Қазақ дәстүрлі жазба әдебиеті және кітаби ақындар шығармашылығы (ХІХ ғ. екінші жартысы мен ХХ ғ. басы)


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 76 бет
Таңдаулыға:   

Ф-ӘД-001/039

Қ. А. ЯСАУИ АТЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАЗАҚ-ТҮРІК УНИВЕРСИТЕТІ

ФИЛОЛОГИЯ ФАКУЛЬТЕТІ

ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ КАФЕДРАСЫ

«Б е к і т е м і н»

Қ. А. Ясауи атындағы ХҚТУ-дің оқу-әдістемелік ісі жөніндегі вице-президенті, т. ғ. д., проф. С. Қ. Тұртабаев

«___» ___ІХ__2012 жыл

Қазақ дәстүрлі жазба әдебиеті және кітаби ақындар шығармашылығы

(ХІХ ғ. екінші жартысы мен ХХ ғ. басы)

пәнінің

оқу бағдарламасы

050117 Қазақ тілі мен әдебиеті

мамандығы бойынша

Түркістан -2012

Ф-ӘД-001/039

Пәннің типтік оқу бағдарламасы Қ. А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің___« Қазақ әдебиеті және шығыс филологиясы» ___кафедрасында дайындалды.

Жұмыс бағдарламасы кафедраның № 1__ « _ 1 _» _ ІХ 2012ж. мәжілісінде қаралды.

Кафедра меңгерушісі _ ф. ғ. к., доц. С. Ергөбек

Факультеттің Оқу-әдістемелік Кеңесінің № _ 1 « _3_» __ ІХ ___ 2012ж. мәжілісінде қаралды.

Факультеттің ОӘК төрағасы _п . ғ. к. С. Чаканова ___

Құрастырған : ф. ғ. к., доцент қ. а. С. Ергөбек

Пікір жазғандар: 1. ф. ғ. к., доцент қ. а. Т. Көшенова

2. ф. ғ. к., доцент қ. а. Д. Сартбаева

1. Кіріспе

Пән туралы қысқаша мәліметтер

Пән сипаттамасы. Бүгінгі әдебиеттану ғылымында “шайыр”, “қиссашыл ақын”, “нәзирашыл ақын”, “кітаби ақын” секілді бірнеше атаумен беріліп жүрген қаламгерлердің бір шоғыры ХІХ ғасырдың соңғы ширегімен ХХ ғасыр басында шығармашылық етті. “Шайыр”, “қиссашыл”, “нәзирашыл”, “кітаби” сөздерінің қай-қайсысы да қазақтың төл сөзі емес, араб сөздері. Демек, бұл сөздердің қолданылуының өзі шығыс әлемімен байланыстылығы және арабша, парсыша сауаттылық, сол сауаттылықтың мұсылманшылықпен, ислам дінімен байланыстылығы бірден аңғарылады. Шындығында да, кітаби ақындар мұсылманша оқыған және тәрбиеленген діни өте сауатты қаламгер-молда ақындар еді. Қазақ әдебиетіндегі осы мәселелер аталмыш пәннің оқыту бағыты болып табылады.

Курстың мақсаты. Студенттерге ХІХ ғ. екінші жартысы мен ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиетінің үлкен бір саласы болып табылатын діни ағартушы-кітаби ақындардың шығармашылық мұрасын осы кезең әдебиетінің үдерісінде таныту. Пәнді өту барысында мынадай міндеттер көзделеді:

- діни ағартушы-кітаби ақындардың әдеби мұраларының өзіндік ерекшелікте- рін таныту;

- кітаби ақындар шығармашылығының шығыс халықтар фольклоры мен классикалық әдебиет үлгілерімен байланыста дамуын тану, сабақтастықта қарастыру дағдысын қалыптастыру.

Пререквизиттер:

  1. ХІХ ғасырдағы қазақ әдебиеті
  2. ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиеті
  3. Қазақ фольклоры

Постреквизиттер:

  1. Қазақ әдебиеті және аударма мәселелері
  2. Мәтінтану мәселелері

3. Қазақ әдебиетінің өзекті мәселелері

Қысқартылған сөздерге түсініктеме:

СӨЖ - студенттің орындайтын өзіндік жұмысы

ОБСӨЖ - оқытушы басшылығымен орындалатын СЧӨЖ

ОҚУ ЖОСПАРЫНАН КӨШІРМЕ

№:
Семестрлер: Семестрлер
Аудиториялық сабақтар: Аудиториялық сабақтар
Аудиториядан тыс сабақтар: Аудиториядан тыс сабақтар
№: Лекция
Семестрлер: Прак
Аудиториялық сабақтар: сем
Аудиториядан тыс сабақтар: Лабор
ОБСӨЖ
СӨЖ
№: 1
Семестрлер: ІІ семестр реті
Аудиториялық сабақтар: 30
Аудиториядан тыс сабақтар: -
15
-
45
45
№: 2
Семестрлер: семестр реті
Аудиториялық сабақтар:
Аудиториядан тыс сабақтар:
№: 3
Семестрлер: Барлығы
Аудиториялық сабақтар: 30
Аудиториядан тыс сабақтар: -
15
-
45
45

ТИПТІК ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ МАЗМҰНЫ

Теориялық бөлім

Кіріспе. “Шайыр”, “қиссашыл ақын”, “нәзирашыл ақын”, “кітаби ақын” секілді бірнеше атаумен беріліп жүрген қаламгерлердің бір шоғыры ХІХ ғасырдың соңғы ширегімен ХХ ғасыр басында шығармашылық еткен әдебиет өкілдерінің шығармашылығына қысқаша шолу.

Кітаби ақындардың шығармашылығының зерттелуі. Әдебиет тарихын зерттеу тану мәселесі тұрғысында. Кітаби ақындардың ағартушы ақындар санатында зерттелуі. Кітаби ақындар мұрасының әдеби байланыс ретінде зерттелуі.

Қазақ әдебиетіндегі кітаби ақындық және нәзирашылдық дәстүр тарихы. Кітаби ақындық және нәзирашылдық дәстүрдің ежелгі кезеңі. Нәзирашылдық дәстүрдің ХІХ-ХХғғ. басында дамуы.

Кітаби ақындар жырлаған басты тақырыптар. Алтын Орда ескерткіштерінің қайта жырлануы. Шығыс фольклоры мен классикалық әдебиеті үлгілерінің қайта жырлануы. Қазақ фольклорлық мұрасының жазып алынуы, кітап болып басылуы, қайта жырланып кітап болып басылуы.

Қазақ әдебиетіндегі «кітап», «кітаби», «кітаби ақын» ұғымы және нәзирагөйлік дәстүрі. «Кітап», «кітаби», «кітаби ақын» ұғымдарының қазақ әдебиетінде қолданылуы. Кітаби ақындық және нәзирагөйлік дәстүрдің сипаттамасы.

Діни-ағартушылық және кітаби нәзирашылдық дәстүр. Құран сюжеттерінің жырлануы. Кітаби ақындардың құран сюжеттерін жырлауы. Жүсіпбек қожаның «Жүсіп Злиха» қиссасы. Шәді төре жырлаған «Ибраһим хикаяты».

Мұхаммет пайғамбар мен оның халифтары мен саһабалары туралы жырлар.

А) Назым Сияр Шәріп (Мұхаммет пайғамбардың ақ жолы туралы дастан) .

ә) Әзірет Әлі туралы қисса-дастандар: «Зарқұм», «Қисса-и Хазрет-и Ғали…», «Дариға қыз бен Әзірет Әлінің күресі» т. т. б) «Әмір Әмзе», «Қисса-и Хазрет-и Ғұсман» т. т.

Қазақ кітаби ақындары мен Шығыс фольклоры. «Мың бір түн» ертегілерінің жырлануы. «Мәлік Хасан», «Сейфүлмәлік», «Шәкір-шәкірат», «Иранғайып шаһ-Ғаббас», «Хикаят Уәрақа Гүлшаһ…», «Хикаят Халифа һарун-ар-Рашид», «Қисса-и Қасым Жомарт» т. т. қазақ нұсқаларын қазіргі аударма нұсқалары.

«Шаһнама» сюжеттерінің жырлануы. «Қисса-и Һамра Хосрау падишаһ», (1881, 1898 т. б. ) «Шахнаме». (Абулқасым Фирдоуси. Аударушы Оразмолда. Ташкент, 1886) . «Қисса-и Наушируан», «Қисса-и Рүстем дастан», «Қисса-и Жәмшид», «Қисса-и Рүстем», «Рүстем - Зораб» (М. Сералин), «Рүстем дастан» т. т.

«Тотынама», «Кәлилә мен Димнә» сюжеттернің жырлануы. Майлықожа ақынның «Бұлбұл», «Қасқыр», «Үш жігіт», «Тотынама», «Момын», «Аңқау мен қу», сондай-ақ Нұржан Наушабайұлы, Мәшһүр Жүсіп, т. б. мысалдары талдай оқу.

Кітаби шығармашылық және қазақ фольклоры. Жүсіпбек қожа жырлаған «Мұңлық - Зарлық», «Қисса-и Дотан Құбақанұлы уа һәм жалмауыз кемпірдің өлгені» секілді фольклорлық шығармалардың қисса болып жырлануы процесін сөз ету. «Қисса-и Кенехан һәм Наурызбай» және «Қисса-и Наурызбай төре Қасымұлы…» секілді нәзирагөйлік үлгілері. Сол секілді ел аузында әңгіме болып жүріп, жырға айналған қиссалардың бір үлгісі - «Ер Жафал мен Таңшебер қыздың қиссасы».

Кітаби-назирашылдық дәстүр және жаңа жазба әдебиет. ХІХ ғасырдың екінші жартысында ерекше даму жолына түскен жазба әдебиеттің шығармашылық шеберханасында, ең алдымен, қазақ фольклоры мен әдебиетінің әсері.

Ыбырай Алтынсарин және кітаби шығармашылық мәселелері. Ыбырай және қазақ фольклоры. Ыбырай және батыстың ағартушылық әдебиеті. Ыбырай және қазақтың ақындық поэзиясы.

Абай Құнанбайұлы шығармаларындағы нәзирашылдық көріністері. Нәзира дәстүрі және Абайдың ақын шәкірттері.

ХХ ғасыр басындағы қазақ мысалы және нәзирагөйлік. Нәзирагөйлік дәстүр және ХХ ғасыр басындағы қазақ прозасы. Қазақ мысалының тууы, дамуындағы нәзирагөйлік дәстүр орны. ХХ ғасыр басындағы қазақ прозасының даму жолындағы нәзирашылдық көріністері.

Практикалық бөлім.

1. Кітаби ақындардың ағартушы ақындар санатында зерттелуі.

2. Кітаби ақындар мұрасының әдеби байланыс ретінде зерттелуі.

3. Нәзирашылдық дәстүрдің ХІХ-ХХғғ. басында дамуы.

4. Алтын Орда ескерткіштерінің қайта жырлануы.

5. Шығыс фольклоры мен классикалық әдебиеті үлгілерінің қайта жырлануы.

6. Қазақ фольклорлық мұрасының жазып алынуы, кітап болып басылуы, қайта жырланып кітап болып басылуы.

7. Кітаби ақындық және нәзирагөйлік дәстүрдің сипаттамасы.

8. Діни-ағартушылық және кітаби нәзирашылдық дәстүр.

9. Кітаби ақындардың Құран сюжеттерін жырлауы.

10. Жүсіпбек қожаның «Жүсіп Злиха» қиссасы.

11. Шәді төре жырлаған «Ибраһим хикаяты».

12. «Қисса-и Кенехан һәм Наурызбай» және «Қисса-и Наурызбай төре Қасымұлы…» секілді нәзирагөйлік үлгілері.

13. ХІХ ғасырдың екінші жартысында ерекше даму жолына түскен жазба әдебиетке қазақ фольклорының әсері.

14. Ыбырай және қазақ фольклоры. Ыбырай және батыстың ағартушылық әдебиеті.

15. Нәзира дәстүрі және Абайдың ақын шәкірттері.

СТУДЕНТТІҢ ӨЗІНДІК ЖҰМЫС (СӨЖ) ТАҚЫРЫПТАРЫ

№:
СӨЖ тақырыптары: СӨЖ тақырыптары
Тапсырманы орындау формасы (реферат, доклада, кейс, эссе, ғылыми зерттеу, құрал жасау, т. б. ): Тапсырманы орындау формасы (реферат, доклада, кейс, эссе, ғылыми зерттеу, құрал жасау, т. б. )
№: 1
СӨЖ тақырыптары: ХХ ғасыр басындағы кітаби ақындар
Тапсырманы орындау формасы (реферат, доклада, кейс, эссе, ғылыми зерттеу, құрал жасау, т. б. ): Баяндама
№: 2
СӨЖ тақырыптары:

ХХ ғасыр басындағы діни-ағартушылық ағым.

Діни нәзирашылдық туындылар.

Тапсырманы орындау формасы (реферат, доклада, кейс, эссе, ғылыми зерттеу, құрал жасау, т. б. ): Пікір алысу
№: 3
СӨЖ тақырыптары: Кітаби ақындар мұрасының әдеби байланыс ретінде зерттелуі
Тапсырманы орындау формасы (реферат, доклада, кейс, эссе, ғылыми зерттеу, құрал жасау, т. б. ): Конспект
№: 4
СӨЖ тақырыптары: Кітаби ақындық және нәзирашылдық дәстүрдің ежелгі кезеңі
Тапсырманы орындау формасы (реферат, доклада, кейс, эссе, ғылыми зерттеу, құрал жасау, т. б. ): Реферат
№: 5
СӨЖ тақырыптары: Қазақ фольклорлық мұрасының жазып алынуы, кітап болып басылуы, қайта жырланып кітап болып басылуы.
Тапсырманы орындау формасы (реферат, доклада, кейс, эссе, ғылыми зерттеу, құрал жасау, т. б. ): Ғылыми талдау
№: 6
СӨЖ тақырыптары: «Мәлік Хасан», «Сейфүлмәлік», «Шәкір-шәкірат», «Иранғайып шаһ-Ғаббас», «Хикаят Уәрақа Гүлшаһ…», «Хикаят Халифа һарун-ар-Рашид», «Қисса-и Қасым Жомарт» т. т. қазақ нұсқаларын қазіргі аударма нұсқаларымен салыстыру
Тапсырманы орындау формасы (реферат, доклада, кейс, эссе, ғылыми зерттеу, құрал жасау, т. б. ): Көркем мәтінмен жұмыс жасау
№: 7.
СӨЖ тақырыптары: ХХ ғасыр басындағы қазақ прозасының даму жолындағы нәзирашылдық көріністері.
Тапсырманы орындау формасы (реферат, доклада, кейс, эссе, ғылыми зерттеу, құрал жасау, т. б. ): Панорамалық шолу

8. Ұсынылатын әдебиеттер.

  1. Мырзахметов М. Қазақ қалай орыстандырылды. - А., Атамұра-Қазақстан, 1993. -128б.
  2. Сүбханбердина Ү., Сейфулина Д. С. Қазақ кітабының шежіресі 1807-1917. Библиографиялық көрсеткіш. А., Рауан, 1996-290б.
  3. Қалижанұлы У. Қазақ әдебиетіндегі діни-ағартушылық ағым. А., Білім, 1998-256б.
  4. Қазақ әдебиеті тарихының 2 том. 1-кітабы. А., Ғылым, 1961-611б.
  5. Бабалар сөзі. Көп томдық. Т. 1. Астана. 2002. -448б.
  6. Ислам. Эинциклопедический словарь. М., 1991. -С. 315.
  7. Ибрагимов Н. Арабский нородный роман. М., 1984-С. 258.
  8. Фильштинский И. М. История арабской литературы Х-Х‡ІІІ в. М., 1991-С. 726.
  9. Талжанов С. Аударма және қазақ әдебиетінің мәселелері. А., 1975.
  10. Климович Л. Наследство и современость. М., 1975.
  11. Кенжебаев Б. Түрік қағанатынан бүгінге дейін. А., 2004.
  12. Абай. Шығармаларының 2 томдық толық жинағы. А., 1995.
  13. Келімбетов Н. Көркемдік дәстүр жалғастығы. Астана, 2000.
  14. Ел қазынасы - ескі сөз. Радлов В. В. жинаған қазақ фольклорының үлгілері. А., 1974.
  15. Құран Карим. Қазақша мағынасы және түсінігі. Сауд Аравиясы. 1991.
  16. Мың бір түн. 4 томдық. А., 1993.
  17. Қазақ ертегілері. 6 томдық. А., 2000.
  18. Кәлилә мен Димна. А., 1962.

19. Ғашық наме. А., 1976 т. б.

№1 лекция

Лекция тақырыбы: Кіріспе

Лекция мақсаты: “Шайыр”, “қиссашыл ақын”, “нәзирашыл ақын”, “кітаби ақын” секілді бірнеше атаумен беріліп жүрген қаламгерлердің бір шоғыры ХІХ ғасырдың соңғы ширегімен ХХ ғасыр басында шығармашылық еткен әдебиет өкілдерінің шығармашылығына қысқаша шолу.

Лекция мазмұны. “Бүгінгі әдебиеттану ғылымында “шайыр”, “қиссашыл ақын”, “нәзирашыл ақын”, “кітаби ақын” секілді бірнеше атаумен беріліп жүрген қаламгерлердің бір шоғыры ХІХ ғасырдың соңғы ширегімен ХХ ғасыр басында шығармашылық етті. “Шайыр”, “қиссашыл”, “нәзирашыл”, “кітаби” сөздерінің қай-қайсысы да қазақтың төл сөзі емес, араб сөздері. Демек, бұл сөздердің қолданылуының өзі шығыс әлемімен байланыстылығы және арабша, парсыша сауаттылық, сол сауаттылықтың мұсылманшылықпен, ислам дінімен байланыстылығы бірден аңғарылады. Шындығында да, кітаби ақындар мұсылманша оқыған және тәрбиеленген діни өте сауатты қаламгер-молда ақындар еді. Атап айтар болсақ, Ораз молда, Шәді төре Жәңгірұлы, Жүсіпбек қожа Шайхисламұлы, Майлықожа Сұлтанқожаұлы, Ақылбек Сабалұлы, Кәшшәфуддин Шаһмарданұлы, Мәулекей Юмашықов, Әріп Тәңірбергенұлы, Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы, Мәшһүр Мақыш Қалтайұлы секілді соңдарына едәуір мол мұра қалдырған, қазақ әдебиетін төл және нәзиралық мұралармен толықтырған, қазақ әдебиетін шығыс классикасымен, фольклоры, тақырыптарымен, сюжеттерімен байытқан. Сол еңбектері арқылы қазақ жазба әдебиетінің негізін қаласқан шайырлар еді.

ХІХ ғасырдың екінші жартысы мен ХХ ғасыр басында қазақ жерінде, елінде ағартушылық ой өріс алды, дамыды. Қазақ даласындағы ағартушылықтың дамуына басты-басты екі-үш себеп болды деуге болады. Біріншісі, Қазақ хандықтарының жаппай жойылуы мемлекеттік ойдың көмескіленуіне жол ашты. Қазақ жерінің жаппай тартып алынуы, қазақ даласында әскери бекініс-қалалар тізбегінің, жүйесінің жүзеге асуы арқылы болды. Қазақ даласында сенімді орнығып алған соң, елдің тұрмыс-салтының ұлттық болмысының, танымының қазығы - дініне ауыз салды. Ғасырлар бойы ұстанып келген мұсылман діні, мұсылман жазуына қатер төнді. Қазақ даласында орысша оқу, шоқындыру өріс алды. Бұл үшін қазақ даласында миссионерлер, миссионер ғалымдар жұмыс жасады. Ғалым М. Мырзахметұлы өзінің "Қазақ қалай орыстандырылды" атты еңбегінде [1, 7-34] күні кешеге дейін ұлы ағартушы аталып жүрген Ильминский секілді орыс отарлығының зымиян саясаткерлерінің миссионерлік қызметін жан-жақты ашып көрсетті. Қазақ еліне арналып орыс кириллицасымен басылған христиан дінін уағыздайтын миссионерлік кітаптар көптеп шығып, ел ішіне таралып жатты. Мысалы, «Құдай үшін көп азап тартқан Евстафий Плакиданың, оның қосағының, екі ұлының өмірі. Жизнь и страдания Святого великомученика Евстафия Плакиды с семейством. На киргизском языке. Издание Православного миссионерского общества, Казань, Тип. В. М. Ключникова, 1886, 1890, 1894. Орыс әрпімен қазақ тілінде жазылған, Первоначальное сведение о православной христианской вере… Казань 1886.

Святое Евангелие господа нашего Иусуса Христа от Луки, на киргизском языке. Казань 1889, 1890; Первоначальные сведения о православной христианской вере, сообщаемые киргизу, готовящемуся ко Св. крещению, на русском и киргизском языках Казань, 1890; Священная история Ветхого Завета, Казань, 1890; Ақыл беретұғын книга. Из премудрости Іисуса сына Сирахова, на киргизском языке, Казань 1891; Әулие князь Владимир. Св. благоверный князь Владимир и крещение Руси. На киргизском языке. Казань, Изд. Православн. Миссионер. общ-ва, 1892, 1894; Ізгі Авраам (Ізгі Авраам на киргизском языке) . Изд. Православн. Миссионер. о-ва. Казань, Тип. М. А. Чирковой, 1892; Ізгі Іов (Ізгі Іов на киргизском языке) . Изд. православн. Миссионер. о-ва. Казань, Тип. М. А. Чирковой, 1892; Ізгі Іосиф (Ізгі Іосиф на киргизском языке) . Казань, 1892; Священная история Ветхого и Нового Завета на киргизском языке. Казань, 1893; Іисус Христостың еткен құдіреттері (Іисус Христостың еткен құдіреттері) . Чудеса Іисуса Христа. На киргизском языке. Казань, 1893; Іисус Христостынг айтқан мысалдары (Іисус Христостың айтқан мысалдары) . Притчи Іисуса Христа на киргизском языке. Казань, 1893; Святое Евангелие от Марка на киргизском языке. Изд. Алтайско-Киргизской духовной миссии на средства Британского и иностранного Библейского общества. Томск, 1894

Езги княз Владимир тура динге озу де кирип, орус калкын да киргизгени (Ізгі князь Владимир тура дінге өзі де кіріп, орыс халқын да кіргізгені) . Святый Благоверный князь Владимир и крещение Руси. На киргизском языке. Казань, 1894; Кудреттер кылушы езги Николай (Құдіреттер қылушы ізгі Николай) . Житие Св. Николая чудотворца, на киргизском языке. Казань, 1895; Тилек кнегеси (Тілек книгасы) . Молитвенник на киргизском языке. Оренбург, 1895; Азбука для учеников киргизских миссионерских школ. Томск, 1897; Житие Св. великомученика и целителя Пантелеймона. На киргизском языке. Ауруларды жазушы, азапқа шыдаушы ізгі Пантелеймонның өмірі. Оренбург, 1898; Святое Евангелие господа нашего Іисуса Христа от Матфея, Марка, Луки, Іоанна на киргизском языке. Казань, 1901; Шын динге уйрототун кнеге (Шын дінге үйрететін книга) . Учение о православной вере на киргизском языке. Казань, 1901; Тилек кнегеси (Тілек книгасы) . Молитвенник. На русском и киргизских языках. Изд. Оренбургского Михайло-Архангельского братства, Казань, 1902; Езги Екатерина (Ізгі Екатерина) . На киргизском языке. Оренбург, Тургайск. Обл. тип., 1902-1903; Езги Іосиф прекрасный (Ізгі Іосиф прекрасный) . На киргизском языке. Казань, 1902; Айал жайнда (Әйел жайында) . О женщине. На русско-киргизском языке. Казань, 1903; Езги Варвара (Ізгі Варвара) . На киргизском языке. Казань, 1903; Об Іисусе Христе и Мухаммеде. На киргизском языке. Казань, 1904; Шестипсалмие на киргизском языке. Оренбург, 1904 [2] секілді кітаптардың басылып шығуы және олардың орыс әрпімен қазақша шығып жатуы көп жайды аңғартса керек. Сондықтан қазақ оқығандары, ағартушылары мұсылман оқуына көп ден қоюы, кітаби ақындардың мұсылман әлемінің діни, фольклорлық, әдеби мұрасын қазақ тілінде сөйлетуі қазақ халқын тілінен, дінінен айырғысы келетін орыс миссионерлерінің іс-әрекетіне тосқауыл ретінде көп дамығанын, жолға қойылғанын аңғаруға болады. Әлбетте, ең бастысы, кітаби ақындардың қазақ әдебиетіне шығыс классикасын әкелген өлшеусіз қызметі еді. Демек, қазақ кітаби ақындары діні бір болмаған елде бірлік те, тірлік те болмайтынын аңғарып, әрі діни, әрі әдеби қызмет еткен ағартушы қаламгерлер болды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
«ҒАЗАУАТ СҰЛТАН» ҚИССАСЫНЫҢ ТАҚЫРЫПТЫҚ, КӨРКЕМДІК ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Кітаби ақындар шығармашылығындағы сопылық ілімнің жырлануы. Автораферат
А.ЯСАУИ, Ж.БАЛАСАҒҰН, А.ЖҮЙНЕКИ және РАБҒУЗИ ҚИССАЛАРЫНЫҢ КІТАБИ АҚЫНДАР ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫНА ЫҚПАЛЫ
Кітаби ақындардың шығармалығындағы Ясауи сопылық ілімінің көріністерін ашу, талдау, саралау
Қисса Сейітбатталдың тақырыптық, нұсқалық және көркемдік ерекшеліктері
ХІХ – ХХ ғасырдағы қазақ қиссалары (тақырыптық, жанрлық, көркемдік мәселелері)
Әуелбек Қоңыратбаев - әдебиеттанушы ғалым
ХІХ ғасырдағы қазақ әдебиетінің даму ерекшелігі
Қазақ әдебиетіндегі дін тақырыбының даму, қалыптасу тенденцияларын, ислам дінінің ұлттық құндылыққа айналу жолындағы әдебиеттің маңызын анықтау
АЛТЫН ОРДА ӘДЕБИ ЖӘДІГЕРІ - РАБҒУЗИ ҚИССАЛАРЫНЫҢ ЖАРИЯЛАНУ ҮЛГІЛЕРІ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz