Оқушыларды имандылыққа қазақ салт-дәстүрлері арқылы тәрбиелеудің теориялық негіздері



Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 39 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

1.Оқушыларды имандылыққа қазақ салт-дәстүрлері арқылы тәрбиелеудің
теориялық негіздері
1.1.Оқушыларға имандылық тәрбиесін беру педагогикалық проблема
1.2.Қазақ салт-дәстүрлерінің оқушыларға имандылық тәрбиесін берудегі
мүмкіндіктері

2.Қазақ салт-дәстүрлері арқылы оқушыларды имандылыққа тәрбиелеудің
мазмұны, формасы және әдіс-тәсілдері
2.1.Қазақ салт-дәстүрлерінің материалдарын қолдану арқылы оқушыларға
имандылық тәрбие берудің
мазмұны ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
2.2.Тәрбие сабақтарында қазақ салт-дәстүрлерінің материалдарын қолдану
арқылы оқушыларға имандылық тәрбиесін берудің формасы мен
әдістері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..

Пайдаланылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .

Кіріспе

Зерттеудің көкейкестілігі: Адам бойындағы бар игі қасиет мектеп
қабырғасында қаланады. Сондықтан еліміздің ертеңгі ұлт тізгінін ұстар
жастарымыздың тәрбиесіне аса мән беру біздің негізгі мақсатымыз.Осыған орай
мектептегі тәрбие үрдісін ұлттық қағидалармен толықтыру өте қажеттілікті
талап етеді. Бүгінгі таңдағы мектептер балаларға жекеленген ғылыми пәндерді
терең оқытуға тырысса да, адамгершілік құндылықтар арқылы тәрбиелеуге мән
бермей келеді. Соның салдарынан жастарымыз жағымсыз қылықтарға бой алдырып,
имандылық дегеннің не екенін білмей өсуіне әкеліп соғуда. Ендеше рухани-
адами салауаттылық жолын қалыптастыру уақыты жеткен тәрізді.
Еліміздің президенті Н.Назарбаев: “21 ғасырда білімін дамыта алмаған
елдің тығырыққа тірелері анық. Қазақстан жоғары оқу орнының міндеті әлемдік
стандарттар деңгейінде білім беру” – деген өзінің жолдауында еліміздің
дамыуна, дамыған елдермен теңесуіне мүмкіндік беретін білім екендігін айтып
өтеді.
Жас ұрпақты адамгершілікке, әдептілікке, имандылыққа тәрбиелеуде ұлттық
сана-сезімнің қайнар бұлағы салт-дәстүрлер, мақал-мәтелдер, құнды әдеби
мұралар, нақыл сөздер болып табылады.
Адамның жарық дүниеге келуі, өсуі, ержетуі, тіршілік етуі, қартаюы, ата
мен баланың қарым-қатынасы, үлкендік пен кішілік, сыйласты, әдептілік пен
арлылық, инабаттылық тәрізді маңызды мәселелер имандылықтың маңызды
құрамдас бөлігі ретінде ешқашан да нзардан тыс қалмаған. Жастардың
үлкендерге құрмет көрсетуі, үлкендердің кішілерге ізет білдіруі өмір сүру
салтына айналған. Қоғамда берік қалыптасқан осындай көрегенділікпен өмір
кешу дағдылары жинала келіп, барша адамгершілік қағидалардың, имандылықтың
жазылмаған кодекстерінің қалыптасуына негіз болған. Бойына адамгершілік
асыл қасиеттерді жинап өскен жасты „көргенді” деп, жүрегінен нұр, өңінен
жылу кетпейтін әрдайым жақсылық жолын ойлатын, әр істе әділдік көрсететін
адамдарды „иманды” деп атаған. Мұсылмандық дүниетаным бойынша имандылық
иманнан пайда болған. Ал иман – жүректегі нұр, нұрдың сыртқы болмысы, яғни,
имандылық – Алла тағалаға иман еткен адамға бітетін көркем мінез. Алла
жіберген әрбір пайғамбарының міндеті – иман мен имандылыққа уағыздау деп
саналған. Ең соңғы пайғамбар Мұхаммед (ғ.с.): „Мен ең ғажайып көркем
мінезді толықтыру үшін жіберілдім”, - деу арқылы әлемдегі тәлім-тәрбие мен
имандылықтың қаншалықты маңызды екенін көрсеткен, имандылыққа өзі бірінші
үлгі болған делінеді. Алла тағала адамды иман мен имандылық үшін жаратқан,
сондықтан: „Алланың мінезінен үлгі-өнеге алыңдар”, - деп уағыздалады.
Имандылықтың негізінен мұсылмандар Құранда деп біледі. Құран Кәрімнің ең
көп үлгі алған Мұхаммед пайғамбардың (ғ.с.) мінезі жайлы Хазіреті Айша:
„Оның мінезі – Құран”, - деп жауап берген. Құранда: „Негізінен иман етіп
ізгі іс жасағандар, намазды толық орындап, зекет бергендерге Раббыларының
жанында сыйлық бар”, - делінген. Қазіргі зайырлы қоғамда да имандылық аса
қастерлі, биік адамшылық қасиет ретінде ұғынылады имандылыққа қарама-қарсы
жағымсыз сипат – имансыздық.
Академик Волков Г.Н.. ...батыстан келген бұл рухани апаттан жастарды
аман алып қалудың жолын қарастыруымыз керек. Ол әр халықтың ғасырлар бойы
ұрпақ тәрбиесінде қалыптасқан, түрлі сыннан сүрінбей өткен халықтың бай
тәжірибесіне сүйенген халықтық педагогика болмақ - деп жазады. [4.20].
Қазақ халқында ешқандай қағазға жазылмаса да, бала тәрбиелеудің белгілі
бір жүйесі болған. Ол ғасырдан-ғасырға, ата-анадан балаға, баладан оның
ұрпақтарына жалғасып келе жатқан ұлттық дәстүр, әдет-ғұрыптар мен салт-
саналар. Олар халық педагогикасының басты тарауларының бірі.
Халық тәрбиесі – сол халықтың ой-арманымен, тіршілік тынысымен,
шаруашылық кәсібімен, отбасылық, қоғамдық, ұлттық тәлім-тәрбие дәстүрімен
тығыз байланыста туып, өсіп-өркендеп, дамып жеткен тарихи және мәдени
мұрасы.
Өскін ұрпаққа тәлім-тәрбие беріп, олардың жан дүниесін дамыту жайында
ұлы орыс педагогы К.Д. Ушинский “әрбір халық пен ұлт өз ана тілі мен салт-
дәстүрін қастерлеп, тарихи даму жағдайына орай білім алып, тәрбиелеу керек”
деген өзінің ұлағатты ойын “Родная речь” атты еңбегінде ерекше атап айтады
[29.26]. Халқымыздың ұлы перзенті Ы.Алтынсарин өзінің еңбектерін ана
тілінде жазып, “бала тәрбиесі оның табиғи ортасы мен халқының салт-дәстүрі
рухында тәрбиеленетін болса, оның сана сезімінің
дамып жетілуі де ұлты мен халқына
қызмет ететін көкірегі ояу,

салауатты азаматтар болып өседі” – деген ой түйген болатын.
Ал, Шәкәрім Құдайбердиев: Адамның жақсы өмір сүруіне үш сапа негіз
бола алады, олар барлығынан басым болатын адал еңбек, мінсіз ақыл, таза
жүрек. Бұл сапалар адамды дүниеге келген күнінен бастап тәрбиелейді, -деп
жазады.
Шынында да, құнды қасиеттерге ие рухани адамды қалыптастыру бүгінгі
күннің өзекті мәселесі.
Адамның Адам болып қалыптасуында ата-аналармен қатар тәрбиеші мен
мұғалімнің ролі зор. Яғни, білім жүйесінің қызметкерлеріне болашақ ұрпақты
тәрбиелеуде үлкен жауапкершілік жүктелген. Сондықтан бұл істе асығыс шешім,
жалған әдіс, қалыптағыдай қатып қалғн, ескірген тәсіл қолданылмауы тиіс.
Қазақ халқының этностық ерекшеліктерін байыптасақ, бұл халық ұрпақ
сабақтастығын сақтап, алысты жақындатып, аразды татуластырған, ізетті
келіннен таныған, татулықты абысыннан тапқан, дарқандықты даласынан,
даналықты бабасынан, пәктікті баласынан алған халық. Қазақ адамгершіліктің
басы әділдікті ту етіп, әділдіктің басы болған адалдықты анасынан алған.
Аналар ұрпақты ұлағаттыққа баулып, дауға-дәру, жауға-қару, араздыққа-араша,
татулыққа-тамыр, тазалыққа-нәр, пәктікке-пәрмен, дәстүрге-дәрмен, өнерге-
тұлпар, көкте-сұңқар етіп тәрбиелеген.
Адам бойындағы бар игі қасиет мектеп қабырғасында қаланады. Сондықтан
еліміздің ертеңгі ұлт тізгінін ұстар жастарымыздың тәрбиесіне аса мән беру
– біздің негізгі мақсатымыз. Осыған орай мектептегі тәрбие үрдісін ұлттық
қағидалармен толықтыру өте қажеттілікті талап етеді. Бүгінгі таңдағы
мектептер балаларға жекеленген ғылыми пәндерді терең оқытуға тырысса да,
адамгершілік құндылықтар арқылы тәрбиелеуге мән бермей келеді. Соның
салдарынан жастарымыз жағымсыз қылықтарға бой алдырып, имандылық дегеннің
не екенін білмей өсуіне әкеліп соғуда. Ендеше рухани-адами салауаттылық
жолын қалыптастыру уақыты жеткен тәрізді.
Бүгінгі күні тіліміздің аясы кеңіп, мемлекеттік мәртебе алып отырған
шақта қазақ мектептерінің саны да артып келеді. Алайда ең керегі оқу
орнының сан емес – сапасы екенін естен шығармау керек.
Курстық жұмыстың мақсаты:
Имандылықтың құраушы сапалық қасиеттерін анықтау және оларды қазақтың
салт-дәстүрі арқылы жастардың тәрбиесіне ықпалын жетілдіруге ұсыныс беру.
1. Педагогикалық, психологиялық, философиялық, арнайы немесе әдістемелік
әдебиеттерді зерделеу.
2. Қазақ салт-дәстүрлерінің тәрбиелік мәнін ашу.
3. Оқу процесінде қазақ салт-дәстүрлерінің пайдалану барысын айқындау.
4. Қазақ этнопедагогикасы мазмұнының имандылық тәрбие берудегі
мүмкіндіктерін ашу.
5. Қазақ этнопедагогикасы негізіндегі имандылық тәрбиенің жолдары мен
құралдары, нысандары мен әдістерін айқындау.
Зерттеу объектісі: Педагогикалық жүйедегі тәрбие процесі
Зерттеу пәні: Оқушыларда имандылық қасиеттерді қазақ салт-дәстүрлері
арқылы арқылы қалыптастыру барысы.
Зерттеудің әдіснамалық және теориялық негіздері:
Жалпы адамзаттық және ұлттық құндылықтардың тарихи сабақтастығы, тарихи-
педагогикалық құбылыстарды және мәдени мұраны зерттеудегі жүйелік теориясы,
жеке тұлғаның дүниетанымын қалыптастыруда адам, қоғам, табиғат туралы ой-
пікірлердің заңдылықтары, қазақтың ұлттық (этностық), дүниетанымы, рухани-
адамгершілік, мәдени және жалпы адамзаттық мұралар негізіндегі
демократиялық-гуманистік қарым-қатынастарды айқындайтын құжаттар.
Зерттеудің көздері: Ғалымдардың зерттеу проблемасына сай еңбектері; ҚР
ресми материалдары (заңдар, Конститутция, қаулылар), ҚР Білім
министрлігінің мектептердің оқу-тәрбие жөніндегі құжаттары(конститутция,
стандарт, реформалар, бағдарламалар); этнопедагогикалық еңбектер.
Зерттеудің әдістері:
1. Педагогикалық әдістер мен оқулықтарды талдау.
2. Педагогикалық белгілеу экспериментін жүргізу.
3. Бақылау, талдау, әңгіме, анкета.
4. Мұғалімдердің құжаттарымен танысу болып табылады.
Зерттеу жұмысының құрылымы: Курстық жұмыс кіріспеден, екі тараудан,
қорытыныдыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімі мен қосымшалардан тұрады.

1. Қазақ салт-дәстүрлері арқылы оқушыларды имандылыққа тәрбиелеудің
теориялық негіздері.
1.1. Оқушыларға имандылық тәрбиесін беру педагогикалық проблема

Қоғамда болып жатқан саяси-әлеуметтік және экономикалық өзгерістер
мектеп мұғалімдерінің білім беру қызметінде жаңаша қарауды, яғни, имандылық
тәрбиенің ғылыми-педагогикалық негіздерін қызмет барысында қолдануды талап
етеді. Имандылық тәрбиесін бала жүрегінде дарытатын оның пәрменділігін
арттыратын ұстаз қауымы. Жастайынан адамгершілік, имандылық қасиеттерді
бойына сіңіріп, жүрегіне дарытқан баланы жамандыққа әуес болады деп
ойлаудың өзі қиын.
Ел Президенті Н.Ә.Назарбаев өзінің халыққа жолдаған 2030
бағдарламасында да жас ұрпақты ұлттық педагогика негізінде имандылыққа
тәрбиелеуге баса назар аударған. Сонымен қатар елбасымыз өзінің Тарих
толқынында атты кітабында: Біз бұқара санасындағы діншілдіктің артуына
әзір болуымыз керек, онда тұрған қатерлі ештеңе жоқ. Жалпы, дін өздігінен
өнегелі ақиқаттан бөтен ештеңе үйретпейді. Жалғыз-ақ, бізге қауіп
төндіретін діни біліміміздің деңгейі онша жоғары болмай отырғаны - деп
жазады.[10.46.]
Әрине, осы жүктелген міндеттерді болашақта іске асырушылар қазіргі
жастарымыз. Олай болса, сол жастардың білім деңгейі, ата-анадан алған тәлім-
тәрбиесі қандай дәрежеде деген сұрақ туындайды. Бұл сұраққа қанағаттанарлық
жауап айту әзірге қиындау. Оған дәлел бүгінгі қоғамымыздағы күннен-күнге
көбейіп отырған сан алуан қылмыстар.Қоғам өміріндегі қазіргі терең
өзгерістер ұлттық тәрбие адамгершілік, имандылық қасиеттерін бүкіл адамзат
жинақтаған тәжірибемен ұштастыра отырып дамыту, қазақ мектебінің жаңа
белеске көтерілуіне жағдай туғызады. Имандылық тәрбиенің көптеген қырлары,
рухани байлықтары бүгінгі мектептердің білім мен тәлім-тәрбие мазмұнынан
берік орын алуы тиіс.
Әрбір халықтың өз ерекшелігі бар. Сондай ерекшеліктердің бірі – салт-
дәстүрі. Салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын ұмытқан халық тарихтан өз орынын таба
алмайды.
Ендеше сол тарихқа көз жіберсек, біздің қазақ халқы екі ғасырдан астам
уақыт отаршылдық саясаттың астында болыпты. Жүздеген жылдар отарлық езгіні
көп ұлттар басынан кешкенімен, тап біз сияқты тіл мен әдет-ғұрпына,
мәдениетіне орны толмас зиян келтірген ел жоқ шығар.
Халқымыз ежелден өз ұрпағын адамгершілікке, инабаттылыққа, ізгілікке,
имандылыққа тәрбиелеуді ең басты мақсаты санаған. Сондықтан ата-бабамыз
көшіп-қонып жүріп-ақ ұрпақ қамын жеп, оның болашағына жеткілікті мән
берген. Сонау “Жеті жарғыдан” бастап ата-салт, әдет-ғұрпымыз бұған дейінгі
талай ұрпақ үшін теңдесі жоқ, тәрбиелік маңызы зор адамгершілік кодексіміз
болды. Оған айғақ шетел оқымыстылары, ойшылдары біздің салт-дәстүрімізге
ерекше назар аударып, зерттеп тамсана жазғаны.
Әдет-ғұрып пен дәстүрді идеалды форма ретінде түсіндіру Маркстік
философияға дейін үстемдік еткен көзқарас болды.
Капитализмнің дамуына байланысты археология, антропология, этнография,
географиялық жорықтар мен жаңа ашылулар аймақтарында қарқынды зерттеулер
жүргізіліп, дәстүр мен әдет-ғұрып этнографияның, этиканың, лингвистиканың,
өнертану, әдебиеттанушы ғылымдарының зерттеу нысанына айналды.
А.Ампер өзінің “Философиялық ғылымдар тәжірибесі” еңбегінде адамзат
білімін табиғи классификациялауды бере отырып, ұлттың заңы мен әдет-ғұрпын
қарастыратын ғылымды этнодицей деп ұсынады.
Этнопедагогикалық білімдер ұғымының ғылымда дамуы.
Реті Ғалымның аты-жөніЕңбегі, жылы Этнопедагогикаға жақын
ұғымдар
1 Виноградов С. Нраодная педагогика.
Иркутск. 1929г.
2 Жарықбаев Қ.Б. Қазақ тәлім-тәрбиесі. Халықтық тәлім-тәрбиені,
Қалие С. -Алматы 1995ж. оның тәжірибесін
қорытындылап, жүйелейтін
теорриялық сипаттағы ғылым
саласы.
3 Ұзақбаева С. Тамыры терең тәрбие. Тәрбие мен оқыту саласындағы
-Алматы, 1995ж. халық бұқарасы білімдерінің,
іскерліктерінің,
дағдыларының жиынтығы.
4 Қалиев С. Қазақ этнопедагогика- ... фольклорлық шығармалар
сының теориялық мен ұлттық салт-дәстүрлердің
негіздері мен тарихы. тәлім-тәрбиелік мән-мағынасы
мен оны оқу-тәрбие жүйесінде
қолданудың әдіс-тәсілдерін
зерттейтін педагогика
ғылымының бір
саласы.
5 Ғаббасов С. Халық педагогикасының ...адамның жан дүниесін
негіздері. –Алматы, тәрбиелейтін
1995ж. ілім...Этнопедагогика соның
құрамындағы бір ғана
саласы ... .
6 Табылдиев Ә. Қазақ этнопедагогикасы.Жалпы педагогиканың бастау
Оқу құралы -Алматы, негізі, қозғаушы, түрткі
1995ж. түбі.
7 Қалеев Қ. Болашақ мұғалімдерді
оқушыларға ұлттық тәрбие
беруге дайындаудың
теориясы мен практикасы.
Алматы: Ғылым, 2001ж.
8 Қожахметова Л.Ж. Казахская
этнопедагогика:
методология теория,
практика. Алматы. 1998г.

1 схема
1945 жылы Қазақстанда Ш.Уәлиханов атындағы Тарих, археология,
этнографиялық институттың ашылуына байланысты қазақ ұлтының тарихын,
мәдениетін, тынысын зерттеу дұрыс жолға қойыла бастады. Ол кездегі ғалымдар
Х.Арғынбаев, И.Захаров, М.Мұқанов, Ө.Жәнібеков, С.Ақатаев т.б. қазақ ұлты
туралы этнографиялық білімді кеңейтуге атсалысты. Ал бүгінгі таңда қазақ
мәдениетінің этнографиялық, философиялық, мәдени аспектілері бойынша
Н.Масанов, Н.Шаханов, Қ.Жарықбаев, С.Қалиев, Ә.Табылдиев және т.б.
ғалымдардың еңбектерін атап көрсетуге болады. Бұл жинақталған білім
көздері, зерттеулер, саралаулар ұлт ұрпағын тәрбиелеуде қолдануды қажет
етеді.
Біздің қарастырып отырған тақырыбымыз салт-дәстүр, имандылық ұғымдары
болғандықтан, соның әрқайсысына жеке-жеке тоқталып, мағынасын ашайық.
Салт ұғымына Қазақ Совет энциклопедиясында “Салт – халықтар кәсібіне,
сеніміне, тіршілігіне байланысты қалыптасып ұрпақтан-ұрпаққа ауысып
отыратын әдет-ғұрып, дәстүр. Уақыт озған сайын оған жаңалық еніп, өзгеріп
қоғамдық болмыс принципіне бейімделіп отырады. Ал жаңа қоғамдық
қатынастарға қайшы келетіндері жойылып, өмірге қажеттілері жаңа жағдайға
ілгері дамиды” деп анықтама берілген.
Ал, дәстүр ұғымына келетін болсақ, бұл көп мағыналы ұғым. Оған әр
түрлі сөздіктердегі анықтамалар дәлел. Сондай-ақ, ол – педагогикалық,
психологиялық, философиялық, этнографиялық зерттеулердің де өзегі.
Қазақ Совет Энциклопедиясында “Дәстүр – ұрпақтан-ұрпаққа көшетін,
тарихи қалыптасқан әлеуметтік нормалар мен принциптер. Дәстүр – қоғамдық
ұйымдар мен халықтың мінез-құлқы мен іс-әрекеттерінің негізі” делінсе,
философиялық сөздікте “Дәстүр – тарих барысыныда қалыптасып, ұрпақтан-
ұрпаққа жалғасып отыратын әдет-ғұрыптар, салт-сана, қоғамдық тәртіп, заң
мұрат пен игілік, мінез-құлық қалыптары және т.б. қоғамда, ұлтта немесе
жекелеген әлеуметтік топтарда ұзақ уақыт бойы сақталатын әлеуметтік –
мәдени мұра элементтері” делінген.
Кейбір зерттеушілер дәстүрге әр түрлі әрекет формасы арқылы анықтама
беруге тырысады. Е.Попов “дәстүрді сананың спецификалық жағдайы” деп
қарастырса, И.Петров “тарихи дамудың нәтижесінде пайда болған мінез-құлық
нормасын, ой мен әрекет бейнесін белгілеген үлкен қоғамдық құндылық және ол
өскелең ұрпаққа тапсырылуы қажет” дейді (30.43).
Дәстүр – адамзат есіндегілерді және әлеуметтік тарихи тәжірибені
ұрпақтан-ұрпаққа жеткізуші және жинақтаушы. Дәстүрде бірнеше ұрпақтың
мәдениеті мен мәдениеттілігінің көптүрлігі және бірлігі жинақталған. Дәстүр
қоғамдық өмірдің барлық саласын, тәжірибесін қамти отырып қоғамның әр
деңгейіндегі ақылды даналықты бейнелейді.
Дәстүр әр қырынан әр түрлі аспектіде қарастырылатындықтан және әр түрлі
ғылымның зерделеу нысаны болғандықтан дәстүр классификациясы да әр алуан.
Мәселен, Д.Зеленин дәстүрді аймақтық (территориялық), ұлттық, отбасылық деп
жүйелесе, Е.Белоусова дәстүрді жалпы әлеуметтік – саяси, діни экономикалық,
халықтық – ұлттық, отбасылық, ұжымдық, мемлекеттік – патриотизмдік,
еңбектік, ерліктік деп жүйелейді.
Сонымен, дәстүр ұғым ретінде мәдениеттің маңызды категориясының бірі
және ол дәстүр оқу-тәрбие үрдісінің құралы да.
Салт пен дәстүрдің айырмашылығы неде дегенге келсек, салт адам өмірінің
күнделікті тіршілігінде жиі қолданылатын мінез-құлық, қарым-қатынас
ережелері мен жол-жора, рәсім, заңдарының жиынтығы.
Ал дәстүрдердің өрісі салттан әлдеқайда кеңірек. Дәстүр қоғамдық
сананың барлық салаларымен байланыста дамыған, топтасқан қауымның
қалыптасқан біріңғай көзқарасын, әдет-заңын марапаттайтын ритуал. Дәстүр
идеологияға жақындау да, ал салт қоғамдық психологияға жақын.
Салт-дәстүрлер ұлттың ұлт болып қалыптасуымен бірге туып, бірге
дамып келе жатқан тарихи және көне процесс. Ол ұрпақ тәрибесінен, мәдени
тұрмысы мен шаруашылық тіршілігінен көрініс бере отырып, адамның дүниеге
келуімен бірге өрбіп, о дүниеге аттанып кеткенше құндақтайтын, тербететін
алтын бесігі іспеттес.
Енді, осы дәстүрлердің бөліктерін қарастырайық, оған жататындар:
А) дәстүрлердің мазмұндарында қоғамдық-экономикалық қарым-қатынастардың
белгілері болатындығында;
Ә) дәстүрлердің белгілі бір дәуірдің қоғамдық-экономикалық қарым-
қатынасын бейнелейтін идеялардан тұратындығы;
Б) арнайы адамдар тобына ғана тән даралық қасиеттерді (темперамент,
мінез-құлық т.б.) көрсететін дәстүрлердің айырмашылықтары.
Аталған дәстүрлердің элементтерінің мазмұны – салт пен ғұрыптар арқылы
беріледі. Яғни салттар мен ғұрыптар дәстүрлердің нақты іс-әрекеті ретінде
қабылданып, дәстүрлердің (структуралық) түрлерін анықтауға қол жеткізеді.
Дәстүрлердің құрылымдарына тоқталсақ, оларға:
1. Дәстүрлер бірлігін анықтайтын мазмұн;
2. Салттар мен ғұрыптар дәстүрлер элементтерінің түрлерін
жалғастыратындығы;
3. Ішкі сенімнен тұратын мотивке негізделген салт пен ғұрыптардың
қимыл, іс-әрекеті арқылы дәстүрлерден көрініс табуы.
Дәстүрлердің атқаратын жалпы және жеке қызметтерін талдай келе, жеке
қызметінен жалпы қызметтің ерекшелігі – дәстүрлер мәнінің белгілі бір нақты
тарихи жағдайлармен анықталатындығында. Дәстүрлердің жалпы қызметін атап
айтсақ:
А) өзгермелі және үнемі даму үстінде болатын қарым-қатынаста
тұрақтылықты қамтамасыз ететіндігі;
Ә) адамдар қарым-қатынасын ретке келтіру қызметі;
Б) адамдардың біріккен іс-әрекетін ұйымдастыру қызметі;
В) әлеуметтік тәжірибені сақтау және келесі ұрпаққа жеткізетін қызметі;
Г) адамдарды әлеуметтендіру қызметі;
Д) тәрбиелік қызметі.
Дәстүрлердің қызметін талдай келе олардың қоғам дамуындағы рухани және
материалдық өміріндегі алатын орны, адамның дүниетанымына тигізетін ықпалы
болатындығына көз жеткіземіз.
Бұдан шығатын пікір ұлттық салт-дәстүрлер белгілі бір халықтың
адамгершілік қасиеттерін, мінез-құлықтарын, рухани және материалдық
болмысын қалыптастыра алады.
Иман ұғымына келер болсақ, Ислам энциклопедиясында: „Иман – сенім,
мұсылман дінінің құрамдас бөлігі. Иман ұғымы – исламдағы ең қасиетті
нанымдардың бірі.” – деп анықтама береді.[18.64].
Қазақстан ұлттық энциклопедиясында: „Имандылық” – адамның қоғамдағы,
күнделікті өмірдегі іс-әрекеттерін белгілі-бір қалыпқа түсіретін ішкі
рухани реттеуіш қадір-қасиет, адам бойындағы адамгершілік, ізгілік, кісілік
белгісі. Дәстүрлі қазақ қоғамында адамның Имандылығына – мінез-құлық
жүйесіндегі ерекшеліктеріне көп көңіл бөлінген.[26.248].
„Иман” – арабша „сенім” деген мағынаны білдіреді.
„Иман” дегеніміз – иланған көңілмен ықтияр болушылық” делінген ислам
дінінде. Иман дегеніміз – сенім. Имансыз сөзі – сенімі жоқ дегенді
білдіріп, мұсылмандарда, соның ішінде біздің түбі бір, діні бір бауырлас
халықтарымызда ар-ұяттан ада, азғын мағынасын береді. Шынында да, ешнәрсеге
сенбейтін, яғни сиынбайтын, ешбір шарапаттылықты, ізгілікті мойындамайтын
адамнан асқан азғын, қауіпті нәрсе бола ма.
Ал осы имандылық қасиеттерді жастардың бойына біз қазақ халқының салт-
дәстүрлері негізінде сіңіруіміз керек.
Бүгінгі күнге дейін келіп жеткен қазақ салт-дәстүрлерінен өнегелік
қасиеттер, ғұрпы, әдет, жөн, жоралғы т.б. қазақ халқының асқан даналығы мен
ғажайып зердесі, ақыл-парасаты анық көрінеді.
Жас ұрпақ тәрбиесінде таптырмас тәрбие құралы болып саналатын қазақ
этнопедагогикасының ғылым ретінде қалыптасуын, осы мәселе төңірегінде алғаш
рет туындылар жазған демократ ағартушылар Ш.Уалиханов, Ы.Алтынсарин,
А.Құнанбаевтардың есімімен байланысты.
Бұл жөнінде Ш.Уәлиханұлы былай деп жазады: “Далалық орданың тұрғыны –
қазақ өзінің моральдық қасиеті, ақыл-ой қабілеті жөнінен отырықшы татар
немесе түркі шаруаларына қарағанда әлдеқайда жоғары тұр...” (17.46.)
Қазақтың салт-дәстүрлерінің құрылымы

