Қ.-М. Жүсіп және ұлттық поэзияның зерттелу мәселелері


Пән: Тарихи тұлғалар
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 81 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

Кіріспе . . . 4-10

І тарау Қ. -М. Жүсіп және ұлттық поэзияның зерттелу мәселелері

1. 1. Қ. -М. Жүсіп өмірбаяны . . . 11-19

1. 2. Кеңестік дәуірдегі қазақ өлеңтану ілімі . . . 20-32

1. 3. Зерттеуші нысанындағы өлеңтанушылық

нәтижелері . . . 33-41

ІІ тарау Поэзиядағы поэтиканы тұжырымдаулары

2. 1. Зерттеушінің поэзиядағы эстетиканы

саралауы . . . 42-58

2. 2. Ақындық шеберліктегі көркемдікті тану, саралау үрдісі . . . 59-69

Қорытынды . . . 70-72

Пайдаланылған әдебиеттер . . . 73-74

Кіріспе

Жұмыстың жалпы сипаттамасы: Жұмыста қазақ әдебиеттану ғылымының бір саласы лириканың теориялық мәселелерін зерттеген ғалымның еңбектері жан-жақты сараланады.

Тақырыптың өзектілігі: Поэзия сырына үңілу, сондықтан да, әр уақытта қызғылықты, әр уақытта актуальды. Әсіресе қазіргі заман поэзиясы қыры мен сыры алуан тілде туып жатқан поэтикалық шығармаларды түбегейлі зерттеу, оның әр заманға лайық қалпын, бағыт-бағдарын тексеру - әдебиет туралы ғылымның міндеті. Өлең теориясы көне заманнан келе жатқан ғылым болғанымен әрбір дәуірдің жаңа туындысыжаңалық енгізбей тұрмайды. Оның үстіне әр тілдегі поэзияның өзіндік бояуы, бейнелеу үлгілері болуы әбден шарт. Соңғы заманда, әсіресе ХХ ғасырдың бас кезінде және кейінгі дәуірде поэзия туралы ғылымның біразы жаңа арнада дамуының өз алдына себебі, заңдылығы бар.

Адамның өзін-өзі тануының жаңа дәуірі басталды. Поэзияға деген көзқарас та бұған байланысты біраз өзгерді. Халықтың жаңа мазмұндағы өміріне, дүниетанымына лайық поэзия қанатын кең жайды. Жат формалистік ағымдардың бәрі өткен күннің елесі болып қалды. Соңғы дәуірде де озық дәстүрді уағыздау үлкен ізденістің ізіне айналды. Өлеңнің теориясы, құрылысы, техникасы жайында біраз еңбектер шыққаны оқушы жұртқа мәлім. Аристотельден Белинскийге дейінгі, онан бергі В. Брюсов, Ю. Тынянов, Б. Томашевский, В. Шкловский, В. Жирмунский, Л. Тимофеев, қазақ поэзиясын алсақ Ш. Уалиханов, Т. Шапайға дейінгі өлеңнің теориялық мәселелері, әсіресе оның тілі, түзілісі сияқты жайлар әр халықтың поэзиясына лайық қаралып зерттелген. Қазақ әдебиетінің көп дәстүрлерінің жаңарып, жаңа дәуір, жаңа құрылысқа байланысты мазмұны мен түрі өзгеруінің басты себебі, әрине, сол жаңа идеяда жаңа мақсатта жатыр. Жаңашылдық төркіні де осыдан ізделінбек. Ұлттық поэзияның өсіп, өркендеу жолы - озық дәстүр мен тынбай ізденудің, жаңа образдар мен суреттер жасаудың жолы. Ғалым Қ. -М. Жүсіп қазақ поэзиясының осы сапардағы үлкен шығармашылық ерекшеліктерінің бірі ретінде ұлттық дәстүр мен жаңашылдықты байырғы бейнелеу құралдарымен оның жаңарған түрлерін негізге ала отырып зерттейді.

Кеңестік дәуірдегі әдебиеттануда М. Әуезов, С. Мұқанов, С. Сейфуллин, Ә. Тәжібаев, Е. Ысмайылов, Ә. Жәмішев, Қ. Өмірәлиев, М. Базарбаев, Ә. Қоңыратбаев т. б. көрнекті қоғам, әдебиет қайраткерлері айтқан толғақты ой пікірлердің қазақ әдебиетінің ұлттық сипаты мәселесімен тоғысатын тұстары аз емес. Е. Ысмайыловтың, Қ. Жұмалиевтың әдебиет теориясына арналған оқулықтарын да әдебиетіміздің ұлттық сипатын әңгімелеулен алшақ жатқан дүниелер дей алмас едік. Ал академик - жазушы З. Қабдоловтың «Сөз өнерін» қазақ әдебиетінің теориялық мәселелерінің барлығын шығармашылықтың психологиясымен байланыстырып, тұтастай алып зерттеген тереңдігімен, көркемөнер табиғаты, әдебиет дүниесінің бітім-болмысын талдаудағы нәзік сыршылдығымен ерекшеленетін еңбек десек, әсіресе ғалымның өлең теориясы, лирикалық поэзияның тегі мен төркіні, табиғаты туралы айтқан тұрлаулы толғаныстарында қазақ поэзиясының ұлттық сипаты мен мінезіне, дәстүрі мен бүгінгі өміріне қатысты дүниелерінің біз үшін қымбат та құнды болғандығын айта кетер едік. Сондай-ақ З. Ахметовтың өлең құрылысы, поэтикалық тіл табиғатын зерттейтін еңбектерінің қазақ поэзиясының ұлттық сипатына тікелей қатыстылығы, аталмыш мәселенің ашылуына қомақты үлес болып қосылған дүниелер болғандығы ақиқат. Басқа да ғалымдардың: Ә. Марғұлан, М. Қаратаев, Р. Бердібаев, Ә. Қоңыратбаев, Т. Кәкішев, А. Нарымбетов, С. Негимов, Б. Кәрібаева, Қ. Мәшһүр-Жүсіпов, Ш. Елеукенов, Н. Ғабдуллин, Ж. Дәдебаев, Б. Майтанов, Б. Кәрібаева, Т. Шапай, Б. Ыбырайымов, Қ. Ергөбеков, Б. Кәрібозұлы, Ә. Қайырбеков, т. б. еңбектерінде де қазақ әдебиетінің оның ішінде қазақ өлеңінің ұлттық табиғатына, көркемдік ерекшелігіне қатысты ой пікірлер жетерлік.

Қ. -М. Жүсіптің қазақ поэзиясының пішінімен мазмұнынан тудырып жасаған ғылыми-эстетикалық тұғырнамасы, сондай-ақ лирикалық жанрларға берген анақтама-талдауларында жалпы қазақ әдебиетінің теориясы, біз қарастырып отырған қазақ поэзиясының ұлттық сипаты, көркемдік құрылымы жөнінде теориялық құнды ой пікірлер көп кездесіп жатады.

Ұлттық поэзияның әдебиет өміріндегі рөлі мен қызметі, қыры мен сыры, жан-жақтылығы Қ. -М. Жүсіптің ғылыми еңбектерінің желелі жүйесі, негізгі зерттеу объектісі (нысаны) болды. Ол: «Осы орайда әдебиетке тек таптық тұрғыдан келудің бұған дейінгі зерттеулердің бәріне ықпал етіп келгенін есте ұстау керек. Тіпті ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиетіне үңілгенде, оны Мағжан Жұмабаев, Шәкәрім Құдайбердіұлы, М. Ж. Көпеев т. б. ақындарсыз алудың өзі қазақ әдебиетінің оның ішінде қазақ лирикасының дамуын жан-жақты, толық қамту ісін қиындатқаны белгілі. Әрине, әдебиетті зерттеу ісі ешқашан тоқтамайтынын, тек белгілі бір еңбек белгілі бір тақырыпты игеруді жаңа биікке көтеріп, өзінен кейінгі жаңалықтарға жол ашатынын ескерсек, бұған дейінгі ізденістердің өз кезінде де, қазір де өзіндік мәні болғанын жоққа шығармаймыз» [1. 9] . Сондай-ақ «Әйтсе де оқулықта берілген дұрыс анықтама бар да, лирика туралы сын кітаптарында, мақалаларда сол анықтаманың іске асуы, қыры мен сыры бар ғой. Біз осыны секере бермейміз. Лирикалық қаһарман сезім толғанысы эпостағыдай кең бейнеленбайтіні рас. Бірақ суреттеу аясы шағындығы онда да эпостағыдай мінез, бітім ерекшелігі, өсу жолы, қалыптасу жағдайы болатынын, өзіндік шағын тартысты өткеруін жоққа шығармайды. Лирикада күрделі сезім де, тартыс та, өсу жолы да - бәрі де болады, тек ол эпостағыдай кең емес, өзіндік ерекшелігі мол»[2. 3] -деп, ұлттық лирика дәстүрінің табиғаты, шығу тегі, әдебиет өмірінен алатын орны, атқаратын қызметі туралы толымды ойлар, толғақты пікірлер айта алды. Қазақ поэзиясының жанрлық теориялық мәселелерін жеке авторлар шығармашылығы негізінде және мәтіндік көркемдік ерекшеліктерді саралауда сөздік қолданыстарды арнайы қарастырған ғалымның бірі тағы да Қ. -М. Жүсіп. Қазақ өлеңіндегі бейнелілік пен сөз образдар, метафоралар және көркемдік бейнелеу тәсілдерінің ерекшелігін айқындауда ғалым зерттеулерінің өзіндік теориялық көзқарастары қалыптасқан. Жұмыста жалпы поэзия зерттеушілері еңбектерімен қатар ғалымның өлеңтанудағы методологиялық тәжірибесі дараланып сипатталады. Зерттеуші еңбектері өлеңтану ғылымының өзекті арналарын, түйінді мәселелерін шешуде өзінің актуалдылығын танытады.

Қазақ әдебиетіндегі ұлттық дәстүрдің тұрақтылығын көбірек сақтап, өміршеңдігін молырақ танытып келе жатқан тұсы, қазақ өлеңіндегі жанрлар жүйесі десек, қателеспейтініміз анық. Қазақ өлеңіндегі жанрлар өміріндегі ұлттық дәстүрді кең көлемде зерттеу, сөйте отырып оның қаншалықты дәрежеде, қалай сақталып отырғанын, қазіргі әдеби процеске әсер-ықпалын, басқа ұлттық дәстүрлермен қарым-қатынасын, байланыстарын анықтау, тұжырымдаудың бағасы еліміздің егемендігін алып, өнері мен әдебиетіне шындап иелік ете бастаған тұсында екі еселенетінін айта кетсек артық болмас.

Ұлттық дәстүрдің жанрлар өмірінен айқынырақ байқалып, айшықтала көрінетіні жанрлардың, біріншіден, өздеріне яки табиғаты мен бітім болмысына байланыста. Өйткені жанрлар барынша ұлттық категория. Ұлттық әдебиет жанрының әдебиет тарихын түгел қамтитын туу, қалыптасу, даму сатыларының ұлттық дәстүрден алшақ кете алмайтындығы қандай ақиқат болса, ұлттық әдебиет өміріндегі кез-келген көркем шығарманың бәрінен бұрын ұлттық дәстүрдің негізінде дүниеге келетіне де сондай шындық. Әдебиет өмірінде көктен түскендей, жерден шыққандай еш нәрсе болмаса, бұл біріншіден, жанрлар өмірімен дәлелденетін құбылыс. Жанрлар өміріндегі ұлттық дәстүрдің маңызы мен мәнінің терең болуын тек - қазақ әдебиетінің ғана емес, барлық халықтар әдебиетінің ортақ сипаты деп тануымыз керек. Сондықтан қазақ өлеңінің ұлттық сипатын зерттеу барысында поэзиямыздағы жанрлар жүйесінен аттап кете алмаймыз. Бұл мәселелерді өлеңтанушы ғалымдар еңбектеріндегі теориялық мәселелерді саралағанымызда да ескеріп отыруымыз керек. Әдебиеттің ұлттық сипатын ұлттық дәстүр арқылы тануда өлең өнеріміздегі жанрлар жүйесіне иек артсақ бұнымыз ұлттық дәстүрдің басқаларға қарағанда жанрлар жүйесінде тұрақты түрде сақталып келе жатқанын мойындау және қазіргі қазақ өлеңіндегі жанрлар пробллематикасын шешуге үлес қосу болып табылады. Реті келгенде айта кетуіміз керек, қазіргі қазақ әдебиеттануында қазақ өлеңінің жанрлық проблемасы толық шешімін таба алмай отыр. Көркем мазмұнды түр ретінде басқа ұлттар әдебиетіндегі сияқты қазақ өлеңінде де жанрлардың өмір сүріп отырғандығын және олардың мазмұны мен түрі, қызметі, т. б. жағынан бір-бірінен айырмашылығының бар екенін мойындасақ, оларды белгілі бір жүйеде жіктеуіміз, саралауымыз қажет-ақ. Топтастырып қарастырып, тегіне терең бойламасақ, табиғатын танымасақ, өлеңіміздің ұлттық сипаты ғана емес, басқа да мәселелері толық шешімін таба алмас еді. Қазақ өлеңі өміріндегі жанрлардың белгілі бір ізге түскен, қалыптасқан, жүйеленген классификациясы әлі жасалмай отыр десек, шындықтан алыс отырғанымыз жоқ. Осы орайда қазақ өлеңтанушылары алдында күрделі мәселелер тұрады. Қайта құру дәуірінде қазақ әдебиеттану да ғылымының басқа барлық салалары сияқты жеткен жетістіктерінің жетегінде қалып қоймай, дамыған үстіне дами түсу керек.

Осы орайда қазақ лирикалық поэзиясының зерттелу жайы көңіл алаңдатады, дәлірек айтсақ, қазақ лирикалық поэзиясының жанрлық сипатына арналып, оның тектік табиғатына тереңірек бойлау арқылы бүгінгі әдебиеттегі хал-күйін, жай-жапсарын жіті зерттеу - қазақ әдебиеттануының күн тәртібінен түспес кезекті міндеттердің бірі болып, күні бүгінге дейін келіп отыр.

Осы аталған міндеттердің күні бүгінге дейін қазақ әдебиеттануында комплексті түрде қаралмағанын жасыра алмасақ керек, біздің зерттеуіміздің негізгі мақсаты осындай олқылықтардың орнын толтыруға бағытталғандығын да айта кетсек артық болмас. Бұлай дегенде әрине, лирикалық поэзиямыздың жай-жапсарын әр қырынан алып қарастыратын зерттеу еңбектердің (монография, диссертация, мақала) бар екендігін айтпай тағы кете алмаймыз. Бұндай еңбектердің көпшілігінде жекелеген ақындар творчествосына портрет жасау үстінде лирикалық поэзияның кейбір проблемалары зерттелінсе, қайсыбірінде оның арихы мен теориясына қатысты ойлар айтылады.

Қазақ лирикасының жанрлық сипатын кешенді түрде алып зерттейтін еңбектердің жоқтығы қандай ақиқат болса, бұл жұмысты атқарып шығудың оңай шаруа еместігі сондай шындық екендігі де даусыз. Қазақ лирикалық поэзиясының жанрлық сипатын бүгінгі әдебиеттану деңгейінде зерттеу үшін, біріншіден, сол зерттеуіміздің принципі мен әдіс-тәсілдері жаңаша қойлуы қажет болады. Өйткені лириканы зерттеуде бұрыннан қолданылып келе жатқан жанрлық және тематикалық принциптер уақыт талабымен талғамына жауап бере алмастай күйде, яғни ескірген.

Осы айтылғандардың барлығының да қазақ өлеңдерінің кешегі, бүгінгі жағдайларына тікелей қатыстылығы ешқандай дау тудырмайды. Лирикалық шығармаларды классификациялау арқылы өлең табиғатын тану мен таныту мәселесі қазақ әдебиеттануы үшін де өзекті.

Тақырыптың зерттелу деңгейі: Қазақ әдебиеттану ғылымында жекелеген ғалым еңбектерінің маңыздылығы жөнінде зерттеу еңбектері қалыптасып келеді. Сонау ХХ ғасырдың басындағы А. Байтұрсыновтың ғалымдық қырлары жөнінде қазірде көптеген ғалымдардың өзіндік тұжырымдары мен зерттеулері жазылып жүр. Мәселен, академик З. Қабдоловтың, Р. Нұрғалиевтың «Әдебиет танытқыш» еңбегі жөніндегі өзіндік саралаулары, бағалаулары мақалалық, монографиялық деңгейдегі еңбектердің нысанына айналды. Сол сияқты ақын, қайраткер, ғалым Ә. Тәжібаевтың шығармашылығы жөнінде арнайы диссертациялық еңбектер жазылды. Профессор Ә. Мұсақұловтың Ә. Тәжібаевтың шығармашылығы жөнінде жазылған монографиясында оның «Өмір және поэзия» зерттеуіндегі сыншылық, ғалымдық методологиясы айтылады. Қазақ өлеңтанушы ғалымдары Қ. Өміралиевтің, М. Базарбаевтың, Ә. Қоңыратбаевтың, Ә. Жәмішевтің зерттеулері төңірегінде де сараптамалық зерттеулер қалыптасып келеді. Бұлар жөнінде ғылыми ой-байламдарында зерттеу әдістерінің қыр-сыры жан-жақты ашылады. Мәселен, Қ. Өмірәлиевтің «Қазақ поэзиясының жанры мен стилі» еңбегінде кешенді зерттеу әдістерінің болғандығы жайлы әңгімелер айтылып жүр. Бұл зерттеудің ерекшелігі ғалымның қазақ өлеңін көркемдік бейнелілік құрылымымен қатар тілдік қолданыстағы ерекшеліктерін де қабат қарастырады. Яғни белгілі бір кезеңнің айталық ХҮІІІ-ХІХ ғасырдағы қазақ лирикасының тілі мен көркемдік құрылымы арқылы сол дәуір поэзиясының басты ерекшеліктерін айқындауға болады. Осы орайда поэзиялық процесті ғылыми тексерушілердің өздері қандай бағыт-бағдар ұстанып, мәселені шеше алды деген сұрақтар да туындайды. Бұл өлеңтанушы ғалымның ғылыми процесті жүзеге асырудағы өзіндік методологиясын тануымызға жетелейді. Қазіргі әдебиеттану тарихында белгілі ғалымдардың ғылыми шығармашылығы жөнінде көптеген еңбектер жазылып жүр. З. Ахметов және қазақ әдебиеттану ғылымының мәселелері секілді арнайы ғылыми-теориялық конференциялар да ұйымдастырылып жүр. Болмаса белгілі бір ғалымның ғылымға қосқан жаңалығы зерттеу еңбектерінің нысанына айналуда. Қазақ өлеңтану ғылымының негізін қалаған А. Байтұрсыновтан бастап Қ. Жұмалиев, Е. Ысмайылов, М. Дүйсенов, М. Базарбаев т. б. ғалымдардың ғылыми мектептері жөнінде зерттеу тәжірибелерінің ерекшеліктері шығармашылық зертханалық тұрғысында түсіндіріліп келеді. Диплом жұмысымыздың тақырыбы да қазақ өлеңтанушыларының бірі, осы салада өзіндік мектеп қалыптастырып келе жатқан ғалым Қ. -М. Жүсіптің лирика мәселелеріне қатысты теориялық ой-қорытындыларын сипаттау болып табылады. Өлеңтанушы Қ. -М. Жүсіп жайында республикалық БАҚ-да филология ғылымдарының докторы Д. Қамзабекұлы секілді ғалымдардың мерейтойлық мақалалары болмаса арнайы зерттеу нысанына алына қойған жоқ. Олай болса, өлеңтанушы Қ. -М. Жүсіп зертханасының жанр-теориясына қатысты қалыптастырған тұжырымдарын айқындап әдебиеттанудың жаңа бағыттарына бағдар етуімізге уақыт келіп жетті деп ойлаймыз. Қ. -М. Жүсіптің зерттеушілік әдіснамасы, зерттеу нысанының ауқымы жайында материалдар тым жұтаң болғандықтан да жұмысты жазуда қиындықтардың болатыны белгілі. Дей тұрғанмен ғалымның шығармашылық еңбектеріндегі ғылыми ізденістер бағыты мен жетістіктерін, теориялық тұжырымдамаларын айқындауға ұмтылдық.

Диплом жұмысының мақсаты мен міндеті: Жұмыстың негізгі мақсаты - қазақ әдебиеттану ғылымының бір саласы өлеңтану нысанының білгірі, ғалым Қ. -М. Жүсіптің қазақ поэзиясы төңірегіндегі теориялық көзқарастарын, ондағы өзіндік методологиялық ғылыми тәжірибелік тұжырымдамаларын зерделеу. Әуелі өлеңтанушы ғалымның қазақ поэзиясының теориялық мәселелерін терең қарастырған еңбектерінің негізгі бағыттарын айқындай отырып, ғалымның зерттеу объектісіне қай тұрғыдан, қандай тәжірибелерге сүйеніп зерттеу жүргізгенін, қандай принциптер тудырып теориялық байламдар жасағанын ашып көрсетсек. Осындай негізгі тақырыптың, ондағы алған мақсаттарымызға жету үшін төмендегідей міндеттердің орындалғаны дұрыс деп қабылдадық. Ол үшін мына мәселелердің шешім табуы қажет-ақ.

- Қазақ поэзиясының тарихы мен көркемдік арналарын зерттеудің бүгінге дейінгі жетістіктерін сабақтастыра отырып, ғалымның бұл саладағы ролін анықтау;

- Ғалымның поэзия тарихы мен көркемдігіне қатысты зерттеу еңбектерінің бағыттарын ашып көрсету;

- Өлеңтанушының лирикалық поэзиясының бейнелілігі жайындағы өзіндік теориялық тұжырымдамаларын айқындау;

- Қазақ лирикалық поэзиясының негіздерін саралауындағы көзқарастарын сипаттау;

- Жекелеген ақындар шығармашылығы мен ондағы көркемдік ерекшеліктер жайындағы ой қорытындыларын дәйектеу.

Диплом жұмысының ғылыми жаңалығы:

- Қазақ өлеңінің көркемдік тарихы мен образдық әлеміне қатысты зерттеу тәжірибелерінің қатарында ғалымның өзіндің ізденіс арналары анықталады;

- Зерттеу еңбектерінің зерттеушілік бағыт-бағдары методологиясы барынша ашылады;

- Лирикалық поэзиядағы бейнеліліктің генезисі, тілдік поэтикасы, дерексіздік жайындағы өзіндік тұжырымдамалары айқындалады;

- Ақындар шығармашылығындағы лирикалық поэзияның белгі сипаттары ғалым зерделеуімен танытылады;

- Қазақ ақындары шығармашылығын зерттеудегі ой-байламдары дәйектеледі.

Зерттеудің нысаны: Қазақ әдебиеттану ғылымындағы өлеңтану саласының көркемдік тарихы жайындағы белгілі ғалымдардың еңбектерімен қатар ғалым Ғалым Қ. -М. Жүсіптің «Өлең - сөздің патшасы», «Қазақ лирикасындағы стиль және бейнелілік», т. б. зерттеулері алынып отыр. Өлеңтанушының қазақ поэзиясына қатысты негізгі еңбектерін дәйектеуде басқа да әдебиеттанушылардың зерттеу мәселесіне қатысты монографиялары жан-жақты қарастырылды.

Жұмыстың теориялық әдіснамалық негізі: Зерттеу барысында қазақ әдебиеттанушыларының, өлеңтанушы ғалымдарының Е. Ысмайылов [3], Қ. Жұмалиев [4], С. Мұқанов [5], Ә. Қоңыратбаев[6], Ә. Жәмішов [7], Р. Бердібаев [8], М. Базарбаев [9], Қ. Өмірәлиев [10], Б. Кәрібаева [11], С. Негимов[12], Қ. Ергөбек [13], Т. Шапай [14], Б. Кәрібозұлы [15], Ә. Қайырбеков[16], Ж. Әскербекқызы[17], О. Тұржанова[18] т. б. зерттеулері қамтылды. Сондай-ақ қазақ ғалымдарының өлеңтану шығармашылығына қатысты мақалалық, ғылыми еңбектер де негіз болады.

Жұмыстың теориялық практикалық мәні: Диплом жұмысын қазіргі қазақ әдебиеттану ғылымының оның ішінде өлеңтану методологиясын зерттеудегі ерекшеліктері жөнінде жазылатын магистрлік диссертациялар мен студенттердің қазақ лирикасы тақырыптарындағы өзіндік жұмысына, бақылау және курстық жұмыстарға, сондай-ақ, қазақ поэзиясын зерттеуші ғалымдардың зерттеу тәжірибелеріне қызығушы жас ізденушілерге дереккөз ретінде пайдалануына әбден болады.

Диплом жұмысының сыннан өтуі: Диплом тақырыбын студент таңдап алып бекітіліп тапсырмалар мен кеңестер берілгеннен соң алдын ала қорғау даярлығына қатысты құрылған кафедра мәжілісінде талқыланып өткізілді. Алдын ала қорғау нәтижелері студенттің диплом жұмысына тыңғылықты даярлығын көрсеткендіктен қазақ әдебеті кафедра басшылығы, оқытушылары құрамымен мемлекеттік біліктілік комиссиясында қорғауға жіберілді.

Диплом жұмысының құрылымы: Диплом жұмысы кіріспеден, негізгі бөлімді құрайтын екі тараудан және қорытынды мен сілтеме жасалған әдебиеттер тізімінен тұрады.

І тарау Қ. -М. Жүсіп және ұлттық поэзияның зерттелу мәселелері

1. 1. Қ. -М. Жүсіп өмірбаяны.

Қазіргі қазақ әдебиеттанушыларының бірі - Қ. -М. Жүсіп. Қазақ лирикасының теориялық мәселелерін жан-жақты зерттеуші ғалым еңбектері жайында жалпы ғылыми орта білгенімен, оның өлеңтану саласындағы маңыздылығының қыр-сырын көпшілік қауым біле бермеуі мүмкін. Тіпті ғалымның ел арасында әулие атанған, ақын, сопы, М. Ж. Көпеевтің немересі, бірден бір Мәшһүртанушы екендігін, сонымен қатар қазақ өлеңінің дәстүрлі көркемдік арналарын зерделеуші екендігін де жалпы оқырман ғылыми деңгейде тани қойған жоқ. Осындай кемшіліктерді кемсіту мақсатында орындалғалы отырған жұмыстың атқарар қызметі де ерекше болмақ. Біз ғалымның лирикатанушылық зертханасына шолу жасай отырып оның бұл саладағы қалыптастырған теориялық сипаттамаларына синтез жүргізбекшіміз. Бізден бұрын ғалымның ғылыми даралығын танытуды мақсат еткен еңбектер де бой көтерді. Солардың бірі профессор Д. Қамзабекұлы. Еліміздің бас газетінде Қ. -М. Жүсіптің өмірбаяны мен шығармашылығы жөнінде толымды мақала жазған да осы ғалым болатын. Мәшһүр-Жүсіп Көпеев! Осы бір ғазиз жанды еске алғанда оны құдайдың өзі берген, аллатағала халқымызға арнайы жіберген адам деп айтуға болады. Олай дейтініміз, ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басында қазақ жұртының ауыз әдебиеті үлгілерін, тарихын, мақал-мәтелдері мен тұрмыс-салт дәстүрлерін және өнерін дәл осы кісі секілді тірнектеп жинап өткен ешкім жоқ. Бұған Мәшһүр-Жүсіптің ақындығын, аузы уәлі шешендігін, көріпкелдігін қосыңыз. Сондай-ақ, шағатай, парсы, араб тілдерінен хабардарлығы, «Дала уәлаяты» газетімен арадағы тығыз байланысын және атақты түркітанушы В. В. Радловпен шығармашылық тұрғыдағы қарым қатынасын еске алыңыз.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Лирикалық шығармалардың түрлері және оның оқытудың мақсаттары
Ежелгі түркі тілді ру-ұлыстарымен бірге жасаған көркем сөз өнерін түсіндіру
ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ САБАҚТАРЫНДА ЛИРИКАЛЫҚ ШЫҒАРМАЛАРДЫ ОҚЫТУДЫҢ ӘДІСТЕМЕСІ
Ежелгі дәуір әдебиетінің мәселелерін тереңдете қарастырған ғалымның жұмыстары сан - салалы
А. ҚЫРАУБАЕВАНЫҢ «РАБҒУЗИ ҚИССАЛАРЫ» МЕН «МАХАББАТНАМА» ТУРАЛЫ ЗЕРТТЕУЛЕРІ
Қазіргі қазақ поэзиясындағы ұйқас тәсілдері
Ш. Құдайбердіұлы шығармашылығындағы нәзирагөйлік дәстүр жалғастығы
Халық ауыз әдебиеті пәнінен практикалық сабақтың әдістемелік нұсқауы
Ұлықбек Есдәулет поэзиясының поэтикасы
Қазақ фольклорының тарихы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz