Қазақ ағартушы демократиялық мемлекеттік құқықтық саяси көзқарасы



Пән: Саясаттану
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР

І. Кіріспе
1.1 Қазақ ағартушы демократиялық мемлекеттік құқықтық саяси көзқарасы
ІІ. Негізгі бөлім
2.1 Саяси ілім
2.2 Абайдың саяси құқықтық көзқарасы

ІІІ. Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе
Қазақ халқының өз заманының ойшылдары дүниенің, болмыстың, өмірдің,
адамның жай-күйін жете түсінуге ұмтылған. Нақты өмірден бастау алатын
қазақтың философиялық көзқарастары қоғам мен табиғат туралы пікірлерге
толы. Міне, осы қоғамдық қатынастар турасындағы кейбір тұжырымдамалар кеңес
берушілік сипатқа ие. Ал кеңес берудің астарында саяси консалтинг
технологияларын қолдану элементтері жатыр. Жалпы консалтинг (ағыл.
consulting) ұғымының аудармасы кеңес беру дегенді білдіреді. Бұл кез келген
құбылыстың ұйымдастырушылық дамуы мен басқару салаларының күрделі
мәселелерін шешуге бағытталған интеллектуалды шара. Аталмыш шараның түп
қазығы тереңде жатыр. Кейбір ғалымдардың пайымдауынша, ең алғашқы кеңесші
қызметін өз шығармалары арқылы танымал Қытай философы Конфуций атқарған.
Ежелгі дүниедегі саяси кеңес беруде философтар, шешендер мен абыздардың
рөлі ерекше болды. Сондықтан Қазақстандағы саяси консалтинг нарығының
қайнар көзін ертедегі билер немесе ақсақалдар кеңесінен бастау алатынына
толықтай сенімдіміз. Сонымен қатар, өз заманының ойшылдары, ағартушы
ғалымдардың шығармалары халықтың әлеуметтік-саяси көзқарастарын
қалыптастыруға мол үлесін қосты. Саяси ғылымдарының докторы Ә. Бәкір
республикалық Алтын орда газетіне берген бір сұхбатында: Қоғамның
әртүрлі сатысында жарнама әртүрлі рөл атқарған. Нарыққа дейін қазақ
жарнаманың не екенін білмеді деуге болмайды. Жарнама қазақтың өмірінде де
болған. Әсіресе жәрмеңкелер кезінде, мәдени шараларға, сауда-саттыққа
байланысты жарнамаларды жаман пайдаланған жоқпыз. Жібек жолы кезінде
жарнамалар, тіпті, жақсы көрінді. Рас, бұрынғы жарнама мен бүгінгі
жарнаманың арасында айырмашылық көп. Жарнама Кеңестер дәуірінде де болды.
Бірақ, ондағы үлкен кемшілік - жарнаманың көбіне-көп саясаттанып кетуі.
Өйткені, ол кездегі іс-шаралардың бәрін саясаттандырып жіберген болатынбыз.
Кеңес өкіметінің алғашқы жылдарында жарнамаға таптық сипат беріп,
Кулактарды тап ретінде жояйық! - десек, Отан соғысы жылдарында жарнама-
ұрандардың бәрі басқыншылықты жеңіп, жеңіске жетуге арналды. Әрі ондай
жарнама-ұрандар сол кез үшін қажет те болды, сонымен қатар, аса маңызды рөл
атқарды. Жарнамалардың бел алған бір кезі - соғыстан кейінгі бесжылдықтар,
соғыстан кейін халық шаруашылығын қалпына келтіру, дамыту кезеңдері, - деп
айтады. Сонымен бірге, Бес ғасыр жырлайды кітабында мынадай деректер
кездеседі: Керей, Жәнібек хандардың ақылшы биі болған Асан қазақ руларының
орда көтеруін жақтайды, қазақтар Шу, Сарысу бойына орналасқан соң ел іргесі
берік, ағайын ұжымы күшті болуын үндейді. Өз өлең, толғауларында хандық
үкіметті нығайту, елдің қорғаныс қабілетін арттыру қажетін насихаттайды.
Жәнібек ханды табысқа мастанбауға, елдің түбегейлі болашағын ойлауға
шақырады. Феодалдық қоғамдағы әдет-ғұрып, мінез-құлық мәселелерін көтереді.

Қазақ ағартушы демократиялық мемлекеттік құқықтық саяси көзқарасы
Қазақ халқының рухани мұрасы да саяси ой-пікірлерге бай. Қазақтың
алғашқы философы, әлеуметтанушысы. Математигі, физигі, астрономы, ботанигі,
логика және тіл маманы, музыка зерттеушісі Әбу Насыр Мұхаммед Ибн Тархан әл-
Фараби 870-950 жылдары өмір сүрген. Ол екінші Аристотель атанған. Барлығы
160-тан астам трактат жазған. "Бақытқа жету жолдары", "Саясат туралы",
"Азаматтық саясат" деген еңбектері бар.
Әл-Фараби басқару түрін екіге бөлген:
1. Қайырлы - халықты бақытқа апарады.
2. Қайырымсыз - мұнда теріс әрекеттер болады.  Әл-Фарабидің айтуынша
адам бақытты болуға лайықты, сондықтан сол ол бақытын табуға тиіс.
Оған  ол тынымсыз еңбек арқылы ғана жетуге болады дейді. Ұлы дана
халықтар достығын қолдады.
Қазақ даласындағы ойшылдардың бірі — Жүсіп Хас-хаджиб Баласағұни (1021-
1075). Ол - ақын, философ, қоғам қайраткері болған. "Құтадғу білік" (Құтты
білік) деген дастаны бар. Ол түрік тілінде жазылған. Мұнда адамның тағдыры,
қоғамдағы орны мен рөлі, халықтың санасы, әдет-ғұрпы, т.с.с берілген.
Өмірден әділ заңды, еркіндікті аңсаған.
Қазақ халқының, тарихында өшпес із қалдырған хандар да бар. Олар
Қасым, Есім, Тәукехандар, "Қасымханның қасқа жолы", "Есім ханның ескі жолы"
деп халық олар жасаған заң, тәртіптерді көпке дейін ұмытпаған.
Ал Тәуке хан "Жеті жарғы" деп аталған қазақ әдеп-ғұрып заңдарының жиынтығын
жасады. Мұнда құқықтық тәртіп деп мемлекеттік құрылымының негізгі
принциптері айқындалды. Ол "халық кеңесі" мен "Билер кеңесін" тұрақты орган
ретінде қалыптастырып, рөлін арттырады. Тәуке хан қазақ қоғамына түбегейлі
өзгерістер әкелген ірі реформатор болды.
Қазақтың белгілі ойшысы-ШоқанУалиханов (1835-1865). Ол ғалым. ағартушы-
демократ, саяхатшы, этнограф, зерттеуші. Халықты патша-шенеуліктері мен
жергілікті байлардың зорлық-зомбылықтарынан қорғауды, қолынан келгенше оның
рухани және мәдени өркендеуіне ықпал жасауды өзінің мақсат-мүдесі деп
білді. Шоқанның ойынша, халықты қанаудан құтқару үшін билікті жою керек,
сонда ғана халық бақытты болады. Қазақ еліндегі тәртіпті өзгертудің
жолдарын іздеді. Қоғамдық құрылыстың жаңартудың жолы ретінде реформаны
таңдады. "Сот реформасы жайындағы хат" деген еңбек жазды. Сол реформаны
іске асыру үшін көп зерттеулер жүргізген.
Саясатқа ат салысқан тұңғыш ұстаз - Ыбырай Алтынсарин (1841-1889)
халықты дүниеге "дұрыс көзқараспен" қарауға тәрбиелеуді өзінің негізгі
мақсаты етіп қойған.
Тек білім, ағартушылық қана бұқара халықты билеп-төстеушілердің қысым
қыспағынан құтқара алады деп, барлық күш-жігерін олардың білімін көтеруге
арнаған. 1887ж. Ырғызда 20 адамдық интернат және қазақ қыздарына арнайы
мектеп ашқан.
Қазақ даласының ғұлама ойшылы - Абай Құнанбаев (1845-1904). Ол қазақ
халқының мүддесі үшін күресте достық, татулық, бірлік- керектігіне назар
аударды. Ол адамның "ақыл, ғылым, қайрат" арқылы жоғары дәрежеге көтеріліп,
асқақтайтындай қоғамның прогрестік дамуын аңсады.
Қазақ жерінде саяси сананың дамуына XIX ғасырдың аяғы XX ғ. басында
пайда болған алғашқы зиялылар қауымы да ықпал етті. Оларға: Ә.Бөкейханов,
А.Байтұрсынов, М.Дулатов, М.Шоқай, М.Тынышбаев, М.Жұмабаев, Б.Қаратаев,
Халел және Жаһанша Досмұхамедовтерді жатқызуға болады.
Біздің заманымызға жеткен толғауларынан Асанның қилы кезең табиғатын
жыға танығаны, тіпті Алтын Орданың орнында пайда болған хандықтардың
бәрінің құрып бітетініне дейін болжай алғаны көрінеді. Міне, осы ойларға
сүйене отырып, қазақ халқының философиялық көзқарастарының қалыптасуының
алғашқыларының қатарындағы Қорқыт ата мен Асан қайғы, ағартушы-классиктер
Шоқан Уәлиханов, Ыбырай Алтынсарин, Абай Құнанбаев, Ахмет Байтұрсыновтың
еңбектеріндегі тұжырымдар мен Бұқар жыраудың жырларындағы үгіт-насихаттық
ойларына сараптама жасауды ниет еттік. Қорқыт ата – қазақ ойшылы, исі
түркіге ортақ дана. Қорқыттың басынан өткен қызықты оқиғалар ХV ғасырда
Қорқыт ата кітабы деген атпен жазылып, хатқа түскен. Кітаптың екі нұсқасы
Дрезден мен Ватикан қалаларының кітапханасында сақталған. Сонымен қатар,
1950 жылы Бакуде, 1982 жылы Мәскеу қалаларында басылып шыққан. Орыс, неміс,
итальян сияқты т.б. тілдеріндегі аудармалары бар. Қорқыт атаның ел аузында
қалған көптеген нақыл сөздері әлі күнге дейін өз өзектілігін жоғалтпайтыны
анық. Құмды қанша үйгенмен төбе болмас, Қара есектің басына жүген
таққанымен тұлпар болмас, Күңге сарыпай шапан жапқанмен, бәйбіше болмас,
Тозған мақта боз болмас, ежелгі жау ел болмас, Ананың көңілі балада,
баланың көңілі далада, Сырын білмеген аттың сыртынан жүрме, Ең сүйкімді
әйел – отбасының құты болған әйел, - секілді қанатты сөздері қазақ
халқының мақал-мәтеліне айналды. Осы нақыл сөздердің жолдары арқылы
отбасындағы ананың рөліне ерекше назар аударылғандығын байқаймыз. ХV
ғасырда өмір сүрген атақты қазақ ақыны Асан қайғы қазақ халқының тағдыра
шешілер тұста өмір сүрді. Жоғарыда атап өткеніміздей, ол шығармаларында
тарих пен қоғам алдындағы өзінің жауапкершілігін түсініп және мұны әр
адамға ой салар мәселе ретінде қояды: ... Ауылдағы жамандар, Ел қадірін не
білсін? Көшіп-қонып көрмеген, Жер қадірін не білсін! Жалпы ақын өз
шығармалары арқылы адамгершілік ілімдерді негізге ала отырып, әлеуметтік-
әділеттілік түсініктерін, әділетті хан идеясын, адам туралы
көзқарастарын, этикалық және эстетикалық салауаттардың ара-қатынасын
айқындайды. Оның пікірінше, әділдіктің белгісі – бірқалыптылықта; ақылдының
белгісі - өткен істі қумауында; надандықтың белгісі – білгеннің тілін
алмауда екен. Ол әділеттілікті хан саясатынан іздеп, бірақ оны таба алмай,
ханға көптеген өлеңдерін арнап, әділетті хан идеясын ұсынады. Асанның
саяси-әлеуметтік идеясы оның қоғамдық өмірге терең үңілуінен тарайды. Оның
хан алдындағы саяси платформасы мына схеманың негізінде қалыптасқан: 1) Мал
өсіру үшін құнарлы жайылым мен жер-су керек. Қыста жайлы қоныс қажет; 2)
осы шарттар орындалған күнде оның ел-жұрты өсіп-өркендеп, өрісі кеңейіп,
тамыры терең жайылады; 3) саяси-әскери қақтығыстарды болдырмау үшін ел
санын көбейту мақсатына орай айтылады.
АБАЙДЫҢ САЯСИ –ҚҰҚЫҚТЫҚ КӨЗҚАРАСЫ

Қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбаев саяси және құқықтық ілім тарихы
бойынша арнайы еңбек жазбағанымен, өлеңдері мен қара сөздеріне өзі өмір
сүрген дәуірдің тыныс-тіршілігін, қоғамдық өмірін, халықтың мұң-мұқтажы мен
басқару орындарының жұмысын арқау етті. Қоғамдық шындықты түсінген Абай
еңбекші шаруаға жаны ашиды, заманы мен өзі өмір сүріп отырған ортаның
кемшілік- қайшылықтарын, өз халқының басындағы қайғы-мұңды көріп, қазағының
қазіргі халіне қинала сөйлейді.
1885 ж. мамыр айында Шар өзенінің бойындағы Қарамола деген жерде
Семейдің ген.-губернаторы Цеклинцкийдің басқаруымен Семей губернасиясына
қарайтын 5 уездің 100-ден астам би-болыстары бас қосқан төтенше съезі
өткізілді. Осы съезде төбе би болып сайланған Абайға “Семей қазақтары үшін
қылмысты істерге қарсы заң ережесін” әзірлеу тапсырылды.
Абай бастаған комиссия барлығы 93 баптан тұратын ережені 3 күн, 3 түнде
әзір етті.
Бұл қазақ қауымында ежелден қалыптасқан кертартпа әдет-ғұрып заңдарына
да, патша өкіметінің халықты қанаушылыққа ,зорлық-зомбылыққа негізделген
заңына да ұқсамайтын, өзгеше құжат еді. Оның әсіресе ұрлық, қылмыс пен әйел
мәселелеріне арналған баптары ерекше құнды. Абайдың саяси-құқықтық
көзқарасында құқықтық мемлекетте жеке адамның құқығын қорғайтын лауазымды,
ерекше санаттағы адамның кіршіксіз таза, жан-жақты білімді және халық
мүддесі мен ұлт намысын қорғау ісіне жан-тәнімен
берілуін талап етеді.
Абай шығармаларында нақты құқықтық мемлекет деген термин немесе ұғым
кездеспейді. Бірақ, осы мәселе туралы айтылған ойлары, проблемалары
құқықтық мемлекет принциптерімен ұштасатындығын анық ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мұхамеджан Сералиннің қоғамдық - саяси қызметі
Ш. Уәлиханов- қазақ қоғамының саяси- әлеуметтік өзгерістеріне, саяси ойдың дамуына ықпал еткен ғалым
Шоқан Уәлихановтың саяси-әлеуметтік көзқарасы
Мұхамеджан сералиннің өмірбаяны, бүтін шығармашылық мұрасы және ағартушылық қызметі
Саяси ойлар және қазіргі кездегі саяси мектептедің тарихы
Зерттеудің жетекші идеясы
Шоқан Уалиханов тұңғыш қазақ ғалымы, этнограф, демократ
Алғашқы екі кезеңде қазақ құқығының мәселелерін қарастыру патшалық
Ы. Алтынсариннің ағартушылық еңбегі
Зерттеудің негізгі кезеңдері
Пәндер