Ғылыми-педагогикалық әдебиеттерді сараптау мынандай қорытынды жасауға
септігін тигізді:
1. Салт-дәстүр – көп қырлы қоғамдық құбылыс, ол әдетте жеке адам мен
халық адам мен адамзаттың рухани дамуын көрсететін әлеуметтік -
мәдени жетістік ретінде көрінеді. Салт-дәстүр өз дәуірінің айнасы.
Салт-дәстүрдің мәніне қарап, қоғамдық – экономикалық формацияның саяси,
тарихи және рухани өмірін анықтауға, бағалауға болады.
2. Салт-дәстүрлердің түрлері өте көп: бала тәрбиесіне байланысты салт-
дәстүрлер, тұрмыс салт-дәстүрлер, мәдени-әлеуметтік, жаңа салт-дәстүрлер
т.б. салт-дәстүр тіл мен сана секілді тек адамға ғана тән. Олардың
негізгілері көпшіліктің қатысуымен өткізіледі.
3.Салт-дәстүрлер жеке адамға қатысты немесе көпшілікке қатысты болып
келеді.
4. Салт-дәстүрлердің мынандай негізгі сипатына қарап ерекшеленеді.
1) олардың сонау көне заманнан күні бүгінге дейін эстафета түрінде
жалғасуы.
2) салт-дәстүрлердің өмірдің заңды ритмикалық құбылыстармен байланысты:
табиғат, уақыт, тарих көші, яғни салт-дәстүрлердің тұрақтылығы және
мазмұны мен түрінің өзгерісі.
3) Салт-дәстүрді өз игілігі деп түсінетін топтың қоғамдастықтың ұжымдық
сипаты.
4) Салт-дәстүрдің мәдени бағалылығын сақтап, қорғап, ұрпақтан-ұрпаққа
жеткізілуі.
Салт-дәстүр дегеніміз – ұжымдық символдық іс-қимыл, адамдардың көңіл
қошының көрінісі, оларды ұжымға тартудың бір түрі, белгілі идеялар мен ойын-
сауықтарды символдық түрде ұсыну.
Қорытындылай келе, қазақ салт-дәстүрлері бүгінгі күнде арнайы зерттеуді
қажет ететін мәселе екендігіне көз жеткіземіз. Ол үшін мынандай міндеттерді
шешу қажеттігі туып отыр.
1. Салт-дәстүрлердің тарихын зерттеу, олардың халық педагогикасындағы
алатын орнын анықтау.
2. Салт-дәстүрлердің тәрбиелік мән-мазмұнын зерттеу, ұлттық тәрбие
берудегі қазіргі мектептерде оқу-тәрбие процесіндегі пайдалану
жолдарын көрсету.
Ұлттың бүгіні де, болашағы да тәрбиелі ұрпаққа байланысты. Толық
жетіліп қалыптасқан ұлттың сана-қабілетінде, түсінік-талғамында, мінез-
құлқында, өзіне тән ерекшелік менталитеті болатынын ғылым дәлелдеген.
Бірақ, мұны басқаның бойына жуытпайтын оқшаулық деп түсінсек, қатты
қателесеміз.
Дұрысы, оны ұлтымыздың өзек-мәйегі, ұлттық ерекшелігіміздідің негізі
деп қарастырсақ жөн болмақ. Қоғамымыздың іргетасын нығайту үшін бүгінгі
жастарға үлгілі, өнегелі тәрбие беру – қазіргіміндеттердің бірі. Имандылық,
ізгілік, адамгершілік, елжандылық және де толып жатқан кісілік қасиеттер
мектеп қабырғасында қалыптасады. Бұлар арқылы оқушыны алға талпындыруға,
Отанды сүюге, ата-аналарға, үлкендерге дегенг кішіпейілділікті бойына
сіңіруге, салауатты өмір сүруге, залалды әдеттерден аулақ болуға
тәрбиелеуге тиіспіз.
Сонымен бірге “дәстүрдің озығы бар, дәурені жеткен тозығы бар”
дегендей, “жылтырағанның бәрі алтын емес”. Қазіргі заман талабына тура
келмейтін, мән-мағынасы өзгерген, ескірген салт-дәстүрлердің кейбіреулеріне
сын көзімен қарап, тәлімдік мәнін жоймаған салт-дәстүрлерді бүгінгі талғамы
мен пікірі жоғары жастардың кәдесіне жарату қажет.

1.2. Қазақ салт-дәстүрлерінің имандылық тәрбиесін берудегі
мүмкіндіктері
Қоғамның қазіргі даму кезеңінде болып жатқан әлеуметтік, саяси және
жаңа технологиялық өзгерістерден, ұрпақ тәрбиесіндегі бетбұрыстардан білім
мен тәрбие беру жүйелерінің ісін жаңа сатыға көтеру қажеттілігі туындап
отырғаны мәлім. Осыған орай, бүгінгі таңда қоғамның ұлттық мәдени тұрғыдан
кемелденуі жас ұрпақты өз халқының рухани қзынасымен, ұлттық тәрбиенің
озық, өнегелі дәстүрлерімен тереңірек таныстыру, соның негізінде жеке
тұлғаны қалыптастырып, оның шығармашылық, рухани мүмкіндіктерін дамыту
көзделеді. Өйткені, еліміздің болашағы оның материалдық және рухани дамуы
жас ұрпақтың білімі мен тәрбиесінің деңгейіне байланысты.
Әр жасөспірімнің қалыптасып дамуына өзі күнбе-күн өмірден сезінетін,
еститін, көретін заттары мен құбылыстары, оқиғалары үлкен орын алады. Соның
негізгісі – халықтық педагогика.
Қазіргі кезде республикамыздағы жалпы білім беретін мектептердегі оқу-
тәрбие жұмысының арқауы халықтық педагогика.
Халықтық педагогика – халықтың өте ертедегі ата-бабаларымыздың өмір
сүрген кезінен бастау алып, күні бүгінге дейін кәдесіне жарап келе жатқан
рухани мұрасының бірі. Халықтық педагогиканың бірнеше түрлері мен бағыттары
бар.
Ғылыми әдебиеттерге үңілсек, халықтық педагогикада өскелең ұрпақтың
еркіне, сезіміне, санасына әсер теудің толып жатқан мүмкіндіктері бар екен.
Мәселен, көрсету, сенім, сыйыну, игілік тілеу, жаттығу, үйрету, бата беру,
тілек айту, сәлем беру, тыйым салу, өсиет, сөгу, үгіттеу, мазақ қылу, сөз
беру, айыптау, кіналау т.б. Олардың көпшілігі классикалық педагогиканың
қазынасына енген. Ал кейбіреулері ескірген әрі әсерсіз саналады. Оларға
қарғыс, ұрып-соғу,ұрсу, қорқыту, үгіттеу т.б. жатады. Біздіңше, халықтық
педагогиканың әдіс-тәсілдерін сауатты пайдалану үрдісті жандандырудың бір
шарты бола алады. Төмендегі кестеде біз осы мүмкіндіктерді жүйелеп
көрсетуге тырыстық.

№ Қазақ халықтық
педагогикасының Мазмұндық қыры Тәрбиелік мәні
құралдары
1
Халықтың ауызша Фольклорлық жанрлардың Халық ауызша
шығармашылығы халықтың сан ғасырлық шығармашылығы бойында
әдептілік тәжірибесін, оның өз халқына барынша
эстетикалық ұғымдары мен берілгендік, Отанға
мұраттарын жинақтаған сүйіспеншілік, оны
күрделі жүйесі. Халықтың қорғауға әзірлік,
ауызша шығармашылығы қазақ еңбексүйгіштік, ақыл,
халқының тарихы өмірінің дене күші мен
түрлі оқиғаларын бейнелейді.сергектіктігі, жақсы
Халықтың ауызша көру және әдемілікті
шығармашылығына мақалдар менжасай білу ұштасқан
мәтелдер, айтыс, ертегілер, жетік адамның жиынтық
аңыздар, жырлар, дастандар, үлгісін ұсынады.
хикаялар, әндер, т.б.
жатады.
2 „Традиция” (дәстүр) латын Дәстүрлер мен
Дәстүрлер мен тілінен аударғанда „ауысып әдет-ғұрыптартөмірді
әдет-ғұрыптар беру”дегенді білдіреді. Бұл философиялық тұрғыдан
белгілі бір қоғамдық пайымдауға
қағидалар, мінез-құлық жәрдемдеседі, сананы
ережелері, құндылықтар, алдыңғы ұрпаққа
идеялар, әдет-ғұрыптар, құрметті
жол-жоралар т.б. Мәдени қалыптастырады, жалпы
мұраның бөлшегі ретінде оларадмзаттық,
ұзақ уақыт бойы рухани-адамгершілік
ұрпақтан-ұрпаққа беріледі. құндылықтарға жол
сілтейді. Олар
қоғамдағы
мінез-құлықтың
әдептілік ережелерін
меңгеруге көмектеседі.
3 Халықтық мейрамдарҰлттық мейрамдар мұсылман Жеке тұлғаның
мен серуендер дінінің ерекшеліктері болып адамгершілік тазаруы,
табылады. Оларға мыналар сезім-жүйке саласының
жатады: Ораза айт, Құрбан қалыптасуы.
айт, Наурыз, Ләйләт әл-қадр,Қайырымдылықтың,
Мирадж және басқалары. жомарттықтың,
Адамдар жан тыныштығын жанашырлықтың,
мазалағанның бәрінен арылып,түсіністіктің
барлық туған-туыстары мен қалыптасуы.
жақындарын еске алуы,
қызғаныш, ашу-ызаны
жүрегінен аластауы қажет.
4 Ұлттық ойындар Ұлттық ойындар көшпелілердіңОйындар арқылы адамның
дүниетаным ерекшеліктерін дене және ақыл-ой
бейнелеген. Ойындар қабілеттері
тәрбиелік, әскери-спорттық, қалыптасқан.
әдет-ғұрыптық, Ерік-жігер сапалары
сауықтық-эстетикалық және шыңдалған.
басқа қоғамдық қызмет
атқарған. Ұлттық ойындар
арасынан тоғызқұмалақты,
аламан бәйгені, сайысты,
аударыспақты, көкпар
тартуды, қазақша күресті,
т.б. атауға болады.
5 Қазақ халқының Қазақ халқының тұрмысы оның Жеке тұлғаның
тұрмысы: тұрған жан дүниесін, тарихын, сапалары:
үй, ыдыс-аяқ және әдет-ғұрыптары мен ашық-жарқындық,
үй жарақтары, дәстүрлерін айна-қатесіз қонақжайлық,
киім-кешек, бейнелейді. Қазақтар еңбексүйгіштік, т.б.
қазақтың ұлттық тұрмыстық заттарды,
тағамдары ыдыс-аяқты, керек-жарақты
негізінен теріден, ағаштан
және үй жанураларының
сүйегінен әзірлеген.

3 схема

Халықтық педагогикаға берілген анықтамалардан, оның факторлары мен
негізгі бағыттарын схема түрінде көрсетуге болады. Халықтық педагогиканың
негізгі бағыттары мен факторлары 4-схемада берілген.
Халықтық педагогиканы ауызға алғнада ең бірінші салт-дәстүрлер, әдет-
ғұрыптар еске түседі. Яғни, халықтық педагогиканың негізгі көзі-қазақ
халқының өзіндік салт-дәстүрлері.
Салт-дәстүрді тәрбие түрлеріне байланысты мынандай топтарға жіктеп
қарастыруға болады:
- отбасындағы салт-дәстүрлер;
- адамгершілік салт-дәстүрлері;
- еңбек салт-дәстүрлері;
- ойын-сауық салт-дәстүрлері;
- әсемдік салт-дәстүрлері;
- өнер салт-дәстүрлері;
- ақыл-ой тәрбиесіне байланысты салт-дәстүрлер;
- дене тәрбиесіне байланысты салт-дәстүрлер;
- ерлік тәрбиесіне байланысты салт-дәстүрлер.
Халықтық педагогикадағы тәрбиенің осы түрлеріне жеке-жеке тоқталайық.
Себебі, оның әрқайсысының өзіндік атқаратын рөлі бар.
Отбасындағы салт-дүстүрлер болсын, адамгершілік салт-дәстүрлері болсын,
еңбек салт-дәстүрлері болсын, өнер салт-дәстүрлері, дене тәрбиесіне
байланысты салт-дәстүрлер болсын барлығының да басты атқаратын қызметі жан-
жақты жетілген, өз ойын ашық айта алатын, дені сау, еліміздің болашағын
ойлайтын ойлы, іскер, еңбекқор, білімді азамат етіп тәрбиелеу.

Отбасындағы салт-дәстүрлерге келетін болсақ. Бірінші отбасы дегеніміз
не соған тоқталайық.
Отбасы дегеніміз – туысқандық байланыста болатын немерелер, ата-ана,
ата-әже, балалар. Отбасының екі тірегі - әлпештеген әке мен аялаған ана.
Отбасының қос шынары атасы және аналардың анасы - әже. Ата-береке,
мейірім, даналықтың қайнар көзі, ата салтын алға апарушыларға үлгі беретін
қадірлі қария. Сондықтан да отбасында әке мен ананы, ата менен әжені
сыйлауға, құрметтеуге көп көңіл бөлінеді.
Ата-ананы құрметтеу біздің халқымыздың қанында барлығын дінімізде,
салтымызда, ақынымызда, жырымызда қолдап бірін-бірі толықтырып дәлелдей
түседі деп тілге тиек ете аламыз.
Ендігі жерде отбасының жеміс берер гүлі, алтын тіреу діңгегі – бала.
Сондықтанда қазақ халқының көптеген салт-дәстүрлері баланың дүниеге
келуімен байланысты туған. Олар: сүйінші, балаға ат қою, бесікке бөлеу,
бесік тойы, тұсау кесу, атқа мінгізу тойы, сүндет тойы, құда түсу, ұрын
келу, ұзату, келін түсіру т.б.
Әрбір отбасы ұлы мен қызына жеті атасын білуге үйретіп, жұртын білуге
баулыған.
“Әке көрген оқ жанар,
Шеше көрген тон пішер ” – дегендей отбасында ұлын әкесі, қызын
шешесі тәрбиелеген.
Тәрбиенің негізгі қағидаларының бірі ретінде “Қазақстан Республикасының
тәлім-тәрбие тұжырымдамасында” әке-ананың отбасындағы ролін қарастырған.
Онда:
- Біріншіден, баланы кішкене кезінен анасының сүт ақысын өтеуге баулу,
бүкіл қоғамда әйелге, анаға ерекше ілтипат қалыптастыру.
- Екіншіден, бала тәрбиесіндегі әкенің жауапкершілігін, тәрбиешілік
мүмкіндіктерін арттыру. Отағасы шаңырақтың қорғаны, асыраушысы,
ақылшысы. Сондықтан қазақ әулетінің ер-азаматты бағалау, пір тұту
дәстүрін одан әрі жалғастыру – деп жанұядағы ата-ана тәрбиесінің
маңыздылығын айқындайды.
Адамгершілік салт-дәстүрлерінің мынандай ерекшеліктері бар.
Адамгершілік қоғамдық өмірдің тарихи - әлеуметтік заңдылықтарына сәйкес,
адамдар арасындағы қарым-қатынастар жүйесін реттеп отыруға негіз болатын,
халықтық игі іс-әрекеттер, мінез-құлықтағы имандылық пен инабаттылықты,
әдептілік қалыптарын көрсететін терең мәнді ұғым.
Халық келер ұрпағын өзіне дейінгі қоғамда қолы жеткен тәрбиелік жақсы
дәстүр атаулыны жинақтап пайдалана отырып, шынайы адамгершілік қасиеттерге
баулып тәрбиелеуді мақсат еткен.
Адамгершілікке тәрбиелеудің негізгі әдістеріне түсіндіруді жатқызуға
болады. Оның құралдары ретінде мақал-мәтелдер, әңгімелер мен ертегілер,
аңыздар, халық әндері сезім мен санаға ықпалды әсер ету құралдары болып
табылады.
Халық пеадгогикасына адамгершілікке тәрбиелеудің аса бай жолдары
белгілі болғанына көз жеткізу үшін келесі әдістер мен құралдарды атап өтуге
болады. Олар: көрсету, үйрету, жаттықтыру, сендіру, өтіну, тиым салу, ант
беру, күшейту, сөгіс беру, кінәлау және т.б.
Адамгершілік қасиеттің негізі имандылық пен ізеттілікте. Ал ол
отбасындағы тәрбиеден басталады. Осыны ұстам тұтқан қазақ халқы жастарды
отбасында кішіпейілдікке, ізеттілікке, инабаттылыққа тәрбиелеуді бірінші
міндет деп санаған.
Адамгершілік қасиеттің өзекті мәселесі – қайырымдылық, достық. Халық
ұғымында жақсылық және жамандық, достық пен қастық адамгершілік қасиетінің
екі түрлі белгісі ретінде салыстыра суреттелген.
Бала тәрбиесіне ежелден ерекше көңіл бөлген халқымыз өздерінің мақал-
мәтел, нақыл сөздерінде адамгершіліктің асыл белгілері: ар-ұят, ождан
сақтау, сыпайыгершілікті, әдептілікті, үлкенді сыйлауды, достықты уағыздай
отырып, осы тамаша қасиеттерге қарама-қарсы адамды аздыратын өтірік, өсек,
еріншек сияқты жаман әдеттен сақтандырып бақты.
Адамгершіліктің ең жоғары түрі – бауырмалдық, бүкіл адам баласын бауыр,
дос тұту, көпшіл болу.
Қазір тәрбие мәселесіне ерекше көңіл бөлер шақ туды. Әрине, бала
тәрбиесі қай кезде де назардан тыс қалып көрген емес. Бірақ бүгінгідей
қоғамның аласапыран шағында исі адам баласын адамгершілік тәрбиеге баулу
өте маңызды мәселе болмақ. Өйткені, тәрбиенің негізгі – іргетасы
адамгершілік тәрбиесіне байланысты.
Ал, еңбек салт-дәстүрлеріне келетін болсақ. “Адамды адам еткен - еңбек”
, - деп Ф.Энгельс айтқандай, еңбек - өмірдің тұтқасы, тіршіліктің көзі.
Еңбексіз өмір жоқ.
Барлық халықтардың ең озат дәстүрлері еңбек саласында орын алды.
Қашанда ең озықты алып жүруші, ең кереметті жасаушы еңбекші халық болды.
Сондықтан алдыңғы қатарлы озық дәстүрлерді зерттеу, ең алдымен халықтық
еңбек дәстүрлерін оқып үйренуді білдіреді.
Қазақ халқы: “Еңбек – адамның екінші анасы”, “Ердің атын еңбек
шығарар” – деген мақал-мәтелдері арқылы жастарды еңбек сүйгіштікке
тәрбиелесе, “Жалқаудың жаны тәтті”, “Еңбегі аздың өнбегі аз”, “Еңбексіз
өмір – сөнген көмір”, - деген мақалдар арқылы халық еріншектіктің,
жалқаулықтың адамды аздырып-тоздыратынына жастардың көзін жеткізуді мақсат
етті.
Қазақ халқы ежелден ер бала мен қыз баланың тәрбиесін отбасында өзара
бөлісіп алған. Ұлды мал бағуға, отын шабуға, аң аулауға, мылтық атып
мергендік құруға, қол өнер шеберлігін үйретуге әкелері мен аталары үйретсе,
ал қыз балаларға үй сыпыру, төсек жинау, ас пісіру, ою-өрнек сияқты
отбасының ішкі жұмысына үйретуді анасы мен әжесі өз міндеттеріне алған.
Еңбекті дәріптеу, жастарға еңбек адамын үлгі-өнеге етіп ұсыну “Аяз би”
ертегісіндегі Аяз бидің, “Керқұла атты Кендебай” ертегісіндегі Кендебайдың
образдары арқылы берілген. Сонымен бірге ұлттық ойындардың да әсері мол.
Халық педагогикасының бұл салаларын тиімді пайдалану ізденуге, ізгі
іске жауапкершілікпен қарауға байланысты.
Салт-дәстүрдің тәрбиеге қатысты тағы да бір түрі – ойын-сауық салт-
дәстүрлері. Ойын – тіршіліктің нышаны, еңбекке бейімделудің белгісі.
(2.45.(

2. Қазақ салт-дәстүрлері арқылы оқушыларды имандылыққа тәрбиелеудің
мазмұны, формасы және әдіс-тәсілдері.
2.1. Қазақ салт-дәстүрлерінің материалдарын қолдану арқылы оқушыларға
имандылық тәрбие берудің мазмұнын зерттеу

Мектептегі оқу-тәрбие процесінде қазақ салт-дәстүрлерінің материалдарын
қолдану қандай деңгейде жүзеге асырылып жатқандығын білу мақсатында, біз
Түркістан қаласының көптеген мектептерінің мұғалімдерінен сауалнама алдық.
Оның нәтижесі мынадай болды. Сұралған 100% мұғалімдердің 80% сұрақтарға
толық жауап берсе, қалған 20% толық жауап бермеген.
Ал, сол мектептердің оқушыларынан алған сауалнаманың қорытындысы
бойынша сұралѓан 100% оқушылардың 70 % толық қазақ салт-дәстүрлерін
қолдайтынын айтса, 30% қазақ салт—дәстүрлері оларды онша қызықтырмайтынын
атап өткен.
Жас ұрпақты өнер сүйгіштікке, адамгершілік қасиеттерге баули отырып,
елді қорғау, ар-намыс үшін күресе білуге, өзінің дінін, салтын сақтауға
тәрбиелеу – біздің бірініші кезектегі міндетіміз.
“Адам ұрпағымен мың жасайды”, - дейді қазақ мәтелі. Ұрпақ
жалғасытығымен адамзат баласы мың емес, миллиондаған жылдар жасап келеді
және ол өлі жалғастық емес, сәт сайын өзгеріп, өрлей дамыған саналы тірлік.
Адамзат еншісіне ғана тиісті сол тірлік дамыуының бағбаншысы – тәрбие.
Демек, ұрпақ тәрбиесі қай заманның болмасын көкейтесті мәселесі болып
келгендігі дәлелдеуді қажет етпейті нәрсе.
Қазақтың өзіндік салтындағы “Той бастар” айтқан жігіт, алтыбақан тепкен
қыз-бозбала, ... - бәрі-бәрі көкейіндегі ойын-сырын, мұңын тыңдаушысына ән
әуезімен әрлендіріп, тас жүректің өзін елжірететіндей етіп жеткізген.
Қазіргі таңда қазақ салт-дәстүрлерінің оқу-тәрбие процесіне енгізілуі
негізге алынып отыр. Оқушыларға отбасынан басқа ұлттық тәлім-тәрбие беруде
мектептің алатын орны ерекше. Үйде бала ата-анасына еркелесе, мектепте
балаларға мұғалімнің айтқаны заң, олар ұстазының айтқанын бұлжытпай
орындауға тырысады. Сондықтан да оқу-тәрбие процесінде қазақтың салт-
дәстүрлерін пайдаланудың рөлі ерекше.
Білім беру жүйксіндегі ұлттық және адамзаттық қазыналар мыналар:
- жеке адамның рухани және күш-қуат мүмкіндіктерін ашу, адамгершілік
пен имандылық өмір салтының берік негіздерін қалыптастыру, әрбір
адамды дамыту үшін жағдайлар жасау;
- қоғамның және мемлекеттің алдындағы және құқықтары мен міндеттерін
түсіндіруді, сондай-ақ республиканың мәдени, қоғамдық, экономикалық
және саяси өміріне қатысуы.
Қазақ халқының зиялы азаматының бірі – Мағжан Жұмабаев қазақтың ұлттық
мектебінің моелін ұсынған болатын. Онда „Әрбір ұлттың баласы өз ұлтының
арасында өз ұлты үшін қызмет қылатын болғандықтан, тәрбиеші баланы сол ұлт
тәрбиесімен тәрбие қылуға міндетті десе, Міржақып Дулатов мектептің мақсаты
туралы „...Жалғыз құрғақ білім үйрету емес, біліммен бірге жақсы тәрбиені
қоса беру...” деп тамаша айтқан. [14.18]
Оқыту – тәрбиеден бір елі де бөлінбейтін біртұтас процесс. Сондықтан
тәрбиені оқытудан бөліп алып, сынып сағатына ысыра салуға болмайды. Әл-
Фарабидің: „..Адамға ең бірінші білім емес, рухани тәрбие керек, тәрбиесіз
берілген білім – адамзаттың қас жауы, ол келешекте оның барлық өміріне апат
әкеледі”, - деген сөзі сабақты ұйымдастырудағы басты мақсат – оқушының

3-схема
ҚАЗАҚ САЛТ - ДӘСТҮРЛЕРІН ОҚУ - ТӘРБИЕ ПРОЦЕСІНДЕ ПАЙДАЛАНУ СИПАТЫ

Жалпы азаматтық тәрбие – ұлттық ерекшеліктерден бас тарту емес, қайта
оларды анығырақ тану, зерттеу, олардағы алдыңғы қатарлы элементтерін
барынша пайдалану арқылы жүзеге асыруға болады.
Ұлттық салт-дәстүрлерді зерттеу төмендегі міндеттерді шешуге бағытталуы
қажет:
1. Салт-дәстүрлерді түсіндіру – мазмұнын анықтау, топтау, бағыттау;
2. Оқу-тәрбие процесінде ұлттық салт-дәстүрлерді пайдалану жолдары, оны
ұйымдастыру жұмыстарын, түрлерін қарастыру.
Бұл мәселені шешу үшін салт-дәстүрлерді оқу-тәрбие процесінде
пайдалану әдістемесіне талдау жасалу қажет:
А) салт-дәстүрлерді оқу-тәрбие процесінде пайдалану арқылы қол жеткізе
алатын жетістіктерді анықтау, оны дамыту жолдарын қарастыру;
Ә) сан алуан әдістемелік жолдарын қарастыру;
Б) практикалық жаттығулар, яғни салт-дәстүрлерді іс-жүзінде пайдалану,
қолдану;
В) салт-дәстүрді әдетке айналдыру, яғни мінез-құлық көрінісіне жеткізу.
Олай болса, халқымыздың ұлдарымыз бен қыздарымыздың санасына сіңіріп,
салт-дәстүрін сақтауға, әдет-ғұрпын кеңінен қолдануға үйрету үшін әр
сабақта тиісті жерінде пайдалана отырып қалыптастыруымыз керек.
Осы мақсатты жүзеге асыру үшін әр пәнді өту барысында қазақ салт-
дәстүрлерінің материалдарын қолдану қажет.
Мысалы, (( сыныптың қазақ тілі сабағында “Мақал-мәтел” тақырыбында
оқушыларға төрт түлік малға, достыққа, бірлікке, еңбекке байланысты мақал-
мәтелдерден білетінін айтқызып, олардың мағынасын түсіндіру қажет.
Оқушыларды екі топқа бөліп төрт түлік туралы өлең-жырлар, мақал-
мәтелдерді көп айтқан топтың жеңімпаз болатындығы ескеріліп, ол малдардың
бізге қандай пайдасының барын, олар туралы жұмбақтарын жасыртып, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Дене тәрбиесіне байланысты салт - дәстүрлер
Қазақ салт-дәстүрлері арқылы оқушыларды имандылыққа тәрбиелеудің әдіс-тәсілдері
Қазақ-салт дәстүрлері арқылы оқушыларды имандылыққа тәрбиелеу туралы ақпарат
Қазақ салт-дәстүрлері арқылы оқушыларды имандылыққа тәрбиелеу. Оқушыларға имандылық тәрбиесін беру педагогикалық проблема
Қазақ салт-дәстүрінің тәрбиелік негіздері
Қазақ салт-дәстүрлері арқылы оқушыларды имандылыққа тәрбиелеу
Бастауыш сынып оқушыларына ұлттық тәрбие беру үлгісі
Салт-дәстүрлер негізінде экологиялық тәрбие беру мәселесі
Мектептегі оқу тәрбие үрдісінде оқушыларды рухани адамгершілікке тәрбиелеу
Қазақ салт-дәстүрлері арқылы оқушыларды имандылыққа тәрбиелеудің мазмұны
Пәндер