Қазақ бейнелеу өнерінің тарихы
Аннотация
Бұл еңбекте бейнелеу өнері туралы мол мағлұматтар қамтылған. Бейнелеу
өнерінің салалары туралы түсінік беріп, олардың түрлерін және олардың
техникасы мен технологиясына кеңінен тоқталып жазылған.
Сол сияқты композиция, оның заңдылықтары, колорит, кескіндемелік түс
тәрізді өте құнды материалдарға да мол орын берілген.
Жалпы алғанда көп ізденудің нәтижесінде жазылған бұл дипломдық
жазбадан сурет өнеріне қызығушы адамдардың керегіне жарайтындығын тауып
аларына сенеміз.
Кіріспе
Қайта жаңғырып, жастар тәрбиесіне арқау болып отырған халықтық дәстүр
– бұл күнде педагогтер қауымына ғана емес, бүкіл қоғамымызға ортақ
әлеуметтік қозғалыс. Халықтық дәстүр, әдет–ғұрып кешегі қариялардан,
ойшылдар мен сал-серілерден, шешен-билерден, ақын-жыраулардан мирас болып
қалған тәрбие құралы. Оның өміршең идеялары халықпен қайта қауышып,
жүректерден орын алуда.
Ұлттық салт-дәстүр жаңалық та, ғылым да емес, ол ежелден халықпен
бірге өмір сүріп келе жатқан тәлім-тәрбие мектебі. Педагогика ғылымы оны
өзіне негіз етіп отыр. Ал, оның оқу-тәрбие процесіне енуі шын мәніндегі
жаңалық.
Адамды адамгершілікке, имандылыққа, әсемдікке тәрбиелейтін өнер
саласының бір тармағы – бейнелеу өнерінің қыр-сырынан мағлұмат беру. Орта
мектеп мұғалімдерінің шығармашылық (творчестволық) іс-әрекетіне көмек
беретін теориялық және сарамандық (практикалық) нұсқаулардың мазмұнын
баяндау, жас жеткіншектердің ұлттық сезімдерінің қалыптасуына бейнелеу
өнері арқылы ықпал ету. Сонымен қатар ғылыми жұмыста бейнелеу өнерінен
бастапқы білімді меңгеру мәселесіне айрықша назар аударылады.
Қазір оқулық, әдістемелік құрал жеткілікті деу қиын, бірақ соны аз деп
қол қусырып отырмай, қолда барды тиімді пайдаланып, ізденімпаздықпен,
дәстүріміздің нәрін сабақта, сабақтан тыс тәрбие жұмыстарында жас
өспірімдердің бойына сіңіру бағытында ат салысқанымыз жөн.
Ұлттық сана-сезімді қалыптастыруға, насихаттауға қай пәннің болса да
ыңғайы мен мүмкіншіліктері мол. Соның ішінде – Сурет пәні сабақтарында
оқушыларға сурет салуды үйрету арқылы тәлім-тәрбиені оқу-тәрбие процесіне
арқау ету негізгі міндетіміз. Ұлттық тәрбие жүрекке жатық болғанымен ауқымы
шексіз, белгілі бір жүйеге келтірілмеген тың дүниелер. Бұл мұраларды
пайдалана білу үшін оларды терең оқып-үйрену, игеру қажет болды.
Мұндағы негізгі мақсатым: қазақ халқының үлкен өмірін, салт-
дәстүрімізді, өзім білетінді, естіп, оқып білгенімді өскелең ұрпақтарға
жеткізу, жеткізіп қана қоймай көз алдына елестету. Себебі: бұларды қала
балалары тұрмақ ауыл өмірінен де кездестіру қиын.
Ғылыми жұмыстың міндеті: осы жұмысты істей отырып, оқушыларға
композицияны құрастыру, суретін тұрғызу, оларды әр түрлі техникада бояудың
әдіс-тәсілдерін, технологиясын үйрету.
Көкейкестілігі: Батыстық мәдениет әлемді жаулап бара жатқан уақытта,
өз ана тілін сақтау, ұлттық дәстүрді, ұлттық мәдениетімізді сақтау, Ұлт
болып ұйыса алмасаң дегендей тіліңді, дініңді, діліңді сақтап қалу және
оны қазіргі ұрпаққа жеткізу бірінші кезекте тұр.
Жаңалығым: деп, шығармашылық жұмысымның мазмұны арқылы ұлттық танымды
оқушылардың бойына сіңіруге талпынуым мен суреттің құрылымына перспективаны
қолдануымды атар едім.
Қазіргі таңда оқушы білімін жетілдіруге аса қажетті, бейнелеу өнерін
таныстыра отырып, осы пәннің негізінен, сауат ашу ісін қамтуға тырыстым.
Дипломдық жұмыстың мазмұнындағы мағлұматтар болашақ ұстаздардың
педагогикалық қызметіне, олардың бейнелеу өнері саласындағы жеке өнерпаздық
түпкі ойының іске асуына септігін тигізіп, мектеп оқушыларының Бейнелеу
өнері пәні сабағын оқу барысында қажетіне жарайды деген ойдамын.
2. Қазақ бейнелеу өнерінің тарихы
Қазақстанның бейнелеу өнерінің қалыптасуы, даму үрдісі оның геосаяси
жағдайына, қазақ халқының көшпелік мәдениеті мен тарихи кезеңдердегі
көркемдік гүлдену дәуірлерімен тікелей байланысты. Қазақстанның көне өнері
бастауын палеолит және энеолит дәуірінен алады. Алғашқы қауымдық мәдениетке
саздан жасалған ыдыстардағы суреттер т.б. жатады. Қазақстандағы бейнелеу
өнерінің келесі даму кезеңдері – қола дәуірі. Өзінің мифологиялық мазмұн-
сюжеті, пластикалық өрнегі жағынан ерекше қуатымен көрінген кешенді таңбалы
тастар – Тамғалы, Бұғы тас, жоғары Ертіс алқабы, Орталық Қазақстан
ескерткіштері осыны айғақтайды. Сақ дәуірінен жеткен бейнелеу өнерінің
мұнарасы да аса бай. Есік қорғанынан табылған сақ өнерінің кешеніндегі
(б.з.б. 5-4, 4-3 ғасырлар) бүгінгі күнге дейін сақталып жеткен Алтын адам
соның ең бір көрнекті үлгісі.
Қазақстанның орта ғасырындағы өнері өзіндік өрнегімен ерекшеленеді.
Бұл кезеңдегі өнер тәңіршілдікпен, түркілердің қуатты саясатымен,
қалалардың салынып, сауда мен қолөнердің дамуымен үндесті. Балбал тастар
мен құлпытастар да осы кезеңнің туындылары. Зергерлік өнер, тері илеу, қыш
құю, тоқыма өнері дамыды. Қазақ халқының көркемдік ойлау жүйесі мен
бейнелеу тілінің байлығы ою-өрнек өнерінде белгі, таңба жүйесінде айқын
ізін қалдырған. Адам мен табиғатты тұтас бірлікте қарастыратын қазақтың
дәстүрлі дүниетанымы мен өнері киіз үйдің құрылысынан өз көрінісін тапқан.
18-19 ғасырлар мен 250 ғасырлардың басында қазақ халқының дәстүрлі өмір
салтын Еуропа және орыс ориенталистері өз туындыларында (Б.Залесский,
Шевченко, С.Хлудов) қызығушылықпен бейнеледі.
Қазақстанда кәсіби кескіндеме, мүсін, мозайка жанрлары қалыптаса
бастады. Оның негізін қалаушылар - Ә.Қастеев, Ә.Ысмайлов, Х.Наурызбаев,
т.б. Халықтық кәсіби бейнелеу өнері алғаш еуропалық көркемдік дәстүр
арнасында дамығанымен, кейіннен ғасырлар бойы қалыптасқан ұлттық дәстүр
негізінде өзіндік стильмен даралана бастады. Айқын ұлттық қолтаңбасымен
көрінген С.Мәмбеев, М.Кенбаев, Қ.Телжанов, С.Айтбаев, Т.Тоғысбаев, Ш.Сариев
(Қазақстан Тәуелсіздік алғаннан кейінгі суретшілер) сияқты дарынды өнер
шеберлерінің үлкен шоғыры қалыптасты. Халық өмірінің барлық қырын қамтыған
қазақ бейнелеу өнері – қазіргі таңда ірі өнер саласына айналған. 20
ғасырдың соңы ұлттық таным, төл тарих пен мәдениет тарапындағы ізденістер
қарқынды дамып, қазақ өнерінің жетіліп, ұлттық көркем бағыттар, түрлі
ағымдар, даралық стильдер туған кезең болды. Бұл бағытта Е.Мергенов,
Е.Төлепбай, А.Ақанаев, М.Сыдыхан, Т.Маданов, А.Есенбаев, А.Есдаулетов,
Б.Бапишев, А.Қазығұлов т.б. жемісті еңбек етті. Қазіргі кезеңде бейнелеу
өнері мәдени ескерткіштер, халық тарихының бастаулары, ұлттық ерекшелік,
т.б. құндылықтарға ден қою, тың ізденістерге бару. Адамзат мәдениетінің
арналы саласы ретінде қазақ өнерінің әлемдік бейнелеу өнерінде өзіндік орны
бар.
3. Бейнелеу өнері және оның түрлері
Қазіргі кезде қабылданып жүрген Бейнелеу өнері деген термин онша
дәл емес әрі ол қамтитын өнерлердің сипатын толық көрсете алмайды. Бейнелеу
өнері шығармаларында басты нәрсе олардың бейнеленгені емес, олардың нені
білдіргені екенін біз енді білеміз. Оның өзінде де егер әңгіме живопись,
скульптура, графика жөнінде, яғни әлденені тікелей бейнелейтін өнерлер
туралы болып отырса ғана. Ал декорациялық-қолданбалы өнер туралы не айтуға
болады; әшекейлі көне қобди немесе әсем өрнектелген ыдыс нені бейнелейді?
Ол мүлдем ештеңені бейнелемейді, бірақ көп нәрсені білдіреді. Ертеректе осы
өнерлердің бәрін белгілеу үшін пластикалық өнер, сымбатты өнер
терминдері қолданылды, - бірақ бұнда онша айқын, дәл болмай шықты. Ақыры
аяғында бейнелеу өнері терминіне тоқталды, біз де осы терминді
пайдаланамыз.
Бейнелеу өнері – ақиқат көрінетін дүниенің бейнесін кеңістік немесе
жазықтықта көрнекті суреттейтін өнердің түрі. Бұл өнер басқа өнер салалары
сияқты болмыстың көркем бейнесін адамның сезуінен туындайды.
Эстетикалық тәрбие негізінен жеке адамның эстетикалық талғамының
қалыптасуына, өнер шығармаларында бейнеленген ақиқат құбылыстардың
эстетикалық тұрғыдан ұғынуды дамытуға, көркем өнерпаздық қабілеттілікке
және өнер саласындағы өнерпаздық дербестікке бағыттайды.
Балалардың эстетикалық тәрбие мен көркемдік білім берудің нәтижелі
болуы үшін мұғалімдердің өзі бейнелеу өнерінің түрлері мен өзіндік
ерекшеліктерін жетік білуі қажет. Бейнелеу өнері алуан қырлы да алуан
түрлі. Онда жұмыс істеудің методтары мен техникасы туралы практикалық
мағлұматтар берместен бұрын оның түрлерімен және жанрларымен танысқан жөн.
ХІХ ғасырға дейін скульптура (мүсін өнері) және живопись (кескіндеме)
өнердің басты түрі болып есептеледі. ХІХ ғасырдың аяғына қарай өнердің бір
түрі графика (сурет, гравюра, литография) қызметтік және қосалқы түрден
өнердің жеке және мүлдем дербес түріне айналды. Соңғы жиырма жылдықта
өнердің дизайн сияқты түрі де өте айқын бейнесін тапты.
3.1 Скульптура (мүсін өнері)
Мүсін өнері – шындық өмірді өзінің ерекше әдісімен көркем бейнеде
көрсететін бейнелеу өнерінің бір түрі. Скульптура - атауы латынның
sculpture - бірдеңені ойып алу, қашау деген сөзінен шыққан. Алғашында
осы әдіспен жасалған шығармаларды білдіреді, кейіннен жұмсақ материалдан
(сазбалшық т.б.) сомдалған мүсіндер де осы ұғыммен аталды. Мүсін өнері
негізінен екі түрге бөлінеді:
1. Бедер (рельеф) – көлемді бейненің жазықтық бетінде сәл шығыңқы
етіп бейнеленетін түрі.
2. Дөңгелек мүсін – бейнелеу объектісінің нақты, көлемді
бейнеленуі.
Бұл өнер еш толқымастан бейнелеу өнері деп атауға болатын өнер: ол
шынында да адамдарды, хайуанаттарды, түрлі заттарды бейнелейді. Оның сәулет
өнерімен ортақ жайты бар: оның басты әсерлілік құралы – аумақты форма және
ол да қатты әрі ұзақ сақталатын материалдардан ағаштан, тастан, металдан
жасайды. Бюст, статуя немесе бейнелер тобын жасау үшін көп уақыт және көп
еңбек, әсіресе мүсінді тастан шапқан кезде, тіпті жай дене күшінің өзі көп
қажет. Оның есесіне ол, сәулет өнері сияқты, ұзақ сақталады, сондықтан
көптеген скульптуралық туындылар ғасырды емес, мыңдаған жылдарды басып
өтіп, мысалға, ежелгі Мысырдың патша әйелі Нефертитидің басы сияқты, күні
бүгінге дейін біздерді толғандырып келеді.
Мүсін өнерінің әсерлілік құралдары графикамен және әсіресе
кескіндемемен салыстырғанда өте шектеулі: мүсінші композицияға қоршаған
ортаны кіргізе алмайды, кеңістік тереңдігін бере алмайды, бәрі де
фигуралардың өзімен – олардың формаларының жинақталуымен немесе өңделуімен,
қимылымен, материалмен, фактурамен білдірілуге тиіс.
Қаланың архитектурасымен, оның алаңдары мен көшелерінің кеңістігімен
байланысты монументтік мүсін өнерінде образдың жинақтылығы, оның
аллегориялылығы ерекше айқын көрінеді. Ескерткіштер ғасырларға салынады,
сондықтан олардың бірегей де біртұтас образы өз уақытының үлкен идеяларын
нақтылы түрде көрсетуге тиіс. Мүсіндер өздерінің формалары жағынан
қарапайым да айқын болуы, алыстан оңай қабылданатындай әсерлі силуэтке ие
болуы тиіс.
Мүсін өнерінде материалды таңдау да ешқашан кездейсоқ болмайды – бұл
образдың құрама сипаттамаларының бірі; суретші жұмысты ой елегінен өткізе
отырып, оған арналған белгілі материалды да міндетті түрде есте ұстайды.
Формалардың – ол бірде дөрекі жинақталған, біресе бейне бір сусып, ағып
тұрғандай болады, енді бірде бір үстіңгі бет екінші үстіңгі бетке елеусіз
де нәзік ауысып өткен кезде жұмсақ та шымыр дөңгеленіп жатады.
3.2 Графика және оның түрлері
Графика – қағаз не қатырмақағазға (картонға) қарындаш, қаламұш, көмір,
қылқалам көмегімен немесе арнайы баспа машиналарымен салынған сурет. Бұл
сөз гректің qrapfo жазамын, сурет саламын деген сөзінен шыққан.
Графика шығармаларына қарындашпен салынған суреттер, гравюралар, кітап
иллюстрациялары, газет суреттері, карикатуралар, плакаттар, түрлі
жарнамалар, маркалар жатады. Кескіндемемен салыстырғанда графика неғұрлым
шартты, ол түстер мен формалардың бүкіл байлығын бере алмайды, графика
оларды жеңілдете отырып, ең негізгісін таңдап алады. Графика өнерінің
кескіндеме өнерімен кейбір белгілері ортақ: онда да жазықтық үстінде
бейнелеу орын алады. График, кескіндемеші сияқты, перспективаны меңгеруге,
анатомияны білуге, сурет сала білуге тиіс. Бірақ егер кескіндемеде түс және
ол жасаған колорит бірінші орында тұрса, ал сурет қажетті, бірақ әйтсе де
көмекші қызмет атқарса, графикада суреттің ролі шешуші, мұнда ол өнердің
дербес түріне айналады. Графикада сызықтар, штрихтар, ашық және қара қоңыр
дақтардың ара қатынасы жетекші маңызға ие болады. Рас, графика өнерінің
кейбір түрлерінде түстер де пайдаланылады, бірақ оның ролі, әдетте,
шектеулі, қызметтік дәрежеде ғана болып қалады.
Ең сараң графика – заттардың тек нобайын ғана беретін сызықтық сурет,
бірақ мұндай сараң сурет те көп нәрсені – адамның типін, характерін,
қимылын бере алады. Суретшінің көзбен дәл өлшеуі, мінсіз талғамы және
сенімді қолдары сызықтарға болмашы ауытқулар бере отырып, оны аздап
жіңішкерте немесе жуандата отырып, оған түрлі характер береді.
Форманы пішіндетуге, жарық пен көлеңкені және бір жағынан заттың
фактурасын беруге қабілетті штрихтық суреттің мүмкіндіктері үлкен.
Сурет түстермен боялуы мүмкін, әдетте бұл акварельмен немесе
пастельмен жасалады. Бұл кескіндеме емес, заттардың түстік сипаттамасына
жасалған ишара ғана, басты міндет форманы беру болып қала береді.
Графикаға гравюралардың барлық түрлері де жатады, суреттерден
айырмашылығы сол, оларды көп дана етіп көбейтуге болады.
Графикалық өнердің ең көп тараған түрі – плакат. Оның түрлері аз емес,
бірақ олардың ішіндегі ең бастысы – қоғамдық өмірде елеулі роль атқаратын
саяси, үгіт плакаты. Плакаттың аса маңызды ерекшелігі суреттің қысқаша
жазумен мағыналық және композициялық жағынан бірігуі болып табылады.
Плакаттың мақсаты – үндеу және көз жеткізу. Сондықтан ол өзіне бірден
көңіл аударатындай, өте анық та тұжырымды болуы керек.
Плакат та бейнелеу өнерінің шығармасы, бірақ оның ерекшеліктері бар.
Алаңға ілінген плакатты көру үшін ешкім арнайы бармайды. Плакат өз
көрерменін өзі тауып, оның көңілін өзіне аңдаусызда аударатындай, керек
десеңіз адам жүріп бара жатып плакатқа бір рет көз тастағанда-ақ оған
белгілі бір ойды сіңіріп үлгеретіндей болуға тиіс.
Плакаттың өмірі қысқа – бірнеше күн ғана, көп болғанда ашық аспан
астында жарнама стендінде бірнеше апта ғана тұрады. Бірақ өзінің қысқа
ғұмырында ол жауынгерлік, уақытқа үн қосу міндетін мінсіз атқарып, мінез-
құлықтары да, жас шамалары да әртүрлі адамдар арасында үлкен насихат
жұмысын жүргізіп үлгереді.
Сатиралық графика – карикатура да бүгінгі өмірде айтарлықтай роль
атқарады. Олармен біз, газеттің немесе журналдың кезекті санын аша отырып,
күн сайын ұшырасамыз.
Графика үшін тұтас алғанда қолданылған түстің шарттылығы, образдың
жалпылығы, әсірелеу мен символика тән.
Қағаз бетіне салынған литографиялар, түсті гравюралар, түрлі түсті
қарындаш және бормен салынған суреттер де графикаға жатады.
- Гравюра (қырма) – таңдап алынған тақта бетіне (ағаш, қатырмақағаз,
линолеум, плексиглас, т.б.) арнаулы аспаптармен оймыштап сурет салу өнері.
Сурет ойылған тақтаны да, одан көшірілген басылым суреттері де осы атаумен
атайды. Гравюра сөзі француздың qrawer ою, нақыштау деген сөзінен
шыққан.
- Ксилография – ағашқа салынған гравюра.
- Литография – тегіс гравюра. Суретші ойлаған суретін арнайы
тегістелген әк (известь) тасқа майлы тушьпен не қарындашпен салынады. Сонан
соң салынған тасты азот қышқылы еретіндісімен өңдейді. Тастағы майлы
қарындаштың, тушьтің ізі қышқылды қабылдамайды. Керісінше литография бояуы
сурет салған іздерге жұғады. Міне осы әдіспен сурет қағазға басылады.
- Иллюстрация – шығарманың мазмұнын баяндайтын сурет, ол – кітап
графикасының негізі.
4. Кескіндеме және оның түрлері
Кескіндеме - өнер әлеміндегі орасан зор, өзіне еліктіріп әкететін,
сиқырлы аймақ. Ол адамзат дамуының таң шапағында, біздің тарихтан бұрынғы
ата-бабаларымыздың үңгірлерінде дүниеге келді. Сан ғасырлар бойына
суретшілердің басшылыққа алған идеялары, олардың ұмтылыстары өзгеріп
отырды, стильдің орнын екінші стиль басты, бірақ бәрібір кескіндеме жасап,
дами берді.
4.1 Фреска
Фреска – кеппеген дымқыл сылаққа сулы бояумен салынған кескіндеме
шығармасы. Ол италян тілінде fresco - шикі, жаңа, жас деген мағынаны
білдіреді. Фрескамен негізінен ғимараттардың ішкі қабырғаларын, төбесін
әшекейлейді.
Фрескалық кескіндемеде барлық дерлік белгілі ұнтақ пигменттер: кадмий,
стронций, көк жасыл бояу, кобальт, ультрамарин, барлық топырақ бояулар
қолданылады. Сылақ әкпен өзара әрекетке түсетіндіктен тек берлин лазуры мен
қорғасынның ақ бояуын ғана қолданбаған жөн.
4.2 Мозайка
Мозайка ежелгі және өте ерекше монументтік (яғни архитектурамен
байланысты) кескіндеме. Мозайкалық шығармалар қылқаламдар мен бояулармен
жасалмай, жекелеген түрлі түсті тас кесектерінен немесе смальта деп
аталатын – оны күңгірт және түрлі түске боялған, өзгеше жалт-жұлт еткен
фактура – бейнелеу өнері шығармаларының осы түріне тән сапалар. Оның үстіне
мозайкаға ұзақ мерзімділік те тән. Заманымыздан көп бұрын Ертедегі
Грецияда, Римде, ал одан кейін Византия мен Ертедегі Русьте, мысалы, Киев
Софиясындағы ХІ ғасырдың тамаша мозайкалары сияқты жасалған шығармалар
өзінің барлық бабында бізге дейін жетті.
Мозайка үшін суы және аздап қосылған трепел мен гипсі бар цемент пен
құмның қоспасынан грунт әзірлейді. Эскиз бойынша табиғи көлемде түрлі-түсті
картон жасап, одан калька түсіріп алады. Сол бойынша құрғақ мозайканы
уақытша жинау жүргізіледі. Мұндай уақытша жинауда ақырғы шешім табылған
кезде, оны бөлек-бөлегі мен ақырғы жиынтыққа көшіреді. Бұл жұмысты екі
әдіспен – тіке және кері әдіспен, яғни бейне бір теріс жағынан жұмыс істей
отырып, жүргізуге болады.
Мозайканың шартты түрде классикалық деп атауға болатын біз сипаттаған
түрінен басқа, флорентиялық мозайка деп аталатын тағы бір түрі бар. Бұл –
композицияны бейне бір кескіндеме жағындылары сияқты болып көрінетін ұсақ
тастардан жасау емес, бірден айтарлықтай ірі бейнелеу детальдарынан, үлкен
өңдік жазықтықтардан жасау.
Мозайканың флористика деп аталатын тағы бір ерекше, өзгеше түрін атап
өтелік. Бұл - өсімдіктердің сан қилы жапырақшаларынан, сабандарынан,
бұтақтарынан жасалатын мозайка.
Ағаш мозайка – кең тараған күйдіруге немесе кесуге қарағанда, ағашты
көркем өңдеудің, сөз жоқ, неғұрлым бай да қызықты түрі. Мозайкада
ағаштардың сан алуан тұқымдарының түсі мен текстурасының (талшықтардың
суреті) барлық байлығы көркем ой елегінен өткізіліп пайдаланылады.
4.3 Витраж
Витраж - сөзі французша Vitre - әйнек деген сөзден шыққан және
қорғасын желілермен біріктірілген түрлі түсті шыны кесінділерімен
әйнектелген, кейде орасан зор көлемдегі терезені білдіреді. Осы бір жалт-
жұлт еткен түрлі түсті мөлдір әйнектер қандай да бір ою-өрнекті, кейде
тіпті сюжеттік картиналарды құрайды. Бұл - өнер Батыста орта ғасырда
шіркеулерді сәндеу ретінде туып, кейін ұмыт болған, бірақ енді жаңа
мазмұнмен және формаларда қайта өмірге келді.
5. Кескіндемелік техника
Бейнелеу өнерінің орыс тілінде Живопись суреттегі нәрсені
өмірдегідей қып тірілте бейнелеу деп аталатыны да осыдан. Кескіндеме – ең
бір ежелгі өнер. Ол көне дәуір мен Қытайда өрлеу дәуірінде де Ежелгі Египет
пен Грецияда да өмір сүрген.
Кескіндеме – бұл жазықтықтың бетіне (кенеп, ағаш, үй қабырғасының
беті) жағылған әр түсті бояу қабаттарының көмегімен жасалынатын өнер
шығармасы, кескіндеменің графикадан айырмашылығы осында. Кескіндеме
шеберлері әр заманда әр түрлі әдіс қолданған. Ол көбіне көп қандай тәсіл,
қандай болудың пайдалануына тікелей байланысты.
Қолданылатын материалдарға: (бояу) байланысты кескіндеме техникасының
түрлері мынадай болады: майлы бояу кескіндемесі, акварель, темпера, және
т.б.
Майлы бояуды – пайдалану Х ғасырдан, ал дәстүрге айналуы XV ғасырдан
басталды. Ол алғаш дәстүрге енгізушілер ағалы–інілі Нидерланд суретшілері
Ван Эйктер деседі. Ол қолданғандай, жеміс майына (жаңғақ, зығыр) езілген
ұнтақ бояулар тез кебеді, әрі ерекше ажарлы болып көрінеді.
Акварель – суда жеңіл енгізілетін, балға немесе желімге араластырған
бояумен салынған кескіндеме түрі. Ол латынның aqua – су деген сөзінен
шыққан. Бұл сөз суға езілетін бояуды да, сол бояумен салынған шығармаларды
да білдіреді. Акварель бояуы қағаз бетіне мөлдіреп түседі, сол мөлдірлік
акварельмен салынған шығарманың ең басты қасиеті болып табылады.
Темпера – сөзі бояудың атын да сол бояумен салынған шығарманы да
бірдей білдіреді. Темпера бояуы жұмыртқаның сары уызына немесе басқа
желімдейтін материалға ұнтақталып дайындалады, бояу суда езіледі, бірақ
кепкеннен кейін жуылмайды.
Гуашь – ең тығыз, күңгірт бояу. Онымен сәтсіз жерлерді – неғұрлым
қара–қошқыл бояуларды неғұрлым ақшыл бояумен және т.б. толық жауып жіберуге
болады. Жабылған алдыңғы қабат мүлдем көрінбейді. Біртектес, әсіресе, үлкен
түстік жақтар өте әдемі. Гуашьпен жұмыс істеудің қиындығы мынада: кепкен
бояу жағындылары оңай жібиді. Гуашь декорациялық – безендіру және плакат
жұмыстарында, театр эскиздері мен кітап графикасында мейлінше үлкен
табыспен қолданылады.
Гуашьқа пигменттің өзінен, байланыстырушы заттан (мысалы,
декстриннен), жұмсартушы және бұзылудан сақтаушы заттарды аздап
үстемелеуден басқа, толтырғыш – ақ бояу, бор немесе каолин қосылады. Бұл
толтырғыш гуашьты мөлдір етеді.
Пастель – сөзінің ұғымы Италияның pasta сөзінен алынып, қамыр
деген мағынаны білдіреді. Пигменттің түрлі түсті ұнтақтарынан, бор мен
шайырдың қосындысын араластырып, илеп, арнайы қамыр жасайды. Сосын осы
қамырдан жұмыр таяқшалар жасап, оны кептіреді. Борларды кейде суға езеді,
оны суретшілер акварель, гуашь бояуларымен жұмыс жасағандай пайдаланады.
Пастельдің өзіндік ерекшелігі: бұл материал бір мезгілде әрі
кескіндемелік, әрі суреттік материал болып есептеледі.
6. Композиция
Суретші өз шығармасында айтпақ ойдың, анық әсерлі болуы үшін онда
бейнеленетін нәрсе мен оның айналасындағы ортаны өзара орналастыруға ерекше
көңіл аударады.
Композиция өнері дегеніміз ол латынның compositio – ойлап табу,
құрастыру деген сөзінен шыққан ұғым.
Табиғат әлеміне тән композициялық бастама (бүтіндік, симметрия, ырғақ)
өнерде өзіндік ерекшелігімен сипатталады. Композиция – барлық өнер түріне
тән.
Композицияның бастауы архитектуралық құрылыс негізінде, музыкалық және
әдеби шығармалар, мүсіндеу (скульптура), кескіндеме (картина), театр
құрылымдары мен кинофильмдер негізінде жатыр.
Танымал суретшілердің өнерпаздық өрлеуін талдап айғақтайтындай,
олардың теориялық еңбегі – композиция заңдылықтарының негіздері деп
мыналарды атауға болады.
1. Бүтіндік заңы.
2. Үлгі (типозиция) заңдылығы.
3. Қарама–қарсылық (контраст) заңдылығы.
4. Композицияның барлық заңдылықтары мен амалдарының негізгі идеялық
түпкі ойға бағынуы.
1. Бүтіндік заңының сақталуының нәтижесінде өнер шығармалары бір тұтас
қалпында қабылданады. Бүтіндік заңының мәні композицияның тұтастығын
көрсетеді. Бұдан біз композицияны жеке дербес бөліктер жиынтығы ретінде
қабылдау мүмкін еместігін байқаймыз.
2. Үлгі – заңдылығы бейнелеу өнері шығармасындағы жағдай мен мінез
үлгісінің нақтылы берілуін, композициядағы іс–әрекеттің өрістеуін
көрсетеді.
3. Қарама–қарсылық заңдылығы түс қарама–қайшылығын, объект пішінінің
айырмашылығын, көңіл қарама–қайшылығын бейнелейтін адамдардың
психологиялық жағдайының бейнелеуін қарастырады.
4. Композицияның барлық заңдылықтары мен амалдарының негізгі идеялық түпкі
ойға бағынуы – суретші туындысындағы ұғымның бүтіндігін, шығарманың
айқындығын, идеялық мазмұндығын, ондағы жоғары көркем шеберлікті
байланыстырады.
Композицияның маңызын ашатын амалдар.
1. Ырғақ (ритм).
2. Композицияның сюжетті ортасы.
3. Симметрия және ассимметрия.
4. Басты тұлғаның екінші орынға орналасуы.
1. Ырғақ – композициядағы бейнелеу объектісінің кезектесіп орналасуының,
олардың нақтылы реттілігінің көрсетілуіне мүмкіндік береді. Сонымен
қатар ондағы бейнеленетін адамдар мен жануарлар тұлғаларының қимыл
үстінде берілуіне жағдай жасайды.
2. Өзіне ерекше назар аударатын, композицияның идеялық мазмұнын ашатын
басты бөлігі – композицияның сюжеттік ортасына жатады.
3. Симметрия атауы композицияның оң және сол жақ бөлігінің салмағының,
пішінінің, түсі мен реңінің тепе–теңдігіне, ондағы бар элементтердің
өзара үйлесімділігіне, сұңғақтығына тұжырым жасайды. Композициядағы
бейнелердің ассимметриялы орналасуы – кескіндемені салмағы, пішіні,
өңі жағынан тең 2 бөлікке бөліп қойғандай әсер қалдырмайды, ондағы
бейнелер тынымсыз, бір–бірімен араласып, тепе–теңдік жағынан ауытқып
жатады, бірақ кескіндемедегі жалпы тепе–теңдік композициялық
ырғақтылықтың айқын көрсетілуі нәтижесінде сақталады.
4. Картиналық жазықтықта белгілі бір арақашықтықта бір заттың бірнеше рет
қайталанып жасалуын, келуін ырғақ (ритм) немесе композициялық қатар
деп атаймыз. Әр қатарда орталықты ұстап тұратын басты фигура болады.
Элементтер арасындағы арақашықтық интервал деп аталады, ал ырғақты
қатарды бір–бірінен бөліп тұрған кеңістік пауза (үзіліс) деп аталады.
Композицияны түсінудегі психологиялық көңіл күйдің туындауына себеп
болатын айқын орталық бола алғанда ғана ондағы басты тұлғаны екінші
орынға орналастыруға болады.
Мұғалімнің композицияны оқытудағы негізгі міндеті, дүниеге
келетін бейненің қағаз бетімен тығыз байланыста болатынын оқушыларға
түсіндіру. Салынған суреттің қағаз бетіне орналасуына байланысты одан
туындайтын сезім де әр түрлі болатынына оқушылардың назарын аударып
отыратын жөн.
6.1 Композицияны құрастырудың бірізділігі
1. Суретті қағаз бетіне үйлестіру (компановка) – кескіндеме (картина)
элементтерінің пішініне сәйкес орналасуы.
2. Суретті құру – жалпылама (немесе геометриялық) пішіннен нақты суретке
көшу.
3. Тон (өң) жалпылама (өзгермелі) және жергілікті болып 2 топқа
бөлінеді.
– Жалпылама (өзгермелі) өң жеке бірнеше нәрсенің (заттық) жалпы
салыстырғанда басқаларынан күңгірттеу немесе ашықтау болуы.
– Жергілікті тон – нәрсе (зат) бөліктерінің жарықтың түсуіне байланысты
айырмашылығы.
4. Түс (цвет) – бір өңді нәрседегі түс дақтарының көп түрлі болуы.
5. Жағыс (мазок) пішінді айғақтайды, зат өңінің сипатын беруге мүмкіндік
жасайды.
6. Бояудың гармониялық үйлесуі. Бояулардың өзара үйлесімді болғаны және
әр композицияда қайталанбағаны жөн.
7. Кескіндемелік колорит
Түстану – түс құрылыстарына түсінік беретін және оның шығу
тегін, сырлы дүние әлемін бақылау құбылыстарынан байқалуын оқытып үйрететін
ғылым. Сонымен қатар ол көз жанары физиологиясын көз мүшелерінің жұмысын
оқытып білдіреді, әрі көркем суреттен әр алуан сарамандық іс–әрекетті
теориялық тұрғыдан тұжырымдайды.
Түс туралы ғылым бейнелеу өнерінің болашақ ұстаздарына жәрдем береді,
оларды ақиқатты біліммен қаруландырады. Түстану біршама жас ғылым. Ол әлі
де соңына дейін шешімін таппаған мәселе, ал белгілі болғандарының өзі білім
жүйесінің тұтастығын ғана құрайды.
Түстану туралы ілімнің негізі И.Ньютон, М.В.Ломоносов, Я.Т.Юнг тағы
басқалардан бұрын қаланған болатын, ал түстану ғылым ретінде тек қазіргі
заманда ғана өндірістің әр саласына (тоқыма, лак, және бояу жасау,
полиграфия) енді. Орыстың ұлы ғалымы М.В.Ломоносов қазіргі таңда физикалық
оптикада аса маңызды қызмет атқаратын үш түсті колоиметрияның, сонымен
қатар үш сыңар түсті көрудің теориялық негізін салды.
Басты түс спектрлері: қызыл, көк, сарыны бөле отыра, М.В.Ломоносов бұл
түстерді суретші ретінде кескіндеме, мозайка жұмыстарында қолданған
болатын. Осы аталған басты үш түрлі бояу түсін кескіндеме салғанда әрдайым
басшылыққа алған жөн.
7.1 Кескіндемедегі түс
Кескіндемеде түс бәрін айқындайды, мұнда ол жетекші орынға ие болады
және барлық күш–қуатымен өркен жаяды.
Түс – кескіндеменің жаны. Шынында да реалистік кескіндеменің көркемдік
құралдарының негізін суретпен және жарық пен көлеңкемен бірлікте түс
құрайды. Кескіндеме – біздің қайсы бір заттар туралы білімдеріміз жөніндегі
протоколдық есеп емес, осы білімдерге сәйкес суретті боямалау емес, түстік
жағдайды оны нақты жағдайларда біз қабылдағанымыздай етіп, көркем бере
білу.
Біз қиярдың жасыл, помидордың қызыл, ал қардың ақ екенін тәжірибеден
білеміз. Біз картинада оларды осындай бояулармен бояй аламыз ба? Жасыл
қиярды кескіндемелік шығармаларда іс жүзінде сұрғылт немесе көк дерлік,
немесе тіпті қызыл дерлік (мысалы күннің батып бара жатқан күн сәулесінде)
болып шығуы мүмкін. Егер картинада қарды бір ғана ақ бояу боясақ, қар
сияқты әсер қалдырмай, жәй ақ дақ болып шығады. Мұның бұлай болатын себебі,
ақ қарда мыңдаған – қызғылт, алтын түстес, көгілдір және күлгін реңктер
болады.
Егер заттардың дәл өзіндей түстерді көшірмесек, табиғаттың түстік
сан құбылмалылығын қалай нанымды беруге болады? Бәрін де картинада дұрыс
табылған түстердің өзара қатынастары шешеді. Заттың түсімен сәйкес келетін
бояуды таңдай алуға ұмтылу ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz