КЭЙМБЕРВЭЛДЕГІ ҚАЗАҚЫ ДАСТАРХАНДЫ ҚОНАҚЖАЙ ШАҢЫРАҚ
Қазақ рестораны Лондонды тамсандырса, Құралай Нұрқаділова сән үлгісімен
Жаңа Зеландияны тәнті етті
Сәнді киім шебері Құралай Нұрқаділова Алматыдағы баспасөз
мәслихатында.
25.05.2009
Кенжалы ЕСБЕРГЕН
Британ астанасындағы қазақ мейрамханасының ас мәзірі мен Алматыдағы
сәнді киім үлгілерінің көрмесі шетелдік басылымдардың назарын аударды.
КЭЙМБЕРВЭЛДЕГІ ҚАЗАҚЫ ДАСТАРХАНДЫ ҚОНАҚЖАЙ ШАҢЫРАҚ
Таймаут Лондон журналы өзінің соңғы санында оңтүстік Лондондағы
Кэймбервэлл махалласында қоныс тепкен қазақ және қырғыз мейрамханасы туралы
мақала жариялапты. Журнал мейрамхананы шартты түрде КК деп атаған (қазақ
және қырғыз мейрамханасы дегенді ықшамдағаны).
Мақала авторы, Таймаут Лондон журналының тілшісі Гай Даймондтың
айтуынша, мейрамхана қоналқы бағасы арзанырақ Пэша Отель қонақ үйінің
ішінде орналасыпты. Біреу-міреу қарапайым Лондон тұрғынына: Бұл жерде
кеңінен көңіл сергітіп, күштілеп демалып, құмарың қанғанша тойып
тамақтануға болады, десе, осы арзанқол қонақ үй ішінде орналасуы себепті,
әуелгіде лондондықтың бұған сене қоюы екіталай, дейді автор.
Қабылдау үстелінің маңында тұрған қызметкер қыздардың жанынан өтіп, сәл
әрірек мейрамхана ішіне енсең болды, деп жазады Даймонд, сыртынан қарағанда
қарапайым көрінетін бұл орын, Көгілдір барқыт типтес мейрамханалардың
қазақы үлгісіне айналып сала береді.
Дереу түстену қажет болса, алдыңнан бар кездеседі, дәл қасында түрік
моншасы бар, ал дәлізде – иісі адамды сергітіп жіберетін ауа
хошиістендіргішінің жұпары аңқиды; аванзалға (яғни қонақ қабылдау
бөлмесіне) арзанқол суреттер ілінген, онда Орталық Азияның табиғатының әсем
көріністері бейнеленіпті. Мұнан да ары өткен қонақ, мейрамхана ішіндегі
хауыздың үстінен салынған өткелден өтіп барып, ауқат ішер орталық залға
табан тірейді.
Жұма күні түнде мейрамханада қонақ болғандардан батысеуропалықтары тек
біз ғана едік, деп жазады Гай Даймонд. Кең зал бірте-бірте түркітілді
мырзаларға тола бастады. Қазақша, орысша және өзге де тілдерде әңгімелерін
бір-біріне айтып жатқан олардың арасында әртүрлі жас мөлшеріндегі
орталықазиаттар, моңғолдар, дүңгендер, славян тектестер, т.т. отырғаны
байқалатын.
Таймаут Лондон тілшісі мейрамханада ауқаттың нешеме түрлері бар
екенін айта келіп, олардың бағасының (Лондон нарқы тұрғысынан алғанда)
арзан екендігін тілге тиек етеді. Қазақстан да, Қырғызстан да бұрынғы Ұлы
жібек жолының бойында қоныстанған, осы себептен бұл аймақтағы аспаздық
өнеріне Түркиядан Қытайға дейін созылған алып аумақты жайлаған көптеген
елдің ауқат жасау өнерінің ықпалы әсер еткені сезіледі.
Мейрамхана мәзірінен қонақ Орталық Азияның көптеген тағамдарының атын
кездестіре алады, деп атап көрсетеді автор. Бұлардың қатарына палау (бұл
пилау (pilau) не пилаф (pilaf) тәрізді күріштен жасалар тағам),
кәуаптар мен үнді немесе түрік стилінде жасалған жалпақ күлше, әрі буға
пісірілген мәнті енеді.
Аспаз бидай ұнынан қолымен созып даярлайтын толы тостаған кеспені лағыман
деп атайды екен, оның үстіне қуырылған ыстық қоңды қой еті мен көкөністер
салынады. Бұл Шыңжаң ұйғырларының сүйіп ішер тамағы болып саналады.
Мәнті болса, бұл дәмі тіліңді үйіретін бір таңғажайып тамақ. Топ-
томпақ, буланып тұрған әрі ішіне тарттырылған ет тығыз етіп салынған олар
пирогиге (pierogi) де немесе жапонның джиозасына (gyoza) да ұқсамайды.
Мұның не екенін түсіне алу үшін, оны жеп көру керек! Ал бұлардың гань-
фань (gan fan) дейтіндері ол кәдімгі күріштен істелген ас, тек қонаққа
оның үстіне әсемдеп, көз тартатындай ғып ет пен шөп-шаламды салып береді.
КК мейрамханасын, бәлкім, Орталық Азия тұрғындарының ас мәзірі
бойынша жасалған ауқатты ең тамаша етіп даярлар орын деп айтуға келмес,
дегенмен мұнда ішілген тамақ дәмі көпке дейін таңдайыңнан кетпесі анық,
дейді Гай Даймонд.
Тамаққа тойып алған қонақ еріксе, орыс не қазақ өнерпаздарының өнерін
тамашалауына болады, әсем бикештер қонақ үшін арнайы құрсақ биін де билеп
беруге әзір. Ал қонақ көңіл көтеріп, қымбат шарап ішем десе – ол мұнда бар
болғаны 15 жарым фунт стерлингтей ғана тұрады.
Бұдан соң қалтаңдағы қалған тиын-тебен, енді бусанған түрік моншасына
түсіп, онда терлеп-тепшіп, жартылай ұйқылы күйде, рахатқа кенеле демалуыңа
әбден жетуі тиіс, деп сөзін аяқтайды Лондондағы қазақы мейрамхана жайлы
сөзін Таймаут тілшісі.
АЛАТАУ ЕТЕГІНДЕГІ СӘНҚОЙЛАР МЕРЕКЕСІ
Ал Жаңа Зеландияда жарық көретін Три ньюс басылымының тілшісі Алматы
кутюрьелерінің шеберлігіне қалай тәнті ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz