СЫНИ ТҰРҒЫСЫНАН ОЙЛАУ ТЕХНОЛОГИЯСЫНЫҢ ЖӘНЕ КӨПТІЛДІ БІЛІМ БЕРУДІҢ ПСИХОЛОГИЯ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 38 бет
Таңдаулыға:   

КІРІСПЕ

Қоғам өміріндегі қазіргі өзгерістер экономиканың, саясаттың, әлеуметтік саяси саланың дамуы қоғамдағы негізгі фактор болып табылатын жеке тұлғаның жалпы дамуына байланысты болмақ. Қазіргі кезде оқытудың жаңа педагогикалық технологияларын қолдануды, жеке тұлғаның жан-жақты шығармашылық тұрғыдан дамуына жол ашуды көздеп отыр. Бұл міндеттерді жүзеге асырушылар білім беру жүйесіндегі күрделі мәселелерді шешуші- кәсіби шеберлігі жоғары ұстаздар. Жоғары кәсіби педагогикалық құзыретті мұғалімдерге қойылатын талаптар қоғам қажеттілігінен туындайды. Оқыту мен тәрбиелеу үрдісінде оқу қарқынын жақсарту мақсатында жаңа технологияларды қолдану- заман талабы. Педагогикалық технологияларды сипаттағанда, олардың негізгі ерекшеліктері- қасиеттері, идеялары, оқу жүйесінде қолданылуы, тиімділігі мен нәтижелілігі негізгі алынады. Іс жүзінде қолданылып жүрген көптеген педагогикалық технологиялар бар[1, 21-23 б] .

Зерттеудің көкейкестілігі . «Физика» оқу пәні ретінде Қазақстан Республикасы жалпы орта білім берудің базистік оқу жоспарының мемлекеттік компонентін құраушылардың бірі болып табылады.

Базалық білімнің негізгі компоненті ретіндегі физиканың мәні практикалық іс-әрекетте қолдану үшін қажетті, басқа оқу пәндерін зерделеу үшін, үздіксіз білім беру жүйесінде оқуды жалғастыру үшін қажетті, нақты физикалық білімді игерту арқылы оның адамзат өркениетін, ғылыми-техникалық прогресті дамытудағы, қазіргі ғылымдағы және өндірістегі рөлімен, сондай-ақ өскелең ұрпақтың рухани ортасын қалыптастырудағы, олардың интеллектуалдық және басқа да сапаларын дамытудағы физикалық білімнің маңыздылығымен анықталады.

Мектепте оқу процессін іске асыру үшін оқытушының жұмыс сапасын арттыру керек, яғни өтілетін сабақтың, жүргізілетін практика жұмыстарының сапасын арттыру, оқушылардың белсенді оқу-танымдық іс-әркеттерін ынталандыру, оқу процессін рационалды түрде негіздеу.

Тәжірибелік жұмыстарда басқа білім түрлеріне қарағанда мұғалімнің барынша белсенді болу қажет етеді. Мұндай жұмыстарда мұғалім әрбір оқушымен қарым-қатынаста болады және олардың өзіндік жұмыстарын тиімді басқаруға көмектеседі.

Әр түрлі деңгейдегі сабақтар немесе тәжірибелер сабақ үстіңде көрсетіледі, сондықтан, ол сабақтың бір бөлігі болып есептелінеді және оқытудың басқа тәсілдерімен (әңгімелеу, дәріс, проблемалық баяндау, т. т. ) бірігіп қолданылады. Демек, жаңа технологияларды, соның ішінде сын тұрғысынан ойлау технологиясын көрсетпейінше физика сабақтарын сапалы өткізуге болмайды.

СТО технологиясын қолданып сабақты түсіндіру мейлінше күрделі тақырыптар мен физикадан өтіліп жатқан құбылыстарды сезіну үшін, теориялық білімнің маңызын түсіндіруге тиімді.

Жоғарыда аталған ұйымдастыру кезіндегі кететін кемшіліктер бойынша физика курсы бойынша жүргізілген СТО технологиясының стратегияларын пайдаланбай өтілуі, сонымен бірге оқушылардың қабілетсіздігі мен білімінің жоқтығы, осының барлығы мектептерде физика пәні бойынша жүргізілетін стратегияны қолданып жүргізу мен теориясы және әдістемесін жаңарту керектігін айқын көрсетіп тұр.

Жұмыстың өзектілігі: қазіргі таңда Қазақстан Республикасында маңызды сұрақтардың бірі, ғылыми-техникалық прогресстің әлеміне интеграциялау әдісі ретінде физиканы ағылшын тілінде оқыту және оқушылардың ойлау қабілеттерін ағылшын тілінде сын тұрғысынан ойлауға үйрету.

Жұмыстың тәжірибелік мәні : жұмыста кетірілген сабақ жоспарларын мұғалімдер өздерінің сабақтарында сын тұрғысынан ойлау технологиясымен бірге қолдана алады.

Жұмыстың мақсаты: сын тұрғысынан технологиясының әдістерін қолдану арқылы оқушылардың физика сабақтарында ағылшын тілінде ойлауға үйретудің мысалдарын келтіру мен әдістемелік нұсқауларды дайындау.

Зерттеудің міндеттері:

  • зерттеу мәселесі бойынша педагогикалық ғылыми еңбектерді талдау;
  • мектептерде физика курсында сын тұрғысынан ойлау технологиясының стратегияларын қолданып сабақты ұйымдастырудың мақсатын анықтау;
  • бастапқы физика курсы бойынша сын тұрғысынан ойлау технологиясының стратегияларын қолданып сабақты ұйымдастыру барысында қолданған әдістердің эффективтілігін тексеру;
  • сабақты сын тұрғысынан ойлау технологиясының стратегияларын қолдана отырып өткізудегі оқушылардың қабылдау нәтижелерін бақылау;

Дипломдық жұмыcтың зepттey oбьeктici. Жaлпы білім бepeтін мeктeп oқyшылapын oқытy.

Диплoмдық жұмыcтың пәнi: физикa пәнiн тepeңдeтe оқытy.

Дипломдық жұмыстың құрылымы мен көлемі. Дипломдық жұмыс кіріспеден, екі тараудан, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.


1 СЫНИ ТҰРҒЫСЫНАН ОЙЛАУ ТЕХНОЛОГИЯСЫНЫҢ ЖӘНЕ КӨПТІЛДІ БІЛІМ БЕРУДІҢ ПСИХОЛОГИЯ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1. 1 Қазақстанда көптілді білім берудің дамуы

«Қазақстан бүкіл дүние жүзіне жоғары даярланған мемлекет, халқы үш тілді: қазақ тілі - мемлекеттік тіл, орыс тілі - ұлтаралық байланыс және ағылшын тілі - жаһандық экономикаға интеграциясының нәтижесі ретінде, пайдалана алатын белгілі болу керек»

Н. Ә. Назарбаев «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан»

Көпшілікке белгілі, өзінің халқына сапалы және заманауи білім алуды қамтамасыз ете алатын мемлекет өзара дамып және алдында келе жатқан мемлекеттердің қатарына қосылуы мүмкін. Мемлекетіміздің президенті Назарбаев Н. Ә. педагогтардың алдында жаһандық мақсат қойды. Мектеп бітіргеннен кейін өзінің оқуын мемлекет ішіндегі және шет елдердегі беделді жоғары оқу орындарында жалғастыруы үшін жоғары даярланған, бәсекеге қабілетті түлектерді даярлау. Білім берудің басты мақсаты, бір жағынан қазақстандық білім берудің ең үздік дәстүрлерін сақтау, ал екінші жағынан мектеп түлектерін халықаралық мамандырылған сапалармен, негізі мемлекеттік, туған және шет тілі болып табылатын лингвистикалық сана-сезіммен қамтамасыздандыру. Қазақстан полиэтникалық мемлекеттік бола тура қазіргі кезде өзінің мәдени-тілдік дамуының қиын және қайшы периодын өтіп жатыр. Оның дәлелі ретінде Қазақстан Республикасының тілдер Концепциясымен берілген сипаттамасы болып отыр. Атап өткеніміз жөн, тіл политикасының барлық құжаттарында бірнеше тілдерді білу маңызды идеялардың бірі болып отыр [2] .

Қазіргі заманда тілдердің маңыздылығын түсіну біздің алдымызда келеі жағдайды туғызады: тілдерге үйрету нәтижелілігі және білім алушылардың тілдік дайындалу деңгейінің жоғарылауы. Білім беру концепциясының Қазақстан Республикасында дамуы дүниежүзілік стандарттарға сәйкес келетін профессионалды мамандарды даярлаудың әдістерін мен формаларының сапалы жаңартуына бағытталған. Өзара байланысқан және әрекет ететін әлемнің жағдайларында өмір сүре алатын өсіп келе жатқан ұрпақты даярлаудың маңызды құралы болып табылатын көп тілді оқытуға көп назар бөлінеді.

Мектептің бір мақсаты ретінде жасөспірімдердің әмбебап, жаһандық құндылықтарға үйрету, жастардың әр түрлі мәдениет адамдарымен және әлемнің кеңістікте қарым қатынас жасауға жақындату. Мемлекеттік тілі - қазақ тілі, және орыс тілі - халықаралық қарым - қатынас тілімен қоса, коммуникацияның маңызды құралы ретінде шет тілі болып табылады [3, 5-12 б] .

Бүгінгі таңда қазақ, орыс және шет тілдерін білу адамның жеке және профессионалды әрекетінің құрамдас компоненті болып отыр. Осының барлығы тілдерді практикалық және профессионалды тұрғыдан қолдана алатын көп санды адамдарға әлеуметтік және профессионалды тарапынан қоғамда беделді орын табуға итермелейді [4] .

Ағылшын тілі білім берудегі ең танымал тіл болып отыр және басқа тілдерді ауыстырмай, тек оларды толықтырып отырады.

- 300 миллион Қытай халқы - бұл Америка Құрама Штаттарының халқынан көп, - ағылшын тілін оқиды.

- Әлемнің 90 мемлекетінде ағылшын тілі екінші тіл болып табылады немесе кең оқытылады.

- Гонконгта жалпы орта білім беретін мектептердің онының ішінде тоғызы ағылшын тілін оқытады.

- Францияның орта мектептерінің оқушыларына ағылшын тілін үш жыл бойы оқу міндет болып табылады, көбі - кем дегенде 85 пайызы, ағылшын тілін таңдайды.

- Жапониядағы оқушылар мектеп бітіргенше дейін алты жыл бойы ағылшын тілін оқуы тиіс.

Қазіргі таңда бүкіл дүние жүзінде ағылшын тілінде сөйлей алатын адам саны 1, 5 млрд.

Құрама Штаттардарың ақпараттық агенттіктің директоры Чарль Уиктің байқауы бойынша: «Мемлекеттердің көбінде студенттердің, жас мамандардан, педагогтардан, іскер адамдар мен мемлекеттік қызметкерлердің тарапынан ағылшын тіліндегі материалдар мен технологиялық құралдарға жалпы аштық байқалады» [5] .

Ағылшын тілін білу - заманауи ақпараттық технологияларды қолдану жолына бірінші қадам. Компьютерлер бір бірімен дәл осы тілмен сөйлеседі. Бүкіл әлем бойынша 150 млн аса компьютердегі 80 пайыз ақпараты ағылшын тілінде сақталып отыр. Халықаралық телефон әңгімелерінің 85 пайызы ағылшын тілінде өтеді, онымен қоса, әлемдік хат, факс және телеграммаларының үштен төрт бөлігі ағылшын тілінде жазылады. Компьютерлік бағдарламаларға нұсқаулық және компьютерлік бағдарламалардың өздері жиі тек ағылшын тілінде болады. Бұрын ғылым тілі ретінде неміс тілі болатын, ал қазіргі кезде ғылыми жұмыстардың 85 пайызы ағылшын тілінде жарияланады, ал қалған 15 пайызы соңара аударылады. Әлемдік уақыт ара шығып отыратын техникалық және ғылыми әдебиеттердің жартысы ағылшын тілінде шығарылып отырады. Бұл тіл онымен қоса медицина, электроника мен ғарыштық технологиялардың тілі болып табылады. Ғаламтордың ағылшын тілсіз болуы миға сыймайды.

Мектеп бағдарламасының ішінде ағылшын тілін оқыту - жеңіл мақсаттардың бірі емес. Алайда, заманауи өмірге қажетті білімді алу үшін қоса, жеке алынған оқушының жалпы дамуы, тұлғаның қалыптасуына және көзқарастың кеңеюіне өзінің септігін тигізеді. Ал егер де тек ағылшын тілін оқи бермей, ағылшын тілінде сабақ берілсе, онда тек көзқарасты кеңейте қоймай, арнайы терминдер мен анықтамаларды қарастыруға болады.

Жаратылыстану-математика бағытындағы пәндерді ағылшын тілінде оқыту білім алушыларға тілді тек сөйлеу жағынан жақсы меңгертуге емес, онымен қоса арнайы сөзжасамдарды қолдануға мүмкіндік береді . Физиканы ағылшын тілінде оқу білім алушыларға шет жерде өндірілетін техниканы түсінуге, нұсқауларды, қарапайым ағылшын сабақтарында қарастырылмайтын техникалық сөздіктерде келтірілетін сөздерді, сөзжасам мен сөйлемдерді оқуға көмектеседі. Бұл өзара жоғары қаржыландыратын жұмысқа шығуға мүмкіндік береді [6, 76-79 б] .

Біз жаңа ақпараттық және технологиялардың ашулардың алдында тұрмыз, яғни, тілді білу бізге заманға сай қадам басуға және ғалымдардың не туралы сөйлеп жатқанын түсінуге көмектеседі. Еңбек әрекетіне байланыссыз адамның жетістіктері көбінесе оның жүйелік ойлауының дамуымен анықталады. Сол себепті физиканы оқу өте маңызды болып тұр.

1. 2 Сын тұрғысынан ойлау технологиясының ерекшеліктері

Қазақстан Республикасы жалпы білім беру стандартының, базистік оқу жоспарының қабылдануы пәнді оқыту мазмұнына құрылысына, әдістемесіне елеулі өзгерістердің енгізілуін талап етеді. Оқушыларды қазіргі заманғы ақпараттар ағымының жеделдеп артуы мен техника дамуы жағдайындағы өмірге дайындауда және олардың дүниетанымын қалыптастыруда мектепте физиканы жалпы білім беретін пән ретінде зерделеудің үлкен мәні бар. Қоғам өмірінің барлықсаласына дерлік компьютерлер, электрондық оқыту енуде, денсаулық сақтау, тамақ өнеркәсібі, құрастыру, күрделі ғылыми, әскери құрал-жабдықтарды жасау мен өңдеу сияқты адам қызметінің көптеген салаларына үнемі өзгеру үстіндегі жаңа технологиялар қарқында енгізілуде, көптеген мамандықтар лазерлермен, роботтармен байланысты. Сондықтан физика сияқты іргелі ғылымның негіздерімен қаруланудың оқушылар үшін шешуші мәні бар. Қазіргі кезде білім беруді жаңарту енгіздерінің бірі- жаңа оқыту технологияларын енгізу. Енді сын тұрғысынан ойлау технологиясына тоқталайық.

Психология тұрғысынан, сын тұрғысынан ойлау бұл неге сену және не істеу керектігінің шешімдеріне негізделеген, дұрыс рефлексифті ойлау. Бұл мақсаттылықпен, логикалылықпен ерекшеленетінін, қалаған нәтижені алуды арттыратын когнитивті дағдыларды және стратегияларды қолдану. Педагогикада осы ойлау өмірлік тәжірибесіне жаңа ақпаратты енгізу жолымен дамитын, бағалаушы, рефлексивті болып табылады. Осыдан сын тұрғысынан ойлау оқушының келесі қасиеттерін дамыттыра алады:

1) Жоспар құруға дайын болу (ойдың тәртіптілігі білімнің сенімділігінің белгісі) .

2) Икемділік (басқалардың идеясын қабылдау) .

3) Табандылық (мақсаттың орындалуы) .

4) Өз қателерін түзетуге дайын болу (оқытудың жалғасы үшін қатені қолдану) .

5) Жете түсінушілік (ой жүгіртулерді қадағалау) .

6) Компромисті шешімдерді іздеу (шешімнің қабылдануы басқа адамдардың қабылдануы керектігі маңызды) .

Мектепте білімалу кезеңінде адам алатын білім көлемі абсолютті түрде және сонымен бірге көбірек дәрежеде шектеулі болып келеді. Яғни өзгерісте болатын қоғамда қажетті толық қызмет үшін, ақпаратқа қатысты мектепте білім алу кезеңінде адам алатын, ғылымның және қоғамның заманауи қалпы, динамикалық әлеуметтік прогресс, жаңа ақпарат көлемінің ұлғаюы білім үлесін кенет қысқартады. Жоспар бойынша біріншіден интеллектуалды даму, алғашында оның интеллектуалды қабылдануы сияқты компоненті, яғни жаңа ақпаратты меңгеру қабілеті және өзгерісте болатын өмір жағдайына адамның ауыртпалықсыз бейімделуіне қатысты заманауи қоғамда елеулі шартымен болатын, интеллектуалды сергектілігі, ойлаудың икемділік міндеттері қарастырылады. Адамның нақты мақсаты қоғамда орын алу үшін жасампаздық мүмкіндіктерін максималды түрде ашуға мүмкіндік беретін және бір уақытта дәлме-дәл бағанын қоғамның дамуына үлесін қамтамасыз ететін, өзіндік бағалылығы сияқты оның тұлғасына қоғам жағынан қадірлеуге тұратын құрметтен құрылады. Білім жүйесі оқушыларды осындай динамикалық өзгерістерге осыдан бұрын ешқашан дайындамаған. Қоғамның нарықтық эконоиакаға ауысу жолына және демократиялық қоғамға айналуынан, педагогтарда оқушыларды демократиялық және продуктивті экономикалық жолына қалай дұрыс дайындау сияқты сұрақ туындады. Оқушылар үшін орталық міндет сын тұрғысынан ойлауды және білімді табуды эффекті түрде үйрену болып табылады. Оқушылар жаңа ақпаратты қабылдай білу және оны жете зерттей мен сын тұрғысынан зерттей білу керек. Сонымен қатар өзінің санасын түрлі пікірлерді салмақтай білу және идеяға сын көзімен қарап, жеке идеяларды олардың қолдану мүмкіндігіне қарай тексере білу.

Мұғалімнің міндеті - баланың өзіне деген сенімін арттыру, өзін тұлға ретінде сезінетіндей мүмкіндік ашу, өзін тұлға ретінде сезінген бала әрқашан өмірде өз жолын таба алады.

Сын тұрғысынан ойлау технологиясының тиімділігі баланың өзі ізденіп дәлелдеуі. Ол бұрын тек тыңдаушы болса, енді ізденуші, ойланушы, өз ойын дәлелдеуші, ал мұғалім осы әрекетке бағыттаушы, ұйымдастырушы.

Сын тұрғысынан ойлау бағдарламасы оқушының еркін сөйлеуіне, пікір таластыруына, достарының ойын тыңдауға, проблеманы шешу жолдарын іздей отырып, қиындықты шешуге бағытталған бағдарлама.

Сын тұрғысынан ойлау дегеніміз - сабақта оқушылардың қызығушылығын арттыра отырып, өз ойыңды еркін және зерттей талпындырып, тұжырым жасау.

Сын тұрғысынан ойлау дегеніміз - ой қозғай отырып, оқушының өз ойымен өзгелердің ойына сыни қарап, естіген, білгенін талдап, салыстырып, реттеп, сұрыптап, жүйелеп, білмегенін өзі зерттеп, дәлелдеп, тұжырым жасауға бағыттау өз бетімен және бірлесіп шығармашылық жұмыс жасау.

Оқушыларды шығармашылық жұмысқа баулып, олардың белсенділіктерін, қызығушылықтарын apттыpa түсу үшін шығармашылық қабілеттерін дамытуда әр түрлі әдіс-тәсілдерді қолдануға болады. Шығармашылық жұмыстар оқушыларды ойлауға жетелеп, қызығушылығын оятып, шығармашылық қабілетін арттыруға, белсенділікке ынталандырады.

Сын тұрғысынан ойлауды дамытудың мақсаты барлық жастағы оқушыларға кез келген мазмұны сыни тұрғыдан қарап, екі ұйғарым бір пікірдің біреуін таңдауға саналы шешім қабылдауға үйрету.

Бұл бағдарлама жаңа буын оқулықтарының талаптарын жүзеге асыруда оқушылардың білім деңгейін көтеруде, балаларды шығармашылыққа баулуда, ойларын еркін айтуда тез арада дұрыс шешімдер табуға атсалысатын бірден-бір тиімді бағдарлама деп есептеймін.

Сын тұрғысынан ойлау- сынау емес, шындалған ойлау. Оқушылардың да бұл жұмысты дұрыс ұйымдастырған жағдайда өз даму деңгейіне сәйкес ойы шыңдалып, белгілі бір жетістіктерге жетері сөзсіз. Білімнің болашақта пайдаға асуы, қажетке жарауын қалыптастырады. Көп ақпаратты талдай, жинақтай отырып, ішінен қажеттісін алуға үйретеді. Сын тұрғысынан ойлау бағдарламасы қызығушылығын ояту, мағынаны тану, ой толғаныс кезеңдерінен түзіледі [7, 218-221 б] .

«Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту» технологиясымен жұмыс жасау кезінде бұл сабақтар баланың танымдық белсенділігін арттыруға, өз бетінше білім aлyғa, шығармашылығын қалыптастыруға ықпал ететіндігін атап өтсем, оқушылар - оқудың (сабақтардың) қызықты, ұжымды бірлесіп жұмыс жасауға үйрететіндігін, білімнің тереңдігі әрі тиянақтылығы артатындығын баяндайды. Бұл жобамен жұмысқа дейінгі және кейінгі кезеңін (аралығын) салыстыру оқушылардың оқуға деген ынта-ықыласының артқандығының, адами жақсы қасиеттердің қалыптасқандығын, мұғалімнің шыдамдылық, төзімділік сияқты сапаларымен қатар оқушылардың басқаны қабылдау, түсіну, сыйлауды үйренгендігімен сипатталады. .

Сабақта сын тұрғысынан оқыту технологиясының стратегияларын пайдалану, балалардың ұсыныс-пікірлерін еркін айтқызып, ойларын ұштауға және өздеріне деген сенімін арттыруға мүмкіндік туғызады. Әрбір әдіс оқушылардың ойлауына және қиялына негізделіп келеді. Баланың тереңде жатқан ойын дамытып, оларды сөйлеуге, дәлелдеуге үйретеді.

Сын тұрғысынан ойлау дегеніміз- мұғалімнің бағыттауымен оқушылардың өз бетінше білімді игеруі, кейбір практикалық іскерліктерінің қалыптасуы. Сын тұрғысынан ойлау сабақтарында оқушы өзін-өзі еркін ұстап, өзгеге сенімін, жылуын күшейтеді. Сын тұрғысынан ойлау технологиясы жан жақты мағлұмат алуына бағыт беруді, практикалық іс әрекетте болуды, өз бетімен жұмыс жасауға тәрбиелеуді, шығармашылық қабілетін дамытуды, білім, іскерлік, дағдыны қалыптастыруды, логикалық -сараптамалық ойлау қабілетін дамытуды, ақпаратты саралауға, жүйелі жүргізуге дағдылануды, өз бетінше іздеуге үйренуді қалыптастырады [8, 15-18 б] .

Бұл технологияның артықшылығын және технологияның тиімсіз жағын төмендегі Кесте 1, Кесте 2 -ден көре аласыздар.

Кесте 1 - Технологияның артықшылығы

Мәні
Дәстүрлі педагогика
Дамытушы технологияларда
Мәні: Мақсаты
Дәстүрлі педагогика: Білім, ептілік, дағдыны меңгерту
Дамытушы технологияларда: Оқушы өзін-өзі субьект ретінде өзгерту, дамуға жағдай жасау
Мәні: Мұғалім рөлі
Дәстүрлі педагогика: Басқарушы
Дамытушы технологияларда: Жетекші, бақылаушы, кеңесші, ұйымдастырушы
Мәні: Негізгі рөлі
Дәстүрлі педагогика: Мен сияқты істе
Дамытушы технологияларда: Ойлап істе
Мәні: Қарым-қатынасы
Дәстүрлі педагогика: Монологты
Дамытушы технологияларда: Диалогты
Мәні: Стилі
Дәстүрлі педагогика: Авторитарлы
Дамытушы технологияларда: Демократиялы
Мәні: Басым әдісі
Дәстүрлі педагогика: Мәліметті
Дамытушы технологияларда: Ізденісті зерттеушілік
Мәні: Негізгі шешу
Дәстүрлі педагогика: Дайын әдістер арқылы шешу
Дамытушы технологияларда: Ғылыми түсініктер арқылы шешу
Мәні: Әдіс тәсілдері
Дәстүрлі педагогика: Көрсету, түсіндіру, бақылау, жаттықтыру
Дамытушы технологияларда: Ізденушілік- зерттеушілік әрекет шешімді дәлелдеу, тексеру
Мәні: Өздік жұмыс уақыты
Дәстүрлі педагогика: Өте аз
Дамытушы технологияларда: Салыстырмалы
Мәні: Оқушы позициясы
Дәстүрлі педагогика: Пассивті
Дамытушы технологияларда: Қызығу бар, белсенді ынталы, шабатты

Кесте 2 - Технологияның тиімсіз жағы

Дәстүрлі педагогикада
Дамытушы технологияларда
№: 1.
Дәстүрлі педагогикада: Оқушы үлкенді, мұғалімді шексіз сыйлайды
Дамытушы технологияларда: Оқушылар сыйламау мүмкін, яғни ол үлкендерді салыстыруға көшеді бұл біздің діліне кіре бермейді
№: 22.
Дәстүрлі педагогикада: Оқушы өзін субьек деп санамайды
Дамытушы технологияларда: Оқушы өзара сыйластығы төмендейді
№: 33.
Дәстүрлі педагогикада: Мұғалімнің айтқанынан шықпайды
Дамытушы технологияларда: Оқушы мұғалімге дау айта алады

1. 3 Сын тұрғысынан ойлау технологиясының мазмұны мен тиімділігі

Сын тұрғысынан ойлау технологиясының негізгі мақсаттары:

- Тек қана оқуда емес, өмірде де оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыту;

- Өздігінен дұрыс шешім қабылдай білетін тұлғаны дамыту;

- Ақпараттармен жұмыс істей білетін шығармашыл тұлға қалыптастыру;

- Құбылыстарды жан-жақты талдап саралай білетін сыншыл тұлға тәрбиелеу болып табылады.

Сын тұрғысынан ойлау үш бөліктен тұрады:

Біріншіден, сын тұрғысынан ойлау өзіндік және жеке ойлау болып табылады.

Екіншіден, сын тұрғысынан оқыту жаттанды қағидаларды дәлелдеп айта беру емес, оқушы оқып, оны еске сақтап айту қабылеті жоқ, керісінше терең ойлау арқылы ескіге жаңаша көзқарас қалыптастыру мүмкін, тың идеялар ойлап табуы мүмкін.

Үшіншіден, сын тұрғысынан ойлау сұрақтар қойып, шешімін табуды қажет ететін мәселені анықтаудан басталады. Жалпы адамзат баласы тумысынан білуге құмар болып келеді. Өзінің жеке қызығушылықтарымен қажеттіліктеріне жауап беруге талпынады.

Сабақта белгілі қағидалар сақталынуы қажет. Ол үшін тақырып бойынша оқытушы - оқушыларға тапсырманы орындауға уақыт белгілеуі, сенім көрсетуі, қолдауы және бағыт беріп көмектесуі қажет. Оқытушы оқушылардың алдына шешімін табуға қажет мәселені қояды. Оны: қарапайым, анықтаушы, практикалық, түсіндірмелі, шығармашылық, бағалаушы сұрақтар қою арқылы жүзеге асырады. Бұл оқушылардың жекелеген мүмкіндіктері мен қабілеттерін ашуға бағытталады. Білім алушылардың іс-әрекеті: шешімін табуға қажет мәселені жүзеге асыру үшін Кесте 3-те көрсетілген сұрақтарға жауап жазады.

Кесте 3 - Инсерт кестесі

V
+
-
?
V: Білдім
+: Бұл маған жаңалық
-: Менің ойыма қарама-қайшы
?: Бұл туралы көбірек білгім келеді
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Физика сабағын оқыту үрдісіне көптілділік білім беруді енгізу жұмысының нәтижесі
Көптілді білім беру жағдайында болашақ педагог - психологтардың кәсіби құзіреттілігінің әдіснамалық тұғырлары
Сын тұрғысынан ойлау технологиясына сипаттама
Үштілділік бағдарламасы бойынша орта мектептерде тілдерді салыстырмалы оқыту жолдары
Көптілді білім - көпмәдениетті тұлғаны қалыптастырудың өзегі
Кәсіби құзыреттілік ұғымының мазмұны
Қазақстанда CLIL екі тілде оқыту технологиясын қолдану ауқымдылығы
Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілеттерін дамыту тақырыбында
Шет тілін оқытудың маңыздылығы
Дуальды оқытуды ұйымдастыру қағидалары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz