Ә.Молдағұлова,М.Мәметова,Х.Доспанова
Жоспар
1) Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 1
2) Ә.Молдағұлова,М.Мәметова,Х.Доспанов а ... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ..5
3) Соғыс жылдарында ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...6
4) Қазіргі таңдағы орны ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..9
5) Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .13
6) Пайдалынылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...14
Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі: Қазақ елінің каһарман әйелдерінің батырлығымен, майдандағы әрекеттерімен және өмір жолымен таныстыру. Олардың майдандағы батырлықтарын кәзіргі жастарға таныстыру.
Соғыс жылдарының шежіресіне назар аударсақ, фашизмнің қара түнегі ел басына төнгенде, Отанды қорғауға ерлермен бірге, әскери қызметке міндетті болмаса да мыңдаған қазақтың қыз-келіншектері де өз еріктерімен майданға аттанып, жауынгер атанған. Соңғы архивтік мәліметтерге сүйенсек, бір Қазақстанның өзінен 5183 қыз-келіншек аттанған екен. Ел басына күн туған қиын-қыстау күндерде олар азамат жүгін арқалап, уақыт сынынан, тарих талқысынан сүрінбей өтіп, батырлық пен табандылықты, Отанға шексіз берілгендіктің жарқын үлгілерін көрсетті. Штурман, гвардия лейтенанты, ержүрек Хиуаз Доспанова, ұшақтың механигі Дәмелі Жәкеева, зенитті артиллерия расчетінің командирі Ақлима Ақжолова, танкистер - Жамал Байтасова, Күлкен Тоқбергенова, Гүлжәмилә Талқанбаева, пулеметші Жәмилә Бейсенбаева сияқты батыр қыздарымыздың ерліктерін бір мақала түгіл, бір кітапқа да сыйғызу мүмкін емес. Қазақ даласының қос сұңқары Әлия мен Мәншүкті бүгін кім мақтан етпейді. Бүкіл дүниежүзі жырына қосып, ерлігіне бас иді. Дүниенi дүр сiлкiндiрген сұрапыл соғыстың анықталмаған құпиялары әлi де жетерлiк. Оның iшiнде қазақ халқына қатысты ақиқаттың талай есiгi жабылып, жарияланбағаны тағы бар.
Тақырыптың зерттелу деңгейі.Бұл тақырып кәзіргі күнге дейін зерттелініп жатыр.Қаһарман қыз Мәншүк Мамедова туралы: Мәншүк туралы жыр кәркем фильм түсірілді.(Авторы - А.Михалков, режиссері М.Бегалин), "Әлия-Мәншүк" поэмасы (Т.Молдағалиев) жазылды. Мәншүктің майдандас досы Александра Прокепенко танысқан уақытын былай еске алады:
...Біздер, орыс қыздар Мәншүкті Маша деп атасақ, ол сол арада жігерлі үнмен, мен қазақ қызымын, Мария-Маша, яғни Мәншүкпін, дәл осылай атаңыздар деп нақпа-нақ жауап берді. Ол туралы басқа таныстары да Қарайгөр, нағыз характерлі қыз деген ой түйді.
Ал Әлия Молдағулова туралы Б.Тәжібаев пен С.Байтерековтың "Әлия" әнін жазады, композитор Қожанбаев "Ару қыз, ержүрек қыз, Әлия қыз" әнін, Ә.Оралбай "Әлия"деректі повесін, Т.Молдағалиев "Әлия-Мәншүк"поэмасын жазды. Ал Хиуаз Доспанова туралы Марина Чечневаның "Менің қарулас достарым" естелік кітаптары бар, ал "Ана тілі"газетінде Кіммен жұптасып ұшпады бұл Хиуаз, Полина Белкинамен де, Мария Носальмен де, Ирина Себровамен де, Юля Пашковамен де қосылып ұшты ғой, олардың барлығы да шебер ұшқыштар еді деп жазылған жолдар бар.
Жұмыстың мақсаты мен міндеттері.Жұмыстың мақсаты ол қазақ халқы әйелдерінің арасынан шыққан қаһармандарды еске алу.
Жұмыстың міндеттері:
Қазақ әйелдері қаһармандарының өмір баянымен танысу
Олардың майданға бару үшін істеген әрекеттерін талқылау
Олардың майданда көрсеткен ерліктері туралы айту.
Оларды еске алып туру үшін олар туралы жазылған шығармалармен танысу
Әлия Нұрмұхамбетқызы Молдағұлова
1925 ж. 25 қазанда Ақтөбе облысы, Қобда ауданының Бұлақ ауылында Сарқұлов Нұрмұхаммед және Молдағұлова Маржанның отбасында дүниеге келген. Бала кезінде анасынан айырылып (1933 ж.), кейіннен Алматыда ағасының қолында тұрған, ал 1935 ж. бастап Ленинград, Красногвардейский ауданы, Гурдин көшесіндегі №46-шы балалар үйінде тәрбиеленген. Санкт-Петербургтегі 9-орта мектебінде оқыды. Оқудағы озаттығы және үлгілі тәртібі үшін Әлия Қырымдағы Бүкілодақтық пионерлер лагері - Артекке жіберіледі. Артекте батырлар тақтасына Рубен Ибаррури, Тимур Фрунзе сияқты батырлармен қатар Әлия Молдағұлованың да суреті енгізілген. Соғыс басталған соң балалар үйімен бірге Ярославль облысының Вятское селосына эвакуацияланған. Вятское орта мектебінен 7-сыныпты бітірісімен Рыбинск авиациялық техникумына түседі, бірақ көп ұзамай (1942) ЖШҚӘ-ға (Жұмысшы-Шаруа Қызыл Әскері) майданға жіберу туралы өтініш жібереді.
Әлияның азан шақырып қойған аты - Ілия екен, орыстар Лия деп атаған. Әлияны анасы Ақмоншағым деп еркелетіпті. Әлия сегіз жасқа келгенде, анасы картоптың масағын жинап жүріп, күзетшінің оғынан оқыстан қайтыс болады. Бұл сонау әйгілі ашаршылық жылдары еді. Әлияның әкесі Нұрмұханбет байдың баласы болғаны үшін қуғынға түсіп жүрген. Әйелі қайтыс болғанда оның қолында ұлы Бағдат және қызы Әлия қалады. Екі кішкентай балаларға қарау қиынға түскен соң, әкесі Темір ауданындағы Шығырлы ауылында тұратын қарындасы Қанышаның қолына апарады. Көп ұзамай ұлы ауырып қайтыс болып, әкесі жалғыз қалған Әлияны әйелінің Ақтөбедегі бауыры Әбубәкір Молдағұловтың қолына әкеліп береді. Осылайша, Әлияның өмір жолы Молдағұловтар отбасында жалғасады.
Әлия нағашысының қарындасы, өзімен құрдас Сапурамен бірге өсіп, есейеді. Үй-іші Әлияның қисықтау, тіктеу мінезіне қарамай, өте жақсы көреді.
1933 жылы Молдағұловтар отбасы Шалқардан Жамбылға, ол кезде Әулиеата деген кішкентай станцияға көшіп барады. Үйлері теміржол вокзалының жанында болғандықтан, Әлия алғаш мектеп табалдырығын теміржол мектебінде аттайды.
Көп кешікпей нағашысы Әубәкір Әскери-көлік Академиясына оқуға түсіп, отбасымен Москваға көшеді, кейінірек соғыстың алдында Академиямен бірге Ленинградқа ауысады да, Әлияны өздерімен ала кетеді. Кейінірек нағашысы жұмыс бабымен Ташкентке ауысып, отбасы жағдайына байланысты нағашысы Әлияны балалар үйіне тапсырды. Осылайша Әлия Ленинградта қалып қойып №140-мектепте оқуын жалғастырады.
Жастайынан өте ұстамды, терең ойлы, таза, ұқыпты, алғыр болып өскен қыз сыныптың старостасы болады. Еңбекқорлық, шыншылдық, табандылық сияқты бойындағы тамаша қасиеттерінің арқасында Әлия өте жақсы деген бағалармен оқиды.
Әлияның қолы шебер, ұқыпты, бөлмесі кірсе-шыққысыз жайнап тұратын. Төсек жапқышы, көпшігі, терезе перделерін өзі тоқыған шілтермен көмкеріп, айна алдында герань, олеандр, камелия өсіретін. Бір қызығы, осы аталған гүлдер өте нәзік әрі сұлу, сонымен қатар шөлге төзімді, суыққа шыдамды өсімдіктер. Осы гүлдер арқылы да мен Әлияның сұлулықты сүйетінін, мінезі де осы гүлдер сияқты екенін байқадым, - деп жазған екен балалар үйіндегі ұстазы өзінің естелігінде.
Үздік оқуы және үлгілі тәртібі үшін Әлия Қырымдағы Бүкілодақтық пионерлер лагері Артекке жіберілген. Бүгінде Артектегі батырлардың тақтасында атақты батырлар Рубен Ибаррури, Тимур Фрунзенің қатарында Әлия Молдағұлованың да суреті де бар.
Сұрапыл соғыс басталғанда Әлия 6-класты бітірген болатын. Қала блокадада қалған. Балалар ересектермен бірге қаланың бомбалануына, жарықтың болмауына, аштыққа үйрене бастайды. Ленинградты немістер қамауға алып, оның тұрғындарын ашаршылыққа ұшыратады. Сабақтан кейін Әлия госпитальға барып, жарақаттанған жауынгерлерге көмектеседі. №46-балалар үйінің аға пионер жетекшісі Лидия Костинаның естелігінде Әлия шанамен суға барып, аштықтан көшеде есінен танып құлаған, сөйтсе ол өз нанының жартысын Қаты деген қызға береді екен.
1942 жылдың 1-ші қазанында Әлия Рыбинск авиатехникумының студенті болды, бірақ оқудың ұзақтығына шыдамай, 3 айдан кейін қала әскери комиссариатына өтініш беріп, Қызыл Әскерге кетуіне байланысты 1942 жылдың 21-ші желтоқсанында техникумнан өз еркімен шығып кетеді.
Сөйтіп атқыш-снайперлерді дайындайтын әйелдер мектебіне түседі. Бұл мектеп Бүкілодақтық Лениншіл Комммунистік Жастар Одағы (Комсомол) Орталық комитеті және КСРО Қорғаныс Халық Комиссариатының бастамасымен ашылған болатын. Әлия оқуға бар ынтасымен, зейінімен беріледі, көз өткірлігін, мергендігін, қолдың нақтылығын көп жаттықтырды. Бірақ оның майданға аттануына тағы бір кедергі пайда болады. Мектеп басшылары емтиханнан кейін Әлияны майданға жібермей, мектепте басқа жаңа курсанттарды үйрететін инструктор ретінде қалдыру туралы шешім қабылдайды. Оны естіген Әлия әскери устав пен тәртіпті ұмытып, Бәрібір майданға кетемін!, - деп тұрып алады.
Мәншүк Жиенғалиқызы Мәметова
Мәншүк Жиенғалиқызы Мәметова (шын есімі Мәнсия) -- 1922, Орал облысы Орда ауданы , -- 1943 ж. қазанның 16-ы -- қаһарман қазақ қызы, Кеңес Одағының Батыры (1944). Шын есімі Мәнсия. Анасы еркелетіп Моншағым дей бергеннен, Мәнсияның тілі келмей өзін Мәншүк деп кеткен. Мәншүктің өз әкесі - Жиенғали Мәметов. Бірақ Жиенғалидің інісі Ахмет Мәметовте бала болмаған соң, 1925 жылы Мәншүкті сол кісінің қолына берген. Ахмет Саратов қаласында оқып жүргендіктен, Мәншүкті өзімен бірге сол жаққа алып кетеді. Көп ұзамай аласапыран заман басталады да, Ахмет бірнеше жыл ағасымен хабар алыса алмай қалады. Кейін 1931 жылы Алматыға келгеннен соң, жылдың соңында бір-ақ естиді: ағасы Жиенғалидің аштықтан көз жұмған екен. Ахмет Мәметов - қазақтан шыққан алғашқы дәрігерлердің бірі, өзі Алашордашы, Бейімбет Майлин, Құдайберген Жұбановтармен жақын араласқан. Сондықтан да 1938 жылдың қаңтар айында ұсталып кетеді.
Ахметтің әйелі Әмина Мәметова - Әбілқайыр ханның тұқымы. Атасы молда, әкесі елге сыйлы адам болған, өзі патша заманында әйелдер гимназиясында оқыған, Саратовта аспирантура бітірген, елге келген соң әдебиет пәнінің мұғалімі болып, сол кездегі газеттерге сыни мақала жазып тұрған.
Ұлы Отан соғысы басталған кезде Мәншүк Алматы медициналық институтында оқып жүрді.
1942 ж. тамызда ол өз еркімен Қызыл Армия қатарына алынып, 21-нші атқыштар дивизиясының құрамында ұрысқа қатысты.
Аға сержант, пулеметші Мәншүк ұрыстарда өзінің мергендігімен және тобында батылдығымен көзге түсті. Невель қаласы үшін болған кескілескен шешуші ұрыста Мәншүк ақтық демі біткенше пулеметтен оқ боратып, қаһармандықпен қаза тапты
Павлодар облысының колхозшылары Батыр қыздың құрметіне Мәншүк атындағы танк колоннасын құруға қаражат жинады. Туған жерінде оған ескерткіш орнатылған, Невель, Алматы, Орал, т.б. қалаларда Мәншүк атында көшелер бар. Республиканың ондаған мектептері, Қызылорда қыздар педагогикалық училищесі Мәншүк есімімен аталады. Қаһарман қыздың өмірі мен өшпес ерлігі жайлы Мәншүк туралы жыр (авторы -- А. Михалков-Кончаловский, режиссері М. Бегалин) көркем фильм түсірілдіОсылайша, Отанды артқа тастап, ерлермен қатарласып жүріп жаумен алысты. Әйелмін деп әлсіздік танытпады, жаспын деп соғыс жалынын жатырқамады. Бар арманы - қалайда жеңіске жету! Талай зобалаңды бастан өткерді, ерлермен бірге жер бауырлап жүріп су кешті, ну орманды артқа тастап, басын отқа да салды, суға да батырды.
1943 жылдың 15 қазанында Псков облысындағы Невель қаласын босату үшін Изоча станциясындағы 173,7 биіктігінде қантөгіс соғыс болды.
Хиуаз Қайырқызы Доспанова
Хиуаз Қайырқызы Доспанова 1922 жылы мамырдың 15 Ганюшкин ауылында (қазір Атырау облысы) дүниеге келген. Әкесi Қайыр -- балықшы, анасы Меруерт -- мұғалiм болып еңбек еткен.
Ұшқыштық өмір жолын Оралдың аэроклубында бастап, кейін әйгілі ұшқыш Марина Раскова басқарған 46-гвардиялық полкінің құрамында 300-ден астам әуе шайқастарына қатысқан Хиуаз Доспанова сол кездің өзінде теңдессіз ерлігі үшін қанатты қыз атанған еді.Әлия, Мәншүк, Хиуаз... Олардың есімдерін тек Қазақстан ғана емес, кезіндегі КСРО халықтары да жақсы біледі. Соғыстан кейін лауазымды қызметтер атқарған Хиуаз Доспановаға Елбасының Жарлығымен Халық қаһарманы атағы берілген болатын.
Ұшқыштық өмір жолын Оралдың аэроклубында бастап, кейін әйгілі ұшқыш Марина Раскова басқарған 46-гвардиялық полкінің құрамында 300-ден астам әуе шайқастарына қатысқан Хиуаз Доспанова сол кездің өзінде теңдессіз ерлігі үшін ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz