Қазақ және араб тіліндегі бастауыштың ұқсастықтары мен ерекшеліктері


І. Кіріспе . . . 4 - 6
ІІ. Негізгі бөлім
I Тарау . Қазақ тіліндегі бастауыш.
1. 1 Қазақ тіліндегі бастауыштың жасалу жолдары . . . 7 - 13
1. 2 Қазақ тіліндегі бастауыштың түрлері . . . 14 - 21
ІІ. Тарау. Араб тіліндегі бастауыш.
2. 1 Араб тіліндегі бастауыштың жасалу жолдары . . . 22 - 32
2. 2 Араб тіліндегі бастауыштың түрлері . . . 33 - 42
2. 3 Қазақ және араб тіліндегі бастауыштың ұқсастықтары мен
ерекшеліктері . . . 43 - 57
ІІІ. Қорытынды . . . 58 - 59
ІV. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 60 - 61
V . Қосымша . . . 62 - 65
І. КІРІСПЕ
Диплом жұмысының жалпы сипаттамасы. Қазіргі қоғамда бір-бірімен қоян-қолтық араласуының нәтижесінде көптеген халықтардың тілдік қатынастары жан - жақты дамып күрделене түсті. Әлемдегі тілдер секілді, қазақ тілі де жақын, алыс елдермен түрлі қарым - қатынас жасай отырып, дамудың түрлі - түрлі сатысынан өткен. Соның ішінде қазақ тілі сөздік құрамының дамуы-шығыс халықтары мәдениетімен тығыз байланысты. Халқымыздың тарихындағы бұл байланыс өзінің ерекшелігімен өзгеше сипат алады. Сондай халықтың бірі - араб халқы. Бұл жөнінде араб тілі оқулығының авторлары Ковалев А. А. және Шарбатов Г. Ш. былай деген: “Орта және Таяу Шығыс халықтары тілдерінің дамуына классикалық араб тілі едәуір әсер етті. Ол кезде өмір сүрген халықтардың мәдени өмірінде араб тілі халықаралық тілдің қызметін атқарды”.
Халықаралық экономикалық, мәдени, ғылыми байланыстар қаулап өсіп бара жатқан заманда өзге тілді білу - заман талабы. Өйткені халық пен халықты достастырып игі істерге жетелейтін де - тіл.
Адам белгілі бір қоғамда өмір сүреді, сол қоғамның материялдық және рухани байлығын жасаушысы болып табылады. Сол себепті адамдар үнемі қарым- қатынаста болады. Адамдар өмір сүруінің, тіршілігін жүзеге асыруының құралы -дыбыстық тіл. Адам - тілімен адам. Тіл - жеке адамның туындысы емес, қоғамның жемісі, қоғамның нәтижесі. Тіл - қоғамдағы адамдардың қарым - қатынас құралы. Сондықтан да тіл - қоғамдық құбылыс, қоғамдық қызметімен өмір сүретін құбылыс. Адамзат қоғамы даму, жетілу үстінде болады. Осы өзгерістердің бәрі тіл арқылы көрінеді, тіл арқылы басқаға жетеді. Тіл - адамдар арасындағы қарым - қатынас құралдарының ең негізгісі. Ол тек жеке адамдарды ғана емес, сондай-ақ ел мен ел арасындағы қарым- қатынас жүргізу барысындағы басты құрал.
Тіл барлық адамзаттың саналы өмірінің құралы. Бұл өмірде сүріп жатқан кез-келген адам өнер-білімді, мәдениеттілікті тіл арқылы игереді. Ауызекі сөйлеу тілінде болсын, жазба тілде болсын дұрыс грамматикалық материялдарды сауатты, дұрыс жазу, мәдениетті сөйлеу маңызды. Тіл - халықтың болмысын көрсететін, барлық салт - дәстүрін ұрпақтан - ұрпаққа мұра етіп қалдыратын болмысын айқындайтын белгі. Тіл мәдениетін дұрыс негіздеу үшін тек сөздерді байланыстыра білу жеткіліксіз. Сөз мағынасын толық түсініп, асыл сөздің қыры мен сырына терең үңілу қажет. Тіл мәдениеті-дегеніміз сөйлегенде, жазғанда тіл құралдарын дұрыс қолданып, сауаттылықтың, айқын ойлылық пен ізеттіліктің өнегесін көрсету екені көпшілікке белгілі. Тілдің негізі болып табылатын, бір - бірімен тығыз байланыстыратын екі нәрсе бар. Бірі - тілдің сөздік құрамы, екіншісі оның грамматикалық құрылысы. Әлем тілдерінің арасында өзіндік орны мен өзіндік тарихы бар араб тілінің грамматикасы да өзге тілдермен салғастыра қарағанда өзіндік ұқсатықтар ерекшеліктерге ие.
Қазақ халқы ел болып, егемендік алғаннан кейін шет елдермен саяси, экономикалық, мәдени қарым-қатынас байланыс жасауда. Міне осы байланыстарда тіл ерекше роль атқарады. Тілсіз ешбір қоғам өмір сүре алмайды. Қазіргі жаһандану кезінде тіл арқылы басқа ұлттар бір-бірімен тығыз байланыста болады. Тіл - халықтың тарихы, шежіресі, халықтың күллі өмірінің жаңғырығы мен ізі.
Елбасының көреген саясатына бас иіп, соңынан ерген қазақстан халқы бірлік пен достықты мұрат етіп тату-тәтті өмір сүруде.
Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлының 2030 стратегиялық бағдарламасында көрсеткендей егемен Қазақстан еліміз әлемдегі мәдениеті дамыған өркениетті елдердің қатарында тұруы үшін мемлекетіміз көптеген елдермен түрлі байланыстар жасауда.
Қазақ халқы Кеңес дәуірніде өзге елдермен орыс тілі арқылы байланысып отырса оған дейін, яғни, 1930 жылға дейін өз ана тілін араб графикасымен пайдалана отырып, арым-қатынаста болған, сондықтан халықты сауаттандыру жұмыстарында араб графикасы(төте жазу) пайдаланылған.
1929 жылы латын графикасына, кейін 1940 жылы кирилицаға ауысуына байланысты араб графикасын қолданылуы қазақ жазбасында қолданыстан қалып қойды.
Кеңес Үкіметі бұйрығымен тоқтатылған бұл процестер қазақ елінде 1975жылы 29- әуірдегі №233 қаулы шешімі бойынша араб тілін Қазақстанда жоғарғы оқу орындарында оқыта бастады. Бұл араб тілін оқытуда әдістемелердің ашылуына себеп болды. Осы жайында көптеген еңбектер жазылды.
Қазақ елі өз егемендігін алғалы бері шет елдермен байланыстарын нығайтуда. Соның ішінде әдет-ғұрып, мәдениетімен, әдебиеті ұқсас елдермен бірлесіп, білім мен біліктілікті арттыруға өз мамандарын шет елдерге жіберуде. Соның ішінде араб елдерімен әртүрлі экономикалық, әлеуметтік өмір салалары бойынша тығыз қарым-қатынаста байланыс құрып жатыр. Осының бір дәлелі Түркістан қаласындағы А. Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетінің студенттері жыл сайын Мысыр араб республикасына білім грантын жеңіп алып, оқуларын сол елде жалғастырып, білім алуда.
Мәдени, спорттық, өнеркәсіптік делегациялар алмасу, инвесторлар тарту, көрмелер ұйымдастыру жандана түсуде.
Араб тілі БҰҰ - да әлемдегі алты негізгі ресми тілдердің бірі болып табылады. Қазір араб тілінде 150 000 000 - нан астам адам қарым-қатынас жасауда. Бұл тіл- көптеген араб мемлекттерінің канондық, әлеуметтік, экономикалық қатынастар тілі. Өз уақытындаараб тілінде ғылым, өнер, білім, дебиет пен мәдениет, сәулет айрықша дамыды. Бүкіл әлемге жаңаша жаңалықтар қосуға үлес қосты.
Қазіргі таңда келісім - шарт арқылы білім алуға шет елдерден студенттер, мұғалімдер арнайы өкілдер келуде. Осы сияқты елдердің мақсаты өз тілі мен әдебиетін қана қоймай сонымен қатар Қазақстан азаматтарының өз елдеріне қамқор балаларға тәрбиелі де парасатты ұрпақтың өсуіне үлестерін қосуда.
Тіл білімі, тарих, география, математика, астраномия, медицина секілді ғылым салалары бойынша араб тілінде көптеген еңбектер дүниеге келді. Бірақ, өкінішке орай осы шығармалардың күні-бүгінге дейін қазақ тіліне аударылып жарық көргендері жоқтың қасы. Бұл дегеніміз, біздің мемлекетке араб тілді мамандарға мұқтаж деген сөз. Қазақстан тәуелсіздігін алып, шет елдермен әр түрді салада байланысын нығайтқалы бері еліміз жөнінде шетел баспасөз беттерінде түрлі тақырыптарда материалдар жариялана бастады. Мемлекетіміз парасатты да білікті, мәдениетті де білімді, биік дүние танымы бар азаматтық құқықтық білімдар болмысы жоғары ұрпақ тәрбиелеуде шет тілдерін білудің өзі өмірлік зор маңызы бар. Енді осындай жоғары білімдімамандар дайындайтын оқу орындар және орта білім беру базаларында араб тілінің грамматикалық тұрғыда қазақ тілімен салғастыра беретін оқулықтар мен оқу құралдары аз. Осы жағдайларды ескере отырып грамматикалық саласына көңіл бөліп, тақырыбымызды тұрлаулы мүшелердің бірі болған«Қазақ және араб тіліндегі бастауыштың ерекшеліктері » деп атауды жөн көрдік. Қазіргі таңда әсіресе шет тілін біліп үйрену заманның талабы болған сәтте үйренушіге, салғастырмалы грамматиканың беретіні мол. Зертеліп отырған диплом жұмысы осы мәселелерді қарастырады.
Диплом жұмысының мақсаты. Қазақ және араб тіліндегі бастауышты салғастыру, жасалу жолдары, түрлерін анықтап көрсету. Араб тілі оқулықтарында бар мағлұматтарды одан әрі толықтырып жетілдіру.
Диплом жұмысының өзектілігі. Араб және қазақ тіліндегі бастауыштарды салғастыру жұмысы қазіргі таңда өзекті мәселе болып табылады.
Диплом жұмысының дерек көздері. Диплом жазу барысында "القواعد الأساسية في النحو والصرف والتدريبات عليها" الجزء الأول. الدار العربية للكتاب , النحو الوضح , Сайранбаев Т. «Сөйлемнің турлаулы мүшелері», Балақаев М. «Қазіргі қазақ тілі», Сайрамбаев Т. «Қазіргі қазақ тілі», Қазақ ССР ғылым академиясы, Тіл, Google. kz сайтынан және тағы басқа кітаптардан алынған мақалалар пайдаланылды.
Диплом жұмысының құрылымы. Бұл жұмыс кіріспеден, негізгі бөлім, негізгі бөлім екі тараудан, қорытындыдан, пайдаланған әдебиеттер тізімінен және қосымшадан тұрады. Кіріспеде диплом жұмысының
өзектілігі, мақсаты мен міндеттері көрсетіліп, қолданылған әдебиеттерге жалпы шолу жасалды. Бірінші тарауда қазақ тіліндегі бастауыштың жасалу жолдары мен түрлері жайында сипатталады, ал екінші тарауда араб тіліндегі бастауыштың орын жасалу жолдары мен түрлеріжайында сипатталады. Қорытынды бөлімде екі тілдегі бастауыштың ұқсастықтары мен айырмашылықтары жайлы тұжырым жасалып, сарғастырылды. Қосымша бөлімінде араб тіліндегі бастауышқа әртүрлі мысалдар беріліп, оларға толық грамматикалық талдау жасалын
ІІ. Негізгі бөлім
I- тарау Қазақ тіліндегі бастауыш.
1. 1 Қазақ тіліндегі бастауыштың жасалу жолдары
الحمد لله رب العالمين للمتقين والصلاة والسلام على اشرف المرسلين سيدنا محمد صلى الله عليه وسلم وعلى اله واصحابه اجمعين. ثم اما بعد.
Сөйлем мүшелері
Сөйлем ішінде басқа сөздермен грамматикалық байланысқа түсіп, белгілі сұраққа жауап бере алатын мағыналы сөздер және сөз тізбегі сөйлем мүшелері деп аталады. Сөйлем мүшесі деп сөйлем құрамында тұрып, белгілі бір сұрауға жауап беретін толық мағыналы сөзді, сөз тіркесін не күрделі сөзді атаймыз. Сөйлем мүшелері сөйлемдегі маңызына, қызметіне қарай тұрлаулы мүшелер және тұрлаусыз мүшелер болып екі топқа бөлінеді. Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері деп сөйлемнің негізгі мүшелері болып саналатын бастауыш пен баяндауышты атаймыз. Мысалы:
Айша енді күншығыстың қай жақ, күнбатыстың қай жақ екенін көрді. Шабдар ат та енді денесін бекітіп алды. қара түн жұқа, ақшыл мұнарға айналды. Бұл сөйлемдердің тұрлаулы мүшелері: Айша көрді. Ат бекітіп алды. түн мұнарға айналды. бастауыштары- Айша, ат, түн. Бұлар сөйлемде айтылған іс-оқиғаның иесін білдіреді.
Бастауыштың грамматикалық - мағыналық белгілері:
- Атау септік тұлғасында тұрады.
- іс-оқиғаның иесін білдіреді.
- кім? не? дген сұраққа жауап береді.
- баяндауышпен жақ жағынан жекеше, көпше түрде қиыса байланысады.
А. Әбілқаев пен С. Аманжолов бастауыш ережесі туралы : «Сөйлемде атау септігінде тұрып басқа мүшелерге бағынбайтын тұрлаулы мүшені бастауыш, - дейміз. » [ 2 ; 148] Қазақ тіл білімі және түркітану әдебиеттерінде бастауыш ережелерінде мына жайттарды көруге болады:
- Бастауыш сұрақтары
- Бастауыштың басқа сөйлем сөйлем мүшелеріне бағынбауы
- Бастауыш ойдың иесі болуы
- Ойдың иесі деуден гөрі ойдың баяндауыш қимылдың сапаның кімге қатысты болуы басты мәселе.
- Бастауыш тұлғалық ерекшеліктеріне, яғни атау септігінің тұлғасында келуі. Бастауыш басқа сөйлем мүшелеріне қарағанда ойдың иесі ретінде қолданылатыны айқын. Бұл жағынан бастауыш басқа сөйлем мүшелерінен айқын ерекшелінеді. Бірақ, бастауыш жеке қолданылып жеке өмір сүре алмаса керек, ол қалайда
басқа сөйлем мүшелеріне оның ішінде баяндауышпен синтаксистік байланыста айтылғанда ғана мағыналар айқындала түседі Ал, А. Балақаев «Сөлемдегі ой кім? не? Туралы екенін білдіретін, айтылған ойға негіз болатын тұрлаулы мүшені бастауыш », - дейміз деп өз еңбектерінде атап өтеді. [4; 147]Сонда бастауыш болатын сөздер қаншалықты ойдың иесі болуы негізгі шарт екендігі жеке тұрғанда іске аспаса керек. Оның өзі жалпы сөз таптарына қарағанда сөйлем мүшелерінің байланыстарында ғана айқындала түседі. Бірақ, қаншалықты ондай дәрежеде баяндауышпен байланысы айқындала түседі. Мұның кейбір еңбектердегі бастауышты ойдың иесі деуден гөрі ойдың баяндауышы арқылы айтылған сапаның кімге қатысы бар екенін көрсететін пікірмен ұштасып жатса керек. Сол сияқты бастауыш басқа мүшелерге бағынбайды. Бұл қағида негізінде тұрлаулы мүшелер төңірегінде ғана сөз болады. Тұрлаулы мүшелер сөйлем құраудың негізі екені айтылады, ал тұрлаусыз мүшелер туралы олай айтуға келе бермейді. Ал, осы тұрлаулы мүшелер бір-біріне бағынышты емес деген үзілді-кесілді пікірлерде біз жоғарыдаайтқанымыздай сөйлем мүшелерінен тек бір- бірімен байланысқан кезде ғана сөз таптарынан өзгеше келетіні айқын. Олай болса бастауыш басты тұлға, бірақ оны өзге мүшелермен байланыста қарасақ бастауыш оларға бағынбайды деп айтуға келе ермейді. Сол сияқты бастауыш тұлғалық ерекшелігі дейтін мәселеде, әсіресе атау септікті сөздер бастауыштың тұлғалық көрсеткіші дейтін мәселе ашылмаған мәселе, күрделі жайт. Атау септігіндегі сөздердің барлығы тек бастауыш ғана болады дейтін пікір қате. Бастауыш басқа сөйлем мүшелерінен бола беретін ажыратудан туған мәселе. Біздіңше атау тұлғалы сөздердің сөйлемдегі қолданылу ерекшеліктеріне қараудан барып қана, яғни ондай тұлғалы сөздердің бүкіл сөйлемге немесе өзі қатысты сөздермен қатысып айқындау барысында ғана бастауыш қасиетін айтуға тура келеді. Сонымен бастауыш, оның ережесі туралы мынадай қорытындыға келу орынды болар:«Бастауыш негізінен сөйлемдегі ойдың иесі бола отырып, баяндауыш арқылы барлық қасиетін айқындайды, белгілі тұлғада онымен тікелей байланыста болатын және өзіндік сұраулары бар сөйлем мүшесі». Бастауыш, оның жасалуы туралы көптеген еңбектерде айтылады. Ол еңбектерде бастауыштың жасалу жолдары жан-жақты айтылып келеді. Өйткені, ол еңбектерде бастауыштарды сөз таптарының тарапынан қарастырады, ал олардың кейбір мәселелері туралы көп сөз етілмейді.
Бастауыш деп сөйлемде атау септік тұлғасында тұрып, ойдың иесі болатын тұрлаулы сөйлем мүшесін атаймыз. Бастауыш кім? не? кімдер? нелер? кімім? нем? кімің? нең? кімі? несі? қайсысы? қаншасы? нешеуі? деген сұраулардың біріне жауап береді. [5; 220] Бастауыш болатын сөз таптары Сөйлемде бастауыш әр түрлі сөзтабынан бола береді: Зат есімнен болады. Есімдіктен болады. Мысалы: Бұл - менің келешектен күткен үмітім. Сан есімнен болады. Мысалы:Алты екіге бөлінеді. Заттық мағынада қолданылып, атау тұлғада тұрған сын есім, есімше және тұйық етістік сөйлемде бастауыш бола алады: Мысалы:Жақсы (сын есім) - көпке ортақ (мақал) . Оқыған (есімше) білер әр сөзді. (Абай) . Отанды қорғау (тұйық етістік) -абыройлы іс. Заттық мағынаға ие болып, бастауыштың сұрауына жауап беретін үстеу, одағай, шылау сөздер де бастауыш бола алады. Бірақ бұлар сөйлемде өте сирек кездеседі. Мысалы: Жалқаудың ертеңі бітпес (мақал) . Сеніңопырмайың қашан қалады? Және - жалғаулық шылауы. Дара бастауыш Дара бастауыш - жеке бір сөзбен айтылған бастауыш. Күрделі бастауыш. Күрделі бастауыш деп екі я бірнеше сөздің тізбегінен жасалып, бір - ақұғымды білдіретін бастауышты атайды. Күрделі бастауыш мына сияқты жолдармен жасалады: Екі я бірнеше сөздердің тіркесінен құралған зат атауы. Мысалы: Каспий теңізі - әлемдегі ең үлкен көл боп саналады Қос сөз түріндегі зат есімдер: Мысалы: Әке - шешем жасымда асырады, бақты, адам қылды. Ашық я жасырын түрдегі ілік жалғаулы зат есім мен көмекші есімдердің тізбегі. Мысалы: Үй іші енді тып - тыныш. Сын есім тіркесі Мысалы: Үш салт алтты тіл қатыспай жүріп келеді. Кейде зат есім мен есімшеден, зат есім мен сын есімнен құралған сөз тізбектері күрделі бастауыш болады. Мысалы:Білегі жуан бірді жығады, білімі толық мыңды жығады (мақал) . Сөйлемде атау септігінде тұрып, іс-оқиғаның иесін білдіретін тұрлайлы мүшені бастауыш дейміз. [47]
Бастауыш болатын сөз таптары:
Бірінші, бастауыш болатын сөз табы - атау тұлғасындағы зат есім. Мысалы: Бала ойнайды. Ат шабады. От жанады. Бұл сөйлемдердің ішінде бастауыш қай сөз екенін әуелі ішкі белгісімен тауып қарайык. Олай табу үшін мысалға алынған сөйлемнін әрқайсысында не туралы сөйленіп тұрғанын ашу керек.
1- інші сөйлем. Бала ойнайды. Мұнда кім турасынан сөйленіп тұр?- Бала турасынан.
2- інші сөйлем: Ат шабады. Мұнда не турасынан сөйленіп тұр?- Ат турасынан.
3- інші сөйлем: От жанады. Мұнда не турасынан сөйленіп түр? -От турасынан. Сүйтіп, бұл сөйлемдерде бала, ат, от турасынан сөйленген
болып шықты. Олай болса, бұл сөздерде бастауыштың ішкі белгілері бар, сондықтан бұлар бастауыш болуға тиіс.
Енді тысқы белгілерімен тауып қарайық. Олай табу үшін «кім?», «не?» деп сұрау салу керек. Сол сұрауға қай сөз жауап берсе, ашып айтқанда, қай сөз сұрауға жауап болып табылса, сол сөз бастауыш
болмақ. 1-інші сөйлем: Бала ойнайды. Кім ойнайды?-Бала. 2-інші сөйлем: Ат шабады. Не шабады? - ат. 3 -інші сөйлем : От жанады.
Не жанады? - от. Сүйтіп, бұл сөйлемдерде «кім?», «не?» деген сұрауларға жауап берген сөздер:, бала, ат, от болып шықты. Олай болса, бұл сөздерде бастауыштың тысқы белгілері бар болып табылды. Ішкі, тысқы екі белгісі де бар болған соң, бұл сөздер бастауыш болады. Бала, ат, от - атау тұлғасындағы тұрған зат есімдер.
Екінші, бастауыш болатын сөз табы - атау тұлғасындағы сын есім, Мысалы: Көп қорқытады, терең батырады. Бұл сөйлемдерде сөйленіп сөз болып отырған -көп пен терең. Солай болған соң ішкі белгісі бойынша бастауыш көп пен терең болуға тиіс. Тысқы белгісімен қарағанда, «кім қорқытады?» - көп, «не батырады?» - терең. Мұнда да «кім?», «не?» деген сұрауларға жауап беріп тұрған «көп» пен
«терең» деген сөздер. Ішкі, тысқы белгі бірден табылып тұрған соң бұл сөздер бастауыш болады. «Көп» «терең» деген сөздер атау тұлғасында тұрған сын есімдер.
Үшінші, бастауыш болатын сөз табы - болатын атау тұлғалы сан есім, мысалы: берерменге бесеу көп. Біреу тойып секіреді. Ішкі белгісі бойыншабастауыш бесеу, біреу болуға тиіс, өйткені 1 - інші сөйлемде болып отырған бесеу, 2 - інші сөйлемде біреу деген сөздер.
Тысқы белгісімен іздесек: берерменге не көп? - бесеу, кісі тойып секіреді? - біреу. Бұл бастауыштың тысқы белгілері бесеу, біреу деген сөздерден табылған соң, бастауыш осылар болады. Бесеу, біреу атау тұлғасында тұрған сан есімдер.
Төртінші, бастауыш болатын сөз табы болатын - атау тұлғалы есімдік. Мысалы: Мен келдім, сен кеттің. Ол терең, бұл тайыз.
1 - інші сөйлемде мен туралы, 2 -інші сөйлемде сен туралы, 3- інші сөйлемде ол туралы, 4-інші сөйлемде бұл туралы сөйленіп тұр. Сондықтан мен, сен, ол, бұл бастауыш болады. Бұл ішкі белгісі бойынша. Енді тысқы белгісімен қарағанда: Кім келді? - мен, кім кетті? - сен; не терең? - ол; Не тайыз? - бұл. «Кім?», «не?» деген сұрауларға жауап беріп тұрған сөздер-мен, сен, ол, бұл. Сондықтан бұл сөздер бастауыш болатыны даусыз.
Сүйтіп, мен, сен, ол, бұл деген сөздер ішкі белгісімен де бастауыш болып шығып тұр. Бұл сөздер атау тұлғасында тұрған есімдіктер.
Бесінші, бастауыш болатын сөз табы - етістіктің тұйық райы мен есімшеге айналған түрлері. Мысалы: Алсыпақ жоқ, атыспақ бар. Оқу оңайланды. Жығылған күреске тоймас. Мұнда сөз болып отырғандар: 1-інші сөйлемде алыспақ, 2-інші сөйлемде атыспақ, 3-інші сөйлемде оқу, 4-інші сөйлемде жығылған. Ішкі белгісінше алыспақ, атыспақ, оқу, жығылған бастауыш болады (солар туралы сөйлеп отырмыз) . Тысқы белгісінше де бастауыш болатын сол сөздер: не жоқ?- алыспақ, не бар?- атыспақ, не оңайланды?- оку, кім? күреске тоймас?- жығылған. Алыспақ, атыспақ етістіктің тұйық райындағы сөздер, оқу мен жығылған етістіктің есімшеге айналған түріндегі сөздер.
Алтыншы, бастауыш болатын сөз табы - үстеу жана үстеу орнында жүретін сөздер. Мысалы: Әрі алыстатады, бері жақындатады, шапшаң асықтырады, соңыра кешіктіреді. Бұл сөйлемдерде әрі, бері шапшаң, соңыра туралы сөйленіп тұр. Бұлар бастауыш болу керек. Бұл ішкі белгісінше не алыстатады? - әрі, не, жақындатады? - бері, не асықтырады? - шапшаң, не кешіктіреді? -соңыра. Сұрау бойынша да немесе тысқы белгісі бойынша дегенде де әрі, бері, шапшаң, соңыра деген сөздер бастауыш болады. Бұлар төрт сөздің төртеуі де не үстеулер, не үстеу орнына жүретін сөздер.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz