спорттық мектеп интернаттардың тиімділігі мен мемлекет өміріндегі маңызын көрсету, интернат оқушыларының жетістіктерін эксперимент жүзінде дәлелдеу. Зерттеудің міндеттері


КІРІСПЕ
Зерттеу жұмысының өзектілігі. Жас спортшыны жаңадан келушіден әлеуметтік маңызы бар жарыстарды жеңіп шығуға қабілетті спорт шеберіне дейін даярлау - көпжылдық, еңбектеніп тер төгуді қажет ететін үрдіс. Өсіп келе жатқан бәсекелестік ең аз материалдық шығындар мен мейлінше аз уақыт кезінде біліктілігі жоғары спортшыны даярлауға ықпал ететін, жаттығудың жаңа және прогрессивті әдістемелерін талап етуде. Мәселе көпжылдық тактикалық даярлықтың кезеңдерінде спорттық шеберлікті қалыптастырудың жалпы заңдылықтары мен ерекшеліктерін ескере отырып, жастарды жеке жарысқа түсуге спорттық даярлау процесін басқарудың оптималды жолдарын іздестіруден тұрады. Бұл ретте, спорттық мектеп интернаттардың жас спортшыларға берері мол.
Балалар мен жасөспірімдер спортының қанат жаюы спортшыларымыздың шеберлігін арттыруға, олардың халықаралық жарыстарда сәтті өнер көрсетуіне оң ықпалын тигізіп отыр. Елімізде балалар мен жасөспірімдер спорт мектептерін дамытуға айрықша мән беріліп келеді. Бүл мектептерде жеткіншектеріміз таңдаған спорт түрі бойынша жоғары білікті бапкерлерден тегін тәлім алып, спорттық шеберліктерін шыңдайды.
Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттері. Зерттеу жұмысының мақсаты - спорттық мектеп интернаттардың тиімділігі мен мемлекет өміріндегі маңызын көрсету, интернат оқушыларының жетістіктерін эксперимент жүзінде дәлелдеу.
Зерттеудің міндеттері:
- спорттық мектеп интернат тәрбиеленушілерінің дене даярлық деңгейін анықтау;
-спорттық мектеп интернаттағы дайындық процесін үлгілеудің педагогикалық шарттарын анықтау;
-спорттық мектеп интернаттағы жаттығу әдістемесін жасау және дәлелдеу.
Зерттеудің нысаны мен объектісі. Спорттық мектеп интернаттарының сипаты мен ерекшелігі, интернат тәрбиеленушілерінің жалпы дене дайындығы.
1 МЕМЛЕКЕТ ӨМІРІНДЕГІ СПОРТТЫҢ МАҢЫЗЫ ЖӘНЕ МАҚСАТЫ
1. 1 Қазақстандағы спортың дамуына спорттық мектеп интернаттардың тигізер пайдасы
Қазақстан Республикасындағы дене шынықтыру және жоғары жетістіктер спортының жай-күйі, әлемдік спорт дамуының қазіргі заманға үрдістері республикада спортты дамыту жөнінде түбегейлі шұғыл шаралар қабылданбайынша, қазақстандық спортшылардың әлемдік аренадағы көрсеткішттері төмендей беретінін көрсетіп отыр.
Қазіргі заманға спорт денгейі өзінің даму сатысында спорттық нәтижелердің өсуінде ғылыми және инженерлік жетістіктерге неүізделген жаңа көз қарастарға маңызды рөл береді. Жаңа спорт ареналары жаттығулар мен жарыстар үшін арнайы жағдайлар жасау ісінде жаңа жетістіктер, арнайы киім, құрал сайманмен жарақаттандыруды қолдану және құрастыру әлемнің мықты спортшыларының көрсеткіштерін күрт жақсартуға жеткізеді және XXI ғасырға спорттың қандай негізгі бағыттарда қарыштап енетінін айқындады [1, 4 б. ] .
Ел халқының дене қозғалысы белсенділігінің төмендігі жүрек-қан аурулары мен тыныс жолдары органы ауруларынан өмір сүру жасын қысқартуға әсер ететін және өлім деңгейінің жоғары болуына әкеп соқтыратын факторлардың бірі болып табылады. Ел тұрғындарының тұратын аймағына қарай 5-тен 10, 5 пайызы ғана дене шынықтырумен жэне спортпен жүйелі түрде шүғылданады [1, 7 б. ] .
Қазақ халқы арасында спорттың дамуына әр үлт өкілдерімен арадағы қарым-қатынастың нығаюы көп әсер етті. Мұндай жағдай, әсіресе, Қазан төңкерісінен кейін берік қалыптасты. Алғашқы кезеңде спорт пен дене тәрбиесі еңбекшілердің денсаулығын нығайту, жалпы гигиеналық мәселелер, әскери шынықтыру даярлығын жақсарту мақсатында жүргізілді. 1918 жылдың 1 -жартысында жұмысшылар клубтарында гимнастикамен айналысатын үйірмелер үйымдастырыла бастады. Халық ағарту органдарымен мен комсомол үйымдары қыруар жүмыстар атқарып, жастар күшімен спорт алаңдарын, әскери даярлық ісіне жаттығу өткізетін орындар жасады. 1920 жылы 1 қазанда Қазақстанның сол кездегі астанасы Орынбор қаласында дене тәрбиесі нүсқаушылары және үйымдастырушыларымен әскерге баратын жастарды спортқа баулуға арналған курстар үйымдастырылды. Оған жүзден астам кісі қатысты. Оның тең жартысынан көбі қазақ жастары болатын. Мүнан соң Ақтөбе, Гурьев (қазіргі Атырау), Орал, Верный (қазіргі Алматы), Орынбор, Петропавл, Қызылорда, Семей қалаларында ірі спорітық орталықтар қүрылды. Сол жылдары Семей, Қостанай, Жетісу губернияларында спартакиадалар өте бастады. Әйелдер арасында дене тәрбиесін дамыту мақсатында 1925 жылы Семей қаласында арнаулы спартакиада өтті. Дәл осындай әйелдер арасында спартакиадалар Орал, Петропавл, Алматы қалалларында үйымдастырылды. 1928 жылы Петропавл қаласында Бүкілқазақстандық 1-спартакиада өз жалауын көтерді. Оған қатысушылар футбол, жеңіл атлетика, қалашық (городки), қазақша күрес, баскетбол және нысана көздеуден сынға түсті. Қазақстанда дене тәрбиесі мен спортты дамытуда 1931 жылы енгізілген “КСРО-ны қорғауға, еңбек етуге дайын бол" (ГТО) деп атапған бәсекелердің маңызы зор болды. Бұл жастардың спортқа тұрақты түрде қатысуына мүмкіндік берді. Дене тәрбиесінен үлттық кадрлар даярлауға көңіл бөліне бастады [2, 56 б. ] .
1932 жылч Алматыда дене тәрбиесі техникумы ашылды. 1934 жылы республикада ведомствоаралық 1-спартакиада. Орта Азия мен Қазақстан спортшылары арасындағы 1-спартакиада және мектеп оқушылары арасыңдағы бүкілқазақстандық 1-спартакиада өтті. Қазақстан К(б) П-нің 1937 жылы өткен 1 съезі дене тәрбиесі мен спорт жэне бүқаралық қорғаныс жүмыстарын кеңенте түсуді атап көрсетті. 2-дүниежүзілік соғыс қарсаңында Қазақстан спортшыларының саны 150 мыңға жетті, оның ішінде 30 мыңнан астамы қазақ жастары болатын. Соғыс жылдарында әскери-спорт кадрларын даярлауда көп жүмыс атқарылып, елімізде 1, 5 миллионға жуық әскери-спорт мамандары тәрбиеленді. 1945 - 56 жылы Қазақстанда дене тәрбиесі үйымдары нығайып, спорт кадрлары өсіп шықты. 1945 жылы Алматыда дене тәрбиесі институты (Қазақ физкулътура институты) ашылды. 1946 жылы Шоқыр Бөлтекүлы "Спартак коғамы бопынша бокстан КСРО чемппоны атанып, қазақ жастар арасында бірінші болып спорт шебері деген дәрежеге жетті [2, 64 б. ] .
1950 жылы Қазақстан спорт ұйымдары құрылды. 1959 жылы бұл ұйымдар спорт федерациясы болып өзгертілді. 1951 жылы "Колхозшы" спорт қоғамы қүрылды. 1956 жылдан бастап "Қайрат" деп аталды. 1956 жылы Мэскеуде КСРО халықтарының 1-спартакиадасы өтті Қазақстан спортшылары 1956 жылдан олимппялық ойындарға да қатыса бастады. Тау шаңғышысы А. Артеменко 1956 жылы Италияның Кортина Д'Ампеццо қаласында өткен 7-қысқы олимпия ойындарында, ал Е. Кадяйкин Мельбурнда (Австралия) өткен жазғы 16-олипмпиялық ойындарда 3000 м-ге тосқауылдар арқылы жүгіруден сынға түсті. Қазақ жастары арасынан шыққан жеңіл атлет Г. Қосанов 1960 10 м-лік эстафеташылар жарысында күміс алды.
Дене тәрбиесі және спорт туралы заң. 1999 жылы 2 желтоқсанда (N490) Қазақстан Республикасы Парламентінің Мэжілісінде қабылданған заң. Бұл заң дене тәрбиесі мен спорт саласындағы құқықтық түр ұйымдастыру эканомнкалық жэне әлеуметтік мәселелерді қамтып бүқаралық дене тәрбиесінің бағдарламасын, әуесқой және кәсіби спортты дамытудың негіздерін бекіткен. Сонымен қатар осы сауалдағы негізгі мемлекеттік міндеттерді түсіндіреді алға қойған басты бағыттарды анықтайды. Заңға Қазақстан Республикасының Президенті қол қойған [2, 136 б. ] .
Дене шынықтыру мен спорт тарихы қоғам өмір сүруінің әр түрлі кезендеріндегі дене тәрбиесі саласындағы құралдар, түрлер мен әдістер идеялар мен теориялардың пайда болуы мен дамуын зерттейді. Ол дене шынықтыру мен спортты бүкіл адамдардың мәдениеті, тәрбиесі мен бөлімінің құрамдас бөлігі ретінде, оларды өндірістік және эскери қызметке дайындау ретінде қарастырылады. Тарих дене шынықтыру мен спорттың ертедегі кезеңдерден бүгінгі уақытқа дейінгі даму эвалюцнясын қарастырып келеді.
Дене шынықтыру мен спорт тарихы үлкен тәрбиелік және білімдік маңызға ие, Ол ғылыми көзқарастың қалыптасуына ықпал етеді, адамдар санасын өткеннің маңызды оқиғаларымен байыта түседі, адамгершілікке тәрбиелейді. отанға деген сүйіспеншілікке, дене шынықтыру мен спорттың дамуы мен қалыптасуына үлес қосқан барлық халықтарға құрмет сезімдеріне тәрбиелейді [2, 154 б. ] .
Дене шынықтыру мен спорт тарихы ұлттық және интернационалдық қызығушылықтардың дұрыс ұштасуына үйретеді, шовинистік және ұлтшылдық сипаттағы насихаттауларды теріске шығарады 1996 жылдың 19 желтоқсанында Елбасы «Қазақстан Республикасында» бұқаралық спортты дамытудың 1996-2000 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасы туралы» Жарлыққа қол қойды. Соның арқасында өткізілетін спорттық шаралардың саны артып, салалық спартакияадалар, окушылар мен студенттер жарыстарын ұйымдастыру үрдісі қайта жаңғырды.
Бағдарлама мерзімінің соңына қарай, яғни 2001 жылы спортпен шұғылданушы халықтың саны 24, 1%-ға артып, 1436. 3 мың адамды күрады. Республикада 290 спорт мектебі жүмыс істеп, оларда 134 мың балалар мен жасөспірімдер тәрбиеленді. Дене шынықтыру мен спорт саласындағы штаттық қызметкерлер саны 23 239 адам болды. Спортқа дарынды балаларға арналған мектеп-интернат жаңадан ашылып соның нәтижесінде мектеп-интернаттардағы шәкірттер саны 942-ден 2385-ке дейін артты. Спорттық резервтер даярлаудың облыстық орталықтарын құру ісі қолға алынып, Президенттік сынақ жүйесі енгізілді [ 3 ] .
Елбасының 2001 жылдың 12 наурызндағы «Қазақстан Республикасында дене шынықтыру мен спортты дамытудың 2001-2005 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасы туралы» Жарлығы бұған дейінгі Мемлекеттік бағдарлама енді ғана қолға алынған шақта, яғни 2001 жылдың басында спортпен шұғылданушылар саны 1436, 3 мың адам болса, салауатты өмір салтын серік еткендер 2002 жылы - 1546, 3 мың адам, 2003 жылы - 1752, 1 мың адам, 2004 жылы - 1885, 9 мың адам, ал бағдарлама мерзімінің соңғы жылында 2 миллион адамнан асып, елхалқының 13, 7 пайызын құрады. Спорт саласындағы штаттық қызметкерлер саны 2002 жылы 24 684 адам болса, 2003 жылы - 26 624 адам, 2004 жылы - 28 337 адам, 2005 жьшы - 29976 адамға жетті.
2005 жылы балалар мен жасөспірімдер спорт мектептерінің жалпы саны 389-ға жетіп тарда тәрбиеленуші жеткіншектер 200 529 адам болды. 1996-2' ж-. . 2001-2005 жылдарға арналған. Мемлекеттік Бағдарламалардын жүзеге асырылуы спорт саласын дамытуға айтарлықтай үлес қосты. Дегенмен, саланы дамыту механизмін тұрақты жетілдіру, соған қажетті шараларды үздіксіз жүзеге асыру қажет еді. Осы мақсатта Қазақстан Республпкасы Президентінің 2006 жылдың 28 желтоқсанындағы Жарлығымен Қазақстанда дене шынықтыру мен спортты дамытудың 2007-2011 жыпдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасы қабылданды [ 3 ] .
Бұл Мемлекеттік бағдарламаның мақсаты - спорттың халықаралық талаптарға инфрақұрылымын дамыту, нормативтік-құқықтық базаны жетілдіру, білікті мамандармен қамтамасыз ету, спорт ғылымын дамыту дене шынықтыру мен спорт арқылы салауатты өмір салтын қалыптасіыру, спорттық резервті, халықаралық деңгейдегі спортшыларды даярлау жүйесін жетілдіру болды. Мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асырудың нәтижесінде спорт саласының бойына қан жүгіріп, бұрынғы деңгейіне қайта орала бастады. Салалық спартакиадалар, оқушылар спартакиадасы мен студенттер сайысы сынды спорттық бәсекелер қайта жанданып, кешенді спорттық-көпшілік шаралар, бұқаралық спорт түрлерінен өтетін жарыстар көбейді. Мектептен тыс спорт мекемелерінің аула клубтарының жүмыстары жанданды. Өңірлерде дарынды балаларға арналған мектеп-интернаттар, спорттық ізбасарлар даярлау орталықтары ашылып спортпен шұғылданушылар қатарының көбеюіне мол септігін тигізді [4, 58 б. ] .
2008 жылға дейін спорттық ұжымдар мен клубтардың азайғанына қарамастан, спортпен жүйелі шұғылданушылар саны арта түсті. Бұл, бір есептен, елдің әлеуметтік-экономикалық ахуалының алға басқанын аңғартса, екіншіден - Қазақстан спорт саңлақтарының халықаралық деңгейдегі жоғары көрсеткіштері жас жеткіншектерге үлгі бола бастауының және спорт саласына мемлекеттік деңгейде көңіл бөлінуінің арқасы еді. Сонымен, еліміздегі спортпен шүғылданушылардың саны 2009 жылдың басында 2 433 742 адамға жетіп, ел халқының 15, 6 пайызын қүрады.
Бүгінде Елімізде спортпен жүйелі шұғылданатындардың саны 2 900 000 адамға жетсе соның ішінде 6-18 жас аралыгындагы балалар мен жасөсіпірімдер - 1 527 256 адам, балалар мен жасөспірімдер спорт
мектеп- интернаттарында - 237 165 адамды құрайды. Елімізде барлыгы 31 266 спорт нысаны бар. Солардың баршасы халыққа қызмет етіп, ел спортының алға басуына үлес қосуда [4, 75 б. ] .
Балалар мен жасөспірімдер спортының қанат жаюы спортшыларымыздың шеберлігін арттыруға, олардың халықаралық жарыстарда сәтті өнер көрсетуіне оң ықпалын тигізіп отыр. Елімізде балалар мен жасөспірімдер спорт мектептерін дамытуға айрықша мән беріліп келеді. Бүл мектептерде жеткіншектеріміз таңдаған спорт түрі бойынша жоғары біліктібапкерлерден тегін тәлім алып, спорттық шеберліктерін шыңдайды [5, 12 б. ] .
Спортқа дарынды балаларга арналган мектеп-интернаттар саны да жыл ға
артқан сайын көбейе түсуде. Бүл оқу орындарында негізінен ауылдық жерлерден келген, аз қамтылган отбасылардың балалары оқып, оқумен, спорттық шеберлігін арттырумен қатар тегін жатакқанамен, тамақпен қамтамасыз етеді. Интернаттарда білікті ұстаздар, жаттықтырушылар мен тәрбиешілер жұмыс істейді. Спортқа дарынды балаларга арналган мектеп-интернаттар еліміздегі спорттын дамуына үлкен пайдасын тигізіп отыр. Осы кезеңде дене шынықтырумен және спортпен айналысушылар санының тұрақты өсу үрдісі байқалады [5, 37 б. ] .
Егер Дене шынықтыруды және спортты дамытудың 2007 - 2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы іске асырыла бастаған 2007 жылы спортпен шұғылданушылар саны ел тұрғындарының 2, 3 млн. адамын (15 %) құраса, 2008 жылы 2, 35 млн. адамға дейін артқан, 2009 жылы 2, 4 млн. адамды, 2010 жылы - 2, 8 млн. адамды (17, 7 %), 2011 жылы 3, 3 млн. адамды немесе 20, 0 %-ды, 2012 жылы - 3, 6 млн. адамды немесе 21, 6 %-ды құрады.
Шетелде бұқаралық спорт бірінші кезекте халықты сауықтырудың, өзін-өзі жетілдіруге қол жеткізудің, өзін көрсету мен дамытудың тетігі, сондай-ақ бейәлеуметтік құбылыстарға қарсы күрестің құралы болып табылады. Сондықтан мемлекеттер халықты бұқаралық спортпен айналысуға тартуды негізгі мақсат ете отырып, бұқаралық спортты дамыту мәселелеріне ерекше мән береді. Бұқаралық спортты дамыту процестерінің негізгі сипаттамалары: бұқаралық спортты қолдауда мемлекеттің рөлін, сондай-ақ осы саладағы қызметті ұйымдастырудың барлық нысандарының рөлін арттыру, бұқаралық спортты профилактикалық және емдік іс-шараларда пайдалану, әлеуметтік жағымсыз құбылыстардың профилактикасы, спортты жастарды адамгершілік, эстетикалық және зияткерлік тұрғыда дамытуда пайдалану болып табылады.
Осы процестердің әсері мыналардан:
1) спорттық думандар мен спорттық көрсетілетін қызметтер секторынан;
2) спорттық телерадио хабарларын тарату көлемінің артуынан;
3) халықтың қажеттіліктерін ескере отырып, дене шынықтыру-сауықтыру инфрақұрылымын дамытудан;
4) қызмет көрсету нысандарының, бұқаралық спорт қызметтерін ұсынудың әдістері мен құралдарының әр алуандығынан түсетін табыстардың өсуіне әкелді [6, 28 б. ] .
Бүгінгі күні бүкіл ел бойынша өткізілетін спорттық-бұқаралық және дене шынықтыру-сауықтыру іс-шараларының саны артып келеді, тек 2011 - 2012 жылдар арасында 18 мыңнан астам спорттық-бұқаралық іс-шаралар өткізілді, оларға 4, 1 млн. астам адам қатысты.
Өткен төрт жылдық кезеңде спартакиадалар, спорт түрлерінен турнирлер, спорттық отбасылар арасында «Бірге жарысамыз» атты жарыстар, бұқаралық жүгірістер, сондай-ақ әрқайсысында 2 млн. астам адам қатысатын президенттік тестілер тапсыру айлығын өткізу дәстүрге айналды [6, 37 б. ] .
2011 жылы тұңғыш рет Қазақстанның бүкіл аумағында дәстүрлі халықаралық «Олимпиадалық жүгіру күні», тұңғыш «Жастар ойындары» бір уақытта басталды.
Ұлттық спорт түрлері белсенді түрде дамып келеді, олармен 2012 жылдың қорытындысы бойынша 229, 9 мыңнан астам адам шұғылданады (2010 ж. - 166 мың адам, 2011 ж. - 208, 4 мың адам) . Бұған жыл сайынғы чемпионаттарды, республикалық және халықаралық турнирлерді, оның ішінде тоғызқұмалақтан бірінші әлем чемпионатын, бірінші жастар ойындарын, қазақ күресінен әлем және Азия чемпионаттарын, Қазақстан Республикасы Президентінің жүлдесі үшін халық спорты ойындарын өткізу, спорт мектептері мен клубтарында ұлттық спорт түрлерінен бөлімшелердің ашылуы ықпал етті.
Ауыл спортын дамытуда маңызды бастама «Ел Қайраты» республикалық ауылдық дене шынықтыру-спорт қоғамын құру болды [7, 24 б. ] .
6769 жалпы білім беру мектебінде 3 сағаттық дене шынықтыру сабақтары енгізілген, бұл олардың жалпы санының 98 %-ын құрайды.
Елде спорт секцияларында 803 мыңнан астам бала немесе жалпы білім беру мектептерінің оқушылары жалпы санының 33 %-ы (2, 5 млн. мектеп оқушысы) шұғылданатын 24 мыңнан астам дене шынықтыру ұжымдары жұмыс істейді. Республикада 1978 спорт клубы, оның ішінде 106 балалар-жасөспірімдер дене тәрбиесі клубы, 662 балалар мен жасөспірімдер клубы, 1010 дене шынықтыру-сауықтыру клубы және спорт түрлерінен 164 кәсіптік клуб жұмыс істейді, онда 376 мың адам шұғылданады [7, 24 б. ] .
Өткен үш жылда дене шынықтырумен және спортпен айналысуға тартылған денсаулығының мүмкіндіктері шектеулі адамдар санының өсу серпіні байқалғанын атап өту қажет.
Елімізде халықтың 3 %-ын құрайтын 486 мыңнан астам мүгедек тұрады, олардың ішінде 45 % адамға спортпен шұғылдануға тыйым салынбаған. Дене шынықтырумен және спортпен жүйелі айналысатын мүмкіндігі шектеулі адамдар санының 2011 жылғы 15 505 адамнан (7, 7 %-ы), 2012 жылдың қорытындысы бойынша 16 643 адамға дейін өсуі (8, 3 %-ы) байқалады. Бүгінгі күні республикада 193 мүгедек спорттың әр түрінен Қазақстан Республикасының спорт шеберлері болып табылады. 2011 жылы 57 адам спорт шебері, 9-ы халықаралық дәрежедегі спорт шебері нормативтерін орындады. Жыл сайын спортшы-мүгедектер арасында республикалық және халықаралық деңгейлерде 70-тен астам спорттық-бұқаралық іс-шара ұйымдастырылып өткізіледі, оған 5 мыңнан астам адам қатысады [7, 56 б. ] .
Елде бұқаралық дене шынықтыру-спорттық қозғалысты дамытудың салдары отандық спортшылардың Олимпиада және Азия ойындарындағы, әлем және Азия чемпионаттарындағы жоғары жетістіктері болып табылады.
Дене шынықтыру мен спортты дамытудың маңызды мәселесі сала үшін кадрлар даярлау болып табылады.
Қазіргі уақытта республикада спорт саласындағы мамандар даярлаумен 17 жоғары оқу орны айналысады, оның ішінде жаттықтырушы-оқытушы құрамның біліктілігін арттыру жөніндегі кәсіби қызметті жүзеге асыратыны біреу - Спорт және туризм қазақ академиясы [8, 20 б. ] .
Қазіргі уақытта дене шынықтыру және спорт саласында штаттық дене шынықтыру қызметкерлері - 40 647 адам, бұл 2011 жылғы деңгейден 1 061 адамға көп [8, 24 б. ] .
Дене шынықтыру қызметкерлерінің жалпы санынан 37 952 адамның дене шынықтыру білімі бар, оның ішінде 32 809-ында жоғары, 5 143-інде орта.
Дене шынықтыру білімі бар ауылдағы қызметкерлер саны - 18079 адам, оның ішінде 15260 адамның жоғары дене шынықтыру білімі, 2819-ында орта арнайы дене шынықтыру білімі бар.
Дене шынықтыру қызметкерлерінің жалпы санының 60, 6 %-ы - мектептердегі, лицейлердегі, колледждер мен ЖОО-дағы мұғалімдер, 9, 1 %-ы - спорт ұйымдарының қызметкерлері, 23, 7 %-ы - жаттықтырушы-оқытушы құрам, 3, 7 %-ы - спорт әдіскерлері және 2, 9 %-ы - басқа дене шынықтыру қызметкерлері - массажшылар, емдеу медицинасының нұсқаушылары және тағы басқалары.
Бүкіл республика бойынша спорттық құрылыстардың саны 2010 жылғы 31266 бірліктен, 2011 жылы 32 614 бірлікке артты және 2012 жылдың қорытындысы бойынша 33 347 бірлікті құрады, оның ішінде 21 450 бірлігі ауылдық жерге тиесілі [9] .
Бұл ретте еліміздің спорттық құрылыстарына жасалған талдау мен түгендеу оның ішінде дене шынықтыру-спорттық мақсаттағы объектілер санының барлығы 6 мың 999, спорттық мектептер 1 мың 383, қомақты үлесін білім беру мекемелеріндегі спорт залдардың саны - 24 мың 938 құрайтынын көрсетті.
Астана және Алматы қалаларында 7-ші қысқы Азия ойындарын дайындау және өткізу шеңберінде заманауи спорт объектілері салынды. Алматыда «Медеу», «Шымбұлақ» және сырғанау мұз айдынын жапсарлас сала отырып, Б. Шолақ атындағы Спорт сарайы толық реконструкцияланды. Республикада 30 мың орынға есептелген «Астана - Арена» жабық футбол стадионы, «Сарыарқа» республикалық велотрегі, «Қазақстан» спорт сарайы жанындағы сырғанау мұз айдыны, «Алау» коньки тебу стадионы, «Алатау» шаңғы және биатлон кешендерінің стадионы, Алматыда халықаралық шаңғы трамплиндерінің кешені салынды [ 10] .
Негізгі проблемаларды талдау.
Сонымен қатар, дамудың оң үрдістерімен қатар отандық спортты дамытуды тежеп отырған проблемалар да бар:
1. Материалдық-техникалық базаның және спорт инфрақұрылымының төмен деңгейі:
1) проблемалардың бірі ауылдағы спорттың ең алдымен материалдық-техникалық базаның болмауынан жеткіліксіз дамуы болып тұр. Ауылдық жердегі 4483 спорт залының 3650-і жалпы білім беру мектептерінде орналасқан және оқу сабақтарын өткізу үшін пайдаланылады, спорт залдарының 20 %-ында ғана барлық халықтың айналысуына қолжетімді;
2) спорттық құрылыстардың ғана емес, сондай-ақ ұйымдарда, оқу орындарында, халықтың тұрғылықты жері мен бұқаралық демалыс орындарында спорттық мүкәммал мен жабдықтың жетіспеуі де сезіледі.
2. Бұқаралық спорттың әлсіз дамуы. Халықтың тұрғылықты жері бойынша жұмыс дұрыс жолға қойылмаған, жеткіншектер клубтарының желісі жеткіліксіз дамыған, тұрғылықты жер мен бұқаралық демалыс орындарында қарапайым спорт алаңдары мен спорт құрылыстары жоқ дерлік. Ауылда спортты дамыту проблемасы ерекше өзекті. Қазіргі спорт объектілері республика халқының көпшілігі үшін қолжетімсіз болып қалуда. Сонымен бірге азаматтардың өздерінің дене шынықтырумен және спортпен жүйелі айналысуға белсене қатыспау мәселесі де өзекті проблема болып отыр.
3. Ауылдық жерде спорт бойынша әдіскерлер жоқ. Талдау көрсеткендей, 6998 кентте бар болғаны 784 әдіскер жұмыс істейді, ол 12, 0 %-ды құрайды.
Бұдан басқа, тұтастай алғанда қазақстандық, сол сияқты шетелдік білім беру ұйымдарында әртүрлі машықтану, магистратура бағдарламалары бойынша оқыту арқылы саланың жаттықтырушы-оқытушы құрамының біліктілігін арттыруға қажеттілік бар [11] .
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz