Саяси экстремизм мен терроризмнің пайда болуының тарихи алғышарттары



Пән: Саясаттану
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 21 бет
Таңдаулыға:   
Кіріспе

Соңғы кезде әлемнің түрлі елдері терроризмге тікелей душар болып отыр. Терроризм мен экстремизмнің салдарынан қаншама мемлекет зардап шегіп, қаншама адам қаза табуда. Күннен-күнге террористер саны артуда.Қазіргі замандағы адамзатты толғандырып отырған бір мәселе барша елдерді жайлай бастаған экстремизм болып отыр. Экстремизм барша адамзатты тығырыққа әкелетін - қолдан жасалып отырған зұлымдық. Бұл үдеріс (терроризмнің адамдарға қасірет әкелуі) күннен күнге қарапайым халықтардың арасында үрей тудырып, ұрпақ келешегіне алаңдау пайда болып отыр.Әлемде орын алып отырған осы құбылысқа байланысты ешбір елде ғылыми тұрғыдан сараптама жасап оның пайда болуы мен дамуының негізгі себептерін ашып,сшындықсайтылмайды. Қазіргі жағдайларда террористер аманат алуды, қоғамдық мәндегі ғимараттарды басып алу, жарып жіберу, ұшақтарды алып қашу және өзге де әрекеттерге барады. Террористік әрекеттер қашан да жариялы түрде жүреді және қоғамға, билікке әсер етуге бағытталады. Терроризмнің иррационалдық қыры саясатқа еш қатысы жоқ қарапайым халықты жаппай қырудан көрініс тапты. Нәтижесінде зорлық-зомбылық апаты және вакханалия жер шарының әрбір адамын терроактіні ұйымдастырушылардың ақылға қонымсыз идеяларының бұғауында қалдырды. Терроризм қоғамда бар және соңғы өмірдің негізгі сферасына қатысты әр түрлі қайшылықтарға негізделген, көлемді және кең таралған әлеуметтік - саяси құбылысқа өзгерді.Ол ең алдымен оның әр түрлі деңгейінде(мемлекетаралық, ұлтаралық, кластық, топтық)саяси қатынас аймағын қозғай отырып, күрделі құрамға және айыр форма жүйесіне ие.Ел ішіндегі пайда бола бастаған наразылық ұшқынының өршіп, отқа айналмауының алдын алмай экстремизм қауіпі жоғалмайды. Экстремизмді шектей білу үшін қазіргі адамзат өмір сүріп жатқан жаһандану кезеңнің ерекшелігін естен шығармау қажет.
Егер біз терроризмнің өткір де ауыр, жауыздық мәселелерін танып білсек, егер осы құбылысқа маңызды сұрақтарды үйлестіру келісімі қалса (саяси, заңды, әлеуметтік, әскери және басқа бағытта), ерекше өзектілікті терроризмді ғылыми зерттеу мен терроризммен күресудегі ғылыми негізделген жүйені өңдеу, не жаңа аралық тәртіпті және терроризмнің құрама ғылымындағы мақсатты білімді алға қояды.

Саяси экстремизм мен терроризмнің пайда болуының тарихи алғышарттары

Қазіргі жағдайда терроризм қоғамда бар және соңғы өмірдің негізгі сферасына қатысты әр түрлі қайшылықтарға негізделген, көлемді және кең таралған әлеуметтік - саяси құбылысқа өзгерді; ол ең алдымен оның әр түрлі деңгейінде(мемлекетаралық, ұлтаралық, кластық, топтық)саяси қатынас аймағын қозғай отырып, күрделі құрамға және айыр форма жүйесіне ие,
Саяси зерттеулерде, ХХІғ. Дәстүрлі шиеленіс (әскери, этникалық), зорлаудан(физикалық, қылмыстық) жаңа құрамды жаңа сапаға көшті, деп танылған.Сид Ахмет Шанас (Египет) атты саясаткер негізді түрде, қару-жарақтың, әскери технологиялардың айтарлықтай өсуін ескеретін технологиялық дамуды абсурдты деп таниды. Бірінші орынға саяси қылмыстық және әскери терроризм шықты.Әскери іс-әрекеттер өз мәні бойынша, өз параметрлері бойынша терроризмді еске түсіретін акция формаларын сақтайды. Бір жағынан зорлау қылмысының дәстүрлі формаларында терроризм элементтері бар. Ендеше, терроризм интенсивті түрде және кері айналмай біздің өмірімізге кіреді.
11қыркүйектегі жағдайдан кейін, терроризм қоғамдық қауіпті, негативті болып табылатының ескеру керек. Бірақ терроризмнің саясатқа қандай қатысы бар?.
Қазіргі жағдайда терроризм саяси немесе әлеуметтік, экономикалық, құқықтық, әскери және басқа да ұлттық немесе трансұлттық процестердің аясынан алшақ емес. Терроризм осы түсініктің кең мағынасында саяи сұрақтарды шешетін қылмыстық құрал болып табылады. Сонымен қатар саяси үкімет, оны ұстау үшін күрес -
-- бұл белгілі бір экономикалық қызығушылық үшін күрес; ресурстар, өтім нарығы; меншікті қолдану құқығы; белгілі бір аймақты қолдану; спецификалық амалдарды шешуге арналған кеністік(ескірткі заттарын өсіру). Көбінесе қазіргі кездегі терроризм саясаттан және саяси іс-әрекет аясынан негіз алады.
-- Теңестіре алмау және әлеуметтік теңсіздік, ұлттық қызығушылық немесе діни сенім мәселелерін шеше алмау. Терроризм саясат әлсіз жерде байқалады.
Әлеуметтік құбылыс ретінде терроризм көп жоспарлы. Оған экстремистік, террористік идеология, террористік көрініс формасындағы саяси зорлауды іске асыратын сәйкес мекемелер, сонымен қатар террористік іс-әрекет практикасы сияқты негізгі элементтер кіреді.
Әлеуметтік-саяси құбылыс ретінде терроризм қоғамда болатын процестермен және ең бірінші оның әр түрлі аймағындағы қайшылықтармен ескеріледі. Терроризмнің пайда болып, дамуына ұзақуақытты қоғамдық қайшылықтармен қатар, тез пайда болатындары да әсер етеді.Қандай да бір мемлекеттің немесе аймақтың дамуын сипаттайтын жағдайлардан, терроризмнің пайда болуын немесе бар болуын ескеретін немесе оған қолайлы болатын факторлар бөлінеді.
Терроризм, зорлау формалары мен әдістерін қолдануды ұсынатын саяси күрес аймағына жатады.
Саяси экстремизм - қазіргі заманғы адам дамуына ғана тән емес, сонымен қатар саяси үкімет пайда болғаннан бастап бар, қоғамдық өмір құбылысы. Саяси экстремизм әр түрлі саяси топтардың саяси қызығушылықтарын қанағаттандыруға бағытталған көзқарастар мен әрекеттерді қамтиды. Саяси экстремизмнің сәйкес белгісі - саяси күрестің негізгі әдісі ретінде әр түрлі формада зорлауды легитимсіз қолдану. Саяси кұрестің жалпы схемасында бүтін және өзіндік жүйе болатын саяси экстремизм саяси мақсаттарға қол жеткізу үшін зорлауды қолдануды ақтайтын көзқарастар мен концепциялардың тарауын, зорлау актілерін дамытуға арналған саяси құрылымды қалыптастыруды ұсынады.
Әр түрлі саяси жағдайда саяси экстремизмнің нақты құрамы өзгерді. Бұл оның идеологиясы мен экстремистік құрылымының ұйымдасуына және сәкес әлеуметтік топтарда саяси қызығушылықтарда зорлауды қолданудың тәжірибелі жағына да қатысты. Саяси тарихтың қазіргі кезеңіне әлем бойынша саяси экстремизм көзқарастары мен концепцияларын кең көлемде тарату сәйкес келеді.

Саяси экстремизм мен терроризм теориясының саяси тәжірибесі және оны бағалау

Саяси экстремизм позициясында тұрған және оның субъектісі болып табылатын ұйымдасу құрылымы әр түрлі. Бұл құрылымдар экстремистік іс-әрекетке көптеген халықты тартуға, саяси зорлаудың әр түрлі формаларын қолдануға және әр түрлі жағдайлардағы қарсы тұруларға икемсіз.
Саяси экстремизм субъектілерінің қызығушылықтарына, олардың мінез-құлықтарына және саяси күрес жағдайына байланысты оның мақсаттары мен амалдары қалыптасады. Олар саяси қарсыластардың әлсіреуін, түсуін және жойылуын, соңғы ішкі және сыртқы саяси курстардың өткізілуіне қарсылықты ескере алады.
Саяси экстремизм, әр түрлі әлеуметтік күштің қоғамдағы қиын саяси күрес жағдайындағы қызығушылықтарын айқындайтын құбылыс ретінде. Олардың ішіндегі ең негізгісі, соларға күрес жүргізіліп отырған әлеуметтік күштердің саяси ұйымдасуы. Ол, мысал ретінде, саяи экстремистік күштер қарсы тұратын қоғамның саяси жүйесі, қоғамдағы құқықтық тәртіп, мемлекет, оның саясаты және т.б. Саяси экстремизм объектілеріне сонымен қатар қарсы тұратын партиялар, қозғалыстар, қоғамдық - саяси ұйымдар және т.б. жатады.
Саяси экстремизм объектілері жиі шетел мемлекеттері мен ұйымдары, сонымен қатар халықаралық ұйымдар, халықаралық құқықтық тәртіп пен қауіпсіздік болады.
Саяси экстремизмнің мақсаттары мен амалдары зорлау әсерін көрсету мақсатында кең көлемде әдістерді қолданумен іске асады. Оларға ұйымдасу түріндегі, физикалық және моральды-психологиялық әсер әдістері мен пропагандалық әсер әдістері жатады.
Қазіргі жағдайда саяси экстремизмге зорлауға көптеген саяси қозғалыстың саяси күресінің әдісі ретінде қарау сәйкес келеді.
Саяси экстремизмнің қазіргі тәжірибесі оның негізгі өткір зорлау қылмыстық-жазалық формалыра мен әдістерінің кең қолданылуымен сипатталады. Сонымен қатар қазіргі заманғы саяси экстремизмге қарсы тұратын жаққа мықты күш көрсету үшін халықтың көптеген бөлігін саяси зорлау акциясына тартуға есептелген формаларды қолдану практикасы тән.Саяси экстремизм жүйесінде орталық орынды терроризм алады. Ол қоғамға ең бір қауіпті саяси экстремизм түрі болып табылады. Терроризмге белгілі бір жағдайда терроризм актілерімен жүретін, саяси экстремизмнің басқа да түрлері жақын. Бірақ өзге түрлердің әрқайсысының өз спецификасы бар. Осымен байланысты терроризммен қатар, соңғы санақта мақсаттар, мемлекеттік институттарға, саяси ұйымдарға және мекемелерге, оларды ликвидациялау және күш жұмсау арқылы қарсы тұруға бағытталған зорлау актілерімен келісілуі мүмкін.
Біз діни құндылықтар туралы білмейінше, халықтың мәдени тұтастығын қалыптастыруғы құндылықтар рөлін анықтай алмаймыз. Діни құндылықтар - ұлт үшін немесе жеке адам үшін қасиетті сенімдер жүйесі. Дін - бүгінгі күні жалпы адамзат өркениеті мен мәдениетінің дамуына үлкен әсер етіп отырған әлеуметтік феномен деп айтуға толық негіз бар. Біздің еліміздің ерекшелігі біз көпэтностық, көптілді және көпконфессионалды болғандықтан, бүкіл посткеңестік кеңістікте сияқты, исламмен қатар басқа діндер де жаңғырып, дами бастады Сондықтан қазіргі таңдағы дәстүрлі діндер мемлекеттің, елдің тұрақтылығын сақтауына негіз бола отырып, діни конфессиялары арасында рухани келісімді, халықтар арасындағы бірлікті нығайтуға себеп болады.
Қазіргі әлемнің, оның ішінде қазіргі Қазақстанның міндеті жалпы адамзаттық, гуманистік және толеранттылық құндылықтарды, конфессияаралық келісім, диалогты ғасырлар бойы әлемдік және дәстүрлі діндердің негізгі принциптері мен қағидаларын қазіргі жалпы әлемдік, адамзаттық өркениеттегі бейбітшілікті сақтап қалу үшін, сан алуан этностары мен конфессиялардан тұратын көптеген мемлекеттердің бейбіт қатар өмір сүруі үшін белсенді пайдалануға саяды [2, 9 б.]. Діндер адамзат тарихында ізгіліктің құралы болғаны анық. Бірақ саяси күштер дінді саясаттың құралы етіп алып, қатыгез саяси мақсаттарын жүзеге асырады. Технология мен ғылым дамыған кезде діни экстремизм деген ұғым жиі қолданылуда. Діни экстремизм дегеніміз - саяси күштердің өз мақсаттарына жету үшін дін атынан мемлекетке қарсы жасалған немесе бағытталған күресі. Сөйтіп, олар өз билігін орнатуға немесе айтқанын орындатуға ұмтылады. Дінімізді бұрмалап әртүрлі жаңалықтарды енгізіп, дінімізден, тілімізден, ділімізден, мәдениетімізден, қазақты қазақ етіп көрсететін салт-дәстүрімізден, ұлттық құндылықтарымыздан айырып, халық арасында араздық, дұшпандық, жеккөрушілік, тасбауырлық тудырып, ынтымағынан, бірлігінен айырып, ұмыттырғысы келгені, түрлі ағымдардың өте белсенді түрде жұмыс жасап жатқандығы - осының дәлелі. Сонымен қатар, көптеген діни ағымдардың пайда болуына байланысты, қоғамда кері саяси ұғымдардың пайда болуы, адамның сана сезімін улайтын, әлемдік діндердің атын жамылып теріс бағыт беретін діни секталардың экстремалды түрде қаптауы халыққа зиянын тигізіп жатыр.
Жалпы экстремизм мәселесі, оның түрлі көріністерінде, әлем бойынша өзекті тақырыпқа айналып отыр. Әлемдік тәжірибеде экстремизм әлеуметтік, экономикалық, саяси және діни, экологиялық және басқа да өзекті мәселелерді шешу барысында әрбір қоғамда, мемлекетте жанданады. Қарап отырсақ, экстремизм экономикалық жақтан дамыған және саяси тұрақты елдерде де белең алады. Экстремизмнің бірінші белгісі адамның надандыққа, көрсоқырлыққа негізделген өз көзқарасы, пікірінің орындалуын табанды түрде талап етуі. Мұндай адамдар басқа көпшіліктің қажеттіліктері мен ақиқи жағдайын түсінбейді немесе түсінгісі келмейді. Экстремистердің екінші себебі, олардың ешбір қажеті болмаса да әр істе шектен тыс шығып кетуге бейім тұруы. Басқаларды да осыған итермелейді. Нәтижесінде адамдар арасындағы қалыпты қарым-қатынас бұзылып, қоғамдағы үйлесімді тіршілік арнасынан ауытқып, әлеуметтік толқулардың тууына себеп болады. Экстремистік көріністің үшінші түрі, сырт көзге байқалмайтын, адамдарға деген күдік пен сенімсіздіктен туады [3, 45 б.]. Қазіргі уақытта ел мен ел, мемлекет пен мемлекет, адамдар арасындағы араздасу, бүліктердің туындау себебі жалған діндердің орын алуы басты себеп болып отыр.
Әлемдегі жаһандық мәселелерді шешу барысында күш біріктірмесек, бұл қауіп-қатер өсуі мүмкін. Осы кезде еліміздің қауіпсіздігін қамтамасыз етуде адамның құқықтары мен бостандықтарын сақтау мемлекеттің бірден-бір негізгі бағыты болып табылады.
Исламның қалыптасуының алғашқы жылдарынан бастап мұсылман теологтары мен құқықтанушылары (сонымен қатар, тарихнамалық жəне заңгерлік əдебиеттердің зиялы авторлары да) мұсылмандық мемлекеттің (халифаттың) экономикалық саясаты мен қауымның экономикалық іс-əрекеттеріндегі əртүрлі проблемаларға тап болып отырды. Бұл негізінен сол кезде тек дін болып қана қоймай, сонымен қатар, қарқынды дамып келе жатқан мемлекеттің ресми идеологиясы болып табылған исламның тарихи тағдырының ерекшелігіне байланысты болды. Əділетті халифтер заманында ақ, өзінің аумағын үздіксіз кеңейтіп отырған мемлекеттің шаруашылық белсенділігін идеологиялық (исламдық) тұрғыда негіздеу өте қажет болды.
Қазіргі таңда ислам көбінесе нақты саяси мақсаттарға жетудегі әдіс-тәсілі ретінде қолданылады: жеке алған этникалық топтардың сепаратистік әрекеттерінің бел алуынан бастап антижүйелік көңілдерді өршітуге дейін апарады. Ондағы қорытынды мақсат - билікке жаңа саяси күштің келуі. Бұл тенденцияның ең маңызды деген сәті болып саяси процестердегі руханияттың рөлі табылады. Яғни оның мемлекеттің саяси құрылымына өтуі немесе өтпеуі, сонымен қатар қандай да бір саяси құқықтық мектептің басшылық алуы. Ең қызығы, тарихтың өзі көрсетіп отырғандай, өзіне рухани және иоральдық функцияларды ала отыра, руханияттың саяси бөлігі билік жүйесіне өткен сайын мемлекет мақсаттарын қолдап оны уағыздаушы болып келеді, және бұл жағдайда Шариғат нормаларының бар болуы аса маңызды емес. Оған мысал ретінде Мысырдағы жағдайды алуға болады. Ондағы руханият елуінші жылдары Мұсылман бауырлар қозғалысының экстремистік қанаты, оның ішінде мынадай саяси ағымдар: әл-Джиһад, ат-Такфир уа-әл хиджра және анағұрлым сабырлы Хизб-ут-тах-рир - ды ресми сынға алды.
Сондай-ақ Таблиғ жамағаты туралы толық ақпарат алу қиын. Бұл ағымның дінді таратудағы әдістері бұл ұйымның іс-әрекетін радикалдылыққа ұшыратуы әбден мүмкін. діни фанатизм бұл Қазақстандағы дінаралық татулыққа кері әсер етуі мүмкін. Діни ағымдардың жұмақ, тозақ, сот күні, ақырзаман туралы жиі еске салуы жастардың өмір мәндік ұстанымдарына және құндылықтық бағдарына кері әсер етеді. Сондықтан да, жаңа діни ағымдар ұстанымдарына жіті көңіл бөлу маңызды [6, 168 б.] Туркиядағы исламның ерекшеліктері туралы сөз қоззғайтын болсақ, оның елдегі саяси жағдайына маңызды әсер ететін күшті элементтерін атап өту жөн. Мысалы, суфийлік фактордаң үлкен саясатқа өте алмайтындығымен бөлек жеке радикалды элементтердің, ланцизм саясатына қарсылығы. Ресей зерттеушісі Г.И. Старченконың байқауынша, исламистер мен лацизм жақтаушылары арасындағы күрес, жаңа аспектілерге ие бола тұра, зайырлы Түркияның саяси өміріндегі ажырамас бөлігі болып табылады.
Діни экстремизм мен терроризмнің шығуына көптеген жағдайлар әсер етті. Атап айтатын болсақ:экономикалық, әлеуметтік, технологиялық және мәдени салаларда артта қалу;әлеуметік әділетсіздік;жұмыссыздық, кедейшілік,ауыл және қала мәселелері;халықтың өмір сүру түрі, стандарттарына батыс елдерінің араласуы;нәсіл, дін, мазхаб, идеология, аймақ және шекара мәселелері;саяси, әлеуметтік, экономикалық және мәдени тұрғыдан үстемдік құруы;діни, мәдени және идеологиялық, миссионерлік іс-шаралар;географиялық аймақтар, мемлекеттер, халық пен ел арасындағы түсініспеушіліктер;дамыған елдер мен мемлекеттердің дамымаған елдерді отарлауы, бөліп тұтастығын бұзуы;отбасы проблемасы, қоғамнан аластатылуы, өзін-өзі көрсету және дәлелдеуі;бір адамның, қоғамның бастан кешкен күйінішіне, әлсіздігіне қарсы өш алуы;өз дінінің, идеологиясының, халқының және мемлекетінің алдындағы міндетін атқару;қоғамдағы саясат, мәдениет пен өркениет дамуына қарсы әрекеттердің туындауы.
Діндер адамзат тарихында ізгіліктің құралы болғаны анық. Бірақ саяси күштер дінді саясаттың құралы етіп алып, қатыгез саяси мақсаттарын жүзеге асырады. Технология мен ғылым дамыған кезде діни экстремизм деген ұғым жиі қолданылуда. Халықтың білімдік мәртебесін көтеру қажет дегенде біз, халықтың тек діни сауаттылығын көтеруді ғана емес, сонымен бірге халықтың саяси мәдениетін, саяси саяси сана мен өзіндік сананы қалыптастыруды, саяси сауаттылықты да айтып тұрмыз. Мұндай қажеттілік бірінші кезекте қазіргі өркениеттің ең үлкен қауіптерінің бірі - діни экстремизмге байланысты түсіндіріледі. Діни экстремизм діни білім мен тәжірибенің жоқтығының, саясат пен діннің араласуының тікелей салдары. Діни экстремизм, іс жүзінде саяси экстремизм, яғни дінді агрессияны ақтап шығаруүшін пайдаланады. Бұған жол бермеу үшін тең дәрежеде діни сауаттылық, саяси мәдениет пен саяси сананы қалыптастыру, жалпы алғанда, мәдениет пен білімдік деңгейін көтеру қажет [9, 10 б.]. Діни экстремизм дегеніміз - саяси күштердің өз мақсаттарына жету үшін дін атынан мемлекетке қарсы жасалған немесе бағытталған күресі. Сөйтіп, олар өз билігін орнатуға немесе айтқанын орындатуға ұмтылады. Дінімізді бұрмалап әртүрлі жаңалықтарды енгізіп, дінімізден, тілімізден, ділімізден, мәдениетімізден, қазақты қазақ етіп көрсететін салт-дәстүрімізден, ұлттық құндылықтарымыздан айырып, халық арасында араздық, дұшпандық, жеккөрушілік, тасбауырлық тудырып, ынтымағынан, бірлігінен айырып, ұмыттырғысы келгені, түрлі ағымдардың өте белсенді түрде жұмыс жасап жатқандығы - осының дәлелі. Сонымен қатар, көптеген діни ағымдардың пайда болуына байланысты, қоғамда кері саяси ұғымдардың пайда болуы, адамның сана сезімін улайтын, әлемдік діндердің атын жамылып теріс бағыт беретін діни секталардың экстремалды түрде қаптауы халыққа зиянын тигізіп жатыр. Экстремистік әрекеттердің әрбір мемлекетке немесе қоғамға тигізетін салдарын Ресей мамандары В. Зорин және Э. Паин жан-жақты талдап береді:
- саяси аяда мүмкіндіктер деңгейі кәдімгідей жоғарылайды, яғни, іс жүзінде маргиналды болып саналатын саяси күштер беделді болып келеді де, саяси этиканың жалпы деңгейі төмендейді. Осылайша мемлекеттің бүкіл қоғамына кері әсері тарайды;
- қоғамдағы шыдамдылық тоза бастайды да, ақыр соңында саяси жүйе әлсірейді;
- қазіргі таңда зорлық, зомбылық мақсаттарға жету жолында анағұрлым тиімді және жеңіл тәсіл ретінде қалыптасқан.
Жоғарыда аталған факторлар қазіргі замандағы экстремизм себептерін айқындайды. Экстремизм мен терроризм арасындағы айырмашылықтарды нақты анықтаған Ресей маманы Г. Мирский: Экстремизм және терроризм өте тығыз және өте жақын құбылыстар, бірақ олардың арасында автоматты байланыс жоқ: егер әрбір террорист - экстремист екені белгілі болса, онда әрбір экстремист - террорист екені қате пікір. Әрине экстремизм белгілі бір ой толқынының тәсілі мен логикалық түрде террорды ақтауға әкеледі, бірақ бұл қызу нүктесіне жетуге міндетті емес. Жалпы экстремизм мәселесі, оның түрлі сипаттарында, әлемдегі көптеген мемлекеттері үшін ең өзекті болып табылады және бұл мемлекеттердің саяси және экономикалық даму деңгейіне ғана қатысты емес. Әлемдік тәжірибеде экстремизм әлеуметтік, экономикалық, саяси, діни, экологиялық және басқа да мақсаттарды шешу тәсілі ретінде әрбір қоғамда, мемлекетте жандана алады, соның ішінде экономикалық жағынан дамыған және саяси тұрақты елдер де бар.
Қазіргі жаһандану заманында экстремизмнің келесі түрлерін атап өтуге болады:
Антижүйелік экстремизм - ең көп тараған түрі. Діни ұйымдардың саяси күшке ие деңгейін мойындамайтын оппозиция мен билік арасындағы қақтығыс (Алжирде).
Этникалық экстремизм - түрлі этностардың қоғамда басты доминант болуына бағытталған әрекет ретінде қарастырылады. Сонымен қатар, бұл этностар мен аз ұлттар нақты преференциялар мен жеңілдіктер ұсыну әрекеті болып табылады. Бұл тойтарыс ұлт-азаттық, соның нысанына ие бола алады немесе СУАР, Индонезия, Шешенстан және тағы басқа мемлекеттерде орын алған қақтығыстарда сияқты созылмалы тапшылық кезінде пайда болған ұйымдасқан саяси топтарға айналатын трансформацияға ұшыраған әрекеттер. Азаттық жолындағы халықтың әрекеті оған діни-дәстүрлі сипат беруі күшейе түсетін факт заңды болып қала береді. Дәлел ретінде, Кавказда болған Шәміл көтерілісі, Алжирдағы - Әбдел Қадыр басқарған француз отаршыларына қарсылық көрсету кезеңі, Индонезиядағы - Дипонегоро басқарған көтеріліс барысында және Суматр аралында Голландия отаршыларына қарсы сәләфизм туы астында болған көтеріліс ошақтары, Израильдың сионистік саясатына қарсы тұрған Палестина халқының шерулері, Солтүстік Үндістандағы - Сеийд Ахмед Барлевидің басқаруымен өткен уахабшылар көтерілісі. Кейін бұл көтерілістер Ситан, Пенджап, Кашмирде, Ливия, Солтүстік Ирландиядағы радикалды әрекеттердің жандануы орын алды.
Cекталық экстремизм - өзінің бақылауға түспейтін және айқын еместігі себептерінен діни экстремизмнің бірден-бір қауіпті нысаны болып табылады. Олардың да әрекет ету әдіс-тәсілдері ерекше сипатқа ие.
Саяси экстремизм - саяси бірлестіктер арасында халықаралық немесе ішкі мемлекет топтарының қақтығыстарында көрініс табады. Бұл қақтығыстар жоғарғы мемлекеттік деңгейдегі, сол мемлекеттік органдарда геосаяси және геоэкономикалық көзқарастарды ұстану мен тарату барысында пайда болады. Сонымен қатар, белгілі бір саяси мақсаттарға жету үшін ланкестік қорқыту немесе бопсалау арқылы нақты топтардың көзқарастарын жылжытуға немесе көрші мемлекеттегі тұрақсыздықты қолдау арқылы болатын мемлекетаралық қарама-қайшылықтарды айтамыз. Терроризм қалыптасқан тұрақты күштерін бұзуға бағытталған немесе тапшылықты одан әрі тереңдетуге ықпал ететін әрекет ретінде қарастыра алады. Одан міндетті түрде нақты саяси және экономикалық жақтан пайдалану мүмкіндігі туады.
Қазақстан өзі тарапынан аймақтық бейбіт өмірді, қауіпсіздікті және тұрақтылықты қамтамасыз ету, сонымен қатар, демократиялық, әділ және ұтымды саяси, экономикалық халықаралық тәртіп орнату үшін қолынан келгеннің бәрін жасап жатыр. Соның бір мысалы ретінде Қазақстанның 1996 жылы Шанхай бестігі деген атаумен құрылып, 2001 жылдың 1 маусымынан бастап Шанхай ынтымақтастық ұйымы аталған құрылым аясындағы экстремизм мен терроризмге қарсы нақты іс-шараларын айтуға болады. Қазақстан өзі мүше болып табылатын Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы аясында да халықаралық экстремизммен күресін жалғастыруда. 2000 жылы ТМД-ға мүше мемлекеттер арнайы антитеррорлық орталық құрған. Орталық ТМД-ның арнайы салалық органы болып табылады және ТМД-ға мүше мемлекеттердің құзіретті органдарының арасындағы байланысты үйлестіруді қамтамасыз етеді. Сонымен, соңғы жылдары экстремистік және террорлық әрекеттер әлем елдері үшін жаңа мыңжылдықтың бас ауруы болып отыр. Әлемдік қоғамдастық аталған жаhандық проблеманы шешу жолында күш біріктірмесе, бұл қатер белең ала түсуі әбден ықтимал. Осы орайда қауіпсіздікті қамтамасыз етуде адамның құқықтары мен бостандықтарын сақтау мемлекеттің бірден-бір негізгі бағыты болып табылады. Қорыта айтқанда, жаңа заман жағдайында, яғни конфессиялық топтардың саяси қайшылықтары кезінде жоғарыда аталған мәселелер ерекше маңызға ие және оларды еңсеру барысында Қазақстанның саяси-құқықтық құрылымы мен ұлттық ерекшеліктері есепке алынып отыруы тиіс.
Қазіргі таңда исламдық факторды кейбір батыс щеңберіндегі тұлғаларымен айыпталуы бізге олардың мәселенің толық қамын білмейтінін және оған қате баға беретінін көрсетеді. Себебі, олар тек мәселенің үстіңгі және сыртьқы көріністері негізінде және терроризмнің көріністеріне қате сараптама жасау негізінде қорытынды жасайды. Бұл нысанның ерекшелігі мынада болып табылады: осы ланкестік әрекеттерді жүзеге асырушылар одан геосаяси және геоэкономикалық пайданы табады.

Саяси экстремизм мен терроризм теориясының мазмұны мен ерекшеліктері

Қазақстан әлем елдеріне көптеген конфессиялар мен ұлт өкілдерінің бейбіт өмір сүру мекені ретінде танылғаны рас. Дегенмен, діни экстремизм мәселесі біздің елімізді де айналып өткен жоқ.
Қазірде діни экстремизм мен терроризм ұғымы ислам дініне таңылған қауіпті қосымша екендігі өкінішті ақиқат болып отыр. Ғасыр басындағы қарулы қақтығыстар жиі орын алған Ауғаныстан, Ирак, Израиль-Палестина аймақтарындағы террактілік актілерді ислам атын жамылған радикалды топтардың өз мойындарына алуы ориенталисттік бағыт ұстанушылардың ислам терроризмі теориясын іс жүзінде дәлелдеп бергендей ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Еуропадағы терроризмнің таралуының себептері
Бейбітшілік пен адамзат қауіпсіздігіне қарсы қылмыстар
ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҚАУІПСІЗДІК ЖҮЙЕСІНДЕГІ ТЕРРОРИЗМГЕ ҚАРСЫ КҮРЕС САЯСАТЫНЫҢ ШАРАЛАРЫ, МАҚСАТТАРЫ МЕН БАҒЫТТАРЫ ЖАЙЫНДА
Терроризм қылмысының болу себептері
Халықаралық терроризмнің Қазақстанға қауіп төндіру жолдары
Терроризмнің халықаралық құқықтағы алатын орны
Бейбітшілік пен адамзат қауіпсіздігіне қарсы қылмыстармен күрес
Діни экстремизм мен терроризмнің саяси-әлеуметтік негіздері (Орталық Азия мемлекеттері мысалынан)
Әлемдегі діни экстремизм мен радикализм
Қылмысқа барған жасөспірімдердің болашақ өмірінің бейнесі
Пәндер