Қазақ жазба әдебиетін дәуірлеу мәселесі


ЛЕКЦИЯ ТЕЗИСТЕРІ
1 - лекция. Тақырыбы: Кіріспе. Қазақ жазба әдебиетін дәуірлеу мәселесі Жоспары:
- Кіріспе. Қазақ әдебиетін дәуірлеу мәселесі.
- М. Әуезов - қазақ әдебиеті тарихын ең алғаш жүйелеген ғалым.
- Б. Кенжебаев - қазақ әдебиетінің төркінін тереңдеткен ғалым.
- Әдебиет тарихы және оны дәуірлеу туралы ғалымдар пікірі.
Лекция мақсаты: Әдебиет тарихы және оны дәуірлеу мәселесі
Лекция мәтіні (қысқаша) Әдебиет тарихы - әдебиеттің даму процесін, ұлттық әдебиеттің өткен кезеңдері мен жекелеген ақын, жазушылардың шыгармашылығын зерттейтін әдебиеттану ғылымының негізгі бір саласы. Қазақ әдебиеті тарихын зерттеу ісі XIX ғасырда Ш. Уәлиханов еңбектерінен басталады. Оның «Қазақ халық поэзиясының түрлері» атты зерттеуінде қазақ ауыз әдебиетімен бірге Жанақ, Шөже, Орынбай сияқты эпикалық ақындар жайлы ғылыми ой-пікірлер айтылады. Қазақ ақындарының шығармалары XIX ғасырдың жетпісінші жылдарынан жариялана бастаған. Бүл үрдіс XX ғасырдың бас кезінде қарыштап дамып, үлттық поэзия мен прозаның озық үлгілері бірнеше рет жеке кітап болып басылды. Ә. Бөкейханов Абайды көзі тірісінде-ақ түңғыш рет орыс оқырмандарына таныстырады. Үлы ақын шығармашылығы туралы көлемді мақала жазып, кейіннен 1905 жылы «Семипалатинский листок» газетінде жариялады. М. Әуезовтің 1927 жылы жарық көрген «Әдебиет тарихы» атты оқулық кітабы қазақ әдебиетінің тарихын зерттеудегі үлкен бетбүрыс болды. М. Әуезов қолда бар деректер мен мәліметтерді сол жылдардағы әдебиет ғылымының даму дәрежесі деңгейінен өзінше саралап, қазақ әдебиеті тарихының ғылыми түрғыдағы алғашқы негізін салды, ауыз әдебиетін жүйелеумен қатар, «Зар заман ақындары» деген атпен белгілі ХУШ-ХІХ ғасырлардағы қазақ әдебиетінің ірі өкілдері шығармашылығына талдау жасап, «Қазақ әдебиетінің қазіргі дәуірі» атты тарауда Абайдан кейінгі XX ғасыр басындағы әдебиетке тарихи әдеби сипаттама берді. 1932 жылы С. Сейфуллиннің «Қазақ әдебиеті»; С. Мүқановтың «XX ғасырдағы қазақ әдебиеті»; 1933 жылы М. Жолдыбаев, М. Әуезов, Ә. Қоңыратбаев бірлесіп жазған «XIX ғасыр мен XX ғасыр басындағы қазақ әдебиетінің оқу кітабы»; 1939 жылы Ө. Тұрманжановтың «Көркем әдебиет» оқулықтары мен зерттеу еңбектері жарық көрді. 1959 жылы әдеби мұраға арналған ғылыми-теориялық конференция өтті. Бұл ғылыми мәслихатта әдебиет тарихының көптеген мәселелері жан-жақты талқыланып, оның материалдары 1961 жылы «Әдеби мұра және оны зерттеу» деген атпен жеке жинақ болып жарық көрді. Әдебиет және өнер институты дайындаған алты кітаптан тұратын үш томдық «Қазақ әдебиетінің тарихы» әдебиет тарихын жан-жақты да терең зерттеген қомақты ғылыми еңбек болды.
Ежелгі дәуір әдебиеті тарихын зерттеуді жолға қою мәселелері С. Сейфуллин, М. Әуезов еңбектерінде алғаш рет көтерілсе, Б. Кенжебаев өз зерттеулерінде қазақ әдебиеті тарихын:
1 . Бүрынғы әдебиет;
2. Қазақ хандығы дәуіріндегі әдебиет;
З. ХІХ ғасырдағы қазақ әдебиеті;
4. ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиеті;
5. Қазақ кеңес әдебиеті.
деп жүйелеуді ұсынды.
Бүл тұжырымдама қазақ әдебиеті тарихын дәуірлеу негізіне алынды да, М. Мағауин «Қобыз сарыны» атты монографиясын (1968) ХҮ-ХУІП ғасырлардағы қазақ ақын-жырауларын зерттеуге арнады. «Ертедегі әдебиет нұсқалары» ұжымдық оқулық-
хрестоматиясы (1967) VIII - XIX ғасырлардағы әдебиет тарихын қарастырған алғашкы еноек болды. М. Жолдасбеков, А. Қыраубаева ежелгі әдебиеттің күрделі кезеңдері мен озык нүскаларына ғылыми сараптама жасады. Қазақ әдебиетінің бірнеше ғасырлык дәуірін камтыған Х. Сүйіншәлиевтің «Қазақ әдебиетінің қалыптасу кезеңдері» атты кітабы 1967 жылы жарык көрді. Б. Кенжебаев әдебиеттің көне дәуірін зерттеу нәтижелерін «Қазак әдебиеті тарихының мәселелерінде» (1973) баяндады. Кейінгі жылдары Н. Келімбетов Қазак әдебиетінің тарихы сериясы бойынша «Ежелгі дәуір әдебиеті» окулығын жариялады. 1999 жылы А. Қыраубаеваның «Ежелгі әдебиет» кітабы жарық көрді.
Қазак әдебиеті тарихының арнаулы пән ретінде оқытылуы мен оны дәуірлеу жөнінде арнайы түрде сөз ету Қазан төңкерісінен кейін ғана қолға алынды. Бүл бастаманын басында М. Әуезов түрды. Оның «Әдебиет тарихы» оқулығының бастапқы бөлімі халық ауыз әдебиеті деп баталады да, екіншщі бөлімі «Зар заман ақындары» деген тақырыппен беріліп, қазақ әдебиеті тарихын дәуірге бөлудің түңғыш меже өлшемі ретінде
XVIII ғасырдын соңы мен XIX ғасыр түтас қамтылады. Бүл дәуір әдебиетіндегі уақыт
мерзімін іштей XVIII ғасырдың соңы мен XIX ғасырдың әдебиетіне жіктей қарайтыны
бар. 1950 жылдардың ақырғы шеніне дейін қазақ әдебиеті тарихын XVIII ғасырдан
басталады деген қисын орын алып келді. Әдебиет тарихын кең ауқымда қарастыруды
бірінші рет үсынған Б. Кенжебаев болатын. Ол 1955 жылы жазылған мақаласында қазақ
әдебиеті тарихын жаңаша дәуірлеуді үсынды:
1 . Бүрынғы әдебиет (Ү-ХҮ ғасырлар арасы) . Түрік ру-тайпаларының ежелгі ру-үлыс дәуірлеріндегі әдебиеті, көбінше сол замандардағы түрік ру-тайпаларымен бірге жасаған ортақ әдебиеті.
2. Қазақ хандығы дәуіріндегі әдебиет (ХҮ-ХҮІІІ ғасырлар арасы) . Қазақтың өзіндік төл әдебиеті.
З. Қазақтың XIX ғасырдағы жаңа, сыншыл, реалистік әдебиеті; 4. Қазақтың XX ғасыр басындағы (1900-1920) әдебиеті;
5. Қазақ халқының Үлы Октябрь социалистік революциясынан кейінгі советтік әдебиеті.
М. Жолдабеков екінші дәуірді ХҮ-ХҮІІ ғасырлар аралығында, үшінші дәуірді ХҮІІІ-ХІХ ғасырлар әдебиеті түрінде қарауды айтады. Н. Келімбетов екінші кезеңді ХҮ-
XIX ғасырлар арасы, үшінші кезеңді XIX ғасырдағы әдебиет деп бөледі. 1980 жылдары
қазақ әдебиеті тарихын сақтар дәуірінен тартуды Ә. Оспанүлы жазған болатын. Бүгінде
қазақ әдебиеті тарихын Алып Ер Тоңа қазасына байланысты жоқтау жырларынан бастау
қажеттігін ғалым М. Мырзахметұлы он жыл көлемінде дәлелдеп жазып келеді.
М. Мырзахметүлы кейінгі дәуірдің ХҮІІІ-ХІХ ғасыр әдебиетін «Отарлау кезеңінің
әдебиеті» деп атап, ондағы негізгі, басты сарынды ескере отырып қарастыруды жөн
көреді. Ал XX ғасырдың басындағы әдебиетті «Ояну дәуірінің әдебиеті» деп атауды
үсынады. Р. Нүрғалиев бүл кезеңді «Алаш үранды әдебиет» деп атайды.Бақылау сұрақтары:
- Қазақ әдебиеті тарихын жүйелі қарастырған түңғыш еңбек?
- М. Әуезов әдебиет тарихын дәуірлеуі
- Б. Кенжебаевтың әдебиет тарихшысы ретіндегі қызметі.
2 - лекция. Тақырыбы: Ежелгі дәуір әдебиеті. Күлтегін, Тоныкөк жырлары.
1. Ежелгі дәуір әдебиетінің қалыптасуы және оны іштей кезеңдерге бөліп, дәуірлеу туралы.
2. Ежелгі дәуір әдебиетінің пәні, мазмұны.
3. Күлтегін, Тоныкөк жырларының табылуы мен оқылуы, аударылуы мен зерттелуі.
4. Жырлардың жанры туралы.
Лекция мақсаты: Ежелгі дәуір әдебиетінің қалыптасуы, кезеңдері, мазмұны, Орхон жырларының табылуы мен зерттелуі, жанры туралы мәлімет беру.
Лекция мәтіні (қысқаша) Қазақ әдебиетінің ежелгі дәуірін жоғарғы оқу орындарында оқыту ісін 1965 жылы профессор Б. Кенжебаев тұңғыш рет қолға алған болатын. Үстаз ғалымның жетекшілік етуімен әрі Х. Сүйіншәлиев, М. Жолдасбеков, М. Мағауин, Қ. Сыдиқов секілді бір топ ғалымдардың ат салысуымен 1967 жылы «Ертедегі әдебиет нүсқалары» деп аталатын оқулық-хрестоматия жарық көрген. 1960-1970 жылдары қазақ әдебиетінің ежелгі дәуірін зерттеудің орталыгы Әл-Фараби университетінің қазақ әдебиеті кафедрасы болды. Б. Кенжебаевтың жетекшілігімен М. Жолдасбеков Орхон ескерткіштері және оның казақ әдебиетіне қатысын зерттесе, М. Мағауин ХҮ-ХҮІІІ ғасырлардағы жыраулар поэзиясын ашты. Х. Сүйіншәлиев қазақ әдебиетінің қалыптасу кезеңдерін ҮІІІ ғасырдағы жазба ескерткіштерден бастап қарастырды. Х. Сүйіншәлиев қазақ әдебиетінің қалыптасу кезеңдерін, Ә. Қоңыратбаев ерте дәуір әдебиеті мен қазақ фольклорының ара-қатысын зерттеді. Бүл - ғұлама үстаз Б. Кенжебаев көтеріп ұсынган ғылыми концепцияның толық жүзеге асып, дәлелденуі еді.
Қазақ әдебиетінің тарихы сериясымен жарык көрген «Ежелгі дәуір әдебиеті» оқулығының авторы Н. Келімбетов әдебиетіміздің бүл кезеңін былайша дәуірлейді:
І. ҮІ-ІХ ғасырлардағы көне түркі әдебиет ескерткіштері; 2. Х-ХІІ ғасырлардағы әдебиет; З. ХІІІ-ХІҮ ғасырлардағы әдебиет.
Екінші кезеңді Қарахан түріктерінің тілінде жазылғани әдеби ескерткіштер деп, үшінші кезеңді Алтын Орда - Хорезм дәуірі әдебиеті түрінде атайды.
1999 жылы жарық көрген «Ежелгі әдебиет» оқулығының авторы А. Қыраубаева да бүл кезең әдебиетін өзінше дәуірлейді:
1 . Заманымыздан бүрынғы жазу-сызулар, аңыз-жырлар (сақ, ғүн, үйсін дәуірі б. з. д. ҮІІғ. -б. з. ІҮғ. ) .
2. Түркі қағанаты дәуіріндегі әдебиет (Ү-ҮІІІ ғ. )
З. Оғыз дәуіріндегі әдебиет (ІХ-Х ғ. ) .
4. Ислам дәуіріндегі әдебиет (Х-ХІІ ғ. ) . а) Сыр бойы әдебиеті; ә) Қарахан әдебиеті.
5. Алтын Орда дәуіріндегі әдебиет (ХІІІ-ХІҮ ғ. ) .
Ежелгі дәуір әдебиетін іштей кезеңдерге бөлу үлгісі М. Жолдасбековте де кездеседі.
1 . Түркі ру-тайпаларына ортақ рулық дәуір әдебиеті (ҮІІ-ІХ ғ. ) . 2. Ислам дәуірінің әдебиеті (Х-ХІІ ғ. ) .
З. Алтын Орда немесе Қыпшақ дәуірінің әдебиеті (ХІІІ-ХІҮ ғ. ) .
Ә. Қоңыратбаев тарихи-этногенездік және діни наным-сенімдердің басын біріктіре отырып, ежелгі дәуір әдебиетін мынандай кезеңдерге жіктейді:
І. Ертедегі аңыздар (Мәді, Топан, Томирис) . 2. Аңыздық эпос (Шежіре-и түрік т. б. ) .
З. Көне түркі тайпаларының руникалық жазбалары (ҮІ-ҮІІІ ғ. ) . 4. 0ғыз қыпшақ үлысы кезеңінен жеткен жазбалар. 5. Қарахандар мемлекеті түсындағы жазбалар.
б. Суфизм әдебиеті. 7. Қыпшақ тіліндегі әдебиет.
Негізінен Ежелгі дәуір әдебиеті үш кезеңге бөлінетінін байқаймыз. Алғашқы кезеңінде Орхон ескерткіштері, «Оғызнама» дастаны, «Қорқыт ата кітабы» және Әл-Фарабидің әдебиет саласындағы еңбектері қарастырылады. Екінші кезеңде «Қүтты білік», «Түрік сөздігі», А. Ясауи мен С. Бақырғани шығармашылығы және А. Иүгінекидің «Ақиқат сыйы» дастаны оқытылады. Үшінші кезең қүрамына Қыпшақтар кітабы, Рабғузи қиссалары, Жүсіп-Зылиха дастаны, Хорезмидің «Махаббатнамасы», С. Сараидың «Түрікше Гүлістаны» мен Қүтыптың «Хүсырау-Шырын» шығармалары және тарихи шежіре кітаптары енеді.
Таска жазылған ескерткіштер туралы алғашқы хабарды Н. К. Видзен, С. У. Ремезев, сондай-ак Сібірде айдауда жүрген швед офицері И. Т. Стралленберг пен неміс ғалымы Д. Г. Мессершмидт, т. б. ХҮІІІ ғасырдың бас кезінде жазған мақалалар мен хаттарынан білеміз. Таста жазылған жазуларды "Руна" жазуы деп те атайды. Скандинавия халықгарының тілінде "рунь", яғни "руна" деген сөз қазақша аударылғанда "сыры ашылмаған", "құпия" деген мағынаны береді. Көне жазулардың кейінгі қарастырылып зерттелуі орыс Географиялық қоғамымен байланысты. Осы қоғамның ғылыми экспедициясын Н. М. Ядринцев баскарып, Монңолияға барып, Орхон өзені бойынан жазуы бар үлкен-үлкен екі ескерткіш табады. Ғылымда Орхон ескерткішерін негізінен табушы осы Н. М. Ядринцев болып табылады. Осы қүпия тастардағы белгісіз жазулардың сырын ашу үшін В. В. Радлов 1891 жылы сонда барып, бірқатар ғылыми-зерттеу жүмыстарын жүргізеді. Бүл кезде Финляндия археологиялык қоғамы да Енисей өзені бойына, Минусинск қаласына екі мәрте ғылыми экспедиция жасап қайтқан еді. Ескерткіштердегі жазуларды ешкім оқи алмады. Ол туралы әртүрлі болжам айтыла бастады. Бүл жазудың түп-тамыры ежелгі грек мәдениетіне қатысты деушілер де, оны ежелгі Монғол жазуы деп жорамал айтушылар да жазудың сырын ғылыми негізде ашып бере алмады. Ақыры 1893 жылғы қарашаның 25 күні Дания корольдік ғылыми академиясының мәжілісінде Вильгельм Томсен ғылыми әлемді дүр сілкіндірген мәлімдеме жасады. Ол Орхон мен Енисей өзендері бойынан табылған ескерткіштердегі қүпия жазуды оқудың кілтін ашқандығын хабарлады. Сондай-ақ, ол бүл ескерткіштер түркі халықтарының тілінде жазылғанын мәлімдеді. Арада көп уақыт өтпей-ақ В. В. Радлов Орхон өзені бойынан табылған үлкен тастардағы тексті Томсен алфавитін пайдалана отырып, әрі өзінше ізденіп, толык оқып, сосын оны аударма жасап шықты. В. В. Радлов көне түркі ескерткіштерін 1894 жылы аударып шықса, Томсен 1895 жылы аударады.
Түркі халықтарының ішінде Орхон ескерткіштерін алғаш қарастырып, зерттей бастаған, оқулыққа енгізген - өзбек ғалымы Фитрат. Ол көне жазу туралы мәліметті 1928 жылы шыққан "Өзбек әдебиетінің нүсқаларында" келтіреді. Орхон, Енисей жазба ескерткіштерін оқу, басқа тілдерге аударма жасау және ғылыми тексін дайындау ісіне В. В. Радлов, В. Томсеннен кейін Ю. Немет, Х. Оркун, т. б. орыс және шетел ғалымдары қыруар үлес қосты. Әсіресе көрнекті совет ғалымы С. Е. Маловтың бүл саладағы еңбегі ерекше зор болды. Ең бастысы ол текстерге тарихи және археологиялық түрғыдан түсінік сипаттама берді. Көне түркі тілі мен әдебиетін зерттеушілер әсіресе Күлтегін, Білге қаған және Тоныкөк ескерткіштеріне көбірек назар аударды. Бүларды бірнеше Еуропа тілдеріне, орыс тіліне, қазіргі түрік тілдеріне тәржіма жасады. Осы аталған үш әдеби ескерткішті бүгінгі әдебиеттану ғылымы түрғысынан зерттеуде совет ғалымы И. В. Стеблева еңбегінің аса жемісті болғанын ерекше атап көрсету керек. Ол түңғыш рет көне түркі тілдеріндегі жырлардың поэтикасын, ырғақ пен шумағын, тармақ пен бунағын т. б. теориялық түрғыдан зерттеп бүл жайында бүрын-соңды айтылмаған түрлі болжам-пікірлерді белгілі бір қалыпты жүйеге келтірді. Әсіресе оның ежелгі түрік сөз зергерлерінің образ жасау әдістері, әдеби-эстетикалық байыптаулары, көріктеу қүралдары, тарихи шындық пен көркем шындық жайындағы концепциялары туралы айтқан ой-пікірлері бүкіл әдебиеттану ғылымына жаңадан қосылған сүбелі үлес болды. Қазақ әдебиеттану гылымында Орхон ескерткіштерін зерттеумен арнайы айналысқан ғалым М. Жолдасбеков. Ол осы тақырыпта 60-жылдары кандидаттық диссертация қорғады. Түркі тіліндегі көне жазуды қазіргі қазақ тіліне аударды. Ол туралы жан-жақты зерттеуі «Асыл арналар» атты кітабында қарастырылған. М. Жолдасбековтың аудармасы негізінен өлеңмен жасалған. Әрі ол Орхон ескерткіштерін әдеби-поэзиялық шығарма деген пікірді жақтайды. Ал Қүлмат Өмірәлиев Орхон ескерткіштерін дәлме-дәл қарасөзбен аударып, тақырып, таруларға таратып, ол туралы зерттеуін «ҮІІІ-ХІІ ғасырлардағы көне түркі жазба ескерткіштерінің тілі» атты кітабында жариялады.
Күлтегін (684-731 жылдары өмір сүрген) - ежелгі түркі мемлекетінің көрнекті әскери қолбасшысы, сол дәуірдің белгілі қоғам қайраткері ретінде көне тарихтан жақсы мәлім. Ол - Қүтлығ (Елтеріс) қағанның кенже үлы. Қапаған қаған 716 жылы қаза тапқаннан кейін Күлтегін бүкіл түркі әскерін басқарады. Қапаған соғыста өлген соң, Күлтегін оның үрпақтарын да қырып салып, өз ағасы Могиланды (кейінірек Білге Қаған атанған) күллі түркі елінің қағаны етіп тағайындайды. Күлтегін талай-талай соғыстарда жеңіске жетіп, өзін қабілетті қолбасшы ретінде танытады. Міне, осы Күлтегін батыр, оны ағасы Білге Қаған және қағанның кеңесшісі, ақылгөй қария Тоныкөк қүрметіне ҮІІІ ғасырда тасқа қашап жасалған ескерткіштерді әдебиеттану ғылымы түрғысынан әдеби шығарма ретінде қарастырамыз. Бүл аталған руналық жазба ескерткіштер әдебиеттану ғылымында ежелгі түркі халықтарының көне әдебиет үлгілері, поэзиялық туындылары ретінде танылады. «Күлтегін», «Білге қаған», «Тоныкөк» жырлары өз заманының белгілі бір әдеби талаптарына сәйкес жазылған. «Күлтегін» (кіші жазу) жыры әрқайсысы өз алдына дербес, әрі сюжеттік жағынан бір-бірімен тығыз байланысты сегіз циклдан түрады. Әрбір цикл - мазмүны жағынан бір-бір хикая болып келеді. Ал үлкен жазудағы «Күлтегін» жыры көлемі жағынан 428 өлең жолынан түрады. Бүл жыр бір-бірінен дербес түрған 6 хикаядан, яғни 6 оқиғадан құралған деуге болады. Мүнда түркі қағанатының тарихы, Күлтегін заманындағы жорықтар мен батырлар ерлігі, елдік күйі әңгімеленеді.
Орхон жазба ескерткіштерінің ішінде «Тоныкөк жыры» ерекше орын алады. Бүл жырдың авторы бөлек оны Тоныкөктің өзі жазған деген болжам бар. Мүндағы басты қаһарман - қағанның кеңесшісі Тоныкөк. Егер «Күлтегін жырында» түркі елінің белгілі бір соғыстағы жеңісіне себеп болған негізгі нәрсе Күлтегін батырдың ерлігі деп көрсетілсе, ал «Тоныкөк» жырында автор сол жолғы шайқаста жеңіске Тоныкөктің ақыл-айласы арқасында ғана жеттік деп көрсетеді. «Тоныкөк» жыры да көлемді. Ол 313 өлең жолынан түрады.
Орхон ескерткіштерінің жанрлық ерекшеліктері туралы соңғы кезге дейін өзара қарама-қайшы екі түрлі көзқарас орын апып келеді. Бірі - Күлтегін, Білге қаған және Тоныкөк ескерткіштері көркем әдебиетке, соның ішінде поэзияға ешбір қатысы жоқ түрік қағанатының дәлме-дәл жазылған тарихы деп қарады. Екіншісі - руно жазуындағы бүл ескерткіштерді поэзиялық туындыға тән барлық белгілері бар, ежелгі түркілердің өзіндік әдеби дәстүріне негізделген көркем туынды деп таныды. Бүл екі түрлі пікір үзақ жылдар бойы әдебиетшілер, тілшілер, тарихшылар, т. б. арасында алуан түрлі пікірталастарын тудырып келеді. Ал қазір Күлтегін, Білге қаған және Тоныкөк ескерткіштері көркем туынды екеніне ешкім күмәнданбайды. Орхон ескерткіштерін поэзия, ерлік жыры деп алғаш бағалаған ғалымдардың бірі - академик-жазушы М. Әуезов болды. Ол «Мүнда батырлардың жас шағынан бастап, өмірінің ақырына дейінгі ерліктерін жырлайтын батырлық дастандардың сюжеттік қүрылысында үқсастық бар» деп жазады. Бүл жазба ескерткіштер өзінің мазмүны мен пішіні жағынан ғана емес, ырғаққа, яки ритмге - үннің жүйелі, мерзімді, мөлшерлі қайталануына негізделуі түрғысынан да поэзиялық сипатқа ие екенін түңғыш рет совет ғалымы И. В. Стеблева да дәлелдеп шықты (И. В. Стеблева. Поэзия тюрков ҮІ-ҮІІІ веков. М., 1965 г. ) . Ал Л. Н. Гумилев, А. Щербак, С. Г. Кляшторный, Қ. Өмірәлиев секілді ғалымдар көне түркі жазба ескерткіштерін түрік қағанатының тарихи шежіресі деген пікірді көбірек қүптайды. Шынында да М. Әуезов жазғандай, Күлтегін, Тоныкөк немесе Суджа жазбаларында әр алуан рулар мен тайпалардың кескілескен шайқастарының, соғыс суреттерінің, батырлар ерлігінің, жорықтарының шежіресі бар». Тіпті түркі халықтарының ертедегі ортақ кағанатының тарихына қатысты көп мәліметті ғалымдар осы түркі ескерткіштерінен алады. Сөйтсе де олар Орхон ескерткіштерінде түрік қағанатының тарихы толық, әрі дәл баяндалмайтынын да мойындайды.
Бақылау сұрақтары:
- Ежелгі дәуір әдебиеті қай ғасырларды қамтиды?
- А. Қыраубаеваның әдебиет тарихын дәуірлеуі.
- Орхон жырларын зерттеген орыс зерттеушісі.
- Орхон жырларын поэзия үлгісі ретінде карастырушы ғалым.
- Орхон жазуларын кім тапқан?
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz