Қаныш Имантайұлы Сәтбаевтің өмірбаяны мен қызметінің бастау көздері
Жоспары:
1. Кіріспе бөлім
2. Негізгі бөлім
а) Қаныш Имантайұлы Сәтбаевтің өмірбаяны мен қызметінің бастау
көздері.
ә) Қ.И. Сәтбаев және алып кен орындары.
б) Қ.И. Сәтбаев Қазақстан ғылымының көшбасшысы.
3. Қорытынды бөлім
4. Пайдаланған әдебиеттер мен деректердің тізімі.
Қаныш Имантайұлы Сәтбаев
(1899-1964)
Жер қойнауының сиқырлы жиһазын тамаша көрегендікпен аша білген
академик Қ. И. Сәтбаев – қазақ халқы мен Қазақстан тарихындағы зор құбылыс.
Ол аса көрнекті ғалым-геолог қана емес, өз заманының әйгілі табиғат
зерттеушісі, әлемдік өреге көтерілген ойшыл ғұлама. Қаныш Имантайұлы
мемлекет және қоғам қайраткері ретінде, ғалымдығы мен шебер
ұйымдастырушылық қабілетінің арқасында Қазақстанның индустриялдық даму
жолындағы өркениетті үрдістің көш басында болып, кеменгер ғалым атанды.
Қаныш Имантайұлы Сәтбаев 1899жылы 12 сәуірде Семей облысы, Павлодар
уезі, Ақкелін болысының № 4 ауылында (Қазіргі Павлодар облысы, Баянауыл
ауданы, бұрынғы Қ. И. Сәтбаев атындағы совхоздың Теңдік ауылы) өз уақытында
қазақтың игі жақсыларына белгілі болған ауқатты әулетте дүниеге келген.
Ұлы ғалым, көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, геология-
минералогия ғылымдарының докторы (1942), профессор (1950), КСРО Ғылым
академиясының Қазақ филиалы геологиялық ғылымдар институтының алғашқы
директоры (1942-1964), филиал Төралқасы төрағасының орынбасары (1941-1942),
төрағасы (1942-1946), Қазақ ССР Ғылым академиясының академигі (1946), КСРО
Ғылым академиясының академигі (1946), Қазақстан Компартиясы Орталық
Комитетінің мүшесі (1949), Мемлекеттік (1942) және Лениндік сыйлықтардың
лауреаты (1958), академик Қаныш Имантайұлы Сәтбаев 1964 жылы 31 қаңтарда
Мәскеуде дүние салды. 1964 жылы 3 ақпанда Алматыда жерленді.
Болашақ ғалымның әкесі Имантай Сәтбаев (1845-1928) ауыз әдебиеті мен
өз жерінің тарихын жақсы білетін, түркі тектес һәм шығыс елдерінің
әдебметімен таныс аса сауатты адам болыпты. Имантай Сәтбаев қазақтың тұңғыш
ғалымы Шоқан Уәлихановқа зор құрметпен қараған, оның әкесі Шыңғыспен жақсы
таныс болып, сыйлықтық құрған. Орыстың белгілі ғалым-этнографы, Шоқан
Уәлихановтың бірге оқыған досы Г. Н. Потанин Ресейдің географиялық
қоғамының ауыз әдебиетін жинастыру қызметіне Имантай Сәтбаевтің көмегін
пайдаланған.
Қ. И. Сәтбаевтың анасы Әлима Исақызы (1862-1904) кеже ұлы Қаныш бес
жасқа келгенде қайтыс болған. Жас Қаныш Имантайдың бәйбішесі Нұрым
Тасболатқызының (1850-1929) мейірбан әрі құтты бауырында өсті. Болашақ
ғалым өз әкесінен, ауылдық молдадан, оған қоса жергілікті екіжылдық Ақкелін
мектебінен алғашқы білім алды. Бала Қаныш сол күндерден-ақ ерекше
ұғымталдық қабілет танытты. Бұл жайында көп жылдардан кейін Өмірдің төрт
мезгілі атты кітабында академик Ш. Ш. Шөкин былай деп жазады: Мені бір
көргенін жадында сақтап қалғыш мінезі талай тандатты. Арада он жыл өтсе
ұшырасқан адамды кеше ғана кездескендей ұмытпаймын.
Ауыл мектебінен кейін Павлодардағы екіжылдық орыс-қазақ училищесінде
жалғастырған жасталант орны 1914 жылы үздік аяқталды. Сол жылы Семейдегі
мұғалімдер семинариясына түсіп, 1918 жылы бітіріп шықты. 1918-1919 жылдары
Севмейдегі педагогикалық курстарды жаратылыстану пәнінің мұғалімі, 1919-
1920 жылдары Баянауылда халық судьясы қызметтерін атқарды. Жас Қаныштың
Қалыптасуыны ата-анасы, оқыған ортасы және сол заманның озық азаматтары –
туған ағасы Ғабдулғазиз Имантайұлы Сәтбаев (1894-1937), немере ағалары
Әбікей Зейінұлы Сәтбаев (1881-1937) пен Әбдікәрім Жәмінұлы Сәтбаев (1897-
1937) үлкен әсер етті. Үшеуі де отыз жетінші жылдың жазықсыз құрбаны болды.
Ағаларының қазасы Қаныш Имантайұлының қабырғасын қайыстырды, өзінің
болашағын терең ойлауға мәжбүр қылды. Сәтбаев өмірбаянының осы жағы
Шәмшиябану Қанышқызы Сәтбаеваның Сәулет әулет (1996) атты кітабы жарық
көргенше жан-жақты айтылмады. Ағаларының саяси репрессияға ұшырауы, Мекке
сапарында дүние салған атасы Сәтбайдың қажылығы академигтің ішінара
қарсыластары үшін тоталитарлық жүйенің идеологиялық қырсығын тигізуге қару
болды.
Қаныш Имантайұлының азамат болып қалыптасуына Абай құнанбаев, Шоқан
Уәлиханов, Ыбырай Алтынсарин, Слтанмахмұт Торайғыровтардың үлгілі өмірі мен
еңбектері жұғынысты әсерлерін тигізді. Ол Абайдың поэзиясын жақсы игеріп,
оның көптеген шығармаларын жатқа айтып машықтанды, лирикалық әндерін үздік
орындап жүрді. Студенттік жылдарында Ш. Уәлихановтың шығармаларын терең
талдап, мұқият оқиды. Шоқанның Қостанай төңірегіндегі ақын-жыраулардың
аузынан жазып алған, әйгілі Едіге батыр жайындағы Ер Едіге эпосын қазақ
тіліне аударады. Осы еңбегі 1927 жылы Мәскеуде басылып шықты. Бұл еңбегін
ана тіліне деген үлкен қамқорлығы һәм тіл үстартуға қосқан тамаша үлесі деп
білеміз.
Шоқан Уәлиханов сияқтыауыз әдебиетін зерттеуді Қ. И. Сәтбаев
Баянауылында жүргенде бастап, студент кезінде жалғастырды. Жезқазған-Ұлытау
өңірінде бұл талабын күрделі ғылыми зерттеуге айвналдырған ол көптеген
этнографиялық тарихи мұраларды ашты. Жезқазған ауданындағы көне заман
ескерткіштері атты еңбегін ғылыми қауым жақсы біледі. Ғылым академиясы
Презтденті қызметін автқарған кезде, Шоқан Уәлихановтың алғашқы толық
шығармалар жинағын басып шығаруды қолға алып, бұл игілікті істің
бастаушысы, ұйымдастырушысы болды.
1921 жылы Баянаылға емделуге келген профессор, кейіннен академик
Михаил Антонович Усов Қаныш Сәтбаевтің геолог болуына үлкен әсер етіп, өз
Отанының қазба байлықтарын зерттеуге ынта-жігерін арттырды.1921 жылы күзде
ол қабылдау емтихандарын ойдағыдай тапсырып, Томск технологиялық
иститутының тау-кен факультетінің геология бөліміне қабылданды. 1929 жылы
Қ. И. Сәтбаев институтты үздік аяқтап, тау-кен инженер-геологы деген
мамандық бойынша диплом алған алғашқы қазақ болды.
1928 жылы Қ. И. Сәтбаев Қазақстан халық шаруашылығы журналында
Қарсақпай ауданы және оның болашағы атты мақаласы жарық көрді. Ойшыл
ғалым, білікті зерттеуші, практикалық материалдарды ғылыми түрде нақтылы
іске қоса білетін оқымысты-инженердің пайда болғаны ел құлағын елендетті.
Жезқазғанның мыс атпаған маңдайы жарқырай бастады.
1928 жылы шахталар мыс кенін өндіруге кірісіп, Қарсақпай мыс
зауытының алғашқы қара мысы қорытылды. 1932 жылы Қ. И. Сәтбаев өзінің
алғашқы монографикалық жұмысын Жезқазған мыс-кен ауданы және оның
минералды ресурстары деп атады. Бұл еңбегі өзін де, Жезқазғанды да кеңінен
танытты. Өмірге үлкен оқымысты, жер білгірі келгенін сезген ел қуанды,
ғылыми қауым жас ғалымды жоғары бағалап, өз қатарына қосты.
Қ. И. Сәтбаев ғылыми зерттеулері мен практикалық ұйымдастыру қызметін
шеберлікпен ұштастырды. 1940 жылы Қазақстанның 20-жылдық тойына байланысты,
Жезқазған кен байлығын жүзеге асыру жолындағы үлкен еңбегі үшін сол кездегі
ең жоғары құрмет – Ленин орденімен марапатталды. Сәтбаевтің есімі бүкіл
Одаққа және шет елдерге танымал бола бастады, Қазақстанда аты аңызға
айналып, ел құрметіне, зор атақ-даңққа бөленді. Алдыңғы қатарлы ғалым-
геолог ретінде Одақтық Ғылым академиясының Қазақстандағы бөлімшесі
төралқасына мүше боп тағайындалды, Қазақстан Үкіметінің аса маңызды,
әсіресе индустриялық дамудың негізін қалау жөнінде жүктеген міндеттерін
абыроймен ақтады.
Қаныш Имантайұлы геологиялық-барлау жұмыстарымен ғана шектелмей,
геология ғылымының барлық саласы бойынша жұмыс жүргізді. Жаңа технологияны
пайдалана отырып, ғылым мен нақтылы істің бірлігін үштастырып, сан салалы
геологиялық қызмет жүйесінің негізін қалады. Жезқазған қазба кеңдерінің
молдығын айқындау барысында, ондағы мыс кенініңгидротермальді генезисі
жайында, кеннің пайда болу және орналасу заңдылықтары жөнінде аса маңызды
ғылыми қорытындылар жасады. Қ. И. Сәтбаев – кен инженер-геологы ретінде тау-
кен жұмысын да жақсы білетін, әр түрлі кен қазбасы жүйелерін мұқият
зерттеген, жер жүзіндегі мысты алқаптардағы кеніштердің геологиясымен бірге
кен қазу технологиясын да терең талдаған оқымысты. Жезқазғанда әлемде
қолданып жүрген жер асты жаңа технологиясын пайдаланудың толық мүмкіндігі
бар екендігін, мұнда мыстан басқа 20 түрлі элементтер, соның ішінде рений,
осмий және платина кездесетінін көрсетіп берді. Ғалымның есебінше, көне
замандардан бастап Жезқазған жерінен бір миллион тоннадай мыс кені алынған
көрінеді. Қаныш Имантайұлы 1932 жылдың өзінде-ақ 48000 метр тереңдіктегі
1,5 шаршы шақырым жерде ғана 2 миллион тонна мыс қорының жатқанын, оның
Одақ көлеміндегі экономикалық ең тиімді әрі ең үлкен кен орны екенін
дәлелдеген еді. Ағылшындардың бар-жоғы 60 мың тонна ғана мыс бар деген
жорамалы жоққа шықты.Оған қоса сол кездің өзінде ол Жезқазған кен орнының
орталық бөлігінен басқа жүзге тарта кен шөккен қыртыстардың барын,
шашыранды кен ошақтарының көптігін, Бетпақдаладағы Жаман Айбатта және
Сымтаста да мыс кені кездесетінін атап көрсеткен еді.
1941 жылы Қ. И. Сәтбаев Алматыдағы Геологиялық ғылыми зерттеу
институтының директоры болып тағайындалды. Сол жылы ол Одақтық Ғылым
академиясының (ҒА) Қазақстандағыфилиал төрағасының орынбасары, 1942 жылдан
бастап сол филиалдың – болашақ Қазақстан ҒА-ның басшысы болды. Геологиялық
астана Жезқазғаннан Алматыға көшкендей әсер етті.
Астанада Қ. И. Сәтбаев көптен жүргізіп келген ғылыми-зерттеу
жұмыстарын одан әрі жалғастырып, Жезқазғанның кен-металлургиялық шоғырын
жетілдіру, қазба байлықтарын іздеу мен барлау жұмыстарын қамқорлыққа алды.
1942 жылы Қ. И. Сәтбаев Жезқазғанға арналған ғылыми еңбегі үшін геология-
минералогия ғылымының докторы атағына ие болды. Сол жылы Жезқазған
ауданының кен орындары атты ғылыми еңбегі үшін Мемлекеттік сыйлық берілді.
Соғыс кезіндегі ауыр жылдарда ғалым өзінің бар күш-жігерін Отанды фашизмнен
Отанды фашизмнен қорғау ісіне арнады. Басқа да көптеген қауырт жұмыстардың
ішінде өзі ашқан Жездідегі марганец қазба байлығын Отан қорғау игілігіне
тез арада аттандыру тамаша ерлікпен парапар еді. Қаныш Имантайұлы соғыс
кезінде орталықтан жер аударылған ғалымдар мен өнер қызметкерлеріне үлкен
қамқорлық жасап, майданға көмек көрсету, әр түрлі күрделі ғылыми
мәселелерді шешуді оларды ортақ іске жұмылдырды. Орал, Батыс Сібір және
Қазақстанның кен байлығын Отан қорғау жолына жұмсауға арналған Мемлекеттік
комиссияның мүшесі болды.
Соғыс жеңіспен аяқталған соң Қавзақстан ғалымдары халық шаруашалығын
одан әрі өркендету жолында көп жұмыс атқарды. 1943 жылы күзде Қ. И. Сәтбаев
ғылымды дамытуға қосқан үлесі мен үлкен ғылыми жетісвтіктерінің нәтижесінде
КСРО ҒА-ның корреспондент-мүшесі болып сайланды. Бұл жылдары ло Қазақстан
Магниткасының құрылысына, Балқаш, Қаратау, Соколов-Сарыбай, Лисаков және
Атасу темір кен орындарына аса көп орын бөлді.
Осы кезде Қазақстан Ғылым Академиясын құру үшін Қ. И. Сәтбаев
басқарған КСРО ҒА-ның филиалы үлкен дайындық жұмыстарын жүргізді. Мамандар
іріктеліп, ғылымның негізгі салаларын өркендету өріс алды. Қазақстанның
ғылым ордасының өз алдына шаңырақ көтеруіне Одақтық Ғылым академиясы көп
көмек керсетті. Бүкіл ел аңсаған арманына жетті. 1946 жылы маусым айында
Қазақстан Ғылым академиясы құрылып, Қаныш Имантайұлы Сәтбаев оның алғашқы
Президенті болып бірауыздан сайланады. Осы жылы қазан айында ол КСРО Ғылым
академиясының толық мүшесі дәрежесіне жетті, Шығыс республикалары
ғылымдарының арасынан ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz