Қазақ КСР-да туризмнің даму тарихы



Пән: Туризм
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   
Қазақ КСР-да туризмнің даму
тарихы
КСРО – ның басқа да аудандары сияқты Қазақстанда да туризм екпінді түрде
дами бастады.
Қазақстанда туризмнің дамуы ХІХ ғасырда жергілікті немесе аймақтардан
келген әуесқой адамдар жалғыз басына немесе топ түрінде экскурсияларды,
жорықтарды және көрікті жерлерге серуендерді өткізе бастады. Ал ондай
көрікті жерлер Қазақстанның таулы аумақтарында көп болды.
ХІХ ғасырдың басында-ақ Верный қаласында Орыс тау қоғамының бөлімшесі
ашылып, 1927 жылға дейін іс-әрекет аясына болды. Жетісудің ең бірінші
туристі деп казак есаулы А.В. Хорошхинді айтуға болады, ол Іле-Алатауының
тау бөктерлерімен көп саяхат етіп, 1875 жылы оның ең биік шыңы Талғарды
бағындыруға әрекет жасады. Алайда, ол тек 4 мың метрлік биіктікке шыға
алды. Таулар Верный қаласының көптеген тұрғындарын өзіне тартты, бұл ұғымда
оқушы жастар мен интеллегенция үлесі көп болды. Мұндай жорықтарға Верныйда
тұрған Лев Толстойдың немересі Михаил Сухотин де қатысты. Тау инженері К.И.
Богданович оқушылармен жергілікті шатқалдарға экскурсиялар ұйымдастырды.
Олармен бірге Мүшкетовтың баласы да барып отырды. Верныйдың әйгілі ағаш
ұстасы П. Зенков Алма-Арасаннан Жусалы Кезең асуы арқылы Үлкен Алматы
көліне дейін өтті.
Әліби Жангельдин 1910-1912 жылдары таяу жер дүниесін айналып өтетін
саяхатын жүзеге асырды. Бұл саяхаттың мақсаты - өзінің білімін арттыру,
әуесқой адамның басқа елдермен танысуға ұмтылысы.
Ең алғашқы нұсқаушылардың бірі Г.И. Белоглазов болатын. 1925 жылдың
жазында ол әскерге шақырылатын жігіттермен Алматыдан Ыстық көлге дейін жаяу
жорық шекті. Ол басқарған жас туристтер тобы Озерный, Ақсу асуларын аты.
Чон-Ақсу өзені бойымен Сазановкаға (қазіргі Ананьево) дейін түсті.
Г.И. Белоглазов Алматының №10 мектебінде дене шынықтыру мұғалімі болып
жұмыс істеген. Өзінің оқушыларымен ол жақын жатқан шаткалға жиілеп шығып
отырды. 1926 жылы жазғы демалысында ол қайтадан оқушылармен Ыстық көл
жағалауларына сапар шекті. Біртіндеп секция жалпы қалалық масштабқа ие
болды.
1931 жылы республикамыздың астанасында Жетісу губерниялық мұражайы жанынан
Пролетарлық туризм мен экскурсиялардың бүкілодақтық қоғамының бастауыш
ұйымы ашылды (ТЭКҰ). Оның құрамында 10 адам енді. Оның белсенділері
арасында Г.И. Белоглазов, В.Д. Городецкий, Н.Н. Дублицкий және т.б. Болды.
Олардың бастауымен Қазақтық өлкетану кеңесі құрылды.
Туристтік актив күшімен Горель шатқалында туристтер үшін тау лашығы (үй)
құрылып, 1936 жылы 50 орынды Горельник туристтік базасына айналады.
1936 жылдың қыркүйегінде ТЭҚҰ жабылып, оның орнына кәсіподақтар жанына
ұйымдастырылған Қазақтық туристтік-экскурсиялық басқармасы (ТЭБ) ашылды.
1965 жылы Қазақстан Республикасына туризм мен экскурсия одағы
ұйымдастырылады және 5- облыстық одақ құрылады: Алматы облысында, Шығыс
Қазақстан, Қарағанды, Орал және Шымкент облыстарында, сондай-ақ бұл
облыстарда экскурсия бюролары да ашылды.
Республиканың өте көркем жерлерінде жаңа туристтік базалар салына бастайды:
Баян аул – Павлодар облысындағы, Жансыбай көлінің жағасында, Қарқаралы –
Қарағанды облысының тау-орман көгалды алқабында, Алтай – қойнау – Шығыс
Қазақстан облысы Бұқтарма су қоймасының жағасында алтын бор – Көкшетаудың
тауларында. Қазақстан туристтік базасы Қырғызстанда Ыстық - Көлінің
жағалауында.
Туризмнің дамуына серпінді күш берген Елдегі туризм мен экскурсиялардың
ары қарай дамуы жөніндегі шаралар туралы қаулы болды (1969 ж). Қазақстанда
туризм және экскурсиялар бойынша облыстық кеңестер, экскурсиялық бюролар,
саяхат және экскурсия бюролары ашыла бастады. Маңызды орынды Республикадағы
туризмнің материалдық базасын күшейту бойынша шаралар – жаңа туристтік
базалар мен қонақ үйлерді салу, оларды мейрамханалар, кинотеатрлар және
басқа да мәдени және тұрмыстық қызметтермен жабдықтау алды. Туристтік құрал-
жабдықтарды жалға беру орындары, моторлы қайық стансциялары, мамандалған
автобазалар ашылды.
Елдің бас қаласы Алматы: туризм қарқынды түрде дамыды. 1959 жылы облыста
Алматы турбазасы ашылып, қаланың сыртында орналасты. 1972 жылы Алматыға
жақын жерде Талғар ауданының Горный садовод ауылынан жоғарырақта Алматау
турбазасы ашылды. 1970 жылдан бастап Алматылық автобаза қаланың және
облыстық туристтік ұйымдарына қызмет көрсетіп келеді. 1975 жылы биіктаулы
мұз айдыны Медеу салынғалы Медеу және Алатау атты туристтік қонақ
үйлер де салына бастады. Алайда, мұның барлығы әлі де жеткіліксіз еді.
1979 жылы Алматылық туристтердің қалалық клубының мәліметтері бойынша,
қалада 100 шақты туристтік секциялар, 7 туристтік клубы жұмыс істеді.
Туризммен айналысатындардың саны 213 мың адамнан асты (Алматыда бұл кезде
900 мыңдай тұрғын халық болды).
Тау туризмнің техникасы бойынша, жарыстар әдетке айналып, туристік слеттер,
туристтік кештер, Турист күні мейрамдары жыл сайын Горький атындағы
мәдениет пен демалыс Орталық паркінде ұйымдастырылып отырды.
1988 жылы КСРО-да туризмді басқару құрылымы өзгереді. Туризм мен
экскурсиялар бойынша кеңестердің орнына туристтік – экскурсиялық
бірлестіктер (ТЭБ) аймақтық қағидаға байланысты құрыла бастады.
Басқа республикалардағыдай, Қазақстанда ТЭБ – ге бұрын кеңестер
басшылығындағы туристтік кәсіпорындар мен ұйымдар енді (турбазалар, қонақ
үйлер, кемпингтер, тамақтандыру кәсіпорындары, автобазалар және т.б.).
Туризмде басталған қайта құрылыс туристтер клубтарының қаржыландырылуын
бірден қысқартып, кейіннен оларды шаруашылық есепке өткізді. Олардың
халықтың денсаулығын жақсартуға бағытталған іс-әрекеті нашарлай бастады.
Жорықтар, слеттер мен жарыстардың ұйымдастырылуы сирей береді. Кейбір
туристтік клубтар жабыла бастады.
Терең экономикалық дағдарыс Қазақстанға 1990 жылы келді, сонымен қатар
елдің нарықтық қатынастарға көшуі туризмнің дамуына үлкен әсерін тигізді.
Қоғамның кедейленуі мен әлеуметтік жағдайының әркелкілілігі туристтік
қозғалыстың бірден қысқаруына әкеліп соқты. 90-шы жылдарда туристтік
саяхаттарға қатысушы адамдардың саны күрт төмендеді. Қортыа келгенде,
қазіргі шақта жас егеменді Қазақстан Республикасына қазіргі тұрғыдағы
туризм индустриясын құру үшін барлық жұмыстарды жаңадан бастау керек.
Бүгінгі күнде туризм коммерциялық қызметтің ең қарқынды түрде дамып келе
жатқан түрі болып табылады. Қазіргі заманда әлемдегі әрбір 15-ші жұмыскер
туристтік және қонақ жай бизнесінде жұмыс істейді. Туризм үлесіне әлемдік
жалпы ұлттық өнімнің 6 % және әлемдік тұтынушылық шығындардың 11% келеді.
1996 жылы халықаралық туризмнен түскен елдердің жиынтық табысы 425 млрд.
АҚШ долларына жетті, ал ол әлемдік экспорттың 8 % және әлемдік қызмет
экспортының 13 бөлігін құрайды. Дүниежүзілік туристтік ұйымның болжамы
бойынша 2020 жылы туристтік сапарлардың саны 3 есеге көбейіп, 1,6 млрд.
адамға жетеді.
Қазақстан Республикасының Статистика Агенттігінің мәліметтері бойынша соңғы
жылдары кіру туризмі көлемінің 2002 жылы 3,7 млн.-ға, ал 2004 жылы 4,3 млн.
туристтерге жеткен. Соңғы жылдары туризм географиясы кеңейіп келе жатқанына
қарамастан, Қазақстанға туристтердің көп бөлігі Германиядан (51,1 %)
келеді, екінші орынды Ресей (30,6 %), үшінші орынды - Өзбекістан (24,6 %),
төртінші орынды – Қытай (22,6 %), бесінші – АҚШ (5,7 %) алады.
4.2 Қазақстан Республикасында туризмнің даму кезеңдері
Қазақстанда туризмнің даму тарихы жалпы әлемдік тенденциялардан
ерекшеленеді. Себебі, көптеген жағдайда оның даму ерекшелігі елдің саяси,
экономикалық және әлеуметтік ерекшеліктерімен анықталады.
ХХ ғасырдың 90-шы жылдарына дейін Қазақстан КСРО-ның құрамына кіргенге
дейін, туризм экономиканың саласы ретінде қарастырылмады. Негізінен адамдар
демалу, танып-білу және емделу мақсаттарында саяхаттады. Ішкі туризм
секторы айтарлықтай дамыған болды, ал шекараның жабықтылығы, визалық
тәртіптің күрделілігі халықаралық туризмнің дамуын қиындатты. Кеңес өкіметі
кезеңінде жеңілдік жағдайында туристік жолдамаларды бөлу жүйесі
жемқорлықтанған болғанын атап өткен жөн. Туристік жолдамаларға қолдары
жететін шенеуніктердің оларды қолдануға мүмкіндіктері болды. Барлық
халықтың әлеуметтік теңдігін насихаттау шындыққа қайшы келді.
Қазақстанның тәуелсіздікке өтуі қызметтің барлық сфераларында реформалық
өзгерістерге ұшырады, оның ішінде туризмде. Қазақстанда нарықтық
экономикаға өтумен туристік саладағы экономикалық аспектілер әлеуметтік
аспектілерді асып кетті.
Туризм көптеген аспектілер бойынша Қазақстанда нарықтық қатынастарды
қалыптастыруда көшбасшыға айналды. Халықаралық және отандық тәжірибе
көрсеткендей, туризм қысқа мерзім ішінде экономиканың ең табысты
сфераларының біріне айнала алады. Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, нарықтық
экономика туристік қызметті дамыту үшін ең жағымды экономикалық орта болып
табылады. Бұл туристік қызметтің даму процесі нарықтық қатынастар
қызметінің сферасының кеңеюімен үзілмес байланыста өтеді дегенді білдіреді.
Әрине, бұл саланың өзі және оған кіретін кәсіпорындар тікелей тұтынушыға
бағытталады, қандай да бір деңгейде туризмнің дамуын қамтамасыз ететін
көптеген сфералар мен салалар нарықтық кеңістікті қалыптастыруда белсенді
рольді ойнайды.
Жағымды жағдайларды құрған кезде Қазақстанда туристік сала экономикалық
тұрақтылық пен республикалық экономиканың дамуының қозғаушы күшіне айналуы
тиіс.
Жүргізіліп отырған реформалар мен өзгерітер жағдайында әдістемелік жоспарда
туризм сферасында ең тиімді әрі мақсатты саясатты таңдау ерекше маңыздылық
алады. Осы мақсатпен туристік бизнестің дамуының, динамикада жекелеген
сегменттерді қалыптастырудың ретроспективті және жағдайлық талдауын жүргізу
маңызды. Туризмнің кезеңдік дамуын қарастыру қажеттілігі пайда болады. 1991
жылдан бастап, Қазақстан Республикасында туризмнің дамуын кезеңдерге бөлу
келесідей болады.

Қазақстан Республикасында туризмнің дамуын кезеңдестіру
КезеңдерЭкономикалық Заңдық база Саяси аспектілері Әлеуметтік
аспектілер негіздері
1 кезең Туризмде ҚР туризм мен Кіру және шығуға Туристік
1991-199мемлекеттен спортты дамыту шекараның ашылуы, фирмалардың
4 жж. шығару және туралы визалық спонсорлыққа
жекешелендіру Министрлер формальдылықтардың қатысуы
процестері Кабинетінің жеңілдетілуі,
басталды. Кіру қаулысы, Туризм шетелдік
және шығу туралы ҚР заңы, инвесторлардың
туризмдері Туристік және ағымы
бойынша спорттық қызметті
көрсеткіштердің лицензиялау,
өсуі, жаңа сертификаттау,
туристік туралы ереже
фирмалардың
ашылуы, саланың
рентабельділік
көрсеткіштерінің
көтерілуі
2 кезең Кіру туризмі ҚР-да туризм Шетелдік Бірқатар
1995-199бойынша индустриясының азаматтардың фирмалардың
9 жж. көрсеткіштердің дамуының Ұлттық іскерлік спонсорлық
тоқырауы, ішкі бағдарламасы, белсенділіктерінің іс-шараларға
туризмнің туристік қызметтіқұлауы қатысуы
көрсеткіштерініңлицензиялау
құлауы, жүйесі қайта
шоп-туризмге қаралды
маманданған
фирмалар санының
өсуі,
инфрақұрылымның
қалыптасуы
3 кезең Туризм ҚР-да туристік Визалық Зейнеткерлер
2000 түрлерінің қызметті формальдылықтарды , көп балалы
жылдан құрылымының лицензиялау одан ары қарай жанұяларға
бастап өзгеруі, кіру Ережесі, 2000 жеңілдету, туристікарналған
туризмі жылдың 29 қызметте жеңілдіктер
көрсеткіштерініңжелтоқсанындағы №интеграциялық қолданылды,
құлауы, 1947 Туристік процестер туистік
бәсекелестіктің қызметті ескерткіштер
шиеленісуі, дамытудың бірінші қалпына
маркетинг және реттік шаралары келтірілді.
жарнама туралы ҚР
құралдарын Өкіметінің
қолдану қаулысы, № 211-11
Қазақстан
Республикасындағы
туристік қызмет
туралы ҚР заңы

Қазақстанда туризмді кезеңдестіруді экономикалық, ұйымдастырушылық және
заңнамалық факторларға байланысты жүргізуге болады. Бұндай кезеңдестіру
айқын көрінбейтін сипат алады, бірақ та оның өзіне тән ерекшеліктері бар,
олар негізінен мемлекеттің саясаты және жүргізіліп отырған экономикалық
қайта қалыптастырумен байланысты болды.
Қазақстанда туризм дамуының ең перспективті бағыттарын анықтау үшін оның
соңғы жылдардағы эволюциясын талдау қажет. Туризм экономикалық қызмет
сферасы ретінде қаржылық және ұйымдастырушылық өзгерістерге бейім болып
келеді. Ұлттық туристік компаниялар бұл өзгерістерді туристік ағымдардағы
және туристік қызметтерге қойылатын бағалардағы болып жатқан өзгерістерді
түсіну үшін ескеруі тиіс. Жүргізілген талдау қазіргі туризмнің даму
тенденцияларының және онда болып жатқан өзгерістердің толық суреттемесін
береді. Жоғарыдағы кестеде Қазақстандағы туризмнің дамуының кезеңдерін
көрсетеді.
Бірінші кезең Қазақстанда туризмнің дамуында өтпелі кезең болып табылды,
нарықтық экономикаға өту ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстандағы туризмнің даму тарихы
Қазақстандағы туризм туралы
Ішкі туризм
Қазақстандағы экскурсиялық қызметтің қалыптасуы
Балалар мен жасөспірімдер туризмінің қалыптасу кезеңдері
Балалар - жасөспірімдер туризмінің XIX ғасырдағы даму тарихы
Қазақстандағы балалар мен жасөспірімдер туризмінің тарихы
Балалар мен жасөспірімдердің туризмінің қалыптасу кезеңдері
Алматы - сүйікті қала
Кала орны ретінде тандалған жердін
Пәндер