ХІХ ғасырдың ІІ жартысында қазақша заң жинақтары мен ерекшеліктері


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   

ХІХ ғасырдың ІІ жартысында қазақша заң

жинақтары мен ерекшеліктері

Қазақ даласының саяси - әлеуметтік, экономикалық - мәдени өмірінде XIX ғасырдың ІІ жартысының орны ерекше. ХІХ ғасырдың ІІ жартысынан бастап қазақ әдеби тілі дамуының жаңа дәуірі басталды. Ол казақ әдеби тілінің жаңа сатыға көтеріліп, ұлттық сипат алу дәуірі еді. XIX ғасырдың екінші жартысындағы әдеби тіл, біріншіден, бұдан бұрын да дамып келе жатқан әдеби тілдің заңды жалғасы болса, екіншіден, бұл кезде оның әрі қарай дамуында үлкен өзгеріс, күрт бет бұрыс, жаңа құбылыс болғаңдығын байқаймыз. Бұл әрине әдеби тілдің бір тармағы ресми іс қағаздар тілінен де анық байқалады. Бұл өзгерістің өзіндік ерекшеліктері мынадай жағдайлардан көрінеді: XIX ғасырдың II жартысында Қазақстанның Россияға қосылу процесі толық аяқталды. Россияда капиталистік қатынастар дами түсуімен байланысты қазақ жері шикізат көзі ғана емес, өндіріс орындарына да айналды.

XIX ғасырдың II жартысында қазақ жері орыс патшалығының үш үлкен әкімшілік территориясы болғаны тарихтан белгілі. Осыған орай жергілікті халықпен қарым - қатынасты нығайту үшін және отаршылдық саясатты пәрменді түрде жүргізе беру үшін патша үкіметі әрбір әкімшілік бөлікте екі тілді (орысша - қазақша) газеттер шығара бастады.

Бұл кезеңде қазақ жерінде білім көздері пайда бола бастайды. Орынбор, Омбы, Тройцк, Орал, Қазалы, Перовск, Торғай қалаларында қазақ балалары үшін орыс - қазақ мектептері ашылады. ХІХ ғасырдың II жартысында Қазақстанда 100 шамалы екі кластық уездік және бір кластық болыстық мектептер ашылып, оларда 4000 - ға жуық бала оқыды. Таза қазақ тілінде кітап шығару ісі мен баспасөз органдары да осы кезеңде пайда болды. Қазақтың жаңа жазба әдебиеті қалыптасты.

Ресми іс қағаздар мазмұны мен адресаттарына қарай бірнеше топқа бөлінеді. Ең алдымен патша үкіметі тарапынан жазылған бүйрық - жарлықтар (указы, распоряжения, приказы), ережелер (положения) терминологиясы, стильдік құрылымы және қалыптасқан сөз орамдарымен өзге ресми құжаттардан біраз ерекшеленеді. Екінші топты заң, сот істеріне байланысты ереже, бұйрық, анықтама т. б. құрайды. Бұлардың да өздеріне тән термин жүйесі, сөз орамдары бар. Үшінші топта жеке адамдардың ресми оргаңдарға жазған арыз, өтініштері жатады.

Орфографиялық ерекшеліктері. Араб графикасымен жарияланған текстерде қосымшалардың қазақ тіліне тән фонетикалық варианттары кейде еленбейді, нәтижесіңде көптік жалғау тек -лар түрінде, табыс септік -ны, ілік септік -ның, жатыс -қа, шығыс -нан түрінде беріледі. Мысалы, оқуны, қазақлар, адамлар, арызлар, мекемелерні. Қатаң дыбысқа аяқталатын сөздерге -дың, -дық, -дар, сияқты ұяңнан басталатын қосымша қосылады. Мысалы, хазратдар, қазақдар, халықдың, халықдық т. б. Бұл кезеңде сонымен қатар сөз басында ж дыбысы келетін жерлерде й әрпін жазу, мысалы, йыл, йаш, йазұлады, йахшы, йаман, ш әрпінің орнына ч -ны қолдану, мысалы, барча, чақлы, үчүн кездеседі. Бұл қолданыстарда бірізділік жоқ, аталған сөздердің дыбыс ауысып қолданған варианты да, ауыспаған варианты да қатар қолданылады.

Ал орыс графикасымен берілген құжаттарда мұндай орфографиялық ерекшелік жоқ. Мұнда қазақ сөздерінің ауызша айтылудағы фонетикалық заңдылықтары мейлінше сақталған. Соңдықтан мәтіндердің жазылуында дыбыс үндестігі де, ерін үңдестігі де орын алады. Орыс тілінен енген сөздерді жазуда қазақша сөйлеу тілінде қалыптасқан түрде жазу да, орысша орфограммасын сақтап жазу да қатар жүреді. Мысалы, штрап, болус, уез, кандилат, песир, нагрет т. б. Ал төмендегі сөздерде орыс орфограммасы сақталған: военный губернатор, начальник, закон, волостной съезд, чиновник т. б.

Морфологиялық ерекшеліктері. Құжаттар тіліңде өткен шақ есімшенің қыпшақтық - ған тұлғасының орнына оғыздық - мыш вариантын қолдану орын алған. Мысалы, отырмыш, айтылмыш, шығармыш. Етістіктің III жақтағы - ды қосымшасының орнына - дүр тұлғасын қолдану орын алған. Мысалы, етіләдүр, көрінедүр. Етістіктің III жақ көпше түріне - лар жалғауының жалғануы кездеседі. Мысалы, бардылар, қойсалар. Тұйық етістіктің - у жұрнағының - ғу варианты да беріледі. Мысалы, жазғучы, тұрғучы т. б. Сонымен, қатар есімшенің - тын/-тұғын жұрнақтарының орнына тұрған сөзін келтіру орын алған. Мысалы, жаза тұрған. Қазақ тіліндегі ресми іс қағаздар стилінде бұл келтірілген тұлғалар жүйелі түрде қолданылмайды.

Лексикалық ерекшелігі. Бұл кезеңдегі қазақ әдеби тілінің сөздік құрамы:

1) жалпыхалықтық қазақ тілі лексикасы,

2) араб - парсы сөздері,

3) орыс сөздері.

Іс қағаздарыңда қолданылған кейбір сөздердің қызметі мен мағынасына талдау жасайтын болсақ, төре - XIX ғасырға дейін ақ сүйек нәсілді адам мағынасында жұмсалған. Оның ресми адам болуы шарт болмаған. Ал XIX ғасырдың ІІ жартысыңда бұл атаумен ақ сүйек тұқымдарын да қарадан шыққан әкімдерді де, орыс әкімшілігі өкілдерін де атай бастаған. Би сөзі шешен, тапқыр, билік айтушы мағынасыңда қолданылатын болса, бұл кезеңде әлеуметтік термин болып қалыптасады. XIX ғасырдың екінші жартысында би сөзі үш жылға сайланып қойылатын, ресми әкімнің атауы ретіңде қолданылады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
XVIII ғасырлардағы қазақ ресми
ХХ ғасырдың бас кезіндегі іс-қағаздар
ХХ ғасырдың бас кезіндегі іс-қағаздар туралы ақпарат
XIX ғасырдағы іс-қағаздарының қалыптасуы
Қазақстандық археография
Ақшаның экономикалық категория ретіндегі мәні
Заң психологиясының даму тарихы
Қазақ филологиясы және әлем тілдері факультеті
Абылай хан, әбілмансұр (1711-1781)
Қазақстанның XX ғасыр басындағы оқу ағарту ісі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz