ҚАБЫЛДАУ ТУРАЛЫ ҰҒЫМ


Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   

1. ҚАБЫЛДАУ ТУРАЛЫ ҰҒЫМ

Қабылдаудың жалпы сипаттамасы. Айнала қоршаған дүние туралы білімді біз олармен тікелей қатыста түйсіктер арқылы ғана емес, қабылдау арқылы да аламыз. Бейнелендірудің бұл екі түрі сезімдік танудың тұтас процесiнің звенолары болып саналады. Олар өзара ажырамастай байланыста, бірақ әрқайсысыныц өзіне тән өзгеше ерекшеліктері бар. Егер түйсіктер нәтижесінде адам заттың жеке қасиеттері, сапалары туралы (маған суық бір нәрсе жанасты, аяғымнан жылпылдақ бір нәрсе жорғалап өтті, алдымнан бір нәрсе жалт еттi) білім алатын болса, қабылдау зат немесе құбылыстың тұтас бейнесін (жарық, кең класс, ойнап жүрген сәби) бередi.

Қабылдау дегеніміз - заттар мен құбылыстардың өз қасиеттері және бөлшектері жиынтығымен қосылып сезім мүшелеріне тiкелей әсер ету кезінде бейнеленуі.

Қабылдаудың алғы шарты әр түрлі түйсіктер және түйсіктермен бірге жүзеге асады, бірақ оны солардың қосындысы деуге болмайды. Қабылдау түйсіктер арасындағы белгілі қатынастарға тәуелді, ал енді олардың өзара байланысы зат немесе құбылыс құрамына енетін сапа, қасиет, түрлі бөлшектер байланысы мен қатынастарына тәуелді.

А. С. Пушкин Полтава соғысы жайын жазғанда орасан зор ұрыстың суретін береді:

Оқ нөсер құйып үстен, жалмап жалын,

Үйіле құлаған қол үстін басып.

Жаңа күш жатты айқасып, найзаласып,

Атты әскер ауыр бұлттай түскен жерге. Айқасып, аласұрған сергелдеңде,

Шыңылдап кылыш дауысы бір тынбастан,

Екі жақ кескілесе кырғын ашқан.

Шарқ ұрьш шойын шарлар, қырып жойып, Тепсіне түскен жерін түседі

ойып.

Кетеді шоршып-карғып, домаланып,

Шорылдап шомып қанға зәрені альш! Түйрескен, тілгілескен швед пен орыс

Ақыра каһарланған қатал соғыс

Соғылған барабандар айқай-сүрең,

Ышқынған, алас үрған, дүркіреген,

Бiр жақтан зеңбіректер қаһар шашқан, Ғаламат, ажал-дозақ араласқан.

Соғыстың өзара байланыс, өзара қатынаста берілген жеке көріністерінің жиынтығы жойқын ұрыстың көрінісін қабылдауды туғызады.

Түйсіксіз қабылдаудың болуы мүмкін емес. Дегенмен қабылдау құрамына түйсіктен басқа адамның өткен тәжірибелері елес және білім түрінде енеді; Қабылданатын зат, мәселен, электрондық-есеп машинасының жаңа варианты, түрлі сондай, бірақ бұрыннан таныс заттармен салыстырылады. Қабылдау процесі жеке адамның басқа да психикалық процестері: ой (біз алдымызда не тұрғанын аңғарамыз), сөз (қабылдайтын затты атаймыз), сезім (қабылдайтън затпен белгілі қатыста боламыз), ерікпен (қабылдау процесін белгілі дәрежеде ырықты ұйымдастырамыз) байланысты жүзеге асады.

Айнала қоршаған дүниедегі белгілі заттар мен құбылыстардың біздегі сезім мүшелеріне әсері нәтижесінде қабылдаудың заттылығы қалыптасады. Қабылдаудың көрнекі бейнесі сыртқы дүниенің белгілі затына қатысты болады. Осы арақатынас біздің мінез-құлқымыз бен іс-әрекетіміздің бағдарлау қызметінiң негізі болып есептеледі. Қабылдаудьң толықтығы мен дәлдігі қоғамдық практика мен адамдардың тәжірибесіне, заттардың белгілері мен қасиеттері жөніндегі жинақталған білімдерге тәуелді. Танымдық әрекет барысында адам білім алып, оны тексереді, кеңейтеді, өз білімін қоғамға белгілі білімдермен салыстырады.

Практика адам білімдерінің қайнар көзі болуымен бірге, игерілетін білімдерге де өз өзгерістерін енгізедi. Қарапайым мысал алып қарастырайық. Су құйылған стақанға таяқша салғанда екі ортаның түйісер жерінде бұрмаланған қабылдау туады, таяқшаның басқа ортада орны ауысқан болып көрінеді. Қарапайым практикалық тексеру бұл иллюзияны жоққа шығарады. Пайда болған қабылдау бейнесі қабылдау заты қасиеттерімен сәйкестендіріледi. Ртутьты түпкi химиялық элементтердің қабылдағыштың, немесе тағы басқасының ролiнiң басымдығына байланысты түрлер бойынша ажыратылады.

Көріп қабылдау (суретті, скульптураны, көрмені көріп, қарау), естіп қабылдау (әңгіме, ән немесе аспаптық концерт тыңдау), сипап қабылдау (заттық, оның бөлшектерінің, сипау арқылы бейнеленуі) туралы айтуға болады) . Кез келген қабылдау перцептивтік жүйенің, яғни біреу емес, бірнеше талдағыштың қызметімен анықталады. Олардың мәні біркелкі бола бермейді, талдағыштардың кейбіреуі жетекші болып табылады, енді біреулері зат немесе құбылысты қабылдауды толықтырады. Мәселен, мұғалімді тыңдау кезінде есту талдағышы жетекші болып есептеледі. Сонымен бірге оқушы мұғалімді көріп отырады, оның класс тақтасындағы жұмысын қадағалайды, дидактикалық материалды пайдаланады, ой қорытындыларын дәптеріне жазады, оқулықтағы кажетті схемаларға зер салады. Есту талдағышы жетекшілік роль атқарған бұл жағдайда көру, қимыл-қозғалыс, тері кинестезиялық және басқа талдағыштардың қызметі жанданады да психикалық әрекет негізінен есту қабылдауы түрінде болады.

Әрекет үшін түрлі, бірнеше талдағыш біркелкі қарқынмен жұмылдырылса, қабылдаудың күрделі түрлерінің жарыққа шығуы байқалады. Мәселен, телевизиялық сабақ кезінде немесе оқу кинофильмдерін көрсеткенде оқушыларда көріп-есту қабылдауы пайда болады. Дене шынықтыру сабақтарындағы жаттығуларды орындау үстінде көру-қозғалыстық күрделі қабылдау жиі пайда болады. Музыкалық этюдтарды жаттап үйрену есту-қозғалыс қабылдаулары қалыптасуының алғы шарты.

Қабылдаудың күрделі түрлерінде ең маңызды роль қимыл-қозғалыс үлесіне тиедi. Мысалы, заттарды шолып қарағанда көз көп қимыл жасайды; сипап қабылдауда қол қимылдары жетекшілік етеді.

Қабылдау қабылдайтын объектіге байланысты да түр-түрге бөлінеді. Кеңістiкті, уақытты, қозғалысты, затты, сөзді, музыканы, адамды адамның қабылдауы жайлы сөз қозғалады, физиологиялық негізі - талдағыштар жүйесінің комплекстік қызметі болып табылады. Рецепторларда болатын алғашқы талдау талдағыштардың ми бөлімдерінің күрделі анализдік - синтездік қызметімен толықтырылады.

Лекцияны қабылдау үстінде студент оқытушыны көріп, оның сөзін естиді, лекцияның негізгі мазмұнын жазып отырады. Әсер етуші тітіркендіргіштер комплексі көру, есту, қозғалыс рецепторларының козуын туғызады. Пайда болған қозу ми қабығы орталықтарына беріледі. Осының нәтижесінде қабылдаудың тұтастығын анықтайтын уақытша нервтік байланыстардың күрделі жүйесі жасалады.

Кез келген жаңа затты қабылдау адамда бұрыннан бар тәжірибе, білім негізiнде жүзеге асады. Сондықтан қабылдау процесінде бұрын қалыптасқан уақытша байланыстардың кейбіреулері жанданып отырады. Соның салдарынан шиеленісті де күрделі нервтік процестер пайда болады. Оның құрамына әрекет үстіндегi комплексті тітіркендіргіштерден туған қозу мен адамның осыған сәйкес тәжірибесінің уақытша нервтік байланысының жандануы енеді.

Кез келген зат немесе құбылысты адам белгілі бір бөлшектер қатысы арқылы қабылдайды. Кей жағдайларда құрамды бөлшектердің өздері емес, олардың арасындағы өзара қатынас маңызды болып шығады. Мәселен, қосудың ауыстырымдылық және терімділік қасиеттері мысалдарын қабылдауда, қосылғыштардың сандық мөлшерінен гөрі әрекет компоненттерінің арасындағы белгілі тәуелділіктер маңыздырақ болып саналады. Дыбыстар арасындары үйлесімді қатынас дұрыс сақталса, орындаушының әншілік ерекшелігіне қарамастан ән, романс, ария таныс болып қабылданады.

Қаралған фактілердің физиологиялық негізі И. П. Павлов ашқан «қатынасқа деген рефлекс» болады, Павлов белгілі құбылыстарды қабылдау кезінде тітіркендіргіштердің сапаларынан гөрі олардың арасындағы қатынастар ерекшелігінің сигналдық маңызы болатынын және сондықтан рефлекс көбіне тітіркендіргіштер арасындағы жауап ретінде туатындығын тәжірибе жүзінде көрсетті.

Адамның қабылдау процесінде екінші сигнал жүйесі маңызды міндет атқарады. Ол адамға тән қабылдаудың мазмұнын анықтайды. Сөзбен ойлау арқасында адам қабылдауы жануарлар қабылдауынан өзгеше. Ой қабылдау актісіне енеді, қабылданатын зат сөзбен аталады. Екінші сигнал жүйесі қабылданатын затты сөздік сигналға айналдырады, бірінщі сигналдық тітіркендіргіштердің түсінікті болуына жол ашады, адамға тән қабылдауға ырықтылық сипат береді, қабылдауды жеке адам белсенділігімен ұштастырады.

Қабылдау және әрекет. Қазіргі заманғы психофизиологиялық зерттеулер қабылдау актінде әрекетке басшылық басталатынын көрсетіп отыр. Сенсомоторлық процестер әсер етуші заттардың ерекшеліктері жөнінде хабарлар беріп отырады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Психикалық бұзылыстардың басты синдромдары мен симптомдары (Түйсік пен қабылдау, ойлаудың, есте сақтаудың бұзылысы)
Психикалық бұзылыстардың басты синдромдары мен симптомдары
Ұғым— логакалық категория
Когнитивті лингвистика – жеке ғылым саласы
Ойлау ұғымы
Қабылдау процесі туралы ұғым
Ойлау туралы түсінік
Бастауыш мектеп оқушыларының ойлауын эксперименттік зерттеу
Биологияны оқыту әдісі
Қабылдау
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz