Қазақ журналистикасының психологиясы
Қазақ журналистикасының психологиясы.
Бертінгі он-он бес жылдың айналасында алмағайып заман ауаны мүлде
өзге арнаға бұрылды. Бұрынғы құндылықтардың мәні өзгерді. Әлемдік өркениет
кеңістігіне иек артқан жас мемлекетіміз дүние жүзіндегі дамыған елу елдің
қатарына қосылуды көксейді. Осындай жауапты кезеңде қазақ журналистикасы
қандай бағытты таңдайды, әдебиетіміз бен мәдениетіміз қай межеден көрінуі
керек? Міне, мемлекеттік Дарын жастар сыйлығының, сондай-ақ халықаралық
Тарлан сыйлығының иегері, жазушы, республикалық Начнем с понедельника
апталығының бас редакторы Дидар Амантай осы төңіректе ой толғайды.
Пушкин: Я пишу для себя, а печатаю только ради денег деп жазыпты. Орыстың
ұлы ақыны неге бұлай деді екен? Әңгімемізді осындай тосындау сауалдан
бастайықшы. Бұл жерде Пушкиннің айтып отырғаны орынды. Және айтылған
сөздің екінші бір мағынасы бар, оны ақын тұспалмен аңдатады. Пушкиннің өзі
үшін жазатыны рас. Ал оның шығармасы ақ қағазға мәтін болып түскеннен кейін
авторсыз-ақ өмір сүретін құқыққа ие болады. Егер оны біреулер ұнатып, мынау
жақсы дүние екен басайық деп сұрап, оған ақша төлеп жатса, автор қарсы
емес. Міне, осының астарына үңіліп көру керек. Одан соң Пушкин кей
туындысын тапсырыспен жазуы да мүмкін. Оны да ашып айтпайды. Тек мен өзім
үшін жаздым. Сол жазғанымды енді бір жерден шығарсам, олар маған қаламақы
төлесе, онда нұр үстіне нұр дегенді мегзейді. Ақын мәселенің екінші қырын
да бүгіп қалып отыр. Пушкин тек өлеңдерім мен басқа да шығармаларымды ақша
үшін жарыққа шығардым дейді. Бірақ ол расында ақша үшін жазып көріп пе
екен? Мәселе сонда ғой. Әдебиет мен үшін ешқашан ақша табудың жолы болған
емес. Әдебиет ең әуелі менің ішкі дүниемді, өзім айтқым келген жәйттерді
қағазға түсіріп, елге жеткізетін бір жол. Сондықтан, ақша үшін жазамын деп
айта алмаймын және ақша үшін кітап та шығарған емеспін. Десек те, табыс
табудың басқа да жолдары бар ғой. Жазушы ондай жолдармен ешуақытта
айналыспасын деген шарт жоқ. Ең бастысы шұғылданған шаруаңыз сіздің
шығармаларыңыздың көркемдік дәрежесіне нұқсан келтірмеуі тиіс. Сол кезде
сіз ешқашан да ақшаға тәуелді болмайсыз, яғни ақша үшін қалам тербеудің
қажеті болмайды. Проза мен журналистиканы қатар алып жүрген адамсың. Жаңа
заманғы журналистиканың рөлі... Әдебиеттің міндеті дегендер бар. Осыған
тоқтала кетсең. Ұлтқа, халықтың рухын асқақтату жолында қызмет ету ұғымы да
еске түседі. Бұл да жоғарыда Пушкиннің айтқан сөзі іспеттес. Мен де өзім
үшін жазамын. Ал жазған дүниелерім халқымның рухын көтеріп жатса, құба-
құп. Онда мен өзімді бақытты адам санаймын. Кез-келген ақын- жазушы қолына
қалам алған кезде ұлттың мүддесіне арналған белгілі бір тапсырыспен
жазбайды. Тіпті, ол халықтың рухын көтеру үшін еңбек еттім дегеннің өзінде
оған бір ықпал ететін, көңіл күйіне әсерін тигізетін әлдебір күш болуы
керек қой. Сол кезде шабыт келуі мүмкін. Жазушы, қаламгер, театр режиссері
тапсырыс бойынша балта жасайтын ұста немесе етікші емес. Шығармашылық
парлап самғататын қиял дүниесін, белгілі дәрежедегі қабілетті қажет ететін
ерекше еңбек. Сондықтан мұның жолы мүлде бөлек. Жалпы, өз басым мен ұлттың
мүддесіне қызмет етіп жатырмын, елдің жоғын жоқтап жүрмін деп кеудесін
қағып, өңешін жыртып жүрген кейбір адамдарға сене қоймаймын. Сіздің ел
мүддесі жолында атқарған еңбегіңіз ешқандай бір есепсіз жасалған еңбек
болуы тиіс. Сол кезде ғана ұлттық мұраттар жолында төккен маңдай теріңіз
лайықты бағаланады. Ал егер де мен ұлтқа олай көмектестім, бұлай
жәрдемдестім деп айқайға бассаңыз, оның артында мен деген үлкен мақтан
тұрады. Мынау –менмін, осыны істеген менмін, мен кереметпін деген.
Сондықтан, өз ойымша, ұлтқа қызмет ету үшін ең әуелі сол халықтың жүз пайыз
өкілі болып алуыңыз қажет. Мұндағы басты шарттардың бірі – сіздің ойлау
жүйеңіз ана тілінде болуы тиіс. Сондай-ақ сіз қазақ тілінің мәртебесін
көтеру жолында аянбай күресе білетін, ұлт тағдырына жаны ашитын, оның мұң-
мұқтажын жеке басыңыздың ауыртпалығындай көретін адам болсаңыз, сол кезде
ғана өз-өзіңізден ұлтқа қызмет ету жолына шығасыз. Ал егер белгілі бір
ситуацияға немесе коньюктураға байланысты мына жерде қазақ тілі деп
айқайлап, ана бір орында басқаша сайрайтын болсаңыз, онда сіздің ұлт үшін
жасап жатқан еңбегіңіз жай ғана есеп болып шығады. Шынын айтайық, ондай
адамдар сонау парламентте отырған ағайындардың қатарынан да табылады. Ұлт
мүддесі, халық тағдыры деген ұрандарды ұстанып алып, өз тірліктерін күйттеп
жүрген адамдарға күмәнмен қарамасқа лаж қайсы! Неге екенін, осы ретте
баяғы кеңес үкіметі тұсындағы зиялы қауым өкілдерінің ас үйде отырып алып
күңкілдеп билікті сөгіп, өздері Жер бетінен пана таба алмай жүріп Айдағы
келеңсіздіктерге алаңдайтын қаңғыбастарша әлемдік түйткілдерді қаузайтынына
байланысты қалыптасқан "дежа вю" ұғымы ойға оралып отыр. Қалай ойлайсың,
біз сол әдеттен арылып болдық па? Кеңес одағы тұсында қалыптасқан ас
үйдегі әңгіме бүгіндері мүлде тыйылған дей алмас едім. Неге? Өйткені,
біздің қоғамда көпшілік әлі де болса шындықтың алдында адал болуға
тырыспайды. Аш пәледен қаш пәле– әркімге тыныштық керек! Көптеген БАҚ та
іргесін ақ алмастай ақиқаттан алыс ұстайды. Кей әңгіменің ас үйге көшетіні
сондықтан. Ол ас үйден шығып, газет бетіне қашан шығады? Ол әзірге
белгісіз. Десек те, Қазақ елінде азды-көпті демократиялық құндылықтардың
бой түзегені рас. Оған бір дәлел – Тасжарған, Республика, Политика КZ
секілді оппозициялық басылымдар. Солай бола тұра мемлекеттік дотацияға
қарайтын көптеген газет-журналдар кәсіби деңгейі қаншалықты биік,
қаншалықты батыл саналғанымен ел ішіндегі шешуін күткен небір түйткілдерге
дендеп бойлай алмай келеді. Шындықты айта алмаймыз. Көп күмілжиміз. Әлгінде
сөз болғанындай, тіпті, халық сенімін арқалап, ел мүддесін көздеп жүр деген
көптеген депутат ағаларымыздың өздері шындықтан тайсақтайды. Біздің газет
– бейтарап бағытты ұстанатын газет. Егер сіз біздің басылымды қадағалап
оқып жүрген оқырман болсаңыз, онда билікті жақтайтын партиялар өкілдерінің
де, оппозициялық партия белсенділерінің де пікірлері мен сұхбатын оқи
аласыз. Арнайы тоқталып айта кетейік, бізде Елбасының бір апталық қызметіне
шолу жасап отыратын дәстүр бар. Мұны беруге міндеттіміз. Өйткені біз егер
Заңға, тәртіпке негізделген мемлекет болуға талпынатын болсақ, онда біз
заңды орындауымыз керек. Сондықтан, Президентіміздің қызметі бүкіл
басылымдардан көрініс тауып отыруы қажет деп ойлаймын. Ал атқару билігінің
жұмысы жайында, облыстық, аудандық әкімдер жайында мақтау да, сынау да
болып жатады. Өз ойымша, егер сіздің газетіңіз ақиқатты, адалдықты айтуға
талпынатын болса, онда ол басылымның таралымы да өседі деп білемін. Газет
үшін ең ауыр нәрсе– оқырманның сенімін жоғалту. Ел сенімін жоғалтқан
газеттердің көпшілігі мемлекеттік ресурс, әкімшілік ресурс арқылы
оқырмандарды өз газетіне жазылтуға тырысатыны түсінікті. Бірақ біреудің
күштеуі бойынша жазылған газеттің қадір-қасиеттен жұрдай болатыны белгілі
емес пе! Жалпы, жаңа заманғы журналиске қандай қасиеттер қажет? Дәл
бүгінгі күні журналист, әрине, біріншіден, журналистика факультетінде оқып
жүрген кезінде-ақ белгілі бір бағыт бойынша мамандануы тиіс. Яғни, айталық,
ауыл шаруашылығы тақырыбына немесе мәдениет, саясат, экономика, халықаралық
қатынастар жөніндегі салаларға бейімделіп, әбден машықтануы қажет. Бұл
бірінші саты, алғашқы қадам деп ойлаймын. Журналистің екінші қадамы–
газетке немесе телевизияға барып жұмысқа орналасқаннан кейін ең әуелі
Қазақстанда шығып жатқан заңдарды жетік білуге тиіс, яғни, ол заңдарда не
айтылды, оның мазмұны қандай – соны білуі қажет! Әрине, баптың нөмірін
жатқа білу шарт емес шығар, бірақ ол қандай заң, қашан қабылданды, міне,
осының бәрінен хабардар болған жөн. Одан соң сол заңдардың электрондық
нұсқасы журналистің компьютерінде тұруы керек. Сонда журналистің көзі
ашылады. Ол кез келген уақытта мақаласын жаза отырып, заң шеңберінде
белгілі бір жақты жақтап немесе сынап шыға алады. Бұл – журналистің
міндеті.
Кейінде әлемдік журналистикамен бірге қазақ баспасөзі де айтарлықтай
сапалық өзгерістерге ұшыраған сияқты.
Ол рас. Менің ойымша, бүгінгі күні, мәселен, Батыс пен Америка
журналистикасы модернистік үлгідегі әдебиеттің талғам-талаптарын алған.
Солардың сөз қолданысын, жазу тәртібін, машығын иемденген. Мысалы, бұрын
модернизмде бірінші сөйлем қысқа болу қажет, сонымен қатар ойды автор емес,
оқиға айтуы керек, автор бейтарап позиция ұстануы қажет деген шарт болған.
Бүгінгі кез келген ақпараттық хабарда қарама-қарсы екі жақ та сөйлесін
дейді. Қазақ әдебиетіне келер болсақ, біз қазақтың сөздік бай мұрасын
қалайша ұтымды пайдаланып, оны белгілі формаға енгізіп, бүгінгі стильге
қалайша бой ұсындыра аламыз? Міндет осы сияқты. Яғни, форма – стиль –
қазақтың бай тілі. Осы үшеуінің арасынан лайықты үндестік таба білген адам
ең мықты қаламгер болмақшы. Және осы үш талапқа жақсы сюжеттік желі
қосылатын болса, онда сіз бірнеше астары бар ғажап шығарма жазар едіңіз.
Оның ішінде бүгінгі күні проза мен поэзияға да, кинофильмдерге де, театрға
да бүгінгі күннің сұрағына жауап беруге тырысудың қажеті жоқ. Жауабыңыз
екіұдай болсын. Оқырман, көрермен, тыңдарман түйінді өзі шешсін. Осындайда
ойға Әбіш Кекілбаевтың Аңыздың ақыры романы, Шыңырау, Бәйгеторы
повестері, сондай-ақ, Мұхтар Мағауиннің Тазының өлімі, Оралхан Бөкейдің
Қайдасың, қасқа құлыным хикаяты, арғы жағын алып қарайтын болсақ, француз
жазушысы Ален Роб-Грийе мен америкалық Герман Мелвиллдің шығармалары
оралады... Өзі, журналистиканы айтып отырып әдебиетке ауытқып кеттік пе,
қалай?..
Иә, ақыры айтып қалған екенбіз, орайы келгенде постмодернизм термині
төңірегінде пікірлесе кетейікші.
Кейінде постмодернизм үлкен дауға айналып бара жатқан мәселе. Батыста 80-
жылдардың өзінде постмодернизмнің ақыры деген мақалалар жарық көре
бастаған. Постмодернизм – өнердегі, прозадағы, поэзиядағы, кинодағы,
театрдағы кеңістікте де, уақытта да шектеудің, қарама-қайшылықтардың
жойылуы дегенді білдіреді. Сонымен қатар сол кереғарлықты бір үндестікке
әкеле отырып, екеуінің арасынан жақсы бір жарасымдылық табу қажет. Осы
жағынан келгенде постмодернизм, әрине, бір жағынан, автордың даралығын
жояды. Екінші жағынан, қоғамды алға оздырады. Неге? Өйткені постмодернизм
дегеніміз білім мен тәжірибенің көбеюі. Сол тұрғыдан алғанда ол элитарлық
әдебиет пен бұқаралық әдебиеттің арасынан бір жарасымдылық тапқысы келеді.
Бұған қоса мәтінге былапыт, бейпіл сөздердің енуіне, қалай болса солай
сөйлеуге жол ашады. Ендеше дау болатын да жөні бар ғой. Өйткені Толстой,
Достоевский, Гогольдің классикалық прозасына жойыла бастау қаупі төнбей ме!
Әрине, ол жойылмайды. Және әдебиетте ешқандай шектеу де болмауы тиіс.
Жалпы, өнерде мен әдебиетте бір-ақ шарт бар. Ол – көркемдік шарты. Бұл
талғамнан туындайтын нәрсе. Ал, әр дәуірдің талғамы әртүрлі болуы да
мүмкін. Бірақ әр кезеңде де ешқашан өзгермейтін көркемдік талабы болады.
Форма жоқ жерде өнер жоқ деп жүреміз. Өтімді сөз айту үшін де тартымды
пішін керек. Қазақтың: Ханның айтатынын құл да айтады, бірақ аузының дуасы
жоқ деген сөзін білесіз. Ал постмодернизм, меніңше, формадан бас тартып,
стильді алға шығарды. Демек, форманың өзі көркемдікке бағынуы тиіс. Мұның
журналистикаға да қатысы бар.
Енді бір сәт назарды Анджей Иконников-Галицкийдің Белгісіз буын туралы
уәжіне қарай бұрсақ. Оның ойынша, кеңестік дәуірде 1958 бен 1969 жылдар
аралығында дүниеге келгендер тоқырау заманының сүреңсіздеу де, жанға да
жайлы, қауіпсіз тасасында туып-өскендіктен, бұлардың дүниетанымдары
өздеріне дейінгі де, өздерінен кейінгі де ұрпақ өкілдерінен мүлде өзгеше
келеді. Әйтеуір, сол кезеңге тән түрлі жағдайларға байланысты бұларды
елеусіз қалған буын қатарына жатқызу керек дейді ол.
Мен 1969 жылы дүниеге келдім. Десек те, мен өзімді әлгіндей елеусіз қалған
ұрпақтың қатарына жатқыза алмаймын. Өйткені, мен мектепті бітіріп, әскер
қатарында борышымды атқарып келгеннен кейін үлкен саяси, рухани сілкіністер
мен дүбірлі өзгерістердің тура ортасына тап болдым. Бұл жалпы танымыма,
көзқарасыма қатты әсер етті. Біз сол кезде тиым салынған әдебиеттерді оқи
бастадық. Ал егер, 1958-69 жылдар аралығында дүниеге келгендерді елеусіз
қалған буын дейтін болсақ, мұнда белгілі бір дәрежеде шындық та болуы
мүмкін, десек те, ұрпақтар арасын шартты түрде бөліп отырғандығымызды
түсінуіміз керек. Қарап отырсаңыз, біздің бүгінгі мемлекетіміздің үлкен
салалық шаруашылықтарын басқарып отырған лауазымды шенеуніктер, негізінен,
сол 1958 бен 1969 жылдар аралығында туғандар. Көптеген министрлер мен
әкімдерді алыңыз, олардың бәрі дерлік сонау тоқырау кезеңінде дүниеге
келген ұрпақ. Сондықтан, мұны, бір жағынан, сол кездегі ұрпақтың көңіл
күйін бере алатындай жалпылама категория ретінде қолдануға болатын шығар.
Бірақ шартты түре ғана. Айтып отырғанымдай, біздің белгісіз буынның елдің
саяси-экономикалық, мәдени өміріндегі ықпалы айрықша ғой. Сол себептен
бұларды қалайша елеусіз қалған ұрпақ дей аласыз!
Сондай-ақ анау Желтоқсан көтерілісінің бел ортасында жүрген де осы буын
емес пе еді! Бірақ, ең бір өкініштісі, олардың көбі ештеңесіз қалды. Өмірде
өз орындарын тапқан жоқ. Көпшілігі әлі күнге дейін Желтоқсанға байланысты
өздерінің саяси бағасын ала алмай жүр. Сондықтан олардың кейбірінің өмірден
де, шығармашылықтан да өз орындарын таппай, адасып жүргені рас, тіпті
олардың бірқатары сонау оқиғаға қатысқанын бүгінгі күні ренішпен,
күйінішпен еске алатын жағдайға жетіп отыр. Олар, әрине, өкінбейді, себебі
алаңға өз халқының, туған елінің азаттығы үшін шықты.
1986 жылы алаңға шыққандардың барлығы да ауылдан келген қазақ жастары еді.
Демек, қазақтың мүддесі үшін күресе алатын қабілет бойыңызға сіз қазақ
мектебін бітірген кезде ғана қонады. Орыс мектебін бітіргендердің көбі
өздерін ұлт мүддесі жолындағы күреске арнай бермейді.
Осы орайда тілге оралады, кейінде ұлт –саяси қауымдастықтың белгісі деген
мағынада жаңа термин пайда болды. Яғни, қазақ халық ретінде – қазақ, ұлт
ретінде қазақстандық болуы тиіс деген сияқты өте қауіпті теория белең алып
келе жатыр. Бұл, тіпті, үлкен саяси мінберлерде айтылып жүр. Бұл сөзге
үлкен қауіппен қарар едім. Өйткені бұл дәл бүгінгі күні өз шешімін
таппаған, көптеген сауалдары мен күмәмдарына жауап таппаған анықтама.
Сондықтан бұны шегере тұруымыз қажет. Дәл бүгінгі күні Қазақстанда қазақ
халқының жағдайы, қазақтың мемлкеттік тіл ретіндегі мәртебесі, ауылдан
келген қазақтың қалаға бейімделу, қалыптасу, адаптациядан өту жолдары
анықталмаған кезде, мұндай мәселелер үлкен қатер төндіреді. Кеңес одағы
кезінде кәсіптік-техникалық училищелер ауылдан келген қазақтың қалалыққа
айналуы жолындағы үлкен транзиттік көпір еді. Қазір олар жойылған. Яғни,
қазір ауылдан келген жастардың мамандығы жоқ, сондықтан олар көбіне базарда
жүреді, ұрлыққа барады, қылмысқа ұрынады, тіпті болмаса көше сыпырады. Ал
кезінде солар келе сала зауыт-фабрикаларға жұмысқа орналасатын. Өйткені
кәсіптік училищелер көп болды. Енді соларды қалпына келтіру қажет. Онда
ауылдан келген жастарды шәкіртақы беріп тегін оқыту керек деген пікірді
айтар едім. Сонымен қатар, бұрындары коммуналдық пәтерлер, жатақханалар
көптеп салынатын. Бұл да ауылдан келген қазақтың қалалыққа айналуындағы бір
саты, баспалдақ, көпір еді. Қазір ол да жоқ. Бүгінгі қалаға келген қазақ
қаңғып қалып жатыр. Осының ақыры неге әкеліп соққанын көріп отырмыз.
Қандастарымыз амалсыздан жер басып алуға дейін барды. Аяғы үлкен трагедияға
айналды. Бұның бәрінің алдын алудың бір-ақ жолы бар. Ол – кәсіптік-
техникалық училищелерді көбейту, жастарды жұмыс орнына тарту, оларға
жатақхана беріп, уақытша коммуналдық үйлер салу.
Кейінгі жылдары журналистикаға бөгде кәсіптерге баулитын оқу орындарын
тәмәмдаған, әсіресе, театр, өнер саласына маманданған жастар легінің келе
бастауы байқалады. Сол секілді керісінше, мәселен, кинематографияда да
әуесқойлар тобы бой көрсете бастағандай. Өнердегі примитивизм ағымы
түсінікті. Әдебиетте ағылшынша қоқыс деген ұғымды білдіретін трэш
(trash) термині енгелі де бірталай болды. Осы түсінік әуел баста нашар
фильмдерге қатысты айтылған екен. Осы төңіректе не айтар едің?
Жалпы, технологияның, техниканың дамуы, ғылымның алға озуы көптеген
тұрмыстық заттарымыздың көбеюіне жол ашты. Айталық, фотоаппарат пен
кинотехнологияның арзандауы, оның халықтың қолы жететіндей дәрежеге түсуі
бір жағынан жақсы. Бұрын сіз ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz