Қазақ жырының Қадыры



Пән: Тарихи тұлғалар
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 14 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
Министерство образования и науки Республики Казахстан
Манаш Қозыбаев атындағы
Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті
Северо-Казахстанский государственный университет
им. М.Козыбаева

Қазақ жырының Қадыры
Ұсынылатын библиографиялық көрсеткіш
Қадыр Мырза Әли-75 жыл

Петропавл , 2010

Оқырмандарға

Ұсынылып отырған көрсеткіш Қазақстан Республикасы Халық жазушысы, қазақтың
көрнекті ақыны Қадыр Мырза Әли - 75 жас толуына арналған.
Мағлұмат алфавиттік тәртіппен орналасқан.
Ақынның өмірі мен шығармашылығы туралы ең соңғы шыққан басылымдар
енгізілген. СҚМУ ғылыми кітапханасы қорында бар.
Көмекші құрал ұстаздарға, студенттерге және қалың оқырман қауымға
арналған.

Қадыр Мырза Әли
(1935 жылы туған)

Той болып кел, келешек, ұлан асыр!
Қалдырайын жазып мен Далама сыр.
Зәлім ғасыр,
Бәріне мәлім ғасыр,
Саған
тартып тумасын жаңа ғасыр!-
Мырза Әли Қ.

Қазақстан Республикасы Халық жазушысы, ақын Қадыр Мырза Әли 1935 жылы 5
қаңтарда Батыс Қазақстан облысының Сырым (Жымпиты) ауданында туды. 1958
жылы әл Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің филология факультетін
үздік бітіргеннен кейін, ғылыми кеңестің шешімімен оны аспирантурада оқуға
қалдырады. Алайда поэзияны пір тұтқан жас ақын жаңа ашылған Балдырған
журналына қызметке орналасады. Содан арада төрт жыл өткенде республикалық
әдеби журнал Жұлдызға ауысып, онда білім меңгерушісі, жауапты хатшысы,
бас редактордың орынбасары болып қызмет атқарады. Сол уақыттан бері осынау
көрнекті журналдың тұрақты редколлегия мүшесі. 1968-1973 жылдар аралығында
ол Жазушы баспасында қазақ поэзия бөлімінің меңгерушісі, одан кейін
Қазақстан Жазушылар Одағында поэзия секциясының кеңесшісі болады.
Қадыр Мырза Әли - еліміздегі аты мәшһүр жыр дүлділерінің бірі. Оның
бірінші туындысы 1954 жылы республикалық Пионер балалар журналында
жарияланды. Содан бергі уақыт ішінде оның жетпістен астам поэзиялық,
прозалық, сондай-ақ әдеби-сын кітаптары жарық көрді, өлеңдері мектеп
оқулықтарына енді. Ал әнге арнап жазылған өлеңдерінің саны екі жүзден асты.
Олардың көбі халыққа кең тарады, Күндер-ай атты жеке кітап болып басылып
шықты.
Баспа бетінде Қадыр шығармалары туралы айтылған пікірлер өте көп. Қадыр
Мырза Әли - қазіргі қазақ әдебиетінің майталман шебері, классигі. Мәселен,
ақынның шығармашылығы жөнінде академик С.Қирабаев: Туған жер туралы
толғанысты оның тарихы, салт-дәстүрі, халықтың жақсы мінездері жайлы
ойлармен ұштастыруда. Қ.Мырзалиевтің ізденістері өте бағалы. Ой орманы,
Дала дидары кітаптары қазақ тағдыры жайлы ақынды тебіренткен ойлардың
біздің бүгінгі өмір-тіршілігіміздің мән-мақсатын сезінуге бастайтынын
көреміз. Ол шындыққа, құбылыстың сырына, дала тарихына ой көзімен қарауға
үйретеді-десе, академик З.Қабдолов: Енді тұрысына көшсек, мүбәда қазақ
поэзиясына осы ғасырдың орта тұсынан өте беріп, соңғы отыз жылда тек қана
өзіне тән өзгеше мазмұнын ашқан, тек қана өзіне тән өзгеше пішінін тапқан,
шын Қадыр Мырзалиев, - деп оның өлеңдерін, поэмаларын аса жоғары бағалады.
Қ.Мырза Әли ең алғаш өзінің шығармашылық жолын балаларға арнап өлеңдер
жазудан бастаған ақын. Ал балаларға арнап шығарма жазудың өзіндік
ерекшелігі, көптеген қиындықтары бар. Балаларға арнап шығарма жазу үшін
автордың балалардың мінез-құлқын, психологиясын, қабылдау дәрежесін жете
білуі аса қажет. Қ. Мырза Әли балалардың психологиясын, мінез-құлқын,
жазумен айналысқан педагог жазушы екенін танытты. Оның Көктем (1959),
Жаңғалақтар (1960), Кішкене Қожанасырлар (1961), Ноян қоян (1962),
Алуан палуан (1963), Сабақ (1964), Шымыр жанғақ (1984) сияқты
кітаптары өзінің идеялық көркемдік сапасының шымырлығымен қазақ балалар
әдебиетінің алтын қорына қосылған туындылар. Ақынның өлеңдері баланың
ұғымына жеңіл оқуына оңай. Бәрі де бала жүрегін жаулап алатын, олардың жан-
дүниесін тербетер, әдемі, көрікті. Өмірге келген әр жасөспірімнің білім
қорын байытып, өмірлік сабақ алуына ұйымды түрде тікелей жәрдемдесетін
еңбектер. Көркем өнерінің аса маңызды саласы балалар әдебиетінің өсіп-
өркендеуіне Қадыр ақынның сіңірген еңбегін республика жұртшылығы лайықты
түрде бағалаумен келеді. Оған дәлел: оның балаларға арналған көптеген
кітаптарының қайта-қайта, жеткіншектердің күнбе-күн қолдан тастамайтын
рухани игілігіне айналуы.
ХХ ғасырдың 60-жылдарынан бергі жарты ғасырға жуық ақын шығармалары
ересек оқырмандарға айналды. 1965 жылы жарық көрген Ой орманы атты
өлеңдер жинағындағы мазмұны терең, көркемдік дәрежесі биік өлеңдермен-ақ
ақын қалың оқырманның жылы ықыласына бөленіп, бірден әдеби қауымға жете
таныла бастады. Оған дәлел - 1966 жылы Ой орманы өлеңдер жинағы үшін
ақынға Қазақстан Ленин комсомолы сыйлығының берілуі.
Одан кейінгі жылдары ол өндіре жазып, көптеген өлең кітаптарын
бастырды. Дала дидары (1966), Бұл бағы (1967), Ақ отау (1968),
Домбыра (1975), Алақан (1977), Қорамсақ (1980), Көкпар (1981),
Күндер-ай (1984), Күміс қоңырау (1985), Қызыл кітап (1986), Қылыш
пен қанжар (19991), Мәңгі майдан (1992), Заман-ай (1997), Еңіреп
өткен ерлер-ай (2001) т.б.
2001 жылы Қазығұрт баспасынан Қадыр ақынның таңдамалы туындыларының
12 томы жарық көрді. Сан жағынан да, сапа жағынан да осыншама мол әдеби
мұрамен жиырмасыншы ғасырдағы қазақ әдебиетінің байлығын молайта түскен
ақын халықтың рухани мәдениетінің байып, биіктей беруіне орасан зор еңбек
сіңірді. Оның шығармаларының тақырыптары да әр алуан. Алайда өлеңін қай
тақырыпқа арнаса да, Қадыр ақын негізгі нысанасы, адамда, оның еңбегін,
дәстүрін, тұтастай тұлғасын танытуға ұмтылады. Адамды жырлауда Қадыр
ақынның да өзіндік ерекшелігі, өзіндік мәнері, көркемдік қолтаңбасы айқын
көзге шалынады. Мәселен, адамның жан дүниесінің алуан-алуан сырлары бар
екенін, адам өмірінің күрделігін ақынның өзінше жыр өрнегіне түсіруге
талпынуын көреміз.
Қадыр ақын үнемі адам бойынан ізгілікті, жақсылықты жарқын сипаттарды
іздеп табуға ұмтылады. Адам басындағы сол ұнамды қасиеттерді биік шабытпен
жырлайды. Оның өлеңдерінен ақынның адамға деген шынайы сүйіспеншілігі,
махаббаты жарқырап көзге түсіп отырады.
Еңбек - адамдарды, халықты өсіретін, алдына қойған арман - мұратына
жеткізетін құдірет күш екенін Қадыр ақын шығармашылығында жеткізе айтқан.
Оянған өлке атты өлеңінде ол келіп, еңбек арқылы жеткен ұлан-ғайыр тарихи
табыстарын көркемдік бейнеге түсірген.
Адамды ардақтап, көкке көтере жырлаумен қатар, Қадыр ақын оның бойында
бар кемшіліктерді де көре біледі. Адамдарда жиі-жиі ұшырайтын ашқарақтықты,
тойымсыздықты, қанағатсыздықты, ақша қуып байлықты арман ететін
дүниеқорлықты ақын өткір жыр тәсілімен түйреп отырады.
Қадыр Мырза Әли - негізінде ұлттық ақын. Ұлттық ақын болғанда қазақ
халқының ақыны. Оның туған халқының арғы-бергі өмірі, тіршілігі, туралы
жазған өлеңдері өте көп. Сол өлеңдердің барлығын жинақтап айтсақ, қазақ
халқы өмірінің көркемдік шежіресі, әдебиеттегі образды тарихы деуге де
болады. Бабамыздың шоқ басқан табанымен атты ел аузында жатталып кеткен
атақты өлеңінде ол қазақ халқының ғасырлар психологиясын, экономикалық,
әлеуметтік, саяси бейнесін тарихи шындыққа сай үлкен көркемдік шеберлікпен
суреттеп береді.
Өз елін, халқын өлшеусіз махаббатпен, жан-тәнімен, жалынды жүрегімен
беріле сүюдің үлгі - өнегесін де
Қадыр Мырза Әли өлеңдерінен танимыз. Ақынның бірсыпыра өлеңдерінде жер
бетіндегі адамзаттың халыққа апат әкелетін қырғын соғысқа қарсылығы,
бейбітшілік үшін қажырлы күресі суреттелген. Ол арғы-бергі тарихтағы
Шыңғысхан, Бату, Напалеон, Гитлер, Муссолини сияқты басқыншы
қолбасшылардың қолымен, жасалған жауыздық ізін жырға қосады, айуандықты
айыптайды.
Әсіресе, Қадыр Мырза Әли өлеңдерінде 1941-45 жылдардағы Ұлы Отан
соғысы кезеңдегі кеңес адамдарының қаһармандығы, тап болған алапат
қиындықтарға төтеп берген төзімділігі, ғажайып жігер-күш танытуы айқын да
көркем бейнелермен берілген. Бұл өлеңдерден Қадыр ақынның өзі қатар
тұрғылыстарына әріптестеріне ұқсамайтын, өзіндік мәнері, тапқырлығы
байқалады.
Қадыр Мырза Әли - достық атты адамдар бойындағы ең бір асыл қадыр-
қасиеттің жыршысы. Оның Миым менің қажығанда, Досым болсаң!, Айтқан
бойда еретін, Танып ниет теңіз, Жолдас үшін үй жақын т.б сияқты
өлеңдерінде адамдар арасындағы достық сезімінің алуан-алуан әдемі суреттері
бар. Адам бойындағы достық атты қасиетті, киелі сезімді жырлағанда Қадыр
бұрын-соңды қазақ поэзиясында ұшырайтын көптеген көркемдік бояуларды
қайталамайды. Ол тың поэтикалық өрнектерді табуға ұмтылады. Бұл адамдардың
арасындағы шынайы достықты жырлау үстінде ақын тапқан қазіргі қазақ
поэзиясындағы жаңа көркемдік - бейнелеу құралдары, тың да мәнді-мазмұнды
поэтикалық өрнектер.
Жеке адамдар арасындағы достық туралы өлеңдермен қатар, Қадыр ақын
халықтар арасындағы қасиетті, қадірлі достыққа да өзінің көп өлеңдерін
арнаған (Орыс досыма, Цыган жыры, Өзбек, Қырғыз құшағында, Тәжік
топырағында, Түркімен түрінде).
Бұл өлеңдерде ақынның қазақтардың достыққа дегенде аса қабілетті, өте
берік, ешқашан айнымайтын ақжүрек адалдығын жақсы суреттеген. Жеке
адамдарға арнап өлең жазу - қазақ поэзиясында ежелден үзілмей келе жатқан
дәстүр. Махамбет, Абай шығармаларында кемелденіп, еңсесі биіктей түскен бұл
көркемдік үрдістің жиырмасыншы ғасырдағы қазақ поэзиясында жалғаса түскені
де баршаға аян. Сол дәстүрді ілгерілете түскен ақындардың бірі - Қадыр
Мырза Әли. Туған еліне өлшеусіз еңбек сіңірген, өнерпаздарына, ақындарына
арнаған Қадыр ақынның өлеңдері аз емес Абылай, Қабанбай асында туған
ой, Сырым Датұлы, Амангелді, Мәншүк сияқты шығармаларында ол арғы-
бергі қаһармандардың ерлік бейнесін шабытты жыр өрнектерімен сомдайды.
ХІХ ғасырдағы қазақ әдебиетінің алыптары Абайға (Күні келген
кемеңгер), Шоқанға(Шоқан), Ыбырайға(Ыбырай), ХХ ғасырдағы қазақ
әдебиетінің классиктері Ахметке (Ахмет Байтұрсынұлы), Мұқтарға( Мұқтар
Әуезов), Ғабитке (Қара шал) арнаған Қадыр ақынның өлеңдері қазақ
поэзиясындағы арнау өлеңдерінің жақсы үлгілерінің қатарын толықтыра түседі.
Ақын бұл шығармаларымен де ұлттық поэзияға тың серпін жаңа үн, соны
көркемдік бояулар әкелді.
Қазақ әдебиетінің өркендеп өскен бір саласы - табиғат лирикасын
молықтыруға да Қадыр ақын едәуір еңбек сіңірді. Оның Жаз( Жаңбырлы жаз),
қыс (Қыс қамын ерте баста жабыла ойлап), (Көк тоғай) т.б. жырлары туған
елінің табиғатын үлкен ақындық шеберлікпен суреттеген туындылар. Ақынның
табиғат жырлары - оқырманның эстетикалық сезімін байыптайтын, туған жердің
табиғатына деген сүйіспеншілікті арттыра түсетін еңбектер.
Ақынның табиғат туралы барлық жырларында да оның туған жерге, ел
жұртына деген сүйіспеншілігі, перзенттік сезімі көрінеді.
Әдебиеттің барлық өкілі жабыла жырлаған махаббатты да шарлап өткен
шиырлардан бойын аулақ ұстап, өзінше тың пікірлер айтуға, қасиетті сиқырлы
сезімінің жаңа бір қырларын ашпақ болған талпынысы да табыссыз емес.
Махаббат - ғашықтың пернесі атты цикл өлеңдерін жазды.
Қадыр Мырза Әли өлеңді көп жазған ақын. Қадыр ақын - өзіне дейінгі аса
ірі ақындардай, сөздері мірдің оғындай жыр дүлділі. Оның жоғарыда
айтылғандай, көп шығармалардың ішінде қанатты сөздер, афоризмдері де жиі
ұшырайды. Қадыр Мырза Әли - ХХ ғасырдағы қазақ поэзиясының жан -жақты өсіп,
өркендеуіне, кемелденуіне зор еңбек сіңірген үлкен ақын. Оның өлеңдері
ешқашан, Абай ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ұлы Отан соғысы жылдарындағы қазақ әдебиетіндегі жанрлар жүйесі: проза және поэзия
Қазақ халқының ұлттық бас киімдері
Сәкен Сейфуллин (Сәдуақас )
Қазақ халқының салт - дәстүрлері
Қазақ халқының салт-дәстүрлері туралы
Той мерекелік салт-дәстүрлік әрекеттердің теориялық негіздері
ҚАЗАҚ ӨЛЕҢІНІҢ ЖЫРДАРИЯСЫ
Нұртазин және Мұқановтану ілімі мәселелері
Қазақ халқының салт - дәстүрлерін зерттеп, оны насихаттау
Әйелдердің бас киімдері
Пәндер