Қазақ халқының діні және тілі


Қазақ халқының діні және тілі
Көшпелі қазақ халқы ислам дініне терең бойламаған. Ол ортодокс мұсылмандар қатарына жаттаған. Мәселен, қазақтар мұсылман дінінің қадистерін бұлысыттай ұстап, орындап отырмаған. Олар өзбектер, татарлар сияқты жаппай мешіт тұрғызбаған. Мұсылмандық парыз - бес рет оқылатын. Намазды да бұлтытпай орындамаған. Бір жерге тұрақталған мектептері де болмаған. Қазақтардың көбісі жылына бір рет келетіп оразаны да жаппай, біркелкі, ұстай алмаған. Қоранды тек жаттап алғаны болмаса, оның сөзін молдалардың көбісі түсінбеген.
Бірақ бұдан келіп қазақтар мұсылман емес деуге және болмайды. Қазақтар өздерін мұсылманбіз есептейді: “Құдайдың құлы, Мұхаметтің үмбетіміз” деп санаған. Жанға қауып-қатер төтенде тілін “кәлемаға” келтіреді. Намаз оқығанда, құран сөздерін білмесең білме, тек көңілің адал, Алла жолына берілгендігінді білдірсең болғаны деп те үйрететін болған. Сондықтан да, кейде көршілес отырған өзбектер әзіл-күлкі ретінде “Қазақтар: ақ қойдың кәлләсі, қара қойдың кәлләсі, мен Құдайдың пәндесі” деп намаз оқиды дейтін. Бірақ, бұл әзіл шындыққа жақын болатын. Байлығы мол қазақтар зекет төлеп, пітір берген. Одан да байлығы асқандар меккеге барып қасиетті жерлерге тағзым етіп, құрбан шылдырып, қоран оқытып қайтатып болған. Ондай қасиетті орынға барып қайтқан адамдар қажы аталған. Бірақ ол заманда жолдың қашық ауырлығы сонша, кейде оған барып қайтуға бір жыл кететін. Ал түрлі себептермен дүние салып, еліне қайтпай қалатындар да болған. Оларды бірден пейішке барады деп түсінген.
Қазақ тілі қазан төңкерісіне дейін тек халықтың ауыз әдебиетінде, тұрмыс және отбасында ауызекі тіл дәрежесінде кең қолданылғаны болмаса, оның мемлекеттік тұрғыдан алғандағы қызметі жоқтың қасы болды, баспасөз бетіндегі өрісі тар болғаны белгілі. ХІХ ғ. 2-ші жартысымен ХХ ғ. басындағы көркем әдебиет өкілдерінің аздаған шығармалары болмаса, патшалық Ресейдің отаршылдық заманындағы мемлекеттік заң, құжаттар қазақ тілінде жазылмайтын. Ол кезде мемлекеттік мәні бар мәселелер Орта Азиялық түркі жазба дәстүріндегі қазақтың ескі жазба әдеби тілінде жазылатын. Бірақ, оның қолданылу аясы кең болмады, тек жеңіл-желпі іс қағаздарында, ел билеушілердің өзара немесе патша әкімдерімен жазысқан хаттарында, оларға жазған арыз-хабарламаларында, өткен ғасырдың 2-ші жартысымен үстіміздегі ғасырдың басындағы баспасөзде, кейбір көркем әдебиет өкілдерінің («кітаби ақындар») шығармаларында қолданылды.
Қазақ тіліне мемлекеттік дәреже беру туралы мәселе Кеңес Өкіметі жылдарында бірнеше рет көтерілгені белгілі. Бірақ бұл мәселе жайында әр кезеңде әртүрлі көзқарас болды. 1920 жылы Қазақ АССР-і кеңестерінің бірінші құрылтай съезінде республикадағы әр ұлт барлық мекемелер мен мектептерде ана тілін қолдануда тең құқылы деген шешім қабылданды. Оның қазақ тіліне де қатысы бар еді. 1924 жылы Қазақстанның бірінші Конститутциясында қазақ және орыс тілдері республикада мемлекеттік тіл болып танылды. 1938 және 1978 жылдарда қабылданған Қазақстан Коститутцияларында мемлекеттік тіл жайында ашып еш нәрсе айтылмаған. Тек, 1989 жылы қабылданған Қазақ ССР-інің Тіл туралы заңында, одан кейін Қазақстан Республикасының 1993 және 1995 жылдарда қабылданған жаңа Конститутциясын қазақ тілі - Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі болып бекітілді. Сонымен бірге, Тіл заңында қазақ тілі мемлекеттік қамқорлыққа алынатыны атап көрсетілді.
Қазақ тілінің мемлекеттік статусқа ие болуының және оның іс жүзіне асыуының ең басты кепілі Қазақстан Республикасының тәуелсіз мемлекет ретінде өзіндік тіл саясатын жүргізуіне мүмкіндік алуы болып табылады. Тіліміздің мемлекеттік дәрежеге ие болуы - тәуелсіздігіміздің басты нәтижесі, оны қоғамның рухани жаруына, әлеуметтік әділеттілікті қалпына келтіру талабына сай өмірдің өзі туғызды. Бұл туралы 1990 жылғы мемлекеттік бағдарламада былай делінген. ССРО-дағы басқа да көптеген ұлт тілдері сияқты қазақ тілі соңғы ондаған жылдар ішінде қазақ халқының тарихи Отаны болып табылатынын республика территориясында іс жүзінде толық провалы тіл болудан қалды. Оның азып-тозуынан және бірте-бірте жойылуының нақты қатері туды.
Жеткіншек ұрпақ, интеллегенция арасында қазақтың ана тілін елемеу кеңінен таралды, оны өмірдің әртүрлі салаларында пайдалану жөніндегі қажеттілік төмендеді, мұның бәрі тілдік ортаның жойылуына, халықтың адамгершілік дәстүрлерінің бұзылуына, ана тілін білмейтін, рухани қазыналардан шеттетілген жаңа ұрпақтардың пайда болуына, қазақ жастарының бір бөлігінің өзін кемшін сезінуіне апарып соқтырады.
Шыныда да қазақ тілінің мемлекеттік дәрежеге ие болуы республикада оны білудің қажеттілігінен туатын объективті жағдайларға барып тіреледі. Әлеуметтік тіл білімінің белгілі зерттеушісі Б. Хасановтың пікірінше, ондай қажеттілікті туғызып отырған себептер мынадай:
1) қазақтардың республикада үлес салмағының басым болуы және оның соңғы жылдарда үздіксіз өсіп отыруы. Мысалы, 1959 жылы қазақ халқы республика тұрғындарының 30 пайызы болса, 1992 жылы 42 пайызын құрап отыр;
2) республиканың барлық жерінде азды-көпті қазақ тілді ортаның қалыптасуы,
3) көп ұлтты ауыл-село тұрғындарының тең жартысынан астамы қазақтар болғандықтан, қазақ тілінің ұлтаралық қатынаста жұмсалуы;
4) қазақтардың ТМД республикаларында көп екені, ондағы жүзден астам ұлт пен ұлыс ішінде бесінші орын алатыны;
5) қазақ тілі ғылыми тұрғыда зерттелген, сөйлеушісі көп тілдердің бірі екендігі. Қазір дүние жүзінде 5651 тіл болса, қазақ тілі соның ішінде сөйлеушісінің саны жағынан алғашқы 70 тілдің санатында екені;
6) қазақ тілін білу қазақтар саны жағынан басым көп ұлтты аймақтарда өзге ұлт өкілдері үшін аса қажет екендігі;
7) қазақ тілінің қоғамдық қызметінің ауқымы уақыт талабына сай кеңейіп бара жатқандығы.
Сонымен бірге, қазақ тілін білу қажеттілігінің себептерін әлі де нақтылау керектілігі ескертіледі.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz