Қожа Ахмет Яссауи (1093 1094-1166)



Пән: Тарихи тұлғалар
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 19 бет
Таңдаулыға:   


Қожа Ахмет Яссауи (10931094-1166).
Жоспар:

1. Ел оны Әзірет Сұлтан - дейді.
2. Диуани хикмет - даналық кітабы.
3. Құдайдың құлымын, Мұхаммедтің үмбетімін.
4. Яссауи мәдениетінің өкілдері.
Қорытынды.
Ел оны Әзірет Сұлтан деп атайды.

Түркі халықтарының орта ғасыр кезінде бір жола араб жазуына көшуі, өмірге
көптеген ғылыми дүішелерді алып келді. Сонымен қатар бұл кез шығыс әлемінде
сопылық ағымнын әсері күшейіп, бірте-бірте канатын кең жая түскен кез еді.
Бұл кезең Орта Азия мұсылмандары үшін де аса жауапты уақыт болатын. Осы
шақта елдің бірлігін, халыктың татулығын, адамгершілік пен имандылықты,
Алла тағала адалдықты көксеген, соны ту етіп, өз шығармаларына арқау еткен.
Ақын-шайырлар тобы тарих сахнасына шықты. Олардың ішінде ерекше талантымен
көзге түскендер хорезмдік Ахмет Үтінеки, Ахмет Яссауи, Сүлеймен Бақырғани
(Отырар өлкесінен) тағы да басқа көптеген сопылық өкілдер болды. Бұлардың
арасында асқан шеберлігімен, елге сыйлылығымен, кайырымдылық пен
мейірімділікті өміріне арқау етіп, бүкіл түркі жұртын татулыкка, тазалыққа
үндеген, қасиетті әулиесі атанған Қожа Ахмет Хазреті Сұлтан Яссауи еді.
Ахмет Яссауи жөнінде ел арасында көптеген аңыз әңгімелер тараған. Егерде,
тарихи деректерге жүгінсек, ақын ежелгі қала Исфиджабта (Сайрам) Ибраһим
бин Махмуд деген диханның әулетінде дүниеге келген. Әйтсе де, Ахметтің
әкесі діндар, құдай жолын ұстаған атақты шайкылардың бірі болған секілді.
Бұлай дейтін себебіміз, ақынның 149-хикметінде оның шыққан тегі туралы
төмендегі сыр шертеді:

... Ысқақ баба жұрыны, шейх Ибраһим Құлыны,
Машайықтар ұлығы — шейхым Ахмет Яссауи.
---------------------------------
Ясы оның арасы, жатыр гауһар парасы,
Машайыктар сарасы — шейхым Ахмед Яссауи.

Демек, Ахметтің тегін Бибіфатимадан тарататын халық аңызы шындык, олай
болса, Әзірет сұлтанның он бірінші атасы Ысқақ баб әулие болмақ.
Түрік ғалымы, доктор М. Көпрулу өзінің "Турк әдебиятыңда илк Мутасаввифлар"
атты кітабыңда Ахметтің әкесі Сайрамдағы Хазрет Әлидің әулеті Ибраһим атты
шейх екенін айтады. Осы пікірге орыс зерттеушісі М. Е. Массон да ден
қойғанмен, ол Қожа Ахметті түрік нәсілінен еді дейді.
Сопылық "мистикалық" ағымның түркі тілдес тармағының негізін қалаушы Қожа
Ахмет Яссауидың өмірбаяны жан-жақты. толық бізге белгілі емес. Өмірінің
кейбір деректері ғана жетіп отыр. Ол әлі ғылыми зерттеулерді, ізденістерді
қажет етеді. Ұлы бабамыздың туған күні мен жылы белгісіз.Бірақ Әбсаттар
Дербісалы қажының жазған деректеріне сүйенсек Қожа Ахмет Яссауи 1093 немесе
1094 жылы туған делінеді. Өлген жылы— 1166. Ер жеткен соң Түркістан (ол
кезде Ясы деп аталған) шаһарына келіп тұрады. Белгілі ғалым В. Бартольдтің
айтуыңда Түркістан VI ғасырдан XV гасырга дёйін Ясы деген атпен белгілі.
Ал, шығыстанушы ғалым Ә. Дербісәлі, қаланың әуелде Шауғар деп аталғанын,
кейінірек Ясы болып кеткенін айтады. Ахмет Яссауидің ержете келе
Түркістанға келуі дінге байланысты болса керек. Ақын өз өлеңдерінде
Түркістанға келгені жайында былайша баяңдайды:

... Он жетімде Түркістанда тұрдым, міне
Он сегізде Шілтеменеи шарап іштім,
Рузы қылды, Жәннат кезіп қорлар кұштым,
Хақ Мұстафа жүздерін көрдім, міне...

Ата-анасынан ерте айырылған ол атақты түркі шейхы Арыстан баб және Жүсіп
Хамадани деген шейхтардан тәлім-тәрбие, білім, бата алады. Білімін
Бұхарадан жалғастырады. Өзінің ұстазы кайтыс болған соң көп ұзамай туған
қаласына оқымысты адам, сопы ретінде қайтып оралады.
Кез келген ілімді танып білуде оны тудырған заман мен оны берген орта
зерттеу нысанасына айналуы тиіс. Осы тұрғыдан яссауитану ғылымы үшін
Арыстан Баб жөніндегі деректер аса құнды. Оларды жинау, талдау арқылы ұлы
ойшыл нәр алған рухани көздерді анықтауға жол ашылмақ. ғылыми әдебиетте
Арыстан Баб жайындағы мағлұматтар аз. К.Г.Залеман, Ә.Диваев, В.В.Бартольд,
М.Е.Массон, А.А.Семенов, Дж.Тримингэм, И.Меликов еңбектерінде Арыстан
Бабтың Қожа Ахмет Яссауиге ұстаздық еткені бір сөзбен ғана аталып өтеді.
Ә.Муминовтың пікірінше, Арыстан Баб Отырардағы мубайидийа ілімін ұстаушылар
кауымының рухани жетекшісі болған. Ал мубаййидийа бағыты сол кезден алдыңғы
қатарлы ілімдердің бірі болыпты. Оның негіздерінен ғулама ғалым Әбу Насыр
әл-Фараби де сусындағаны қазір далелденіп отыр. Арыстан Баб ислам дінінен
басқа отыз үш дін негіздерін білгені жөніндегі халық аңызының хабары оның
терең энциклопедиялық білім ие болғанын аңғартады.
Молла Муса Сайрамидің Тарих-и аминийа еңбегінде XVI ғасырдың ханы
Әбілғазы Убайдаллах куәландырған Арыстан Бабты Әзірет Әліден тарататын
шежіре келтіреді: Әлі-имам Мухаммед Ханафийа - Абд ал-Фаттах Баб - Абд ал-
Жаббар Баб - Абд ар-Рахман Баб -Абд ар-Рахим Баб - Абд ал-Жалил Баб -Абд ал-
Карим Баб - Ысқақ Баб- Исма'ил Баб-Омар Баб-Осман Баб-Ифтихар Баб-Махмуд
Баб-Илйас Баб-Арыстан Баб' .О.Муминов муны Арыстан бабтың ататегі деп
танымайды. Шығыстанушының пікірінше, бұл Отырардың бас әулиесіне
Мухаммедтің өсиеті, ілімі кімдер арқылы жеткенін көрсететін тізім
(силсила).
Арыстан Баб есімі Қожа Ахметтің Диуани Хикметінде жиі аталады. Өлең
жолдарынан Арыстан Бабтың ұстаздық қызметі айқын байқалады. Бірініні
хикметте Жеті жаста Арыстан Бабама бердім сәлем деп К-Ахметтің ұстазымен
алғаш кезіккен уақытын көрсетеді. Және бұл кездесу ақын өмірінде шешуші
болғанын екініні хикметтегі мына жолдар байқатады:
Жеті жасымда Арыстан Бабам іздеп таптым.
Көре сала пердемен бүркеп жаптым,
Биһамди-л-Лахи таныдым деп ізімді сүйді.
Сол себептен алпыс үште жерге кірдім
Тәрбие, оқудың кейбір қырларын Арыстан Бабам ислам дінін баян қылды2
(екініні хикмет), Мың бір зігар үйретіп, мейірбандық жасады (тоқсаныніны
хикмет) деген сөздерден танығандай боламыз.
Арыстан Бабам айтты, Арыстан Бабам сөздері естіңз, тәбәррәк3 деген
жолдар жиі қайталанатын тоқсаныніны хикмет Арыстан Баб өсиеттерінен тұрады
десе де болады. Оның бірініні бөлігі құдай жолына түскен шәкірттер қандай
болуы тиіс деген сауалға ұстаздың берген жауабы сияқты. Онда дүние мен
мансап үшін күтілетін жамандық пен қиянат атаулының бәрінен қаш деген уағыз
айтылып, талапкерге хақ жолынан айныма деген үндеу орын алған. Хикметте
кісі малын жейтіндерді, айла қылатындарды, иманын, дінін бергендерді
әшкерелейді, нысапшылдың, қанағт-рақым дәріптеледі.
Осыдан Арыстан Бабтың кейбір зерттеушілер жазғандай, әдеттегі сауат ашатын
мектеп дәрежесіндегі мұғалім емес екенін аңғаруға болады. Диуани Хикмет
бізге Арыстан Бабтың тәлім-тәрбиесінің мазмуны софылық, адамның рухани
жағынан жетілу жолы екенін көрсетіп тұр.
Арыстан Бабты кейбір аңыздарда Салман Парсы деп таныстырады. Бұл пікірдің
негізсіз екенін қолымызда бар материалдармен Арыстан Баб кесенесі жайындағы
зерттеуімізде көрсеткен болатынбыз. Әмір Темір аманаты деген тарихи
шығармада Салман Парсының
нурлы гулзарасы (ягни мазары) аталады да, оган Мада' ин (қазіргі ал-Мада'
ин қаласы) қазынасынан өз дәрежесінде күтіп тұру үшін қаражат (уақф)
белгіленгені жөнінде хабар бар. Бұл Салман Парсы кесенесінің Иракта
орналасқанының тағы бір дәлелі. Тоқсаныніны хикмет Арыстан Бабты
арабтардың ұлығы деп көрсетеді. Арыстан Баб ұрпағымыз деп санайтын
әулиенің байырғы шырақшылары Нарымбетов әулеті де өздерін арабтан тарататын
қожаларға жатқызады. Ал Салман Парсы ирандық (яки парсылық) болғаны
белгілі. Ол қазіргі жыл қайтаруымыз бойыніна шамамен 655-667 жылдары дүние
салыпты.
Арыстан Бабтың қабірі ежелгі Отырар қаласының маңында. Бұл түрік тілді
халықтардың ертеден қастерлеп келе жатқан орындарының бірі. Мысалы, Қиса
Алпамыста Байбөрі мен Аналықтың перзентке зар болып, әулие жерлерді
аралап, бала сүрауы темендегідей сүреттеледі:
Самарқанның қаласын
Самарқанда сансыз бап,
Ардақтап әбден арасын.
Жалықпай сүрап әркімнен,
Әр әулие намасын.
Бұқарға жол тартты,
Аллага тартып наласын.
Баһауәдин Нақиінбент
Зиярат қылды моласын.
... Түркістанда түмен бап,
Сайрамда бар сансыз бап,
Отырарда отыз бап.
Бабалардың бабын сүрасаң,
Ең үлкені Арыстан Баб.
Әулиелер иерархиясында Арыстан Бабтың ең басты, ең жоғарғы темкішекте
тұрғанын Байбөріге құдай бала берді деген қуанышты хабарды жеткізген Баба
түкті Шашты Әзіз сөзінен де аңғаруға болады:
Жам әулие жиналдық,
Бастығы болып Арыстан Баб,
Жабыла тілеп жыладың
Жарылқап берді Жаппар Хақ.

Арыстан Баб есімінің қазақ бақсылары үшін де қадірлі болғаны Әбубәкір
Диваевтің 1899 жылғы мақаласындағы материалдардан да белгілі болып тұр.
Осыған қарағандаг Арыстан Баб ислам мен көне түрікілердің ескі сенім-
нанымдарын түсіндіріп жақындастырған жоқ па? — деген жорамал туады. Осы
тұрғыдан алып қарағанда, Арыстан Баб кесенесіндегі қабірлердің орналасу
ерекшеліктері де назар аударарлық. Арыстан Баб жатқан бөлмеге кіре берісте
есіктің екі жағында көлемі жағынан шағын екі белгі көтерілген. Зиярат етіп
келгендерге бұлардың бірінде Лашын Баб, ал екінінісінде Қарға Баб жатыр деп
тусіндіреді. Алайда Лашын Баб пен Қарға Баб жайлы ешқандай әіңгме
айтылмайды. Осыған орай, Әзірет Сұлтан қорық-мұражайында сақтаулы тұрған,
осы жинақта жарияланып отырған Баян ауылдан келген зияратінының қолжазбасы
қызық. Онда Арыстан Баб дүние салған соң, оның моласына екі құс ұшып келіп,
қонады. Бірі - қарға, бірі - лашын делінеді. Көне тұрғаларде бұл екі құс -
қарға мен лашын киелі деп есептелген. Тұрға халықтарының шығу тегі
жайындағы көне аңыздарда Ашина елін (тұркілердің бабасын) жау шауып
кеткенде, жалғыз бала аман қалып, оған ру тотемдері көмекке келеді. Касқыр
баланы бауырына алып емізіп, аспан әлемінің емінісі - қарға ет әкеліп
береді. Көне шаманизм белгілері көп сақталған якут бақсылары да қарғаны пір
тұтады. Якуттердің ішінде кангалас руының тотемі қарға болған екен. Кейбір
деректерде огуздардың бегдили тайпасының пір тұтатын жануары ретінде қарға
аталады.
Казақ тілінде қарға сөзіне байланысты туған мақал-мәтелдер, тұрақты
тіркестер оның қасиетті құс болғанын аңғартады. Мысалы, біздің де
қолымызга қарға тышар, қарға тамырлы қазақ делінеді, ал қарғам-ау
деген сөз қарағым, қалқам деген ұғымда қолданылады. Ертеде қазақ қаніна
балаң бар деген сүраққа - пәлен қарға ұстап отырмыз деп жауап берген. Орта
жүздегі Қара-керей руының атауын қарғаға байланыстырады.
Қырандар тұрік тайпаларының тотемдері болған. Лашын сұңқар тектестер ішінде
ең қыраны да, атақтысы да болып саналады. Арыстан Бабтың есімі қазақ
бақсыларының өлеңдерінде аталуы, Арыстан Баб дүние салған соң түрікі
тайпаларының қасиетті құстарының ұшып келуі жөніндегі әңгімелер Х-ХІ
ғасырларда исламның шаманизмнің қабысу процесінің орнағанының айғагы.
Сырдың орта бойында интенсивті тұрде жүріп отырған сенім-нанымдар
синкретизмі Арыстан Баб тұлғасында кейін оның шәкірті негізін қалаған
яссауийа ұймінде орын алды.
Арыстан Баб Қожа Ахметтің рухани әкесі болды. Дж.Тримингәм жазғандай:
Яссауи дәстұрі таза тұріклік баөытта болды. Ол түрікі шайхы Арыстан Баб
дүние салғаніна оның қолында тәлім-тәрбие алды. Диуани Хикмет пен
Сулеймен Бақырғани өлеңдерінде және аңыз әңгімелерде Қожа Ахмет Яссауидің
ұстазы ретінде тек Арыстан Баб көрсетіліп, Хамаданидің аталмауы, бұқаралық
софының ұстаздығы женіндегі зерттеушілердің тұжырымын қайта тексеруді талап
етеді. Қалай болғанда да, Қожа Ахмет іліміне тән тұлғалық бағыттың
тамырлары түрікі тайпаларының мекені оның туған өлксі - Сыр бойында жатқаны
хақ.
Көптеген деректерде Ахмет Яссауи хижраның 562 жылында дүниеден өтті деп
көрсетіледі. Бірақ, Яссауидің: Сол себептен 63-те жерге кірдім дегені
-өлдім дегені емес. Қожа Ахмет сонау балалық кезінен бері пайғамбар
сүннатын орындап келген. Пайғамбар 63 жасында көз жұмғандықтан, Яссауи де
пайғамбар жасында жер астына кірген. Хонақтың (мешіттің ішкі бөлігі) бір
жағынан жер қазылды, қам қыштан жер астында бір құжыра құрылды, құжырада
лақат түрінде бір орын жасалды. Өмірін сол мәуетханада ғибадатпен,
адамдарға софыльқ жолды ұғындырумен өткізді.
Түрік галымы Мухаммад Фуат Кетрци Заданың Түрік әдебиетіндегі алғашқы
софылық ағым өкілдері деген үлкен еңбегінде сол құжыраньң бүгінгі заманға
шейін тіпті бұзылмай жеткені айтылған (кітаптың 1918 жылы жарық көргенін
еске алайық).
Бір кітапта Яссауидің Шейх Нәжімиддин Құбрамен замандас болғаны айтылады.
Кубра Хижраның 618 жылында қайтыс болғанын есепке алсақ және Ахметтің
туылған жылы Хижраның 499 жылы десек жоғарыдағы аңыздардың дұрыстығына
сенгің келеді.
Диуани хикмет сол Мәулітханада жазылған. 99 муриді одан рухани сабақ
алған.
Иассыда осы күнге дейін жұрт аузында жүрген сөздер мен Жауохир вл-
абрордағы аңызға қарағанда, Қожа Ахметтің Ибраһим атты ұлы көп ұзамай
шетінеген. Сондай-ақ Гвуһары Хушназ (кейбір кітаптарда Гауһры Хушнас,
Гәуһары Шәһназ делінген) есімді қызы болған.
Жалпы алғанда, шығыс пен батыс түрікілерінің арасында өздерін Яссауидің
нәсіліненбіз деп айтатындар барінылық. Қожа Хасан Нахибұл Шароф Бухоридің
Мазакири ахбоб шығармасының қолжазбасында Хижраның X ғасырында Самарқанда
тұрған, Абдуллаханның сарай ақыны Шәйх Зжриә Яссауидің әулетінен екені
айтылады. Хижраның XI ғасырындағы османдық мәшһур саяхатіны аулие Шалаби де
өзінің Яссауи нәсілінен екенін жазған. (Әулие Шалабидің 10 томдық
Саяхаттар кітабы Ыстамбұлда, одан орысшаға аударылып Мәскеуде басылған
екі кітабы бар). Біздің дәуіріміздің XV ғасырында Түркістанда ғұмыр кешкен
мәшһур ақын Атой да Яссауидіи нәсілінен.
Хазинатул суфие кітабында жазылғанындай, Хижраның XI ғасыры аяғында
нәсілі Яссауиден тараған бір адам - Қожа Хафиз Ахмад Яссауи Нақышбанди
есімді софы өмір сүрген. Бұл дәуір заманның зайылымен отаны Түркістаннан
жырақта - Арабстан, Мекке, Мәдина, Кудыс, Шам, Ирақ, Рум, Рус
мемлекеттерінде болып, Үндістанға барған, Кашмірге келіп, сол жерде Ыжраның
1116 жылы дүниемен қоштасқан. Бүгінгі күнде де дүниенің түрлі бүрыштарында
Яссауидің ұрпақтары бар. Мәселен, сондай ұрпақтардың бірі Арабстан мен
Түрікияда тұратын Шейһ Исмайыл ұлы Шаһоббидин Яссауи. Ол 1919 жылы
Түркістанда туылған екен. Әкесі Исмайыл Ханақох та шейх болған. Ол 20-30-
жылдарда қуғын-сүргінге ұшырап, содан жан сақтап қалу үшін шет елге қашып
бара жатқанда кеңес әскерлері атып тастаған.
Ақын хикметтерінен алынған мына шумақтарға назар аударалық (26-хикмет):
Жер үстінде өлмес бұрын тірі өлдім,
Алпыс үште суннат деді, жерге кірдім.
Жер астында жан-жүрегіммен құлшылық еттім,
Аятын, оқып, жерге кірді Құл Қожа Ахмет.
Жүз жиырма беске кірдім, біле алмадым,
Хақ Мұстафа суннаттарын қыла алмадым.
Адамдардан қош көңіл мен жылылық ала алмадым,
Жүз жиырма беске кірдім, біле алмадым.
Көріп отырғанымыздай, Яссауи шамамен 125 жыл өмір сүрген екен. Егер оның
1166 жылы қайтыс болғанын еске алсақ ұлы тұлғаның туылғанына биыл 966 жыл
толады екен.
Диуани хикмет - даналық кітабы.
. Хикмет - ислам философиясын басқа философиялық мектептерден ажыратып
тұрған, жинақтаушы ұғым, дүниетанымдық ойлау жүйесі. Фараби, Ибн Сина,
Матуриди, Баласағұн, Қашқари, Иүгнеки, Иасауи сияқты даналарымыз Құранға
негізделген хикметтері арқылы түрік-ислам өркениетіне жол салды. Фараби
болмыстың мәніне жетуді рухани арылу мен рухтың интеллектуалдық тұрғыдан
дамуына негіздесе, Ибн Сина да болмыстың мәнін құдайлық махаббат арқылы
негіздеді. Құранды Матуриди тауил яғни, оның ішкі мәнін ақыл мен нақыл,
амал мен ой бірлігіне негіздеді. Баласағұн, Иүгнеки мен Иасауи құтты
Алладан берілген мән ретінде Құранның ақиқатымен моральдық-этикалық
тұрғыдан үйлестіріп түсіндірді. Қазақ мұсылмандығының негізі - Иасауи
хикметі осы мәнмен тікелей байланысты. Даналық, хикмет, терең ой, сарын,
сыр сияқты категориялар қазақ ойлау жүйесінің негізгі іргетастары болды
XII ғасырдағы көне түркі тіліңде жазылған "Диуани Хикмет" кітабының авторы
— Ахмет Яссауи. "Диуани Хикмет" ("Даналық кітабы") оғыз-кыпшақ тілінде
өмірге келген, өте қарапайым, көпшілікке түсінікті тілмен жазылған төл
әдеби туынды. Ақынның кең өлкені көшіп - қонып жүрген түркі тайпаларының
бәріне де түсінікті ауыз екі сөйлеу тілінде әдемі жеткізе алғандығына күмән
келтірмейміз.
"Хикметтің" түп нұсқасы сақталмаған. Бізге жеткені XV—XVI ғасырлардағы
көшірмелері ғана. Көшірмелері өте көп. Олар негізінен Стамбулда, Қоқанда,
Ташкентте, Мәскеуде, Алматыда сақтаулы. Көптеген түркі халықтары "Хикметті"
аудармасыз-ақ қиналмай оқый алады. Дін исламнан хабары бар жанға "Хикмет"
тілі өте жеңіл. Оны беріліп оқып, тереңірек үңілген адам, Ахмет жырларының
қыпшақ тілдеріне өте жақын екенін байқар еді. Шығарманың тілдік лексиконы
әсіресе, лексикогеографиялық ерекшеліктері, этносипаттары "Хикмет" тілінің
қыпшақ диалектісіне жақындығын айтуымызға белгілі дәрежеде мүмкіндік
береді. Кітаптан Орта Азиялық қалалардың мәуелі бақтарындағы алуан жемістер
мен райхан гүлдерінен гөрі даладағы қызғалдақ пен қымыздық исі аңқиды.
Отырықшы тайпалардың кәсіби тілінен гөрі, көшпенді жұрттың тұрмысына тән
сөздер молырақ ұшырасады.
Мәселен, "Құлын", "Гүл", "Қызыл", "Қаршыға", "Сұңқар", "Лашын", "аға, іні",
"мал-мүлік", "шейід", "бөрік", "сақал-шаш", "ата-баба", тағы да басқа
көптеген сөздер тек мағыналық жағынан да емес, сонымен қатар отардың
айтылуы мен жазылуы да қазіргі қазақ тілінде де осы күйде айтылып,
жазылатынын ескерсек, шындыққа бір табан жақындай түсеміз. Әрине, бұл жерде
"сенікі", "менікі" деген үғым болмауы тиіс. Жалпы адамзаттық биік мәдениет
тұрғысынан қарауымыз керек. Себебі Ахмет Яссауи шығармалары тек қазақ еліне
ғана емес, бүкіл түркі тілдес халықтарға ортақ рухани мұра екені бәрімізге
мәлім. Тарихтан бізге белгілі, ислам дініндегі сопылық ағым VII—VIII
ғасырлардан басталады. "Диуани Хикметте" негізінен төрт нәрсеге аса көңіл
бөлінеді. Олар: шариғат, тарихат, хақихат, мағрифат.
"Шариғат" - ислам дінінің заңдары мен әдет ғұрыптарының жинағы, "тарихат" -
сопылықтың идеясы, сопылық мүддесіне жеткізген жол, "хақихат" - құдаймен
бірігу оған жақындау, "мағрифат" - дін жолын танып, оқып білу. Ахмет
Яссауидің пікірінше "Шариғатсыз", "Тарихатсыз" "Мағрифатсыз" "хақиқат"
болуы мүмкін емес. Ақын мүны өз өлеңінде былай деп өрнектейді:

... Ути ғүмырым шарғатқа неталмадым,
Шариғатсыз тарихатқа уталмадым,
Хақиқатсыз мағрифатка баталмадым,
Катиг иуллар пырсыз ничук утар достлар.
-----------------------------
... Өтті өмірім шариғатқа жете алмадым,
Шариғатсыз тариқатка өте алмадым,
Хақихатсыз мағрифатка бата алмадым,
Қиын жолдар пірсіз қайтіп өтем достар...

Міне, түсініп отырсыздар, мұнда Яссауи сопылық ілімдерінің өте күрделі
екенін, діни мистикалық сарындағы бұл төрт қағиданың арғы жағында үлкен
философиялық арналардан бұлақ көздері бітеліп жатқанын мезгейді. Яссауи өз
хикметтерінде сопылық дін ілімі туралы ете көп әрі шын беріле айтады, ол
бұл шын мәніндегі білім деп айтады, ал сопылықтың барлық ұсақ-түйегін
білмейтін адамды ол "надан" "түк білмейтін","жалған сүюші", "жалған сопы
деп есептеді. "Менің асыл хикметімді жаны ауырмасқа айтпағым, Баға жетпес
іпжуімді құнын білмеске сатпағын", — деп, бар жан-дүниесімен сопылыққа
берілген Яссауи, "егер мен басымнан айырылсам да, бұл жолдан маған жалт
беру жоқ",-— дейді.
Ахмет Яссауи аркылы сопылық түркі тілдес халықтардың рухани танымында
шешуші орын алды. Сопылық философиялық жүйе ретінде адамдардың дүние-
танымының қалыптасуына үлкен ықпал жасады. Бұған дәлел Яссауиден кейінгі
көптеген қазақ ақын, жырауларының шығармаларынан да сопылыктың тікелей
әсерін байкаймыз.
"Қазакстан мен Орта Азия халықтары арасында сопылықтың кеңінен және
табыспен таралуына мына жағдай да әсер етті. Ол өз ілімін жеңіл және
түсінікті тілмен, әсем бояулы өлең, жырларымен баяндайды, сопылық идеяларды
жергілікті салт жырларымен үйлестіре дәріптейді.Ахмет Яссауидің ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Түркі пәлсапасы
Кожа Ахмет Яссауи
Қазақстанның тарихи-сәулет ескерткіштері
Қ. Жұбанов - Яссауйтанушы ғалым
Қазақ даласының орта ғасырдағы ғұламаларының педагогикалық идеялары туралы
Қожа Ахметтің өмірбаян өрнектері
Қожа Ахмет Яссауи өмірбаяны
Қожа Ахмед Ясауи
Қожа Ахмет Ясауи жайлы
Қожа Ахмед Ясауи өмірбаяны
Пәндер