ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ ДӘСТҮРЛІ ҚҰҚЫҒЫ АРҚЫЛЫ ЖАСТАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ САНА – СЕЗІМІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ



Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ ДӘСТҮРЛІ ҚҰҚЫҒЫ АРҚЫЛЫ ЖАСТАРДЫҢ
ҚҰҚЫҚТЫҚ САНА – СЕЗІМІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ

Р.Қ. Дүйсембінова
І. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті, Талдықорған қаласы

Құқықтық сана - сезім ұғымын философтар, психологтар, педагогтар мен
құқық – танушылар адамдардың өмір сүру әрекеттерін реттеу және әлеуметтік
процестерді құқықтық басқарудың ерекше сферасын көрсететін қоғамдық сананың
бір формасы ретінде қарастырады.
Заңгерлік энциклопедиялық сөздікте бұл ұғымға; адамдардың, әлеуметтік
топтардың құқыққа, заңдылыққа, әділ сотқа қарым-қатынасын көрсететін
көзқарастар, идеялардың жиынтығы, олардың заңға лайықты немесе лайықты емес
жөніндегі ұғым - түсініктері, - деп анықтама берілген [1].
Педагогикалық тұрғыдан алғанда құқықтық сана – сезім зерттеушілердің
назарынан тыс келе жатқан проблема. Сондықтан заңгер ғалымдардың берген
түсініктемелеріне тоқталамыз. А.Б. Венгеров аталған феноменді қоғамның,
топтардың, индивидтің құқыққа, атап айтқанда осы тұтас әлеуметтік
институтқа, оның жүйесі мен құрылымына, жекеленген заңдарға, құқықтық
жүйенің өзге де сипаттамаларына қарым-қатынасын білдіретін, объективті
түрде өмір сүретін идеялардың, эмоциялардың өзара байланысқан жиынтығы,
десе, Т.В. Синюкова оны: адамдардың, әлеуметтік қауымдастықтардың
күнделікті қолданыстағы құқыққа қарым-қатынасында көрініс беретін ұғым-
түсініктерінің және сезімдерінің жиынтығы ретінде бағалайды [2;3]. В.В.
Лазаревтің анықтамасы бойынша: құқықтық сана – сезім – идеалды, тікелей
бақылана алмайтын құбылыс) [4]. Ол құқықтық болмысты заңгерлік білімдер
формасында бейнелейтін және заңгерлік маңызы бар жағдаяттардағы адамдардың
мінез-құлқын реттеуші әлеуметтік – құқықтық ұстанымдар, құндылықты бағыт –
бағдарлар. Біздің пікірімізше соңғы анықтама құқықтық сана-сезім ұғымының
мәнін мейлінше толық таныта алады. Осы анықтаманы негізге ала отырып
құқықтық сапа қасиеттерін тәрбиелеу, қоғамда орныққан заңдар мен құқықтық
ережеге сыйласымды көзқарасын орнықтыру қайсыбір заңдарға қайшы
келетіндерге төзбеушілік, құқық қорғауға белсенді қатысуға даярлығын
орнықтыру деп есептейміз.
Құқықтанушы ғалымдар құқықтық іс-әрекеттің деңгейіне, тереңдігіне және
көрінісіне қарай оларды әдеттегі (эмпирикалық), ғылыми (теориялық), кәсіби
деп ажыратады.
Әдеттегі құқықтық сана – сезім адамдардың күнделікті өмір сүру
тәжірибесінде қалыптасады. Оған стихиялық сипат тән. Кейбір зерттеушілер
оларды практикалық немесе көпшілік – бұқаралық сана-сезім деп атауды
ұсынып жүр.
Ғылыми (теориялық) құқықтық сана-сезім идеялар мен тұжырымдамалардың,
құқықтанушы ғалымдардың арнайы зерттеулер негізінде қалаптасады.
Кәсіби құқықтық сана – сезім кәсіби ұғымдарды, түсініктерді, идеялар
мен сенімдерді, стеоретиптерді сипаттайды. Әдетте бұл құқықтық сана – сезім
кәсіби білімдер негізінде қалыптасады. Зерттеушілер бұдан өзге жек, топтық,
жалпыұлттық құқықтық сана – сезім сияқты түрлерін де қарастырады.
Қоғамның рухани – адамгершілік тұрғыдан жаңдануы, ұлтымыздың ішкі
әлеуметтік мүмкіндігі, ұлттық мәдени дәстүрлерді, соның ішінде қазақтың
әдеттегі құқығын зерделеп, заман талабына қарай пайдалануға, жеке тұлғаға
әлемдік және отандық құқықтық тәрбие беруді нәтижелі ұштастыруды жүзеге
асыруға байланысты, Елбасы Н.Ә. Назарбаев Қазақстан - 2030 стартегиялық
бағдардамасында: Ұлт мәселесіне қатысты жалпы үрдісті танып-түсіну, сөз
жоқ, қажет. Мұнсыз мемлекеттік дамудың жалпы логикасын болжау мүмкін емес,
- деп тұжырым айтқан.
Халықтың ғасырлар бойы жинақтаған өмірмен идеяларын және өнегелі
дәстүрлерін жастардың бойында ұлттық құндылықтарды дарытуда, қоғамға
жемқорлық, парақорлық, құқық бұзушылық сияқты келеңсіз жағдайларға тосқауыл
ретінде пайдалану кезек күттірмейтін бүгінгі күннің мақсаты. Өйткені,
қазақтың ата – дәстүрі осындай кең далада тәрбиелік, реттеушілік,
аксеологиялық, идеологиялық қызмет атқарып, елдегі құқықтық тәртіптің
орнығуының кепілі болып келді.
Дәстүрлі құқық терминін алғаш енгізген М.М. Ковалевский болатын. Ал
ғылыми айналымға Ерте кездегі құқық, Тайпалық құқық, Халықтық құқық
ұғымдарын талдау негізінде орнықтырған америкалық құқықты зерттеуші А.Н.
Эллот. Бүгінгі таңда Дәстүрлі құқық проблемасын зерттеуге Т.М.
Культелеев, С.З. Зиманов, С.С. Сартаев, Г.С. Сапаргалиев және т.б.
қазақстандық ғалымдар айтарлықтай үлес қосты. Солардың қатарында түбейгейлі
зерттеу еңбегімен белгілі А.К. Алимжанды атап өту қажет. Автор қазақтың
дәстүрлі құқығын зерттей келе мынадай келелі қорытындылар жасады:
1. Дәстүрлі құқықтың бастау көздері: дәстүр, аңыз-әңгімелер, сот
үкімдері, келісімдер, мақал-мәтелдер;
2. Дәстүрлі құқықтың функциялары: сыртқы - әлеуметтік, когнетивтік,
ақпараттық, коммуникациялық, интегративтік, ішкі – реттеушілік,
қорғаушылық, цессиондық, рецептивтік және т.б;
3. Дәстүрлі құқық вербальды – символдық. Вербальдылық (ауызша-ойша
формада өмір сүретін) пен символдық (көзге көрінетін образдар)
дәстүрлі құқықтың ауызша формада сақталуына және дамуына себепкер
болды;
4. Дәстүрлі құқықтың әрекет ету механизмінің негізгі принципі құқық
субъектісінің бастамышылық пен өзін-өзі қорғауы саналған. Жәбірленуші
шыққан шығынын өз қалауы бойынша орнына келтіре алуға мүмкіндік
берілген. Мәселен, барымта арқылы өз жоғын толтыру.
Зерттеушілердің еңбектерін талдау халықаралық құқықтық жүйеде дәстүрлі
нормалардың кеңінен таралып, үлкен мәнге ие болып отырғандығын көрсетеді.
Мәселен, БҰҰ-ның халықаралық сотында дәстүрлі құқықтық нормалар іс-жүзінде
қолданыс табуда. Мәселен, Югославияның территориясында халықаралық
гуманитарлық құқық бұзушылыққа жауаптыларды сот арқылы қудалауда БҰҰ-ның
Қауіпсіздік Кеңесінің резолюциясына (1993, 22 ақпан №808; 1993, 25 мамыр
№827) сәйкес құрылған Халықаралық Трибунал ұстанған. Бұл ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Құқықтық мәдениеттің жастардың құқықтық белсенділігін қалыптастырудағы ролі
Құқықтық тәрбие берудегі мектептің ролі
Қоғамның саяси саласындағы жастар
Оқушыларға құқықтық тәрбие берудің мектептен және сыныптан тыс түрлері
Жеткіншектерге құқықтық тәрбие беруді диагностикалау
Жастарға құқықтық тәрбие беру - жаңа қазақстандық азамат қалыптастырудың алғы шарттарының бірі
5-6 жастағы балаларға құқықтық тәрбие беру
Құқықтық тәрбие туралы ақпарат
Қазақстандық патриотизмнің қалыптасу тарихы мен даму жолдары
Саяси-әлеуметтендіруде тарихи білімнің орны
Пәндер