Коммерциялық банктердің активтерінің теориялық негіздері



Пән: Банк ісі
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 69 бет
Таңдаулыға:   
КІРІСПЕ

Әлемдiк тәжiрибе көрсеткенiндей экономикада нарықтық қатынастар өз-өзiн
реттей алмайды. Оған белгiлi бiр деңгейде мемлекет әр түрлi саясаттар
жүргiзу арқылы араласып, реттеп отырады. Мұндай экономиканы реттеу
саясаттарына ақша-несие және бюджеттi-салық саясаты, валюталық саясаттар
жатады. Бұл қаржы нарығының саясаттарын мемлекет тарапынан банк жүйесi
атқарып отырады.
Елiмiздiң өз егемендiгiн алғаннан берi нарықтық қатынастар күннен-күнге
дамып келедi. Бiрақ экономикада қанша нарықтық қатынастар орнағанымен ,
оның өзiн-өзi басқаруы мүмкiн емес. Оған белгiлi бiр дәрежеде мемлекет
өзiнiң саясаттары арқылы әсер етiп отыруы керек. Мұндай саясаттарға
мемлекеттiң ақша – несие саясаты және қаржы (бюджеттiк) саясат жатады.
Банк жүйесi қазiргi заманғы экономикада екi деңгейлi болып келедi,
яғни мемлекеттiң эмиссия саясатын iске асырушы Орталық банк (бiздiң елде
Ұлттық банк) және екiншi деңгейдегi банктер.
Қазiргi таңда нарықтық экономикада банктiк жүйенiң ролi ерекше.
Банктiк жүйе – нарықтық экономиканың ең маңызды және бiртұтас
құрылымдарының бiрi. Банктер халық шаруашылығы қызметiнiң барлық
деңгейiндегi басқарумен тiкелей байланысты болады.
Қазiр елiмiзде банк жүйесi егемендiгің алғаннан берi жүргiзiлiп келе
жатқан нарықтық инфрақұрылым iшiнде ең тиiмдi қалыптасқан жүйе болып
отырғаны белгiлi. Ал бiз осымен тоқтатпай банктiк жүйенi одан әрi
дамытуымыз керек. Ол үшiн банктiк жүйе қызметтерi туралы мамандық
деңгейiмiз жоғары болуы керек.
Осы айтылған коммерциялық банктер қызметі ішіндегі олардың активті
операцияларының орны ерекше. Активті операциялар негізінде экономиканың
шаруашылық салаларын қаржылармен қамтамасыз ету, олардың ынталы түрде
қызмет етуін қалыптастыру, елдің заңды немесе жеке тұлғаларының есеп
айырысу қызметтерін жүргізу, экономикада делдалдық қызметтер атқару,
халықты немесе басқа да ұйымдарды несиелендіру операциялары болып табылады.
Бұл операциялар өз кезегінде коммерциялық банктердің активті
операцияларының экономикадағы маңыздылығы мен мәнін айқындайды.
Осыған орай мен курстық жұмысымның тақырыбын несие және банк жүйесінің
негізгі буыны және олардың қызметтерінің басым орындаушылық бөлігін іске
асыратын коммерциялық банктердің активті операцияларының өзектілігі
негізінде Коммерциялық банктердің активті операциялары деп алдым.
Дипломдық жұмыстың мақсаты коммерциялық банктердің активтері және осы
активтерді басқарудың өзектілігі мен қажеттігіне тоқталу, активті
операциялар негізінде жүргізілетін операциялар барысында барлық шаруашылық
механизмдердің тиімді ұйымдастырылуы, реттелуі және дамыуы барысындағы
пайда болатын мәселелерді атап өту және оларды шешу жолдарын қарастыру
болып табылады.
Аталған мақсатқа жету үшін келесідей міндеттер қарастырылады:
- коммерциялық банктердің банктік жүйедегі орны мен рөлін, олардың
экономика тиімді дамуындағы маңыздылығын қарастыру;
- коммерциялық банктердің негізгі атқаратын қызметтерін атап өту,
оларды талдау;
- бүгінгі таңдағы екінші деңгейлі банктердің активті операцияларын,
олардың заман талабына сай жаңадан пайда болған түрлерінің қызмет
ету механизмі туралы айтып өту;
- коммерциялық банктердің қызметтері және активті операциялары
бойынша Қазақстан Халық Банкі АҚ мысалға ала отырып, соңғы
жылдарға статистикалық талдаулар жасау және болашақтағы даму
барысын айқындау болып табылады.
- Халық Банкі АҚ несиелік портфелінің сапасына талдау жасап, оны
басқару саясаттарының мақсаттарын анықтау.
Қазақстанда несиелеу келесі заңдар мен ережелерге сүйеніп жүзеге
асырылып реттеледі: ''Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі туралы” және
''Қазақстан Республикасының банктер және банктік қызметтер туралы''
заңдары, 1994 жылы ақпанның 11 жұлдызында Ұлттық банкпен бекітілген
''Қазақстан Республикасының экономикасын қысқа мерзімді несиелеу
ережелері''. Бұл заңдар мен нормативті актілер барлық меншік формасындағы
банктермен қолдануға тиесілі.
Жұмыстың теориялық мазмұнын ашуда, шетел және отандық экономист
ғалымдардың еңбектері пайдаланылды. Сонымен қатар Қазақстан Республикасының
нормативті құқықтық актілері, ғылыми әдебиеттері, кезеңдік басылым
материалдары мен жинақтары қолданылды.
Дипломдық жұмыстың ғылыми жаңалығы. Коммерциялық банк активтерін
қоржындық басқару тәсілі әдістемелік тұрғыдан негізделді:
- екінші деңгейдегі банктердің активтерінің құрамы мен сапасына талдау
жасау барысында проблемалық активтер айқындалып, олардың банк өтімділігі
мен табыстылығына тигізер ықпалы анықталды;
- екінші деңгейдегі банктердің несиелік қызметіне баға беріліп, несиелік
қоржынды басқару әдістерін жетілдірудің жолдары қарастырылды;
Диплом жұмысының обьектісі – коммерциялық банктердің активті
операциялары, оның ішінде ''Халық Банкі'' АҚ-ның несиелік қызметі болып
табылады.
Дипломдық жұмыста несиелендірудің түрлері шарттары, құқылық
қатынастары, несиелендіру жүйесі, механизмі мен тәртіптері келтірілген.
Дипломдық жұмыс әдістемелік нұсқауға сай орындалған және қолданылған
әдебиеттер отандық және батыс елдерінікі.
Дипломдық жұмыс кіріспеден, үш тараудан, қорытынды және пайдаланған
әдебиеттер тізімінен тұрады.

1 Коммерциялық банктердің активтерінің теориялық негіздері

1.1 Коммерциялық банктердің активті операцияларының экономикалық
мазмұны

Коммерциялық банктер нарықтық экономикада басты қаржылық делдалдар
болып табылады. Өз қызметiнiң үрдiсiнде, олар ақша нарығында тауар
болатын, жаңа талаптар мен мiндеттемелердi жасады. Клиенттердiң салымдарын
қабылдау арқылы банк депозит деген жаңа мiндеттеме жасаса , ал қарызды беру
арқылы қарыз алушыға жаңа талап қояды. Осы жаңа мiндеттемелер мен
талаптарды жасау үрдiсi қаржылық делдалдықтың негiзiн құрайды. Несие берушi
қарыз алушыға және соған қатысты қаржылық институттар қызметiнiң қозғалысы
орын ауыстыруы, қаржылық ресурстардың құйылуы қаржылық делдалдық деп
аталады.
Коммерциялық банктер – нарықтық экономикада несие жүйесiнiң негiзгi
буыны. Олардың мiндетi ақша айналымы мен капитал айналымының үздiксiз
қозғалысын қамтамасыз ету, өнеркәсiп мекемелерiн, мемлекет пен халықты
несиелеу, халық шаруащылығына қор жинау үшiн жағдай жасау болып табылады.
Қазiргi коммерциялық банктер қаржы делдалы ретiнде ақша капиталын
салааралық және аймақаралық қайта бөлудi қамтамасыз етiп, маңызды халық
шаруашылық қызмет атқарады. Ендi коммерциялық банктер туралы кеңiрек танысу
үшiн олардың қызметтерiн қарастырайық:
Ақша қаражатын шоғырландыру және тарту қызметi – банктердiң ежелден
атқаратын қызметтерiнiң бiрi. Заңды және жеке тұлғалардың уақытша бос
ақшасын банкке тарту, бiр жағынан, олардың иесiне процент түрiнде табыс
түсiрсе, ал екiншi жағынан банктiң несие операцияларын жүргiзуiне негiз
қалайды. Шоғырланған жинақ ақша әр түрлi экономикалық және әлеуметтiк
қажеттiлiктерге жұмсалуы мүмкiн.
Коммерциялық банктердiң атқаратын келесi қызметi - несие беруде
делдал болу. Бос ақша қаражат иесi мен қарыз алушының арасында тiкелей
несие қатынастарының туындауына кедергi болатын жәйттер: ұсынылатын капитал
көлемiнiң қарызға қажеттi көлемге сай келмеуi, капиталдың айналыстан босау
мерзiмiнiң қарыздарға қажет мерзiммен сай келмеуi. Коммерциялық банктер
қарыз берушi мен қарыз алушының арасындағы қаржылық делдалы ретiнде осы
кедергiлердi жояды. Банктiк несие экономиканың әр түрлi секторларына
берiлiп , өндiрiстiң кеңеюiн қамтамасыз етедi.
Ұйымдасқан және жұмысы қалыптасқан есеп айырысу жүйесiнсiз тұрақты
экономика болуы мүмкiн емес. Сондықтан банктiң келесi қызметi
шаруашылықтармен есеп және төлем жұмыстарын жүргiзудiң ролi зор.
Кәсiпорындар арасындағы есеп айырысудың негiзгi бөлiгi қолма-қол ақшасыз
жүредi. Банктер делдал ретiнде клиенттердiң тапсырысы бойынша шотқа ақша
қабылдап, ақшаның түсуiн және берiлуiн есептейдi.
Коммерциялық банктердiң ерекше қызметi құралдарын шығару арқылы
айналымдағы ақшаны көбейту немесе артығын жою, яғни ақша массасын көбейту
немес азайту. Төлем құралдарын шығару олардың депозиттiк және несиелiк
қызметтерiне тiкелей байланысты. Депозит екi түрлi жолмен: клиенттiң банкке
ақша салуы арқылы немесе қарыздарға банктiң несие беруi арқылы жүргiзiледi.

Коммерциялық банктер акция және облигация түрiндегi бағалы қағаздарды
шығарып және орналастыру эмиссиялық – құрылтайшылық қызмет атқарады.
Банктердiң жинақтарды өндiрiстiк мақсатқа жұмсайтын мүмкiндiгi бар. Сөйтiп
бағалы қағаздар нарығы несие жүйесiн толықтырып, әрi онымен тығыз
байланыста жұмыс iстейдi. Ұзақ мерзiмдi инвестиция тарту мақсатында
кәсiпорындар акция және облигациялар шығарады.
Банктер сенiмхат бойынша клиенттердiң мүлкiн басқару қызметiн де
атқарады. Жеке тұлғаларға: осы қызметтi атқаруға құқығынан айрылғандардың
мүлкiн уақытша басқару; iзбасарларының мүддесi үшiн өлген адамның мүлкiн
басқару; пайда табу мақсатымен капиталды басқару және т.б. қызметтер
көрсету болып табылады. Ал компанияларға көрсететiн қызметтерi : банктiң
облигациялар бойынша кепiлшi болуы; нарыққа шығарылған акцияларды және
трансферттердi тiркеу үшiн өкiл болуы; корпорацияның зейнетақы қорының
қаржысын басқарушы болуы және т.б. қызметтер атқарады.
Экономикалық мағлұматтарды өзiне жинақтауы банктердiң клиенттерiне
кеңес беру қызметiне мүмкiндiк туғызады. Банктер төмендегiдей кеңес бередi:
шот ашу ; есеп-несиелiк және кассалық қызмет көрсетуден бастап, ақша және
тауар нарықтарында операциялар жүргiзуге дейiн нұсқау бередi.
Осы аталған қызметтердің негізгі бөлігі, яғни несие беру қызметі, есеп
айырысу – делдалдық қызметтері, бағалы қағаздар шығару және оларды
орналастыру қызметтері коммерциялық банктердің активті операциялары
негізінде жүргізіледі.
Елiмiздегi банктiк жүйе екi деңгейлi екенiн бiлемiз, яғни соның екiншi
деңгейiндегi коммерциялық банктер халық шаруашылығы мен Ұлттық банк
арасындағы негiзгi қаржы делдалы болып табылады . Қазiргi кезде
коммерциялық банктер өз клиенттерiне 200-ге тарта әр алуан
операциялар мен қызметтер көрсете алады. Мұндай кең көлемдi
операциялар коммерциялық банктерге өз клиенттерiн сақтай отырып
қолайсыз жағдайдың өзiнде де пайдалы жұмыс жасауға септiгiн тигiзуіне
байланысты.
Коммерциялық банктер желiсi ақша нарығының қалыптасуына ықпал
етедi, ал заңды және тұлғалардың мемлекетке уақытша бос ақша
қаражаттарының болуы және экономика мен халықтың қысқа мерзiмдiк
қажеттiлiктерiн қанағаттандыруға пайдалану ақша нарығының экономикалық
негiзi болып табылады.
Коммерциялық банктер негiзiнен өз клиенттерiнiң шаруашылық
қызметтерiне қызмет көрсетумен байланысты несиелiк есеп айырысу және
қаржылық операциялардың барлық түрiмен айналысады. Бұл операциялар
коммерциялық банктердің активті операцияларының мәнін ашады.
“Қазақстан Республикасындағы банктер және банктiк қызмет туралы”
Заңға сәйкес коммерциялық банктер мынадай операцияларды орындай алады:
1) клиенттер мен банк корреспонденттердiң шоттарын жүргiзу және оларға
кассалық қызмет жүргiзу;
2) қайтарымдылық, мерзiмдiк және төлемдiк шарттарымен заңды және жеке
тұлғаларға қысқа мерзiмдiк несиелер беру;
3) инвестицияланатын қаражаттар иелерiнiң немесе иемденушiлердiң
тапсырмалары бойынша капиталдық жұмсалымдарды қаржыландыру;
4) заңда көрсетiлген тәртiппен бағалы қағаздарды шығару;
5) төлем құжаттарын сатып алу, сату және сақтандыру, олармен басқа да
операцияларды жүргiзу;
6) банктiк операциялар бойынша брокерлiк қызметтердi көрсету,
клиенттердiң тәуекелi бойынша олардың агенттерi ретiнде әрекет ету;
7) коммерциялық мәмiлелердi қаржыландыру;
8) клиенттердiң тапсырмалары бойынша сенiмдiк операцияларды
(қаражаттарды қарау, орналастыру және бағалы қағаздарды басқару)
9) лизингтiк операцияларды жүзеге асыру және тағы басқа опреациялар.
Активті операциялар бұл банктердің табыс алу және өзінің өтімділігін
қамтамасыз ету мақсатында, иелігінде бар ресурстарды орналастыруды жүзеге
асыратын операцияларды білдіреді. Бұл екі мақсаттың бірегейлігі банкті
коммерциялық кәсіпорын ретінде тартылған қаражаттарды пайдалануға
ерекшелігін сипаттайды.
Коммерциялық банктердің активті операцияларының негізінде экономиканың
шаруашылық салаларын қаржылармен қамтамасыз ету, олардың ынталы түрде
қызмет етуін қалыптастыру, елдің заңды немесе жеке тұлғаларының есеп
айырысу қызметтерін жүргізу, экономикада делдалдық қызметтер атқару,
халықты немесе басқа да ұйымдарды несиелендіру операциялары болып табылады.
Бұл операциялар өз кезегінде коммерциялық банктердің активті
операцияларының экономикадағы маңыздылығы мен мәнін айқындайды [1].

1.2 Коммерциялық банктердің активті операцияларының құрамы мен сапасы

Активті операциялар бұл банктердің табыс алу және өзінің өтімділігін
қамтамасыз ету мақсатында, иелігінде бар ресурстарды орналастыруды жүзеге
асыратын операцияларды білдіреді. Бұл екі мақсаттың бірегейлігі банкті
коммерциялық кәсіпорын ретінде тартылған қаражаттарды пайдалануға
ерекшелігін сипаттайды.
Қазақстан Республикасының активті банктік операциялары келесідей
түрлерге бөлінеді:
- несиелік операциялар;
- инвестициялық операция, яғни бағалы қағаздар бойынша;
- қаржылық операциялар (лизинг, факторинг, форфейтинг);
- кассалық операциялар
- делдалдық-комиссиондық операциялар.
Банктің активті операцияларының маңызды бөлігін банктік несиелік
операциялары негізінде алады. Банктік ссудалық операциялары негізінде
ссудалық портфель құрылады. Банктің несиелері біршама табысты және тәуекел
дәрежесі де жоғары болып табылады. Несиелік операция банктің
операцияларының жалпы басым бөлігін (80%) құрайды.
Несие – бұл пайыз төлеу және қайтару шартында уақытша пайдалануға
(қарызға) берiлетiн ссудалық капитал қозғалысы. Несие мен ссуданың арасында
да өзара айырмашылығы бар. Несие – банктiң қаражатын құрайтын көзi ретiнде
барлық несиелiк қатынастарды ұйымдастырудың әр түрлi формаларының болуын
және сондай-ақ олардың жұмсалымдарының бiр формасын бiлдiретiн кең ұғымды
сипаттайды. Ссуда - бұл ссудалық шот ашумен байланысты қалыптасатын
несиелiк қатынастарды ұйымдастырудың бiр ғана формасын бiлдiредi.
Қарыз берушi – қарызды беретiн несиелiк қатынастардың бiр жағы. Қарыз
берушi – бұл уақытша пайдалануға қарыз берушi субъектiлер болып табылады.
Қарыз берушiлерге: банктер, банктiк емес мекемелер, мемлекет, шаруашылық
субъектiлерi және халық жатады.
Қарыз алушы – бұл несиенi алушы және оны қайтаруға мiндеттi, несиелiк
қатынастардың екiншi жағы. Борышқор және қарыз алушы бiр-бiрiмен жақын
сөздер болғанымен де, олардың түсiнiктерi әр түрлi.
Қарыз берушi және қарыз алушымен қатар несиенiң құрылымының
элементiне берiлетiн объектi де жатады. Беру объектiсi – бұл құнның ерекше
бөлiгi, яғни қарызға берiлген құн.
Несие түрi – бұл несиелiк қатынастар құрылымының, олардың негiзгi
қызметтерiнiң, яғни әр алуан сыртқы және iшкi өзгерiстер барысында толық
сақталатын көрiнiсiн бiлдiредi. Несиенiң екi формасы бар: тауарлы және
ақшалай. Мұндағы тауар түрiнде берiлетiн нсеиенi – коммерциялық, ал ақша
түрiндегi несиенi банктiк деп атйды.
Банктiк несие – бұл банктiк мекемелерден қарыз алушыларға ақшалай түрде
берiлетiн несиенi бiлдiредi. Банктiк несие – бұл экономикадағы кеңiнен
тараған несиелiк қатынастардың формасы болып табылады. Банктiк несие
бойынша несиелiк қатынастардың құралына несиелiк шарт немесе несиелiк
келiсiм жатады. Банктiк несиеде несие берушi: банк және арнайы қаржы
мекемелерi болса, ал қарыз алушылар ретiнде: кәсiпкерлiкпен немесе
бизнеспен шұғылданатын қаржы ресурстарына деген сұранысы бар кез келген
заңды ұйым болып табылады. Мұндағы қарыз берушiнiң басты мақсаты – пайыз
түрiнде табыс алу.
Несиелер берiлу шартына қарай келесi түрлерге бөлiнедi:
- тұтыну несиесi – бұл жеке тұлғаларға тұтыну тауарларын сатып алу үшiн
және тұрмыстық қызметтердi өтеуге берiлетiн несие.
- ипотекалық несие – бұл қозғалмайтын мүлiктердi (тұрған үйдi, өндiрiс
ғимараттарын, жердi және т.с.с.) кепiлге ала отырып, ұзақ мерзiмге
берiлетiн несие.
- овердравт несиесi – клиенттiң шотынан қаражатты шегеру, дебеттiк
қалдық бойынша берiлетiн қысқа мерзiмдi несиенiң формасы.
- овернайт несиесi - өтiмдiлiктi қолдау мақсатында бiр түнге берiлетiн
банкаралық несиенiң түрi;
- онкольдық несие – кредитордың алғашқы талабы бойынша өтелетiн қысқа
мерзiмдi несие;
- банкаралық несие – банктердiң бiр-бiрiне беретiн несиесi;
- ломбардтық несие – тез iске асатын бағалы заттарды немесе бағалы
қағаздарды кепiлге алып, берiлетiн несие;
- лизингтiк несие – құрал-жабдықтарды жалға алумен байланысты берiлетiн
несие;
- сенiм несиесi – банктiң сенiмiне кiрген, төлем қабiлетi жоғары
клиенттеге берiлетiн несие;
- маусымдық несие – жабдықтаушының қаржыландыру уақыты мен түсiмдi алу
мерзiмi арасындағы уақыт бойынша алшақтықты жабуға арналған несие. Мысалы,
бұл несие ауыл шаруашылығында жиi кездеседi.
Жалпы қорытындылай келе, банктер несие беру барысында несиелiк
саясатты iске асырады. Несиелiк саясат – банктiң несиелiк жұмысын
ұйымдастыру негiзiн және несиелеу процесiне қажеттi құжаттар жұйесiн жасау
шарттары.
Банктің инвестициялық операциялары – несиелік опеарциялардан кейінгі
орында тұрады. Бұл операциялар негізінен бағалы қағаздар портфелі арқылы
қалыптасады. Бағалы қағаздар портфелін қалыптастырдың мақсаттарына банкке
табыс әкелу және өтімді активтер қатарын толықтыру.
Банктің инвестициялық операция жүргізетін бағалы қағаздары екі топқа
бөлінеді:
- мемлекеттік бағылы қағаздар;
- корпоративтік бағалы қағаздар.
Бүгінде ҚР-ның екінші деңгейлі банктері инвестициялық операцияларға
бағытталған активтерінің басым бөлігін мемлекеттік бағалы қағаздарға жұмсап
отыр. Себебі, мемлекеттік бағалы қағаздарға салынған активтер, біріншіден,
өтімді, яғни коммерциялық банктер бағалы қағаз түріндегі активтерін тез
арада қолма-қол ақшаға айналдыра алады. Екіншіден, олардан алатын табыс
төмен болғанымен оның тәуекел деңгейі төмен немесе жоқ деп те атасақ
болады.
Сонымен қатар бүгінде коммерциялық банктердің активтерінің бір бөлігін
өтімді корпоративтік бағалы қағаздарға да орналастыруы дамып келе
жатыр[2]. Жалпы корпоративтік бағалы қағаздарға келесілер жатады:
1) акциялар;
2) облигациялар;
3) депозиттік және жинақ сертификаттары;
4) ипотекалық куәліктер;
5) депозитарлық қолхаттар.
Осылардың ішінде бүгінгі таңда инвестициялық операциялардың негізгі
бөлігі акция мен облигация негізінде дамып отырғаны белгілі.
Банктің қаржылық операциялары несиелік операциялар типтес, яғни банкке
табыс әкелетін активті операцияларды сипаттайды. Оларға: лизинг, факторинг
және форфейтинг операциялары жатады.
Лизинг – бұл лизинг берушiнiң өзiне тиесiлi құрал-жабдықтарды,
машиналарды, ұйымдастыру техникаларды, өндiрiске және сауда саттыққа
арналған құрылғыларды, машина және ұшақтарды лизинг алушыға (жалгерге)
лизингтiк төлем төлеу шартымен, белгiленген мерзiмге пайдалануға беруiн
қарастыратын жалға беру шарты.
Лизингтiң несиеден айырмашылығы келiсiмшартта көрсетiлген төлемдер
төленiп, мерзiмi аяқталғаннан кейiн де лизинг объектiсiнiң лизинг берушiнiң
банктiк меншiк объектiсi ретiнде қарыз алушының берген кепiлдiгi қалады.
Лизингтiк мәмiлелердiң бiрнеше түрлерi бар. Барлық лизингтiк
операциялар екi түрге бөлiнедi: шұғыл және қаржылық лизингтер.
Шұғыл лизинг – бұл мүлiктiң қызмет ету мерзiмiне қарағанда, оның
пайдалану мерзiмiнiнiң қысқалығын және мүлiктiң құнын толық өтеуiн
сипаттайды.
Қаржы лизингі – уақытша пайдалануға берген лизинг затының мерзiмi
iшiнде өзiнiң толық амортизациялық құнын төлеп шығарумен немесеөзiн-өзi
өтеуiмен байланысты сипатталады.
Лизингтiң артықшылықтары мен кемшiлiктерi келесiдей.
Лизингтiң қарапайым несиеден келесідей артықшылықтары бар:
- лизинг көмегiмен кепiлге беретiн мүлкi жоқ ұсақ кәсiпорындарды
несиелеуге болады;
-лизинг 100%-ға дейiн несиелеудi ұсынады, яғни кәсiпорынға қысқа мерзiм
iшiнде өзiнiң меншiктi капиталын жұмсамай-ақ, жаңа құрал-жабдықты пайдалана
отырып, өнеркәсiптiк өнiм шығаруға және пайда табуға мүмкiндiк бередi;
- кәсiпорынға мүлiктi несиеге сатып алғаннан, лизинг бойынша алған
қолайлы, себебi, бұл жерде ол мүлiк кепiл ретiнде болады;
- құрал-жабдықтың лизинг берушiнiң меншiгiне болатындығына байланысты,
өнiмнiң құнына лизингтiк төлемдер ғана қосылып, мүлiкке салынатын салықты
жалға берушiнiң өзi төлейдi. Сөйтiп, лизинг алушы салықтық жеңiлдiктер
алады.
Лизинг операцияларының кемшiлiктерiне келесілер жатады:
- жалға алушы құрал-жабдықтың қалдық құнының жоғарылауынан ештеңе
ұтпайды;
- ұйымдастырудың күрделiлiгi;
- лизинг құны несиеге қарағанда жоғары, бiрақ та ескiрген құрал-
жабдықтан туындайтын тәуекелдiң лизинг берушiнiң басында болатынын
ұмытпау қажет.
Ендi жалпы лизингтiк операциялардың типтiк сипатын анықтайтын келесi
схеманы көру арқылы лизингтiк бизнестiң iске асуын анықтайық. Оны келесi
суретен көре аламыз:

4

1 2
7 5

6 6 9 9 8 3

1-сурет. Лизинг қатынастарының типтiк схемасы

Мұндағы сандармен берiлген байланыстардың мәндерi келесiдей:
1) лизинг берушi мен лизинг алушы арасындағы лизинг келiсiм шарты;
2) лизинг компаниясы мен жеткiзушi кәсiпорын арасындағы сатып алу-сату
келiсiм шарты;
3) лизинг берушi банктердiң арасындағы несиелiк қорытынды;
4) жабдықтаушы кәсiпорынның құрал-жабдықтарды лизингтiк компанияға
өткiзуi;
5) лизинг берушi фирмалардың жеткiзушi кәсiпорындарға алған құрал-
жабдықтарының құнын төлеуi;
6) лизинг берушi мен сақтандыру компаниясының арасындағы келiсiмдердi
сақтандыру щаралары;
7) лизинг алушының лизинг берушiге тұрақты төлеп отыратын төлемдерi;
8) лизинг берушiге банктiк несиелердi қолданғаны үшiн пайыздық
қойылымдар;
9) лизинг берушiлердiң мемлекеттiк жергiлiктi бюджетке төлеп отыратын
төлемдерi және лизингтiк компанияны қолдаааау мақсатындағы мемлекеттiк
жеңiлдiктер мен көмектер.
Коммерциялық банктердiң ең көп таралған делдалдық қызметiнiң бiр түрi
– факторинг. Факторинг сатушылардың сатып алушыларға сатылған тауары
үшiн уақытын кешiктiрiп төлеуге беретiн тауар формасындағы және ашық шот
түрiнде рәсiмделетiн коммерциялық несиенiң түрін сипаттайды. Факторинг –
клиенттiң айналым капиталын несиелеумен ұштасатын, сауда-комиссиондық
операциясының бiр түрi. Бұл жерде факторингтiк компания клиенттердiң шотын
90%-ға дейiн төлеу шартымен сатып алады. Факторингтiң мақсаты кез-келген
несиелiк операциялардың ажырамас бөлiгi болып табылатын тәуекелдi қалпына
келтiруiн шешуге бағытталады. “Фактор” сөзi ағылшын тiлiнен “factor”,
аударғанда “маклер, делдал” деген мағынаны бiлдiредi. Экономикалық жағынан
алғанда бұл – делдалдық операция. Факторинг – жабдықтаушы-клиенттiң
жабдықтаған тауары мен көрсеткен қызметтерi үшiн төленбеген төлем талабын
(шот-фактурасын) банкке сатумен байланысты комиссиондық-делдалдық операция.

Келiсiмшартқа сәйкес банк жабдықтаушының контрагенттерi өздерiнiң
қарызын өтегенiне қарамастан төлем талабындағы соманы төлеуге мiндеттеме
алады. Дәл осы жерде факторинг пен банктiк кепiлдеменiң арасындағы
айырмашылық байқалады. Яғни, банктiк кепiлдеме бойынша банк өзiнiң
есебiнен, оған тиiстi соманы клиент төлемеген жағдайда төлеуге мiндеттi
болып табылады. Факторингтiк қызметтiң мақсаты төлеушiнiң төлем қабiлетiне
байланыссыз факторингтiк келiсiм шартта көрсетiлген мерзiмде тез арада
қаражатты алу болып табылады.

Өнiмдi төлеу Құжаттарды

Төлем құжаттарын Төлем қабiлетiн
сатып алу талдау

Жабдықтаушы Тауарды жабдықтау Сатып алушы

2-сурет. Факторинг ұйымдастыру сызбасы

Факторингтiң бiрегей құқықтық негiзiн құру үшiн 1988 ж. Халықаралық
факторинг туралы конвенция бекiтiлген. Халықаралық факторинг туралы кез-
келген келiсiмшарт төменде берiлгендердiң кемiнде екеуiн қамтуға тиiс:
- аванс және несие беру жолымен жабдықтаушыны қаржыландыру;
- төлем талаптарына жататын жабдықтаушының шоттарын бухалтерлiк
жағынан өңдеу;
- борышқорлардан ақшалай қаражат алу;
- жабдықтаушыларды олардың борышқорларының төлем қабiлетсiздiгi
жағдайынан қорғау.
Факторингтiк операциялар банктер және арнайы ұйымдар арқылы жүзеге
асырылады. Ол үшiн банктерде арнайы бөлiмдер ашылуға тиiс. Факторингтiк
операциялардың мыналар бойынша жасалмайтынын ескеру қажет:
- жеке тұлғалардың қарыздық мiндеттемелерi бойынша;
- бюджеттiк мекемелердiң қоятын талаптары бойыша;
- банктiң несиелеуден алынып тасталған немесе төлем қабiлетiнсiз деп
танылған кәсiпорындар мен ұйымдардың мiндеттемелерi бойынша;
- кәсiпорындардың филиалдары немесе бөлiмдерiнiң мiндеттемелерi
бойынша.
Факторинг операциясына үш тарап қатысады:
1) факторингтiк компания (банктiк факторинг бөлiмi) - өздерiнiң
клиенттерiнен шот-фактураны сатып алатын арнайы мекеме;
2) клиент (тауарды жабдықтаушы, несие берушi) фактоинг компаниясымен
келiсiм шарт жасасушы өнеркәсiптiк мекеме;
3) кәсiпорын (қарыз алушы) – тауарды сатып алушы фирма.

Факторинг пен форфейтинг операциялары өзара ұқсас болып келедi. Бiрақ
форфейтингтiң факторингтен айырмашылығы – форфейтинг сатқан тауарлар мен
қызметтерге деген құқықтарды қайта сату арқылы ақшалай қаражаттарды қарызға
алумен байланысты бiр рет жасалатын операцияны бiлдiредi. Сондай-ақ
экспортердiң форфейтингтiк қызметi орта мерзiмдi немесе ұзақ мерзiмдi
несиелеумен байланысты болса, ал факторингке несие беру мерзiмi небары 6
айды құрайды.

Форфейтинг – бұл форфейтордың, яғни коммерциялық банктiң немесе арнайы
компанияның экспортерға импортердiң төлеуге тиiстi төлем талабын сатып
алуы.
1
2
3

4 5 6
7

3-сурет. Форфейтинг мәмiлесiнiң техникасы

Форфейтинг мәмiлесiнде де үш қатысушсы болады:
1) экспортер, яғни тауарды орта мерзiмдi кезеңге несиеге берушi;
2) импортер, яғни тауарды несиеге алушы;
3) форфейтор, яғни мәмiленi қаржыландырушы банк немесе арнайы ұйым.
Форфейтинг мәселесi 3-шi суретте көрсетiлген.
Мұндағы, 1 – мәмiлеге қатысушылар арсында келiсiмшарт жасалады; 2 –
тауарын несиеге бередi; 3 – аудармалы вексельдi (5-7 жылға) жазып бередi; 4
– аудармалы вексельдi қайта сатады; 5 – аудармалы вексельдi есепке алады; 6
– мерзiмi жеткенде төлеуге ұсынылады; 7 – вексель бойынша мiндеттемесiн
өтейдi.
Форфейтинг механизмiн мынадай екi мәмiле түрiнде пайдаланады:
1) қаржы мәмiлесiнде – орта мерзiмдi қаржы мiндеттемесiн тез арада iске
асыру мақсатында.
2) экспорттық мәмiле бойынша – шетелдiк сатып алушыға несиеге тауар
бергенi үшiн экспортерға қолма-қол ақшамен түсiм түсуге ықпал ету
мақсатында.
Форфейтинг мәмiлесiнiң мерзiмi 180 күннен 5 жылға дейiнгi аралықты
құрайды, кей жағдайларда – 7 жыл.
Қазақстан Республикасының “Валюталық реттеу туралы” заңына сәйкес,
“валюта – мемлекеттердiң заңды төлем құралы ретiнде қабылданған ақша
бiрлiктерi немесе банкноталар, қазыналық билеттер мен тиындар, соның iшiнде
қымбат металдардан жасалған тиындар түрiндегi қолма-қол және аударым
нысандарындағы құнның ресми стандарттары, сондай-ақ шоттардағы, соның
iшiнде, халықаралық ақша немесе есеп айырысу бiрлiктерiндегi қаражаттары.
Осы заңда "валюталық операцияларға" мынандай түсiнiктер берiлген:
- меншiк құқығының және өзге құқықтардың валюталық құндылықтарға
өтуiне байланысты мәмiлелер, срның iшiнде шетел валютасы төлемдерi
мен шетел валютасындағы төлем құралдарын қаражат ретiнде пайдалануға
байланысты мәмiлелер;
- валюталық құндылықтарды кез келегн тәсiлмен Қазақстан Республикасына
әкелу және жөңелту, срндай-ақ Қазақстан Республикасынан әкету және
әкелу;
- ұлттық валютаға, сондай-ақ номиналы мен құны ұлттық валютада
көрсетiлген бағалы қағаздар мен төлем құралдарына меншiк құқығы мен басқа
құқықтардың ауысуына байланысты резиденттер мен резидент еместердiң
арасындағы мәмiлелер.
Қ.Р-дағы екiншi деңгейдегi банктер өздерiнiң кассалық операцияларын
1999 жылы 15 қарашада Ұлттық банктiң Басқармасының қаулысымен бекiтiлген
“ҚР екiншi деңгейдегi банктерге кассалық операцияларды жүргiзу” ережесiне
сәйкес жүзеге асырады [3].
Осы ережеге сәйкес, кассалық операция – бұл құндылықтарды қабылдау,
қайта санау, майдалау, айырбастау, беру, сортау, орау және сақтаумен
байланысты операцияны бiлдiредi.
Касса жұмысын ұйымдастыру, яғни клиенттерге кассалық операциялар
бойынша қызмет көрсету және қолма-қол ақшаны өңдеу үшiн банктерде мынадай
бөлiмшелер болуға тиiс:
- кiрiс кассасы;
- шығыс кассасы;
- кiрiс-шығыс кассалары;
- қайта санау кассасы;
- кешкi касса;
- сыртқа шығатын касса.
Банк кассасына клиентерден қолма-қол ақшаларды қабылдау және оларды
ағымдық және корреспонденттiк шоттар бойынша есепке алу мынадай кiрiс
кассалық құжаттар көмегiмен жүргiзiледi:
- қолма-қол ақшаны салатындығының хабарламасы;
- кiрiс кассалық ордер бойынша.
Кассадағы қолма-қол ақшаны өткiзу үшiн клиент кiрiс кассалық құжатты
толтырады және оған қосымша бетте кассаға өткiзiлетiн банкнота мен
монеталардың тiзiмiн жасап, онда олардың номиналдарын, санын, сондай-ақ
банкноталар мен монеталардың сомасын санмен және жазбаша түрде көрсетедi.
Қолма-қол ақшаны қабылдап алғаннан кейiн, кассир қабылдаған соманы,
кiрiс кассалық құжатындағы сомамен салыстырады, сома сәйкес келген жағдайда
кассир кiрiс кассалық құжатқа қолын қойып, түбiртекке “Кiрiс кассасы” деген
мөр басып, оны ақшаны тапсырушыға бередi.
Банк клиентiнiң ағымдық және корреспонденттiк шотынан қолма-қол
ақшаны беру мынадай құжаттар арқылы жүзеге асырылады:
- ақшалай чекпен;
- шығыс кассалық ордермен.
Банк клиентi қолма-қол ақша алуға арналған кассалық құжаттарын
операциондық жұмыскерге бередi, ол құжаттарға қажеттi тексерулер жүргiзiп,
оларды бақылаушы-бухгалтерлерге бередi, сөйтiп шығыс кассалық ордерiнде
көрсетiлген қолма-қол ақша сомасы шығыс жөнiндегi кассалық журналда есепке
алынады.
Шығыс құжатын алған бақылаушы-бухгалтер мынадай жұмыстарды жүогiзуге
мiндеттi:
- қолма-қол ақшаны беруге құқығы бар банктiң жауапты тұлғаларының
қолдарының барлығын тексерiп, оны қол қою үлгiсiмен салыстыруға;
- құжатта көрсетiлген соманың саны мен жазба түрдегiсiн салыстыруға;
- клиентттiң лауазымды тұлғаларының шығыс құжатында қолдарының болуын
тексеру және оларды үлгiде қойылған қолдарымен өзара салыстыру.
Содансоң барып кассир қолма-қол ақшаны алушыны кассаға чектегi номерi
бойынша шақырып, тағы да қандай соманы алатындығын нақтылап алып, содан
кейiн ақшасын бередi.
Қайта есептеу кассасы клиенттiң инкассацияланған ақшалай түсiмдерiн
қайта санаумен айналысады. Қайта есептеу кассасының кассирi, бақылаушы
кассирдiң қатысумен кешкi кассаның кассирiнен және бақылаушы кассирден
инкассаторлық сөмкенi қабылдап, ақшаны оған тiркеме құжаттар негiзiнде
қайта санаудан өткiзiп, қабылдап алады.
Инкассаторлардан қолма-қол ақшасы бар сөмкелердi кассирлер қабылдау
барысында мыналарды тексередi:
1) келiп түскен сөмкелердiң тұтастығын;
2) сөмкедегi қойылған пломбаның банктегi пломбының үлгiсiмен
сәйкестiгiн;
3) инкассаторлар тапсыратын сөмкелердiң құжаттағы сөмкенiң номерiмен
сай келуiн;
4) қабылдайтын соманың құжатта көрсетiлген сомамен сәйкестiгiн.
Инкассалық сөмкенi қабылдап алған соң, бақылаушы-кассир және
бригаданың әрбiр мүшесi қабылдаған сөмкелердi есепке алу журналдарының
екеуiне де қолдарын қояды. Журналдың екiншi данасын бақылаушы
инкассаторлардың басшысына бередi.
Отандық банк тәжiрибесiнде банктердiң есеп айырысу-кассалық
операциялары мынадай түрлерге бөлiнедi:
- банктiк шоттар ашу;
- ұлттық немесе шетел валютасында аударым операциялары;
- алдағы уақытта валюталау күнi қойылуға тиiстi, ұлттық валютадағы
аударым операциялары;
- төлемнiң шартын өзгерту немесе қайтару;
- валюталық операцияларға бақылау жасау;
- шоттың архивiн беру;
- шоттан қолма-қол ақша берк;
- ұсақ ақшаларды iрiлеп беру;
- банктен кеңсеге дейiн немесе керiсiнше қолма-қол ақшаларды
инкассациялау;
- құндылықтарды жеткiзiп беру.
Коммерциялық банктердiң тағы да бiр активтi операциясы бұл траст.
“Траст” ағылшын тiлiнен аударғанда “сенiм” деген сөздi бiлдiредi. Траст бұл
сенiммен басқаруға берiлген мүлiкке деген құқықты анықтайтын және меншiктi
иеленудiң ерекше нысаны.
Траст операциясы – клиенттiң сенiмдi тұлғасы ретiнде оның мүлкiн
басқаруға және тапсырмасы бойынша басқа да қызмет көрсетуге байланысты
банктiң операциялары.
Траст операциясына қатысушыларға мыналар жатады:
- траст құрылтайшысы – сенiмдi меншiк иесiне сенiмхат арқылы басқаруға
беретiн, мүлiктiң немесе мүлiктiк құқықтардың меншiк иесi. Траст
құрылтайшысы ретiнде кез келген қолында мүлкi бар заңды немесе жеке
тұлға бола алады.
- трастыны иемденушi – траст келiсiмшартындағы көрсетiлген жағдайға
сәйкес, мүлiктi басұару құқығын өзiне қабылдайтын тұлға. Мұндағы
мүлiкке жылжитын және жылжымайтын мүлiктер де жатады.
- бенефициар – траст келiсiмшартын өзiнiң пайдасына жарататын кез
келген заңды және жеке тұлға.
Сонымен, банктiң траст операциясы – бұл банктiң өз клиенттерiне
көрсететiн әр түрлi қызметi түрiндегi сенiм операцияларын бiлдiредi [4].
Траст қызметiне: бiрiншiден, жылжымайтын және жылжитын мүлiктердi
басқару; екiншiден, инвестициялық портфельдi қалыптастыру және оны басқару;
үшiншiден, құндылықтарды сақтауға қабылдау; төртiншiден, тұрақсыздыққа
ұшыраған фирмаларға қатысты несие берушiлердiң қоятын талаптарын реттеу;
бесiншiден, мұраға қалдыруға байланысты мүлiктi басқару қызметтерi жатады.
Коммерциялық банктiң траст бөлiмiнiң атқаратын қызметi үлкен үш топқа
бөлiнедi:
1) клиенттердiң мұраға қалған мүлкiн иемдену;
2) сенiмхат бойынша операцияларды жүзеге асыру;
3) агенттiк қызметтер.
Траст операциясын жасау үшiн ең бастысы, сенiм бiлдiрген банк пен
ұйымның арасында жасалатын келiсiмшарт болуы қажет. Осы келiсiмшарт
негiзiнде мынандай қызметтердi атқарады:
- бағалы қағаздарға деген меншiк құқығын беру;
- пайыздарды төлеу, қарыздарды өтеу;
- мүлiктi кепiлдiктен босату;
- сенiмхатқа сәйкес бiр бағалы қағазды алып, басқасын беру, яғни бағалы
қағаздарды айырбастауға байланысты агенттiк қызметтi жүзеге асыру;
- акционерлiк қоғамдардың акциялар бойынша дивидендтер төлеу.
Банктiң траст қызметiн көрсетудiң басты шеңберiн жеке тұлғалар,
үкiмет органдары, iскер кәсiпорындар үшiн агенттiк қызметтi атқару құрайды.
Банк көрсеткен траст қызметi үшiн комиссионды сыйақы алады.

1.3 Банктің активтерін басқару әдістері

Ақша активтері мен пассивтер портфелі – жоғары пайда табу үшін
қолданылатын бірегей. Активтерді басқару – меншікті және тартылған
қаражаттардың орналастыру тәртібі мен жолдары. Қаражаттарды орналастыруда
үлкен көңіл ссудалық операциялар мен инвестицияларға бөлінеді.
Активті операциялардың көмегімен банктер өз қарамағындағы ресурстарды
пайда табу үшін және де өздерінің өтемпаздығын қолдауды қамтамасыз ету үшін
орналастырады.
Айналым қорлар жинақтаған ресурстарын табыс табу және өтімділігін
қамтамасыз ету мақсатымен орналастыруын актив операциялары деп атайды.
Бұған жататындар:
- шаруашылық жүргізуші субьектілерге әр түрлі
қажеттерін қанағаттандыру үшін қысқа, орта, ұзақ мерзімді несие беру;
- халыққа тұтынушылық несие беру (үй құрылысын жүргізу, пәтер,
үй және басқа да ұзақ мерзімде пайдаланыла алатын мүліктерді сатып алуға);
- құнды қағаздар сатып алуға несие беру;
- лизингілік операцияларға несие беру;
- факторингілік операцияларға несие беру.
Көрсетілген активті операциялардың ішіндегі ең бастысы қайтарымдылық,
мерзімділік және ақылық негізінде несиелеу операциясын жүргізу болып
табылады. Кейбір банктердің несиелеуден табатын табысы, барлық табысының
80%-нан асып кетеді. Соңғы жылдары несиенің дәстүрлі түрлерімен қатар
көптеген жаңа түрлері пайда болды. Олар пәтер, үй сатып алуға берілетін
несие, сақтандыру қағазын кепілзатқа алып беретін несие, фермерлерге жер
телімін жақсартуға берілетін несие, оқуға және сынақ мерзімін өткізуге
берілетін несиелер. Сонымен қатар заңды тұлғаларға кәсіпкерлік
ұйымдастыруға, басқа фирмалардың активін сатып алуға несие берілетін болды
[5].
Актив операциялары негізінен 4 топқа бөлінеді:
1) несие-есептеу операциясы, оның нәтижесінде банктің несиелік портфелі
қалыптасады;
2) инвестициялық операциясы, ол инвестициялық портфельдің негізін
құрайды;
3) кассалық және есептесу операциялары – банктің клиенттерге көрсететін
қызметтерінің бірі;
4) басқа операциялар.

Несие-есептеу операциялары – ол банктің несие ресурстарын орналастыру
қызметіндегі несие беру операциясы. Банк табысының көп бөлігі осы
операцияларды жүргізуден түседі. Несиелеу операциялары қарызгерге
қайтарымдылық, мерзімділік және ақылық негізінде қаржы беру операциялары.
Вексельдерді сатып алу (есептеу) немесе вексельдерді кепілзатқа қабылдаумен
байланысты несиелеу операциялары да есеп операцияның қатарына кіреді.
Есеп айырысу операциялары – қаржыны клиенттің есеп шотына есептеу
немесе оны шоттан шығару, оның ішінде клиенттің контрагенттерінің алдындағы
міндеттемелерін өтеумен байланысты операциялар. Бос қаржыны депозитке
жұмылдырумен қатар несиелеу және есеп айырысу операциялары банктің өте
маңызды операциялары болып табылады.
Кассалық операциялар – қолма-қол ақша беру немесе оларды қабылдаумен
байланысты операциялар. Кеңейтіп айтқанда бұл қолма-қол ақшаның
қозғалысымен, қаржыларды қалыптастыру, орналастыру және пайдаланумен
байланысты операциялар деуге болады.
Инвестициялық, қорлық операциялар –күрделі қаржысын құнды қағаздарға
салу және басқа құрамдармен бірігіп шаруашылық жүргізу үшін жарнаға салумен
байланысты операциялар. Бұл жерде ескеретін нәрсе Қазақстандағы банктер
және банк қызметтері туралы Заңның сегізінші бабына сәйкес, Қазақстандағы
банктерге пайда табу үшін, басқа шаруашылықтардың негізгі капиталына жарна
салуына болмайды.
Кепілді операциялар – кепілдеме беру, белгіленген жағдай болғанда,
клиенттің үшінші тұлғаға берешегін өтеу операциялар. Сонымен қатар,
банкінің активті операциялары: қауіптілік дәрежесіне қарай – қауіпті және
қауіпті – бейтарап операциялары; орналастыру түріне қарай: бірінші және
екінші; пайдалылық дәрежесіне қарай: пайда келтіруші және пайда келтірмеуші
операциялар болып та бөлінеді.
Коммерциялық ақша активін 4 категорияға жіктеуге болады:
- кассадағы қолма-қол ақша және оған жатқызылатын қаражаттар;
- бағалы қағаздарға салынған инвестициялар;
- ссудалар;
- ғимараттар мен құрал-жабдықтар.
Активтердің құрылымы тек қана активтер көлемі мен сыртқы жағдайлармен
ғана емес, сонымен бірге нақты банкінің активтерінің сапасын жоғарлату
бағытындағы банктің саясатымен де анықталады. Бұнда активтерді брутто-
активтері және нетто-активтеріне бөледі.
Брутто-активтерінің құрылымы:
- Табыс әкелмейтін активтер – басқа біреудегі корреспонденттік шоттар,
ақшалай қаражаттар, негізгі қорлар, материалдық емес активтер,
дебиторлар, бюджеттік және бюджеттен тыс қорлардың қаражаттарын
қолдану, капитал салымдарын қаржыландыру, капиталдық шығындар, ағымдық
шығыстар, болашақ кезеңдегі шығыстар, бағалы қағаздар мен валюталар
қаражаттарды қайта бағалау, есепті жыл мен өткен жылдардың шығындары;
- Табыс әкелетін активтер – клиенттердің, банктердің, халықтың ұзақ
мерзімді, қысқа мерзімді, орта мерзімді ссудалары, ссуда мен пайыз
бойынша мерзімі өтіп кеткен қарыздар, факторинг, клиринг, қатысу,
бағалы қағаздар, берілген кепілдер;
- Брутто-активтерінің барлығы – нетто балансының құрылымында активтер,
реттеуші, жинақтаушы және транзитті шоттарының көлемінде қысқартылады.
Нетто-активтерінің құрылымы:
- Табыс әкелмейтін активтер – басқа банктердегі корреспонденттік
шоттар мен ақшалай қаражаттар, қалдық құны бойынша материалдық
емес активтер мен негізгі құралдар;
- Табыс әкелетін активтер – клиентке, банктерге және жеке тұлғаларға
берілген ссуда бойынша шығындарды жабатын резервтерді шегеріп
тастағандағы ұзақ мерзімді, орта мерзімді, қысқа мерзімді ссудалар
алдын-ала құрылған резервтің есебінен бағалы қағаздардың
құнсыздануын шегеріп тасталған факторинг пен лизинг. Бағалы
қағаздар да осылай есептелген.
Нетто-активтерінің брутто-активтеріне қатынасы бірінші орында активтер
сапасына тәуелді рационалды активтерінің құрылымы туралы мәлімет береді.
Коммерциялық банктердің клиенттеріне беретін қарызын біраз белгілерге
байланысты топтастыруға болады:
- борышқордың типіне байланысты – кәсіпорынға, үкіметке және
жергілікті үкімет органдарына, халыққа, басқа банктерге берілетін
қарыз;
- пайдаланылатын мерзіміне байланысты – қысқа мерзімді (1 жылға
дейін), орта мерзімді (1 жылдан 5 жылға дейін), ұзақ мерзімді (5
жылдан жоғары);
- қызмет ету ортасына байланысты - өндіріс аясына берілген қарыз және
айналыс аясына берілген қарыз;
- борышқордың қай салаға тиістілігіне қарай - өнеркәсіпке, саудаға,
ауылшаруашылығына, транспортқа берілетін қарыз;
- қамтамасыз етілу бойынша – кепілді, қорғаулы, қауіпсіз және
қамтамасыз етілмеген;
- өтеу тәсіліне қарай - бір уақытта және бөлшектеп өтелетін қарыз.
Несиені банктер несиелеудің мына негізгі принциптері сақталғанда ғана
береді: қамтамасыздық, қайтарымдылық, мерзімділік, төлемділік және
мақсаттылық.
Көптеген мемлекеттерде қарыз белгілі бір несиелік шектеумен (лимит)
несие линиясын ашумен беріледі. Мысалы, АҚШ-та, Германияда. Голландияда,
Бельгияда борышқорға ашылатын контокорренттік шот бойынша лимит бекіту
формасы кең тараған. Контокорренттік шот деген несиелік шотпен ағымдағы
шоттың біріктірілу. Бұл шот бойынша дебиттік сальдо клиентке несие беруді
көрсетсе, ал кредиттік сальдо шотта өзінің қаражаты бар екенін көрсетеді.
Несиенің бұл түрі қысқа мерзімді ағымдағы қажеттілікке беріледі. Ал кейбір
мемлекеттердің банктері несиені шектеуді овердрафт бойынша жүргізеді.
Овердрафт – клиентке чек бойынша банктің қысқа мерзімді несие беруі немесе
оның банкке берген шоттарын ағымдағы шотындағы қалдықтан артық болса да,
бекітілген лимит шегінде банктің төлеуі. Нәтижесінде ағымдағы шотта
дебиттік қалдық қалады. Овердрафттың жоғары соммасы ағымдағы шот ашылғанда
шартпен анықталады. Несиелеудің бұл формасы – контокоррентті шотпен
берілетін несиенің түрі. Ол – клиенттің ағымдағы есеп айырысуына қаражат
жетіспестігін қанағаттандыруға берілетін несие [6].
Банктік несиелеуді ұйымдастырудың келесі бір түрі – несиелік шотты
пайдалану арқылы несие беру. Бұл жағдайда берілетін несие соммасы несиелік
шоттың дебитінен клиенттің ағымдағы шотының кредитіне аударылады. Есеп-
төлем құжаттары борышқордың несиелік шотынан тікелей төленуі мүмкін.
Банктердің несие беру операциялары тобына факторинг және лизинг
операциялары да кіреді. Факторинг деген өнімдерді сату процесінде
контрагенттердің арасында туындайтын төленбеген қысқа мерзімді қарыз
тапсырысын банкке сату. Бұл жағдайда банк өнімді сатып алушыдан төлеуді
талап ететін құқыққа ие болады. Сонымен қатар банк клиенттің айналмалы
капиталын несиелеп, оның несиелік тәуекелін өзіне алады.
Қарыз беру мәселесін шешерде банк жеткізушінің несие қабілеттілігін
талдап, оған қарыздардың жағдайы туралы хабарлармен танысады. Төлей алмау
қауіпін банк өзіне алатындықтан, ол жеткізушіге шоттың жалпы сомасының 80-
90% бірден өзі төлеп, ал қалғанын дебитор қарыздың барлық сомасын өтегеннен
кейін ғана қайтарады. Коммерциялық банктер несиенің осы түрін дамытып, өз
операцияларын кеңейтуге қосымша мүмкіндік алып, табысын ұлғайтуға және
клиенттермен байланысын нығайтуға қол жеткізеді.
Лизинг операциясы деген жалдаушы кәсіпорындардың ұзақ мерзімге
машиналарды, жабдықтарды қозғалмайтын мүліктерді және негізгі капиталдың
басқа элементтерін жалға бергенде жүргізілетін операциялар. Банктер лизинг
компанияларына несие беру арқылы лизинг операциясына қатысады. Сонымен
қатар банктер жалға беретін машиналар мен құралдарды шығарушы –
кәсіпорындарды да несиелеуі мүмкін. Шарт мерзімінің соңында жалдаушы лизинг
обьектісін қалған құны бойынша сатып алуына болады. Банк лизинг операциясын
жүргізу арқылы клиенттің төлем қабілетсіздігінен туындайтын шығын қауіпін
төмендетеді. Оған қоса, банк жалға берілетін мүлікке амортизациялық төлемді
қосуға құқы бар. Ондай жағдайда сол мүліктен салық төленбей, ол сома жабдық
алуға жұмсалуы мүмкін.
Коммерциялық банктердің келесі маңызды операциясы бағалы қағаздармен
жүргізіледі: банк өз портфелі үшін бағалы қағаздарды сатып алу, жаңадан
шығарылған бағалы қағаздарды ұстаушылар арасында алғашқы орналастыру,
клиенттің тапсыруы бойынша бағалы қағаздарды сатып алу және сату, бағалы
қағаздар шығаруға қарыз беру. Ондай бағалы қағаздар жай және артықшылықты
акциялар, облигациялар, мемлекеттік қарыз міндеттемелері, вексельдер және
т.с.с қағаздар болуы мүмкін. Мысалы, банктің вексельдермен жүргізген актив
операциялар: есептеу және қайта есептеу операциялары, несие беру, акцепт
бойынша операциялар, инкассациялау, вексельдік кепілдік беру және т.с.с.
операциялар.
Банктердің бағалы қағаздарды инвестициялауының басты мақсаты – дивидент
және процент түрінде қосымша пайда табу. Бағалы қағаздардың табыстылығы
оларды өтеу мерзіміне тікелей байланысты. Бағалы қағаздарды өтеу мерзімі
қысқа болса, оның нарықтық бағасы тұрақты болады. Ал мерзімі ұзақ болған
сайын бағалы қағаздардың курсы жиі өзгереді. Сондықтан коммерциялық банктер
үшін қысқа мерзімді бағалы қағаздарға ақша жұмсау ұзақ мерзімді қағаздарға
ақша салудан гөрі тиімділеу.
Сонымен коммерциялық банктердің активінің бұрыннан қалыптасып және
қазіргі кезде өрістеп келе жатқан негізгі бағыты – несие беру операциясы
және бағалы қағаздармен операция. Бұл операциялар банк балансының 80%
құрайды. Бұдан басқа банктер кассалық, акцептік, шетел валютасымен,
қозғалмайтын мүліктермен, сондай-ақ делдалдық операциялар жүргізеді. Олар
бір-бірімен тығыз байланысты. Әсіресе актив және пассив операциялары бір-
біріне тәуелді. Себебі коммерциялық банктер негізінен өзгенің капиталымен
қызмет жасайды, сондықтан банк қаражатын несиеге беру және инвестициялау
масштабы көбіне банктің уақытша бос капитал мен жинақтарды тарту қабілетіне
байланысты.
Активтерді орналастыру проблемасыны шешу жолы - жоғары табыс әкелетін
активтерді сатып алу болып табылады.
Қаражаттарды орналастыруда банктің алдында өтемпаздық пен пайдалылық
арасындағы конфликтіні шешу мәселесі тұрады.
Өтемпаздық-пайдалылық дилеммасын шешу үшін активті басқарудың 3
тәсілі бар. Бұлардың әрқайсысының оң және теріс жақтары бар. Коммерциялық
банктің нақты мәселесін шешкенде менеджерлер активті басқарудың әдістерінің
элементтерін пайдалана алады. Қаражаттың артық болуы кезінде қаражаттын
ортақ ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Банк өтімділігін басқаруда қолданылатын өтімділік коэффициенттері
КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТЕРДІҢ АКТИВТЕРІН БАСҚАРУДЫ ТАЛДАУ ( ҚАЗКОММЕРЦБАНК АҚ МЫСАЛЫНДА)
Банктік қызметтегі стратегиялық жоспарлаудың теориялық негіздері
Коммерциялық банктер және олардың бүгінгі таңдағы жағдайы
Екінші деңгейлі банктердің меншік капиталдарының қалыптасуы мен қолданылуын талдау
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің ақша-несие саясатының ерекшеліктері және оның нарық кезеңіңде тауарлар мен ақша нарығындағы тепе-теңдікке әсері
Банк және банктік қызметтері
Коммерциялық банктер қызметін ұйымдастыру мен дамытудың теориялық аспектілері
Банк ресурстарын басқаруды жетілдіру
Қазақстан Республикасындағы банк жүйесі
Пәндер