Василий Васильевич Верещагин (1842-1904)


Пән: Тарихи тұлғалар
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар:

1. Василий Васильевич Верещагин (1842-1904)

2. Айша Ғалымбаева (1917жылы туған)

3. Үкі Әжиев (1924 жылы туған)

4. Бақытжан Әбішев (1947жылы туған)

5. Бәтима Зәуірбекова (1946 жылы туған)

6. Ыдырыс Қарсақбаев (1932 жылы туған)

7. Дина Нұрпейісова (1861-1955)

8. Әміре Қашаубаев (1888-1934)

9. Ермек Серкебаев (1926 жылы туған)

10. Бибігүл Ахметқызы Төлегенова (1929 жылы туған)

11. Роза Тәжібайқызы Бағланова (1922 жылы туған)

12. Әсет Бейсеуов (1938-1996)

13. Асанәлі Әшімов (1937 жылы туған)

Василий Васильевич Верещагин (1842-1904) - қазақ даласына саяхат жасағанда көрген әсерінен көркем туындылар тудырған. Соның ішінде: "Шу бойындағы қазақ киіз үйлері", "Бүркіт салған аңшы", "Қазақ қызы" атты көркем туындылары таңғалдырады. Кәсіби суретшінің қылқаламынан туған көркем туындылар ұлттық мазмұнда орындалған. Ең әйгілі туындысы "Бүркіт ұстаған бай қырғыз аңшы" деп аталады. Бұл туынды жасалған кезде отаршыл патша өкіметі қазақтарды "қайсақ-қырғыз" деп атағандықтан, туынды да осылай аталып кеткен.

В. Верещагиннің Қазақстан тақырыбында салған көркем өнер мәдени ескерткіштерінің еуропалық қазынасына енген ең керемет туындысы "Мешіттің есігінің алдында" деп аталады. Бұл оның Түркістандағы Қожа Ахмет Йассауи кесенесі есігіне қарап отырып салған белгілі туындысы.

Айша Ғалымбаева (1917 жылы туған) . Қазақ халқының мақтанышына айналған А. Ғалымбаева қазақ әйелдері образын сомдауда "Шуақты күн", "Біз заманымызбен бақыттымыз", "Суретші" атты көркем шығармаларымен көрерменінің көңілінен шықты. Сонымен қатар бірнеше фильмдерге эскиздер жасады. Атап айтқанда, "Шабандоз қыз", "Қозы Көрпеш - Баян Сұлу", "Бұл Шұғылада болған еді" фильмдері. Ол "Абай әндері" фильмінің сюжеті бойынша "Билер соты", "Келін түсіру кеші", "Той", "Айтыс", "Кездесу" сияқты көркем шығармалар жазды. Қазақ қыздарынан шаққан тұңғыш суретші А. Ғалымбаеваның өнері қалың көрермен қауымға эстетикалық ләззат береді. Оның көркем туындыларының көпшілігі ұлттық қолданбалы өнер бұйымдарының көркем пластикалық мәнерін аша түседі. Ол әрбір туындысында фактура беруге тырысып, алуан материалдарды терең меңгергенін техникалық тәсілмен шешуге мән беріп, аралас техниканы пайдалануда аса шеберлік танытқан суретші.

Үкі Әжиев (1924 жылы туған) . Акварель бояуының шебері Ү. Әжиев портрет және табиғат көріністері серияларын орындауда кең дүниенің әсемділігіне әрі ізгілікке жол ашады. Суретшінің "Ә. Қастеев портреті", "Ана мен немере", "Қазақ мадоннасы" атты көркем шығармалары ұлттық мазмұндағы образдарды ашуда, өмір туралы түсінікті айқындау бағытында көркем композициялық нәзік шешеім таба білген. Суретші портреттерінің бет пішіндерінен құпия сырдың нышаны сезіледі.

Ол адам бейнесін сомдауда оның ішкі дүниесін білуі суретшілік жемісі болып табылады.

Мүсінші Бақытжан Әбішевтің (1947 жылытуған) терең мазмұнды шығармашылығының атап айтарлықтай бір ерекшелігі - жоғары кернеулі драматургиялық сипаты. Мүсіншіөмірдің ең жоғары кернеулі сәттерін ұстап, тап басып бейнелейді. Пластикалық тұрғыдан алғанда, ұстамды "Беташарда" мүсінші өзінің философиялық негізін тапқан. Мұнда қалыңдықтың бетін ашу оның құпия жамылғысын ашумен парапар деген астарлы ой бар.

Алматы қаласында "Тоқаш Бокин", Жаңа қорғанда "Ұлы Отан Соғысының құрбандарының бейнесі" ескерткіштері орнатылған. Сонымен қатар Әл-Фараби, Махамбет, К. Байсеитова, т. б. ардақты қайраткерлерді мүсіндеген. Алматы қаласындағы "Жамбыл Жабаев", Павлодар облысындағы және Баянауылдағы "Бұхар жырау", "Мәшһүр Жүсіп Көпеев", "Сұлтанмахмұт Торайғыров" және Ақтөбе облысының Қобда ауданындағы "Әлия Молдағұлова" ескерткіштерін мақтанышпен айтуға болады.

Бәтима Зәуірбекова (1946 жылы туған) ең алғашқы туындыларында сәндік ұлттық ою-өрнектерді сюжеттік көрініске ұластырып көзге түссе, кейіннен тақырыптық дүниелер жасауға бел байлады. Б. Зәуірбекованың гобелендері нәзік бояуларымен дараланады. Оның "Керуен" (1973), "Дала аруы" (1979), "Жер-Ана"(1984) атты шығармалары сиқырлы әуенге толы. Ал "Қазақстан" атты көркем туындысы көп тұлғалы композициялық шығарма болып табылады. Белгілі шебер Б. Зәуірбекова көлемі шағын туындылармен қоса, кең тынысты лирикалық-эпостық мазмұндағы күрдклі, іргелі туындылар жасау жолында да жемісті еңбек етіп келеді.

Көркемдік ой шешімінің материалда көрініс табуының алдында нобайлар арқылы қыруар жұмыс істелсе де, Б. Зәуірбекова үшін тоқу процесі - шығармашылық ізденістердің қайнар көзі болып қала береді. "Жіп иіруші қыз" (1972) атты гобеленде авторға тән шеберлік айқын көзге ұрады. Күрделі суретімен ерекшеленетін "Көктем" атты (1974) гобелені салтанатты күйді танытады.

Ыдырыс Қарсақбаев (1932 жылы туған) . Ол 1962 жылдан "Қазақфильм" киностудиясында еңбек жолын бастаған. Сіңірген елеулі еңбегінің арқасында 1981 жылы "Қазақфильмнің" бас суретшісі болып тағайындалған. Қазақ фильмдерінің көркемдік көрінісін өркендетуге өзіндік жеке-дара үлес қосып, шығармашылық ізденімпаздығымен тамаша фильмдерді түсіруде көмек жасаған.

Ы. Қарсақбаевтың суретші ретінде қатысқан көркем фильмдері: "Ән қанаты" (1966), "Балалық шаққа саяхат" (1969), "Менің ағам" (1976), "Орман балладасы" (1972), "Таңдау" (1976) . Ол безендірген "Транссібір экспресі" фильмі 1978 жылы Қазақстан Мемлекеттік Сыйлығына ие болды. "Қан мен тер" фильмі 1979 жылы Ашхабадта өткен Бүкілодақтық кинофестивальдің жүлдесін иеленді. "Жаушы" фильмі 1980 жылы, "Қош бол, Медеу", "Ай астындағы үй" фильмдері 1982 жылы экранға шықты. Ол суретші ретінде қазақ киносының дамуына, пісіп жетілуіне үлкен үлес қосқан қайраткер. Оның фильмдері безендіру барысында тапқан көркемдік шешімдері өшпес із қалдырды.

Дина Нұрпейісова (1861-1955) - қазақтың күйшілік өнерінде өшпесіз қалдырған біртуар дарын. Динаның әкесі белгілі домбырашы болған. Дина домбыра тартуды 8-9 жасында үйренген. Оның Құрманғазымен кездесуі (1870) болашақ өнер жолында шешуші рөл атқарған. Құрманғазының ең сүйікті шәкірті, суырып салма күйші, дарынды компазитордың күйшілігінің бастау алған тегін іздеу керек болса, ат басын Құрманғазы мен Дәулеткерейге қарай бұру керек. Екі күйшінің өнерінен төл сусындаған Дина - өзіндік өнерін тапқан күйші. Дәулеткерейдің ойға шомған сыршылдығы мен Құрманғазының өршіл рухы Дина шабытының қос қанаты сияқты. Ол тоғыз жасының өзінде-ақ ұлы күйшілердің күйлерін нақшына келтіре тартып, "домбырашы қыз " деп атаған. Сол Дина 90 жасында Құрманғазының күйін шабыттана тартып, дүйім жұртты таңғалдырған. Динаның күйлері: "Ана бұйрығы", "Әсем қоңыр", "Байжұма", "Бұлбұл", "Домалатпай", "Жеңіс", "Жігер", "Қосалқа", "Тойбастар" және т. б.

Динаның шығармашылығының кемелденіп, күйшілік-орындаушылық өнерінің толысуы кеңістік дәуірмен тұспа-тұс келеді. 1937 жылы жүлдеге ие болса, 1939 жылы Мәскеуде өткен Халық музыка аспаптарын орындаушылардың бүкілодақтық байқауында бірінші орын алып, "Домбыраның Жамбылы" атанды. Екі рет Еңбек Қызыл Ту орденімен және медальдармен марапатталған.

Әміре Қашаубаев (1888-1934) - атақты әнші, актер әрі музыкант. Әміре 12 жасқа толғанда әкесі Семей қаласына көшіп келген. Жас Әміре Исабек деген байдың ат айдаушысыболып, еңбекке ерте араласады. Исабек жас әншіні жанына ерте жүріп, той-жиындарда ән салғызады. Көп ұзамай Әміренің атақ-даңқы бүкіл Семей өңіріне жайылады. Әміренің атақты Қоянды жәрмеңкесіне баруы, М. Бәпиұлы, Ғ. Айтбаев және Қ. Байжановтыкөруі жас әншінің шығармашылық өмір жолына бетбұрыс жасады. Әміре 1921-1924 жылдары Семейде құрылған қазақ жастарының ағарту ұйымы "Ес-аймаққа" мүше болып, әншілік өнерін шыңдай түсті. 1924 жылы осы қалада ұйымдастырылған халық өнерпаздарының байқауына қатысып, бас бәйгеге ие болды. 1925 жылы Қызылордада өткен Қазақстан Кеңестерінің V съезі мен 1927 жылы Мәскеуде болған Кеңестердің IV съезінде делегат ретінде қатысты әрі делегаттар үшін ұйымдастырылған концертте өнер көрсетті. 1925 жылы Париж қаласында өткен Бүкіл дүниежүзілік сән өнері көрмесінде Әміре "Ағаш аяқ", "Қанапия", "Үш дос", "Жалғыз арша", "Қос балапан", т. б. әндерді орындап, 2-бәйгемен қоса күміс медаль алды. Әміре - шетелде өнер көрсеткен тұңғыш қазақ әншісі.

Ермек Серкебаев (1926 жылы туған) - Кеңес Одағының Халық артисі. Жастар мен студенттердің дүнежүзілік IV, VI фестивальдерінің, әншілердің Бүкілодақтық конкурстарының лауреаты, Социалистік Еңбек Ері. Е. Серкебаев 1926 жылы Петропавл қаласында туды. 1941 жылы ол Алматы Музыка училищесінің скрипка бөліміне К. Г. Бриокнердің класына түседі. III курсты бітірісімен республикалық Радио комитетіне дикторлық қызметке ауысады.

Диктордың әсем баритон дауысын байқаған радио қорының бас дирижері А. Масленко Ермекті хорға шақырады. Хорда әнші, радиода диктор бола жүріп, М. Төлебаевпен танысады. М. Төлебаевтің көмегімен радио арқылы алғаш рет оркестрдің сүйемелдеуімен ән салады. Көп ұзамай Ермекті Опера және балет театрына солист-әнші қызметіне шақырады. 1947 жылдан бастап Абай атындағы қазақ опера және балет театрында артистік қызмет атқарады. 1946 жылы Алматядағы Құрманғазы атындағы консерваторияға доцент А. М. Кургановтың класына түседі. Оның құрған вокальды-сахналық бейнелері қазақ музыка өнерінің үлкен табысы деуіміз керек. Е. Серкебаевтың ойнаған ең үздік партиялары М. Төлебаевтың "Біржан - Сара" операсындағы Қожағұл, М. Төлебаев пен Е. Г. Брусиловскийдің "Амангелдісіндегі" Амангелді, Е. Г. Брусиловскийдің "Ер Тарғын" және "Дударай" операларындағы Тарғын және Артем, Ғ. Жұбанованың "Жиырма сегізіндегі" генерал Панфилов, т. б. Е. Серкебаев қазақ операсымен қатар классикалық орыс, Еуропа операларына бірдей қатысып, "Демонда" - Рудал, "Травиатада" - Жерман, "Евгений Онегинде" - Онегин, "Савиль шаштаразында" - Фигор, "Фауста"- Валентин, т. б. партияларды орындады. Ол репертуарына қазақтың халық әндерімен бірге орыстың, шетел композиторларының шығармаларын қосты.

Ермектің дара образдарының бірі - Абай. Оның талантына Мәскеу, Ленинград, Тблиси, Киев, Варшава жұртшылығы бас иді. 1959 жылы Е. Серкебаев КСРО Халық артисі атанды, 1977 жылы Мемлекеттік сыйлықтың иегері болды. 1973 жылы Құрманғазы атындағы Мемлекеттік консерваторияда ұстаздық қызмет атқарды. 1983 жылы профессор атағын алған. Сонымен қатар "Біздің сүйікті дәрәгер", "Ән қанатында", "Тақиялы періште" кинофильмдеріне түскен.

Бибігүл Ахметқызы Төлегенова (1929 жылы туған) . Семейдің ет комбинатының жай қызметкері, көркемөнерпаздар үйірмесінің белсенді мүшесі, "Әнші Бибі" атанып жүргенде Семейде тұрған әйгілі жазушы Г. М. Серебрякова жас қыздың ән салу өнеріне ғашық болып, 17 жастағы Бибігүлге өнер салаларынан дәріс алуына көмек береді. Одан әрі Алмтыға шақырылып, Қазақ радиосында, Опера және балет театрында әнші-солист қызметін атқарады.

1950 жылы Алматы Мемлекеттік консерваториясына Н. Н. Самышинаның класына түседі. 1956-1971 жылдары Жамбыл атындағы Мемлекеттік филормонияның, 1971 жылы Абай атындағы Опер және балет театрының әнші-солисі болды. 1979 жылдан консерваторияда ұстаздық қызметпен айналысып, профессор атағын алды. Б. Төлегенова КСРО Еңбек Ері және Мемлекеттік сыйлықтың иегері және КСРО-ның Халық артисі.

Б:Төлегенова "Гауһар тас", "Жиырма бес", "Бұлбұл", "Қазақ вальсі", "Қос қарлығаш" әндерін әсем де әсерлі орындап, көптеген ән сүйер қауымның жүрегінен орын тапты. Бибігүл Ахметқызы әншілік өнерімен көптеген шетелдерде болып, үш мыңнан аса жеке концерттер берді. Әрбір концерт әншіге зор табыс әкелді, қазақ әндеріне деген шет жұрт көрермендерінің ынта-ықыласын еріксіз аударды. Әншінің орындауындағы "Жайлауым - бақша жайнаған", "Қайықта", "Алматы таңы", "Көктем вальсі" әндерінің әдемі әуезі, әншінің күмістей сыңғырлаған дауысы әлі күнге дейін сол қалпында. Б. Төлегенова Абай атындағы Қазақ опера және балет театрында 25 жыл еңбек етті. Осы жылдары көптеген кейіпкерлерді сахнаға шығарды. Олардың ішінде: "Қыз Жібектегі" Қыз Жібек, "Алпамыстағы" Гүлбаршын, "Еңлік - Кебектегі" Еңлік, "Риголеттадағы" Джиль, "Травиатадағы" Виолетта, "Дон Жуандағы" Церлина, "Сервидь шаштаразындағы" Резинат және т. б. рөлдерді ойнады. Ол "Дала қызы", "Біздің сүйікті дәрігер", "Тақиялы періште" кинокомедияларында естен кетепс образдар жасады. Б. Төлегенова түркі тілдес елдермен қатар Польша, Үндістан, Алжир, Мысыр, Вьетнам, Канада, Швеция, Италия, Франция, АҚШ, көрермендері алдында өнер көрсеткен.

Роза Тәжібайқызы Бағланова (1922 жылы туған) - Қазақстан мәдениетінің ірі қайраткері. Ол 1934-1941 жылдары Қызылорда мемлекеттік педагогикалық институтында оқыды. 1941 жылы Ташкент қаласына барып, онда филормонияға әншілік қызметке қабылданады. Майданда концерттік құрамда болған Р. Бағланова 1942-1943 жылдары Клинин майданында жауынгерлерге арнап концерттер берді. Әншінің бір ерекшелігі - репертуарында орысша, қазақша, татарша, өзбекше және кеңес елін мекендейтін өзге де ұлттардың тілінде ән айтқан.

Р. Бағланова 1949-1959 жылдары мемлекеттік филормонияда әншілік қызмет атқарды, ал 1960 жылы филормониядан бөлініп, өз алдына өнер бірлестігі болып құрылған "Қазақконцерт" сахнасында әншілік өнерін жалғастырды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Электр машиналары саласындағы маңызды әзірлемелердің авторы
Докучаевтың топырақтану ғылымына салған үлесі
Әйгілі химиктер -Дмитрий Иванович Менделеев, Михаил Васильевич Ломоносов, Александр Михайлович Бутлеров, Сергей Васильевич Лебедев
Ыбырай Алтынсариннің ізбасарлары мен дәріптеушілері
ЭТНОГРАФИЯЛЫҚ ФОТОСУРЕТ ҚАЗАҚ ТАРИХЫНЫҢ ДЕРЕККӨЗІ РЕТІНДЕ
Қазақ халқының салт-дәстүрлері туралы отандық ғалымдар еңбектерінің аннотациясы
Орыс Географиялық Қоғамы
Көне түркі жазуының зерттеу тарихын хронологиялық картасы
Докучаев В. В- тектік топырақтанудың негізін салушы ғалым
Оқушыларға жыл мезгілдерін кескіндеуді үйретудің тиімді әдістері. («Күз» өлшемі 80х100 кескіндеме, кенеп майлы бояу)
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz