Қазақ қолөнерінде ою-өрнектің дамуы



Пән: Өнер, музыка
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР:

І. КІРІСПЕ
ІІ. НЕГІЗГІ БӨЛІМ
1. Қазақ қолөнерінде ою-өрнектің дамуы
2. Ою- өнектерді комьпютерлік бағдарламалар негізінде оқыту
3. Қазақ ою-өрнектерін ұлттық киімдерге қолданылу үлгісі
ІІІ. ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

Кіріспе

Қазақ ою-өрнектерінің даму кезеңдерін оларды қолданудың жолдарын
қарастыру, соған сәйкес педогог кадрлар даярлау туындап отыр. Осыған орай
тарихи архиологиялық бағыттағы А.Х.Марғұлан, С.М.Дудин, Б.В.Веймарин,
А.Ақышев т.б. еңбектерінде ою-өрнектердің бұйымдар мен заттарда
қолданылуына мән берген.
Қазақ ою-өрнектерінің даму тарихы мен өмірде әлеуметтік жағдайда
қолданылуын Ә.Тәжімұратов, С,Қасиманов, Х.Арғынбаев, Қ. Мұқанов,
У.Жаныбеков, Т.К.Басенов, К.Ибраймова, Е.Р.Шнейдерлар ашып көрсеткен.
Жас ұрпақты тәрбиелеуде ұлттық ою-өрнектерді қолдану маңызын
К.Амиргазин, Б.А.Әлмұхамбетов, Ж.Балкенов, О.С.Сатқанов, А.О.Камаков,
С.Жолдасбекова т.б. қарастырған.
Ғалымдардың бірқатары (В.Д.Симоненко, М.А.Ушаков және т.б.) отандық және
шетел тәжірибесіне мазмұнды талдау беру арқылы кіріктірілген “Технология”
пәнінен эксперименттік бағдарлама жасаған. Бағдарламада материалдарды
өңдеудің барлық түрі және олардың технологиясы, сәндік-қолданбалы
шығармашылықтың (қолөнерге үйрету) негіздері және т.б. көрініс алған.
Олардың пайымдауынша, адамды іс-әрекеттің қайсы бір түріне болса да баулу
тұлғаның шығармашылық қасиетінің қалыптасу процесіне мақсатты түрде ықпал
етеді. Бүгінгі ғылыми әдібиеттерге және педагогикалық практикаға жасаған
талдау, технология мұғалімдерінің сәндік қолданбалы қолөнерді әлі де болса
теория мен практикада өз деңгейінде шешімін таппай отырғанын көрсетеді
Демек, технология мұғалімдерінің сәндік қолданбалы қолөнерді жетілдіруге
қоғамның сұранысы мен жоғары оқу орнында технология мұғалімін даярлаудың
бүгінгі жағдайына әліде болса назар аударғандары жөн.

1. Қазақ қолөнерінде ою-өрнектің дамуы

Сонау жазу-сызу шыға қоймаған, ерте заманда адам өз ойын тасқа, сүйекке,
ағашқа ойып қашап түсіріп отырған. Қазіргі қолөнер саласындағы “сүйек ою
өнер”, “ағаш ою өнер” деген сөздер – сол ерте заманда қалыптасқан ұғымдар.
Демек, бұдан қазақ халқының ою-өрнек өнері де осы тұста басталғанына
көзімізді жеткіземіз.
Бір кезде тасқа, ағашқа, сүйекке түсірілген ою-таңбалар келе-келе
киізге, алаша, кілем, т.б. заттарға салынатын болған. Ол белгі таңбалар
арқылы халық белгілі бір ұғым түсініктерді аңғарып, біліп отырған. Бұдан ою-
өрнек белгі таңбалары өмір қажетінен туғанын байқауға болады. Мысалы, қазақ
халқының ерте кезден бергі әдет-ғұрып салты бойынша, бөтен жерге, алыс
ауылға ұзатылған қыз баланың белгілі бір уақыттан кейін төркін жағына
сәлемдеме жіберуі тиіс. Сәлемдемеде жас келіншек өзінің күйеуге шыққаннан
кейінгі тұрмыс жағдайын ою-өрнекпен бейнелеп жіберуі шарт болған. Осы салт
бойынша тұрмысқа шыққан бір қыздың үйіне жіберген сәлемдемесінде алақандай
жарғақ, оның бетіне бойы сорайған ұзын және өте жіңішке, әрі арық адам
бейнесі кестеленіп салынған және оның жанында тұрған адам тұрпаты
бейнеленген. Бұл сәлемдемеден қыздың ата-анасы жат жұртқа ұзатылған
баласының “отырса опақ, тұрса сопақ” болған мүшкіл халін түсінген. Ал басқа
бір күйеуге ұзатылған қыздан “құсмұрын” бейнесі салынған сәлемдеме келсе,
ата-анасы одан баласының барған жерінде құстай ерікті, басы бостандықта,
жағдайы жақсы екенін ұғатын болған. Сондықтан ұзатылған қыздан сәлемдемеге
құстұмсық жүзік келсе немесе құстұмсық ою-өрнекті түкиіз, басқұр сияқты зат
келсе ауыл-аймағы қуанып, той жасап, атап өтуді әдет еткен. Бұл әдеттің
жұрнағы қазір де сақталған. Ауылдық жерде құстұмсық жүзік көрсе көптеген
қыз-келіншектеріміздің құштар болатыны тегін емес. Республикамыздың
көптеген облысында экспедицияда болып, аралай жүріп байқағанымыз, қыз-
келіншектердің зергерлерді іздеп жүрңп, құстұмсық жүзік жасатып, қолдарына
тағып жүргенін көрдік. Бұл сонау ертеден басталған ою-өрнек түрлерінің
жоғалмай, бүгінгі дәуірге жетіп, халық қажетіне жарап отырғанының айғағы.
Оның үстіне ою-өрнек үлгілері әр түрлі мағыналарды білдірген. Мысалы, әлгі
құстұмсық жүзікке салынған сыңар дөңгелек, күн белгісі, қос дөңгелек
әділеттіліктің, мейірімділіктің белігісі болып есептелген.
Ою-өрнек белгілерінің тұрмыста кеңінен қолданылатындығына тағы бір мысал
қазақтың бұрынғы салты бойынша, жаңа туған нәрестеге құтты болсын айтуға
барғанда, оған апаратын бала жинағы деп аталатын бұйымдарға малдың, аңның
бейнелері салынатын болған. Мұның себебі балаға – айналадағы дүниені
таныту. Бұйымдарда бейнеленген нұсқаларды бала есейгенше бірте-бірте танып
өседі. Қазақ даласына тараған ислам діні тірі бейнені түсірген өнер
атаулының жауы болғаны мәлім. Бірақ, ою-өрнек өнері дін шырмауына шырмалып
қалмай, жазу-сызудың шыққанына қарамастан, дамып, өсіп отырды. Бұрын
белгілі бір ұғымды, түсінікті білдіретін ою-өрнек таңбалары беретін келе
сән, салтанат бейнелеріне айналды. Әйтсе де, кейбір ою-өрнек мағыналары
сақаталып қалған. Мәселен, ою-өрнек өнерінің көптеген шеберлері қазір күн
белгісі ретінде сыңар дөңгелекті, молшылықтың белгісі ретінде
қошқармүйізді, құстұмсықты, құсқанатты, арқар мүйізді, т.б. белгілерді
қолданды. Осы орайда, бір айта кететін нәрсе қазіргі қылқалам иелері,
суретшілеріміз қазақтың байырғы ою-өрнек үлгілерінің біз айтқан үлгілерін
жетік білмесе, ұлттық шынайы өнер туындысы деп санарлық көркем шығарма
тудыра алмақ емес.
Адамзат баласы ертеден-ақ өзінің жағдайына, талғамына, тұрмысына сай
киіне, сәндене білген. Табиғи сұлулығын, көркемдігін көркейтіп, түрлендіріп
көрсететіндей әдемі зергерлік бұйымдарды орнымен пайдалана да білген. Оған
біздің күні бүгінге дейінгі табылып жатқан көне мұраларымыз бен музейлерде
сақталған экспонаттар, сол дәуірдің суреттері, т.б. куә. Тағы бір мысал
ретінде білезікті алайық. Ол ерте дүниеден бері бір ұрпақтан бір ұрпаққа
ауысып, әр дәуірде, әр қоғамда әр түрлі сипат алып, күні бүгінге дейін
жетіп отыр. Білезікті дүние жүзіндегі барлық елдерде салған. Бір таңғалатын
нәрсе, ол кезде адамдар білезікті көзден, кездейсоқ бақытсыздықтан сақтайды
деп ұққан. Бізді осындай ойға жетелеп, өз тарихынан хабардар етуші көне
суреттер сол құдіреттің өте арзанқол темірден, қаңылтырдан, қол ағаштан
жасалғанын да жасырып қала алмайды.
Әрине, соңғы кезде қазақтың ұлттық ою-өрнек өнерін өркендетуге едәуір
көңіл бөліне бастады. Мысалы, бесаспап шебер оюшыларымыз өз туындыларындағы
мұнай мұнарасы, жұлдыз, көгершін бейнесін – бейбітшілік, бейбіт еңбектің
символы ретінде космосқа ұшқан ракета белгісін, т.б. оюға түсірсе, қылқалам
иелері мен қолөнер шеберлері қазақтың байырғы ою-өрнек үлгілерін
шығармашылығына кеңінен пайдаланып келеді. Оның үстіне соңғы жылдарда
астанада, облыс орталықтарында ұйымдастырылған қолөнер бұйымдарының
үлгілерін, өнер туындыларын халқымыз көріп, қайран қалуынан ғибрат алуға
болады. Одан, әрине, ою-өрнек өнерін насихаттауда кемшілік жоқ деген ұғым
тумаса керек. Өйткені, қазіргі жастарымыз ою-өрнек сырын жете білмейді.
Шеберлердің жолын қуушылық некен – саяқ. Мысалы, қазақ оюының – теңдеме ою,
жүздеме ою, сыңар ою деп үш түрге бөлінетіндігі, оның түсірілу тәсілін,
сырын біле бермейді. Олардың өзіндік ерекшелігі, белгілі бір мақсаттан
туған мағынасы бар.
Оюлап өрнек салу халық өнерінің бір саласы. Ою түрлері мен атаулары
күнделікті тұрмыста қолданылу, тұтыну тәсіліне қарай, ұқсату мен іске
асырылу амалдары да, жолдары да сан салалы алуан түрлі болады. Мәселен,
әшекейлі түр салудың кестелеу, оюлау, зерлеу, сыру, теру, көз салу, шым
кестелеу, гүлдеу, таңдайлау сияқты салалары ілмелеп, қайып, бүгіп, тепшіп,
шалып, торлап тігу әдістерімен атқарылады.

2. Ою- өнектерді комьпютерлік бағдарламалар негізінде оқыту

Қай халықтың болмасын бейнелеу мәдениетіне, өнеріне байыптап көз
салсақ, сол халықтың әсемдік талғамы мен танымына, эстетикалық көзқарасына
орай белгілі бір өнер түрінің басым дамып отыратынына көз жеткіземіз. Осы
тұрғыдан алғанда ою- өрнек өрнерін қазақ халқының өмір- тіршілігінде
айрықша орын алып, ғасырдан ғасырға, ұрпақтан ұраққа жалғаса дамып келе
жатқан өнер түрі деп батыл айта аламыз. Өйткені, қазақ халқының тұрмыс-
тіршілігінен ою- өрнек қатыспайтын саланы табу қиын. Ою- өрнек элементтері
олардың үй жиһаздары мен киім- кешегінен де, зергерлік бұйымдары мен құрал-
саймандарынан да, ер- тұрман, әбзелдері мен қаружарақатарынан да молынан
табылады. Бүгінгі таңға дейінгі қазақ халқының қолөнері оның ішінде ою-
өрнектері қарастырылған тарихи, ғылыми еңбектер бұл өнер түрінің ежелгі
замандардан бастау алып, қазақ жерін мекен еткен көшпелі тайпалар
мәдениетінің әсерімен сан ғасырлар бойы қалыптасып, өзіне тән белгілі бір
жүйеге келгенін аңғартады. Қазақтың алғашқы ою- өрнек үлгілері андронов
мәдениеті мен байырғы сақ, ғұн, үйсін өнері мұраларынан ұшырайтындығы
айтылған ойдың жарқын айғағы.
Сондай- ақ қазақ халқының ою- өрнек өнері сөз етілген еңбектерде оның
шығу тегінен басқа дамуы, символикасы, қолданылуы, жасалу техникасы,
классификациясы ( Е.Р.Шнейдер, Т.К.Басенов, С.М.Мұқанов, Ө. Жәнібеков, Ә.
Марғұлан, В. Чепелов, А.И.Тереножкин, Ә.Тәжімұратов, С.Қасиманов, Х.
Арғынбаев, Қ.Мұқанов, Қ.Ибраева тағы басқа) өз алдына зерделенеді.
Қазақ халқының ою- өрнек өнері халықтың әлеументтік өмірінде ғана емес
рухани өмірінде де аса маңызды роль атқарады. Олай дейтініміз ғылым Ұ.
Әбдіғапбарованың анықтауы бойынша қазақтың ұлттық ою- өрнегі- адам
өміріне қажетті заттарды, бұйымдарды, архитектуралық құрылыстарды сәндеуде,
халықтың тыныс- тіршілігін, қоршаған ортаға көзқарасын, одан алған
эмоционалдық- эстетикалық әсерін және ой- арманын,тілек- мүддесін әсем
талғаммен өзара үйлесімділікте бейнелі жеткізуге ықпал ететін нақыштар .
Бұл түсінік мазмұнынан қазақ ұлттық ою- өрнектерінің жеке тұлғаны
қалыптастыруда білім беру, тәрбиелеу, дамыту мүмкіндіктері бар екендігі
көрінеді.
Қазіргі уақытта Қазақстанда ел егемендігін нық ұстап тұру мақсаты
жағдайында білім беру мен тәрбиелеу саласының ұрпақтың ұлттық тәрбиесін
дамыту талаптарына сай ұлттық мәдениет, өнер мәселелері педагогика ғылымы
тұрғысынан зерттелуі сол себептен. Атап айқанда Ж. Балкенов, С.Сатқанов, С.
Жолдасбекова сияқты ғалымдар бастауыш сыныптардың оқу- тәрбие процесіне
ұлттық қолөнер дәстүрлерін пайдалану негізінде лоардың еңбек тәрбиесін,
көркемдік тәрбиесін жетілдірудің, эстетикалық қызығушылығы мен бейнелеу
іскерлігіндегі дағдыларын қалыптастырудағы кезкеңдерін қарастырған.
Б.Әлмұхамбетов, Ә.Қамақов, Қ.Әмірғазин, Л.Котенколардың еңбектерінде халық
қолөнерінегізінде 4-8 сынып оқушыларына эстетикалық тәрбие беру мәселесі
шешімін тапқан. Ою- өрнек ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тоқу өнері. Ою-өрнек
Мектеп жасына дейінгі балаларды қазақтың сәндік- қолданбалы өнерімен таныстыруды теориялық тұрғыда негіздеу
Қазақ оюларының сырлары
Қазақ ою-өрнектері арқылы оқушылардың іскерлігін қалыптастыру үрдісіндегі педагогикалық шарттарды анықтау
Сақ өнерінің кейбір белгілері
Сыңармүйіз қосмүйіз , қошқармүйіз деп аталатын оюдың тек бір жақ сыңарын ғана бейнелейтін өрнек түрі
Өрнектер кілем композициясын құрайтын негізгі элементтер
Қазақтың дәстүрлі қоңыр ою – өрнектері
Қазақтың ұлттық бұйымдары
«Ұлттық ырғақтар» композициясында ою-өрнектерді тиімді қолдану әдістері
Пәндер