Сабақта ойын технологиясын тиімді пайдалану



Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   
Сабақта ойын технологиясын тиімді пайдалану туралы

Жумабаева А.У.
Өскемен қаласының № 38 мектеп-гимназиясы
мемлекеттік мекемесі
Қазақ тілі сабағында ойын технологиясын қолдану арқылы бастауыш сынып
оқушыларының тілге деген қызығушылығын қалыптастыру

Зерттеу объектісі: ойын технологиясын оқу үрдісінде пайдалану арқылы
оқушының білім, білік дағдысын, белсенділігін арттыру.

Мақсаты:
– ойын технологиясын қолдану арқылы оқушының тілге деген
қызығушылығын дамытып қалыптастыру.
- ұлттық ойын элементтерін қолдану арқылы салт-дәстүрді білуге,
сүюге тәрбиелеу.

Міндеті:
– ойын технологиясының тәрбиелік, дамытушылық мақсатын анықтау.
– ойын кезінде оқушының дұрыс сөйлеу дағдысын қалыптастыру.

Болжамы: сабақ барысында ойын технологиясын ұтымды пайдалансақ,
оқушының пәнге деген қызығушылығының артатынына, сөздік қорының
молайғанына көз жеткізе аламыз.

Теориялық негізі: еңбек, ойын және оқу ерте кезден-ақ адам
тіршілігінің негізгі үш тірегі болып есептелінген. Ол балалар үшін
кәмелетке келгенше жүріп өтетін өмір сатысы. Ойын технологиясы балалардың
айналасын тану қызметіндегі белсенділігі мен шығармашылығының қалыптасуына
жолды кең ашатын табиғи құбылыс. Атақты педагогтар В.А.Сухомлинский,
Н.К.Крупская, К.Д.Ушинский ойынның балалардың ой өрісін дамытуда, дүние
танымын қалыптастыруда практикалық маңызы зор екенін атап көрсеткен. Қазақ
халқының ұлттық ойындарының педагогикадағы ролі туралы алғашқы пікірлерін
айтқан Ә.А.Диваев, М.О.Әуезов.

Ойын арқылы оқыту технологиясы бастауыш сыныптарда кеңінен
қолданылады. Әр мұғалім технологияның нәтижесін дұрыс болуы үшін мынандай
жағдайларды ескеруі қажет.
1. Әр ойынның тәрбиелік, білімділік, дамытушылық маңызын алдын-ала жете
түсініп, оның балаларға қандай нәтиже беретіндігін анықтау
2. Ойын жүргізетін орынның мүмкіндігі, ойын жабдықтарының эстетикалық
талаптарға сай болуы, алдын – ала әзірлеу.
3. Сыныптағы оқушылардың жас, психологиялық ерекшеліктеріне, білім
деңгейлеріне, сөздік қорына сәйкес келуі.
4. Ойын кезіндегі қозғалыс, техникалық қауіпсіздіктен қамтамасыз ету.
5. Ойынның, сабақтағы ойын элементтерінің оқушылардың ынтасын тартып,
пәнге деген қызығушылығын арттыруға бағытталуы.
Бастауыш сыныпта қазақ тілін оқып үйрету барысында ойындардың алатын
орны ерекше. Әр сабақтың тақырыбына сай ойындарды пайдаланып отыру
оқушылардың тіл үйренуге деген қызығушылығын, ынтасы мен зейінін арттырады.
Басты мақсат – ойын әрекеттері арқылы тілдік материалдарды меңгертіп,
сөздік қорды молайтып, тілдесім әрекетіне жетелеу.
Ойын барысында грамматикалық анықтамаларды, тілдік нормаларды игерту
мүмкіндіктері мол болады. Сабақта мұғалімнің диктаторлық рөлі жойылып,
оқушылар серіктестікке, ынтымақтастыққа, бірігіп жұмыс істеуге деген
қызығушылықтары артады. Адамның жас ерекшелігіне қарамай, яғни адам балалық
шағынан бастап кәрілікке жеткенше ойын қажеттілігі жетелеп отырады. Ал жас
баланың ой-өрісі ойын арқылы дамиды. Ойын барысында баланың адамгершілік
қасиеттері, өмірге деген көзқарасы, қызығушылығы қалыптасады. Ойын арқылы
сыныптағы нашар оқитын оқушыларды да сабаққа нәтижелі тартуға болады.
Қазақ тілі сабақтарында рөлдік ойындардың маңызы зор. Ойын
оқушылардың сол орындалатын іс-әрекеттер арқылы тіл үйренуге деген сенімін
қалыптастырады.
Олар :
1. Қазақ тіліне ғана тән дыбыстарды дұрыс айтуға, жазуға жаттықтыруға;
2. Оқушыларды тілдік қарым-қатынасқа түсу дағдыларын дамытуға;
3. Жағдаяттар туғызып, іс-әрекеттер арқылы сөйлетіп үйренуге.
Белгілі педагог А.С.Макаренко баланың ойын үстінде түрлі таным түсініктері,
қасиеттері дамып, қабілеті мен белсенділігі артатынын атап көрсеткен.
Сабақта ойналатын дидактикалық ойындардың пайдасы өте зор. Ол ойындарды
тақырып бойынша өзгертіп тұруға ыңғайлы болады. Ойынның мақсаты, шарты
балаларға түсіндіріледі.
Ойындарды төмендегі мақсатта пайдалануға болады.
Араларға көмек ойыны. Ойынның мақсаты: оқушылардың байланыстырып сөйлеу
дағдыларын қалыптастыру. Ойынның шарты : тақтаға араның ұясындағы балға
келе жатқан аюдың сүреті ілінеді. Аюдың балға келе жатқандығын ескертуге
күзетші ара басқа араларға кетеді. Оқушыларға тақырыпқа байланысты
грамматикалық тапсырмалар ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тіл сабағында ойын элементтерін қолдану арқылы оқушылардың қызығушылығын арттыру
Бастауыш сыныпта тіл дамыту жұмыстары
Бастауыш мектептің қазақ тілі сабағында ойын технологиясын қолданудың тиімді әдістемесін ұсыну
Бастауыш сыныптарда математика сабақтарында ойын технологиясын қолдану
Ойын элементтерін қазақ тілі мен әдебиеттік оқу сабақтарында тиімді пайдалану жолдары
Оқытудың жаңа технологиясын пайдаланып, оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру
Физика сабағында оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыту
Ойын- бала әрекетінің негізгі түрі
Қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру әдістемесінде ойын технологиясының мазмұны, міндеттері және ерекшеліктері
Бастауыш білім берудегі ойын технологиялары
Пәндер