Қазақ әдебиетіндегі нәзира дәстүрі


Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 55 бет
Таңдаулыға:   

М а з м ұ н ы

І Кіріспе . . . 3 - 4

ІІ Негізгі бөлім

  1. Қазақ әдебиетіндегі нәзира дәстүрі . . . 5 - 21
  2. Т. Ізтілеуов шығармашылығындағы

нәзирашылдық . . . 23 - 57

ІІІ Қорытынды . . . 57 - 58

ІҮ Пайдаланған әдебиеттер тізімі . . . 59 - 60

Кіріспе

Тақырыптың өзектілігі: Заманның талабына сай қоғамымыз терең зерттеуді қажет ететін күрделі мәселелерді үнемі алға тартып отырады. Солардың ішіндегі алғашқы мәселенің бірі қазақ халқының рухани мұраларын саралап, зерттеу жұмысы. Ата - бабаларымыздың сарқылмас қазынасы ұрпақ кеудесіне ұлтық сезім ұялатып, тәрбилеу ісінде ерекше орын алады. Мұны іске асырмай болмысымызды түйсініп, сана - сезімізді биіктету мүмкін емес.

ХІХ ғасырдың аяқ кезеңі мен ХХ ғасырдың басы қазақ даласындағы өзгерістер кезеңі болды. Пташа отршылддарының зардабы басқару жүйесіндегі өзгерістер, 1916 жылғы ұлт азаттық көтеріліс - осының бәрі қазақ поэзиясында көрініс тапты.

ХХ ғасыр басындағы қазақ поэзиясы шығыстық сарындағы поэзиямен тығыз байланысты. Ел аузындағы аңыз - әңгімелерді, шығыстық сюжеттерді қайта жырлау нәзира дәстүрі арқылы жүзеге асты. Осындай шығыстық дәстүрді қолдаушы Т. Ізтілеуовтың шығармалары көбіне осы сарында жазылады. Оның ірі көлемді шығармасы «Рүстем - Дастан» және шағын көлемді шығармасы «Мәрді диқан», «Рауа бану», «Тұтқын қыз», «Әшкәбус» поэмаларын атауға болады. Алайда, бірнеше ғасырдың зерттеулерін оқи отыратындығына көз жеткіздік.

Зерттелу деңгейі: Қазақ әдебиеттану ғылымында Нәзира дәстүрі, қазақ әдебиетіндегі нәзирашылдық мәселесі әлі күнге толық, түбегейлі зерттеле қойған жоқ. Нәзира дәстүрінің тарихына, ерекшелігіне қатысты орыс ғалымдары, қазақ ғалымдаэры айтқан пікірлердің сараптай келгенде, «Нәзирашылдық» дәстүрдің табиғатының әлі де ашылмаған қырларының мол екендігін қанық болдық. Абай мұраларын зерттеу барысында М. Әуезовтың ұлы ақын поэмаларына қатысты айтқан «Нәзира» дәстүрінің өзіндік ерекшелігі мол, көркем дүние ретінде қарау қажет екендігін ескерткен пікірінің маңызы ерекше. Кейбір зерттеу еңбектерінде нәзира дәстүрі аударма дүние ретінде қарастырылады. Бұл пікір бірнеше ғасырлық тарихы бар нәзира дәстүрінің ауқымы мен қарымын тарылтады деп есептейміз. Белгілі ғалым А. Қыраубаеваның «Қазақ әдебиетіндегі шығыстың қисса-дастандардың түп-түркіні мен қалыптасуы» атты докторлық диссертациясында нәзира дәстүрі жайындағы айтылған пікірлердің де орны ерекше.

Өз кезегінде тақырыпқа қатысты бұрын-соңды өз еңбектерінде пікір білдірген Б. Кенжебаев, Р. Бердібай, М. Мырзахметов, Н. Келімбетов, Б. Әбдіғазиев т. б сындыв ғалымдар пікірлерін де негізге алдық.

Жұмыстың мақсаты мен міндеттері. Диплом жұмысының мақсаты-ТР. Ізтілеуовтың шығармашылығындағы нәзира дәстүрінің ерекшелігін тану үшін оның дастан, поэмаларын зерттеп, талдау жасадық. Осының негізінде ақынның әдеби мұрасына тиісті бағасын беру. Мақсатты жүзеге асыру үшін мынадай міндеттер қойылды:

  • ақындық шеберлігін шыңдаудағы тәрбие алған мектептерін анықтау;
  • қоғамдық өзгерістерге, өмірге ой толғаныстарының мәнін ашу арқылы ақынның жеке тұлғасын тану;
  • ақынның өзіне дейінгі ақындардың шығыс дәстүріндегі шығармаларының ерекшелігімен таныс болып, өзіндік бағытын айқындау барысындағы көркемдік ізденістеріне талдау жасау;
  • дастан, поэмалардың варианттарын салыстырып, Т. Ізтілеуовтың нәзирашыл ақын ретіндегі шеберлігі мен ерекшелігін тану;

Жұмыстың жаңалығы. Ең көлемді шығармалардың бірі

Т. Ізтілеуовтың «Рустем-Дастан» жырының ғылыми айналымға түскен нұсқасын (2004), түпнұсқамен салыстыра отырып талдау жасау . 1961 жылы жарық көрген «Рустаем-Дастан» жырына енбей қалған бөлімдеріне арнайы талдаулар жасалып, тұжырымдар ұсынылды.

Жұмыстың құрылымы. Кіріспеден, екі тараудан, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

Көлемі. 60 бет.

І тарау

Қоғамдық ой - сананы қайта құрып жатқан бүгінгі таңда қазақ әдебиетінің өзге халықтар көркем сөз өнерімен сан ғасырлық байланыстарын, тарихи туыстығын танып - білудің мәні ерекше. Қазақ әдебиетінің шығыс классикалық поэзиясымен арасындағы осындай байланыс негізінен нәзира дүстүрі арқылы жүзеге асты. Тарихы тағдырлас, тілі, салт - санасы жақын халықтардың әдебиеттегі өзара байланыстың сыры мен қырын ғылыми негізде білген жөн. Соның өзінде көркем әдебиетте нәзира дәстүрінің тың туынды тудыртын қасиетін есте ұстау керек. Бұл турасында атақты ғалым Н. И. Конрат : «Бір халықтың әдебиеті екініші халықтың әдебиет әлеміне тек екі жолмен яғни шығарманың түп нұсқасы және аудармасы арқылы ғана енеді деп ойламау керек. Әлемдік әдебиеттер байланысының тарихы мұнан басқа да формалары бар екенін дәлелдеп отыр. Мұндай формалардың бірін - бірі халықтың қаламгері жазған шығарманың мазмұны мен мәнін басқа бір халықтың сөз зергерлері творчествасы арқылы қайта тудыру болып табылады. Орта Азия, Иран және алдыңғы Азия әдебитінде осы форма айрықша кең өріс алды. (1, 343) » - деген болатын.

Нәзира дәстүрінің барлық көркемдік заңдылықтары негізінде жазылған бірқатар қазақ әдебитетінің шығармалары аударма ретінде қарастырылып жүр. Соның салдарынан қазақ топырағына лайықталып, нәзира дәстүрімен жазылған мазмұны терең, көркемдік дәрежесі жоғары ғажайып туындылар әдебиет тарихынан өзінің тиісті орын ала алмай жүр. Осы тұста Абай, Шәкәрімнің туындыларын және Әбілқасым Фирдоусидің (940-1030) «Шаһнамасынан» аударылған деп жүрген Тұрмағамбет Ізтілеуовтің (1882 - 1939) «Рүстем - Дастанын» тағы басқа ақындардың тындыларын айтуға болады. Кезінде М. Әуезов «Рүстем - Дастанды » аударма емес, қазақтың төл туындысы деп санағанын білеміз және осы пікірді құптайтын ғалымдар да жеткілікті.

«Кейбір әдебиет зерттеушілері қазақ поэзиясындағы еліктеу категориясын теріс түсіндіріп жүр. Көркем әдебиеттегі еліктеудің сыртықы формасын көріп, ішкі табиғатындағы өзгерістерді аңғара бермейді. Соның салдарынан нәзира дәстүрін еліктеу құбылысы деп бағалайды. » (4, 204) дейді Н. Келімбетов. Бертельс Е. А еліктеу категориясы туралы өте құнды пікір айтқан. Оның пікірінше, әлемдік әдебиетте Ескендір туралы жазылған екі жүзден астам поэма бар екен. Алайда, әрқайсысының айтар ойы, идеялық бағыты бір - біріне ұқсас емес: «разбор этой поэмы убедительно показывает, как неправильно называт назира подражанием, ибо самая сущность этого явления отнюдь не в подражний, а в том новом, что поэт выносит тему, причем эти изменеия приводят сплошь и рядом изменению всей концепций, » (2, 115) - деп жазды. Сондықтан да, Шәкәрім Құдайбердиевтің «Ләйлі - Мәжнүн» поэмасын да осы көзқарас тұрғысынан дұрыс бағалай біліуміз қажет. Шәкәрімнің «Ләйлі - Мәжнүнін» кезінде М. Әуезов Ташкентте шығатын «Шолпан» журналында (1922 ж, №2-3; 1923 ж. №4-5) жариялап, оны нәзирагөйлік дәстүр бойынша жазылған қазақ поэзиясының төл туындысы деген еді.

«Ләйлі - Мәжнүн» поэмасын кең көлемде жырлап, дастан жазған әзірбайжанның ұлы ақыны Ілияс Низами (1141 - 1209) . Одан кейін осы тақырыпта жырлаған үнді ақыны Х. Дехлеви (ХІІІ ғ) мен парсы - тәжік ақыны Әбдірахмен Жами (ХҮ ғ) болды. Сондай - ақ ХҮ ғасырдың екінші жартысында өмір сүрген өзбектің ұлы ақыны Әлішер Науаи (1441 - 1501) да осы сюжет бойынша дастан жазды. Әйтсе де, бұл шайырлардың жазған туындылары Физули жазған «Ләйлі - Мәжнүн» поэмасымен тең түсе алмаған. Оның дастаны көзі тірісінде - ақ бүкіл әлемге әйгілі болады. Сол себеті де Ш. Құдайбердиев (1858 - 1931) «Ләйлі - Мәжнүннің» Физули жырлаған нұсқасын таңдап алады.

Ондай ғып еш бәйітші жаза алмаған,

Нақышын шын келтіріп, қаза алмаған.

Кітабін Физулидің іздеп тауып,

Кез болды былтырғы жыл азар маған. (3, 350) -

деп жазады Шәкәрім. Соның өзінде қазақ ақыны өзінен бұрын Физули жазған дастанның жемісін ала отырып, бұл тақырыпты өзінше жырлады.

Б. Әбдіғазиев: «Физулден аудардым дегенімен бұл шығарманы аударма деу қиын. Дұрысы - Шәкәрімнің «Ләйлі Мүжнүнүі» Шығыстыңі, әйгілі ақын мен жарыса отырып, нәзира үлгісінлегі туындатқан төл шығарма деуге лайық» (15, 59) . Өз оқырманының талғам түсінігін, өзі өмір сүріп отырған дәуір еркешліктерін мықтап ескерген. Мұның өзін дастанға енгізілген өзгерістер мен толықтырулардан көреміз. Мысалы, Физули дастаны прозалық кіріспе сөзбен басталып, авторлық баяндау толғау - жыр арқылы берілген. Шәкәрімде мұндай кіріспе жоқ.

Физули дастанның әр тарауынан кейін авторлық монолог арқылы өз ойын қорытып, түйіндеп отырады. Қазақ ақыны ол жерін қажет етпеген. Сондай - ақ қазақша дастанда Физули нұсқасының соңғы тарауы берілмеген. Осы соңғы тарауда Физули жарық дүниеде қосыла алмай, арманда кеткен ғашықтардың жұмақтағы өмірін жыр еткен болатын.

Шәкәрім Құдайбердиев жазған «Ләйлі - Мәжнүн» поэмасы шайыр Физули туындысына өзінің сюжеті жағынан, композициясы жағынан, бейнелеу құралдары бойынша да жақын. Алайда мәселе Е. Э. Бертельс айтқандай құрғақ еліктуде емес, Шәкәрімнің осы тақырыпқа енгізген өзіндік жаңалықтарында болса керек.

Нәзира дәстүрін ұлы Абайдың өзі де терең меңгеріп, шығармалар жазғанын әдебиет тарихынан таныспыз. Абай сол - дәстүрді жақсы біліп қана қоймаған, қолданған да» (8, 182) - дейді ұлы Мұхтар Әуезов.

Абай дамытқан нәзирагөйлік белгілер туралы айтқанда, ең әуелі «Ескендір» поэмасы еске түседі. Абай бұл сюжетті өзінше жырлап, жаңаша философиялық тұжырым айтты. Абайдың Ескендірі Фирдоуси, Низами, Әмір Хосрау, Жәми, Науаи жырлаған Ескендірге ешқандай ұқсамайды. Шығыстың классиктері оны барынша мадақтап, халықтың қамқоршысы етіп көрсетсе, Абай елді зар жылатқан жаулап алушы, тиран ретінде суреттейді.

Шығыс поэзиясы мен қазақ әдебиетінің арасындағы әдеби байланысты зерттеуші ғалым Ө. Күмісбаев Фирдоуси жырлаған Ескендір бейнесі мен Низами жырлған Ескендірдің айрмашылықтарын тауып айтқан. Ол: «Фирдоуси жырлаған Ескендір байырғы Иран аристократиясының көзқарасын білдіретін жаужүрек батыр, қызықты қанды шайқастарды іздеген қаһарман, ал Низами жырлаған Ескендір әділ қоғам орнатушы, яғни зорлық - зомбылығы жоқ барлық адамдар тең құқықты болып келетін идеал мемлекет құрушы қайраткер» (9, 186 -187) , - деген болатын.

Абайдың осындай туындыларын кейбір зерттеушілер аударма деп қарайды. «Ондай сыншылар» Абайды «аудару барысында еркін кеткен, тіпті өз жанынан көп қосып жіберген» деп сынайды. (4, 207) - дейді бұл жөнінде Келімбетов.

Ал, Әуезов о баста мұнда ескеріп былай деген еді : «Адамгершілік, ақтық, шындық, мінезділік жөнінде өзі ұсынған жолдарын белгілі бір аңыз арқылы тағы да көңілге қонымды етіп таныта түсуге талап етеді. Сол жөнде Абай да Низами, Навой, Физули сияқты өзі кәдірлеген классиктердің нәзирагөйлік үлгісін творчествалық жолмен пайдаланып қолданған дейміз» (9, 187)

Абай өз поэмасында Ескендірдің қылмысты әрекеттерін, тойымсыздығын үсті - үстіне айқындай түседі.

Ескендір елде алмаған хан болмады,

Алған сайын көңілі бір қоймады.

Араны барған сайын қатты ашылып,

Жердің жүзін алуға ой ойлады. (12, 130)

Жер - жаһанды соғыспен жеңіп алған Ескендір шатқал ішіндегі алтын қорғанның қақпасын аша қаһарға мінеді. Сонда қақпа күзетшісі Ескендірге :

Мықтымен деп мақтанба, ақыл білбең,

Мықты болсаң өзіңнің нәпсіңді жең. (12, 132) -

дейді. Осы мәтінде үлкен дидактика жатыр. Қазақтың дүниетанымына өте жақын, себебі осыған ұқсас мақалды қазақ баласы жақсы біледі: «Жауды жеңген жарты батыр, Өзін жеңген нағыз батыр. » Абай осылайша өз оқырманын білдіртпей тәрбиелеп отыр. Оның данышпандығы да осында. Сонымен бірге «Ескендір» поэмасында өзіндік жаңалығы да бар. «Әлемдік әдебиетте Абай бірінші болып «адамның көз сүйегі » жөніндегі символдық теңеуді пайдаланған. Низамидің «Ескендірнаме» дастанында осыған ұқсас эпизод бар. Онда Ескендір жорық жасап, қараңғы - түнек еліне барғанда құдайдың хабаршысы Жебірейіл періште оған кішкентай тас береді. Жарық дүниеге қайтып оралғанда Ескендір әлгі тасты таразыға салады. Екінші жағына алтын - күмісті үйсе де тас ауыр тартады. Сонда адамның күлін сеуіп жібергенде ғана таразы теңеледі. » «13, 377), - делінген Н. Келімбетов зерттеуінде.

Абайдың поэмасында таразының бір жағына адамның көз сүйегін, екінші жағына бар алтын - күмісті салады. Сүйек тұрған жақ сонда ауыр болады. Бұл жұмбақтың шешімін Аристотель табады. Ол бір уыс топырақ алып, әлгі сүйекке шашып жібергенде ғана алтын - күміс салынған жақ сарт етіп басып кетеді. Көз сүйек болса жерге ұшып түседі. Осы оқиғасымен Абай адамның көзі өлгенде ғана дүниеге тоятынын, адамды - адам ететін қанағат екенін айқындап айтып кетеді.

Нәзира дәстүрінің басты талабының бірі - жаңа ой қосу, жаңалық енгізу. Абайдың жаңалығы «адамның көз сүйегі» жайлы оқиға. Осындай тың ойлар, эпизодтар шығарманы мүлде түрлендіріп жібереді.

Осы арада М. Әуезовтың нәзира дәстүрі жөніндегі пікірін еске алайық: «Көпке мәлім болған тарихи шындықтар бойынша Шығыста бір классик жырлаған тақырыпты келесі буында, тағы бір Шығыс ақыны қайталап, әңгме ететін тың дастандар шығаратын дәстүр бар еді

. . . Олар біреуінің тақырыбын біреуі алуды заңды жол еткен. Тек алдыңғының өлеңін алмай, және көбінше алдыңғы айтқан оқиғаларды негізінде пайдаланса да көп жерде өз еркімен өзгертіп, тыңнан шығаратыны болады. Бұлайша бір тақырыптың әр ақында қайталануы еш уақытта аударма деп танылуы керек емес. Ол өзінше бір қайта жырлау, тыңнан толғау немесе ақындық шабыт - шалым сынасып, жырмен жарысу есепті бір салт еді. Шығыс поэзиясы бұл салтты заңды деп біліп, осы дәстүрге «Нәзира», «Нәзирагөйлік» деп атау да берген. » (5, 150), - осы пікір бізге дәл бағыт беретінін ескерген жөн болар.

Сонымен нәзира дәстүрі сан ғасырлық әдеби құбылыстарды өз ішінде қамтып, көркемдік көріністері бір - бірінен туынап жататын ұзақ мерзімді тарихи процесс. Әзірбайжан халқының ұлы ақыны Ілияс Низами ХІ ғасырда өзінің тақты «Хұсрау мен Шырын» поэмасын жазды. Арада үш ғасырдан астам уақыт салып Дешті - Қыпшақ даласында қыпшақ ақыны Құтбтың (ХІҮ) «Хұсрау - Шырын» дастаны жазылды. Әрине, Құтб ақын өз жырын Низами жазған дастанды бетке ұстап, соның негізінде жазған болатын. Құтбтың қыпшақ тілінде жазған дастаны Низами поэмасының аудармасы емес, ол қыпшақ даласындағы қоғамдық - әлеуметтік мәселелерді жаңа тарихи жағдайда сөз еткен тың туынды еді. « «Хосрв и Ширин» Кутба с одноименной поэмой Низами на первый взгляд может создать впечетление, что мы имеем дело с плохо переведенными отрывками из сочинения азербайжанского поэта. » (7, 140 - 150)

Низами поэмасында байлыққа малынған патша сарайларының сән - салтанаты, дүние - жиһаздары, алтын - күміс бұйымдары, көрікті кілемдері, бектер, сұлтандар, ханзадалар көп көрініс тапқан. Ал, Құтб ақынның дастанында негізінен көшіп - қонып жүрген көшпенділердің сан қырлы ғұмыры, көркіне көз тоймайтын көрікті жайлау мен көлдер, асқар таулар, малы төлдеп шулап жатқан ауыл бейнесі, той кезіндегі ат жарыс, жамбы атыс тағы басқалар шеберлікпен суреттелген. «Вместо жизни двора Сасанидов он показывает черты быта Золотой Орды. » (6, 132)

Бұл екі дастанның көлемі де бір - бірінен айырмашылығы үлкен. Низами жазған «Хұсрау мен Шырын» поэмасы жеті мың бәйіттен тұрса, Құтбтың шығармасы небәрі төрт мың жеті жүз қырық бәйіт болып келеді.

Низами Хұсрау мен Шырын арасындағы мөлдір махаббатты жырлау арқылы таққа таласып, өзара қырық пышақ болып жатқан Иран елінің қоғамдық проблемаларын сөз етсе, қыпшақ ақыны осы сюжетті толғау арқылы Алтын Орда мемлекетіндегі келесі мәселелерді ортаға салады.

Алтын Орда дәуірінде жасалған әдебеиетте нәзира, нәзаригөйлік үрдісі дамыған болатын. «Гәзирагөйліктің негізгі рекшелігі - шығыста бұрыннан тараған сюжеттерді қайталай жазу. Бұған Әлидің «Қисса Жүсібі», Рабғузидің «қисссаси рабғузиі», Катибтің «Жұмжұма», Құтбтың «Хұсрау уа шырын», Сайф сарайдің «Гүстан бит түрки» шығармалары жатады»(16, 128) - деп А. Қыраубаева осы рәзира дәстүрі туралы біраз мағлұматтар береді. Ғалымның тұжырымдауынша ақындардың өткенге үңілу, шығарма сюжетін қайталауының басты себебі - оянушылықтан туған. «Бұрыннан белгілі сюжеттерді қайта жырлау, өткенге үңілу, тарихи тамырдарды іздеу - оянушылықтың белгілері болсағ оның әдебиеттегі көрінісі ретінде нәзираны айтуға болады.

. . . Бұл көне дәстүр араб тіліндегі әдби үрдіс ретінде тарап, араб халифаты қарамағынан шығып, Саманид патшалығы құрыла бастаған парсы әдебиетінде қайта жаңғырды. Ал түркі - қазақ әдебиетінде Алтын Орда мемлекетінің негізінде негізгі әдеби үрдіске айналады. Нәзираның негізгі тақырыптары әлі қол үзіп кетпеген араб сюжеттері және оны жаңғыртқан парсы қисса-хикаялары болғанымен, ол түркі оянушылығымен астарласып кетті » (16, 128-130), - дейді.

Біздер осы арқылы нәзира дәстүрі бр күнде өмірге келмегенін, бұл көркемдік салттың сан ғасырлық тарихы бар екенін ескеруіміз қажет. Н. И. Конрадтың «Әдеби байланыс - тарихи категория» деп айтуы тегін болмаса керек. (1, 336)

Қазақ поэзиясындағы нәзира дәстүрінің өзіндік ерекшеліктерін терең танып - білу үшін Шығыс поэзиясының алып шайырлары көтерген тақырыптар мен идеяларды ғылыми негізде таныған жөн. «Шығыс шайырлары көтерген ең басты идея - адамға тән абзал қасиеттерді мойындау, қастерлеу. Ал, бұл гуманистік әебиеттің негізгі қаһарманы - жеке бас бостандығы бар, жан - жақты ерікті, азат адам, ғылымның сан түрлі салаларын игерген ғалым, шеберлігімен жұртты сүйсіндірген өнерпаз, парасатты, мейірбанды жандар. Бұл ақындар - бүкіл әлем о баста адам үшн жаратылған, бар тіршіліктің қайнар көзі - адам, дүниедегі басқа нәрселердің барлығы да адамға қызмет ету үшін, оның бақытты болуын қамтамасыз ету үшін жаратылған деген қорытындыға келеді. Шығыстың гуманист ақындары адамның моральдық тұрғыдан таза, кіршіксіз, әдепті, әрлі, сыпайы, өнегелі, ұстамды болуын талап етті. » (4, 210)

Нәзира дәстүрін жетік меңгерген қазақтың бірқатар ақындары Шығыс хикаяларының желісіне ғажайып дастандар жазғаны белгілі. Олар: А. Сабалұлы, Ш. Жәңгірұлы, Ж. Шайхулиисламұлы, Ораз молда, А. Мұхамедиярұлы, Майлықожа, Мәделі, т. Ізтілеуов сияқты Шығыс классикалық дәстүрінде тәрбиленген сөз зергерлері жоғарыда аталған гуманистік идеяларды ту етті. Олар түрлі шығармалардың сюжет желісін пайдалана отырып, өздері өмір сүрген дәуірдің маңызды қоғамдық - әлеуметтік мәселелерін көтере білді. Мысалы, «Бозжігіт» дастаны - қазақ, өзбек, татар, халықтары арасына кеңінен тараған әдеби туынды. Алғаш рет 1842 жылы ел аузынан жазылып алынды. Қазақ арасына кең тараған нұсқасы 1870 жылы академик В. Радлов жинағында жарияланды. Бұдан кейін де «Бозжігіт» болып басылды. Қазақ ауыз әдебиеті мұраларын жинау ісіне көп еңбек сіңірген орыс зерттеушісі А. Васильев 1901 жылы «Бозжігіт» дастанын «Дала уалаяты газетінде», «Тургайская газетада» орыс және қазақ тілінде жария етті. 1911 жылы бұл дастанды А. Сабалұлы өзінше өңдеп, «Қазан» баспасынан жеке кітап етіп шығарды.

«Бозжігіт» дастаны сюжет жағынан «Қозы Көрпеш - Баян сұлу» жырымен сарындас. Осы дастанның оқиғасы да Қозы мен Баянның махаббатын еске түсіреді. Яғни екі ғашықтың Бозжігіт пен Қарашаштың қосылуына қыздың әкесі қарсылық көрсетеді. Ол өз қызын хан баласы Зитүнге ұзатпақ болады да, сарай қызметкерлерімен ақылдасып, Бозжігітті өлтіртеді. Қарашаш бұған шыдай алмай сүйген жарының моласында өзін мерт қылады. Мұндағы мәселе ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасыр басындағы әлеуметтік жағдай еді. Сол кездегі ата - ананың өз қызын жасы егде кісіге болмаса, өзі сүймейтін кісіге қалың малына бола қосып жіберуі болатын. А. Сабалұлы дастанда осы көріністерді көрсете білген.

«Сейфүлмәлік» - қазақ арасына кең тараған, «Мың бір түн» сарыны бойынша алғаш жазылған көркем дастандардың бірі.

«Сейфүлмәлік» кітабының алғашқы басылымы түркі тілдес халықтарға ортақ - шағатай тілінде 1907 жылы Қазан қаласындағы университетте баспасынан жарық көреді. Академик В. Радлов осы дастанды 1870 жылы қазақ халқының әдеби мұраларына арналған жинағының үшінші томында жариялаған еді. Дастанның осы нұсқасы 1903, 1908 жылдары Ж. Шайхулисламұлының атымен осы баспадан екі рет басылып шықты.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Абай шығармашылығындағы нәзира дәстүрі
XIX ғасыр қазақ әдебиетіндегі нәзиралық шығармалар
Орта ғасыр әдебиетіндегі «қисса – дастандар» үрдісі
Қазақ әдебиетіндегі Зар заман ағымы мен нәзирагөйлік дәстүр (ХІХ ғ. аяғы мен ХХ ғ. басы)
Ш. Құдайбердіұлы шығармашылығындағы нәзирагөйлік дәстүр жалғастығы
Әсет Найманбаев шығармашылығының көркемдігі
Түркі әдебиеті және Шәкәрім: шежіре жазу дәстүрі
Сыр бойы ақын-жыраулары шығармаларындағы шығыстық дәстүр
ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІНДЕГІ ҚИССА МЕН ДАСТАН ЖАНРЛАРЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ МЕН ЗЕРТТЕЛУІ
Қазақ дәстүрлі жазба әдебиеті және кітаби ақындар шығармашылығы (ХІХ ғ. екінші жартысы мен ХХ ғ. басы)
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz