Қазақ костюм тарихы


Қ. А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті
Өнер факультеті
Бейнелеу өнері
5В042100-«Дизайн» Ү-курс «Қазақ костюм тарихы» пәні
БОЙЫНША ДӘРІСТІК САБАҚТЫҢ МӘТІНІ
ТҮРКІСТАН 2015ж.
№ 1. Лекциялық сабақ тақырыбы: Кіріспе. Ќазаќ костюм тарихы
Жоспары: 1. Киім пайда болу себептері оның түрлері мен қызметі
2. Әдеміліктер
3. Оюлар
4. Материалдар: жануарлар терісі, ағаштар қабығы, өсімдіктер талшықтары және дайындау тәсілдері.
Мақсаты: «Киім тарихы» курсының өзіндік ерекшелігі семинар жұмыстарында лекция материалдарының міндетті түрде бекітілуіне негізделген. Студенттер өз бетінше костюм тарихының маңызды құбылыстарын талдауды үйренді, жүйелі талдау әдістерінің көмегімен нақты міндеттерді шешу жолдары мен тәсілдерін табуға тырысады.
Мәтіні (қысқаша) : Қазақтың ұлттық киімі ғасырлар бойы қалыптасқан және айналадағы ортаға желді аязды болып келетін аңызақ даладағы тіршідлікке бейімделген халық мұрасының құрамдас бөлігі болып табылады.
Қазақша киім өзінің қарапайымдылығымен, үйлесімділігімен, жүріп-тұруға ыңғайлылығымен ерекше. Мұның өзі тұрмыс қажетінен, басым көпшілігі көшпелі өмір сүрген көлік үстіндегі іс-қарекетінен туған жағдай. Ал оның құрамында алтын-күміске інжу, перуза сияқты асыл тастар қондырылып соғылатын алқа, тамақша, сырға, жүзік, білезік, қапсырмалар зергерлік тастардың, маржан тізбектерінің неше түрлі шытырлармен, әткеншектермен, сәке гүлмен безендірілетін сәукеле, қасаба, бөрік, тақия сияқты кестелі-зерлі бас киімдердің, тіпті аса зор талғамды байқататын кісе белбеудің, нәзік белдіктердің, етік пен зерлі кебстің әсемдікке деген әуесқойлықты көрсетеді.
Киімдегі ерекшеліктерді оған пайдаланылған материалдың құндылығынан, киім-кешектің әшекейінен, бірінің үстіне бірі киілетін бешпенттен, бас киімнің көлемінен ажыратуға болады. Халық шеберлері киім тіккенде іс тапсырушының талғамын, жас ерекшелігін, дене құрылысын, бет әлпетін мұқият ескерген. Ертеден қалған киімдердің үлгі нұсқаларына қарағанда: киімді адам денесіне шақ етіп тігу беріректе, орыс халқымен аралас, қаламен қатынас көбейе түскен кезде қалыптаса бастаған. Қазақ киімдері іштік, сырттық, сулық, біркиер болып төрт топқа бөлінеді.
Іштік киімдерге- көйлек, дамбал, желетке, камзол; Сырттық -шапан, күпі, тон; Сулық - шекпен, қаптал шекпен; Біркиер - қымбат маталардан әшекейлеп тігілген, той-думандарға киетін киім. Сондай-ақ бойжеткендер, бозбалалар, белгілі бір топтар үйде де, түзде де күнделікті тұрмыста да ұдайы жақсы киініп жүрген. Мәтел: «таныған жерде бай сыйлы, танымаған жерде тон сыйлы».
Бақылау сұрақтары:
- Киімдегі ерекшеліктерді атаңыз?
- Қазақ киімдері қанша топқа бөлінеді?
- Пайдаланылған материалдың құндылығы?
- Киімнің үйлесімділігі?
№ 2. Лекциялық сабақ тақырыбы: ХҮ-ХҮІІІ ғ. ғ. қазақ костюмы.
Жоспары: 1. Орта Азия халықтарының киімдерімен қазақ киімдерінің ортақ негізгі белгілері
2. Ерте замандағы көшпенділердің істеген киім үлгілері
3. Қазақ киіміне тән киім мен бас киімдердің элементтері
Мақсаты: «Киім тарихы» курсының өзіндік ерекшелігі семинар жұмыстарында лекция материалдарының міндетті түрде бекітілуіне негізделген. Студенттер өз бетінше костюм тарихының маңызды құбылыстарын талдауды үйренді, жүйелі талдау әдістерінің көмегімен нақты міндеттерді шешу жолдары мен тәсілдерін табуға тырысады.
Мәтіні (қысқаша) : Ұлттық киім - бай тарихи - мәдени мұра, оны зерттеу бізді өткен ғасырлардағы әдет - ғұрып, салт-дәстүр, халықтың хал- ахуалынан кең көлемде жан- жақты хабардар етеді. Қазақ халқының киімі басқа ұлттардан өзгеше өзіндік қасиетке толы. Мұның басты себебі, қазақ халқының табиғат төсінде өсіп, ерекше ғұмыр кешумен байланысты, қазақтың ұлттық киімдері негізінен ертедегі көшпенділір киімдерін еске түсіреді, қазір өзімен күнделікті киіп жүрген бір қатар киім үлгілері сақ дәуірінен бастау алады.
Кез-келген халықтың өмір сүріп жатқан тұрғылықты жерінің геологиялық құрылымына сай оның өнері мен мәдениеті де дами түсті. Қазақ халқының ұлттық киімі мен қолөнерінің қалыптасуына елдің экономикалық сауда-сатгық, климаттық және әлеуметтік жағдайлары мен діни сенімдері әсер етті. Онда халықтың әсемдік талғамы, өмір салты, өткендегі әлеуметтік хал-ақуалы айқын сезіледі. Түр-түсі, пішімі жағынан қазақтың киім-кешегі әлеуметтік топтардың бәріне бірдей ортақ. Пішімі қарапайым болғанымен, дала жағдайына ыңғайлылығымен, сан алуан әшекейлерімен ерекшеленді.
Ұлттық киімдеріміз біздің ата-бабаларымыздың жауынгер, жаугер, батыр, жаужүрек халық болғандығын көрсетеді. Оның тірлігі үнемі аттың жалында, түйенің қомында жүрген, көбіне мамыражай жайма шуақ жүре алмаған. Аты ауыздықпен су ішіп, өзі етегімен мұз кешіп тіршілік еткен.
Қазақ халқы киім-кешек тігуге әуелде Үндістаннан әкелінген шыт, батсайы, мәуіті маталары Қытайдан әкелінген жібек матаны, Италиядан әкелген барқыт матасын, Англиядан әкелген шұға маталарын пайдаланған. Бұл маталармен қазақ арғы ата-бабасы секілді, Оңтүстік Қазақстан арқылы өткен көне "Жібек жолы" торабында айырбас саудамен алып отырған. Дегенмен қазақ жерінде жүн маталары тоқылғаны бізге белгілі.
Жерорта теңізінен Қытайға дейін Евразияны көктей өтіп жатқан керуен жолдары біздің дәуірімізге дейінгі ІІІ-ІІ мың жылдықта басталғаны белгілі. Керуен Қазақстан жерін басып өтіп, Отырар, Тараз, Испиджаб, Яссы, Сауран, Жент, Каялық, Баласағүн және тағы басқа сол кездегі қалалар арқылы өткен. Сондықтан да, қазақ халқының киім үлгілерінің қалыптасуына осы Ұлы жібек жолының да әсері болды.
Алтайдағы Пазарықтың "патша" қорғанының бірінен біздің дәуірімізге дейінгі ІҮ-Ү ғасырларға жататын қабірлерден жүннен тігілген жібек маталар мен шашақтар да табылған. К. Байпақов пен А. Нұржанов еңбегінде айтылғандай, мұндай қымбат бағалы жібектерді тарату ісіне сақтар мен скифтердің көшпелі әулеттері де атсалысқанын, олардың қатынасаралық көмегімен сол кезде қасқалдақтың қанындай қымбат тауарлар Орталық Азия мен Жерорта теңізіне дейін таратылғандығы жөнінде мәлімет берген.
Халықтың ою-өрнек әшекейлерінің ең бір көп кездесетіні ұлттық киімдер. Қазақтың ұлттық киімдерінің түрлері мен атаулары көп: кейде ұлы жүз, орта жүз, кіші жүз үлгілері деп, кейде әлгі жүздер арасындағы рулардың аттарымен аталады. Мысалы: адай бөрік, арғын тымақ т. б. Кейде географиялық ортаға байланысты да ерекше мәнер үлгіге бөлінеді. Мысалы: қоңырат үлгісі, Жетісу үлгісі т. б. Мұндай бөліп атау киімдердің кеңдігі, ықшамдылығы, бойға қонымдылығы және әшекейлеу мәнерлерінің ерекшеліктеріне қарай да ажыратылады. Ұлы жүздің шапандары көбінесе жолақты, сырмалы, етек-жеңдері ұзын, ашық жағалы болып келеді. Оңтүстік елі өзбек, тәжік, ұйғыр халықтарымен көршілес, көпшілік кәсібі бақ өсіріп, егін салу болғандықтан, бұлардың киім үлгісі мен тігу мәнеріне осы жағдайлар ықпал еткенін көреміз.
Зерттеулерге сүйенсек, орта жүздің шапандары көбінесе бір беткей матадан, сырусыз, етектері шалғайлы, жеңдер кең, жағалары түймелі болып келеді. Кіші жүздің шапандары да шалғайлы, жеңдері кең, жүн тартқап, бидайланған қалың, қайырма жағалық болып келеді. Үш жүздің қайсысында болса да, шапанға үлкен мән берген және оны барлық жерде жабу деп атайды.
Қазақта үш жүздің қайсысы болса да, шалбарға ау қояды, қолтыққа үшкіл салады. Қазақ киімдерінің ең ықшамды кішірек түрлері орта жүз бен ұлы жүзде, ал ең кең де үлкен үлгілері кіші жүзде кездеседі.
Бақылау сұрақтары:
- Қазақ халқының ұлттық киімі мен қолөнерінің қалыптасуы?
- Географиялық ортаға байланысты үлгіге бөлінуі?
- Қазақ халқының киімі басқа ұлттардан өзіндік ерекшелігі?
№ 3. Лекциялық сабақ тақырыбы: Қазақ костюмының түрлері мен үлгілері және оның дамуы.
Жоспары: 1. Көне кезеңінде пайда болған қазақ ұлттық киімдерінің түрлері
2. Қазақ киімінің тууы және дамуы
3. Көршілес елдердің костюмдарының жалпы белгілері
Мақсаты: «Киім тарихы» курсының өзіндік ерекшелігі семинар жұмыстарында лекция материалдарының міндетті түрде бекітілуіне негізделген. Студенттер өз бетінше костюм тарихының маңызды құбылыстарын талдауды үйренді, жүйелі талдау әдістерінің көмегімен нақты міндеттерді шешу жолдары мен тәсілдерін табуға тырысады.
Мәтіні (қысқаша) : Халықтың ою-өрнек әшекейлерінің ең бір көп кездесетіні ұлттық киімдер. Қазақтың ұлттық киімдерінің түрлері мен атаулары көп: кейде ұлы жүз, орта жүз, кіші жүз үлгілері деп, кейде әлгі жүздер арасындағы рулардың аттарымен аталады. Мысалы: адай бөрік, арғын тымақ т. б. Кейде географиялық ортаға байланысты да ерекше мәнер үлгіге бөлінеді. Мысалы: қоңырат үлгісі, Жетісу үлгісі т. б. Мұндай бөліп атау киімдердің кеңдігі, ықшамдылығы, бойға қонымдылығы және әшекейлеу мәнерлерінің ерекшеліктеріне қарай да ажыратылады. Ұлы жүздің шапандары көбінесе жолақты, сырмалы, етек-жеңдері ұзын, ашық жағалы болып келеді. Оңтүстік елі өзбек, тәжік, ұйғыр халықтарымен көршілес, көпшілік кәсібі бақ өсіріп, егін салу болғандықтан, бұлардың киім үлгісі мен тігу мәнеріне осы жағдайлар ықпал еткенін көреміз.
Қыстық киім ретінде ішік қолданылады. Ол көбінесс аң тсрісінен, қой, қозы, ешкі, бота тсрілсрінен қүрастырып істследі. Бұлардың да белшектері мен пішілу түрлері шапанға ұқсайды. Ішіктер көбінесе асып және түсті матадан тігілгенде оны әр түсті жібек жіптен кестелейді, зерлейді, оюлайды. Ішіктердің әдібін сыртынан келтіреді, кейде әдіп аң терісінен тігілді.
Күн суықта киетін шапан көбінесе жүн тартылып бидайланып тысталған. Кей жерде шапанды әуелі астармен бидайын қабып алып, тысты соның үстіне бос жабу арқылы тыстаса, кей жерлерде тура тыстың үстінен қабыған кезде сыритын болған. Мұндай шапанды "сырмалы шапан" деп атаған. Қайырма жаға шапанның бір түймесі, тік жағалы бешпент шапанның екі түймесі бар. Қазақ шапандары үш бой, екі жең және жағасы ойып шығарып пішіледі. Үш бойдың алдыңғы екі бойын "алдыңғы өңірі" деп, артын "артқы бойы" деп атайды. Жота бойдың екі жақ шеті алдыңғы өңірге қаусырылады, оның екі жақ шеті алдыңғы ететі бел мықынға жеткенше үшкір қойма қойылады. Оның етек жағы енді, бел жағы енсіз, оны "шабу" деп атайды. Орта жүзде шапаннын жағасы мен жеңнің ұшы әдетте басқа түсті барқыт, шұға тәрізді матадан тігіледі.
Оңтүстікте жаға кең тұтас бой матаның өзінен (басқа түсті матадан емес) салынып, кестеленеді, не әшекейлеп, сырылып тігіледі.
Сонымен қатар, тон көбінесе иленген күздік қой терілерінен тігіледі. Орта денелі адамдарға 11-12 қойдың терісінен тон шығады. Қойдың шат терілері мен мойын терілері бөлек алынады, яғни олар пайдаланылмайды. Тонның жүні ішіне қарайды, сырт жағы қынамен, қабықпен, томар бояумен боялады. Тонды тебен инемен басып тігіп және шалып тігіп кестелейді. Кейде сыртынан тыстық жапсырып, қаптама тон да тігеді. Қаптама тондардың тыстарына әр түрлі жіппен кестелеп, елтірі, сенсең, аң терілерінен қайырма жаға жасап, етек-жеңіне жұрын қойылады.
Ерлер шалбары барқыт, пүліш, шұға, жібек, трико, шөмікше, шибарқыт, шегрен, ләмбек, мәнекен, қырмызы, қамқа, бакисап, көк шауытты сияқты ширақы маталардан қой, ешкі терілерінен тігеді. Шалбардың бауы ышқырға өткізіледі, қалтасыз, кең балақ болып келеді. Оның кең тігілуі салт атқа мініп жүруде, молдас құрып отыруға өте қолайлы болған. Шалбардың балағы кейде етік қонышының ішіне салынып, кейде қоныштың сыртына киіледі. Жеңіл шапан мен бешпендердің етегін дс ышқыр астынан жіберіп, шалбарланып алады.
Шалбарланып жүру әсіресе аңшылар мен батырларға, балуандарға тән әдет болатын. Қазақ халқында шалбарды тек қана ерлер киген, ал қызбалаға шалбар кию ерсі болған.
Шалбардың балағы екі жағынан ойық болып істелетін де, ол кестеленіп қойылатын. Кейде шалбардың балағын әдемілеп оюмен әшекейленген. Матадан, жарғақ теріден істелген шалбарды неше түсті жібек жіптермен өрнектеген, кейде боялған. Кейде балақтың аузын әдіптеп, жұрындап не басқа түсті матамен балақтап өрнектеді. Терілерден тігілген шалбарларды көбінесе тыстамайды. Оны бір түске бояп кестелеп сәндеген.
Көбіне ерлердің сырт киімдерін түймесіз, тек белбеумен ғана киген. Белбеуді бірнеше метр матадан ораған. Белдік пен кісені қайыстан, былғарыдан қабаттап, күмісті илгілермен білезіктермен көзді күміс бұдырлармен сәнделетін. Бұлардан басқа құр, терме, шекпен белбеулермен де дайындаған.
Түйе жабағысына әр түрлі жеңілде жылы күпі тігілген. Иірілген түйе жүнінен шекпен тоқылған. Шудасынан жамау жасқаулық жіп иіріп, осы шуда жіппен тон - шалбар тіккен
Қойдың жабағы жүнінен шидем шапан, күпі түскен, жеңіл байпақ тіккен, Киімнің салып және киім тоқуға да пайдаланған. Ал күзем жүнен, қозы жүнін қалпақ, кебенек, киіз етік пима сияқты киім кешектер жасалған.
Ешкінің түбіт жүнінен иіріп мойын орауыш, шәлі, шұлық, қолғап сияқты жылы әрі жеңіл киімдер тоқылған. Қазақ талғамында ешкім түбіті түйе жүнен де қымбат, жібекпен тендес саналған. Қазақ шеберлері мал жүнінен басқа қоянның жүнінен, құстың қауырсынын іске жаратқан. Қоянның жүнінін жылы мойын орауыш, қолғап, шұлық, бөкебай тоқыған.
Бақылау сұрақтары:
1. Қазақ ұлттық киімдерінің түрлері-ерлер мен әйелдер көйлектері?
- Киімнің көне элементі кісе-белбеу?
- Туникаға ұқсас қазақ киімі?
- ХІХ ғ. ортасынан бастап костюмның өзгерістері?
№ 4. Лекциялық сабақ тақырыбы: Дәстүрлі қазақ костюмының материалдары
Жоспары: 1. Киім дайындауда пайдаланылатын шаруашылықта жасалатын материалдар: аң терісі, тері, жүн, шекпен, қолдан жасалған маталар
2. Сырттан әкелінген маталар. Қытай, Орта Азиялық, Орыс және т. б. маталар (шыт, боз, қызыл мата, плис, барқыт, жібек, атлас, зерлі мата)
Мақсаты: «Киім тарихы» курсының өзіндік ерекшелігі семинар жұмыстарында лекция материалдарының міндетті түрде бекітілуіне негізделген. Студенттер өз бетінше костюм тарихының маңызды құбылыстарын талдауды үйренді, жүйелі талдау әдістерінің көмегімен нақты міндеттерді шешу жолдары мен тәсілдерін табуға тырысады.
Мәтіні (қысқаша) : Қазақ халқының өмір тіршілігінде киімдерді тігуде төрт түлік малдың терісі мен жүні үлкен рөл атқарған және ата-бабаларымыз оны ұқсатуды мыңдаған жылдар бұрын білген. Сырт киім тігуге негізінен үй жануарлары терілері мен жүндерінің ең асылдарынан басқа жабайы аңдардың да терілерін пайдаланған.
Ұлттық ер кісі киімдерінің ең қымбаттысы аң терісінен істелген ішіктер. Олар бірнеше түрге бөлінген: бұлғын ішік, жанат ішік, қасқыр ішік т. б. Аң терісінен тігілген ішіктердің сыртын шұға, мауыт, барқыт, атлас, көк берен, манат, ләшбек сияқты бағалы маталардан бірнеше түсті жібек жіптермен кестелеп, су моншақ, маржан тізген жіптермен бастырып, етек-жеңіне алтын, күміс, зер ұстап тіккен. Ішіктер кейде әдіпті, оқалы, шет-шеті жұрындалған қайырма жағалы болып пішілген.
Астарына түйе және қойдың күзем жүнін салып, жолақ түрінде сырып тігілген де сырт киімдердің түрлері болған. Ертерек те қазақ халқының сырттық киімдері түймесіз, тек белбеумен ғана оң жаққа қарай қаусырылған. Ұлттық сырткиімдер жасалған материалына, мәнер және үлгілеріне таралған аймақтарына, жүз, ру атауларына қарай жабаға тон, қаптал тон, әдіпті ішік, зерлі ішік, күзен ішік т. б деп айырып айтылған.
Тон - түрлі жануарлардың әсіресе малдың терісінен илеп тіңгілетін терісін илеп тігетін суықтан қорғап, жылылық сақтайтын сырткиім. Тауешкі, арқар терілерінен, жүннен сыртына қаратып тігілетін өң киімдердің түрлерін атаған. Тон тігісіне, үлгісіне қарай қималы, бүрмелі деп аталады. Тонның белі тарылып тігілетіндері «қынамалы», қынамайтындары «қаптал» деп аталды. Тонда тыс болмайды да жүн жағын ішіне қаратып, тері жағын сыртына келтіріп тігеді. Ол үшін шеліннен тазартып, әбден илеп, оны қынамен, жоса, талдың қабығымен томар бояау, қарағай, қайың нілінімен, өсімдік тамырларымен бояп, теріні қоңыр, сұрнемесе сарғыш, күлгін түске келтірді. Тонның етегін, өңірін оюлап сырыпта әшекейленген. Орта денелі адамға тон тігуге 11-12 қойдың күздік иеленген терісі қажет. Тон тіккенде шап, пұшпақ, мойын терілері пайданылмайды.
Ішік - қазақтың әрі сәнді, әрі жылы дәстүрлі сырткиімдерінің бірі ішік. Ішікті еркектер де, әйелдерде кие береді. Әйелдерге әсіресе жастарға арналған ішіктер әшкейленіп, түрлі ою, кестелер, зерлеп, те тігеледі, ішіктің ішкі жағы аң терілерінен құралып, сыртын шұға, мауыт, барқыт, көк, берең, манат, қырмызы торғын сияқты бағалы, ширақ, қалың маталармен тыстайды. Тысы әртүрлі матадан қапталғандықтан тоннан өзгешеленіп тұрады. Шекпен - түйенің иірілген жүніен тоқылатын сырт киім. Шекпеннен суда, желде өтпейтіндігі былай тұрсын, су тигенде түйе жүні ширығып, тығыздала түседі сондай-ақ ол матадай емес, өте берік әрі жеңіл, тоз тозбайды ұзақ киіледі. Шекпенге арналған жіп жіңішкелеп иіріліп, өрнектеп тығыз тоқылады. Ботаның немесе тайлақтың боялған жүнінен тоқылған шекпенді жастар сәндікке киеді. Иірілген түйе жүніне түйін жіп қосып тоқылғанын биязы шекпен, боз тайлақтың жүнін тін етіп иіріп, өрмектеп тоқылғанын боз шекпен деп атайды.
Дақы- тұлып тектес, бірақ жүні сыртына қаратылып, іші тысталып жасалатын қысқы киім түрі. Әлбетте ішіктің пошымын қайталайды.
Оны түбіті қалың өскен күздіккке немесе соғымға сойылған қылшығы ұзын, түбіті қою серкенің терісінен немесе тау ешкі терісінен қылшығын сыртына қаратып ішік, тонның сыртынан киетіндей етіп тігеді. Оны қарлы боран, аяз күндері ұзақ жолға шыққандар мен жылқы күзетіндегілер, қар қалың түсетін қыста атты шанаға жегіп жүретін өңірдің қазақтары сырткиім сыртынан киіп, суықтан қорғанады.
Қазақ халқы киім-кешек тігуге әуелде Үндістаннан әкелінген шыт, батсайы, мәуіті маталары Қытайдан әкелінген жібек матаны, Италиядан әкелген барқыт матасын, Англиядан әкелген шұға маталарын пайдаланған. Бұл маталармен қазақ арғы ата-бабасы секілді, Оңтүстік Қазақстан арқылы өткен көне "Жібек жолы" торабында айырбас саудамен алып отырған. Дегенмен қазақ жерінде жүн маталары тоқылғаны бізге белгілі.
Жерорта теңізінен Қытайға дейін Евразияны көктей өтіп жатқан керуен жолдары біздің дәуірімізге дейінгі ІІІ-ІІ мың жылдықта басталғаны белгілі. Керуен Қазақстан жерін басып өтіп, Отырар, Тараз, Испиджаб, Яссы, Сауран, Жент, Каялық, Баласағүн және тағы басқа сол кездегі қалалар арқылы өткен. Сондықтан да, қазақ халқының киім үлгілерінің қалыптасуына осы Ұлы жібек жолының да әсері болды.
Алтайдағы Пазарықтың "патша" қорғанының бірінен біздің дәуірімізге дейінгі ІҮ-Ү ғасырларға жататын қабірлерден жүннен тігілген жібек маталар мен шашақтар да табылған.
Бақылау сұрақтары:
1. Шекпен қандай киім түрі болып саналады?
- Материалдардың түстері, бояу тәсілдері?
- Сырттан әкелінген маталар түрі?
№ 5. Лекциялық сабақ тақырыбы: Салтанатты, әдет-ғұрыптық киім. Әскери киім.
Жоспары: 1. Салтанатты киімнің ерекшелігі
- Сәукеле-үлгісі мен семантикасы
- Әскери сауыт-саймандары, темір тор көйлек, дұлыға
Мақсаты: «Киім тарихы» курсының өзіндік ерекшелігі семинар жұмыстарында лекция материалдарының міндетті түрде бекітілуіне негізделген. Студенттер өз бетінше костюм тарихының маңызды құбылыстарын талдауды үйренді, жүйелі талдау әдістерінің көмегімен нақты міндеттерді шешу жолдары мен тәсілдерін табуға тырысады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz