Қазақ бастауыш мектептеріндегі білім беру мазмұнының қалыптасуы мен дамуы (1991-2007 жж)


ӘОЖ 373. 3:330. 34 (574 ) «1991/2007» Қолжазба құқығында
Қыяқбаева Ұлбосын Қозыбаевна
Қазақ бастауыш мектептеріндегі білім беру
мазмұнының қалыптасуы мен дамуы
(1991-2007 жж)
13. 00. 01 - Жалпы педагогика, педагогика және білім тарихы,
этнопедагогика
Педагогика ғылымдарының кандидаты
ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған диссертацияның
АВТОРЕФЕРАТЫ
Қазақстан Республикасы
Алматы, 2008
Жұмыс Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде орындалды
Ғылыми жетекші: педагогика ғылымдарының кандидаты,
Абай атындағы Қаз ҰПУ-нің профессоры
Ресми оппоненттері: педагогика ғылымдарының докторы
Әлсатов Т. М
педагогика ғылымдарының кандидаты
Әлқожаева Н. С
Жетекші ұйым: І. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті
Диссертация 2008 жылдың 8 қазанда сағат 10 де Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің педагогика ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесін беру жөніндегі Д 14. 05. 01 диссертациялық кеңесінде қорғалады. Мекен-жайы: 050010, Алматы қаласы, Достық даңғылы 13, 2-қабат, мәжіліс залы.
Диссертациямен Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінің кітапханасында танысуға болады. Мекен-жайы: 050010, Алматы қаласы, Қазыбек би көшесі 30, 3-қабат
Автореферат 2008 жылдың 8 қыркүйегінде таратылды.
Диссертациялық кеңестің
ғалым хатшысы Көшербаева Ә. Н.
Кіріспе
Зерттеудің көкейтестілігі . Бүкіл адамзат капиталын максималды пайдалану қажеттілігі еш қашанда бүгінгі күндегідей өте өткір тұрған емес. Себебі қоғамның үдемелі дамуы үшін бүкіл халықтың білімді болуының рөлі маңызды болып отыр. Бүгінгі күні бастауыш, орта, тіпті жоғары білімнің өзі жеткіліксіз болып қалды. Дегенменде кең мағынадағы тәрбиенің бастауы мектептің алғашқы сатысынан басталатыны айқын. Осыған байланысты «2005-2010 жылдары Қазақстан Республикасында білімді дамытудың Мемлекеттік бағдарламасында», «Білімді дамыту Тұжырымдамасында», Қазақстан Республикасының «Білім беру Заңында» приоритеттік міндеттер қатарында ең алдымен бастауыш мектеп және оның білім беру мазмұнын жетілдіру мәселелері қарастырылды. Осыған орай біздің мемлекетіміздің әлемдегі бәсекеге қабілетті елу елдің қатарына және әлемдік білім беру кеңістігіне ену үшін жалпы білім беретін мектептерге арналған білім беру мазмұнын реформалау қажеттігінен туындады. Бұған қоса демократиялық, құқықтық, мемлекеттік қоғам құрып жатқан Қазақстан Республикасына терең білімді, жауапкершілікті мойындайтын, лайықты шешім қабылдай алатын тұлға тәрбиелеу қажет болып отыр. Алға қойған міндеттерді шешуге мүмкіндік туғызатын жолдардың және механизмдердің бірі мемлекеттің сұранысына сай келетін білім беру жүйесінің және мазмұнының жаңа моделін жасау болып табылады. Осы алға қойылған көкейтесті мәселелерді шешу жолдарының бірі өткен уақыттағы бай теориялық мұраны және тәжірибені ұғынып түсіну және қолдану болып табылады.
Біздің зерттеуге алған кезең тарих шеңберінен алып қарағанда алыс емес, қол созарлықтай жердегі уақыт. Бірақ бұл уақыт жіберілген қателерді жою, сынау, мәселені шешудегі жаңа жолдарды іздестіруге т. б. оқиғаларға толы уақыт болды. Солардың ішінде өз шешімін күтіп тұрған мәселелер қатарында білім беру мазмұнына қатысты проблемалар да бар.
Бастауыш мектеп және оның білім беру мазмұнына қатысты мәселелер-педагогика ғылымы мен теориясының өте көкейтесті проблемаларының бірі. Оның дәлелі ретінде педагогика ғылымында осы мәселеге байланысты жүргізілген көптеген зерттеу жұмыстарын атауға болады.
Аталған феноменге қатысты проблемаларды зерттеудің түп тамыры, бастауы тереңге кетеді. Бұл мәселе әлемдік педагогика классиктері Я. А. Коменский, И. Г. Песталоцци, И. Гербарт, К. Д. Ушинский т. б. ұлы педагогтардың есімдерімен тығыз байланысты және олардың еңбектерінде терең қарастырылады.
Қазақстан педагогика ғылымында біздер зерттеуге алған мәселе жалпы -лама түрінде бір қатар ғалымдардың еңбектерінде зерттелген.
Негізінен ол бастауыш мектептің, кәсіптік білімнің және педагогика ғылымы мен теориясының даму тарихы мәселесімен байланысты болды:
- ХІХ ғ. екінші жартысында халық ағарту ісі мен мектеп тарихын
(Т. Тажибаев, Г. М. Храпченков т. б. ) ;
- қазақ кеңес мектебінің тарихын (А. И. Сембаев т. б. ) ;
- халық ағарту саласындағы орыс-қазақ достастығын (К. Б. Бержанов) ;
- кәсіптік білім беру тарихын (Г. А. Уманов т. б. ) ;
-бастауыш мектептегі білім беру мазмұнының дамуы Қазақстан
педагогика ғылымы мен теориясының даму контекстінде (А. Н. Ильясова) қарастырды.
Бастауыш мектептегі білім беру мазмұнымен байланысты мәселелер-
ді теориялық тұрғыдан Ресей және қазақстандық ғалым-педагогтар И. П. Подласый, Т. С. Сабыров, Р. М. Қоянбаев зерттеді. Оның ішінде оқулықтарды құру мәселесімен Ю. К. Бабанский, Т. А. Ильина, И. О. Харламов, Н. А. Сорокин. В. В. Краевский, М. Н. Скаткин, Д. Д. Зуев, И. Я. Лернер, В. П. Беспалько, А. Е. Абылкасымова, Ж. А. Караев, К. А. Аймағамбетова т. б. шұғылданды.
Соңғы жылдары біздер зерттеуге алған мәселені тарихи-педагогикалық аспектіден бірқатар қазақстандық ізденушілер зерттеді:
- бастауыш мектепке мұғалім кадрларын даярлайтын оқу
орындарының даму тарихын (Р. К. Бекмагамбетова) ;
- Қазақстандағы білім беру жүйесінің генезисі мен даму тенденцияларын (Игибаева А. К) ;
- бастауыш мектептің даму тарихын (Қ. Т. Ыбраимжанов) ;
- инновациялық бастауыш мектептің дамуын (И. Н. Шевченко) ;
- бастауыш білімнің дамуының ғылыми педагогикалық негіздерін
(Ш. Майғаранова),
- бастауыш мектепте математиканы оқыту жөніндегі әдістемелік ой-
пікірдің қалыптасуын (Б. М. Қосанов) ;
теориялық аспектіден:
- кіші жастағы оқушылардың өзіндік оқу іс-әрекетін (А. Х. Аренова) ;
- музыка арқылы бастауыш сынып оқушыларының гумандық
қасиеттерін қалыптастыруды (Ж. Таубалдиева) ;
- бастауыш сынып оқушыларының оқу икемділігін ақпараттық
технология арқылы дамытуды (А. Б. Медешева) ;
- жалпы білім беретін ауыл мектептеріндегі бастауыш сынып
оқушыларына экономикалық тәрбие беруді (Ж. А. Жүнісбекова) ;
- педагогикалық практика барысында болашақ бастауыш сынып
мұғалімдерінің кәсіптік шеберлігін қалыптастыруды (К. І. Аманқұлов) ;
- бастауыш мектепте математиканы оқытудың мазмұны мен оның құрылымының ерекшеліктерін (Ж. Т. Қайынбаев) .
Аталған еңбектерге жасалған талдау олардың бастауыш мектепке катысты болып, оның білім беру мазмұны туралы кейбір ерекше аспектілерін қарастырғанмен тікелей кешенді мәселе ретінде қазақ бастауыш мектептерінің білім беру мазмұнының даму тарихын дербес, өз алдына проблема етіп зерттелмегенін көрсетті.
Ғылыми-педагогикалық әдебиеттердің, докторлық және кандидаттық диссертациялардың мазмұндарымен танысып оларға жасалған, талдау біздің зерттеуге алған проблемамыз бойынша арнайы жұмыстың жоқтығын көрсетті. Сонымен бірге «Педагогика тарихы» оқулықтарында бастауыш мектептегі білім беру мазмұнының даму тарихына өз дәрежесінде көңіл бөлінбеген.
Жүргізілген зерттеу жұмысының нәтижесінде Қазақстан Республикасы өз егемендігін алған кезеңнен бергі жаңа позициядан педагогика ғылымының дамуына елеулі үлес қосатын мәселелердің бірі бастауыш мектептің білім беру мазмұнының тарихын педагогикалық аспектіден зерттейтін, тұжырымдалған жұмысты жасау қажеттігі ғана емес, сонымен қатар оны жүзеге асыратын қолайлы жағдай да туындады.
Ал біз зерттеуге алған кезеңдегі қазақ бастауыш мектептеріндегі білім беру мазмұнының даму тарихына байланысты материалдар мен шынайы мәліметтердің толық болмауы, оның дамуы туралы тұтас түсініктің қалыптаспауы бұл мәселені теория және тәжірибе жүзінде деңгейін көтеріп, одан әрі жетілдіруіне мүмкіндік бермей отыр
Бұл жерде бүгінгі таңда біздің республикамыздың жүргізіп отырған білім беру саясатына орай бастауыш мектептегі білім беру мазмұнын жаңартып жетілдіру қажеттігі, теория және тәжірибенің сұранысы мен тарихта жинақталған болашақта қолдануға болатын бай мұраның өз дәрежесінде зерттелмеуі, тәжірибеде жеткілікті пайдаланбауы арасында қарама-қайшылықтың бар екенін байқалады.
Аталған қарама-қайшылық зерттеу проблемасын айқындайды: қандай жағдайда қазақ бастауыш мектебіндегі білім беру мазмұны жетіліп, жаңарып дамитынын анықтаудың қажеттігін көрсетеді.
Тарихи-педагогикалық әдебиеттерде біздер зерттеуге алған проблеманың өз дәрежесінде зерттелмеуі, бастауыш мектептің білім беру мазмұнының дамуын баяндайтын жұмыстың жоқтығы оның көкейтестілігін көрсетіп, тақырыпты «Қазақ бастауыш мектебіндегі білім беру мазмұнының қалыптасуы және дамуы (1991-2007 жж. ) » деп алуға мүмкіндік берді.
Зерттеу объектісі : Қазақстан Республикасы қазақ бастауыш мектептеріндегі білім беру мазмұнының қалыптасу және даму процесі.
Зерттеу пәні : 1991-2007 жылдар аралығындағы қазақ бастауыш мектептеріндегі білім беру мазмұнын құрайтын нормативтік құжаттар.
Зерттеу мақсаты : бүгінгі таңдағы қоғамдағы болып жатқан демокртиялық өзгерістер позициясынан зерттеуге алынған кезеңдегі қазақ бастауыш мектептеріндегі білім беру мазмұнының қалыптасып дамуындағы жағымды тәжірибені айқындау; қорыту, жүйелеу және әрі қарай даму тенденцияларын белгілеу.
Зерттеудің ғылыми болжамы : егер қазақ бастауыш мектебінің білім беру мазмұнының қалыптасуы мен дамуын зерттеу бай жағымды тәжірибені айқындауға мүмкіндік берсе, онда ол білім беру мазмұнын жетілдіруде жаңа идеяларды ұсынуға мүмкіндік туындатады, себебі олар әлемдік білім беру кеңістігіне ену жағдайында жаңартылған білім беру мазмұнының болжамдық моделін жасауға көмектеседі.
Баяндалған ғылыми болжамды дәлелдеу негізіне қазақ бастауыш мектептеріндегі білім беру мазмұны жинақталған жағымды және жағымсыз тәжірибені есепке алу, қорыту және бағалау, қолдану негізінде нәтижелі дамиды деген ойдан тұратын жетекші идея алынды.
Проблема, мақсат, объект, пән және ғылыми болжам төмендегідей міндеттерді анықтады:
- мемлекеттік жүйе өзгергенге дейінгі қазақ бастауыш мектептерінің
білім беру мазмұнының дамуына салыстырмалы талдау жасау;
- қазақ бастауыш мектептеріндегі білім беру мазмұнының даму генезисін айқындау;
- жаңа тарихи-педагогикалық тұрғыдан қазақ бастауыш
мектептеріндегі білім беру мазмұнының негізгі кезеңдерінің даму динамикасын анықтап, олардың мазмұнын ашып көрсетіп, сипаттама беру;
- қазақ бастауыш мектептеріндегі білім беру мазмұнының дамуының
жағымды және жағымсыз тәжірибесін айқындау және жинақтап қорыту;
- қазақ бастауыш мектептеріндегі білім беру мазмұнының әрі қарай
даму тенденцияларын анықтау.
Зерттеудің әдіснамалық негізі ретінде тарихшылардың, педагогтардың халық ағарту мен мектептер тарихы, оның ішінде білім беру мазмұны туралы идеялары, тарихи байланыс және детерминация тұрғысынан қоғамдық құбылыстарды талдау туралы ережелер, қоғаммен құбылыстардың дамуы туралы философиялық ілім, тарихи-педагогикалық құбылыстар мен процестерді талдауда хронологиялық, аксиологиялық, жүйелілік келістер, бүгінгі таңдағы бастауыш мектептердегі білім беру мазмұнының дамуы туралы теориялар алынды.
Зерттеу көздері:
оқу мекемелері және білім беру мазмұнының даму мәселелеріне арналған философтардың, тарихшылардың, педагогтардың еңбектері;
мұрағат материалдары: Қазақстан Респуликасы Орталық мемлекеттік мұрағат, Қазақстан Республикасы Ұлттық білім беру Академиясының мұрағаты;
ресми құжаттар: Қазақстан Республикасының Конституциясы; Қазақстан Республикасының «Білім беру туралы» Заңы, Қазақстан Республикасындағы мектеп-лицей туралы Үлгі Ережесі (1991 ж. ), Қазақстан Республикасындағы гимназия туралы Үлгі Ережесі, Қазақстан Республикасы әлеуметтік мәдени дамуының Тұжырымдамасы (1993 ж. ), «Жалпы орта білім беру мазмұнының Тұжырымдамасы» (1995 ж. ), Қазақстан Республикасында тарихи сана қалыптасуының Тұжырымдамасы, Қазақстан Республикасы Президенті Н. А. Назарбаевтың Қазақстан халқына «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» Жолдауы (2007 ж), «2005-2010 жылдарда Қазақстан Республикасында білімді дамытудың Мемлекеттік бағдарламасы», Қазақстан Республикасының «Мәдени мұра бағдарламасы»;
нормативтік құжаттар: Қазақстан Республикасы жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттары (жалпы бастауыш білім), қазақ бастауыш мектептерінің оқу жоспарлары, оқу бағдарламалары, оқулықтар, оқу құралдары.
Зерттеу әдістері: зерттеу тақырыбы бойынша ғылыми-педагогикалық әдебиеттермен танысып оларға талдау жасау, жүйелі-құрылымдық, талдау және синтез, салыстырмалы-тарихи, тарихи-генетикалық, алған нәтижелерді талдап қорыту, ретроспективтік талдау.
Зерттеу кезеңдері.
Бірінші кезеңде (1991-1994 жж. ) зерттеуге алынған мәселе бойынша ғылыми-педагогикалық әдебиеттермен танысып, мұрағат, ресми және баспасөз материалдары жинақталып оларға талдау жасалды, ғылыми және ұғымдық аппарат анықталды, қазақ бастауыш мектептерінің және білім беру мазмұнының туындау негіздері мен қалыптасу тарихы туралы шынайы деректік материалдар жинақталды.
Екінші кезеңде (1995-2003 жж. ) шынайы деректік материалдарға теориялық талдау жасалды, қазақ бастауыш мектептеріндегі білім беру мазмұнының даму кезеңдеріне сипаттама берілді, жағымды ғылыми-педагогикалық тәжірибе жинақталып қорытындыланды. Зерттеу тақырыбы бойынша ізденіс нәтижелері түрлі мәжілістерде талданып, баспасөз беттерінде жариялану арқылы сынақтан өткізілді.
Үшінші кезеңде (2004-2007 жж. ) зерттеу барысындағы қол жеткізген нәтижелер талданып қорытындыланды, тұжырым жасалды, зерттеу материалдары әдеби және редакциялық тұрғыдан рәсімделіп, диссертация мәтіні жазылды.
Зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығы мен теориялық маңызы:
- бүгінгі күн позициясынан қазақ бастауыш мектептеріндегі білім
беру мазмұнының даму процесі сыни тұрғыдан тиянақталды және оның тарихи жағдайларға тәуелділігі көрсетілді;
- қазақ бастауыш мектептеріндегі білім беру мазмұнының мемлекет-
тік жүйе өзгергенге дейінгі және өзгергеннен кейінгі дамуы салыстырмалы сипатталды;
- қазақ бастауыш мектептеріндегі білім беру мазмұнының даму
кезеңдері анықталып, оларға сипаттама берілді;
- Қазақстан ғалым-педагогтарының қазақ бастауыш мектептерінің
білім беру мазмұны туралы құнды пікірлері мен жасаған тұжырымдары жүйеге келтірілді, оларға теориялық талдау жасалды;
- қазақ бастауыш мектептеріндегі білім беру мазмұнының даму
тенденциялары анықталды.
Қорғауға ұсынылатын қағидалар :
- мемлекеттік жүйе өзгергенге дейінгі қазақ бастауыш
мектептеріндегі білім беру мазмұны дамуының салыстырмалы сипаттамасы;
- қазақ бастауыш мектептеріндегі білім беру мазмұнының тарихи
жағдайға тәуелділігі;
- қазақ бастауыш мектептеріндегі білім беру мазмұнының даму
кезеңдері және олардың мазмұнының сипаттамасы;
- қазақ бастауыш мектептеріндегі білім беру мазмұны туралы
республиканың ғалым-педагогтарының құнды пікірлері;
- қазақ бастауыш мектептеріндегі білім беру мазмұнының дамуында
жаңа жолдарды болжауға мүмкіндік беретін жағымды тәжірибені зерттеу қажеттігінің дәлелдемесі;
- қазақ бастауыш мектептеріндегі білім беру мазмұнының даму тенденциялары .
Зерттеу жұмысының практикалық маңыздылығы:
- диссертацияда талданып қорытындыланған қазақ бастауыш
мектептеріндегі білім беру мазмұнының дамуындағы жағымды тәжірибесі болашақта оны әрі қарай жетілдіруге ықпалын тигізеді;
- зерттеу жұмысындағы жинақталған материалдар, теориялық
тұжырымдар мен ұсыныстарды «Педагогика тарихы», «Педагогика» курсының дидактика бөлімі бойынша оқылатын лекциялар мен семинар сабақтарында қолдануға болады;
- зерттеу материалдары негізінде жасалған «Қазақ бастауыш
мектептеріндегі білім беру мазмұнының тарихы» атты арнайы курс бағдарламасы мен «Бастауыш мектеп дидактикасы» атты әдістемелік құралын жоғары педагогикалық оқу орындарында пайдалануға болады.
Зерттеу нәтижелерінің дәлелділігі мен негізділігі басты позициясының әдіснамалақ тұрғыдан дәлелденуімен, қойылған міндеттерді шешуге сай келетін кешенді әдістерді қолдануымен, ғылыми аппараттың баяндалу логикасымен, алынған нәтижелерді дұрыс талдап бағалауға мүмкіндік беретін зерттеу жұмысының жоспарлы түрде жүргізілуімен қамтамасыз етілді.
Зерттеу базасы : ҚР Ұлттық Білім Академиясы мұрағаты, ҚР Орталық Мемлекеттік мұрағат (Алматы қ. ), ҚР ұлттық кітапханасы, ҚР Ұлттық білім Академиясының кітапханасы, ҚР Ұлттық Ғылым Академиясы кітапханасы, Абай атындағы ҚазҰПУ -нің кітапханасы.
Зерттеу нәтижелерін сынақтан өткізу және тәжірибеге енгізу.
- Зерттеу жұмысының негізгі қағидалары халықаралық (Алматы 1998, 2000, 2001, 2006, 2008), республикалық (Алматы, 2005), Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогика университетінің профессорлары мен оқытушыларының ғылыми теориялық және әдістемелік конференцияларында, «Хабаршы» (2001, 2002, 2003, 2004, 2005, 2006, 2007 ), «Бастауыш мектеп» (2007, 2008) журнал беттеріндегі мақалаларда жарияланса, «Бастауыш мектеп дидактикасы» атты әдістемелік құрал жарық көрді және Абай атындағы ҚазҰПУ педагогика-психология факультетінің оқу процесіне «Қазақ бастауыш мектептеріндегі білім беру мазмұнының тарихы» атты арнайы курс енгізілді. Барлығы 18 мақала, 1 әдістемелік құрал дайындалды.
Диссертация құрылымы.
Диссертация кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан, пайдаланған әдебиеттер тізімінен, қосымшадан тұрады.
Кіріспеде зерттеуге алынған мәселенің көкейтестілігі дәлелденіп, қарама-қайшылығы, проблемасы, мақсаты, объектісі, пәні ғылыми болжамы, міндеттері, әдістері анықталды, әдіснамалық және теориялық негіздері, ғылыми жаңалығы, практикалық маңыздылығы анықталды.
« Қазақстан Республикасындағы қазақ бастауыш мектептеріндегі білім беру мазмұнының дамуының тарихи алғы шарттары » атты бірінші бөлімде салыстырмалы талдау жасау мақсатында кеңес дәуірінің соңғы жылдарында қазақ бастауыш мектептеріндегі білім беру мазмұнына ықпалын тигізген саяси - әлеуметтік жағдайлардың сипаттамасы және Қазақстан өз алдына егеменді ел болғаннан кейін зерттеуге алынған феноменнің қалыптасуы ашылып көрсетіледі.
«Қазақстан Республикасындағы қазақ бастауыш мектептерінің білім беру мазмұнының әрі қарай дамуы (1995-2007 жж) » атты екінші бөлімде Қазақстан Республикасындағы түрлі типтегі инновациялық бастауыш мектептердің ұйымдастырылуы, оларға қажетті білім беру мазмұнының құрылуы қарастырылады және оған байланысты проблемалары сипатталады, қазақ бастауыш мектептеріндегі білім беру мазмұнының жаңа сапалы деңгейге өту жағдайындағы даму тенденциялары баяндалады.
Қорытындыда зерттеу нәтижелері талданып қорытындыланды, негізгі тұжырымдар баяндалды, ұсыныстар жасалып мәселенің болашақта әрі қарай зерттелу перспективасы белгіленді.
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
Мұрағат материалдарын, құжаттар мен әдебиеттерді зерттеп талдау және зерттеу барысындағы қол жеткізген нәтижелер, зерттеуге алынған кезеңдер қазақ бастауыш мектептеріндегі білім беру мазмұнының қалыптасуы мен дамуына республикадағы саяси- әлеуметтік және экономикалық өзгерістер ықпал еткенін екенін байқатты.
Қазақстан Республикасында қазақ бастауыш мектептеріндегі білім беру мазмұнының қалыптасып дамуының негізіне әлем халықтары, Ресей және Қазақстан педагогика классиктерінің жасаған теориялық ережелері алынды. Аталған мәселенің шешілу жолдары, қайнар көзі Я. А. Коменскийдің, И. Г. Песталоццидің, И. Гербарттың, К. Д. Ушинскийдің, Л. Н. Толстойдың, М. Н. Скаткиннің т. б . ғалымдардың еңбектерінде баяндалады.
Қазақстан Республикасы өз егемендігіне қол жеткізгеннен кейін жаңа қоғам сұранысына сай келетін жаңа білім беру мазмұнын құру қажеттігі туындады.
Республикадағы қазақ бастауыш мектебі мен білім беру мазмұнының дамуына қатысты мәселелер ең алдымен нақтылы-тарихи келістер позициясынан мәселенің шынайы жағдайына толыққанды талдау жасауды, осы саладағы жинақталған жағымды тәжірибені сақтап қалуды және әрі қарай даму жолдарын анықтауды талап етеді.
Мәселенің бұлай қойылуының себебі қазақ бастауыш мектептерінің білім беру мазмұнының бүгінгі жағдайы мен оны әрі қарай жетілдіру қажеттігінен туындады.
Ғылыми зерттеу жұмысын жүргізу барысында біз саяси жүйе өзгергенге дейін және өзгергеннен кейінгі уақыттағы қазақ бастауыш мектептеріндегі білім беру мазмұнының дамуына салыстырмалы талдау жасадық.
Бұл міндетті шешу үшін біз Қазақстан Республикасы өз тәуелділігіне қол жеткізер алдындағы кеңес дәуірінің соңғы жылдарындағы біздің еліміздегі саяси - әлеуметтік, экономикалық жағдайларға тоқталып талдау жасауды жөн көрдік. Біздің пікірімізше, жоғарыда аталған жағдайдың сипаты белгілі ғалым-тарихшы, академик М. К. Қозыбаевтың басшылығымен орындалған бір топ авторлардың «Учебное пособие по истории Казахстана с древнейших времен до наших дней» атты еңбектерінде өте жақсы бейнеленген.
Аталған еңбекте XX ғ 80 - жылдарының ортасында Кеңес одағын басқарған М. С. Горбачевтың қоғамды әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан өзгертуге бағытталған саясаты одан бұрынғы мемлекет басына келгендер сияқты өзін белсенді, демократияшыл реформатор ретінде көрсеткісі келгендігі туралы айтылады. Қоғамды реформалауға бағытталған әлеуметтік-экономикалық және саяси акциялар тарихқа «қайта құру» атауымен енді.
Ғалым - тарихшылар сол жылдардағы қоғам дамуын 3 кезеңге бөліп көрсетеді:
«Бірінші кезең - 1985 ж (СО КП ОК апрель пленумы) - 1987 ж.
«Екінші кезең - 1987 ж. жазы мен - 1989 ж мамыры»
«Үшінші кезең - 1989 ж. мамыры мен 1991 ж тамызы»
Бірінші кезеңнің мазмұнын жеделдету концепциясын жүзеге асыру мен тоқыраудан шығу жолдарының бірі маскүнемдікпен, бетімен кеткендікпен күресу, тәртіпті күшейту, республика басшыларының өзгеруі, соның нәтижесінде болған 1986ж. 17 желтоқсан оқиғасындағы әлеуметтік конфликт;
- популистік әдіс арқылы көзбояушылық өзгерістер жасау;
- тұрғын үй салудың мемлекеттік бағдарламасының жүзеге
асырылмауы;
- партия жұмысында «қазақ басшы орыстар мәселесімен, орыс басшы
қазақтар мәселесімен шұғылдану» қағидасының ұрандатылуы құрайды;
Екінші кезеңде:
- жеңілдетілген келіс арқылы экономиканы реформалау талпыныс -
тары;
- қоғамдағы өтіп жатқан процестерді «тоқырау» ретінде емес, «кризис»
ретінде сипаттала бастауы;
- жекеменшік және нарық арқылы мемлекеттің жолы туралы
аксиоманың кең өріс ала бастауы;
- социалистік нарық моделін құруға талпыныстың (жоспарлау мен
нарықты ұйымдастыруға талпыныс) жүзеге асырылмауы;
- мемлекеттік кәсіпорындар және кооперациялар туралы шала,
жетілмеген заңдардың шығуы.
Үшінші кезеңде:
- 1989 жылдың көктемінде өтілген халықтық парламенттің
сайлануы;
- азаматтық құқықтық қоғамды құрудың шарты ретінде нарықпен
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz