ҚАЗАҚ КИНОСЫ ҚАШАНҒЫ ТҰРАЛАЙ БЕРЕДІ



Пән: Журналистика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
Социалистік Қазақстан,
№124 (18699), 29 май, 1987

ҚАЗАҚ КИНОСЫ ҚАШАНҒЫ ТҰРАЛАЙ БЕРЕДІ?

ЕЛІМІЗ буырқанысты қайта құру кезеңін бастан кешіп отыр. Партия
шақыруына орай өміріміздің қай саласына да сын көзбен қарап, бар-жоғымызды
жіті саралау, жақсыдан үйрену, кемшілік атаулыдан арылу даму шартына
айналуда. Осындай жағдайда қоғамның қажетті рухани ахуалын қалыптастыруда,
көркемөнердің, әсіресе, кино өнерінің алар орны айрықша. Көсеміміз
В.И.Ленин: Кино өнер атаулының ішіндегі ең маңыздысы болып табылады –
дегенде оның осы ролін ескерген ғой. Кино өнері уақытпен қатар адымдап,
өмір шындығын кемел жинақтап көрсете білгенде ғана өзінің идеологиялық, әрі
эстетикалық парызын дұрыс атқармақ.
Советтік кино өнері табиғатында бүкіладамзаттық, интернационалдық
мақсатқа қызмет етеді. Егер өз міндетін дұрыс атқара білсе, совет
республикасындағы әрбір киностудия – көп ұлтты, алуан ерекшелікті, біртұтас
совет киноөнерінің құрамдас бір бөлігі, үлкен эстетикалық тәрбие орталығы.
Әрине, мұндай мерейлі міндет биігінен көріну үшін әрбір республика
киноөнері, көсем айтқандай, өнер атаулының ең маңыздысына айнала білуі
шарт. Ол үшін уақытпен қатар адымдап, қоғамдық мүдде жүктеген орасан зор
міндет үдесінен шығып, халық жүрегіндегі ойды тауып айта білуі қажет. Осы
орайда туындылары республика шеңберінен шығып, одақтық, әлемдік киноөнеріне
құбылыс ретінде еніп отырған Қырғызфильм, Грузияфильм киностудияларының
тәжірибелері ұлттық кинематография мүмкіндігінің молдығына кепіл бола
алады. Мысалы, жетпісінші жылдары Қырғызфильм туындылары дүние жүзінің
елуден астам елінде көрсетілген еді. Қазір бұл сандық көрсеткіш екі есеге
жуық көбейді.Сол себепті де бүгіндері олар: ...біздің кинематограф
эстетикалық құбылыс ретінде қабылданды (Ш.Айтматов) деп батыл байлам
жасайды. Орынды мақтаныш. Ал біз ше? Қазақстан киноөнері қайраткерлері
осындай берік байлам жасай аламыз ба? Жоқ. Себебі: Қазақфильм өрлеу
орнына керісінше бір кезде өзі жеткен биігінен төмендеп, кейін кетіп отыр.
Неге? Оған себеп көп. Сол көп себептің ең бастысы – Қазақ ССР
Кинематография жөніндегі мемлекеттік комитет басшылығының, атап айтсақ
комитет председателі Қ.Саудабаев жолдастың республика киноөнерін дұрыс
жолға бағыттай алмауына келіп тіреледі. Республика киносының басшылығы КПСС
Орталық Комитетінің январь Пленумынан кейін салғырттықтан сілкініп, кино
ісін творчестволықпен қайта құруға, көркем туынды деңгейін көтеруге ден қоя
алмай отырғаны өкінішті.
Кино – коллективтік өнер. Сондықтан түсіріліп жатқан фильм үшін оған
қатысты адам ... .бір творчестволық қазанда қайнау керек. Бірақ бізде,
өкінішке орай, олай бола бермейді. Басқаны былай қойғанда творчестволық
тұлғалардың өзі жеке бас пайдасын көздеп кетеді. Содан кейін Қазақфильмде
абырой қайдан болсын? Өнер – жарыс. Жарыста намысқой озады. Қаншама
білімді, жігерлі болғаныңмен оны жанитын намыс болмаса еңбек зая. Міне,
біздің Қазақфильмнің творчестволық коллективінде республика абыройын,
өнер тағдырын ойлайтын осы намысқойлық жетісе бермейді. Өз мүддесінен қоғам
мүддесін жоғары қоя білмеген жерде төрт құбыласы сай туынды өмірге келер
ме? Әрине, жоқ.
Мына бір жәйтті де айтпай өтуге болмайды. Қазақфильм киностудиясы
соңғы кездері Иностудия, Детективфильм деген ирониялық айдарға ие
болды. Біреу күрсініп айтса, біреу күліп айтады. Әйтеуір, осындай қанжудың
жүрекке шаншу болып қадалғанына біраз уақыт. Мұның да себебі бар, әрине.
Кино сценарийден басталады. Соңғы кездері бізде сценарийді республика
сыртынан іздейтін пайда болды. Бармақ басты, көз қыстымен әкелінген
сценарийді іске жарату үшін режиссер тағы сырттан шақырылады. Әр режиссер
өзі жете білетін группамен жұмыс істегенде ғана жақсы фильм жасамақ. Міне,
осыдан келіпәлгі сырттан келген режиссер өзі білетін актерлерді шақырады.
Егер кино түсіруге негіз болған әлгі сценарий республика өмірін зерттеуден
туған мазмұнды да көркем дүние болып жатса бір сәрі ғой. Өкініштісі сол:
ондай сценарийдің республика өміріне қатысы болмайды, тіпті, ашығын айтсақ,
олардың кейбірі өзге студияларға өтпей қалған сапасыз көкжасық дүниелер
болып шығады. Оның сыртында өзге студиядан тосылып, Қазақфильмнен жолы
болған әлгі сценариймен жұмыс істеген режиссер де, рольдерді ойнаған
актерлер де қай студия фильмін дайындап жатқанын ескере бермейді. Ескерген
күнде де арпа сепкен жерден бидай өсіруге болмайтыны белгілі ғой. Осының
салдарынан республика өмірінің арғы-бергі тағдырына жанасымы жоқ жасық
фильм дүниеге келеді. Қазақфильм киностудиясы қыруар қаражатқа түсірген
(дұрысы түсірткен) Вонг бикештің құпиясы аталатын фильм, міне, осындай
жаны ауырмастықтың айқын көрінісі. Өзге студияда өтпей, жылдар бойы
сарғайып жатқан сценарий бойынша режиссер С.Пучинян түсірген Вонг бикештің
құпиясы одақтық баспасөз бетінде қатты сынға ұшырап, республика
коллективін ұятқа қалдырды.
Ұлттық ерекшеліктен жұрдай өнер үшін жасалған жалған өнер үлгісі
бізде бір ғана аталған фильммен шектелмейді. Біз бұлай дегенде кино
мамандары арасындағы жақсы нәтижемен аяқталатын шынайы творчестволық,
достық тәжірибе алмасуды жоққа шығармаймыз. Ол қажет те. Біз әріптестік
қамқор көмекке зәруміз. Бірақ өз құлқынын ойлаған, Қазақфильмді сауын
сиырға айналдырғысы келгендердің көмегіне қарсымыз.
Осы орайда сценарийін сырт автор жазған, түсіруін сырттан шақырылған
режиссер жүзеге асырған ленталардың аты Қазақфильмдікі, заты бимәлім
болып жүргенін де атап айтқан жөн. Мысалы, республика киностудиясының
қаражатына түсірілген Көгершіндер маусымы (С.Соловьев), Мергендер
(Б.Шамсиев) фильмдерін көркемдік сапасы төмен деп айтуға ауыз бармайды. Ал
осы киноленталардың Қазақфильм атымен шыққанына қарамастан еш жерде де
республика студиясының өнімі деп қаралған жоқ, фильм атақты режиссерлердің
жеке творчестволық табысы ретінде саналып кете барды. Олардың Қазақфильм
туындысы болып шығуын қадағалаған студия басшылығы және болмады.
Қазақфильм соңғы жылдары шытырман оқиғалы фильм шығаруға ерекше ден
қойды. Бұл әрине, кезінде республика киноөнеріне абырой әкелген Атаманның
ақыры, Транссібір экспресі секілді тарихи негіз бар, республика өмірімен
рухани байланысып жатқан фильм дәстүрін жалғастыру болса, қуанар едік-ау.
Айналып келгенде, бұл да республика өмірі шындығынан ... . көзін алдау үшін
жасалған мұндай детективтік фильмдердің қазақ киносына қосары шамалы еді.
Мәселен, ағайынды Вайнерлер сценарийі бойынша түсірілген Шытырманға
айналған шындық фильмі көрерменге қандай ләззат береді? Бар айтары
фильмнің басында-ақ көрініп қалады емес пе?
Міне, тәжірибемізде жиі қайталанатын осындай көріністерден кейін
Қазақфильмді қалай атаса да ешкімнің аузына қақпақ бола алмайсың. Ең
өкініштісі сол: мұнда алдағы жылдарға жоспарланған сценарийлердің де басым
көпшілігі сырт авторлар сыбағасына телулі. Біздің есімізге мына жайлар
түседі: Ұлы Отан соғысы жылдары Алматыға келіп қоныс тепкен кинодраматург
В.Б.Шхловскийден республика өмірінен киносценарий жазу өтінілгенде, ол
қазақ халқының тарихи тағдырын егжей-тегжейлі білмейтіндігін айтып қатты
қиналыпты. Ең болмаса он шақты ауыл қариясымен танысып сөйлесейін, содан
кейін ойлануға болар депті. Бәрібір, сценарий жазылмады. Осындай жағдай
белгілі кинодраматург В.Черныхпен арадан болғандығынан да хабардармыз.
Мұндай қасиет шын өнерпаз үшін өзін сыйлау, халықты қадірлеу, өнерді аялау.
Өнерге өлшем тұтуға болатын осындай өнегеден кейін республика жағдайын жете
білмей тұрып сценарий жазуға сұранатын авторларда бойды аулақ ұстаған
мақұл. Ондайлардың өнер көсегесін көгертпесі хақ.
Қазіргі таңда республика кино қайраткерлері арасында: кино
сценарийден басталады деген белгілі қағиданы кино сценаристтен басталады
деп өзгертіп айтып жүрсе, оның өзегінде өмірдің өзі туғызған қажеттілік
жатыр. Кім болғанда да Қазақфильм үшін сценарийді республика өмірін жете
білетін кинодраматург жазуға тиісті.
Қос тілді қатар пайдалану киноөнері мүмкіндігін кеңейте түсер еді.
Алдағы күндерге жоспарланып отырған Абай жолы секілді шығарманы киноға
айналдыруда ең болмаса алғашқы нұсқа қазақ ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ырым мен тыйым
Қазақ көркемсуретті балалар киносының даму кезеңдері туралы
Қазақ киносындағы әлеуметтік мәселелер
Қазақ киносындағы ана бейнесіне тарихи шолу
Кино өнері мәдениет саласы ретінде
Қазақстандағы ұлттық киноматографиясының алғашқы қадамдары (1920-1940 жж.)
Қазақ кеңес әдебиеті мен өнерінің қалыптасуы туралы
Еңбекақы теориясы
Қазіргі театр өнері
Өндіріс шығындарының мәні
Пәндер