Жүсіп Баласағұн (1020- ) - ақын, ойшыл, ғалым, мемлекет қайраткері


ҚАЗАҚ АҚЫН-ЖЫРАУЛАРЫ МЕН ФИЛОСОФТАРЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК-САЯСИ КӨЗҚАРАСТАРЫ: ЖҮСІП БАЛАСАҒҰН
Жүсіп Баласағұн (1020-?) -
ақын, ойшыл, ғалым, мемлекет қайраткері
Ж. Баласағұнның моральдық-этикалық мәселелерді көтеретін «Құтты білік» дастаны мемлекетті басқару әдістерін, адамгершілік принциптерін, қоғамдық-саяси мәні бар түрлі ережелер мен заңдарды, әдет-ғұрыптар нормасын қамтыған, энциклопедиялық дәрежеде жазылған көркем туынды болып табылады. Дастанның басты идеялары төрт принципке негізделіп жазылған: 1) мемлекетті дұрыс басқару үшін әділ заңның болуы; 2) бақ-дәулеттің басқа қонуы; 3) ақыл-парасаттың қоғамдық рөлі; 4) қанағатшылдық мәселесі. Осы принциптерді ұстанған еңбектің негізі әділдік (Күнтолды), бақыт (Айтолды), ақыл (Ойтолды), молшылық (Жетелеуші) сияқты кейіпкерлердің сұхбаты іспеттес жүргізіледі. Адамгершілік, имандылықты насихаттайтын саяси-философиялық трактат идеясы әл-Фарабидің «Қайырымды қаланың тұрғындарының көзқарастар жайындағы» ойлармен ұқсас. Бұл еңбек өз уақытында Қытай, Үндістан, Араб, Парсы ғұламалары тарапынан жоғары бағаға ие болды.
Ж. Баласағұн өз шығармасында заманның бұзылғандығы, достардан жапа шеккендігі туралы баяндайды. Ол адамдардан кісіліктің жоқтығы, ағайын-достық арасындағы қарым-қатынаста жаттан айырмашылығының болмауы, халық арасында иман, сенім мен жақсы қасиеттің қалмағанын өкіне баяндайды. Сонымен бірге, жігіттікке ашынып, өкініп, қарттық туралы да айта келе, ол өзіне ақыл-кеңес беру арқылы, қоғам мүшелеріне ықпал еткісі келеді. Ақынның дастан жолдарында айтылған мына сөздері:
«Сөзді тура, ащы, қатты сөйледім,
Түзу сөзді ұғар түзу ел дедім.
Оқушыға аса ауыр келмесін,
Ашық айтып, көрінгенді термедім!» ( Құтты білік / Көне түрк тілінен аударған, алғы сөзі мен түсініктерін жазған А. Егеубай. -А, Өлке, 2006. - 622 б. ), - оның шын мәнінде ел жағдайына немқұрайлы қарамағандығын көрсетеді
Жалпы ақын адамның кемелдену жолдарын айқындайды. Оның барлық көріністері өлең жолдарында айтылады және оның сапалық белгілері мынада деп ойлаймыз: 1. Адам баласының қадір-қасиеті - білім мен ақылда. Ол адам кемелденуінің алғашқы жолы. Ғылым іздеу - мұсылманның бір парызы; 2. Тілдің пайдасы мен зияны бірдей; 3. Ізгілік - адамзат үшін ең қажетті қасиет; 4. Даңқ пен дәулетке мастанба, ол бір орнында тұрмайды; 5. Әділеттің жолын қу, шыншыл бол; 6. Сараңдық пен ашкөздіктен аулақ бол; 7. Иттердің басшысы арыстан болса, иттер де арыстандай күркірер, ал арыстандардың басшысы ит болса, иттің тірлігін қылар; 8. Тексіз кісі уәзір бола алмайды. Бек қандай болса, уәзірі де сондай; 9. Намысшыл ер бол; 10. Өз пайдаңнан гөрі ел пайдасын ойла. Қайырымды бол ( Қыраубаева А. Ежелгі әдебиет. 5 томдық шығармалар жинағы. - 2 том. - Алматы, 2008. -
Ақтамберді Сарыұлы
Уикипедия - ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Мында өту: шарлау, іздеу
Ақтамберді Сарыұлы ( 1675, қазіргі Оңтүстік Қазақстан, Қаратау, - 1768 - қазіргі Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданы Жүрекжота мекені ) - жырау, қолбасы, қазақтың көне жыраулық мектебінің белді өкілі, дипломат. “Он екіде аттанып, қылыш ілдім білекке” дегеніне қарағанда күреске ерте араласқан жауынгер жырау санатына жатады. Тұрмыстың қыр-сырын, отбасы, елдік, ерлік, жер мәселелерін жырларында жақсы бейнелейді. Қысқа нақыл, шешен сөздердің шебері. 1742 жылы Орта жүз ру басшыларының Орынборда ант беру жиналысына өкіл болды. 1738 - 1752 жылдары қазақ-қалмақтың қанды қақтығыстарының барлығына дерлік қатысқан. “Ақтабан шұбырынды” оқиғасының зұлмат қан кешуін бастан өткерген. Ес білгеннен бастап 70 жыл бойы ат үстінен түспей, елі мен жерін қорғаған қас батыр, айтулы шешен, қабырғалы би, атақты жырау. Қазақ жауынгерлерінің азаттық, құлдық жөніндегі түсініктері, көшпелі халықтың тыныс-тіршілігі, болашаққа деген сенімі, адалдық-жауыздық, қиянат, әділетсіздік хақындағы таным-түсініктері Ақтамберді талғамынан өтіп жыр-толғауға айналған. [1]
[өңдеу] Шығармашылығы
Ақтамберді өз ғұмырнамасын толғауларына көркемдік қуаты зор, келісті нақыштармен түсірген. Шығармалары зиялы зергердің қолтаңбасын танытады. Әлі де қолға түспеген толғаулары ел аузында сақталуы ықтимал. Қазіргі қолда бары 300 жолдан аспайды. Азғантай қазынасының өзі афоризмдерге толы. “Күмбір-күмбір кісінетіп”, “Уа, қарт Бөгембай”, “Менімен ханым ойнаспа”, “Жауға шаптым ту байлап”, “Заманым менің тар болды” және тағы басқа өлең-толғаулары батылдыққа, ізгілікке, патриоттық күй-сезімдерге толы. Ақтамбердінің “Балаларыма өсиет” деп аталатын толғауы соңғы туындыларының бірі болса керек. Жырау балаларын тірліктегі бірлікке, талап мұратқа, татулыққа үндейді. Жас ұрпақтың бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығаруы елді мақсатына жеткізерін ескертеді. Халықты алауыз мінездерден сақтандырады. [2]
[өңдеу] Зерттеулер
Жауынгерлік поэзияның үздік үлгілері - «Күлдір-күлдір кісінетіп», «Отбасар орны отаудай» толғаулары тағы басқа өлеңдері қазақ поэзиясының алтын қорына қосылады. Әуезов «Қазақ ССР тарихының» 1-томындағы (1957) «Қазақтың ауыз әдебиеті» тарауында 18 ғасырдағы жыраулық поэзияны талдай келіп: «Ақтамберді жырау эпостық жанр ақыны еді. Өзінің толғауларында ол батырлардың ерлігі мен батылдығын таңдана жырлады» деген. [3] Ақтамберді толғаулары мен жырлары С. Мұқановтың “Қазақтың 18-19 ғасырдағы әдебиетінің тарихынан очерктер” (1942), “Ертедегі әдебиет нұсқалары” (1967), “Алдаспан” (1971), “15-18 ғасырдағы қазақ поэзиясы” (1982), “Бес ғасыр жырлайды” (1985) жинақтарына енгізілген. [4]
[өңдеу] Пайдаланған әдебиет
Доспанбет жырау (1490-1523) - жырау, қолбасшы, батыр. Доспамбет жырау қазақ халқының қалыптасу кезеңінде өмір сүрді. Кіші Ноғай ордасында әскери қолбасшы болды. Дешті Қыпшақты көп аралаған, Бақшасарайда, Стамбұлда болған. Қырым ханының жағында көптеген әскери жорықтарға қатысқан. Доспамбет жырау тайпааралық ұрыстардың бірінде 1523 жылы Астрахан маңында қаза тапты. Доспамбет жырау жырларынан оның мұрат-мақсаты, түсінік-талғамы, дүниеге көзқарасы анық аңғарылады. Отан қорғау, елге, жерге деген сүйіспеншілікті бейнелейтін жырларында қырым, ноғай, қазақ жұртының іргесі бүтін, ешкімге бас имейтін ел болып отырған заманды аңсау сарыны байқалады.
Жырау ол заманды қайтып келмес бақытты өмір ретінде толғайды. «Айнала бұлақ басы таң», «Тоғай, тоғай, тоғай су», «Азау, азау дегенің», «Арғымаққа оқ тиді», «Қоғалы көлдер, қом сулар», «Айналайын, Ақ Жайық» т. б шығармалары бар. Жырау өткен өмірді жырлағанда туған ел, өскен жерге деген ыстық махаббатын келер ұрпақ болашағымен байланыстыра сипаттайды. Олардың да ертең еліне қорған, тірек болуын қалайды. Доспамбет жырау өз басын өлімге тігіп, сан рет қанды шайқастарға қатысқан ата қонысын үлкен сүйіспеншілікпен толғайды. Жырау ел қорғау, жорық тақырыбына арналған жырларында елі мен жері үшін өлген ердің арманы жоқ деп, отаншылдық рухты бәрінен биік қояды. Ол серілік пен сақилықты, дарқандықты, қонақжайлылықты ата-бабадан келе жатқан асыл дәстүр ретінде дәріптейді.
Доспамбет жырау шығармалары қазақ поэзиясы тарихында өзгеше көркемдігімен, екпінді ырғағымен ерекшеленеді. Жырау айтайын деген ойының қуатын еселеп арттыру үшін қайталауларды жиі қолданады. Сөйтіп, оларды ұтымдылықпен пайдаланып, ойдың әсерлілігі мен, өткірлігін күшейте түседі. Доспамбет жыраудың ерлік пен елдікке үндейтін толғаулары Бұқар жырау, Махамбет сынды өзінен кейінгі ақындарға елеулі әсер еткені байқалады. Бұл дәстүр толыса, кемелдене келе жаңа сипатқа ие болды. Жыраудың шығармалары біздің заманымызға толық жетпеген. Оның жырларының көпшілігі жорық үстінде қолма-қол айтылған. Сондықтан ел жадында сақталғандары ғана бізге жеткен.
Осы азғана жырларының өзінен-ақ оның жырды түйдек-түйдегімен ағытатын дауылпаз жырау болғаны аңғарылады. Доспамбет жыраудың жырлары ертеректе 1893 жылы М. Османовтың «Ноғай уа құмық шығырлары» атты жинағына енген. Кейін 1896 жылы В. Радловтың «Халық әдебиетінің үлгілері» деген жинағына басылды. Оның жырлары «Ертедегі әдебиет нұсқалары», «Алдаспан», «XV-XVIII ғасырлардағы қазақ поэзиясы», «Бес ғасыр жырлайды», т. б. сан алуан хрестоматия, жинақтарда үздіксіз жарияланып келді. Дереккөзі: Қазақстан ұлттық энциклопедиясы, 3 том
Доспамбет - жырау, қолбасшы, батыр. Ол 1490 жылы Дон өзені бойындағы Азау қаласында дүниеге келіп, 1523 жылы қаза тапқан. Доспамбет жырау - қазақ халқының ұлы тұлғаларының бірі. Ноғай ордасында әскери қолбасшы болған. Дешті Қыпшақты көп аралаған, Бақшасарай мен Стамбұлда болған. Доспамбет жырау толғауларында оның мұрат-мақсаты айқын көрініс тапқан. Отан қорғау, туған жерге деген сүйіспеншілік - оның жырларының негізгі тақырыбы. Доспамбет жырауларында түркілік тұтастық идеясы бар. Қырым хандығы, Ноғай ұлысы және қазақ халқын бірлікке, іргесі бүтін, ешкімге бас имейтін ел болуға шақырады.
Жыраудың Отан қорғау, халқын сүю рухындағы «Айнала бұлақ басы таң», «Азау, азау дегенің», «Тоғай, торғай, тоғай су», «Арғымаққа оқ тиді», «Қоғалы көлдер, қом сулар», «Айналайын, Ақ жайық», тағы басқа жыраулары бүгінгі күнге дейін жеткен. Оларда өзі талай қол бастап, қорғаған елін, жерін, ата қонысын сүйіспеншілікпен жырлайды.
Доспанбет жыраудың ақындық мұрасы бізге толық жеткен жоқ. Халық ауыз әдебиетінде, жекелеген қолжазбаларда сақталып қалған шығармалары ХІХ ғасырдың басында әр түрлі әдеби жинақтарға енген. Кеңес өкіметі кезінде табылған толғаулары М. Мағауин жинап, құрастырған «Алдаспанда» (1971 жылы) жариаланды.
Жырау өлеңдерінен ақын ойын, оның өмірлік мақсаттары мен үміттерін, рухани әлемін, адамгершілік тұрғысы мен көзқарасын білуге болады. Туындыларының рухы өр, мазмұны терең, тілі жеңіл, нақышты. Бұхар жырау мен Маханбеттің шығармашылығында Доспанбет әсері айқын байқалады.
1523 жылы Астрахань жорығы кезінде Доспанбет жырау бастаған барлаушылар тобы торуылға түсіп, жырау ауыр жарақаттан қаза болған.
Қолданылған оқулықтар:
«Тарихи тұлғалар» 152-бет. «Алматыкітап» баспасы 2009 ж. Авторлары: Б. Тоғысбаев, А. Сужикова
«Қазақ хандығы» 55-бет. «Аруна Ltd» ЖШС, 2009 ж. Авторлары: Т. Жұмаханов, Б. Жұматаев
ДОСПАМБЕТ ЖЫРАУДЫҢ СОҢҒЫ СӨЗІ: «Озушылар, озмаңыз!»
Январь 15, 2009
Небір сөздер болады!
Өз өртіне өзі өртеніп кете жаздап тұратын да сөздер болады.
Доспамбет жыраудың соңғы демі жарық дүниенің ең соңғы бір сабақ жібіндей болып үзілгелі жатқан сәтте, бұ дүния мен о дүния ақын көкірегінде түйісіп қалған сәтте, ақынды ала қашуға келген ажалдың алдынан жасын жырлар от шашқан сәтте ажал да адамға тәуелді болып қалған сияқты. Отты жырлар ақынның оққағарларындай ажалды аластап, оны көпке дейін өз иесіне маңайлатпағандай әсер береді.
Ақынның қысқа ғана өмірбаянында оның соңғы сөздері делінетін өлеңдері ажал алдындағы адамның асыққан сөздеріндей емес, ғұмыр философиясының теориялары болып тереңнен, дәуірдің деректерін екшегендей баппен, жүз жасаған адамның сөзіндей байсалдылықпен айтылады. Бұл сөздер - өз иесінің өмірін ұзарта түсуге қызмет еткен киелі сөздер.
Жарық дүниеден озарында соңғы сөзін айтып қалуға мүмкіндігі болған адам Жаратушы иеміздің аса зор рахымшылығы түскен адам шығар. Егер солай болса, мұндай рахымшылыққа бөленген жанның бірі -Доспамбет жырау. Ол 1523 жылы қазіргі Астрахань маңында ұрыс үстінде опат болған көрінеді.
Доспамбет жырау сонда отызға да жеткен жоқ екен.
- Озушылар, озмаңыз, - деп басталатын жолдар жыраудың отызға да тола алмай, бар мен жоқтың арасында жатқан сол сәтінің куәгерлері. Бұл ақынның қайғылы қазаны естірткелі оза шауып бара жатқандарға қарата айтқаны еді. Осы бір жолдар көкіректен асыға шығып, «хабаршыларды» тоқтатпаққа олардың артынан «аһ!» ұра ұша жөнелгендей. Бірақ бабалар салтында қазаның хабарын тоқтатуға болмайтын еді. «Озушылар» қайдан тоқтасын. Бұл сөздер де өз иесінің енді бұ дүниянікі емес екендігін сезіп барып, ауырлай кері қайтып, әр сөздің жаны қиналып, қара жерге сіңіп кетердей болып тұрған жоқ па?!
-Озушылар, озмаңыз!
Озсаңыз, бізім бетке бармаңыз.
Ол өзінің «шаһит кешкендігі» туралы хабардың елге жеткенін қаламады. Еліне барып, қақ төрге шығып отырып алар қаралы хабардың жолын кесудің амалын іздеп жыраудың алас ұрғанын көреміз. Бір ғажабы - бар мен жоқтың арасында жатқан ақынның сөзінде орда бұзар жасында қиылып бара жатқанына қиналғандай бір ишара сөз жоқ. Тек «озушыларды» тоқтатпаққа ұмтылады. Бірақ енді олардың да тоқтамасын түсінген соң, озсаң оз, тек «бізім бетке бармаңыз!» деп өтініп жатыр. Барса, олармен бірге өзінің «Доспамбет батыр! Доспамбет жырау!» болып емес, «Доспамбетке уақыт болды!» деген қаралы хабарға айналып жететінін көріп, қиналды. Көмекей мен көңілді қара жамылған сөздердің иеленбегенін қалады. Өйткені қара жамылған сөз де өзіндік қаралы энергия. Бұл - бізге көне дәуірден Доспамбеттің сөзімен жеткен, бәлкім, Доспамбет ашқан психологиялық-философиялық жаңалық десек болады. Бірақ оның қаралы энергия екендігін Доспамбеттің түсіндіріп жатуға уақыты болмай жатты және ғұлама адам әр сөзін тәптіштеп түсіндіре беруге құлықты да болмайды ғой. Өйткені оны өзі көріп тұрған шексіз ауқымда немесе қалпында түсіндіріп беру мүмкін де емес. Сол сөздердің ішкі кеңістігі, яғни, сол сөз тіркестерінің қанатын жайғандағы құлашы тым алыстарды орағытып барып келіп тұрады. Жаһұт тасты көріп пе едіңіз?
Көрдіңіз. Соған дәл қазір ойша қарасаңыз, не көрер едіңіз? Сіздің көріп тұрғаныңызды бір ғана сөзбен «құбылып тұр» дейміз. «Құбылып тұруы» - сол тастың күллі ғұмырында бойына жинақтаған байлығы, турасын айтқанда - ақпараты. Ол ақпарат миллион жаққа қарай таралып, миллион бағытты көрсетіп тұр. Ол су мен ауаның және түрлі тіршілік иелері қалдықтарының ең құнарлы атомдары мен молекулаларының өз заңдылықтары бо-йынша аса көркемдікпен және белгілі бір тартылу тәртіптері арқылы дәлдікпен үйлесуі. Дәл сол сияқты ақынның айтатын сөзі де - ой-шексіздігінің шыңырауларынан алып шыққан табиғи түрде үйлескен жаһұты. Ол оны қалай деп, қай қырынан түсіндірсін?! Ол түсіндірілмейді. де ақынның көмейінен дәл сол дайын қалпында, өзгертуге келмейтін қалпында құйылып шығып тұр:
- Озушылар, озмаңыз!
Озсаңыз, бізім бетке бармаңыз.
Бізім бетке барсаңыз,
Есақай, Қосай - екі ұл,
Алдыңызға жыр құшақлай, жылай шықса, не айтарсыз?
Доспамбеттің осы жырының өн бойына сәуле таратып тұрған «оз» түбірі әр контексте әр қырынан көріну арқылы жаңа мазмұнға ие болып та үлгеріп, бізге жетті.
Сөз түбірі - ақыл-ой картасының шағын ғана орталығы іспетті, одан жан-жаққа әр түрлі реңк пен мағына тарайды. Бұл таралып жатқан тармақтар түбірдің өзіндік микроғаламын түзеді. «Озмаңыз» бен «озушылар» бір түбірден таралған екі ой әлемі. «Озушылар» - бұ дүнияның атрибуты. «Озмаңыз» - о дүниялық адамның бұ дүнияға қарата айтқан сөзі. Бір түбірден басталғанымен, екеуі бір жолдың бойында екі түрлі сапар шегіп барады. Тіпті бұл екеуі бір-бірімен аңдыса қалған о дүния мен бұ дүнияның өрттей ортасынан қылдай ғана жол тауып жарыққа шығып үлгірген жеңімпаздай.
Доспамбет балаларын қалай жұбату керектігін де өзі түсіндіріп тұр. «Жыр құшақлай шығу», яғни, жоқтау - қаза болған адаммен қоштасудың өзіндік ежелгі теориясы. Адамның жарық дүниедегі сапарының аяқталуын баяндау салты.
Оларға айтарыңыз сол болсын:
Жәмішіден қос айтып,
Жараға мамық тосатып,
Келе жата дегейсіз.
«Жарасын мамықпен бастырып, келе жатыр» деп айт деп, үмітті соза тұрудың амалын тапқандай болады. Бірақ үміттің де кейде созыла беруге күші жетпей қалады.
Ол айтқанға тимемсе,
Бұрынғылар түскен жүрі жол,
Бұрылып соған түсті дегейсіз.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz