АҚЫЛ ҚІТАБЫ


Пән: Дінтану
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   

АҚЫЛ ҚІТАБЫ

Мұсылман әлеміне аты әигілі ұлы ақын әрі кемеңгер, ойшыл, философ атақты жерлесіміз Қожа Ахмет Иасауи (1103-1228) артына мәңгі өшпестей, аса елеулі мұра оның «Диуани хикмет» («Ақыл кітабы») атты екі әлемнің мән жайын сипаттайтын туындысы адамгершілік пен имандылық, әділдік пен шындық, инабаттылық тәрізді мәні зор мәселелерді қарапайым поэзия тілімен жырлауға арналған. Адам өміріндегі әр алуан мансап пен билік, байлық пен әділдік кедейлік, қанағатшылдық, ынсап пен нәпсі, тәубашылдық пен Алланы тану секілді туйінді жәйттер мұсылман діні тұрғысынан ашылып, жан-жақты сарапталады. Бұ дүниенің баянсыздығымен о дүниенің бақилығын өзара салыстыра отырып, ол тұрмыстың мәні дүние-мүлікте емес, адалдық, мейірім-шапағатта, қайырымдылық пен адамгершілікте деген терең мәні бар ой ұсынады. Осы-ған орай Мүхаммед пайғамбардан бері қарай келе жат-қан жол: адал еңбекпен жиған малдың қызығын көру, жетім-жесір, мүсәпірлерге мейлінше, жасаған күнәңді мойындап, таубаға келу, Аллаға мойынсыну сияқты мәселелерді нақты дәлелдер мен ұтынды түрде сипатталады. Алайда ұзақ жылдар бойы асыл жауһардай мұрамыз - «Диуани Хикмет» қазақ тіліне аударылмай зерттелмей келеді.

Тіпті теріс саясаттың бағытымен бұдан бас тартуға дейін бардық.

Қ. А. Иасауидың ез туындысын қыпшақ, оғыз үлыс-тарынын, ана тілінде, кене түрік тілінде жазуы, әлгі апт-қандай, дін тарату талабынан туса да, ол бүл шығар-масы арқылы түрік тілінде жатық әрі бейнелі жыр жа-зудың қайталанбас үлгі-өнегесін жасады. Сол мақсатта ақын өзіне дейінгі әдебиетте бірыңғай үстемдік етіп келген араб, парсы тілдерімен жарыса жазьш, түрікше көркем шығармалар тудыру мүмкіндігінің мол екенін де дәлелдеп берді. Бұл дәстүрді қай кезеннің талабы түр-ғысынан алып қарасаңыз да үлкен ерлікпеп барабар еді дей аламыз, әрі осы арқылы ұлы ақын көшпелі өмірде ертеден қалыптасқан суырыпсалма дәстүріне араб, пар-сы әдебиетінің озық үлгілерін шебер қиыстырып, тередмәселе оңынан шешіліп отыр. Осы жолдардық авторынық басшылығы-астастыра білді. Әсіресе ол Шығыс әдебиетіндегі, тіпті, Дүран Кәрімдегі әдеби-тарихи аңыздар мен сан алуан әулие-әнбие, пайғамбарлар жөыіндегі ғажайып әфсана-ларды да қажетті деген тұстарда ұтымдылықпен пайда-ланып отырады. Сейтіп Шығыстық жазба әдебиет үлгісінде туған бұл туынды ғасырлар бойы қалыптасқан суырыпсалма дәстүріндегі ауызекі әдебиетке тыд маз-мүн, жаңа сипат алып келумен қатар, оның түр-қүрылы-сы жағынан да байып, толыса, кемелдене түсуіне жол салды.

Қ. А. Иасауидің жолын, ілімін қуған шәкірттері көп болған. Соның арқасында мұсылман елдерінде Иасауише хикмет жазу дәстүрге айналған. Мәселен, осыған орай Кіші Азияда Қажы . Бекташ әулие, Жүніс Әміре секілді ақындар көзге түссе, өзімізде Сүлеймен Бақыр-ғани (лақаң аты Хаким Ата) Иасауиге еліктеп, өзінің ғажайып хикметтерін тудырған. Ендігі бір түйінді мәселе «Диуани хикметтің» тілі жайында. Мұны тек түрік халқының тіліне телуге болмайды. Шығармада қазақ пен өзбектін, ұйғыр мен татардың, тағы басқа түрік тектес халықтардың тілдеріне ұқсастықты мол кездестіруге болады. Қ. А. Иасауи өмір сүрген дәуірде аталған ұлыстар әлі жеке ұлт болып қалыптаса қоймаған еді, тек түрік елі, түрік тілі деген ұғым ғана бар болатын. Қ. А. Иасауиді ұлтқа бөлуге болмайды, өйткені ол кезде қазақ, өзбек, түркімен ұлттары әлі жоқ еді. Олар әлі де ұлыс болатын . . . Мұны түрік халықтарына ортақ тіл деген жөн. Сондай-ақ қүрылысы, буындық өлшеуі өзгелерден гөрі бізге, қазақ тіліндегі өлең-жырлардың буындық өлшеуіне ұқсас келеді. Мұны тіл, бейнелеу, көркемдік жүйесі де айқын дәлелдейді» деп жазады. («Қазақ әдебиеті» газеті, № 5, 1970) . Бұл пікірді орындылығын қуаттай отырып, сонғы кездегі ғылыми тұжырымның осылай қарай ойысып келе жатқанын атап айтқан жөн. Өзбек зерттеушілері ертеден-ақ Қ, А. Иасауиді өзбек ақыны деп әдебиет тарихына енгізіп, дүниежүзілік әдебиет мұрасынын, 200 томдығына «өзбек ақыны» деген айдармен жариялағаны мәлім. Алайда И. Хаққүловтын, аталмыш кітабында; «Ахмет Иасауи - түркі поэзиясынын, атақты уәкілі», - деп жазуын олардың шьшдыққа қарай ойыс-қанын толық аңғартады дей аламыз.

Қожа Ахмет Иасауи өмірі жөнінде деректер өте аз сақталған. Бұл туралы біршама дерек-мәліметтер «Диууани хикметте» келтірілген. Ақын өзінің 63 жасқа дейінгі өмірін тәптіштеп баяндай келіп, бір жастан алпыс үшке дейінгі тұрмыс кезеңдерін, өз басынан кешкен ірі-ірі оқиғаларды сөз етеді. Оның бәрін біз қайталап айтып жатуды жөн көрмей, оқушы жұрт кітаптан өзі оқып алар деп ойлаймыз.

Ал «Диуани хикнетті» қазақ тіліне аударуға қатысқан М. Шафиғи мен С. Дәуітұлы бұларга қарама-қарсы пікір ұсынып отыр. «Менің хикметтерім - алладан пәрман, оқып-ұққанға бар мағынасы - кұран», - деген жолдарына сүйене отырып, олар «Диуани хикметтегі» «Екінші дәптер мағынасын-Құран Кәрімнен кейінгі екінші кітап демек болады. Қ. А. Иасауидің «Диуани хикметтегі» өз пікіріне қарағанда, 125 жыл жасаған адам, сол өмірінде хикмет жазудан басқа іспен айналыспаған, осы себепті оның көлемінің, көптігіне күмәнданбаған дұрыс. Екінші, сондағы «Дәптер сани» деген сөз алғашқы хикметтің төртінші жолында тұр, бұлай дегенде, қолымыздағы хикметтін, бәрі де шәкірттерінікі болып шығады емес пе. Алайда «Диуани қорқып отқа түспей күйдім, міне», «Шайтанға еріп жан берерде састым, міне», «Хақ сүйіспендігін көңіліме салды, достар», «Медет қылып қолымды алды, достар», т. б. ), енді бірде тұтас жолды әр шумақ соңы сайын қайталап, оған үнемі үстеме мағына артуға ұмтылады («Сол себептен алпыс үште кірдім жерге», «Сол себептен хаққа сиынып келдім, міне», «Заты ұлық, қожам, сыйынып келдім саған», «Бір және Барым, дидарыңды көремін бе?», «Мұстапаға қайғы тұтып кірдім, міне» т. б. ) .

«Диуани хикметті» өлеңдік сыртқы түзілім-қүрылысында да өзіндік ерекшеліктер мол. Ең соңындағы «Мінәжат» аталатын ғазал үлгісіндегі қос тармақты өлендерден тыс, өзге хикметтің барлығы дерлік төрт тармақтан бір шумақ құрап отырады. Бұлары араб, парсы әдебиетінде ертеден қалыптасқан аруз, бәйіт түрінде келеді. Соған орай ұйқасы 11, 12 буынды, кейде 14-15 буынды болып құрылады да алғашқы үш өзара ұйқасып, төртінші жолы келесі екінші шумақтың төртінші жолымен шалыса ұйқасады (а, а, а, б) . Төртінші жолдар кейде бірыңғай қайталау түрінде келіп отыруы да мүмкін. 11 - 12 буындық шумақтар қазақтық қара өлеңіне тіптен жақын, үндес дей аламыз. Ал 14- 15 буынды шумақтар (сирек те болса) біздегі 7-8 буын-ды жыр үлгісіне (бұларды екіге жарып оқыса) тым ұқсас. Бұдан ақынның өз хикметтерін кезінде кімге арнағаны толық аңғарылса керек. Мүндай ұқсастықтар мен үндестіктер сондағы жалпы бейнелеу тәсілдері мен көркемдік жүйесінен де, дидактикалық мазмұн-сипатынан да анық байқалады.

Бір атап айтатын жәійіт: «Диуани хикметтің» 25-26-хикметтері бірыңғай араб тілінде, поэзия тілімен жазылған. Бұл - ақынның көне түрік тілімен қатар, араб тілінде де жаза алатын дарын-қасиетін танытады.

Қожа Ахмет Иасауи мұсылман дінін насихаттаған әйгілі хикметтерімен де, өзінің әулиелік, әділдік іс-әре-кеттерімен де халық арасында өшпестей атақ-даңққа да бөленген. Алланың әмірімен Қожа Ахметке бір Ақ атан беріліпті. Ахмет таңертеңгі намазының басын есігінің алдында бастап оқып, Ақ атанға мініп алып ұшып, соңын Меккеде аяктайды екен. Мұны көрген жұрт оны қасиетті әулие деп бұрынғыдан да артық құрмет тұтады. Мұны естіген бір жәйіт (еврей) Қожа Ахметке келіпі «Сен әулие емессін, көзбояушысын, түйемен ұшатынң да бекер»-дейді. Бұған ол реніш білдірудің орнына: «Ертең таң намазына қарай осында кел, екеуміз Меккеге бірге ұшамыз» дейді. Жейіт таң сәріде келсе, Қожа Ахмет Аллаға құлшылық жасап отыр екен. Бір мезгілде дала жақтан қардай аппақ бір Ақ атан келіп, әулиенің алдына тоқтайды. Мұны көрген жейіт қорыққаннан шегіншектей береді, алайда әулие оны шақырып алып: «Мінгесіп отыр, көзіңді жұм, егер ашсаң, аспаннан жерге қүлайсын»-дейді. Анау өз ісіне өкінсе де амалсыз Ақ атанға мініп отырады. Сөйткенше болмай жейіт атанның аспанға көтеріліп, ғажайып жылдамдықпен ұшып келе жатканын сезеді. Ол «әулие алдымда ғой, төмен қарасам байқалмас» деп ойлап көзін біртіндеп ашып жерге қарайды, сөйткенше болмай атаннан сырғып құлайды. Қожа Ахмет бұрынғыша ұшып кетіп отырады, жейіт көп уақыт қалбалақтап ұшып жерге құлайды. Ол найзағайдай ағылып кұлағанымен өмірде жерге аяғы тимейтіндей болып сезінеді. Әлден уақытта көзі қарауытып бір қатты затқа келіп гүрс етіп құлайды. Бір мезгілде көзін ашып жан-жағына қараса, бір топ танымайтын әскери адамдардын ортасында жатыр екен. Алланың әмірімен ол әйгілі Жолбарыс патшаның кеңесші-әскербасыларымен кеңес құрып отырған жеріне келіп түскен екен. Ақ басты әскербасылар патша әмірін іске асыру қамында өзара ақылдасып, қорқор тартып бейғам отырса керек. Аспаннан түскен жейітті олар патша алдына алып келеді. Жолбарыс оның қайдан келгенін, кім екенін сұрайды. Ол қорыққаннан басын жерге қойып болған істің мән-жайын түгелдей баяндап береді, Мұндай қисынсыз сөзге Жолбарыс патша қатты ашу-ланып, жейітті ағашка байлап, астынан от қойып, тірідей өртеуге бұйрық береді. От лаулап жанып жалыны аяғын шарпи бастағанда, ол езінін Алла қаһарына ұшырағанын біліп әулие-әнбие, пайғамбарлардан жалбарынып жәрдем тілеп, кешірім сұрайды. Оның тілегі қабыл болып, осы сәтте Қожа. Ахмет Меккедегі намазын аяқтап, ақ атанымен қайта оралып келе жатыр екен, төменде отқа қақталып жанғалы жатқан баяғы жөйіттің жалынышты зарын естіп рахымы түседі де оның байлаулы ағашымен өзіне ілесе ұшуына тілек қосады, Жүз жылдық үлкен бәйтеректін жел көтерген сіріңке бұтағындай аспанға ұшып, Ақ атан үстінде аппақ сақалы желбіреген таудай ірі кісінің артынан ілесе көтерілгенін көрген Жолбарыс патша қатты ойға қалады, сол әулие кісіні бір көруге құштар болады. Билікті інісіне беріп, өзінің сенімді серіктерін ертіп алып, әулие қарт Қожа Ахметті іздеп келеді.

Қожа Ахметтсй сүйікті құлына Алла үлкен билік берген еді. Ол кісінің нұр тамған инабатты жүзіп бір көрген кісі өмір бақи оның ажырамас серіп, шын көніл-мен сүйген аяулы досына айналар еді. Жолбарыс патша да сондай күй кешіп, мәңгілік сол кісінің қасында кал-ды. Онық әлсіз кемтарларға камқор-шарапаты көп ти-гендіктен, Алламын қүрметіне бөленіп, жаны жаннаттан орын алды, хор кыздарының қызмет-ықласына бөленуде.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қожа Ахмет Иассауи туралы
Қожа Ахмет Йассауидың бүгінгі ұрпаққа жеткен көлемді шығармасы - Диуани хикмет
Асқар Егеубаев - публицист
Қорқыт ата туралы
Қазақ даласындағы ислам әдебиеті
Ежелгі дүние философиясы
Баласағұнның Құтадғу білік атты кітабы
Философиялық көзқарастары
Тақырыбы: «орта ғасыр психологиясындағы материалистік идеялар
Бақырғани кітабының негізгі идеясы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz