Қазақстан: Отан ұғымы, табиғаты және тәуелсіздік тарихы


Пән: Жалпы тарих
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   

Қазақ елi -менiң отаным

Отан деген не? “Отан” деген сөздi күн сайын есiтiп жүрмiз, оны бала кезiмiзден бiлемiз. Отан дегенiмiз-адамның туып-өскен жерi, туған туысқандарымен, жақындарымен бiрге тұратын атамекенi. Қазақ елiнде тұратын адамдардың

Отаны-Қазақстан Республикасы. Адамның жақсы, бақытты өмiр сүруi көп жағдайда Отанға деген сүйiспеншiлiгiне байланысты. Отанын сүйе бiлген адамда бәрi де: үй-жай да, құрмет те, атақ та, жұмыс та, арманда болады. Отан адамның отбасынан, туып-өскен жерiнен басталады. Әркiмнiң туып-өскен ауылы, қыстағы, қаласы-оның кiшi Отаны. Өйткенi әрбiр ауыл, қала бүкiл Республикамен тығыз байланысты.

Отанымыздың картадағы бейнесi. Егер Еуропа мен Азияның картасын қатар қойып көз жiберсек, Қазақ елiнiң ұлан-байтақ жердi алып жатқан ы бiрден көзге түседi. Еуропаның картасындағы Ұлыбритания, Франция, Германия, Испания, Австрия, Голландия, Дания сияқты қабырғалы елдердi “көзбен әкелiп” қазақ жерiне орналастырып көрейiкшi. Бәрiде сийып кетедi.

Шынында да, қазақ жерi-бiр шетiнен екiншi шетiне дейiн құс қанаты талатын ұлан-ғайыр кең өлке. Жер шарын бiр тәулiкте аралап шығатын күн көзi бiр ғана бiздiң Республикамыздың үстiнде үш сағат кiдiредi.

Ол солтүстiкте және солтүстiк - батысы мен шығысында Ресеймен, оңтүстiк-шығысында Қытай Халық Республикасымен, Монғол Республикасымен, оңтүстiгiнде Қырғызыстан, Өзбекстан, Түрiкменстан, ал батысында Каспий теңiзi арқылы Әзiрбайжан Республикаларымен шектеседi.

Қазақ жерi қаншалықты кең-байтақ болса, оның ауа-райы мен табиғат жағдайлары да алуан түрлi. Оның оңтүстiгiнде өрiк гүлдеп тұрғанда, сотүстiгiнде қарлы боран соғып тұрады.

Бiздiң елiмiз-табиғаты таң қаларлықтай бай өлке. Мұнда орман аюынан бастап, алқызыл қоқиқаз, алтын қанатты қырғауыл, тау жыртқышы барыс, қыр-далада желдей ескен ақбөкен мен Каспий итбалығы да ұшырасады. Оның жерiнде сарқылмас қоры бар түстi металдар, темiр, көмiр, мұнай, газ, фосфорит, марганец, храмит, алтын, тұз басқа да кен байлықтар кездеседi.

Қазiргi Қазақстан. 1991 жылы желтоқсанның 16-сында Қазақстан тәуелсiз республика болып жарияланды.

Осы күнге жету үшiн қазақ халқы талай қийындықты бастан кешiрдi. Өткенi ол соңғы үш жүз жыл бойы тәуелсiздiктен айрылған едi. Екi жүз жылға жуық патшалы Ресейдiң отары болды. Ал соңғы 75 жылда Кеңес мемлекетiнiң құрамында болып, дербестiктi де, тәуелсiздiктi де мүлде жоғалтты.

Дербес, тәуелсiз ел болу деген қандай бақыт! Елдiң өз хұқы өзiнде. Бәрiн де халық шешедi. Дуние жүзiнiң жүзден астам елi Қазақстанды тәуелсiз мемлекет деп таныды. Қырықтан астам елмен жан-жақты қарым-қатынас жасап отыр.

Бiрнеше мемлекетте Қазақстан Республикасының елшiлiгi бар. Алматы қаласында АҚШ, Қытай, Түркия, Франция, Иран сияқты т. б. Мемлекеттердiң елшiлiктерi ашылды. Қазақстан дүниежүзiлiк халықаралық ұйымдарға мүше болды. Соның iшiнде ең беделдi-Бiрiккен Ұлттар Ұйымы да бар.

Республиканың өз iшiнде болып жатқан өзгерiстер қаншама. 1992 жылы Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң сессиясы Республиканың Елтаңбасын, Мемлекеттiк Туын және Мемлекеттiк Әнұранын (гимнiн) бекiттi.

1993 жылғы қаңтардың 28-iнде Қазақстан Республикасының Конституциясы қабылданды.

Қазiр Республикада 19 облыс, 90-ға жуық қала, 200-дей қала тектес қоныс, 230-дан астам аудан бар. Халқы 17 миллиондай.

Қазақстанның елордасы-Астана.

Қазақстанда жергiлiктi қазақтармен бiрге басқа да жүзден астам ұлттар мен ұлыстардың өкiлдерi тұрады. Оның шаруашылығы мен мәдениетiн дамытуға қазақ халқымен бiрге басқа халықтарда белсене қатысып, бiрлесiп еңбек етiп келедi.

Бiздiң республикамыз бiрден қазiргiдей болған жоқ. Осы жердi сыртқы жаудан қорғап қалу жолында ата-бабаларымыз жүздеген жылдар бойы шапқыншыларға қарсы ерлiкпен шайқасты. Отаршылдық бұғаудан құтылу үшiн үздiксiз күрестi.

Бұл жолда қазақ халқының миллиондаған перзентi құрбан болды.

Қазақ халқының өткен тарихы - ата-бабаларымыздың бостандық пен болашақ бақыты жолындағы ұзақ та ауыр күресiнiң тарихы.

Белгiлi ақын С. Жиенбаев Қазақстан Республикасы тәуелсiздiк алуының бiр жылдық мерекесiне арнап жазған “Елiм менiң” деген өлеңiнде елiнiң өткенi мен қазiргi жағдайын дәл бейнелеген.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан: тәуелсіздік тарихы, табиғи ресурстар және әлеуметтік-экономикалық дамуы
Қазақстан тарихы библиографиясының теориясы мен тәуелсіздік кезеңіндегі дамуы
Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері мен тәуелсіздік тарихы
Қазақстан Республикасының тәуелсіздік алу тарихы және егемен сыртқы саясаты
Қазақстан сот жүйесінің даму тарихы және тәуелсіздік кезеңіндегі реформалар
Шығыс Қазақстан облысының табиғаты, тарихы және әлеуметтік-экономикалық жағдайы
Тәуелсіздік декларациясының құқықтық табиғаты, қалыптасуы және Қазақстандағы жүзеге асырылуы (1991-2011)
Қазақстан тарихы: ежелгі заманнан тәуелсіздік кезеңіне дейінгі лекциялар курсы
Айырбас шартының ұғымы, құқықтық табиғаты және Қазақстан Республикасындағы реттелуі
М. Қ. Қозыбаевтың Қазақстан тарихы мәселелеріне арналған зерттеулері: этногенез, тарихи сана және тәуелсіздік
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz