Қазіргі жаңа қоғам жағдайындағы этнопедагогика мәселесінің дамуы


Мазмұны
Кіріспе
І тарау
Қазақ этнопедагогикасын мектептің оқу - тәрбие процесіне пайдаланудың шарттары.
1. 1 Этнопедагогиканың тарихи филасофиялық генезисі.
1. 2 Қазіргі жаңа қоғам жағдайындағы этнопедагогика мәселесінің дамуы
1. 3 Қазақ этнопедагогика материалдврын бастауыш сынып оқушыларын елжандылық тәрбиесіне пайдаланудың мүмкіндіктері.
ІІ тарау
Қазақ этнопедагогика материалдарын бастауыш сынып оқушыларын тәрбиелеуде педагогикалық ықпал жасау жүйесі.
2. 1 Қазақ этнопедагогика материалдарын бастауыш сынып оқу - тәрбие процесінде пайдалану.
2. 2 Тәрбие сағаттардың, Мәдени ағарту жұмыстарының міндеттері және жұмыстыстың нәтижесі.
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер тізімі.
Кіріспе
Зерттеудің көкейтестілігі . Соңғы жылдары республиканың егемендік алып, жеке мемлекет болуына, сонымен бірге ұлттық сана - сезімінің жетілуіне, қоғам өмірінің рухани жандануына байланысты қазақ этнопедагогика ғылымы бойынша орындалған зерттеу еңбектері де мол. Оларда этнопедагогика жеке ғылым тұрғысында қарастырылып, оның бүгінгі заманда бастауыш сынып оқушыларын тәрбиелеудегі мән- мағынасын айқындау.
Қазақ этнопедагогикасы 70 - ші жылдардың басынан зерттеле басталды. Кейінгі он жыл көлемінде әр- түрлі ғылыми- педагогикалық еңбектер, ғылыми мақалалар, кітаптар жарық көре бастады.
Қазақстан мектептері мен бала тәрбиесіне байланысты тарихи тұрғыдан Т. Т. Тәжібаев, М. Ғабдуллин, Қ. Бержанов және т. б ғылымдардың зертеу еңбектерін ерекше атап айтуға болады.
Қазақ этнопедагогика саласында 60-қа жуық еңбектер орындалған. Атап айтар болсақ, брундаментальды.
Іргелі фундаментальды педагогикалық зерттеушілер жүргізген - Қ. Жарықбаев, С. Қалиев, С. Ұзақбаев, Ж. Наурызбай, М. Балтабаев, Қ. Қожахметова, Ш. Құлманова және т. б ғалымдардың еңбегін ерекше атауға болады.
Ал қолданбалы (прикладной) зерттеулерге Р. Төлеубекова, Р. Дүйсенбекова, Ұ. Әбдіғаппарова, С. Әбілдина, А. Мағауова, Г. Бахтиярова, Б. Мұқанова, Ж. Хасанова, А. Аманжолова, И. Орышбеков, Ұ. Асанова, Т. Қышқашбаев, Ж. Ақпарова, М. Оразалиева және т. б ғалымдардың ғылыми еңбектерін қазақ этнопедагогика материалдарының негізгі құралы ретінде қарастыруға болады.
Қазақ этнопедагогикасын мектеп практикасына ендіру еліміздің тәуелсіздік алып, әлеуметтік өмірді салауаттандыру мақсатындағы жұмыстары, ұлтымыздың ғасырлар бойы кәдесіне жарап келген тәлім-тәрбие мазмұнын казіргі бастауыш сынып оқушыларын тәрбиелеуде пайдалана білу қажеттілігі айқындалып, қоғам өмірін ізгілендіру мен демократияландыруға байланысты көкейкесті мәселеге айналған.
Қазақстан Республикасының “Білім беру жүйесінің басты міндеті ұлттық және жалпы азаматтық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау” керек делінген.
Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев жас ұрпақ тәрбиесі жайында үндеу жасап болашақтан арлы, иманды, білімдар, әділ, көпшіл, халық қамын ойлайтын, көргендікке бағытталған азаматты көргісі келді. Осыған орай қоғам талаптары мен ұштасып жатқан Қазақстан Республикасы үкіметінің Білім және ғылым министірлігінің нұсқаулары «Қазақстандағы педагогикалық ойпікірдің қалыптасып, даму тарихын педагогикалық жоғары (орта арнаулы) оқу орындарына арнайы пән ретінде енгізу», «Жас ұрпаққа адамгершілік - эстетикалық тәрбие беру», “Халық педагогикасы дәстүрлерін оқу - тәрбие процесінде пайдалану” оқулықтар мен оқу құралдарына этнопедагогика бөлімінің енуі, бірқатар оқулықтардың жарық көруі дәлелдеп отыр.
Қазақ этнопедагогикасы материалдарын бастауыш сынып оқушылар тәрбиесінде пайдалануға байланыста әртүрлі амал-жолдардың болуы оқу - тәрбие процесінде тиімді пайдалану және жетілдіре түсу қажеттілігі біздің диплом жұмысымызға байланысты, қазақ этнопедагогика материалдарын бастауыш сынып оқушылары тәрбиесінде пайдаланудың педагогикалық шарттары деп таңдауымызға негіз болды.
Зерттеудің объектісі: Бастауыш сыныптардағы оқу - тәрбие процесі
Зерттеудің пәні: Бастауыш мектеп оқу - тәрбие үрдісіндегі этнопедагогика.
Зерттеудің мақсаты: - Тәрбие үрдісінде қазақ этнопедагогика материалдарын пайдаланудың тиімділігін негіздеу және эксперимент жүзінде тексеру.
Зерттеудің міндеттері:
- Ғылыми еңбектердегі қазақ этнопедагогикасы мәселесіне арналған ой - пікірлерге талдау.
- Қазақ этнопедагогикасын бастауыш мектептің оқу - тәрбие процесінде пайдалану жолдарына сараптау жасау.
- Қазақ этнопедагогикасын бастауыш сынып оқушылар тәрбиесіне пайдалану жүйесін анықтау және жинақталған тәжірибе негізінде тексеру.
Зерттеудің әдістері:
Зерттеу проблемасы бойынша этнофилософиялық, тарихи - этнографиялық, этномәдениеттанушылық және этнопсихологиялық әдебиеттерді талдау педагогикалық эксперимент нәтижелерін сұрыптау.
Зерттеудің базасы:
Қазақтың тәліми - тәрбиелі ой - пікірлері туралы еңбектер. Әдебиеттанушылар этнопедагогтардың еңбектері. Ұлттық тәлім - тәрбие беру бағдарламалары. Мектептің оқу - тәрбие процесіне байланысты құжаттары. Жұмыс проблеммасына байланысты мектептердің озат тәжірибесі.
Диплом жұмысының құрылымы:
Кіріспеден, 2 тарудан, 4 параграфтан, қорытындыдан, пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.
- Этнопедагогиканың тарихи - философиялық генесизі.
Бүгiнгi күнi қазақ халқының ұлттық мәдениетiн қайта өркендеу жағдайында бастауыш сынып оқушыларын ұлттық дәстүрлерде тәрбиелеудiң заңды обьективтi қажеттiлiгi туады.
Адамды жақсы ететiн де, жаман ететiн де тәрбие. Сондықтан да бастауыш оқушыларын өз халқының рухани қазынасымен, оның ұлттық мәдениетiмен, әдет- ғұрып дәстүрлерiмен неғұрлым тереңiрек танысу қажеттiгi бiрiншi орында қойылып отыр. Өйткенi бұндай негiздердi бiлмей, өз халқының ұлттық ерекшелiктерiн сезiнбей, басқа халықтың өзiне тән ерекшелiктерiн бағаламай өз байлығын байыта түсу мүмкiн емес.
Ал тәрбие дегенiмiздiң өзi адамның қоғамдық өмiрiiн қалыптастыратын, үйрететiн мiнез- құлқы мен дағдысы.
Сондықтан ең бiрiншi генесиз деген ұғымның мағынасына тоқталуды жөн көрдiк. Философиялық энциклопедияда генесиз ұғымына мынандай мән берiлген: «генесиз - шығу тегi, даму тарихы» делiнген.
Осы орайда бiз этнопедагогиканың шығу тегiн зерделеп, зертеп дипломдық жұмысымызды жүйеге келтiрудi ұйғардық. Жастарға тәлiм- тәрбие беру аса жауапты мәселе. Ол жер бетiнде адам пайда болғалы өзгерiп, жаңарып келе жатқан күрделi процесс.
Оның прогрессивтi бағыт алуына шығыс классиктерiнiң әл- Фараби, А. Фердауси, А. Рудаки, М. Саади, А. Науай, ой - пiкiрлерi,, түрiк әлемiнiң ойшылдарының Қорқыт - ата, М. Қашқари, Ж. Баласағұни, Қожахмет Иассауи, М. Дулати мұралары, /1/ қазақ ағартушы ғұламаларының Ы. Алтынсарин, Ш. Уәлиханов, А. Құнанбаев еңбектерi, қазақ этнопедагогикасының негiзiн салушылардың Ш. Құдайбердиев, А. Байтұрсынов, Х. Досмұхамедов, М. Дулатов, Н. Құлжанова. Ж. Аймауытов, М. Жұмабаев, М. Әуезов шығармалары. /2/ Асан Қайғы, Бұхар жырау және тағы басқалардың ақыл - кеңестерiн, мол туындыларын жатқызуға болады.
Қорқыт-ата (ҮII-ҮIII ғ. ғ) - халық қамқоршысы, ақын, күйшi, данышпан, нағыз ұстаз, тәрбиешi. Жырларындағы ру батырларының, тайпа көсемдерiнiң үлгi- өнегелерi: адамды сүю, ұрпақ қамын ойлау проблемаларын көтерген әдет- ғұрыптары мен нанымдардың, тарихи оқиғалардың педагогикалық мәні атап өтуге тұрарлық.
Қорқыт айтқан ойлар бұдан әрi қарай отбасындағы келiсiм, тайпа-ру бiрлiгi, патриотизм, жауға деген өшпендiлiк, адалдық, батырлық, табиғат, тiршiлiк мәселелерiне қатысты пiкiрлермен кеңейе түскен. Қорқыт тұлғасы халқымыздың мәдениетi дамуындағы көпғасырлық мұрасы арқылы өткен ұрпақпен рухани байланысқа түсе алатынымыз сөзсiз. Әсiресе тарихи дамудың бабамыз өмiр сүрген дәуiрiндегi салт- дәстүр, құндылықтар мен мiнез- құлық қалыптарының өзiндiк ерекшелiктерiн түсiндiру тұрғысынан алып қарағанда, «Қорқыт ата кiтабының» тәлiм - тәрбиесi тарихындағы алатын орны айтарлықтай екендiгi даусыз.
Қорқыт - ата - халық ұстазы болған. Әулие атамыздың асыл мұрасы ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келедi. Өйткенi оны- ұлттық тәрбиенiң алтын бастауы деп бiлемiз. /3/
Әл - Фараби (870-950жж) iлiмiнде көрнектi орын алатын мәселенiң бiрi- тәрбие мәселесi. Бала тәрбиесi, қоғам мен халықтың балаларды оқыту жөнiндегi қамқорлығы, жастарды халық өмiрiне байланысты бiлiмдермен қаруландыру, балаға оның жеке және жас ерекшелiктерiн ескерiп шын жүректен қамқорлықты, қарым- қатынас- мұның бәрi әл-Фараби педагогикалық жүйесiнiң құрамды бөлiгi болды.
Әл - Фараби тәрбиеге анықтама бере келiп, ол: «Тәрбиелеу дегенiмiз - халықтардың бойына бiлiмге негiзделген этикалық iзгiлiктер мен өнерлердi дарыту әдiсi деген сөз.
Әл - Фараби тәрбиелеудiң екi түрлi әдiсiн атап көрсеткен: бiрiншi иландырғыш нақыл сөз, сезiмге әсер еткiш нақыл сөздер.
Бұлар арқылы адамдарды өз еркiмен игiлiктi iстер жасауға жiгерлендiруге болады: екiншiсi - өз еркiмен, өз қалауы бойынша жөнге келмейтiн және сөзге құлақ аспайтын адамдарға қолданылатын күштеу әдiсi. Ол иландыру немесе ерiктi түрде тәрбиелеу әдiсiн жоғары бағалаған.
Түрiк халқының ХI-ғасырда өмiр сүрген келесi бiр талантты перзентi Махмұд Қашқари.
Қашқари кiтабындығы мысал ретiнде келтiрiлген батырлық, ерлiк, күрес жырлары, дидактикалық сарындағы өлеңдер ұрпақты ерлiкке, оқу-бiлiмдi үйренуге, өнерге, әдеттiлiкке, адамгершiлiкке тәрбиелейдi. Ол халық педагогикасының тәрбиелiк мәнiн жоғары бағалап, кейiн ұрпаққа ұлттық тәрбиенiң арғы тегiн көрсететiн құнды дүние. Көне замандарда туып Қашқари мұрасы арқылы бүгiнгi жеткен дүниетанымды кеңейтуде, айналамен ұқыпты қарым - қатынаста болудың маңыздылығын түсiнуге көмектесетiн деректердiң бiрқатары мақал-мәтелдер. Мәселен:
1. Батыр - соғыста,
Қорқақ -жанжалда.
2. Аш не жемес
Тоқ не демес
3. Адам аласы iшiнде
Жылқы аласы сыртында
Осы мақалдардың өзiнде қаншама тәрбие, намысты оятатын сөздер бар. Бұл нағыз бастауыш сынып оқушыларын тәрбиелеуге ғұламалардың қалдырған тәрбиелiк құралы деп бiлемiз.
Қашқаридiң тағы бiр еңбегi ол “Диуани Лұғат ат-түрiк” (түркi сөздердiң жинағы) атты кiтабы. Онда батырлық, ерлiк туралы, ұрпақтарын ерлiкке, оқу бiлiмдi үйренуге, өнерге, әдiлттiлiкке адамгершлiке тәрбиелейдi .
Осы тәрбиеге баиланысты Махмуд Хайдар Дулатидiң (1499 ж) Кашмир каласында 1541 жылы жазылған “ Тарихи Рашиди ” кiтабын алуға болады. Автордың әдептiлiгi мен имандылығын, инабаттылығын, халық қамын ойлайтын кемеңгер ойшылдығын көремiз. Ол аталған шығармасында қазақ халқының қонақ жайлығы, меймандосты, жомарттық пен мырзалық қасиеттерiн жоғары бағалап, болашақ ұрпаққа оң үлгi - өнеге еткен. Сонымен қатар тарихи тұлғалар туралы мәлемет бергенде, олардың тәрбиелiк ерекшелiктерiн көргенiн сипаттап, болашақ ұрпаққа үлгi етiп қалдырды.
Қазақ халқының тәрбиесі тарихында ақын- жырлаулардың тағылымдық ой-пікірлері айрықша орын алады. Атап айтсақ -Қазтуған, Доспамбет, Шалкиіз, Ақтамберді, Бұхар жырау және тағы басқа ақын - жыраулардың толғауларындағы тәрбиелік ой-пікірлерінен көрініс табады .
Бұқар жырау Қалқаман ұлы халықты имандылыққа шақырып бірлікке ұл-қыздарын қоғамның белсенді етіп тәрбиелеуге шақырды. Сертке беріктік, досқа адалдық, мейірімділік, еңбек сүйгіштік, сұлулықты түсіне білу, Отан сүйгіштік сиақты ізге мінездерді басқаларға үлгі ету - Бұхар жырларында кең орын алған. Оған дәлел мысалы:
Бірде Абылай «Қазына қайда? » деп сұрағанда жырау «Басы жеткен жігіттің екі езуі қазына : бір езуі, бір езуі-күміс, аузы - қазына» - депті.
Бұхар жыраудың психологиялық ой толғаныстарында бүгінгі күнгі жастарымызды тәрбиелеу де көп көмегін тигізетіні сөзсіз.
Оқушылардың адамгершілік қасиеттерін, ұлттық сана-сезімін дамыту мақсатында - халық педагогикасы материалдарын мектеп практикасында пайдалану қажеттігін кезінде ұлы ағартушы Ы. Алтынсарин 1841-1889ж. ж өзінің тәжірибесі мен еңбектері арқылы дәлелдеп берді. Яғни ұлттық мектеп ашты, ауызекі шығармашылығын, ұлттық қолөнерді, салт-дәстүрді және т. б бала тәрбиесінде қолданды. Бала тәрбиесі үшін өнегелі тәрбиенің мәнін жақсы түсінді. Ол жас ұрпаққа зор үміт артып, халқымызды білімге, өнерге үйренуге, тұрмыс мәдениетін көруге шақырды. Оған дәлел «Кел балалар, оқылық» деп адамның ақыл - ойын, сана-сезімін, білімге деген құштарлығын арттыруға шақырып, әлемдегі алдыңғы қатарлы халықтарында болуды қалады. Ыбырай тәрбиелеген шәкірттерінің кейін парақор болып шықпаулары үшін, оларға адамгершілік жағынан әсер етуге күшін салды. Ұстаз шәкірттерді оқыту мен тәрбиелеу біртұтас маңызды педагогикалық процесс екенін өте жақсы білген. /4. 103/
Қазақ этнопедагогикасын мектеп практикасында пайдаланудың қажеттілігін атап көрсетпегенімен, бала тәрбиесіндегі рөліне, құнды адамгершілік қасиеттері туралы ғұлама ағартушылар Шоқан Уалиханов пен Абай Құнанбаевта ерекше көңіл бөлген.
Шоқан Уалиханов (1835-1865) адамгершілік эстикалық тәрбиенің таптырмас құралы - ертегілер жайлы пікір айтқан. Ертегілердің мазмұнының бай екенін ескеріп, ондағы батыр, жезтырнақ, алып секілді көптеген кейіпкерлерді көрсету арқылы адам баласының жағымды-жағымсыз қасиеттерін, яғни кішіпейілділік, әділеттілік, шыншылдық, ізеттілік, әдемілікті сезіне білуге шақырады. Шоқан қазақ қоғамына болашақта оқудың керектігін айта келіп: «Қазақ халқының тәрбиесіне байыпты қамқорлық ету керек: елді басқару орындарының оқу орындарының оқу орындары емес, орыс мәдениетін тарататын ұйымдардың біртұтас жүйесін жасау керек» - деп көрсеткен. Бұдан Шоқанның патша үкімет орындарынан көп үміт күткені байқалады. Бірақ, отаршылдық саясат қазақ балаларының мәдениетін көтеру мүлдем жоққа шыққан еді.
Жас ұрпаққа ұлттық тәрбие арқылы білім беруді ұлы Абай Құнанбаевта сөз еткен. Ол мақалалардың өзін халықтың өмірімен және тарихымен тығыз байланыста алып қарап. Оны қоғамдық мәні тұрғысынан бағалап, өзінің тарихына, дініне, дүниетанымына деген көзқарастарына сәйкес талдаған. Абайдың қозғаған мәселелері адамге адамгершілік, татулық, әділдік, еңбекшілдік, адалдық, талаптанушылық және ел тарихы еді: Бұл мәселелерді Абай жеке, жалаң түрде алмай, мақалдарды талдау барысында зұлымдылық, сұрқиялық, екі жүзділік, барымташылық тәрізді мінез - құлықтарға қарсы қоя отырып қарастырады. /5. 168/
Мәселен Абай көтерген «Толық адам» қағидасы халықтың педагогикадағы «Сегіз қырлы, бір сырлы, » ұрпақ тәрбиелеу қағидасымен үндестігін байқамау мүмкін емес. Ол «Толық адам»! тәрбиелеуде сол кезеңдегі тәрбиенің басты құралына айналған исламның өмірлік қағидаларын халықтың педагогика негіздерін ұштастыра дамытуды көздеген. Алайда, Абайдың өзі өмір сүрген қоғамдағы ниеті бұзық қазақтардың іс-әрекеті қатты ойландырды.
Халық педагогикасының ұрпақ тәрбиелеудегі пәрменді қаруы-мақал-мәтелдер екен белгілі. Абай халқымыздың мінез-құлығындағы керітартпалық ерекшеліктеріне сын көзімен қарап, халқымыздың жағымсыз сипаттарынан арылуға шақырды. Әрбір халықтың іс-әрекетін өнеге ретінде көрсетіп халқымыздың мінез-құлқынан арылудың жолын өзінің өлеңдерінде жазды. Мұның бәрі тек жастарға емес бүкіл халқымыздың жан дүниесін тәрбиелеп, мәдениетті қоғам азаматы болуға шақырды.
Шоқан, Ыбырай, Абай - баланың жастай ұлттық сана - сезімін ояту, туған жеріне, өскен еліне, ана тіліне, ұлттық салт-дәстүріне деген сүйіспеншілікті оқу білім алу жолы арқылы оятуды ашық айтқан.
Шәкәрім Құдайбердіұлы сияқты ойшыл - ғұламаның ағартушылық, тәлімгерлік идеяларының алатын орны ерекше. Ұлттық салт-дәстүрлердің ізгі қасиеттерін болашақ ұрпаққа үлгі етіп көрсетеді. Туған халқының өсіп-өнуін, келешек ұрпаққа тәрбие берудің тәсілдерін іздестіріп, ата-анасы мен халықтың тәрбие - тәжірибесіне сүйенетін болса, ол нәтежелі болады деген пікір айтты. Болашақ ұрпақты адамгершілігі мол, инабатты, мейірімді, ізгі қасиеттерді бойына сіңірген, өз ұлтын, халқын туған жерін азамат етіп тәрбиелеу керек деген. Шәкәрім және т. б қазақ даласынан шыққан ғұлама ғалымдардың туындыларын оқып үйрену заманымыздың талап - тілектерін жүзеге асыруға қуатты күш, сарқылмас игі мұра болып табылады.
Қазақ зиялылары мен ғалым - педагогтары Ж. Аймауытов (1880-1931), А. Байтұрсынов (1873-1937ж), М. Жұмабаев (1893-1932ж), М. Дулатов және т. б халықтың өнегелі салт - дәстүрлерін, әдет - ғұрпын, ауызекі шығармашылығын оқу - тәрбие үрдісінде ұлттық сананы ояту, туған жерге, елге аялы көзқарасты қалыптастыру мақсатында пайдалану, ана тілінде мектептер ашу мәселесіне көп көңіл бөлді.
А. Байтұрсынов - ұлы ағартушы, аса ірі қоғам қайраткері. Қазақ филалогия ғылымының негізін қалаушы. Ол қазақ халқының өркениетті елдер қатарына тек білім арқылы ғана қосысылатынын білді, қалай тәрбиелену бәрінен бұрын ескеріліп, оны бәрінен жоғары қойылатын жұмыс деп санады. ХХ - ғ басында қазақ халқының тәлім-тәрбие істерінің ғылыми негізін мықтап қалаушылардың бірі. Ол халық педагогикасының тәрбиелік мәнін айқындай отырып, өзі де тікелей ұстаздық қызметпен шұғылданды. А. Байтұрсынов пен қатар М. Жұмабаев өз үлесін қосты. Оның «Педагогика» еңбегінде (1992) дене, рухани, ақыл-ой және эстетикалық тәрбие мәселелері қарастырылып, ана тіліндегі мектептерде оқушыға тәрбие берудің жолдары, түрлері мен әдістері көрсетілді. Ол баланы діни сезімге тәрбиелеудің маңыздылығын ерекше етап көрсетеді. Оның айтуынша, дін адамның мейірімділік, қайырымдылық қасиеттерін және жақын адамға деген сүйіспеншілігін оятады. /7. 160/ Автор балаларды ана тілінде тәрбиелеге шақырып, оның сарқылмас мүмкіндіктерін ашып көрсетті. Ана тілімен қатар, өзінің мәдениетін қоса оқыту туралы Міржақып Дулатовтың еңбектерінде кездеседі. Ол «бастауыш мектепте алған тәрбиесінің әсері күшті, сіңімді болуы, қай халықтың мектебінде болса да оқу кітаптары ана тілімен, өз ұлтының тұрмысын баяндап оқытқанда, жас баланың бойына, қанына сүйегіне ұлт рухы сіңіп, ана тілін анық үйреніп, керекті мағлұмат алып шығады. Мұндай балалар қай жұрттың арасынды жүрсе де, сүйегіне сіңген ұлт рухы жасымайды. Қайда болса да, тіршілігінде қандай ауырлық, өзгерістер көрсе де, ұлт ұлы болып қалады. Оқудан мақсат жалғыз құрғақ білім үйрету емес, біліммен бірге жақсы тәрбие беру» деп тұжырым жасаған. /8. 334/
Жоғарыда айтылғанның бәрі - қазақ зиялыларының балалар болашағынның ойлағанының айқын айғағы. Олардың оқушыға ана тілін, ұлттық салт-дәстүрлерді меңгеру қажеттігі туралы ой - тұжырымдары бүгінгі заман талабымен үндесіп жатыр.
Халықтық педагогиканың адамгершілік тәрбие саласындағы құнды деген идеяларын өз - іс тәжірибелерінде А. С. Макаренко, В. А. Сухомлинский кеңінен пайдаланып, оларды өте жоғары бағалаған.
Педагогикалық зерттеулерді ұйымдастыруды әдіснамалық талаптары, педагогикалық құбылыстардың ішкі заңдылықтары мен қозғаушы күштері көптеген ғалымдардың еңбектерінде дәлелденген. (А. М. Арсеньев, Ю. К. Бабанский, С. А. Баранов, В. И. Гинецинский Н. К. Гончаров, М. А. Данилов, В. И. Журавлев, В. И. Загвязинский, Н. В. Кузмина, И. Т. Огородников, М. Н. Скадкий және т. б. )
Қазақ халықтық педагогикасының адамгершілік саласындағы үлгілі мұраларына революцияға дейін Қазақстанға келген шетел мен розсип ғалымдары мән берген. Солардың ішінде В. В. Родлов, Г. Потанин, П. Маковецкий, А. В. Левшин және т. б.
Халықтық педагогиканы теория жүзінде танытқан ілгері зерттеулердің қатарында оның негіздемесін жасауға өз үлесін қосқан Э. Д. Днепров, Г. К. Искаков, А. Ш. Гашимов: «Халықтық педагогика» және «Этнопедагогика» ұғымдарының ара жігін ажыратып зерттеу объектілерін анықтауға бағытталған Е. А. Христова, Г. Н. Волков, Я. И. Калбиков, И. С. Кон, А. Э. Измайлов тәрбиенің этностық сипаты мен педагогикалық процестегі халық бұқарасының орнын әділ бағалап, халықтық тәрбиені қоғамдық қажеттілік талабынан туған құбылыс ретінде көрсеткен М. Ф. Шабаева, Г. С. Винаградов еңбектерін атауға болады.
30-жыл бұрын екі ұғымның ара жігін академик Г. Н. Волков тайға таңба басқандай етіп көрсеткен еді. Оның пікірінше халық педагогикасы дегеніміз әр этностық отбасылық тәрбиесінің жиынтығы, ол әлі де болса ғылыми жүйеге түспеген, нақты атаулары мен принциптері анықталмаған, қарапайым ілімдердің жиынтығы. «Халық педагогикасы» тәлім - тәрбиелік ғылымының алғашқы баспалдағы, тәрбие туралы білімдердің жиынтығы.
Ал этнопедагогика болса - бұл ғылыми педагогиканың жаңа бір саласы, мұнда өзіндік ғылыми атаулар, белгілі принциптер болуы тиіс. Халықтық педагогика кез - келген этнос түрлеріне байланысты (ру, тайпа халық) айтылатын ұғым.
Зеріттеушілер басым көпшілігі бұл ұғымға түсінік Г. НВолкоптың «Этнопедагогика - жас ұрпақты тәрбиелеу жөнінде халық бұқарасының тәжірибесі, педагогикалық көзқарастар туралы ғылым. Этникалық тарихи жағдайлардың әсерімен қалыптасқан ұлыттық сипаттағы ерекшеліктерді зерттейді», - деген анықтама берді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz