Қазақ гобелен өнерінің қалыптасуы


Пән: Өнер, музыка
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Қазақ Мемлекеттік қыздар Педагогика Институты

«Тарих- экономика» факультеті

«Кәсіптік оқыту және еңбек» кафедрасы

Реферат

Тақырыбы: Қазақ гобелен өнерінің қалыптасуы

Орындаған: Тустикбаева Дамира

«Бейнелеу өнері және сызу» 3 курс

Тексерген: Оқытушы: Бакжанова А

АЛМАТЫ 2008ж

Ж О С П А Р :

І. КІРІСПЕ

Халықтық қолөнер

ІІ. НЕГІЗГІ БӨЛІМ

  1. Қазақ гобелен өнерінің қалыптасуы.

2. Атақты гобеленшілер

ІІІ. ҚОРЫТЫНДЫ

І. КІРІСПЕ

Халықтық қолөнер

Қолөнер - халқымыздың ұлттық мұрасы. Қазақтың ұлттық қолданбалы өнер тарихы көшпелі өмірдің салт - дәстүрімен тығыз байланысты. Халық шеберлері ұлттық қолөнер мұраларын өмірге әкелді. Яғни, ұста, ағаш шебері, зергер, ісмерлердің тынымсыз еңбегі арқылы қазақ қолөнерінің көркем туындылары пайда болды.

Атап айтатын болсақ, ұсталар: найза, қылыш, айбалта, семсер сияқты қару - жарақ түрлерін әзірлеген. Қолөнер қашанда заман, өмір ағымымен бірге т уындап, дамып отырады. Қазақ қолөнерінің өсу жолы, өзіне тән даму тарихы бар. Ол тарих сонау көне замандардан басталады. Қазақ халқы кең байтақ республика жеріндегі ертеден қалыптасқан көне мәдениеттің тікелей мұрагері ғана емес, сол дәстүрлерді дамытушы, жаңғыртып байытушы. Бұл процеске әр кезеңде қазақстан аумағына жан - жақтан келген көшпелі тайпалап мен халықтардың, сондай - ақ Ресей, Орта Азия халықтарының да мәдениеті әсер етті. ХІХ ғаысрдың екінші жартысы мен ХХ ғасырдың басында қазақ халқының дәстүрлі қолөнері айтарлықтай жоғары деңгейге көтерілді. Революцияға дейінгі қолөнердің дамуына қазақ қауымының әлеуметтік - экономикалық жағдайы, көшпелі өмірден біртіндеп отырықшылыққа көшу процесі, көрші елдермен, әсіресе Ресеймен сауда қатынасының, шаруашылық және мәдени байланыстарының арта түсуі, тағы да басқа көптеген ішкі - сыртқы факторлардың әсері айтарлықтай ықпал етті. Ол кездегі қазақ ауылының көпшілігі қаламен тығыз байланыста болмады. Сондықтан олардың өзіне қажетті үй бұйымдарының басым көпшілігін қаладан сатып аларлықтай мүмкіндігі болмағандықтан, халық шеберлерінің жасағандарын пайдаланды. Тоқыма өнері көнеден келе жатқан қолөнердің бір түрі болып табылады. Кілем тоқушы шеберлер қазақтың ұлттық өнеріне өз үлестерін қоса білді. Тоқыма өнерінің түрлері - кілем, алаша, ши тоқу, гобелен өнері жылдан - жылға дамып келеді. Әсіресе қолөнер кәсібімен айналысқан шеберлер шығармашылығы қазақ халқының мәдениетін жаңа қырынан байытып отырды. Қолөнерге әр дәуір өзінше өшпес із қалдырып, көркемдік жағынан өз әсерін тигізді.

ІІ. НЕГІЗГІ БӨЛІМ

1. Қазақ гобелен өнерінің қалыптасуы.

Гобелен өнерінің шығу тарихы ХХ ғасырдың басынан басталады. Атап айтқанда, Франция, Италия, Испания, Германия елдерінде жақсы дамыды. Кейінірек, Прибалтика, Кавказ және Ресейде де кең өріс алды. Гобелен тоқуда кендір жіп, теңіз шөптері және жүннен иірілген жіп пайдаланылды. Прибалтика елдері гобелен тоқуда композициялық суретті толқын тәрізді бедерлесе, Кавказ гобелен тоқымашылары өз шығармаларында тарихи оқиғаларды, эпостарды бейнелеуге тырысты. Ресей суретшілері гобеленді тықыр кілем үлгісімен тоқып, оны сюжеттік суреттермен бедерледі.

Гобелен көркем шығармашылық туындыға жатады. Сондықтан гобелен өнерінің сәндік қолданбалы өнерде алатын орны ерекше. Гобелен өнерінің қазақ қолөнеріне қадам басуы, қарқындап дамуы 1970 жылдардан басталды. Осы жылдары біздің елде тақырыптық, терең философиялық мазмұнды көркем туындылардың алғашқы бастамасы қалыптасты. Ұлттық дәстүрлі тоқыма өнері аз уақыт ішінде жаңа сипатқа ие болып, гобелен өнерімен тоғысты. Бұл өнерді дамытуға ерекше үлес қосқан Қазақстан суретшілері ретінде Қ. Тыныбеков, Б. Зәуірбекова, И. Ярема, Ә. Бапанов, С. Бапанова, Л. А. Анисимова, К. Жұбаниязова, С. Г. Иляева, А. Иханова, Е. П. Николаева, Н. И. Павленко, Б. Өтепов, Ш. Қожаханов, т. Б. Атауға болады.

2. Атақты гобеленшілер

Құрасбек Тыныбеков /1947 - 1980/ шығармашылығының дамуы тікелей гобелен тоқу өнерімен байланысты. Оның шығармашылық ізденісіндегі басты жетістігі - классикалық гобелен тоқу дәстүрін ұлттық өнер дәстүрімен сабақтастыру болып табылады. Ең алғаш орындалған гобелендері: «Шопан» /1970/, «Отбасы» /1973/, «Көктем» /1974/, «Тау мен дала» /1975/. Осы туындылар қазақ гобелен өнеріндегі композициялық құрылымы күрделі, бояу үндестігі басым туындылар болып табылады. Сондай - ақ «Өмір ағашы» /1976/, «Байқоңыр ырғақтары» /1977/, «Аққу әні» /1980/, «Композиция» секілді гобелендері де өздерінің терең философиялық мазмұнымен ерекшеленді. Олардың композициялық құрылымында фольклорлық сарын басым. Құрасбек Тыныбековтың шығармашылығының бас кезі өнердің жаңа түрі - гобеленнің жаңғыру, қалыптасу, өзіндік бейнелеу құралдарын зерделі іздестіру кезеңіне сәйкес келді. 1970 жыл студент кезінде - ақ Құрасбек Тыныбеков Қазақ КСР - інің 50 жылдығына арналған Республикалық халықтық сән және қолөнер көрмесінде өзінің тұңғыш жұмысын көпшілік назарына ұсынды. Бұл оның өнерге бағыштаған жарқын ғұмырының бастамасы еді. Құрасбек Тыныбековтің шығармашылық жолы ғажайып тиянақтылығымен, тұтастығымен ерекшеленеді. Суретшінің алғашқы жұмыстарының өзі - ақ өн бойында жеке нақыштарды, кейінгі шығармаларда байытылып жататын айрықша композициялық сапаларды жинақтады. Құрасбек Тыныбеков гобелендер, текеметтер, батиктер /алуан өрнектермен безендірілген маталар/ жасау барысында әр түрлі техникады жұмыс істеді. Халық өнерінің дәстүрлерін шығармашылықпен тең өрістетудегі екі бағытты Құрасбек Тыныбековтың киізден басқан бұйымдарының да үлгісінен байқауға болады.

«Дала әуені» /1972/ текеметі шебердің киіз басу тәсілінің тосын эффектілерін: көмескілікті, басыңқылықты, суреттердің құбылмалылығы мен бояулар аусуының толқымалылығын тап басып көрсетеді. Ал «Аспан» /1973/ текеметінің стилистикасы ХХ ғасыр өнеріне жатады. Суретші түзген абстрактілі композицияда көне материал жаңа дәуірдің көркем идеяларымен үйлесім табатын тамаша құралға айналған.

Сонымен Құрасбек Тыныбековтің шығармашылығында дәстүрлерді игерудің екі деңгейі көрінеді. Егер оның біріншісі үшін халық өнері үлгілеріне етенелік тән болса, екіншісіне - дәстүрлі тәсілдерді шығармашылықпен қолдана алатын қазіргі заман суретшісінің дербес ой түюі маңызды. Ол өз алдына нақ бір көне белгілер құрылымына қазіргі кезде ұмыт болған әу бастағы мән - мағынасын қайтару міндетін қойғандай боп та көрінер еді.

Оның алғашқы «Шопан», «Отбасы» гобелендерінен біз бұл ұмтылысты біршама сезінгендей боламыз. Шопанның қолындағы қошақан - жартылай жануар, жартылай ою түрінде бейнеленеді, ол «қошқар мүйіз» оюына жақын. Аспандағы бұлт ою түрінде ұшып барады. Жеке оюлық мотивтер бірде аспандағы жұлдыздарды, бірде желдің ұйтқуын, бірде киім бүрмелерін бейнелей отырып, Құрасбек Тыныбеков гобелендерінің кеңістігін тұтастай қанықтырып жатады.

Бәтима Зәуірбекова /1946 жылы туған/ ең алғашқы туындыларында сәндік ұлттық ою - өрнектерді сюжеттік көрініске ұластырып көзге түссе, кейіннен тақырыптық дүниелер жасауға бел байлады. Бәтима Зәуірбекованың гобелендері нәзік бояуларымен дараланады. Оның «Керуен» 1973/, «Дала аруы» /1979/, «Жер - Ана» /1984/ атты шығармалары сиқырлы әуенге толы. Ал «Қазақстан» атты көркем туындысы көп тұлғалы композициялық шығарма болып табылады. Мұндағы Қазақстанның кең байтақ даласының көріністері ою - өрнек, бояу үндестігінің табиғи шешімдері арқылы табылған. Шығарманың композициялық құрылымы тек бір бағытта өрістеген күрделі үш бөліктен тұрады. Белгілі шебер Бәтима Зәуірбекова көлемі шағын туындылармен коса, кең тынысты лирикалық - эпостық мазмұндағы күрделі, іргелі туындылар жасау долында да жемісті еңбек етіп келеді.

Тоқыма өнерінің жаңалықтары өркен жайып отырған қазіргі заманда туындыны тоқу ісінде сан алуан техникалық тәсілдер бедерлі әрлеу, көлемдік - кеңістік конструкциялар қолданып отырған кездің өзінде де, Бәтима Зәуірбекова классикалық тықыр гобелендер тоқудан айнымай келеді. Оның еңбектерінен туған халқының мәдениетіне зерделей ден қойып, терең ой жіберу айқын аңғарылады. Бірқатар туындылары қазақтың сәндік қолданбалы өнерінің төл дәстүрлерін шығармашылықпен дамытудың үлгісі болып табылады. Көркемдік ой шешімінің материалда көрініс табуының алдында нобайлар арқылы қыруар жұмыс істелсе де, Бәтима Зәуірбекова үшін тоқу процесі-шығармашылық ізденістердің қайнар көзі болып қала береді. Міне, осының нәтижесінде әзірлік шешімі одан әрі жетіле түсіп, стильдік жағынан да айқындалып, жаңа сипатқа ие болған.

«Жіп иіруші қыз» /1972/ атты гобеленде авторға тән шеберлік айқын көзге ұрады. Мұнда шебер қыз жұмыс үстінде бейнеленген. Басын сәл биязы бұруы, қолдарының әсем қимылы, жеңдерінің қанық түспен бүрнмеленуі, шығарманың жалпы әшекейлік сипатымен астасып көрінеді. Гобелен көрерменді жіп иіруші қыз еңбегінің неден бастау алғанын терең сезіммен ұғынуға бағдарлайды. Көркемдік мәні де сұрғылт, сары, жасыл және көгілдір түсті реңдердің үйлесімді ұштасуынан пайда болған үндестікке байланысты арта түскен. Бәтима Зәуірбекованың бұдан былайғы шығармашылығы гобеленнің сәндік тілін байыту жолданыр іздестіру арқылы көрінді. Композициялары неғұрлым күрделі, ол өз шығармаларында бірін - бірі толықтыра түсетін сюжеттік және әшекейлік сарындарды үндестіре білді.

Күрделі суретімен ерекшеленетін «Көктем» атты /1974/ гобелені салтанатты күйді танытады. Автор бейнелі образдарды пайдалана отырып, әуенге толы астарлы шығарма жасайды. Мұнда адам мен табиғат тұтас бірлікке көрінеді. Адам тұлғалары мен айналадағы заттарды тұспалдап бейнелеу арқылы автор мұның бәрінің жалпы туындының композициясымен

іштей үндестікте келісім табуына қол жеткізген. Тұрақтылық пен серпінділіктің өзара үйлесімімен жасалған туындының композициясы ішкі буырқанысымен ерекшеленеді. Ағаштардың сұлбаларымен, толқындай иіріліп жатқан тау жоталарымен өрнектелген ырғаққа толы туынды әсем де әсерлі. Жалпы, бұл гобелен тоқымашылық өнердің бейнелеушілік қарым - қабілетін айқындай көрсетіп, суретшінің таным - түсінігінің тереңдігін аңғартады.

Ирина Зиновьевна Яреманың /1931 жылы туған/ гобеленді көркем шығармалары Қазақстан өнеріне қосқан үлкен үлес болып табылады. Оның «Маңғыстау» /1974/ атты гобеленінде осы өңірдегі өндіріс, жергілікті халықтың тұрмыс - тіршілігі, әлеуметтік жағдайы, фабрика, зауыт, электр энергиясы, мұнай - газ өндіру мекемелерінің көріністері жан - жақты шығармашылық сипат табады. Әр алуан геометриялық фигуралар ішіндегі ою - өрнектер симметриялық үйлесім тауып, көз алдымызға сыршыл сезімдерге жетелейді.

Қазақ қолөнеріндегі тоқымашылықты дамытуда Сәуле және Әлібай Бапановтардың қолтаңбасы да айрықша. Ерлі - зайыпты суретшілердің «Ұлы бейтерек», «Кеңістік», «Аймақ», «Саяхаттау» атты гобелендері компо-

зициялық құрылымымен, ұлттық тақырыптағы мазмұнға сай орындалу шеберлігімен көптеген шетелдерге танылды. Әсіресе, «Саяхаттау» атты гобелендік шығармасы ұлтымызға тән өміршең көркем туынды болып табылады. Гобеленнің композициялық құрылымындағы желілік суретті шешімдер қазақ халқының тұрмыс - тіршілігі, өмірі, салт - дәстүрінен сыр шертеді. Ұлы Жібек жолының көш көлігі болған, төрт түлік малдың төресі - түйе шығармада басты кейіпкер ретінде алынған.

Қазіргі кезде гобелен қандай дегенге ой жүгіртсек, бәрінен бұрын оның әр түрлілігі еске түседі.

Гобеленнің кісіге әсері ерекше. Оның фактурасы мен түр - түсі қосылып, бір сиқырлы сезімге бөлейді. Витраждағы ашық бояулы жазықтар қиылысының көз байлайтын кереметтілігі де бар. Осы әсерлі жұмыстың бір ғажабы жүнді бояп, тоқуға дейінгі шаруа тек қолмен атқарылады. Олар бір - біріне мүлдем ұқсамайды. Кейбір кезде мұндай одақтар бірлігінің беріктігі тек қана ұқсастығында ғана емес, белгілі бір дәрежедегі мінез - құлықтарының кереғарлығында жатқан тәрізді. Адам мен табиғатты суретшілер бірде бір - бірімен тығыз үндестікте, бірде қатал драмалық тартыста алып қарастырады, олардың шығармаларындағы көпқырлылық

осыдан бастау алып жатқандай. Классикалық, авангарттық бағыттағы өзіндік мәнерімен ерекшеленетін композициясы, автордың өзіне тән жан - жақты ойлау жүйесі, оның талғамы мен биік білім зердесі «Киелі ағаш», «мәңгілік», «Жаратылыс» атты туындыларында айқын білінеді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
БЕЙНЕЛЕУ ӨНЕРІ САБАҒЫНДА ГОБИЛЕН ТОҚУ ТЕХНОЛОГИЯСЫН ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ
Сәндік қолданбалы өнерде гоболен өнерінің алатын орны
ГОБЕЛЕН ТОҚУДА ЕСКЕРТКІШТЕР МҰРАСЫ КОМПОЗИЦИЯСЫН ТИІМДІ ПАЙДАЛАНУ (Абылай хан)
Гобелен тоқу технологиясы
Ши тоқу өнері
Қазақ халқының киіз басу өнері
Гобелен тоқуда «Теңіз ғажайыптары» композициясын тиімді пайдалану
Оқушыларға қолөнер бұйымдарын көркем өңдеуді үйретуде еңбекті ұйымдастыру негіздері
СӘНДІК ҚОЛДАНБАЛЫ ӨНЕР ТҮРЛЕРІ МЕН ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
ХХ ғасырдағы өнердің жаңа бағыттары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz