Қабілет мәні және оған бүгінгі ғылым тұрғыдан берілген сипаттама



Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 27 бет
Таңдаулыға:   
Кіріспе
Қазақстан Республикасы Президенті Н.Назарбаевтың қазақстандықтарға
Жолдауында "Ғасырдағы экономикалық және әлеуметтік ұмтылыстағы негізгі
жетекші күш — адамдар, олардың еркі, жігері, табандылығы, білімі" делінген.
Олай болса, алға қойылган мақсаттарды орындау үшін еліміздегі оқушы
жастарымыздың шығармашылық әлеуетін жан-жақты өсіруге ден қою қажеттілігі
туыңдайды.
Ожеговтың сөздігінде дарындылық "табиғаттан берілген ерекше қабілет "
деп түсіндіріледі. Адами ойлау — табиғаттың адамзатқа берген тамаша сыйы.
Бұл қабілет барлық адам бойынан табылары да сөзсіз. Қабілет іс-әрекеттің
белгілі бір түрін ойдағыдай, нәтижелі етіп орыңдауда көрінетін адамның жеке
қасиеті. Қысқасы, дарынды балаларды іздеу, оларды оқыту мен тәрбиелеу қоғам
үшін бүгінгі күні ете қажет, себебі дарынды адам басқаға қарағанда көп
пайда әкеледі. Әрбір талантгы адам еңбекке бейім келеді және шығармашылық
тапқырлықпен жігерлі еңбек етеді.
Мектеп оқушылар ғылыми қоғамының негізгі міндеті — сыныптан тыс және
үйірмелік жұмыстарды оқу-тәрбиелік үрдістерімен байланыстыра отырып ғылыми
деңгейге көтеру оқушылардың ғылыми қоғамын құру үшін мектепте белгілі бір
дәрежеде дайындық жұмысы өту керек: пәндік апталықтар, білгірлердің, ойын
байкауы, пәндік олимпиадалар, шығармашылық көрмесін, бейнелеу өнерінің
көрмесін өткізу, әлеуметтік зертгеу арқылы қоғамдық мақсат бағдары мен
балалардың қабілеттілігін анықтау. Түрлі шаралардың жеңімпаздары қоғанның
негізгі мүшелері болып табылады.
Білім нәрін беретін білім мазмұнын жақсарту, оны заман талабына сай
игеру, оларды ел азаматы болуға, ақыл ойын жан-жақты дамытуға ұмтылуга
тәрбиелеп, шығармашылық тұлға, әрі реформалардың белсенді жалғастырушысы
ретінде қалыптастыруды көздейтін білім беруші — ұстаз. Яғни, ұстаз білімді
болса ғана осы ұлы мақсатқа — егеменді, терезесі тең елге айналуға мойын
бұрамыз. Сондықтан дарындылықты дамытудың жолдарын әрдайым іздестіріп,
бағыттарын қарастыруымыз керек. Іс-шаралар оқушылардың шығармашылық
әлеуетін жан-жақты өсіруіне, жеке дара қабілетгерін ілгері дамытуына көп
көмегін тигізеді. Біз бұл ғылым және шығармашылык күндерін қаңтар айында
өткіземіз және оған жоғары оқу орындарынан ғалым ұстаздар қатысады. Сол
ғылым күнінің қорытындысы бойынша мұғалімдер мен оқушылар өз ғылыми
жұмыстарымен Павлодар мемлекеттік университетінде өтетін "Сәтбаев
оқуларына" және ғылыми-тәжірибелік конференцияга қатысады.
Мұндай шараларымызды іске асыру мақсатында оқушы, мектеп, ата-ананың
байланысын нығайту және ғылымның жекеленген салаларына тереңдеу арқылы
арнайы оқу орындарымен байланыс жасап, жүйелі жүмыс жүргізу көзделеді.

1. Бөлім. Қабілет мәні және оған бүгінгі ғылым тұрғыдан берілген
сипаттама .
1.1. Қабілет құбылысын түсінідіруге болған ғалым қозқарастың мәні.
Жаңа ғасырдағы Казақстан елінің үміт артар келешегі бүгінгі мектеп
партасында отырғандар десек, оларды жан-жакты уақыт талабына сай білімді,
мәдениетті, интеллектуалды азамат етіп шығарудағы ұстаздар алдындағы зор
міндеттер айтпаса да түсінікті.
Жөргектен азаматтық жасқа дейінгі тәрбие берудін сабақтастығы желісінде,
10 - 14 жасқа дейінгі кезеңді камтитын, жоғары сыныптарда берілетін оқу-
тәрбие жұмысының мақсаттылығы мен жүйелілігі, ықпалдылығы келешек азамат
болып қалыптасуға тиіс адамға зор маңызы бар екендігіне ешкім қарсы дау
айта қоймас. Олай болса, сабак жүргізетін ұстаздар өзін әр бала үшін
болашақ үйдін іргетасын қалап жатқан құрылысшымын дегендей сезімді бір сет
те ойларынан шығармауы тиіс дер едім. Ұлттық және жалпы адамзаттың білім
мен мәдениеттің озық үлгілерін бойына сіңірген жағдайда ғана адам шын
мәніндегі азаматтык деңгейге көтерілмек.
Отбасындағы тұрмыс жағдайына ата-анасының білімділік, біліктілік
деңгейіне байланысты. Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілесің деген аталы сөз
бекер айтылмаған. Балалы болуды мақсат еткенімен, оның тәрбиесіне
жеткілікті мән бермейтін ата-аналар баршылық. Міне, қалай болғанда да алла
жаратқан әрбір пенденің өзіндік ерекшелігі, өзіндік қабілет-қарымы,
бейімділігі болатындығы даусыз, Бұлақ көрсең-көзің аш деген сөзді дана
халқымыз адамның тәрбиесіне байланысты айтқан. Яғни, адамның бойындағы
дарынының көзін аш дегені. Әр баланың бойындағы осы бір ерекшеліктерін дел
басып танып, оны әрі қарай дамыту үшін ата-анамен байланыс жасау, олардың
жан ұялық жағдайын зерттеу, ата-ананың өзінің қабілет дарыеы қандай, арғы
тегінде өнерпаздық дарыған адамдар болған ба, міне, осылардын барлығын
бірінші сынынқа бала қабылдаған күннен бастап, зерттеуді талап етеді. Бұл
істе ер баланың ата-анасымен-берік ынтымақтастық ахуал қалыптастыра білсең,
көп нәрсені ұтарын хақ.
Әрқандай іс-әрекетке байланысты адам қандай да қызметті орындауы
қажет және сол істің тиімді нәтижесін қамтамасыз етуге жәрдем беретін
сапаларға ие болуы тиіс. Мұндай дара психологиялық ерекшеліктер міндетті
түрде, бір жағынаң, өзіндік психикалык, табиғатына ие болудан, екінші-ден -
әркімде өз алдына, қайталанбас керінісінен жеке адам кабілеті көзделеді.
Адам болғанның барлығы тік жүру, сөйлеу мүмкіндіктеріне ие, бірақ, бұлардың
бірі де шын қабілет тобына кірмейді, себебі, біріншісі - психологиялық
құбылыс емес, екіншісі - баршада бірдей көрінетін әрекет. Қабілеттердің
табысты іс-әрекетпен байланыстылығын баса айтумен, тиімді нәтижеге негіз
боларлық дара-өзгермелі адам қасиеттерінің шеңберін тарылта қарастыру
керек. Қабілетсіздерге қарағанда, қабілетгі адам іс-әрекетті тезірек
меңгереді, қажетті, мол нәтижеге оңай жетеді. Қабілет өз ішіне әртүрлі
психофизикалық қызметгер мен психикалық процестерді ғана емес, сонымен
бірге жеке тұлғаның барша даму деңгейін қамтыған әрі оларға тәуелді күрделі
бірігім. Адамның сыртқы білім, ептілік, дағды әрекеттерінде көрінгенімен,
қабілет табиғаты іс-әрекеттен бөлек. Мысалы, тұлға техникалык және білім
жағынан күшті бола тұрып, қызметке келгенде болымсыз, ал кейбіреулер арнайы
оқып, үйренбей-ақ күрделі қызметтерді атқарып, тиімді нәтиже беруге шебер.
Нақты көрінетін білім, ептілік және дағдылар қатарында қабілет
адамның жүзеге асуы мүмкін қасиеттерінің бірі ретінде бағаланғаны жөн, яғни
қабілет жерге тастаған дәнмен бірдей: қолайлы жағдай болса өнеді, кері
жағдайда көрінбей-ақ жойылады. Осыдан, қабілет - білім, ептілік және
дағдыларды игерудің мүмкіндік кезі, ал оның іске асу, аспауы көп жәйттерге
тәуелді. Мысалы, балада керемет математикалық қабілет болуы ықтимал, бірак
ол сол баланың ғұлама-математик боларының кепілі емес. Арнайы шарттар
(бағдарлы оқу, шығармашыл педагог, отбасы мүмкіндіктері т.б.) орылдалмаса,
қабілет дамымай жатып, өшеді. Қоғам қолдамауынан қаншама даналардын болмай
жатын, құрдымға кеткенін кім санапты? Ал мектепте "үштік" бағаға ептеп
ілесіп жүрген Альберт Эйнштейн әлемге әйгілі ғалым-физик болыпты.
Білім, ептілік және дағдылардың игерілуімен олардың қабілетпен тікелей
байланысы көріне бастайды, яғни іс-әрекетті игеру барысында қатыса отырып,
қабілет одан әрі дамиды, іс-әрекетке жаңа мазмұн мен сипат береді.
Математиканы оқымаған адамның математикалық қабілеті ешқашан да жарыққа
шықпайды: оны тек сандарды танып, олармен есеп құрап, мәселе шешу барысыңда
ғана қалыптастыру мүмкін.
Қабілет білім, ептілік және даңдылардың өздерінде көрінбей, танып
үйренуге орай нақты әрекеггі игеру динамикасында (тез-шабан, оңай-киын)
байқалады. Іс- әрекеттің нәтижесі, орындалу деңгейі мен тәсілдерінің
тиімділігі қабілетке тәуелді.
1. Қабілет - бір адамды екіншісінен ажырататын дара психологиялық
ерекшелік. Баршаға бірдей тән қасиетгері қабілет бола алмайды. 2. Қабілет-
- барша тұлғаға тән болған ортақ сапа емес, кей адамға ғана дарыған қандай
да бір не бірнеше іс-әрекетті табысты орындауға жарайтын өзара ептілік. 3.
Қабілет - нақты адамда топталған білім, ептілік және дағдылардан оқшау,
қажет әрекетті игеру желісінде ғана көрінеді.
Қабілет пен іс-әрекет арасындағы қатынасты сөз ете отырып, егер адам
іс-әрекетке байланысты талаптарды орындай алмаса, оның қабілетінің
жетімсіздігін атап өткен жөн. Мұндай тұлға қажетті білім қорын жинақтап,
ептіліктер мен дағдыларды қалыптастыруы үшін талай күш салып, ұзақ уақыт
жаттығуы тиіс, ал тәрбиеші-педагогтар оны оқытып, үйрету үшін үлкен
шеберлік пайдалануы лазым. Әйгілі режисср В. Немирович-Данченко "Кім болса,
сол режисер бола алады ма?" деген сұраққа "Әлбетте, әркімде болады, бірак
біреуге ол үшін 3 жыл оқып, тәрбиеленуі кажет, ал екіншіге -30 жыл,
үшіншіге - 300 жыл да аз" - деп жауап беріпті. Сонымен бірге, адам қабілеті
уақыт етумен пайда болып, немесе қаңдай да қызметке орай қалыптасуы мүмкін.
Көрінген іс-әреқет жеке адам қабілетін дамыта алмайды. Адам
тіршілігінің жалпы құрылымына назар аудара отырып, қабілет дамуына
ықпалсыз, керісінше, көріңген қабілет нышандарын тежеп, олардың жойылуына
себепші іс, әрекеттер барын байқау қиын емес. Мысалы, егер ән-күй не
шығармашылык қабілеті бар адам ауыр, қарапайым дене жұмыстарымен
шұғылдануына тұра келсе, әрине, кейінгі іс ондағы табиғи қаланған
қабілеттердің дамуына оң әсер етуі екіталай.
Жеке тұлғаға байланысгы дамытушы іс-әрекет жайыңда әңгіме
қозғалғанда, алдымен маңызды болуынан төңірегіне адамның барша
мүмкіндіктерін жинақтай алатын іс-әрекет ескерілуі қажет. Сондықтан, нақты
әрекеттің дамытушылық қасиетін тану үшін, оны жеке адаммен байланыстыра
сипаттау керек. Бұл жағынан бүкіл адам өмірімен қабысқан кәсіби қызметтің
өзі де иесі үшін аса мәнді де маңызды болмауы мүмкін. Өңдірістік
тапсырыстар мен қызметтік міңдеттер адамның шығармашылық мүмкіндіктері мен
тұрмыстық бай тәжірибесін толық және жан-жақты ашып бере алмайды.
Іс-әрекет адам қабілетін ұдайы дамыта бермейді, оның себебі - қабілет
пен іс-әрекет арасында белгілі сәйкестіктің болмауи. Бұл сәйкессіздіктің
мәні: әрқандай қабілет өзінде қалаған іс-әрекет мүмкіндіктерін қамтуынан
қай бір жағынан нақты орындалып жатқан іске қарағанда ауқымда да кең
мағыналы. Екінші жағынан, нақты іс-әрекет өзіне қатысты қабілеттен кеңірек
болып, басқа да қабілеттерді қажетсінуі мүмкін. "Қалыпты адам өзімің дене
және ақыл қабілеттерінің он пайызын ғана пайдаланады. Қолданған және онда
пайдаланбай қалған мүмкіндіктер айырмашылығы - адамның кім болып танылғаны
мен әлі де кім болатынының көрсеткіші" (Коупленд П.)
Мүмкін болар қабілеттер нақты іс-әрекеттің қандай да түрінде көріне
бермейді, алайда белгілі әлеуметтік жағдайлардың өзгеруімен кызмет желісіне
қосылуы мүмкін. Нақты қабілеттер қатарына жалпы қызмет бабыңда іске асатыны
ғана емес, сонымен бірге дәл бір уақытта және нақты шақтағы әрекетке қажет
болғандары да кіреді. Мүмкін болған және нақты қабілеттерді тұлға
қабілетінің дамуына ықпал етуші әлеуметтік жағдайлардың жанама көрсеткіші
ретінде таяуға болады. Себебі қоғамның әр тарихи даму кезеңінде қалыптасқан
әлеуметтік жағдайлардан мүмкін болар қабілеттер өрістей түседі не
кедергілерден сөніп кетеді, накты іс жүзінде көрініп не пайдалану сәті
болмай қалады.
Адам қабілеттерінің табиғаты осы күнге дейін ғалымдар арасында қызған
ой-пікір таласын тудыруда. Солардың ішінде өз басымдылығын танытқан, тарихы
Платоннан бермен қарай жалғасып келе жатқан қабілеттердің биологиялық
негізді екендігі және олардың нәсілдікке тәуелділігін дәріптейтін көзқарас.
Бұл бойынша, оқу мен тәрбие қабілет-тердің пайда болу қарқынын өзгертуі
ғана мүмкін, ал олардың көрініс беруі бірыңғай емес. Мысалы, Моцарттың
музыкалық дарыны 3 жаста белгілі болғаң, Гайдн - 4, Дина Нүрпсйісованың
күйшілік өнері 8 жасында байқалған. Сурет жөне сәулет өнері қабілеттері
кейіндеу білінеді: Рафаэл - 8 жаста, Ван-Дейк - 10 жаста, Дюрер - 15 жаста
өнермен айналыса бастаған.
Қабілеттердің нәсілдікке тәуелділігі туралы ғылыми зерттеулер әр
адамның қабілетін оның миының көлемі және салмағымен байланыстыра
түсіндіреді. Белгілі болғандай, ересек адамның ми салмағы орташа 1400 г.
Ұлы тұлғалардың, мысалы, И. С. Тургеневтің миі - 2012 г., Д, Байрон - 1800
г., аталған көрсеткіштен біршама жоғары болған. Мұндай дәлелдер біршама
баршылық. Бірақ қабілет пен ми байланысына орай басқаша кері дәлелдерді де
келтіруге болады: Ю. Либихтің миі - 1362 г., А. Франстың - 1017 г. Ал ең
ғажайыбы, өте ауыр ми 3000 г. артық ақыд-есі кем адамда байқалған. Солайда
болса, кең кауым арасында "миы көп -ақылды" деген ұғым көбірек жайылтан,
осыдан маңдайы биік, жазық маңдай адамды сыртынан данаға баламалап, одан
келелі ой-пікір күтеміз, ал екі елі, тар маңдайлы адамның кабілетін
күнілгері жоққа шығарын, одан ешбір негізсіз үмітімізді үземіз.
Қабілетіне байланысты нәсілдік идея Франц Галльдың "Френология"
(рһгепоs - ақыл, lо§оs - білім) деп аталған психологиялық тағылымында
дәріптеледі. Френологтар адамның психикалық ерекшеліктерін оның бас
сүйегінің сыртқа формасымен ұштастыруға талпынды. Мұндағы тұжырым мәні: бас
миының қабығы белгілі қабілетгерге мекен болған (локализация) бірқанша
орталықтардан құралады. Осыдан, мидың тиісті бөлігінің ауқым-көлемінен оңда
мекен алған қабілетің даму деңгейі анықталатын көрінеді. Арнаулы
зерттеулер негізінде әрқайсысы белгілі дара қабілетке сай келетін бас
сүйегінің 27 учаскесі анықталып, картаға түсірілген. Осы картадан музыка,
поэзия, сурет өнеріне сай "қабілет ісіктерін", менмендік, сарандық,
батырлық "қабілет дөңестерін" т.б. айыруға болады екен. Дегенмен, кейінгі
дәуірде әдейі медициналық ашып көрумен тексергенде, бас сүйегі ми қабығының
формасын тіпті де қайталамайтың болып шықты. Сондықтан адамның ақыл жөне
адамгершілік қабілеттерін бас сүйегінің "дөңестігі" не "сайларымең" анықтау
ғылым тұрғысынан ерсі әрі негізсіз.
Солай да болса Ф. Галль ұсынған мидың мекеңдік қызметі жөніңдегі
жорамалы ғылым үшін өте маңызды болды. Бұл идея кейін Фрич және Гитциг
еңбектерінде өз дәлелін тауып, дами түсті. Аталған бағытты зерттегендер
арасында Ч. Ф. Дарвиннің эволюциялық теориясына негіздеп қабілеттің тұқым
қуалаушылыққа байланысты екенін тұжырындаған Ф. Гальтон есімі өз алдына.
Әлемге әйгілі тұлғалар өмірнамаларын талдай отырып, Гальтон адам табиғатын
жетілдіруде аса дарындылардың нәсілдік заңдылықтарын ашу және пайдалану
қажет деген қорытындыға келді. Осы идеяны жалғастыра отырып, XX ғ. Котс
жоғары қабілеттілігі бірнеше әулетте байқалған 400 адам тізімін түзді. Бұл
қатарда аса белгілі болған неміс музыканттарының тобын ұлғайтқан Бах
отбасынан шыққандар. Бах жанұясындағылардың алғашқы ән-куй қабілеті 1550
жылы көрініс берген. Әулет атасы В. Бах қарапайым наубайшы күй тартып, ән
салғанды сұйген. Оның екі баласынан өрбіген Германияны екі ғасыр бойы
дүркірсткен музыканттар легі үздіксіз жалғасып барған. Бах жанұясынан 60
музыкант шыққан, солардың 20-сы аса көрнектілері, ал осы әулетті әлемдік
өшпес даңққа бөлеген әйгілі композитор Иоганн Себастьян Бах. Осындай
ғажайып қабілет құбылысын қазақ ән-күй өнерін дамытуда көзге түскен
жерлесіміз Төлеген Момбеков шықкан әулет тарихынан да байқауға болады (Р.
Бердібай)
Әлбетте, мұндай әулеттік жоғары қабілеттің нәсілдікпен
байланыстылыған ешкімде жоққа шығара алмас, дегенмен бұл арада қабілет
негізі ретінде әлеуметтік тәрбиенің өте маңызды екенін мойындамауға
болмайды. Бесігінен ән-күй теңізіңде шарықтап, шалқып өсуіне қолайлы жағдай
қалыптаспағанда, сол бағытта ана сүтімен қосып үлкендердін музыкалық
тәрбиесін алмағанда, ол баланың кім болары бір Аллаға аян.
Жоғарыда аталған тұқым қуалаушылық идеяларына тікелей қарсы шыққан
ғалымдар тобы оқу мен тәрбие маңызын бірбеткей әсірелеумен болды. ХҮІІІ
ғасырдың өзінде-ақ К. А. Гельвеций адамды тәрбие арқылы дарынды-жеткізуге
болатындығы туралы ғылыми еңбектерің жариялады. Бұл бағыт тарапындағылар
дамуы өте кешеуіл-деген тайпа балалары оқу, тәрбие нәтижесінде Европа
зиялыларының деңгейіне көтерілгенін дәлелдейтін кейбір деректерді тілге
тиек етіп, өз идеяларының дұрыстығын негіздеп бақты. Сонымен бірге, бұл
еңбектер әлеуметтік тәрбие айматынан мүлде тыс қалған жағдайда жастардың
орны толмас зиянға ұшырап, қоғамдык қасиеттерден жұрдай "маугли", "тарзан"
болатынын бетке ұстады. Белгілі мәдениет аймағында ерекше арнайы
қабілеттердің орнығатыны да осы зерттеулерге негіздеме ретіңде келтірілді.
(Л А Леонтьев, О, Н. Овчинникова, Ю- Б. Гиппенрейтер). Мұңдай тұжырымдардың
ізімен әрқандай адамда оқу мен тәрбиенін негізінде қалаған қабілетті
дамытуға болатыны жөнінде қорытынды жасалды. Осы қозқарасты қолдаумен
американ ғалымы У. Ушби қабілет ең алдымен балалық шақтан қалыптасқан ақыл-
сана әрекеттер бағдарламасына байланысты екенін дәлелдеп көрсетеді. Қазіргі
күнде бұл идеяны ұстанғандар АҚШ-та өз дарынды балаларын "өсіретін" арнайы
орталықтар үйымдастырып жатыр (Филадельфия институты), Қазақстанда арнайы
"Дарын" орталығы іске қосылды.

1.2. Жеке адам қабілетінің қалыптасуына ықпал етуші фактордын сипаты.

Адамның кейбір өзгешеліктері ана құрсағында жатканда-ақ пайда болады.
Мәселен, баланын ата-анасы мен туысқандарына ұқсап тууы. Бұл анатомиялық
нышан. Нерв жүйесінің, кейбір анализаторлардың ерекшеліктері де туысынан
пайда болады. Бұл физиологиялык нышан.
Нышанның сонғы түрі қабілеттін дамуында белгілі орын алады. Мәселен,
баланың есіту анализаторының жетіле дамуы музыкалық қабілет үшін, көру
анализаторының өзгешелігі сурет қабілетінін, көрінуіне себін тигізеді.
Бірақ нышан қабілет дамуының бірден-бір шарты бола алмайды. Ол — адамның
ішкі мүмкіндігінің көрсеткіші. Егер адамның туысынан нышаны болса да, дұрыс
тәрбие көрмесе, яғни белгілі әрекетпен айналыспаса, оның қабілеті
айтарлыктай дамымайды. Әрбір қабілетке арнаулы нышан сәйкес келеді деп
ойлау да қате. Нышан көп мәнді қасиет, яғни сол нышанға негізделіп, адам
өмірінін жан-жақтылығына қарай түрлі қабілет қалыптасады. Нышанның
ықпалымен қалыптасқан қабілеттің түрі дарыңдылық . Адамнын, дарындылығы
оның жоғары нерв қызметінің тума типіне (мида уақытша байланыстардың тез
жасалып, берік орнығуы, нерв процестерінің қозғалғыштығы динамикалық
стереотиптердің шапшақ жасалып, оңай өзгеруі т. б.) байланысты болып
келеді.
Дарынның дамуына қолайлы жағдай туса, ол ерте көзге түсетін болады.
Тарихта болсын, күнбе-күнгі өмірімізде болсын мұндай мысалдар өте көп.
Осыдан 200 жылдай бұрын Германияда Ұстазы Кристиан фон Шенах жазып алған
любектік төрт жасар дарынды бала Кристиан Гейнрих Хейнекеннің өмірі, іс-
әрекеті, саяхаты мен өлімі деген кітап жарық көрді. Аса дарынды бала
жөніндегі алғашкы кітап осы болатын.
Туғанына он ан толмай жатып кішкентай Гейнрих суретке салынған заттардың
көпшілігіп айырып атайтын болды. Ол, үш жаска келгенде ертегілерді өзі
оқып, математиканың төрт амалымең есеп шығара алады. Көп ұзамай сәби франц
тілін үйреніп, географиядан жақсы мағлұмат алады жәны мыңнан астам
латын мәтелін біледі.
Гейнрихтың даңкы әлемге жайылып, оны Дания королі қонаққа шақырады. Сол
дарынды сәби төрт жастан төрт ай асқанда қайтыс болган.
Дарынды адамдардың қабілеті әдетте ерте ашылатынын зерттеу жұмыстары
байкатып жүр. Дарынды балалар мектептің оқу программасын ерте меңгереді.
5—6 жаста ондай балалар өзінен екі есе үлкен балалардың білгенінен артық
білетің болады. Кейде дарынды балалардың мектептегі окуға көңіл бөлмейтін
кездері де кездеседі. Мәселен, Д. Байрон, В- Скотт, Ч. Дарвин бала
күндерінде түк білмейтін кеще саналған. Олардың көпшілігі өз уақыттарын
өлең жазып, сурет салып, кебелек ұстап, коллекция жинауға, немесе химиялық
тәжірибе жасауға сарп етеді. Мұндай дарынды адамдардың балалық шақтары
туралы көптеген шығармалар әлі де сақтаулы. Айталык. Дюрер үш жасында әз
портретін салған, жеті жасар Моцарт төрт соната жазып үлгерген.
Лист, Шопен мея Иегуди Менухин он бір жасында үлкен концерт қоюға
қатыскан. Тоғыз жасар Гете неміс, латын, грек тілдерінде өлең жазатын
болған.
Қазіргі математиканың негізін салушы Гаусс үш жарым жасында әкесінін
салық төлеу жөніндегі есебін көріп, соның қатесін шығарыпты, сөйтіп
әкесінің 25 талер ақшасын сақтап қалыпты деседі. Ол алгебралық есептер мен
сандар теориясы жөніндегі өзінің дарынын ерте танытқанға ұқсайды. Гаусс
өзінің ең басты жаңалықтарын негізінен 14 пен 17 жастын арасында ашыпты.
Кибернетиканың атасы Норберт Винер бес жасынан бастап ғылымға ден қояды
да тоғыз жасында 18 жасар балалармен бірге окиды, 12 жасында колледжге
түсіп оқып, 14 жасында оған ғылыми атақ беріледі.
Не бары отыз-әқ жыл өмір сүрген Шокан Уәлиханов та аз ғана ғұмырынын
ішінде адамзаттык ғылымға, оның көптеген саласына (әдебиет, тіл,
этнография, география, шығыстану т. б.) баға жетпес көп үлес қосты. Ол
музыка, сурет саласында да, публицистика мен жазушылык өнерде де өзін
жоғары биіктен көрсете білді. Шоқан жөнінде С. Муқанов былай деп жазады:
Аз өмірі осынша тығыз, зұлымдықпен арпалыса жүріп атқарып үлгерген
еңбегінде қисап жоқ:... Шоқанды... 27 жасында өлген Лермонтовтың, 24
жасында өлген Добролюбовтық катарына қоюга болады. Шоқан да солар сияқты:
шын мағынасындағы талант, шын мағынасындағы данышпан..
Алты жасар Таня Федина музыкаға мейлінше дарынды болды. Ол
фортепьянода көптеген композиторлардын, сондай-ақ өз шығармаларын тамаша
орындады. Онын фортепьяно үшін жазған пьесалары, космонавтар туралы әндері
бар. Таня отыздан аса ән және осындай аспаптық шығармалар (вальстер,
прелюдиялар,- фантазиялар т. б.) жазған. Мәселен оның космонавтарға арнаған
Титов маршы, Терешковаға, Космонавтарға хат деген шығармалары бар. Ол
Москва консерваториясы жанындағы орталық музыка мектебінде оқып жүргенде
бір актілі опера жазған.
Дарынды адамдарды ғылым саласынан да көптеп кездестіреміз. Мәселен,
қазіргі атақты совет математигі С. Мергелян 16 жасында университеттің
бірден екінші курсына қабылданды. Ол жиырма жасында ғылым докторы атағын
алды. Академик Л. Ландау орта мектепті 13 жасында үздік бітіріп, он төрт
жасында университеттің екінші курсына түседі. Мұндай мысалдарды көптеп
келтіре беруге болады.
Кабілеттіліктің ең жоғарғы дәрежесін талант деген сөзбен белгілейді.
Талант — бір әрекетті творчестволықпен орындау мүмкіншілігін қамтамасыз
ететін қабілеттердің ерекше қиысып келуі. Адамның таланты музыкада,
әдебиетте, ғылымда техникада т. б. әрекеттерде көрінеді. Таланттың дамуы
еңбек ете білумен, еңбек сүйгіштікпен тығыз байланысты. А. М. Горький
өсіреталантты өсіретін нәрсе — істі сүю деп бекер айтпаған.
Творчестволық кызметтің асқан дарынды өкілдерінің барлық қуат-
қабілеттерінің бірдей шарықтайтын кездері болады, Мұндайда олардың санасы
барынша өткірленіп, мейлінше айқындалады, бақылампаздығы онан сайын арта
түседі, жазатын нәрсесі мұқият әрі тез дайындалумен қабат, іште жетіліп
піседі. Бұл — адам талантының шарықтауының тамаша бір көрінісі. М. Әуезов
Абай жолының кейінгі үш кітабын машинкаға жатқа айтып бастырған. Тек зор
талапты адамның ғана осындай керемет қасиеттері болады. Жазушы Ә.
Нұрпейісов Мұхтардың талант ерекшелігін былайша суреттейді: Бірде үйіне
бардым. Қабинетінің есігі ашық қапты. Мұқаң Ақын аға аталған үшінші
кітапты жатқа айтып тұр... Оның жүрексіне, толқи шығатын қоңыр дауысы
шалқар шабыт тұсында шалқи төгілген аса білімді, көл-көсір көріністерді,
адам осанын аламак-асыр қылатын ащы-тәтті шындықтарды, өлмес-өшпес көркем
сөзге айналдырып жатты. Дес бермей бара жатқан ой тасқынын іріккісі
келгендей ара-тұра бір жөтеліп алады да, қайтадан сөз маржанын толассыз
тоғыта береді.
Осы эпизод бізге үлкен талант иелерінін шығармалары оп-оңай өзінен-өзі
жазыла салатындай етіп көрсетуі мүмкін. Ал, шындығында бұлар инемен құдық
қазғандап еңбектенеді. Аты-шулы ақын-жазушылардын, ғалымдардың
қолжазбаларын көрсек, олардың бір жазғанын кайта-қайта өндейтінін, сан рет
көшіріп жазатынын, бір сөзбен айтқанда, қажымайталмай еңбек ететінін жақсы
байқаймыз. С. Муханов осындай алып еңбекті былайша көрсеткен:
Жыр маржан ғой теңіздің түбіндегі
Алу үшіп қадалған миллион көз.
Дәл осындай, жыр жолына ілігеді
Миллион сөздің ішінен жалғыз-ак сөз.
Кез келген адамнан әрекеттің бір түрімен айналысатын бейімділік
байқалады. Бейімділік пен қабілет көп жағдайларда бірге болады. Өйткені
адамның бір нәрсеге қабілеттілігі оның бейімділігіне орай қалыптасады.
Бейімділік — адамнық белгілі бір әрекетпен, айналысуға бет бұрысы, көңілі
аууы, оянып келе жатқан қабілеттің алғашқы белгісі. Сонымен қатар
бейімділік әрекеттің бір саласына (сурет, музыка т. б.) әуестенушілікті
көрсетеді. Бейімділікті балада қандай да бір нышанның барлығын
хабарлайтын белгі деуге де болады. Балалык кезде ерекше көзге түсетін
бейімділіктер оның келешек қабілетінің көрсеткіші болып та табылады,
мәселен, екі-үш жасар баланын музыка үніне құлағынын, елеңдеуі, онда
музыкалық қабілетке байланысты табиғи негіздің бар екендігін көрсетеді.
Жас балаларда әрекеттің әр түріне байланысты бейімділік жиі ұшырайды.
Нағыз бейімділіктен алдамшы, шүбәлы бейімділікті айырған дұрыс. Нағыз
бейімділік. адамның әрекетке тек күштарлығы ғана емес, оны нәтижелі етіп
орындауында. Мәселен, осындай бала сабак үлгіруде қатарындағы баладан көп
ілгері озып кетіп отырады. Ал бейімділіктің алдамшы түрінде адам іске
қатты әуестенгенмен сол салада жақсы нәтижеге ие бола алмайды. Оның
мүмкіндігі орта дәрежеде ғана болады. Жалған бейімділік көбінесе
үлкендердің сендіруінен немесе баланың өзін осылай сезінуден тууы
ықтимал. Мәселен, кейбір интеллигент еемьяларда баласына: сен келешек
дарынсың, сенен үлкен ғалым, суретші, әнші т. б. шығайын деп тұр,— деп
айтатындар кездсседі. Расында да үш-төрт жастағы балалардың әп-әдемі етіп
тақпақ айтпайтыны, дөңгеленіп билемейтіні, әсем дене кимылдарын
жасамайтыны кемде-кем. Осыған мәз болғап ата-ана баласының бейімділігін
дамыта түсу үшін шарқ ұрады. Мәселен, алты жасар бір бала үйіне келген
адамдарға тарихи-философпялық терминдерді көп білуімен таң қалдырған.
Бұған баланың оқытушы шешесі де мәз екен. Бірақ әлгі баладан оң колың
қайсы, сол колың кайсы деп сүрағанда, ол жауап бере алмай қиналған. Бала
өзі ерекше еңбек етпейтін болса, әрекеттің сол саласында үздік нәтиже
көрсете алмайтын болады, онда тек алдамшы бейімділіктің ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
БОЛАШАҚ ТӘРБИЕШІЛЕРДІҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ҚАБІЛЕТІ
Болашақ тәрбиешілердің шығармашылық қабілеттерін қалыптастыру
Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілетін дамыту
Болашақ тәрбиешілердің шығармашылық қабілетін қалыптастыру
Дарынды балалар қабілетінің дамыуын психолог қызметі арқылы анықтау
МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ҚАБІЛЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
МАТЕМАТИКАДАН СЫНЫПТАН ТЫС ЖҰМЫСТАРДА ОҚУШЫЛАРДЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ҚЫЗМЕТІН ДАМЫТУДЫҢ ӘДІСТЕМЕЛЕРІ
Оқыту принциптер жүйесі
“Мектеп педагогикасы” пәні бойынша типтік бағдарлама
Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілеттерін дамыту тақырыбында
Пәндер