Қазақ жұмбақтарының зерттелуі
Қазақ жұмбақтарының зерттелуі
Оспанова
Балтагүл Оспанқызы – ф.ғ.к., доцент
Қ.А.Ясауи
атындағы ХҚТУ, Түркістан қаласы
Султанбекова
Жәудір Еркінбекқызы-магистрант
Қ.А.Ясауи
атындағы ХҚТУ, Түркістан қаласы
Мақалада қазақ жұмбақтарының халқымыздың өмірінде алатын орнына,
олардың ғалымдар тарапынан зерттелу жағдайына арнайы тоқталады.
Кілт сөздер: жұмбақтар, мәдени мұра, этнос, этнос өмірі, арқау, ата-
баба,
алғырлық, тапқырлық, тез шешім
қабылдай білушілік.
Көшпелі ғұмыр кешкен қазақ халқының өткен өміріне көз салып
қарайтын болсақ, оның рухани дүниесінде жұмбақтардың алатын орны ерекше
болғанын білеміз.
Халық болмысымен ежелден біте қайнасып келе жатқан, ұрпақтан-
ұрпаққа жалғасып, қазіргі уақытта да тарих сахнасынан түсіп қалмай,
жалғасын тауып келе жатқан бағалы жауһар-қазыналардың бірі – жұмбақтардың
өмірдегі орны да ерекше.
Әр халықтың өзіндік тарихы, сонымен қатар мәдени мұрасы болады.
Сол сияқты, біздің халқымыздың да сонау ата-бабамыздан қалған мол
мұраларының бірі – жұмбақтар болып табылады.
Жұмбақтар – этностың өткен өмір тіршілігі мен бүгінгі болмысын
болашағымен жалғастыратын алтын арқау секілді. Себебі, олар – шағын жанр
бола тұра, рухани, мәдени салт-дәстүрді жалғастырудың, тез шешім қабылдай
білудің, ұтқыр ойлай алудың, тұжырымды да, пайымды жауап бере білудің
адамдар санасында, қоғам жадында, тілінде, ділінде сақталуының бірден-бір
кепілі. Осындай қазына-байлықтарынан айырылған елдің, этникалық қауымның
болашағы да бұлыңғыр болмақ.
Жұмбақ оқырманның ой-өрісін кеңейтеді, алғырлығын арттырады,
байқағыштыққа баулиды. Жұмбақты шығарушыға табиғи талант пен қоса мол өмір
тәжірибесі, жан-жақты білім қажет. Себебі, жұмбаққа халық атамзаманнан
ерекше мән берген.
Ұрпақтан-ұрпаққа жеткен айтулы аңыздарда атақты билер, әйгілі
хандар өздеріне мұрагер таңдауда да, құрылысы күрделі, мән-мағынасы терең,
жұмыр да, ұтымды жұмбақтарды ортаға салып, соны әрі тез, әрі тұтас шеше
білуіне қарай таңдаған.
Жұмбақ жанры қоғам мүшелерінің дүниетанымдық, тапқырлық, өжеттік,
тез шешім қабылдай білушілік сияқты ізгі, қасиеттерін дамытуға, соған
баулуға бағышталады.
Жұмбақтың тілі – жұмбақтың өзіне сай, ой-сананың өскелең өрісін,
көркемдіктің шытырман ою-өрнегін танытатын, көркемсөз арсеналындағы сирек
кездесетін элементтерін сан құбылтып пайдалануда, машықтандыруда ерекше
көзге түседі.
Жұмбақ жанрын зерттеу ісі қай уақытта да ғалымдар назарынан тыс
қалмаған, қай ғалым болса да, өзіндік тұжырым-пікірін айта білген.
Қазақ жұмбақтарының қыры мен сырын М.Әуезов, Ә.Марғұлан,
М.Әбжанов, Ж.Адамбаева, Н.Оңғарбаева, Ш.Керім сияқты ірі ғалымдар әр
тұрғыда қарастырған, көптеген ой-тұжырымдар жасаған.
Баршамызға белгілі, құнды жәдігерлік дүние Кодекс-Куманикусты
айтпағанның өзінде, Ш.Уәлиханов хатқа түсірген 20 шумақ өлең-жұмбақтың
Санкт – Петербург мұрағатында әлі күнге дейін сақтаулы тұрғаны біздің
халқымыз үшін үлкен мақтаныш болып табылады..
Саны мен тақырыбы жағынан алуан түрлі болып келетін көптеген
жұмбақтарды қазақтан шыққан тұңғыш педагог – Ы.Алтынсариннің өзі хатқа
түсіргендігі туралы дерек кездеседі.
Ғалым А.В.Васильев болса, қазақ жұмбағы хақында ой түйіп, алғаш рет
мынадай ғылыми пікір айтқан болатын: Қырғыздар арасында жұмбақтар жиі
кездеседі, әрі құрметке ие. Жастардың жұмбақсыз өтетін кештері де сирек.
Жұмбақ сайысына жиналғандар жасыратындар және шешетіндер болып екі топқа
бөлінеді. Сайыс көбіне ерлер мен қыздар, не топтан іріктеліп шыққан жеке
адамдар арасында болады. Жұмбақ сайысы өлең, хат түрінде де болады. Мұның
үлгілері халық жадында ұзақ сақталып, ұрпақтан-ұрпаққа жетіп отырады.
Мұндай түрлерді үлгі жұмбақ деп айтуға болады.[1.4]
Қазақ жұмбақтарын жинауға белгілі фольклоршы ғалым
Г.Н.Потанин де үлкен үлес қосты. Г.Н.Потанин жинаған жұмбақтардың ішінде:
Үш нәрсе кішкенеден үлкен болады (от, өлім, дау), сегіз нәрсе тоймайды
(көкірек –ақылға, көңіл-ойға, ер-малға, қатын-ерге, от-отынға, жер-адамға,
көз-көруге, тіл-сөзге), төрт нәрсеге тоқтау жоқ (кәрілік, ажал, аштық,
ұйқы) тәрізді қызықты үлгілерін оқи аламыз [ 2 ,189].
Жұмбақтар жөнінде көптеген әдебиетші -тілші ғалымдар ғылыми
зерттеу жұмыстарын жазды. Осы жанрдың алғашқы үлгілерін жинап, түзету,
оларды баспасөзде жариялау ісінде көптеген ғалымдардың еңбектері ерекше
екені белгілі. Мәселен, орыс ғалымдары А.Лютшты, П.М.Мелиоранскийді,
В.В.Васильевті, Г.Н.Потанинді,. қазақ ғалымдары Ы.Алтынсаринді, Ә.Диваевты,
Ә.Марғұланды С.Аманжоловты, Т.Жанұзақовты, М.Әуезовті, М.Әбжановты,
Ж.Адамбаеваны, Н.Оңғарбаеваны, Ш.Кәрімді жұмбақ жанрының қыры мен сырын,
кешегісі мен бүгінін салыстырып зерттей білген ғалымдар ретінде ерекше
мойындатқанын, дәйекті тұжырымдар мен пікірлер айтқанын атап өтуге болады.
Жазушы Жүсіпбек Аймауытов халқымыздың уақыт, жаратылыс, киім-кешек,
мал жайындағы бір топ жұмбақтарын Көк өгіз атты жұмбақ ертегісін
жариялаған.
Көрнекті ағартушы А.Байтұрсынов жұмбақты қазақ фольклорының бір
жанры ретінде қарастыра келіп: Жұмбақ деген аты жұмудан шыққан, яғни
қолдың ішінде бір нәрсені жасырып, жұмып тұрып таптырмайды. Ойды бүгіп,
айтпай қойып, сол нәрселерге ұқсас нәрселерді сипаттап айтып, ұқсастығы
бойынша таптырады. Жұмбақ зейінді ұстартуға пайдасы бар нәрсе - деп жазады
да, одан әрі жұмбақтың бейнелегіштік-көркемдегіштік құралдарына тоқталады
[3. 234] одан әрі жұмбақтың бейнелеу құралдарына тоқталады.
Жазушы М.Әуезов те жұмбақ жанрына арнайы зерттеу жүргізіп, мақала
жазды. Ол Әдебиет майданы журналына (1938 жылғы 10-санына) жарияланды.
Кейіннен 1940-1959 жылдары жарық көрген Қазақтың қалық жұмбақтары
ғалымның беташар сөзімен ашылған, онда былай делінген:
Сырт қарағанда соңғы уақыттарда жазба әдебиет күшеюімен қатар,
жұмбақ азайған шығар, жаңадан жасалмайтын шығар деген ойлар болушы еді.
Анығында бұл теріс болып шықты.Жұмбақ қазақ халқының арасында да, басқа
халықтардың арасында да әлі күнге тыңнан туып, молайып, дамып келеді. Олай
болса, халықтың жұмбақ деген фольклор қорын жинап, басып, тексеріп тану,
ғылымдық зор міндет болады [4, 5].
Жұмбақ жанрының басты мақсаты - қиыннан қиыстыру арқылы өмір-
тіршіліктің түрлі құбылыстарын тілге тиек ету болып табылады. Бұл жолда
салыстыру, шендестіру, ирония сарказм әдістері қолданылып отыратындығы
белгілі.
Адаммен қатысты ғалам бейнесін, оның тылсым құпияларын сөз еткенде,
оған қатысты құбылыстарын түгел санамалап, жеке-жеке мәнін түсіндіруді
талап ету – жұмбақ жанрының негізгі шарттарының бірі болып табылады..
Ғалым Әлкей Марғұлан ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz