Қазақ ойшылдары дін туралы пәні семинар сабақтың әдістемелік нұсқауы


Пән: Дінтану
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 31 бет
Таңдаулыға:   

«Қазақ ойшылдары дін туралы» пәні семинар сабақтың әдістемелік нұсқауы

«Қазақ ойшылдары дін туралы» пәні қазақ халқының рухани-мәдени болмысының өзегі болған ислам діні туралы айтқан пікірлері мен ойларын жинақтап, сол ой-пікірлерді болашақ теолог-мамандардың қазақ халқының дәстүрлі діни танымын тереңірек түсінуі үшін аса қажет пән болып табылады. Өйткені, қазақ халқының дәстүрлі діни танымы негіздерін түсінбеген маман болашақта қазақ халқын сыртқы күштердің діни-рухани ықпалынан қорғай алмайды. Сол себепті, бұл пәннің болашақ маман дайындауда маңызы зор. Бұл пәнде мына мәслелерге баса мән берілу керек:

  1. Ислам діні келу кезеңінен бергі қазақ топырағындағы өткен ойшылдардың рухани-мәдени мұраларындағы сабақтастық мәселелері жан-жақты қарастырылып, олардың бір-біріне ықпалы студенттерге ұғынықты түрде жеткізілуі тиіс. Мысалы, Әбу Насыр әл-Фараби мен Жүсіп Баласағұни арасында қаншалықты ой-пікір сабақтастығы бар немесе бұл тұлғалардың рухани мұрасы мен Қожа Ахмет Йасауи шығармашылығына қаншалықты ықпал етті? Осы мәселелер студенттер санасына жеткізілуі тиіс.
  2. Қожа Ахмет негізін салған жолдың түркі ислам тарихындағы орны мен оның түркілерге, жалпы ислам дініндегі халықтардың рухани мәдени болмысына ықпалы, өзіне дейінгі дін ғұламаларынан ерекшелігі. Ол айтқан «дафтари сани» сөзінің мәні жан-жақты ашылып түсіндірілуі тиіс. Өйткені, бұл түркі халықтарының одан кейінгі ғасырлардағы діни-рухани болмысының өзегі болды және түркі халықтарының рухани-мәдени болмысындағы барлық жеңісі де, жеңілісі де осы жолдың қай дәрежеде қолданыста болуымен байланыста өрбіді. Оның шәкірттері Сүлеймен Бақырғани мен Мұхаммед Данышманд Зарнуқи осы жолдың одан әрі қанат жаюына өз шығармаларымен септігін тигізді.
  3. Алтын Орда дәуірі әдебиеті Йасауи салған сопылық жолдың негізінде, сол жолмен сабақтаса дамыды. М. Булғари, Н. Рабғузи, М. Хорезми т. б. тұлғалар шығармашылығы осы Йасауи жолымен сабақтаса жазылды. Бұл Алтын Орда түркілерінің ортақ рухани мұрасының қалыптасуына тікелей ықпалын тигізді.
  4. Өзбек хан қайтыс болып, оның тағына отырған Жәнібек ханның діни-идеологиялық бағытты өзгертуі Асан Қайғы бастаған тұлғалардың оған қарсы күреске шығуына мәжбүр етті. Мұның бәрі осы кезеңнің ойшылдарының шығармаларынан орын алды. Сабақты өту барысында діни-рухани үдерістердің ойшылдар шығармашылығына қаншалықты ықпал ететінін студент түсінуі тиіс.
  5. Алтын Орда мемлекеті ыдырағаннан кейінгі кезең әдебиеті, Қазақ хандығы кезіндегі әдебиет үлгілеріндегі діни танымға қатысты ой-пікірлер жан-жақты қарастырылуы тиіс. Өйткені, бұл кезеңдегі діни-рухани үдерістер түркі мемлекеттерінің күйреп, халықтарының этникалық жіктелу үдерістерін басынан кешірді. Бұл оқиғалардың барлығы дерлік сол кезеңдердің ойшылдары шығармаларынан орын алды. Ол шығармалардағы ой-пікірлерге талдау жасап, студенттің сол шығармаларда баяндалған діни-рухани үдерістер барысы мен оның халықтың ой-санасына қаншалықты ықпал еткенін сезетін болуы керек.
  6. Тәуке ханның «Жеті жарғысынан» кейін Йасауи жолының мемлекеттік идеология ретіндегі ролінен ажырауы - қазақ қоғамында қазақтың дәстүрлі дүниетанымын уағыздап, сақтап қалатын шығармашыл топтың қалыптасуына ықпал етті. Ол жыраулар шоғыры еді. Жыраулар шығармашылығында діни-рухани мәселенің көп орын алуы осыған байланысты болды. Сол себепті, жыраулар шығармашылығы тереңірек ұғынуды қажет етеді.
  7. XIX-XX ғасырларда өмір сүрген ақын жыраулар Қазақ мемлекеттігінің күйреп, өзге бодан болу кезеңін басынан өткерді. Осы қасіретті кезең ойшылдары шығармаларында өкініш пен ыза, зар жатты. Және олардың көпшілігі мемлекеттік айырылу өзгеге бодан болу қазақтың рухани азғындауынан деп түсінді. Сабақ барысында студент осы кезең ерекшелігін сезінуі тиіс.
  8. Абай, Шәкәрім бастаған жазба ақындар шығармашылығы халықтың діни танымын кеңейтуге, рухани кемелдену мәселесіне көбірек мән берді. Абайдың «толық адам», Шәкәрімнің «ар ілімі» адам бақытының қай салада екендігін айқындап берді.

Қорыта айтқанда, қазақ даласында өткен ойшылдар қалдырған рухани мұралар қазақ халқының рухани-мәдени болмысының негізгі қайнарлары, адастырмас Темірқазығы болды. Олардың арасындағы рухани сабақтастық сонау Әбу Насыр әл-Фарабиден бастап, қазірге дейін жалғасып келген алтын көпір қызметін атқарды. Сабақ барысында студенттер осы сабақтастықты ұғына алса, онда қазақ халқының дәстүрлі діни танымының өзегін тани алатын болады.

«Қазақ ойшылдары дін туралы» пәнінің лекциялар тезисі

«Қазақ ойшылдары дін туралы» пәні қазақ халқы тарихындағы ірі тарихи тұлғалардың рухани-мәдени мұрасындағы дін туралы ой-пікірлері ортаға салынып, олардың қазақ халқының дәстүрлі діни танымының қалыптасуына ықпалы жан-жақты қарастырылады. Бұл пән шеңберінде қазақ халқын жеке халық ретінде тарих сахнасына шығуына ықпал еткен діни, рухани-мәдени болмысының таным негіздеріне жан-жақты талдау жасалады. Ол рухани өзекті қалыптастыруда Ислам дінінің өлшеусіз үлесі болғандығына дау жоқ. Алайда, ислам дінінің түркі халықтарында өмір сүру формасын қалыптастырып, түркі халықтарының рухани, мәдени дербестігін, өзіндік ерекшелігін сақтап қалуға ықпал еткен тұлғалардың еңбектері өлшеусіз. Олардың рухани мұрасына талдау жасау, қазақ халқының сан ғасырлық даму тарихында басынан өткерген рухани мәдени белестердегі жеңісі мен жеңілістерінің ішкі себептерін ашуға мүмкіндік береді. Сондықтан бұл пәннің алға қойған мақсаты тарихта белгілі роль атқарған тұлғалардың шығармаларымен танысу ғана емес, сонымен бірге ол шығармаларға жан-жақты талдау жасап, олардың қазақ халқының рухани-мәдени болмысындағы орнын анықтау болып табылады.

1. Әбу Насыр «л-Фараби және оның діни көзқарасы.

2. Жүсіп Баласағұн және оның діни рухани көзқарастары.

3. Қожа Ахмет Йасауидің түркі исламдық көзқарастардың қалыптасуына ықпалы.

Қожа Ахмет Ясауи Ислам тарихындағы ең ұлы тұлғалардың бірі және бірегейі. Ол тарих сахнасына ислам дінінің әлсіреп, тоқырауға ұшыраған кезеңінде тарих сахнасына шығып, Ислам дініндегі тоқырауды тоқтатып, ислам дінінің жаңа бағытта дамуына өлшеусіз үлес қосқан ұлы тұлға. Ислам діні тарихындағы қайта өрлеу дәуірі осы Қожа Ахмет Йасауиден басталады десек артық айтқандық емес. Сол себепті оны ортағасырларда «Ахмади сани» деп атады. Ол ислам дінінің тоқырау себептерін толығымен түсініп, исламның қайта жаңғыруына қолынан келгенің бәрін жасады. Ол ислам дінінің тоқырауы - діндегі иманның әлсіреуімен байланысты екендігін көре білді. Иманды қайтадан қалпына келтіру жолына бар өмірін арнады. Ол өз дәуіріндегі ислам қоғамының азғындауын былайша суреттейді:

Ораза, намаз, иман, ислам қолдан кеті,

Күннен күн бетер деген хадис жетті.

Пайғамбар айтқандары келіп жетті,

Бұл дүниені қараңғылық басты достар.

Ғалымдар бар ілімін малға сатты,

Көріп, біліп, өздерін отқа атты.

Өзі амал қылмай халыққа ілім үйретті.

Дүние үшін діндерін сатты көргңн.

Ұстаз, дінсіз құлдар болды хакім,

Мемендің дүкенін ашып, болды залым,

Халық ішінде қор болды дәруіш ғалым,

Көпшілігі халықтың кәпір болды көргін.

Дінсіз ұстаздарға еш қауіп жоқ.

Дүние малын жиып еш тояры жоқ.

Ұшып, қонып, өлімнен еш хабары жоқ.

Ол жанның дүние діні болды көргін!

Осы «Хикмет» жолдары сол кезеңдегі Ислам қоғамының рухани азғындыққа қаншалықты түскенін анық көрсетіп тұр. Бұл дағдарыстан шығу жолы иманнның қайтадан қалпына келуіне байланысты екенін баса айтады. Ол былай дейді:

Хикмет бірлән әууал адам дін бар айлады,

Он сегіз мың қамуғ алам қайран ерур.

«Қалу бала» деген құлдар үлес алды.

Сакут еткен құлдар діні ойран болур.

Хақ тағала иман ата (сыйлады) қылды бізга,

Аууал Мұстафа расулы айды бізга.

Друд етсак қууат берар дінімізга,

Йоқ ерса, қылғанларым ойран ерур.

Бұл «Хикмет» жолдарының мәні иман болмайынша, толық сенім болмайынша, адам баласының қылғандарының ойран болатыны, Иманның барлық ғибат алдында болу керектігі айқын көрсетіп тұр.

Қожа Ахмет Йасауи Исламның тоқырау себептерін айқындағаннан кейін ол бұл тығырықтан шығудың жолдарын қарастырды. Ол үшін діни ілім негіздерін кеңейтіп, жаңа сатыға көтеру қажеттігін айқын сезінді. Ол - сопылық жол болатын. Және ол жол жеке тұлғалардың ғана қол жеткізер ілім қайнары болмай, жалпы халыққа ортақ сенім негізіне айналдыру мақсаты қойылды және ол жол тариқат жолы еді. Ол өзінің «Хикметтерінде» бұл жолды «дафтари сани» деп атайды. Қожа Ахмет Йасауи «Хикметтерін» былай бастайды:

Бисмила деп баян айлай хикмет айтыб,

Талибларга дури гауһар чаштым мана.

Ризатны қаттығ тартып, қанлар йутуб,

Мен «дафтари сани» сөзларін ачтым мана.

Бұл сөздер жалпы ислам дінінің жаңа сатыға көтерілуіне негіз болған тариқат жолының атауы еді. Исламдағы алғашқы жол - шариғат жолы болатын. Уақыт өте кел бұл жол өзінің рухани сипатынан ажырап, қоғамдық қатынастарды реттейтін заңдар жинағы дәрежеесіне түсті. Исламның ішкі мазмұны халық санасынан біртіндеп өше бастады. Рухани қуат әлсіреп, оның орын материалдық құндылықтар басты. Бұл Ислам қоғамын тоқырауға ұшыратқан басты себеп болды. Қожа Ахмет Йасауи алдында халықты Исламның рухани негіздеріне қайтадан бет бұрғызу мақсаты тұрды. Бұл оның ислам тарихындағы басты миссиясы еді. Ол ол қызметті абыроймен атқарып шықты. Ол Ислам дініндегі иманды қайта қалпына келтіріп қоймай, сонымен бірге ислам дінінде бола тұрып, әр халықтың өзінің дәстүрлі мәдениетін сақтап қалу мүмкін екендігін дәлелдеп берді.

Йасауи «Хикметтінің» басты мақсаты ислам дінінің ішкі рухани қуатын қалпына келтіруге бағытталды. Ең бастысы «Хикметтерге» негіз болған «Құран» аяттары мен Мұхаммед Пайғамбар хадистері еді. Ол осы екі негізге сүйене отырып, Ислам негіздерін қайтадан халық санасына сіңіру жолында қызмет етті. Сол себепті, Қожа Ахмет Йасауидің «Хикметтері» «Құрани түрки» атанды. Оны қожа Ахмет Йасауидің өзі де айтады: Менің хикметтерім алладан пәрман,

Оқып, білгенге мағынасы Құран.

Бұл жолдар Йасауидің негізгі мақсатының не екенін анық көрсетіп тұр. Ол сырты мұсылман болғанымен іші мұсылман болмағандарды барынша әшкерелеп, сынады. Бұл туралы өз «хикметтерінде» былай дейді:

Кейбірі үмметпін деп жалған сөйлер,

Кісі малын алмақ үшін жақсы сөйлер,

Адалын мұнда тастап, арамды көздер,

Надандарға бұл сөзді айтқым келер.

Заманақыр келгенде ақыл кеткей,

Адамзат бірін-бірі түтіп жегей,

Дүние үшін иман, ислам дінін сатқан,

Ақылсыз жандарға бұл сөзімді айтқым келер.

Ол өзінен де, өзгелердер де адал да, әділ, шынайы мұсылман болуды талап етті. Ол үшін Қожа Ахмет Йасауи Алланы зікір етуді сопылық практикасына ендірді. Бұл оның дінге егізген жаңалығы емес еді. Алланы зікір ету туралы Құран аяттарында 78 жерде айтылатын. Ол осы аяттарды негізге ала отырып, зікір салуды сопылардың рухани жетілу жолындағы іс-әрекетінің басына шығарды. Оның:

Астанаға басым қойыб зары қылсам,

Халқа құрып, кім зікір айтса, йары барсам,

Зікірін айтыб, ол сұхбатта дурлар терсам,

Жан уа ділда хай зікірін айтың достлар.

Немесе

Ху халхасы құрылды, ай, дарушлар келіңлар,

Хақ суфрасы йайылды, андин улуш алыңлар,

Хал ілімін оқубан, хал іліміна йетибан,

Йоқлық ичра батибан, барлықлардин алиңлар, » - деген хикмет жолдары зікір ғибадатының мәні қаншалақты жоғары екендігін көрсетіп тұр. Зікір салудың түпкі мақсаты жүректі тазалап, жүрек көзін ашып, өзгелерге сезілмейтін ілім нәрімен сусындату болатын. Ол өз мақсатына жетті. Халықтың иман-сенімін қайтадан қалпына келтірді.

Қожа Ахмет Йасауи ілімінің мәні хикмет-хәл ілімінде. Хәл ілімі шеңберінде әлем, болмыс, ғашықтық, рух мәселерлері қарастырылып, өмір өзегінің негізгі мәселелері шешімін тапты. Ол адам баласына болмыстың мәнін аша отырып, өмір мен өлім арасындағы бірлік пен айырмашылықты көрсете білді. Шын бақыт пен жалған бақыттың ара жігін ажыратып берді. Оның қаламнан шыққан:

Бі шек білгін бұ дүниа, барша халықтан өтар-а,

Инанмағын малыңа бір күн қолдан кетар-а,

Ата-ана, қарындас, қайан кетті фікір қыл,

Төрт аяқлық чүбүп ат бір күн саған жетер-а.

Дүниа үчүн ғам йеме, хақтан өзгені деме,

Кісі малын жеме, сират өзра тұтар-а»-мына жолдар өмірдің мәні неде екенін көрсетіп тұр. Тән қажеті үшін рухани дүниені ұмытып, материалдық дүние қуу жақсылыққа арапмасын, ол үшін ертеңгі күні жауап беретінін адам баласының есіне салады. Оның орнына адам баласын Жаратушыға ұмылуын, Оның ұлылығын, хикметерін сезінуге оған ғашық болуға шақырады. Сөйтіп, болмыстың мәнін түсіну мүмкін екендігін көрсетіп береді.

Ол ұсынған «болмыстың бірлігі» туралы ілім түркі халықтарының дүниетанымдық көзқарасының негізін құрады. Бүкіл жаратылыстың бір-бірімен сабақтастығы, бар жаратылыс бір Жаратушы құдіреттің жаратқан болмысы екенін сезіну мен жаратылғандардың бір-біріне тәуелділігі, олардың ішінде Алла Тағаланың адам баласы мойнына артқан жауапкершілігі жайлы Қожа Ахмет Йасауи өз «хикметтерінде» халыққа жеткізе білді. Сондықтан адам баласы тек қоғам ішінде ғана емес, бүкіл жаратылыс алдындағы жауапкершілігін сезінуге тиіс екендігін айтты. Адамды жамандыққа итермелейтін нәпсі екендігін баса ескертті. Сонымен бірге, нәпсімен күрес жолдарын көрсете білді. Дүние соңына түсіп, қаншама байлыққа қол жеткізген жандардың соңы не болғанын халайықтың есіне салды. Оның хикметтеріндегі:

Бұ дүнианы бина қылған Харун қаны?

Дұға (сиқыр) қылған Фарғауын билә Хаман қані?

Уамақ, Азар, фархад, шырын, Мажнун қані?

Қаһар айласа бір лахзатта йаксан қылур!

Һеч білдуңмі, адам өлмай қалғаныны,

Бұ дунианы уафасыны білганыны,

Дунийа талаб бойы худа алғаныны

Аллах десаі көз йашыңны баран қылур.

Ашық дардига дауа сурған Хазир телба, (делбе)

Захирда йоқ, батын ичра қылур жаула,

Мағыз сырың бағрың ичра қылур ғалба,

Ашық дардыны дауа қылса рахман қылур.

Бұл жерде Қожа Ахмет Йасауи сыртқы әлем мен ішкі әлем арасындағы айырмашылықты көрсетіп отыр. Материалдық дүниеде қаншалықты құдіретке жеткеніңмен оның уақытша екендігі, ал рухани ішкі әлемнің мәңгілік екендігі анық көрсетілген. Алайда, Аллаға жалған ғашық болып ешкімді алдай алмасын да ескертеді.

Кімні көрсаң бу йолларда йалған ғашық,

Захир суфи батын ичра йермас садық,

Аның учун мағшуқиға болмас лайық.

Йалғаншыны руз, махшар сарсан қылыур.

Тән сөзламас, жан сөзламас, иман сөзлар.

Жандин кечкан чын ғашықлар хақны көзлар,

Арифларга қызмат қылыб, йолын түзлар,

Ол ғашықны халайыға султан қылур.

Бұл шумақтар шын сопы мен жалған сопы арасындағы айырмашылықты ара жігін ашып көрсетіп отыр. Сыртың сопы болғаныңмен ішің таза болмаса, бұл әрекеттен пайда жоқ екенін, ахиреттегі өлшеуіш тәнде, жан да емес, иман болатынын ескертеді. Басқаша айтқанда, иман кәміл болмай, шын сопы болдым деп айта алмайсың.

Ол өз ой-пікірлерін «Құран» аяттары мен Мұхаммед Пайғамбар хадистерімен бекітіп отырды. Мысалы, 84-хикметте мынадай жоладар бар:

Төрт йуз қырық төрт пайғамбар, мурсал нәби

Қалмадылар бу дуниадин өтті бәрі.

«Куллу нафсин заиқату-л маут» аяты

Құран ичра мұндағ хабар берер ерміш.

Мұндағы Құранның «Куллу нафсин заиқату-л маут» аяты келтіріліп, кім болса да, өлімнің ащы дәмін татынын, одан ешкімнің қашып құтылмасын ескертеді. Жалпы Құран аяттарын мысалға келтірмектегі мақсат - адам баласына берілген бұл дүниенің шектеулі екендігін, Алланың алдына барып, басқан әр қадамы үшін жауап беру екендігін сезіндіру. Йасауи хикметтеріндегі келтірілген басқа аяттар да мына өмірдің өткінші екендігін ұмыттырмау үшін қолданылғанын көруге болады.

Сондай-ақ, Мұхаммед Пайғамбар хадистері де Йасауи «Хикметтерінде» кеңінен пайдаланылған. Оларды қолдана отырып, өз ойларының пәрменділігін арттыру мақсаты болғанын көреміз. Мысалы, мына хикметтегі Пайғамбар хадисіне көңіл аударып көрелік:

Ұлуғ, кичік йаранлардан адаб кетті,

Қыз уа дағиб жауанлардин хайа кетті.

Ал-хайа минал-имани расул айды,

Хайасыз құм ажаиб болды достлар.

Бұл жерде адамның адам ретінде өмір сүруі иман арқылы ғана мүмкін екенін ескертіп отыр. Иманы болмаса, адам баласы мың жерден тірі жүрмін дегенімен хайуанша өмір сүреді. Осы ойды дәлелдеу үшін Пайғамбар хадисі қолданылған. Бұл жердегі Пайғамбар хадисінің мәні «Тірі болу иманнан» деп берілген.

Қорыта айтқанда, Қожа Ахмет Йасауи сол кезеңдегі ислам дініндегі басты мәселені шеше білді. Ислам дініндегі басты талап иман екенін, имансыз ешқандай дін өмір сүре алмасын, сол себепті иман барлық амалдың алдында болуы тиіс екендігін Иманы берік адам ғана шын мұсылман болатынын дәлелдеп берді. Сонымен қатар, Алланың бірлігіне, барлығына сенген, иманы кәміл жанның арабтың дәстүрін ұстамай-ақ мұсылман болатынына халықтың көзін жеткізді. Оған Қожа Ахмет Йасауидің өз шығармаларын түрік тілінде жазуы тікелей ықпал етті. Дін түрік тілінде сөйлей бастады. Бұрындары мұсылман дінін қабылдау араб болу деп түсінетін халық, енді қайтадан түрік мәдениетіне бет бұрды. Оған Қожа Ахмет Йасауи қаламынан шыққан «Фатаба-и танбих» (пәтуалар көрсеткіші) атты шығарма тікелей ықпал етті деп айта аламыз. Бұл шығарма әзірге біз үшін белгісіз қалып отыр. 18-19 ғасырлардағы ғұламалар еңбегінде аты ғана кездесетін бұл шығарма ертелі-кеш бір табылар деген үміттеміз. Қожа Ахмет Йасауидің бұл еңбегі діннің адамзат болмысындағы орнын ашып көрсетіп берді. Ислам тек түркі халықтары үшін емес, бүкіл ислам дініндеге халықтарға рухани тоқыраудан, азғындықтан құтылудың жолын көрсетіп берді.

Сүлеймен Бақырғани және оның шығармаларының түркі-ислам тарихындағы маңызы

Қожа Ахмет Йасауи шәкірттері ішіндегі оның шығармашылық дәстүрін жалғастырып, артын қомақты рухани мұра қалдырған шәкірттерінің бірі - Сүлеймен Бақырғани. Сүлеймен Бақырғани да ұстазына еліктей отырып, хикметтер жазды. Адамзат тарихына, дін тарихына қатысты шығармаларды дүниеге келтірді. Оның «Ақырзаман», «Мәриам» сынды күрделі шығармалары дін мен жалпы діни таным мәселесіне қатысты күрделі мәселелерді көтерді. Ал, хикметтерінде ұстазының дәстүрін жалғастырып, діни таным, иман мәселесіне қатысты көптеген шығармларды дүниеге келтірді. Солардың бірі, Жаратушы құдіретке деген ғашықтық мәселесі. Оның қаламынан шыққан «Сенен өзге кімім бар? атты шығармасында бұл мәселе былайша жырланады:

Өзіңе аян, Хақ Тәңірім,

Сенен өзге кімім бар?

Бірсің, Барсың - сақта құлың,

Сенен өзге кімім бар?

Бір өзіңсің - табынарым,

Мақсат осы -шыным дәл.

Нұр себелер жаныма кім,

Сенен өзге кімім бар?

Қай кезде де көзімдесің,

«Сен» - дегенде тілім бал,

Сөзімдесің, өзімдесің,

Сенен өзге кімім бар?

Ол дам баласының азғындауы Алладан жырақтау, Иманның әлсіреуі деп түсінеді. Одан арылудың жолы тағат, ғибадат етіп, Алланың мейрімін табу, жақсылықтар жасау деп түсінеді. Сонымен бірге, ол сырты мұсылман шіші арам сопыларды өлердей сынайды. Иман шын болмайынша ғибадат қабыл болмасын тағы да еске салады. Оның «Сопы-нақыш» хақында атты шығармасы осы тақырыпқа арналған. Ол шығармасында жалған сопылар туралы былай дейді:

Ғұмыр - тәмам.

Жасамадың құлшылық.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ФИЛОСОФИЯ ПӘНІ БОЙЫНША СЕМИНАР САБАҚТАРЫНА ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ
Хадис пәнінің оқу-әдістемелік нұсқаулары
Педагогика пәні бойынша СЕМИНАР САБАҒЫ
ДІНИ ФИЛОСОФИЯ пәнінің ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАРЫ
Халықаралық құқықтың қағидалары
Философия пәнінен оқу-әдістемелік кешені
Қазақстандағы заманауи білім беру жүйесі. Педагогика. Дәрістер
Биология сабақтарында қолданылатын әдістемелік құралдар және олардың маңызы туралы
Етістіктің жақ категориясы
Қазақстан халықтарының этнографиясы пәні бойынша практикалық (семинар) сабақ тарының оқу-әдістемелік нұсқауы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz