Қазақстан Республикасында коммерциялық банктердегі қаржылық менеджменттің мәні мен маңызын анықтау


Пән: Банк ісі
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 86 бет
Таңдаулыға:   

АНДАТПА

Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Банк жүйесі - нарықтық экономиканың ең маңызды бөлінбейтін құрамдас құрылымдарының бірі. Банктердің, тауарлық өндірістің және ақша айналымының дамуы - тарихи бірге жүретін және тығыз байланыста болатын көрініс. Сондықтан, банктегі қаржылық менджменттің тиімділігі ел экономикасының дамуын қамтамасыз ететін маңыздылығында болып табылады.

Дипломдық жұмыстың мақсаты. Дипломдық жұмыстың мақсаты Қазақстан Республикасында коммерциялық банктердегі қаржылық менеджменттің мәні мен маңызын анықтау, банктің қызмет көрсету жағдайын талдау, банктегі қаржылық менеджменттің стратегиялық бағыттарын анықтау болып табылады.

Жұмыстың негізгі міндеттері. Дипломдық жұмыстың мақсатына сәйкес келесі міндеттер қойылған:

  • банктің қаржылық менеджментінің теориялық негіздерін қарастыру;
  • банктің қаржылық менеджментінің құрылымын анықтау
  • банктің қаржылық жағдайын талдау;
  • банктегі қаржылық менеджмент стратегиясын анықтау.

Зерттеу жұмысының құрылымы. Дипломдық жұмыс кіріспеден, үш бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімі мен қосымшалардан тұрады. Дипломдық жұмыстың мәтіні компьютерде терілген 78 бетті қамтыған.

АННОТАЦИЯ

Актуальность дипломной работы: В дипломной работе рассмотрены и решены следующие обязанности:

  1. давать советы по улучшению финансового менеджмента, исследование смысла и содержания менеджмента в экономике;
  2. финансовый менеджмент: подготовка механизма обеспечения и система показателей выгоды управлением;
  3. провести анализ на тему финансовый менеджмент банков второго уровня в РК;
  4. определение путей решения проблем возникших при улучшении финансового менеджмента в Республике Казахстан.

Цель дипломной работы - рассмотрение улучшений состояния финансового менеджмента в сфере банков в РК. Давать разную информацию о банковской системе Республики Казахстан, о его стадиях развития, рассмотрение принципов, рассмотрение путей решения и задач исследования нынешней финансовой системы.

Объект исследования дипломной работы - с мысл и роль финансового менеджмента в банковской системе.

Дипломная работа состоит из введения, трех главных частей, итог и список использованной литературы и дополнительных частей.

THE SUMMARY

Thesis urgency. In thesis examines and solved the following responsibilities:

  1. to give advise for an improvement in control of financial management, study of sense and maintenance of banking system in the economy;
  2. the financial management: the preparation of the mechanism of guarantee and the system of the indices of benefit by the administration of managemant by experiment the criterion also of purposes, methods;
  3. to analyze on the theme the auditorial activity of financial management in Republic of Kazakhstan;
  4. financial management of the methods of solution of the problems of those arisen with an improvement in the banking systems in the Republic of Kazakhstan.

The thesis purpose - to examine improvement the financial management in the sphere of operation in and Republic of Kazakhstan To give different information about the financial system of Republic of Kazakhstan, about its stages of development, the examination of the ways of solution.

Object of research of the thesis - sense and the role of financial management in the bank system.

The thesis consists of the introduction, three basic departments, the conclusion, the list of references.

Мазмұны

Кіріспе . . .
9
Кіріспе . . .: 1 Коммерциялық банкті басқару жүйесіндегі қаржылық менеджменттің теориялық негіздері . . .
9: 11
Кіріспе . . .: 1. 1 Коммерциялық банктегі қаржы менеджменттің экономикалық маңызы және ролі . . .
9: 11
Кіріспе . . .: 1. 2 Банк қаржысын басқару жүйесінің құрылымы . . .
9: 18
Кіріспе . . .: 2 Коммерциялық банктің қызмет ету деңгейін талдау . . .
9: 26
Кіріспе . . .: 2. 1Қазақстандағы коммерциялық банктердің нарықтағы жағдайын талдау . . .
9: 26
Кіріспе . . .: 2. 2 Коммерциялық банктің қаржылық жағдайын талдау . . .
9: 35
Кіріспе . . .: 3 Коммерциялық банкте қаржы менеджментін жетілдіру жолдары және мәселесі . . .
9: 51
Кіріспе . . .:

3. 1 Коммерциялық банктің қаржы тұрақтылығын басқаруды жетілдіру жолдары . . .

3. 2 Стратегиялық банк менеджментін ұйымдастыру . . .

3. 3 Коммерциялық банктердегі қаржы менеджментін жетілдіру жолдары . . .

9:

51

60

66

Кіріспе . . .: Қорытынды . . .
9: 71
Кіріспе . . .: Әдебиеттер тізімі . . .
9: 73
Кіріспе . . .:

А қосымшасы . . .

Ә қосымшасы . . .

Б қосымшасы . . .

9:

75

76

77


Кіріспе

Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Банк жүйесі - нарықтық экономиканың ең маңызды бөлінбейтін құрамдас құрылымдарының бірі. Банктердің, тауарлық өндірістің және ақша айналымының дамуы - тарихи бірге жүретін және тығыз байланыста болатын көрініс. Сондықтан, банктегі қаржылық менджменттің тиімділігі ел экономикасының дамуын қамтамасыз ететін маңыздылығында болып табылады.

Банктің басты қызметі - елдегі ақша құралдарын жиыстыру және оларды тиімді түрде қайта бөлу, яғни салымшылар мен қарызшылар арасындағы делдалдық. Сонымен бірге банктер ел экономикасындағы ақша айналымының барлық құралдарының негізгі бөлігін қамтамасыз етеді, яғни қаржыларды игеру арқылы елдің қаржылық жағдайына ықпал жасайды. Банктер елдегі ақша ағымын тікелей өздері құрамдамағанмен, өз функцияларының көмегімен өнеркәсіпке, саудаға, банктік емес қаржылық салаға, мемлекеттік және халықтық, солардың ақша ағымдары арқылы нарықтық экономика мен әлемдік шарушылық байланыстар жүйесіне араласуға ат салысады.

Банктің қаржылық менеджменті банктің белсенділігін қамтамасыз етуге бағытталады және банктік жұмыстағы ең бастысы. Себебі, банктің қайта бөлуге бағытталатын ақша ресурстарының басым бөлігі (орташа 80-85℅) - қоғамдыкі, яғни банктен тыс субъектілерден тартылған қаржылар. Сондықтан, қоғам ақша қаржысын сеніп тапсырған коммерциялық банктердің қаржылық белсенді болуын сәйкес заңдар мен нормативті актілер арқылы қамтамасыз ететін - Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі. Болашақ маман ретінде осы көзқарас бойынша мәселенің маңыздылығының деңгейі дипломдық жұмысымның тақырыбына бірден-бір арқау болды.

Банктің қызметі ұдайы өзгеріп отыратын жалпы экономикалық және әлеуметтік-саяси жайлардың, қаржылық нарықтағы жағдайлардың өзгерістерінің барысында жүргізіледі. Сәйкесінше, бұл құбылыстар банктың жалпы экономикалық белсенділігіне әр түрлі әсер етуі мүмкін.

Сол себепті, банктегі қаржылық менджменттің негізгі бағыты банктің қаржылық тұрақтылығы мен дамыту шараларына жұмылдырылуы керек.

Дипломдық жұмыстың мақсаты. Дипломдық жұмыстың мақсаты Қазақстан Республикасында коммерциялық банктердегі қаржылық менеджменттің мәні мен маңызын анықтау, банктің қызмет көрсету жағдайын талдау, банктегі қаржылық менеджменттің стратегиялық бағыттарын анықтау болып табылады.

Жұмыстың негізгі міндеттері. Дипломдық жұмыстың мақсатына сәйкес келесі міндеттер қойылған:

  • банктің қаржылық менеджментінің теориялық негіздерін қарастыру;
  • банктің қаржылық менеджментінің құрылымын анықтау
  • банктің қаржылық жағдайын талдау;
  • банктегі қаржылық менеджмент стратегиясын анықтау.

Жұмыстың теориялық-әдістемелік негізі ретінде банк қызметін реттейтін Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің заң және нормативтік-құқықтық актілері алынды. Зерттеу жұмысында қазақстандық және шетелдік ғалымдардың еңбектері пайдаланылды. Жұмыс кезінде жалпы және салыстырмалы статистикалық зерттеу тәсілдері қолданылды.

Жұмыстың практикалық негізі Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкісінің нормативтік және қаржылық құжаттары, Қазақстан Республикасы статистикасы бойынша Агенттіктің статистикалық материалдары, қаржы ұйымдары мен қаржы нарықтарын бақылау мен реттеу жөніндегі Қазақстан Республикасының Агенттігінің статистикалық мәліметтері, «ТұранӘлемБанк» акционерлік қоғамының қаржылық құжаттары болып табылады.

Диплом жұмысының ғылыми жаңалығына мыналар жатады:

- нақты процестерді ашу;

- қаржыны басқаруды түсіну;

- оң және теріс жағына көз жеткізу;

- туындайтын мәселелердің себептерін және оларды шешу жолдарын іздеу мүмкіндіктерін жетілдіру.

Зерттеу жұмысының құрылымы. Дипломдық жұмыс кіріспеден, үш бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімі мен қосымшалардан тұрады.

Бірінші бөлімде коммерциялық банкті басқару жүйесіндегі қаржылық менеджменттің теориялық негіздері, коммерциялық банктегі қаржы менеджменттің экономикалық маңызы және ролі, банк қаржысын басқару жүйесінің құрылымы қарастырылды.

Екінші бөлімде коммерциялық банктің қызмет ету деңгейін талдау, Қазақстандағы коммерциялық банктердің нарықтағы жағдайына талдау, коммерциялық банктің қаржылық жағдайына талдау жасалды.

Үшінші бөлімде коммерциялық банкте қаржы менеджментін жетілдіру жолдары және мәселесі, коммерциялық банктің қаржы тұрақтылығын басқарудың жетілдіру жолдары мен стратегиялық банк менеджментін ұйымдастыру қарастырылды.

1 Коммерциялық банкті басқару жүйесіндегі қаржылық менеджменттің теориялық негіздері

1. 1 Коммерциялық банктегі қаржы менеджменттің экономикалық маңызы және ролі

Банк қызметіндегі менеджмент екі бөліктен тұрады:

  • банктегі қаржылық менеджмент;
  • банктегі қызметкерлерді басқару.

Банктегі қаржы менеджменті - бұл банктегі ақшалай ресурстарды басқарумен байланысты сипатталады. Қаржылық менеджментінің ғылым ретінде ХХ ғасырдың ортасында қалыптасты. Бұл ғылымның негізгі өзегіне «Қоржын теориясы» мен «Капитал құрылымы теориясын» жатқызуға болады. Қоржын теориясының негізін қалаушы экономика бойынша Нобель силығының лауреаты Гарри Марковиц болды және ол өзінің 1952 жылы жазған «Қоржынды таңдау» деген еңбегінде осы тұжырымдаманың негізгі қағидаттарын жасады. Қаржылық менеджменттің осы бір маңызды теориялық тұжырымдамасының негізіне инвестициялық қоржынды құру барысындағы статистикалық талдаудың әдістемелігі мен тәуекел және табыстылық деңгейінің шекті қатынасын ықшамдау қағидаттары жатады. Оның теориясын сәйкес, активтердің жиынтық тәуекелін тәуекелді активтерді бір қоржынға біріктіру арқылы төмендетуге болатындығы айтылады, яғни несиелерді - несиелік қоржынға, бағалы қағаздарды бұл инвестициялық қоржынға, мерзімді валюталық нарықтың құралдарын - валюталық қоржынға біріктіруді көздейді. Банк менеджерлері үшін бұл жерде екі нәрсе маңызды: біріншіден, инвесторларға қатысты тәуекелді төмендету үшін барлық тәуекелді активтерді қоржынға біріктіру; екіншіден әрбір жеклеген активтер бойынша тәуекелдің деңгейін жалпы қоржынғе шаға отырып өлшеуге болатындығы. Осы теориялық тұжырымдама негізінде, қоржын тиімділігі деген ұғымның критерийлеріне тоқталсақ, ол күтілетін кез келген нарықтық тәуекел жағдайында табыстың қамтамасыз етілуі және күтілетін кез келген табыс деңгейінде тәуекелді барынша төмендетуді көрсетеді. Іс-жүзінде аталған теория тәуекелді активтердің ықшамды қоржынын қалыптастыру тәсілдерін анықтап бере алды.

Екінші теориялық тұжырымдама Капитал құрылымының теориясы. 1958 жылы бұл теорияның негізін қалаушылар Франко Модильян мен Мертон Миллер болды. Олар өздерінің бірқатар еңбектерін, соның ішінде «Капиталдың құны, корпоративтік қаржылар және инвестиция теориясы» атты жұмыстарын капитал құрылымын ықшамдауға арнады. Осы теорияға байланысты кез келген фирма немесе банк өзінің ықшамды капитал құрылымына ие болуға тиіс, яғни ол фирманың не банктің меншікті және тартылған қаражаттарының шекті қатынасы оның нарықтық құнынына ықпал етуге тиіс. Капиталдық құрылымын ықшамдаудың критерийіне акциялардың бағамдық бағасымен бейнеленетін банктің нарықтық құнын арттыру жатады. Бұл теория банктің капиталының ықшамды құрылымын бағалауға мүмкіндік береді. Мұндағы банктің капиталы деп оның меншікті және тартылған қаражаттары түсіндіріледі.

Келесі теориялық тұжырымдамаға Агенттік қатынастар теориясын жатқызуға болады. Бұл тұжырымдаманың авторларына американдық зерттеушілер Майкл Дженсен мен Ульям Меклинг жатады. Олар 1976 жылы «Фирманың теориясы: басқарушылық мінез-құлқы, агенттік шығындар және меншік иелерінің құрамы» деген еңбектерінде акционерлер мен менеджерлердің, сондай-ақ акционерлер мен кредиторлардың арасындағы өзара қарым-қатынас заңдылықтарын ашады. Акционерлер мен менеджерлер арасында олардың мүдделеріне байланысты теке-тірестердің болу мүмкіндігін айтады. Себебі, акционерлер үшін басты мақсат бұл акцияның құнын көтеру арқылы фирманың немесе банктің нарықтық құнын арттыру, сол арқылы дивидендтердің мөлшерін ұлғайту болса, ал менеджерлер үшін ең бастысы фирманың немесе банктің мөлшерін өсіру, билікті арттыру, мәртебені және айлықты өсіру болып табылады.

Осындай теке-тірестерді болдырмау үшін менеджерлерді ынталандыратын, шектейтін және жауапқа тартатын жүйені жасау қажет, және ол өз кезегінде агенттік шығындардың болуын қажет етеді. Сол арқылы менеджерлер қызметін материалдық ынталандыра отырып, оның тиімділігіне қол жеткізуге болатындығын айтады.

Өзге агенттік теке-тірес бұл акционерлер мен кредиторлар арасында болуы мүмкін. Ол егер акционерлер менеджер арқылы фирманың немесе банктің құнының өсуін талап етсе, онда мұндай жағдайда кредиторлардың мүддесі аяққа тапталады. Мысалы акционерлер менеджерлерге біршама тәуекелді жобаларды жүзге асыруға итермелеп, бірақ кредиторларға беретін пайыз мөлшерлемелерін көтеруге қарсы болуы мүмкін. Мұндай жағдайда бір жағынан менеджерлер акционерлердің, екінші жағынан кредиторлардың агенті болу арқылы ғана қаржы ресурстарының иелері арасында балансты ұстай алады.

Банктегі қаржы менеджментінің теорияларының біріне өтімділікті басқару теориясы жатады. Өтімділікті басқару теориясы іс-жүзінде коммерциялық банктерді пайда болуымен және дамуымен бірге пайда болған. Бастапқыда банк өтімділігіне қатысты екі көзқарас қалыптасады. Бірінші көзқарас бойынша активтердің құрылымы өздерінің мерзімдеріне қарай пассивтердің құрылымына сәйкес келу қажет болды. Сонымен қатар бұл өз кезегінде банктердің өтімділік үшін белсенді саясат жүргізуге тиістігін талап етті. Осы бір теориялық тұжырым негізінде банктің қаржылық талаптарының мерзімдері мен шамасы бойынша, оның міндеттемелерінің мерзімдері мен өлшемдеріне сәйкес болуы қажет деген «банктің алтын ережесі» қалыптасты.

Екінші көзқарас бұл банктің балансының активтері мен пассивтерінің шынымен сәйкес келмейтіндігін тұжырымдады. Бұл көзқарас бойынша кез келген ірі коммерциялық банк қаржы-несие құбылыстарының салдарынан сақтандырылмаған, нақтырақ айтқанда экономикалық дағдарыстардан, банкроттықтан, ссудалар бойынша төлемсіздіктен, несие нарығындағы сұраныс пен ұсыныс конъюнктураларынан және өзге де теңгерімсіз нарықтық қатынастардан.

Қазіргі кезде банк активтерін басқару үш әдістемелік бағытқа негізделген.

Біріншісі - коммерциялық банк өтімділігін сақтай алады, егер оның активтері қысқа мерзімге орналастырылып, сондай-ақ олар уақтылы қайтарылатын болса.

Екіншісі - коммерциялық банк өтімді болуы мүмкін, егер ол өзінің активтерін қолма-қол ақшаларға өзге кредиторлар мен инвесторларға сата алса.

Үшінші - коммерциялық банктің өтімділігін жоспарлауға болады, егер де несиені қайтару кестесін қарыз алушының болашақтағы табысы негізінде құраса.

Осы үш әдістемелік бағытқа активтерді басқарудың үш теориясы сәйкес келеді: коммерциялық ссудалар, ауысымдылық және күтілетін табыс теориялары.

Бастапқы үш теория банктің активін басқарумен тікелей байланысты. Коммерциялық ссудалар теориясының түбірі XVIII ғасырдағы ағылшынның банктік тәжірибесімен байланысты болды. Коммерциялық ссудалар теориясы негізінде банктердің өтімділігін басқару туралы көзқарасты А. Смиттің еңбегінде былай деп береді: «Банк вексель үшін төлемді қарыз алушының қарыз берушіге берген векселін есепке алу кезінде төлейді, кейіннен вексельдегі мерзімнің өтуіне қарай қарыз алушы банкке пайдаланған сомасы мен оған есептелетін пайызын қайтаруға тиіс».

Бұл теорияны жақтаушылардың пікірінше коммерциялық банк өзінің өтімділігін сақтауы үшін ол өзінің активтерін өз уақытында қайтарылатын қысқа мерзімді ссудаларға орналастыруға тиісті. Басқаша айтқанда, банктер тауарлардың өндірушіден тұтынушығы дейінгі қозғалысын қаржыландыруға тиіс деп түсінген. Бұл көзқарас бүгінгі күнгі банктердің тауарлар қорларын немесе айналым қаражаттарын толықтыруға беретін қысқа мерзімдік несиелерін сипаттайды. Аталған теорияның жақтаушылары банктердің сол уақыттардағы даму тарихында, олардың бағалы қағаздарға қаражат салуына, жылжымайтын мүлікті немесе тұтыну тауарларын несиелеуге, ауыл шаруашылығына ұзақ мерзімді несие беруге болмайтындығын айтады.

Коммерциялық ссудалар теориясы АҚШ-та 30 жылдардың аяғына дейін жетекші орын алды. Аталған теорияның негізгі қағидаттары АҚШ-тың ертедегі банктік заңдылықтарында жазылып, олар ФРЖ-нің мүше банктердің вексельдерді қайта есепке алуға қатысты көрініс тапты. Бұл жерде есепке алынатын коммерциялық және ауыл шаруашылық вексельдер, біріншіден, стандартты ауыл шаруашылық немесе өзге де тауарлармен, материалдық құндылықтармен қамтамасыз етілуге тиіс, екіншіден, олардың мерзімдері 90 күннен аспауы тиіс. Бірақ та коммерциялық ссудалар теориясы, өзінің кемшіліктеріне қарамай бүгінгі күні де өз мағынасын жоғалтқан жоқ. Оның себебі, негізгі құралы коммерциялық вексель болып келетін өтімділікті басқару теориясы бүгінгі күні ауысымдылық теориясымен байланыс табуда.

Ауысымдылық теориясының жақтастарының пікірлері бойынша банк өтімді бола алады, егер оның активін басқа кредиторларға немесе инвесторларға сатса. Егер несиелер мерзімінде қайтарылмаса, онда ссудаларды қамтамасыз етуге берілген тауарлы-материалды құндылықтар нарықта қолма-қол ақшаларға сатылуы мүмкін, сондай-ақ қаражат қажет болған жағдайда Орталық банк қайта есепке алу арқылы банктерді қайта қаржыландыруы мүмкін. Демек жекелеген коммерциялық банк өзінің өтімді қаржаттарға деген қажеттілігін қамтамасыз етуі үшін үнемі сатып жіберетін активтерін ұстауы тиіс. Сонымен бірге банк жүйесі өтімді болуы үшін, орталық банк банктердің қайта есепке алуға ұсынатын активтерін сатып алуы тиіс.

Ауысымдылық теорияның мәні банк өзінің қысқа мерзімді ресурстары мен талап етілетін міндеттемелері есебінен ұзақ мерзімді активтік операцияларды жүзеге асыруы мүмкін. Мұндай активтік операциялар банкке коммерциялық вексельдерді немесе қазынашылық вексельдерді, облигацияларды және өзге де бағалы қағаздарды сатып алуға мүмкіндік жасайды. Қысқаша айтқанда аталған теория банктің активтік операцияларында жоғары сапалы бағалы қағаздардың болуын және сол бағалы қағаздар нарығының дұрыс қызмет етуін талап етеді.

Күтілетін табыстар теориясына сәйкес банктің өтімділігін қарыз алушылардың болашақтағы табыстарынан түсетін несиені қайтару кестесіне негіздей отырып жоспарлауға болады. Бұл жерде банк өтімділігін басқаруда несиені қамтамасыз ету құралына сенгеннен гөрі, қарыз алушылардың несиені қайтаруынан түсетін табыстың пайдасы жоғары. Сонымен қатар банктер әр түрлі өтелім мерзімі бар бағалы қағаздарды таңдап ала отырып, олардан түсетін табысты да болжай алады. Аталған теория банктің өтімділігіне несиелер мен инвестициялардың өтелу мерзімдері бойынша құрылымын өзгерту арқылы ықпал етуге болатындығын куәландырады. Бұл негізінен қысқа мерзімді ссудалардың ұзақ мерзімді ссудаларға қарағанда, немесе тұтыну несиелердің ипотекалық несиелерге қарағанда біршама өтімді екендігін көрсетеді.

Бұл теория қазіргі кездегі несиенің жекелеген түрлерінің, соның ішінде фирмаларға берілетін қысқа мерзімді несиелердің, тұтыну несиелерінің, жылжымайтын мүлікті кепілге алып берілетін несиелердің дамып отырғандығы мойындайды. Мұндай несиелердің ортақ қасиеті, олар банктің өтімділігін арттырады. Себебі, әр ай сайын негізгі қарыз бен оған есептелетін пайыз ретінде қайтарылатын төлемдерге ие банктің несиелік қоржыны біршама өтімді және олардан түсетін қолма-қол ақшалардың түсімін оңай жоспарлауға болады. Түскен ақшалай қаражаттарды пайдалануға немесе банк өтімділігін қолдау мақсатында әрі қарай инвестициялауға болады.

Бұл теорияның да өзіндік кемшілігі бар, яғни банк өзінің активтерін мерзіміне өзгертетін болса, кейде оның пайыздық табыстары бойынша болжамы тура болмай шығып, ондай жағдайда банк зиян шегуі мүмкін.

Пассивтерді басқару теориясы 60 жылдары АҚШ-та пайда болды. Оның жақтаушыларының көзқарастарынша банктер өтімділік мәселелерін нарықтан қосымша қаражаттар тарту арқылы шешуге болатындағын айтады. Осы теорияны әуелде ірі қаржы орталықтарының жетекші банктері қолдаса қазіргі кезде, оны пайдалануы банктер саны артып отыр. Олардың қатарында біздің отандық банктерімізде баршылық.

Пассивті басқару теориясы негізінен банктердің салымшылардын және өзге кредиторлардан қосымша қаражаттарды тарту арқылы өздерінің өтімділіктерін сақтау операцияларын сипаттайды. Нақтырақ айтсақ, пассивтерді басқару бұл тартылған қаражаттар құрылымын өзгерту жолымен өтімді қаражаттарға деген қажеттілігін қанағаттандыру шараларын білдіреді.

Жеке және заңды тұлғалар банктерге өздерінің қаражаттарын сақтауға тырысады, себебі банктер олардың сақталуын, табыстылығын және кез келген уақытта қолжетімділігін қамтамасыз етеді.

Сырттан қаражаттарды тартуда банктер белгілі бір тәуекелге барады. Сол тәуекелді банктің пассивін басқаруда ескеруі қажет. Сонымен қатар пассивтерді басқаруда тартылған ресурстарға жұмсалатын шығыстар мен оларды орналастырудан түсетін табыстардың ара қатынасын ескеруге тиіс.

Банктер пассивтерін басқару арқылы өтімділігін сақтауда займдарға көбірек көңіл бөлуде. Соның ішінде отандық банктер бүгінгі күні шетелден қарыз тартумен әуестенуде. Көбіне олар шетелдік нарықтарға өздерінің бағалы қағаздарын орналастыруды және несие алуды кәсіпке айналдырған.

Сонымен қатар банктер Орталық банктерден немесе банк-корреспонденттерден несие алу арқылы өздерін өтімділігін қолдай алады. Әрине соңғылары банктер үшін қымбат қаражат көздерін сипаттайды. Сондай-ақ ондай қаражаттарды алуға барлық банктердің шамалары келмейді. Ұсақ банктер көбіне ірі банктерден қаражаттарды қарызға алады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Коммерциялық банктердегі қаржылық менеджментті жетілдіру
Банктік менеджмент, құрылымы және оның қазақстандағы қажеттілігі
Банктің несиелік ресурстарын қалыптастырудың теориялық негізі
Коммерциялық банк жүйесінің белсенділігін арттырудағы каржы менеджментінің экономикалық маңызы
Қазақстанда коммерциялық банк жүйесінің калыптасуындағы қаржы менеджментінің рөлі
Базалық банктік қызметтерді дамыту
Қаржылық менеджменттің эволюциясы
Банктік менеджменттің сипаты
Банк қаржысын басқару жүйесінің құрылымы
Банк қызметіндегі қаржылық менеджменттің ролі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz