Еліміздің экономика және қаржы саласындағы банктердің алатын ролі мен орнының маңызы


Пән: Банк ісі
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 65 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

Кіріспе . . . 9

  1. Банк қызметін реттеу және қадағалаудың теориялық аспектілері . . . 11Банктерді ашу және олардың қызметін ұйымдастыру . . . 11Банк қызметін пруденциалдық реттеу ерекшеліктері . . . 15

1. 3 Банктік қадағалау әдістері . . . 32

  1. ҚР Екінші деңгейлі банктерінің қызметін қадағалау және реттеу жағдайын талдау . . . 43

2. 1 ҚР Екінші деңгейлі банктерінің қызметін пруденциалдық нормативтерін қадағалау жағдайын талдау . . . 43

2. 2 «ХоумКредитБанкі» АҚ пруденциалдық нормативтерді орындау жағдайын талдау . . . 48

  1. ҚР -да банк қызметін реттеу мен қадағалауды жетілдіру жолдары . . . 52Банк қызметін рейтингтік бағалау және CAMEL жүйесі . . . 52

3. 2 ҚР банк қызметін реттеу және қадағалауды ұйымдастырудың шет елдік тәжірибесі . . . 62

3. 3 Базель ІІІ келісімін Қазақстан Республикасында банк қызметін қадағалау тәжірбиесіне енгізу . . . 65

Қорытынды . . .

Пайдалынылған әдебиеттер . . .

Кіріспе

Тақырыптың өзектілігі. Қазақстанда банк жүйесі екi деңгейлi жүйеде қалыптасқан. Еліміздің экономика және қаржы саласындағы банктердің алатын ролі мен орнының маңызы зор, сондықтан да банк жүйесін мемлекеттік органдар тарапынан қадағалау олардың қызметтерін реттеуді қажет етеді. Себебі банкілік қызмет белгілі бір тәуекелге барумен тығыз байланысты. Банк әр түрлі операцияларды тәуекелге бара отырып іске асырады, банктер өз іс-әрекетін жүзеге асыру мақсатында жеке және заңды тұлғалардан ақша-қаражатын тартып, өз акционерлері мен клиенттеріне, салымшылары мен қарыз берушілеріне дивиденттер төлеп отырғандықтан, банк қызметінде жеке және заңды тұлғалардың әр түрлі мүдделері тоғысады. Банк қызметінде осы жағдайлардың бәрін қадағалауды қажет етеді.

Республикада банкілерді қадағалау ҚР банктік және басқа да заң норм аларымен реттеледі. Республикада банктердің қызметін бақылау мен қадағалау кешенді әдіс-тәсілдермен жүзеге асырылады. Олар ҚР банктік және басқа да заңдылықтарының сақталуына, сондай-ақ банктердің ұйымдастыру және қаржылық - шаруашылық іс-әрекеттерін бақылап отыруға бағытталған.
Қаржылық қадағалау және банк қызметтерін реттеу ҚР-ның Банк заңдарымен, ҚР ҰБ-нің Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалу жөніндегі комитеттің тарапынан қабылданған нормативтер мен ережелер арқылы жүзеге асырылады. Нарықтық қатынастар кеңістігінде банктың өз орнын тауып, даму жолына түсуі оның қызметін халықаралық стандарттарды реттейтін нормативтер мен нормативтік құжаттарждың талаптарын бойына сіңіріп, қаржы-шаруашылық қызметінде олардың орындалуын қамтамасыз ететін кешенді мәселелерді шешумен тығыз байланысты.

Банк қызметіне бақылау мен қадағалауды сондай-ақ халықаралық ұйымдар, мемлекет, аудиторлық және құрылтайшылар тарапынан жүзеге асырылады. Банктік қадағалаудың негізгі мақсаты банк клиенттерін әр түрлі тәуекелден құтқару, салымшылардың салымдарын қорғау және банк салымдарын қорғау үшін құрылған сақтандыру қорлары мен үкіметтің жеке қорларын жойылудан қорғау, сондай-ақ мемлекеттің ақша-несие саясатын жүргізуіне және экономиканың дамуына қолдау жасау. Сонымен қатар банктік қадағалаудың міндеті халықтың, мемлекеттің, клиенттер мен банк құрылтайшыларының мүддесі үшін банк қызметіндегі заңдар мен ережелердің сақталуын қамтамасыз ету, банк жүйесі мен жекелеген банктердің жұмысын жетілдіру, дамыту болып табылады.

Банк секторының қаржылық тұрақтылығы қадағалаудың пәрменділігімен тікелей байланысты болғандықтан, диплом жұмысының тақырыбы бүгінгі күні өзекті мәселе болып табылады.

Диплом жұмысының мақсаты банк қызметін реттеу және қадағалаудың теориялық негіздерін бере отырып, реттеу және қадағалауды жетілдіру жолдарын ұсыну болып табылады.

Аталған мақсатқа жету үшін келесідей нақты міндеттер қойылды:

  • банк қызметін пруденциалдық реттеу ерекшеліктері қарастыру;

- банктік қадағалау әдістері анықтау;

  • ҚР ЕДБ қызметтерін реттеу және қадағалау жағдайын талдау;
  • «ХоумКредитБанкі» АҚ пруденциалдық нормативтерді орындауын талдау;
  • банк қызметін рейтингтік бағалау және CAMEL жүйесін ұсыну;
  • банк қызметін реттеу және қадағалаудың шетелдік тәжірбиесін қарастыру;
  • Базель ІІІ келісімін Қазақстанда қаржылық қадағалауда енгізу жолдарын ұсыну.

Диплом жұмысының зерттеу объектісі ретінде Қазақстандық республиасы екінші деңгейлі банктерінің және «ХоумКредитБанк» АҚ - ның қызметтері болып табылады.

Зерттеу пәні ретінде банк қызметін реттеу және қадағалау әдістері мен реттеу және қадағалау қызметіне қатысушылардың өзара қарым-қатынасы болып табылады.

Әдістемелік негіздері ретінде келесі отандық авторлардың еңбектері қолданылды: Шаяхметова К. О., Мақыш С. Б., Аникеева Л. В., Бисенова М., Бораш Қ., Досымов Б. С., Жумабаева З. С., Иванов М. М., М. Ж., Мыргыясова М. М., Наурызбаева М., Салихова А. Р., Сағындықова М. О., Сейтқасымов Г. С., Шыныбеков Н. С.

Диплом жұмысының ғылыми жаңалығына мыналар жатады:

Экономикасы дамыған елдердің тәжірибесі, банктік қадағалаудың ерекшеліктерін анықтап, оларды шешу жолдарын іздеу мүмкіндіктерін жетілдіру бойынша ұсыныстар жасалды.

Зерттеу жұмысының құрылымы. Дипломдық жұмыс кіріспеден, үш бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімі мен қосымшалардан тұрады.

Бірінші бөлімде - банктерді ашу және олардың қызметін ұйымдастыру, банк қызметін пруденциалдық реттеу ерекшеліктерін атап, банктік қадағалау әдістері қарастырылды.

Екінші бөлімде - Қазақстан Республикасы Екінші деңгейдегі банктердің пруденциалдық нормативтерін орындау жағдайына баға беріп, «ХоумКредитБанк» АҚ-ның қаржылық жағдайы мен пруденциалдық нормативтерін орындауына талдау жасалды.

Үшінші бөлімде - банк қызметін рейтингтік бағалау және CAMEL жүйесін қарастырып, банк қызметін реттеу және қадағалаудың шетелдік тәжірбиесін талданып, Базель ІІІ келісімі жағдайларын Қазақстанға енгізу ұсынылды.

1 Банк қызметін реттеу және қадағалаудың теориялық аспектілері

1. 1 Банктерді ашу және олардың қызметін ұйымдастыру

ҚР-ғы коммерциялық банктер өз қызметінде 1995 жылы 30 наурызда қабылданған “ҚР Ұлттық банкі” және 1995 жылдың 31 тамызында қабылданған “ҚР- ғы банктер және банктік қызмет туралы” ҚР заңдарын басшылыққа алады.

Коммерциялық банктер - банктік жүйенің екінші деңгейін немесе екінші деңгейдегі банктерді білдіреді. Олар банктік ресурстарды шоғырландыра отырып, заңды және жеке тұлғаларға кең көлемде банктік операциялар мен қаржылық қызметтерді жүзеге асырады.

Қазіргі коммерциялық банктер жүйесі 1990 жылдың аяғынан бастап қалыптасты, яғни отандық банктік жүйенің небары 23 жылдық тарихы бар. Коммерциялық банктердің соңғы он бір жылдағы сандық құрамы 1-кестеде берілген.

  1. кесте

ҚР -ғы банктік сектордың құрылымы кезеңнің басына

Банктік сектордың құрылымы: Банктік сектордың құрылымы
2009ж.:

2009

ж.

2010ж.:

2010

ж.

2011ж.:

2011

ж.

2012ж.:

2012

ж.

2013ж.:

2013

ж.

Банктік сектордың құрылымы: Екінші деңгейдегі банктердің саны, о. і:
2009ж.: 37
2010ж.: 38
2011ж.: 39
2012ж.: 38
2013ж.: 38
Банктік сектордың құрылымы: - мемлекеттік
2009ж.: 1
2010ж.: 1
2011ж.: 1
2012ж.: 1
2013ж.: 1
Банктік сектордың құрылымы: ЕДБ-дің филиалдарының саны
2009ж.: 379
2010ж.: 374
2011ж.: 365
2012ж.: 378
2013ж.: 324
Банктік сектордың құрылымы: ЕДБ Қосымша үй жайларының саны
2009ж.: 2167
2010ж.: 1925
2011ж.: 1881
2012ж.: 1893
2013ж.: 1489
Банктік сектордың құрылымы: ҚР-ғы бейрезидент-банктердің өкілдіктерінің саны
2009ж.: 31
2010ж.: 32
2011ж.: 29
2012ж.: 14
2013ж.: 23
Банктік сектордың құрылымы: Жеке тұлғалардың салымдарын міндетті ұжымдық кепілдендіру жүйесінің қатысушы-банктерінің саны
2009ж.: 35
2010ж.: 36
2011ж.: 34
2012ж.: 35
2013ж.: 35
Банктік сектордың құрылымы: Кастодиандық қызметті жүргізуге арналаған лицензиясы банр банктер саны
2009ж.: 10
2010ж.: 11
2011ж.: 10
2012ж.: 10
2013ж.: 10
Банктік сектордың құрылымы: Ескерту - Сандық мәліметтер ҚР Ұлттық банктің 2009-2012 жж. статистикалық бюллетенінен алынған.

90-шы жылдың басында банктердің саны 200-ден асты, әрине бұл, олардың экстенсивті жағынан дамуын сипаттаса, сол жылдың орта кезінен бастап, күні бүгінге дейін банктеріміздің саны біртіндеп азаюда, әрине бұл құбылысты, олардың интенсивттік немесе сапалық өсуімен байланыстыруға болады [1] .

2012 жылдың 1 қаңтарына Қазақстандағы жұмыс жасайтын банктер саны 38 құрады, соның ішінде Алматы қаласында 30 банк, 31 филиал және 284 есеп-айрысу-кассалық бөлімдер қызмет етеді. Жалпы банктердің 90% - ның бір ірі қалада болуы банк капиталының республиканың өзге аймақтарында дұрыс бөлінбеуіне ықпал етуін көрсетеді. Банктердің тек Алматы қаласында шоғырлануы, оның бұрынғы астана, қазіргі қаржы орталағына айналу себебіне байланысты болып отыр.

2004 жылдың қаңтар айынан бастап, ҚР екінші деңгейдегі банктері қаржы нарығын және қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау жөніндегі ҚР Агенттігінің (Қаржылық қадағалау агенттігі) лицензиясы негізінде қызмет етсе, 2009 жылдың сәуір айынан бастап, ҚР ҰБ Қаржылық қадағалау Комитетінің қадағалауында.

Лицензияның өзіндік стандартты формасы бар және онда коммерциялық банктердің айналысатын қызмет түрі жазылады. Қазақстандағы берілетін лицензияның дамыған шет елдерден айырмашылығы әмбебаптығы болып табылады.

ҚР-ғы банк қызметінде мемлекеттік органдар банктердің мамандануын белгілемейді, мысалға, инвестициялық, ипотекалық қызметтерді жүзеге асырады және т. б. Қазақстандық банктер бағалы қағаздар нарығында да тікелей қатысуға толық құқылы.

ҚР-ғы екінші деңгейдегі банктер банктік операцияларды жүзеге асыруға алатын лицензиядан басқа валюталық операцияларды жүргізуге үшін арнайы лицензия алады. Мұндай лицензия оларға өз қызметін жүзеге асыруы үшін қажетті саналатын банктер қатарымен корреспонденттік қатынастар орнатуға, сондай-ақ дамыған шет елдерде өз филиалдары мен өкілеттігін ашуға құқық береді.

Сонымен қатар, екінші деңгейдегі банктер бағалы металдармен операцияларды жүзеге асыруға арналған лицензия алады.

1995 жылдың 31 тамызында қабылданған “ҚР-ғы банктер және банктік қызмет туралы” ҚР-ның заңына сәйкес Қазақстан Республикасында банкті ашу немесе оның қызметін ұйымдастыру мынадай үш кезеңнен тұрады:

  1. банк ашуға рұқсат алу;
  2. Әділет Министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өту;
  3. банк операцияларын жүргізуге лицензия алу.

Аталған заңға сәйкес, банкті заңды және жеке тұлға ашуға құқылы.

Бірінші кезеңде, банк ашушы банк ашуға рұқсат алу өтінішін береді және оған қоса төмендегідей құжаттарды тапсырады:

- рұқсат алу үшін беретін өтініші;

- құрылтайшылық шарт (түп нұсқа) ;

- банктің жарғысы (түп нұсқа) ;

- банк жарғысын қабылдау және банк органын сайлау туралы хаттама;

- құрылтайшылар туралы мәліметтер;

- құрылтайшылардың соңғы екі есептік жылдағы бухгалтерлік балансы (заңды тұлғалар үшін) ;

- құрылтайшылардың қаржылық жағдайлары туралы аудиторлық қорытынды;

- егер бір немесе одан да көп құрылтайшылары ҚР-ның резиденті болмаса, ондай жағдайда сол мемлекеттегі тиісті мемлекеттік немесе қадағалау органынан жазбаша келісім қажет;

- егер банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым банк ретінде қайта құрылса, онда: оның жарғысы, құрылтайшылық шарты, соңғы есептік мерзімге жасалған бухгалтерлік балансы, ұйымның қаржылық жағдайы туралы аудиторлық қорытынды;

- банктің жетекшілік қызметіне тағайындалатын тұлғалар туралы мәліметтер, оның ішінде: банк төрағасы мен бас бухгалтерінің банк жүйесінде кемінде - үш жыл, ал олардың орынбасарларының кемінде екі жыл, банк филиалының бірінші жетекшісі мен бас бухгалтерінің кемінде - бір жылдық еңбек тәжірибесі болуы және т. с. с. ;

- жаңадан құрылатын банктің толық ұйымдастырылу құрылымы (банктің өкілетті органымен бектілуі тиіс) ;

- жаңадан құрылатын банктің ішкі аудит қызметі туралы ережесі (банктің өкілетті органымен бектілуі тиіс) ;

- жаңадан құрылатын банктің несиелік комитеті туралы ережесі (банктің өкілетті органымен бектілуі тиіс) ;

- жаңадан құрылатын банктің бизнес-жоспары, оның ішінде болу керек, оның ішінде: банк қызметінің стратегиясы, бағыттары мен ауқымы, қаржылық болашағы (есеп айырысу балансы, бастапқы қаржылық (операциондық) үш жылға арналған пайда және зиян туралы есебі, маркетинг жоспары (банк клиенттерін қалыптастыру), еңбек ресурстарын қалыптастыру жоспары;

- тапсырылған бизнес-жоспарына сәйкес дайындық шаралары туралы құрылтайшылардың есебі;

- нотариалды түрде куәландырылған, құрылтайшылардың атынан өтініш беруге құзіретінің барлығын растайтын құжаты;

- басқа банктің жарғылық капиталына қатысуы туралы мәліметтер.

Банк ашу үшін рұқсат алуға берілген өтініш үш ай әрі кеткенде алты ай мерзімі ішінде өкілетті органда қаралады [2] .

Қаржылық қадағалау агенттігі банк ашуға рұқсат беру өтініштердің есебін жүргізеді.

Екінші кезеңде жаңадан құралатын банк Қаржылық қадағалау агенттігі рұқсат берген күннен бастап, бір ай ішінде ҚР Әділет Министрлігінде банк мемлекеттік тіркеуге алынады. Оған, Қаржылық қадағалау агенттігінің банк ашуға берген рұқсатын және оның келісімімен расталған құрылтайшылық құжаттарын тапсырады.

Үшінші кезеңде банктік операцияларын жүзеге асыру үшін Қаржылық қадағалау агенттігінен лицензия алады. Лицензия алу үшін мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап, бір жылға дейін мыналарды орындауға тиіс:

  • ұйымдастырушылық-техникалық шаралардыорындау, оның ішінде: Ұлттық банктің нормативтік талаптарына сәйкес бөлмелерді және құрал-жабдықтарды дайындау, тиісті біліктілігі бар қызметкерлерді қабылдау;
  • жарияланған жарғылық капиталды төлеу.

Лицензия алуға өтінішпен бірге жоғарыда аталған талаптарды орындағандығын растайтын құжатты беруге тиіс. Өтінішті берген уақыттан бастап, бір ай ішінде Қаржылық қадағалау агенттігі қарайды. Лицензияның мерзімі шектелмейді және онда банктің жүргізетін барлық операциялар тізімі көрсетіледі.

Банктер бағалы қағаздар нарығында басқа да кәсіби қызмет түрлерін жүзеге асыра алады. Оларға мыналар жатады:

  • брокерлік - мемлекеттің бағалы қағаздарымен;
  • дилерлік - мемлекеттің және өзге де бағалы қағаздармен;
  • кастодиандық;
  • клирингтік.

Осы аталған қызмет түрлеріне Қаржылық қадағалау агенттігінен жекелеген және кешенді (бірнеше қызметке) лицензиялар беріледі.

Сонымен қатар, ҚР-ғы екінші деңгейдегі банктер өз қызметін жүзеге асыру барысында филиалдарын, өкілдіктерін, жинақ-кассаларын, сондай-ақ еншілес банктерін аша алады.

Банктің филиалы - филиал туралы ережеде немесе лицензияда көрсетілетін банктік операцияларды жүзеге асыруға құқылы және өзінің дербес бухгалтерлік балансы бар, заңды тұлға болып табылмайтын банктік мекеме.

Заңға сәйкес, банктер өздерінің филиалын ашу үшін Қаржылық қадағалау агенттігінiң келісімін алуға тиіс. Ол үшін мынадай құжаттарды тапсырады:

  • филиал ашуға рұқсат алу өтініші;
  • банк операцияларының тізімі көрсетілген банк филиалы туралы ереже;
  • бірінші жетекші және бас бухгалтер қызметіне кандидаттар туралы мәліметтер.

Шетелдік банктердің ҚР аумағында филиалдарын ашуға заңмен тиым салынады.

Банктің өкілдігі - банктік операцияларды жүзеге асырмайтын, яғни банктің тапсырмасымен және оның атынан әрекет ететін банктің орналасқан жерінен тыс орналасқан, заңды тұлға болып табылмайтын банктің құрылымдық бөлімшесі.

Банк өкілдігі де Қаржылық қадағалау агенттігінің келісімімен ашалады. Шетелдік банктер өкілдіктерін ашу үшін мынадай құжаттарын тапсырады:

  • өкілдік ашуға рұқсат алу өтініші;
  • өтініш жасаушы банктің құрылтайшылық құжаттары;
  • ҚР аумағында өкілдік ашу туралы өтініш жасаушы банктің шешімі;
  • өтініш жасаушы банктің банктік қызметті жүргізуге арналған лицензиясының барлығын растайтын сол мемлекеттегі банктік қадағалау органының жазбаша расталымы;
  • аудиторлық ұйым куәландырған өтініш жасаушы банктің соңғы қаржылық жылға жасалған жылдық есебі;
  • өтініш жасаушы банктің ҚР аумағында өкілдігін ашуға қарсы еместігін куәландыратын сол мемлекеттегі банктік қадағалау органының жазбаша хабарламасы;
  • өкілдікте жұмыс жасайтын қызметкерлердің саны және жетекшісі туралы мәліметтер.

Еншілес банк - жарғылық капиталдың елу пайыздан астамы бас банкке тиесілі және өзінің дербес бухгалтерлік балансы бар заңды тұлға.

Есеп айырысу-кассалық бөлімі (жинақ кассасы) - ҚР аумағында банктік операциялардың жекелеген түрлерін орындайтын, филиал немесе өкілеттік мәртебесі жоқ, заңды тұлға емес, ҚР Қаржылық қадағалау агенттігінің келісімі негізінде құрылатын бантің аумақтық бөлімшесі.

ҚР Қаржылық қадағалау агенттігінің екінші деңгейдегі банктерді ашуға берген рұқсаты мынадай негіздерге байланысты қайтарып алуы мүмкін:

  • банк тарпынан өз еркімен қайта құрылу немесе таралуы туралы шешім қабылдау;
  • банк қызметінің тоқтатылуы туралы сот шешімінің қабылдануы;
  • мемлекеттік тіркеуге алған күннен бастап, бір жыл ішінде банк қызметіне байланысты жалған мәліметтердің болуы;
  • мемлекеттік тіркеуге алған күннен бастап, бір жылдан астам уақытқа дейін банк операцияларын жүргізу лицензиясын алмаған жағдайда;
  • банк заңдылықтарында, сол сияқты жарғысында көрсетілмеген операцияларды жүзеге асыруы;
  • мемлекеттік тіркеуге алған күннен бастап, бір жылға дейін жарияланған жарғылық қордың сомасын төлемеуі7

Қазақстандық тәжірибеде басқа дамыған шетелдік тәжірибелер сияқты жарияланған жарғылық капиталдың төленген жарғылық төленген капиталдан айырмашылығы болады. Қазақстандағы банктік заңдарға сәйкес банкті тіркеуге алу үшін жарияланған жарғылық қордың 50 %-дан кем емес бөлігі акция, облигация, ақшалай қаражат, бағалы металдар немесе басқа да материалды бағалылықтар мен (ғимарат, техникалар, автокөлік) төленуге тиіс. Ал қалған сомасы, яғни 50 %-ға жуығы жыл бойына салынуға тиіс.

Жарияланған жарғылық қордың 50 %-ның ақшалай түрдегі сомасы сол банктің корреспонденттік шотына түсіріліп, ал материалдық бағалықтары бірлескен түрде бағалануына байланысты банкті құрушы акционерлердің жалпы жиналысындағы акті бойынша қабылданады [3] .

1. 2 Банк қызметін пруденциалдық реттеу ерекшеліктері

Қазақстан Республикасы екінші деңгейдегі банктердің қызметін реттеу механизмінің тәртібі ҚР Ұлттық банкінің екінші деңгейдегі банктердің қызметін реттеу және қадағалау бойынша нормативтік құқықтық актілермен анықталады.

1995 жылы 31 тамызда қабылданған “Банктер және банктік қызмет туралы” ҚР заңының 41-бабына сәйкес, ҚР Қаржылық қадағалау агенттігі екінші деңгейдегі банктердің қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында аталған банктердің қызметін реттеуді мынадай жолдармен жүзеге асырады:

- пруденциялық нормативтер белгілеу;

- банктердің орындауына міндетті нормативтік құқықтық актілер шығару;

- банктердің қызметін тексеру;

- банктің қаржылық жағдайын сауықтандыруға байланысты ұсыныстар беру;

- банктерге ықпал ететін шектеу шараларын қолдану;

- банктерге немесе олардың лауазымды тұлғаларына санкциялар беру.

ҚР Ұлттық банкі халықаралық банктік тәжірибеде қолданылатын пруденциялық нормативтер мен орындауға міндетті басқа да нормалар мен лимиттерді белгілеуге құқылы. Ол, сонымен қатар банктердің пруденциялық нормативтерді және орындауға міндетті басқа да нормалар мен міндеттерді бұзғаны үшін жауапкершілікті белгілейді.

Қойылған талаптарға банктің қаржылық жағдайының сәйкестігі туралы мәселені шешу мақсатында ҚР Ұлттық банкі белгілі мөлшерде банктің капиталының көлемін анықтауға құқылы.

Пруденциялық нормативтер немесе орындауға міндетті басқа да нормалар мен лимиттердің нормативтік белгілері мен есептеу әдістемесін, белгіленген күнге банктің капиталының көлемін, ашық валюта позициясының лимиттерін және оларды есептеу тәртібін, резервтік талаптар нормасын және оларды есептеу әдісін, есеп берудің сәйкес формалары мен оны тапсыру мерзімін Ұлттық банк белгілейді.

Банктік қызметті жүзеге асырумен байланысты шығындарды табу мақсатында банктер резервтік қор құруға міндетті. Резервтік қорлар банктердің дивиденттерді төлеуге дейінгі табысының есебінен құрылады. Банктер резервтік қорларының көлемін ҚР Ұлттық банкі белгілейді.

Банктер жүргізетін операцияларының түрлері мен көлеміне байланысты өздерінің қызметінің сенімділігіне бақылауды қамтамасыз ету үшін олар Қазақстан Республикасындағы банктер туралы заңға сәйкес, ҚР Ұлттық банкі бекіткен тәртіпте күмәнді және үмітсіз қарыздарға қарсы арнайы провизиялар құру арқылы берілген несиелер мен басқа да активтерді жіктеуге міндетті.

Банк қызметін реттеу шараларының ішіндегі ең маңыздысы пруденциялық нормативтер. 2005 жылы 30 қыркүйектегі Қаржылық қадағалау агенттігінің Басқармасының № 358 қаулысымен бекітілген “Екінші деңгейдегі банктерге арналған пруденциялық нормативтерді есептеу әдістемесі және нормативтік мәндері туралы” нұсқаулыққа енгізілген өзгерістер мен толықтыруларға сәйкес оларға мыналар жатады:

  • жарғылық қордың ең төменгі мөлшері;
  • меншікті қаражаттардың жеткілікті коэффициенті;
  • бір қарыз алушыға келетін тәуекелдің ең жоғары мөлшері;
  • өтімділік коэффициенті;
  • ашық валюталық позиция лимиті;
  • негізгі қорларға және басқа қаржылай емес активтерге жұмсалынған банк инвестициясының ең жоғары мөлшерінің коэффициенті;
  • ҚР-ның бейрезиденттерінің алдындағы міндеттемелерге қатысты банктердің капиталдануы.
  1. Банктің жарғылық капиталының ең төменгі мөлшері

Банктің жарғылық капиталының ең төменгі мөлшерін Ұлттық банк Басқармасы бекітеді. Банк акционерлерден өзінің акцияларын номиналдық бағадан төменгі деңгейде ғана, сондай-ақ ондай сатып алу кез келген пруденициялық нормативтер мен орындауға міндетті басқа да нормалар және лимиттерді бұзбаған жағдайда ғана сатып ала алады.

Банктің жарғылық капиталының ең аз мөлшері мынадай тәртіппен белгіленеді:
жаңадан құрылатын банктер үшін 5 000 000 000 (бес миллиард) теңге мөлшерде;
тұрғын үй құрылыс жинақ банктері үшін 3 000 000 000 (үш миллиард) теңге мөлшерде.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Банктік қадағалау түрлері
Несие жүйесі
ВАЛЮТАЛЫҚ ЖҮЙЕ ЖӘНЕ ВАЛЮТАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАРДЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ МӘНІ МЕН МАҢЫЗЫ
ҚР ҚАРЖЫЛЫҚ ҚАДАҒАЛАУ АГЕНТТІГІНІҢ ҚАРЖЫ НАРЫҒЫНДАҒЫ ҚЫЗМЕТІН ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ
Шағын кәсіпкерлікті қалыптастырудың теориялық негіздері және оны несиелеу қажеттігі
Қазақстан Республикасының инвестициялық климаты
Қазақстандағы екінші деңгейлі банктердің шағын кәсіпкерлікті дамыту үшін қаржылық қолдау көрсету
Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың құқықтық аспектілері
Қазақстанн Республикасының коммерциялық банктерінің өтімділігі мен бәсекеге қабілеттілігін талдау мен бағалау
Шағын бизнесті несиелеудің әлемдік тәжірибесі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz