысуды өте жылдам және тиімді жүргізу мүмкіншіліктері туралы тек ғылыми фантастика жанры еңбектерінде ғана жазылып жүрді [6] .
1-кесте − Несиелік және төлем пластикалық карточкаларының негізгі салыстырмалы қасиеттері
Барлық пластикалық карталардың олардың қызмет көрсету деңгейіне байланыссыз негізгі ерекшеліктері оларда түрлі қолданбалы бағдарламаларда қолданылатын белгілі бір ақпараттар жиынтығының сақталатындығында. Ақша айналымы саласында пластикалық карточкалар қолма-қолсыз есеп айырысуларды ұйымдастырудың прогрессивті құралы болып табылады.
Электронды ақшалай есеп айырысулар жүйесін түрлендіру процесінде Батыста ISO (International Standarts of Organization) ұйымы құрылды, ол пластикалық карточкалардың сыртқы пішіндеріне стандарттарды, шоттардың нөмірлеу ретін, магнитті сызықтың форматын енгізді. ISO мүшелері VISA, Master Card, American Express ірі карточка эмитенттері болып табылады.
Қазіргі кезде әлемнің 200-ден аса елдерінде пластикалық карточкалар төлем айналымында қолданылады, бұл пластикалық карточкалардың банк ісінде «технологиялық революция» деп аталатын маңызды элемент болып табылатынын көрсетеді. Осы пластикалық карточкалар көптеген жағдайларда электронды банктік жүйенің кілттік элементі рөлін атқарады. Олар чектер мен чек кітапшаларын ығыстыра отырып, Батыстың өндірістік дамыған елдерінің ақша айналымын ұйымдастыруда алдыңғы орындарға шықты [7] .
Карточкаларды пайдалану ерекшеліктері мынадай:
- бір жағынан тәуекелдің төмендеуі (өзіңмен бірге көп ақша ұстаудың керегі жоқ), ал бір жағынан саудаға сол сәтте төлеу мүмкіндігі;
- валютаны айырбастау туралы қам жемеуге болады. Бұны банк істейді;
- карточканы жоғалтқан жағдайда банкке тек қана хабарлау жеткілікті, барлық есеп айырысуларды жауып тастайды;
- бүкіл әлем бойынша банкоматтар жүйесінің Сіз үшін тәулігіне 24 сағат, еш демалыссыз қызмет көрсетуі;
- жалақыңызды төлем карточкасы арқылы сізге ыңғайлы уақытта алу;
- Internet жүйесі арқылы сауда жасау т. б.
Қазақстан Республикасындағы екінші деңгейдегі банктер дебеттік және кредиттік карточкалардың отандық және халықаралық түрлерін кеңінен қолдануда. Оларға «Eurocard», «Master Card», «VISA», «Altyn», «Maestro» және т. б. жатады.
Қазіргі кезде жалақы алуға арналған дебеттік карточкалар да қолданылуда. Мұндай карточкалардың шоттары көбіне теңгемен ашылады.
Республикамыздағы төлем жүйесінің қызметі уақыт талабына сай банктер мен қаржы нарығына қатысушылардың сұранысын қамтамасыз етуге, ақша-несие саясатын тиімді іске асыруға, мемлекеттік бюджеттің атқарылуына септігін тигізеді. Бүгінгі күні Қазақстанның төлем жүйелері қаржы ұйымдары дамыған елдер қоятын барлық талаптарға сай келеді. Осы ретте төлем жүйелерінде пайдаланылатын нормативтік база мен технологиялар үнемі жетілдіріліп отыратынын айта кету керек.
Елімізде төлем карточкалары жүйесiн дамыту қолма-қолсыз ақша айналысын кеңейтуге, ақша эмиссиясына жұмсалатын шығындарды азайтуға, тиiмдiлігі аз төлем құралдарынан (мәселен, чек) оның тиiмдiрек жаңа түрлерiне көшуге мүмкiндiк бередi.
Төлем жүйесіндегі операциялар оның құралдарын қолдану көмегімен жүзеге асырылатыны белгілі, соның ішінде, төлем, талап тапсырмалары, инкассалық өкімдер, карточкалар. Оны 1-ші кестедегі, ресми мәліметтермен келтірілген, соңғы үш жылдағы төлем құралдарын пайдалану динамикасынан көруге болады. (Төлем карточкалары рөлінің маңызды екендігін дәлелдейтін деректер көп, айталық, 2012 жылы екінші деңгейдегі банктер және «Қазпошта» АҚ төлем құралдарын пайдалана отырып, 88050, 0 млрд. теңге (718, 5 млрд долл. ) 132, 1 млн. транзакция жүргізген) .
2-кесте − Төлем құралдары мен транзакция саны
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz