Нарықтық жағдайда кәсіпорындардың шаруашылық қызметі
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
АЛМАТЫ ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
ДӘРІСТІК КЕШЕН
Өндіріс экономикасы
5В072600 - Жеңіл өнеркәсіп бұйымдарының технологиясы мен құрастырылуы
және
5В073300 - Тоқыма материалдарының технологиясы және жобалануы мамандықтары
үшін
Алматы
Тақырып 1. Нарықтық жағдайда кәсіпорындардың шаруашылық қызметі
1. Кәсіпорынды дамыту, құру және оның негізгі мақсаты
2. Кәсіпорынның түрлері мен ұйымдық құрлымы
1. Нарықтық экономика жағдайында кәсіпорын экономикасының барлық
негізгі бағыты, өндіріс салаларының тиімділігін арттыру,
өндірілетін өнім көлемі, тұтыныушылардың сұранысы, өнімнің
саны мен сапасы жағынан жоғарғы көрсеткіш деңгейіне жеткізуге
бетбұрыс жасау. Бұл тұрғыда кәсіпорынға ресурстарды үнемді
пайдалану жоғарғы еңбек өнімділікке істейтін техника және
технологияны меңгеру қажет.
Біздің елімізде кәсіпорынның экономикалық өмірі мемлекеттік, акционнерлік,
кооперативтік, аралас кәсіпорын және кооперация туралы заңдар арқлы және
басқада кооперативтік ұйымдардың жарғылары арқылы реттеліп отырады.
Кәсіпорынның қай түрі өз ісінің нәтижесіне жауап беретін заңды шаруашылық
орны. Әр кәсіпорын шаруашылық, коммерциялық есептің негізінде қоғамдық және
ұжымдық, оның мүшелерінің мүддесін көздейді. Матриал, еңбек, қаржы
ресурстарын тиімді жұмсап өз шаруашылығын нәтижелі ұйымдастыру шарт.
Қоғамдық еңбек бөлісінің орын алуы және кәсіпорынның экономикалық жағынан
бөлектенуінен олардың өндірген өнімі тауар формасын алады. Ол айырбас,
сату, сатып алу сатысынан өте отырып қоғамдық тұтынуды қанағаттандырады.
Кәсіпорын бұл өнім өндіріп оны өткізетін, істелген жұмыстар мен көрсетілген
қызметтер нәтижесін сата алатын заңды құқы бар дербес шаруашылық.
Өндірістік жүйе ретінде кәсіпорынның ішкі және сыртқы ортасы болады. Сыртқы
ортаға экономикалық саясат құқықтық жағдай, әлеуметтік, экологиялық,
технологиялық жағдай жатады. Ішкі ортаға еңбек ресурстары бәсекелестік,
техника және технология, маркетинг және т.б. жатады.
Кәсіпорынның нарықтық экономикадағы негізгі мақсаты бәсекелесуге қабілетті
өнім шығару арқылы неғұрлым көп пайда табу және ең аз шығын мен жоғарғы
сұранысқа ие өнім шығару болып табылады.
Кәсіпорынның негізгі атқаратын функциялары:
Өндіріске және жекеше тұтынылатын өнім шығару; Тұтынушыға өнімді жеткізу,
сату; Кәсіпорындағы өндірістік материалды техникамен жабдықтау; Кәсіпорын
жұмысшыларының еңбегін ұйымдастыру және басқару; Кәсіпорындағы өндіріс
көлемін жан-жақты дамытып ұлғайту. Кәсіпкерлік Салықтарды төлеу, қаржы
ұйымдарының міндетті және міндетті емес төлемдерін орындау; Мемлекеттік
заңдарды нормативтер мен стандарттарды орындау.
Кәсіпорынның басқару функциялары:
Статистика және есеп. Талдау. Жоспарлау. Шешім
қабылдау.Ынталандыру.Бақылау. Реттеу.
2. Дүниежүзілік практикада кәсіпорындардың әр түрлі ұйымдық және құқықтық
формалары пайдаланылады, оны елдің ұлттық заң органдары анықтайды. Оларға
заңды сататус беріледі, осыған сай мүліктері болады, міндеттемелерге сәйкес
оған жауапкершілігі болады, сөйтіп кәсіпорындар азаматтық процесте, сотта,
шаруашылық сотында және орталық сотта өз мүдделерін қорғайды.
Қазақстанда қолданылып жүрген заңдарға сәйкес кәсіпорынның мынадай ұйымдық
– құқықтық формалары бар:
1. Мемлекеттік кәсіпорын;
2. Серікестік: жауапкершілігі шектеулі серіктестік ЖШС, толық
жауапкершілікті серіктестік, аралас жауапкершілікті серіктестік.
3. Акционерлік қоғам: Ашық акционерлік қоғам және жабық акционерлік қоғам.
Мемлекеттік кәсіпорындар – бұл негізгі қорлары мемлекеттің меншігінде
болатын және басқару органдарын мемлекет тарапынан ұйымдар тағайындайтын
кәсіпорындар болып табылады. Егер мемлекеттік кәсіпорын бюджеттік болса, ол
мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылады. Ал кәсіпорын мемлекеттік ұйымның
қарамағында болса, ол кәсіпорын қазналық болып есептеледі.
Тақырып 2. Кәсіпорынның кәсіпкерлік қызметін ұйымдастыру
1. Кәсіпкерлік экономиканы дамытудың қозғаушы күші.
2. Шағын кәсіпорын және оның дамуы.
І. Нарықтық экономика жағдайында кәсіпкерлік шаруашылық қызметтің маңызды
түрі. Қазіргі экономика ғылымы кәсіпкерлікті шаруашылықты ұйымдастырудың
негізгі типі ретінде анықтайды. Кәсіпкерлікке ұйымдық шаруашылықтың
жаңашылдығы, ресурстарды пайдаланудың тиімді әдісі, икемділік кей жағдайда
тәуекелділікке бел байлауда тән.
Кәсіпкерлік қызметтің орын алар жері ең алдымен кәсіпорын. Экономикалық
категория ретінде ол өндіргіш күштер мен өндірістік қатынастарды
ұйымдастырудың негізгі буыны болып табылады. Құқықтық тұрғыдан алғанда
кәсіпорын заңды құқықтары бар дара шаруашылық субъектісі, өзіне бекітіліп
берген мүліктерді пайдалана отырып өнім өндіреді, жұмыс атқарады және
әртүрлі қызмет көрсетеді.
Кәсіпкер өндірістік, сауда және т.б. кәсіпорынның иесі, ол тиімді істерді
амал ретінде тауып, ұйымдастыра білетін іскер адам. Ал кәсіпкерлік болса,
кәсіпкерге оның ісіне тән қызмет істеуді ұйымдастыруды айтамыз, яғни
олардың бірлескен одағы.
Біздегі көп жылғы экономиканың бір орталықтан басқару, бөлу, бақылау жүйесі
кәсіпкерліктің дамуына жол бермей келгені белгілі. Ал қазіргі қоғамдағы
кәсіпкерлік нарықтық қатынасқа енумен байланысты жаңа мән-мазмұнға ие
болды. Республика көлемінде кәсіпкерлікті дамыту, оның көркейту мақсатымен
арнайы заң қабылдап, оны өндірістің қай саласында да, одан тыс салаларда да
қолдап, дамытып, қорғауға жол ашып отыр. Кәсіп, кәсіпкерлік, кәсіпкер
ұғымдары арабтың ежелгі сөзінен шыққан. Ол пайда табу, кіріс, ұтыс,
тіршілік, шаруашылық маңызында пайдаланылады.
Кәсіпкерліктің негізгі белгілері мыналар:, оның Өндірушінің экономикалық
дербестігі құрал-жабдықтарға меншік иесі болы және бәсекелестік нарықтық
ортада қызмет жасауы.
Біздің Республикада осындай жағдайларды қалыптастыру негізгі міндеттердің
бірі. Кәсіпкер қай кезде де шешімді өз бетінше қабылдайды, белсенді,
жаңалыққа жаны жақын, оның тез іске асыруға бейім, тәуекелшіл, тапқыр,
батыл адам. Сонымен қатар кәсіпкерлікпен бірге мына ұғымдарды да білу
қажет: Бизнес – бизнесмен, кәсіпкерлік – кәсіпкер, коммерция – коммерсант,
менеджмент – менеджер.
Іс қимылы мен тұрмыс әрекетіне сәйкес кәсіпкерліктің екі түрі болады:
1. Бұрынғы классикалық кәсіпкерлік – шаруашылықтың қолда бар ішкі
ресурстарын тиімді пайдалана отырып нәжижелі болуды көздейтін
кәсіпкерлік.
2. Қазіргі заманғы кәсіпкерлік – қолда бар пайда көзін емес, әр
түрлі жаңа мүмкіндіктерді пайдалануға негізделген.
Демек бірінші түрі қолда барға бағытталса, екінші түрі мүмкіндіктерге
бағытталған яғни жаңашыл, ізденімпаздық кәсіпкерлік болып табылады.
Кәсіпкерлік меншік түрлеріне қарай жеке, ұжымдық, мемлекеттік, біріккен
кәсіпкерлік болып бөлінеді.
ІІ. Бүгінгі экономикалық өмірде шаруашылық жүргізудің, ұйымдастырудың,
дамудың, кішігірім шағын формасы үлкен маңыздылыққа ие болды. Бүгін де
шағын кәсіпорындар өндірістерде де, ауылшаруашылықтарда да, құрлыстарда да,
ғылыми ұйымдарда да әсіресе халыққа тұрмыстық қызмет көрсету саласында
қарқынмен дамуда.
Шағын кәсіпорын екі түрлі бағытта дамуда: Жаңа кәсіпорын ашу. Бұрыннан
жұмыс істеп тұрған кәсіпорыннан бөлініп шығу жолы. Екеуіне ортақ жай
кәсіпорынды ашу туралы шешім қажет. Жаңадан кәсіпорын ашу үшін жеке бір
азаматтың арызы немесе бір азаматтың жиналысының шешімі немесе басқару
органының бұйрығы керек. Ал бұрыннан жұмыс істеп тұрған кәсіпорыннан
бөлініп шығу жолымен болса еңбек ұжымының келісі мен шешімі қажет. Одан
кейінгі саты шағын кәсіпорынның жарғысын дайындау. Бұл негізгі құжат.
Осыған сәйкес кәсіпорынның шаруашылық қаржылық қызметі ұйымдастырылады.
Жарғыда кәсіпорынның түрі, оның аты, тұрған жері, мекен-жайы, кәсібінің
түрі көрсетіледі.
Тақырып 3. Кәсіпорынның құрылымы және оны жетілдіру жолдары
1. Өндірістік құрлым түсінігі және оның түрлері
2. Өндірістік құрылымның негізгі көрсеткіштері және оларды жетілдіру
жолдары.
1. Өндіріс – қоғамның өмір сүруі және дамуы үшін қажетті материалдарды,
өнімдерді шығаратын процесс. Өндірістің дамуын еңбек құралдарынан, еңбек
заттарынан және басқада мақсатпен жасалатын жұмыс процесінен тұратын еңбек
ету жағдайынан көруге болады. (Еңбек құралы – техникалар өндіретін; Еңбек
заты – шығарылатын өнім.)
Кәсіпорынның құрылымы: өндірістік және ұйымдық болып бөлінеді.
Өндірістік бөлімшелер өнімді өндірудегі жалпы технологиялық процестердегі
олардың өзара байланысы кәсіпорынның өндірістік құрылымын құрайды.
Құрылым кәсіпорынның дамуы мен жұмыс істеуін қамтамасыз ететін
элементтердің іс-әрекеті. Кәсіпорынның өндірістік құрылымы оның бөлімшелері
арасындағы еңбек бөлінісін сипаттайды. Кәсіпорынның өндірістік құрылымының
басты элементі – жұмыс орны, учаскерлер, цехтар саналады.
Өндірістік құрылымға әсер ететін негізгі факторлар: Шығарылатын өнімнің
түрі мен сипаты, мөлшері; Өндірістің ауқымы (көлемі); Кооперациялау
деңгейі.
Кәсіпорынның ұйымдық құрылымы – бұл құрамы және оның ұйымдық бірлік
мөлшері(жұмыс орны,бөлім,қызмет),олардың ара қатынасы және өндірістік
құрылым жұмысын ұйымдастыратын бөлімшелер.
Кәсіпорынның өндірістік құрылымының негізгі бөлігі болып цех саналады.
ЦЕХ - әкімшілік жағынан оқшауланған жай өндіріс процесінде белгілі бір
жұмысты атқаратын буын. Цехтың үш түрі болады: 1. Негізгі 2. Көмекші 3.
Қосалқы
Негізгі цехта сатуға әзірленетін дайын өнімдер шығарылады. Көмекші
цехтарға құрал-жабдықтарды жөндеу жұмыстары, энергетикалық, көлік цехтары
жатады. Қосалқы цехтарға қайта өңдеу цехтары, шығарылған өнімді
безендіретін қораптар және басқада жұмыстар жатады, яғни орау, тасымалдау,
түсіру жұмыстары.
2. Кәсіпорын құрылымын толық сипаттау үшін түрлі көрсеткіштер қолданылады.
Соның ішіндегі негізгілері: оның құрамына кіретін бөлімшелердің жалпы
тізімі; бөлімшелердегі қызметкерлердің саны; жабдықтардың қуаттылығы;
өндірістік қорлардың құны; өнім шығару көлемі; мамандандыру және
механикаландыру деңгейі; күрделі қаржының құрылымы.
Өндіріс құрылымын ары қарай дамытудың жолдары: Кәсіпорындар мен цехтарды
ірілендіру; Негізгі, көмекші және қосалқы цехтардың арасындағы тиімді
байланысты сақтау; Кәсіпорындарды жоспарлаудың тиімділігін арттыру жолында
тұрақты жұмыс жасау; Өндірісті ірілендіру арқылы қуатты ғылыми өндірістік
ұйымдар ұйымдастыру. Техника мен жоғары сапалы технологияны дамыту;
Өндірістің тиімділігін арттыру.
Өндірістік процесс шикізаттар мен материалдардың дайын өнімге айналуына
бағытталған еңбек процестерінің жиынтығы. Өндіріс процесінің бірқалыпты
жұмыс істеуі үшін ең тиімді еңбек процесінің үйлесуін және өндірістің
матиралдық элементтерін белгілі бір жүйеге келтіруін қамтамасыз ету қажет:
Технология сәйкес тиімді жабдықтарды қатыстыру, олардың үздіксіз, жоғары
өнімді жұмыс істеуін қамтамасыз ету және өндірістің тапсырысын қорғау.
Өндірістік процестерді ұтымды ұйымдастыру мыналарды қамтуы қажет:
1. Өнімдерді дайындау немесе шығарудағы үздіксіздігі;
2. Өндіріс учаскілерінің қуаттылығының үйлесімділігі және олардың өзара
үйлесуі.
3. Өңделетін матиралдармен бұйымдар қозғалысының түзу дәлдігі, яғни
өндіріс процесінің барлық сатысынан өткен ең қысқа жол.
4. Өндірістің ырғақтылығы, яғни тең аралық уақытта тең өнім мөлшерін
шығару немесе тең аралық уақытта тең жұмыс көлемін орындау.
Шығарылатын өнімнің түріне, өндіріс көлеміне, жабдықтардың түріне,
операцияларға жұмсалған еңбек, өндіріс кезеңінің ұзақтылығына және
т.б.факторларға байланысты өндіріс жеке дара, сериялы және жалпы болып
бөлінеді.
Тақырып 4. Негізгі қор және оның өндірістегі ролі
1. Негізгі капиталдың мәні және оның құрлымы.
2. Негізгі қорларды пайдалану көрсеткіштері
1. Негізгі капитал - бұл материалдық құндылықтың ұзақ кезеңдегі жұмыс істеп
тұруы ретіндегі негізгі қордың ақшалай бағалануы. Негізгі қор деп -
кәсіпорында ұзақ уақыт пайдаланып өзінің құнын келесі өндірілетін өнімге
бірте-бірте аударып отыратын еңбек құралдарын айтамыз.
Негізгі қордың құрамына өндірістік және өндірістік емес объектілер кіреді.
Өндірістікке жататындар: өндірістің, құрлыстың, ауылшаруашылығының,
көліктің, сауданың және басқада материалдардық өндіріс түрлерінің негізгі
қорлары жатады.
Өндірістік емес негізгі қорларға: тұрғын үй, коммуналдық шаруашылық,
денсаулық, білім, мәдениет, спорт салаларына арналған негізгі қорлар
жатады.
Өндіріс процесіне қатысу дәрежесінде негізгі қорлар активті және пассивті
болып бөлінеді. Активті бөлігі - тікелей өндіріске өнімнің мөлшері мен
сапасына ықпал етеді. Мысалы: машиналар, құрал жабдықтар. Пассивті бөлігі-
өндірістік процестер үшін қажетті жағдай жасайды. Мысалы: ғимарат, құрылыс.
Кәсіпорынның негізгі өндірістік қорлары өндірістік ауыспалы айналым
жасайды. Ол мынадай сатылардан тұрады: негізгі қорлардың тозуы,
аммартизация, негізгі қорларды толық қалпына келтіру үшін қаражаттың
қорлануы және оларды күрделі жұмсау арқылы ауыстыру.
Негізгі қорлардың кез келген объектісі табиғи және сапалық тозуға ұшырайды,
яғни адам күшімен, техникалық және экономикалық факторлардың ықпалы арқылы
олар өзіндік ерекшелігін бірте-бірте жояды, жарамсыздыққа әкеледі сөйтіп өз
функциясын орындауға мүмкіндіктері болмайды.
Негізгі қорлардың табиғи тозуы деп - жөндеу, қайта өңдеу, жаңарту арқылы
қалпына келуін айтады. Сапалық тозуы деп - ескірген негізгі қордың өзінің
үнемділік, өнімділік, шығарылған өнімнің сапасы жөнінен жаңа үлгіден қалып
қоюын айтады.
Кәсіпорынның негізгі міндеті болып – ол негізгі қорлардың шамадан тыс
ескіріп қалмауына жол бермеу табылады, себебі: олардың табиғи және сапалық
тозуының деңгейі және кәсіпорын жұмысының нәтижесі осыған байланысты
болады.
2. Негізігі қорды бағалаудың өндіріс процесінде ұзақ жылдар бойы қатысып,
тозуына байланысты және осы уақыт аралығында қайта өндіру жағдайына
байланысты бірнеше түрі болады:
1. Негізгі қордың бастапқы құны – қорларды дайындауға, жинауға, әкелуге
кеткен шығындардың жиынтығы;
2. Қайта өндіру құны – негізгі қордың қайта өндіруге кеткен шығынның
жиынтығы:
3. Қалдық құн – негізгі қордың құнынан тозуды алып тастағандағы бастапқы
немесе қалпына келтіру құны.
Негізгі қорлардың құрылымына мынадай факторлар әсер етеді: Шығарылатын
өнімнің түрі, оның жалпы көлемі; Автоматтандыру және механикаландыру;
Мамандандыру деңгейі; Кәсіпорынорнының климаттық және географиялық
жағдайлары;
Негізгі қорлардың тиімділігін көрсететін жалпы көрсеткіш болып қор
қайтарымы есептеледі. Қор қайтарымы – бұл өнім өндіру үшін пайдаланылатын
негізгі қорлардың теңгеге шағып есептегендегі өндірілген өнім көлемін
сипаттайтын экономикалық көрсеткіш. Сондай-ақ, ол өндіріс тиімділігінің аса
маңызды көрсеткіші болып табылады.
Ққ = ЖӨҚНӨҚ
ЖӨҚ - жыл ішінде өндірілген жалпы өнім құны. НӨҚ - негізгі қордың орташа
жылдық құны.
Қор қайтарымына қарама қарсы көрсеткіш қор сыйымдылығы деп аталады.
Қор сыйымдылығы – бұл негізгі қорлар құнының өндірілген және сатылған
өнім құнына қатынасын сипаттайтын экономикалық көрсеткіш.
Қс = НӨҚЖӨҚ
Тақырып 5. Өндірістің айналым капиталымен қамтамасыз етілуі
1. Айналым капиталының мәні және құрылымы.
2. Қаражаттың ауыспалы айналымы.
1. Кәсіпорынның іс әрекетін қамтамасыз етуде айналым қаражатының бар болуы
міндетті шарт болып табылады. Айналым қаражаттары бұл өндірістік айналым
қорларын құру, пайдалану және үздіксіз өндірістік процестер мен өнімді
өткізуді қамтамасыз ету үшін ақшалай қаражаттарының жиынтығы. Айналым
қаражатының мәні - ұдайы өндірістік процестердің қажеттілігін қамтамасыз
етудегі экономикалық рөлімен анықталады. Айналым қаражаттары өндірістік
процеске ұзақ қатысатын негізгі қорға қарағандағы айырмашылығы ол тек бір
ғана өндірістік кезеңде қызмет етеді және өзінің құнын тікелей дайын өнімге
бірден аударады. Кәсіпорындағы айналым қорының құрылымына талдау жасау және
оны жетік білу маңызды мәселенің бірі болып саналады. Себебі, белгілі бір
шамада қаржы жағдайы кәсіпорын қызметінің жағдайын сипаттайды. Мысалы,
дебиторлық қарыз үлесінің шамадан тыс артуы, қоймадағы дайын өнім,
аяқталмаған өндіріс кәсіпорынның қаржы жағдайының нашарлағанын білдіреді.
Кәсіпорында айналым қаражат құрылымы тұрақсыз және көптеген себептерден
өзгеріп те отырады. Әрбір нақты кәсіпорында айналым қаражатының шамасы,
олардың құрамы мен құрылымы өндірістің сипаты мен күрделілігіне, өндіріс
кезеңінің ұзақтығына, оларды жеткізу жағдайына және т. б. байланысты
болады. Түрлі салаларда айналым қорларының үлес салмағы кәсіпорынның
өндіріс қорларының құрамында әртүрлі. Мысалы: Ауыр өндіріс кәсіпорынында
жеңіл өндіріске қарағанда ол төмен. Кәсіпорындарда айналым қаржыларын
ұйымдастыру мыналардан тұрады:айналым қаржыларының қажеттілігін анықтаужәне
олардың құрамы мен құрылымын, қалыптастыру көздерін табу және оларды
реттеу, айналым қаражаттарын басқару және т. б.
2. Айналым қаражаттары үнемі қозғалыста болады. Бір өндірістік кезең
аралығында олар үш сатыдан тұратын ауыспалы айналым жасайды.
1. Кәсіпорын ақша қаражаттарын еңбек заттарын сатып алу үшін жұмсайды. Бұл
сатыда айналым қорлары айналыс аясынан өндіріс саласына өтеді.
2. Алынған айналым қоры өндіріс процесіне тікелей өтіп алдымен өндірістің
қосалқы қорларына және жартылай фабрикаттарға содан соң аяқталмаған өндіріс
процесі - дайын өнімге айналады.
3. Дайын өнім сатылады. Нәтижесінде айналым қорлары өндіріс саласына
айналыс аясына яғни, қайтадан ақшалай нысанына келеді. Бұл қаржылар жаңадан
еңбек құралдарын алуға жұмсалып, жаңа ауыспалы айналымға шығады. Бір
мезгілде айналының барлық үш сатысыда айналымда болуы мүмкін. Яғни, бір
нәрсе бір мезетте сатып алынады, өндіріледі, сатылады және қайтадан сатып
алынады. Нақ осы жағдай өндірістің үздіксіздігін, тоқтаусыздығын және
өндірілген өнімді сатуды қамтамасыз етеді.
Айналым қаражаттарының айналымын сипаттайтын бірнеше көрсеткіштері болады.
Олардың ішіндегі ең қарапайымы айналым қаражатының айналымдылығының
коэфиценті.
Қақ ═ Өқ АҚ орт
Өқ – белгілі бір кезеңде өткізілген өнім құны; АҚ орт - сол кезеңдегі
айналым қорының орташа құны;
Егерде өткізуден алынған түсім бір жылға есептелесе, онда айналым
қаражатының орташа қалдығы да бір жылға алынады.
Кәсіпорын құрылған кезде айналым қаражаты жарғылық қордың бір бөлігі
ретінде қалыптасады. Олар тауарлы өнімдерді өндіруге байланысты өндірістік
қосалқы қорларды сатып алу үшін жұмсалады. Дайын өнім қоймаға түседі, содан
соң тұтынушыларға жіберіледі. Айналым қаражаты ретінде кәсіпорын орнықты
пассивтерді пайдаланады. Орнықты пассивтерге жататындар: 1. Жалақы
жөніндегі ең аз ауыспалы қарыз және әлеуметтік сақтандыруға зейнетақы
қорына, медициналық сақтандыруға төленетін аударымдар. 2. Аванс және өнімге
жартылай ақы бойынша тапсырыс берушілерге қарызы. 3. Салықтардың түрлері
бойынша бюджетке қарызы.
Тақырып 6. Өндіріс орындарының экономикалық ресурстары
1. Кәсіпорынныңэкономикалықресурстары
2. Ресурстардыңшектелуіжәнебірінбіріал мастырушылығы
1.Кәсіпорын өзінің іс-әрекетін жүзеге асыру үшін нақты жинақталған
экономикалық ресурстары немесе өздерін факторлары болуы қажет. Экономикалық
ресурстар – тауарларды өндіру және қызмет көрсету үшін пайдаланылатын
барлық табиғи, адамдар және адамдардың өндіретін ресурстары. Ресурстар –
экономикалық игіліктерді өндіруге пайдаланатын факторлар. Ол материалдық
және еңбек ресурстары болып бөлінеді. Материалдық ресурстар – бұл жер
немесе шикізат материалдары және капитал. Еңбек ресурстары - еңбек және
кәсіпкерлік қызмет.
Жер ұғымына – барлық табиғи ресурстар, егістік жерлер, орман, пайдалы
қазба, кен орындары, су ресурстары жатады. Капита немесе инвестициялық
ресурстар ұғымына – тауар өндіру және қызмет көрсету, оларды тұтынушыларға
жеткізуге пайдалануға арналған барлық өндірістік құралдар жатады.
Өндіріс процесін, өндіріс құрал-жабдықтарының қорлануын инбистициялау, яғни
қаражат жұмсау деп аталады. Еңбек ұғымы – тауар өндіруге және қызмет
көрсетудегі адамның дене және ой қабілеттілігін көрсетеді. Барлық
экономикалық ресурстар немесе өндіріс факторлары жалпы бір қасиетке ие,
олар сирек немесе өлшеулі мөлшерде болады. Бұл қағида бойынша қазіргі
деңгейдегі экономикалық дамуда барлық қажеттіліктерді қамтамасыз етуде
ресурстардың әлі де болса кем екендігін білдіреді. Егістік жерлердің,
пайдалы қазбалардың, өндіріс құралдарының, жұмыс қолдарының белгілі бір
шегі болады.
Ресурстардың сирек кездесетін салаларынан өндірістің өнімдерді мардымсыз
болып, осыдан қоғам тауарлармен қызмет көрсетудің өлшенген (шегі қойған)
барлық мөлшерін ала алмайды. Кез келген кәсіпорынның өндірістік –
экономикалық іс-әрекеті өндірістік ресурстарды заттай және ақшалай нысаны
түрінде қалыптастырудан басталады.
Кәсіпорынның өндірістік ресурстары
Материалдық заттай нысаны Ақшалай нысаны
1. Жұмыс күші Ауыспалы капитал
2. Еңбек құралдары (машиналар, құрал Негізгі капитал
жабдықтар)
3. Еңбек заттары (шикізат материал) Айналым капиталы
4. Дайын өнім Айналыс аясындағы айналым
капиталы
5. Өндірістің табиғи жағдайы (жер, табиғи Негізгі капитал
байлықтар)
Ресурстар сатылатын және сатып алынатын болғандықтан олардың бағалары да
болады. Сұраныс пен ұсыныстың өзара іс-қимылының болашақ нәтижесін баға
ресурстар нарығы ерекшеліктерінің жалпы барлық түрлері олардың әрбір
айырмашылықтарын толық қамтиды. Ал ресурстар сұранысы баға мен ұсыныс
көлемінің арасындағы қарама-қарсы байланысты көрсетеді. Егер де баға
көтерілсе, онда кәсіпорын ресурстарды аз сатып алады немесе оларды арзандау
басқаларымен алмастырады. Ресурстарға сұраныстың ерекшелігін қысқаша
тоқталайық:
1. Ол дайын өнімнің сұранысқа деген туындысы болып табылады. Демек
біріншінің (өнім) өзгеруі ең алдымен екіншінің (сұраныс) өзгеруіне
байланысты.
2. Ресурстарға сұраныс еңбек өнімділігіне тәуелді. Оның дамуы экономикалық
ресурстарға деген сұраныстың серпініне байланысты, яғни қолда бар ресурстар
мен қосымша ресурстар бағаларының өзгеруі.
3. Ресурстардың туынды сұранысы көбейеді. Егерде өнімге сұраныс көбейсе,
дайын өнімді шығаруда еңбек өнімділігі артса, қолда бар ресурстардың бағасы
төмендесе немесе жоғарыласа, қосымша ресурстардың бағасы төмендейді.
Ресурстарды сақтау – меншіктің әртүрлі формалары және шаруашылық тетігінің
ықпалымен жүзеге асатын нақты және өткен еңбекті үнемдеу. Оның практикалық
мәні еңбек материалдық және қаржы ресурстарын үнемді пайдалану және халық
шаруашылығының барлық саласындағы шығындарды барынша жою.
Тақырып 7. Өндірістің жұмыс күшімен қамтамасыз етілуі
1. Жұмыс күші факторының маңызы мен мәні;
2. Еңбекті нормалау және еңбек өнімділігі
1. Өнімнің құрылуы әр уақытта кәсіпорындарда қызмет істейтін адамдармен
тікелей байланысты. Жұмыс күші - бұл адамның дене және ой қабілеттілігінің
жиыниығы, оның жұмысқа деген алғырлығы. Нарықтық экономикада еңбек
ресурстарының маңызы арта түседі. Өндірістің инвистициялық бағыты, ғылыми
техникалық прогресстің соңғы нәтижелерін қолдану, өнім сапасының арттыруы
еңбек ресурстарына деген көзқарасты өзгертіп жоғарғы дәрежедегі мамандар
дайындауға ықпал жаайды. Еңбек ресурстарын басқару дегеніміз -
жұмысшылардың еңбек функциясын атқаратын кезде өздерінің барлық
мүмкіншіліктерін барынша жоғарғы сатыда қолдануына әсер ететін принциптер
мен әдістерінің жиынтығы. Кәсіпорындар кадрларды басқаратын негізгі бөлімше
кадрлары бөлімі деп аталады. Олар жұмысқа алу, жұмыстан шығару,
жұмысшыларды оқытуды ұйымдастырады, іс-қағаздарын дайындау және т.б.
көптеген функцияларды атқарады. Кадрларды жұмысқа қабылдаудағы маңызды
құжат еңбек келісімі. Еңбек келісімі – жұмысқа алушы мен жұмысқа келуші
адамның арасындағы келісім шарт. Онда жұмысқа кірушінің еңбек функциясы,
жұмыс орны, қызметтік міндеттемелері, еңбек ақысының көлемі, жұмысқа кірген
уақыты, мерзімі көрсетіледі.
Өндірістік процеске қатысуына байланысты кәсіпорын жұмыскерлері екі топқа
бөлінеді: 1. Өндірістік. 2. Өндірістік емес. Өндірістік жұмыскерлерге
тікелей өндіріс пен оған қызмет көрсетушілер жатады. Өндірістік емес
жұмыскерлерге қызмет көрсетуге тікелей айналыспайтындар жатады. Оларға:
кәсіпорынның қарамағындағы тұрғын үй шаруашылықтарының, балалар және
дәрігерлік мекеменің қызметкерлерін жатқызамыз.
Кәсіпорындағы кадрлар жағдайы мына коэфиценттер арқылы анықталады:
1. Кшк- жұмысшылардың жұмыстан шығып кету коэфиценті. 1. Кшк═
(ЖжшЖ)*100%
Жжш- жұмыстан шығып кеткен адам саны. Ж- кәсіпорын жұмысшысының орташа
саны.
2. Кжқ- жұмысшыларды жұмысқа қабылдау коэфиценті. 2. Кжқ═ (ЖжқЖ )*100%
Жжқ- белгілі бір уақыт аралығында жұмысқа қабылданған жұмысшылар саны.
Кез келген еңбек ұжымында жұмысшылардың жалпы санына және кәсіпкерлік
біліктілігіне сай әрқашанда өзгерістер болады: біреулері жұмыстан шығып
жатса, біреулері жұмысқа кіріп жатады. Мұндай өзгерісті кадрлар ағымдылығы
деп атайды.
2. Кәсіпорында еңбек процесін дұрыс ұйымдастыру үшін және қандайда бір
жұмысты орындау үшін, қанша еңбек көлемі керек екендігін білу үшін еңбек
нормасын анықтап алу керек. Еңбекті нормалау белгілі бір кәсіпорында,
өндіріс саласында белгілі бір жұмысты немесе операцияны орындауға кеткен ең
жоғарғы уақыт мөлшерін анықтау. Еңбекті нормалаудың екі әдісі бар:
1.Тәжірибелік статистикалық. 2. Талдау.
Тәжірибелік статистикалық әдіс бойынша кәсіпорын іс жағдайы өткен уақыт
жағдайымен салыстырылады. Ал талдау әдісі көбірек қолданылады және оған
мынадай операциялар жатады: Еңбек процесін зерттеп оларды элементтерге
бөлу; Еңбек шығындарына әсер ететін факторларды анықтау; Жұмыс орнын
жақсартатын шаралар жүргізу; Жұмысты орындауға кеткен уақытты есептеу;
Нормаларды өндіріске енгізу.
Талдау әдісі хронометраждан және жұмыс күнін суретке түсіруден тұрады.
Хронометраж бұл өндіріс процесіндегі операциялардың ұзақтығын айқындау
және бақылау, өлшеу арқылы уақыт шығындарын есептеу әдісі. Жұмыс күнін
суретке түсіру белгілі бір уақыт аралығында жұмыс уақытын бақылап,
ұзақтығын өлшеу арқылы еңбек уақытын анықтау, яғни жұмыс орнын дайындау
уақыты, жұмысты бастау, аяқтау уақыты, үзіліс уақытын өлшеу. Уақыт нормасы
белгілі бір ұйымдық техникалық жағдайда шығарылатын өнімнің бір өлшемін
дайындауға жұмсалатын уақыт шығыны. Кәсіпорында еңбек ресурстарының тиімді
қолданылуы еңбек өнімділігінің өзгеруіне байланысты болады. Еңбек
өнімділігі деп өндіріс процесіндегі еңбектің тиімділігін айтамыз. Ол
өнімнің бір мөлшерін өндіруге жұмсалатын уақыт мөлшері мен немесе уақыттың
бір өлшемінде өндірілген өнім көлемімен өлшенеді.
Тақырып 8. Еңбекақыны басқару
1. еңбекақы төлеудің маңызы, түрлері және оларды ұйымдастыру
2. еңбекақының жүйелері және нышандары.
Әлеуметтік экономикалық категория бойынша еңбекақының маңызын қызметкерлер
мен жұмыс берушілер үшін қарастыру қажет.
Қызметкерлер үшін еңбекақы оның жеке табысының негізгі және басты бөлігі
болып табылады, сонымен қатар еңбекақы қызметкердің және оның жанұя
мүшесіндегі адамдардың әл-ауқат деңгейін жоғарылататын құрал болып
саналады. Осыдан еңбекақының ынталандырушы ролі алынатын сыйақының көлемін
көбейту үшін еңбек нәтижесін жақсартудан тұрады.
Жұмыс беруші үшін еңбекақы өндіріс шығындары болып саналады. Жұмыс беруші
әсіресе бұйымның бірлігіне кететін шығындарды барынша азайтуға тырысады.
Еңбекақы төлеудің заттай және ақшалай нышандары бар. Қызметкерлкрге ақшаны
өзінің қажеттеліктерін қанағаттандыру үшін барынша тиімді пайдалануға
мүмкіндік беретін ақшалай форма еңбекақы төлеудегі ең басты нышандардың
бірі болып саналады. Қазіргі кезде еңбекақының заттай нышаны сирек
пайдаланылады. Еңбек төлеудің мұндай нышанын ақша айналымының бұзылуы
кезінде, экономиканың тұрақсыз, гиперинфляция және құлдырау жағдайларында
кең қолданамыз.
Еңбекақы төлеу негізгі және қосымша түрлерге бөлінеді.
Негізгі еңбекақыға мынандай төлемдер жатады: мерзімдік, үдемелі және
кесімді еңбекақы төлеу кезінде орындалған жұмыстың сапасы және мөлшері
үшін, пайдаланылған уақыт үшін төлемдер; еңбектің қалыпты жағдайынан
ауытқуымен байланысты төлемдер, яғни мерзімнен тыс жұмыстар үшін, түнгі
уақыттарға, мереке күндерде және т.б. күндері жұмыс жасағаны үшін ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz