Қазақ тіл біліміндегі құрмалас сөйлем теориясының дамуы
ӘОЖ 801.561.7: 802.434.2
Қолжазба құқығында
Шынтасова Гүлзат Бурабайқызы
Қазақ тіл біліміндегі құрмалас сөйлем теориясының дамуы
6М011700-қазақ тілі мен әдебиеті
мамандағы бойынша педагогика ғылымдарының
магистрі академиялық дәрежесін алу үшін
дайындалған диссертацияның
рефераты
Қызылорда, 2013 ж.
Диссертациялық жұмыс Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік
университетінің филология факультеті, Қазақ тілі мен әдебиеті және
журналистика кафедрасында орындалды.
Ғылыми жетекшісі: Филология ғылымдарының
кандидаты,
доцент
Ш.Бекмағамбетов
Ресми оппонент: Филология ғылымдарының
кандидаты
Ж.Нұрсұлтанқызы
Диссертация 2013 жылы 3-маусымда сағат 9.00-де Қорқыт ата атындағы
Қызылорда мемлекеттік университетінде (мекен-жайы: Қызылорда қаласы,
Желтоқсан көшесі, 61. №1 оқу ғимараты, Филология факультеті, 133-
дәрісхана) қорғалады.
Диссертациямен Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік
университетінің Ғылыми-техникалық кітапханасында танысуға болады.
Реферат 2013 жылдың ___ ___________ таратылды.
Мемлекеттік аттестаттау комиссиясының хатшысы,
филология ғылымдарының кандидаты
Г.Бекмағанбетова
Кіріспе
Қазақ тіл білімінің, соның ішінде қазақ тілі синтаксисінің зерттелуі
ХIX ғасырдағы орыс миссионерлерінің алғашқы еңбектерінен басталады деп
айтылғанымен, оның ғылыми негізде жолға қойылуы ХХ ғасыр басындағы алаш
арыстарының еңбектерімен байланыстырылуы орынды.
Құрмалас сөйлем синтаксисі де - кешеуілдеп зерттеле бастаған сала.
Қазақ тіл білімінде бұл мәселеге алғаш көңіл аударған
А.Байтұрсынов деп есептеледі. Ғалымның Тіл –
құрал атты еңбегінен бастау алған құрмалас сөйлем мәселелері C.Аманжолов,
Н.Сауранбаев, С.Жиенбаев, М.Балақаев, Т.Қордабаев, Қ.Есенов, Р.Әміров сынды
белгілі ғалымдардың зерттеу еңбектерінде ғылыми негізде талданып,
сараланған. Бұл тілтанушылардың құрмалас сөйлем, оның түрлері, проблемалары
туралы пікірлері теориялық тұрғыдан маңыздылығымен қазақ тілі синтаксисін
зерттеуші кейінгі ұрпақтың ғылыми ізденістерінің негізгі өзегі болып келе
жатыр. Бүгінгі таңда құрмалас сөйлем синтаксисі мәселелерін қатысымдық тіл
білімі тұрғысынан антропоөзектік принципке сүйене отырып, қызметтік ыңғайда
зерттеудің жаңа мүмкіндіктер ашатыны көрініп отыр. Тілдің қарым-қатынас
құралы ретіндегі негізгі қызметінде тұлғадан мағынаға бағытындағы
принцип пен мағынадан тұлғаға бағытындағы зерттеулерді сабақтастыра
қарастырудың алғашқы жетістіктері диссертация жұмысында жан-жақты
талданады.
Зерттеу жұмысының өзектілігі. Құрмалас сөйлемдер – біртұтас тілдік жүйе.
Синтаксистің бұл саласы жайында оқулықтар, монографиялар жазылып,
диссертациялар қорғалғанымен, құрмаластық категориясының мәселелері толық
және жан-жақты шешілді деп айта алмаймыз. Себебі, функционалдық бағыт
алдыңғы орынға шыққан қазіргі кезеңде негізгі теориялық мәселелерге жаңаша
тұрғыдан қайта қарау қажеттілігі көрініп отыр. Ғылымдағы қалыптасқан
көзқарастарды жаңаша пікірлермен салыстыра, сабақтастыра отырып, құрмалас
сөйлемнің құрылымдық, функционалдық, коммуникативтік ерекшеліктерін жаңаша
бағамдаған ғылыми көзқарастардың ерекшеліктерін саралай көрсету
диссертацияның өзектілігін айқындамақ.
Тақырыптың зерттелу деңгейі. Бүгінгі таңда құрмалас сөйлем мәселелерін
теориялық-тәжірибелік жақтарынан жан-жақты зерттеген ғылыми еңбектер
баршылық. Мәселен, А.Байтұрсынов, Қ.Жұбанов, С.Аманжолов, Н.Сауранбаевтар,
С.Жиенбаев тәрізді қазақ тіл білімінің классиктер кезеңі өкілдерінің
еңбектері өздерінің ауқымдылығымен, сан алуан көзқарастар ерекшеліктерімен
көрінсе, орта буындағы М.Балақаев, Т.Қордабаев, Х.Арғынов, Х.Басымов,
Қ.Есенов, Р.Әмір тәрізді ғалымдар сол алдыңғы жолды онан әрі дамытып,
жалғастырушы буын ретінде көрінді. Осы тұста құрмалас сөйлем саласындағы
жеке мәселелер бойынша зерттеулер жүргізген бірқатар ғалымдардың -
Қ.Мамытбеков, Қ.Салиева, Қ.Шәукенұлы, Б.Шалабай, Ж.Жақыпов,
Ш.Бекмағамбетов, т.б. еңбектерін атап өтуге болады. Кейінгі толқын
өкілдері ретінде Т.Ермекова, Б.Сағындықұлы, К.Садирова, С.Айтжанова,
А.Өмірзақова, Б.Елікбаев, Ә.Елшібаева, Г.Бекмағамбетова т.б. ғалымдарды
көреміз.
Соңғы зерттеулерде қазақ тіліндегі құрмалас сөйлем категориясының тілдік
табиғаты, негізінен, құрылымдық тіл білімінен коммуникативтік-функционалдық
бағытқа қарай дамуымен, жаңа ғасыр басына қарай жаңа ғылыми парадигмалар
аясында қарастырылуымен ерешеленітіні көрінеді.
Зерттеудің нысаны. Қазақ тілі материалындағы құрмаластық құрылымдар,
олар туралы қазіргі ғылымдағы негізгі теориялық, тәжірибелік сипаттағы
ғылыми еңбектер зерттеу жұмысының негізгі нысаны.
Зерттеудің мақсаты мен міндеттері. Зерттеудің негізгі мақсаты – құрмалас
сөйлем категориясының қазақ тіл білімінде зерттелуінің басты бағыттарын
(құрылымдық, функционалдық) айқындай отырып, құрмалас сөйлем синтаксисінің
қалыптасуы мен дамуының теориялық және тәжірибелік мәселелерінің қазіргі
жайына талдаулар жүргізу, негізгі мәселелер бойынша тұжырымдар жасау және
коммуникативтік бағыттағы жаңашылдықтарды айқындау. Мақсатқа жету үшін
мынадай міндеттер орындалады:
- құрмалас сөйлем категориясының қазақ тіл білімінде зерттелуінің
негізгі кезеңдері айқындалып, бұрын-соңды жарияланған ғылыми еңбектердегі
негізгі тұжырымдарға ғылыми идеялардың дамуы тұрғысынан талдаулар жасалады;
- құрылымдық тіл білімі мен коммуникативтік, функционалдық тіл білімі
талаптары арасындағы сәйкестікті сақтай отырып, құрмалас сөйлемнің теориясы
мен тәжірибесіне қатысты жаңаша көзқарастар айқындалады.
Қазақ тіліндегі құрмалас сөйлемдер жүйесінің зерттелуі мәселелерінің
перспективасы қарастырылады.
Зерттеудің дереккөздері:
- Қазақ тілі құрмалас сөйлемдер синтаксисі бойынша ХХ ғасыр бойына
жүргізілген белгілі тілші ғалымдардың еңбектері мен мақалалары;
- Туысқан түркі тілдері бойынша құрмалас сөйлем синтаксисіне қатысты
жарияланған негізгі еңбектер;
- Орыс тілі құрмалас сөйлем синтаксисіне байланысты іргелі теориялық
зерттеулер;
Зерттеудің әдicтepi. Зерттеу жұмысына қойылған міндеттерді шешу үшін
мынадай кешенді әдістер қолданылды:
- Құрмалас сөйлем теориясына қатысты қалыптасқан теориялық тұжырымдарды
жаңаша көзқарастар тұрғысынан талдау, саралау;
- Тілдік деректерді қызметтік-қатысымдық тұрғыдан талдау, саралау;
- Теориялық және тәжрибелік сипатта айқындалған негізгі тұжырымдарды
жинақтау, жүйелеу;
- Материалды жүйелеу, жинақтау мақсатындағы салыстырмалы, сипаттамалы
әдістер;
Зерттеудің теориялық-әдiстемeлiк негiзi. 3epттеyде құрылымдық тіл білімі
мен қызметтік (функционалдық) тіл білімі бағыттарының талаптары тығыз
байланыстырыла отырып, құрмалас сөйлем мәселелерін зерттеуші, oтaндық және
шетелдік ғaлымдардың ғылыми пікірлері мен тұжырымдары басшылыққа алынады.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы. Жұмыста қазақ тіл біліміндегі құрмалас
сөйлем теориясының пайда болып қалыптасуы мен дамуына бүгінгі кезең
көзқарасы тұрғысынан және диссертанттың ғылыми ұстанымдары тұрғысынан
талдама және қорытындылар жасалды. Жұмыстың негізгі тұжырымдары мыналар:
- Қазақ тілі синтаксисінің қалыптасуын негізгі 3 кезеңге бөлуге болады:
І. Өткен ғасырдың 20 – 40 жылдары;
ІІ. Өткен ғасырдың 50-80 жылдары;
ІІІ. Өткен ғасырдың 90-жылдарынан бүгінгі күнге дейінгі кезең.
- Қазақ тіл біліміндегі құрмалас сөйлем теориясының ғылыми негіздегі
алғышарттары біз қазақ тіл білімінің классиктер дәуірі деп атаған
алғашқы кезеңде жасалды;
- Қазақ тілі синтаксисінің дамуы орыс тіл білімінің алдыңғы қатарлы
көзқарастары негізінде қалыптасты Қазақ тілі синтаксисінің қазіргі
кезеңдегі дамуында мынадай негізгі мәселелер жаңаша шешімін тауып
отыр:
а) құрмалас сөйдем категориясының тілдегі негізгі қызметі;
б) құрмалас сөйлем компоненттеріне жаңаша көзқарас;
в) құрмалас сөйлемдердің компоненттерін байланыстырушы және
синтаксистік қатынастар жасаушы тілдік тәсілдердің бұрын назарға
ілікпей келген жаңа түрлерінің ғылыми айналымға ұсынылуы;
г) көп құрамды құрмаластардың және жалғаулықсыз іргелес салаластардың
тілдік табиғатына жаңаша көзқарастардың қалыптаса бастауы;
Зерттеудің теориялық және практикалық маңызы. Бұл диссертациялық
жұмыстың басты жетістігі – қазақ тіліндегі құрмалас сөйлем синтаксисінің
өткен жолына талдау жасай отырып, қазақ тілі құрмалас сөйлемдер жүйесіне
қатысты жаңа кезеңдегі теориялық және тәжірибелік мәселелердің ғылыми
тұрғыдан саралануының жемісті бағыттарын айқындауында.
Қорғауға ұсынылатын тұжыpымдар:
- Қазақ тілі құрмалас сөйлемдері жүйесінің зерттелуін бүгінгі күн
тұрғысынан қарағанда, негізгі үш кезеңге бөліп қарастыруға болады:
- Қазақ тілі құрмалас сөйлемдерін функционалдық, коммуникативтік
тұрғыдан тереңдей зерттеуде мынадай жаңаша көзқарастар қалыптасып
келеді:
1) құрмалас сөйлемнің тілдегі негізгі функциясының нақтылай
айқындалуы, осыған байланысты құрмалас сөйлем анықтамасының жаңаша
тұжырымдамасының жасалуы;
2) құрмалас сөйлем компоненттерінің құрылымдық-мағыналық сипаттарының
жаңаша танылуы;
3) құрмалас сөйлем компоненттерін байланыстырушы амалдар кешенінің
тереңдей таныла түсуі;
Зерттеу жұмысының жариялануы мен мақұлдануы. Зерттеу жұмысының негізгі
мазмұны, тұжырымдары мен нәтижелері Қазақ тілі мен әдебиеті және
журналистика кафедрасында, ғылыми-практикалық конференцияларда талқыланды.
Жұмыс нәтижелері бойынша ғылыми басылымдарда екі мақала жарияланды:
1. Қазақ тіл білімінде құрмалас сөйлем теориясының зерттелуінің негізгі
бағыттары. Ахмет Байтұрсынұлы – қазақ руханиятының көсемі атты
халықаралық ғылыми-теориялық конференция материалдары. – Алматы: Елтаным
баспасы, 2013ж., 165-169б.
2.Жалғаулықсыз іргелес салалас құрмалас сөйлем компоненттерін
байланыстырудағы интонацияның қызметі. Қазіргі тіл білімінің
басымдықтары және түркі әлемі атты халықаралық ғылыми-теориялық
конференция материалдары. – Алматы, 2013ж., 218-220б.
Зерттеу жұмысының құрылымы. Зерттеу жұмысы кiрiспеден, 3 тараудан,
қорытындыдан тұрады. Жұмыс соңында пайдаланылған әдебиеттер тiзiмi
берiлген.
Негізгі бөлім
Диссертациялық жұмыстың кіріспе бөлімінде тақырыптың өзектілігі және
зерттелу деңгейі, зертеудің нысаны, жұмыстың мақсаты мен міндеттері, дерек
көздері, әдістері мен тәсілдері, теориялық-әдістемелік негізі, ғылыми
жаңалығы айқындалды. Зерттеу жұмысының теориялық практикалық маңыздылығы
көрсетіліп, қорғауға ұсынылатын тұжырымдар, зерттеу жұмысының талқылануы
мен жариялануыны баяндалды.
Зерттеу жұмысының бірінші тарауы Қазақ тілі құрмалас сөйлем
синтаксисінің ғылыми-теориялық негіздерінің қалыптасуы деп аталады.
Аталмыш тарау екі тараушаға бөлінген және онда төмендегі мәселелер
қарастырылған.
1. Қазақ тілі синтаксисінің зерттелу тарихын жүйелеудің мәселелері
Қазақ тілі құрмалас сөйлемдерінің зерттелу тарихы бізге дейін де
кейбір еңбектерде арнайы сөз етілген. Мұны кеңестік кезеңде Қ.Есенов,
Т.Қордабаев сынды ғалымдар қарастырып, құрмалас сөйлем зерттелуінің
кезеңдеріне талдау жасаған [1.2.]. Аталмыш еңбектерде мәселенің ғылыми-
теориялық жағына тереңдеп бармай, жалпы шолу түрінде айтылады.
Біз, ең алдымен, сол ғалымдардың еңбектеріне шолу жасай отырып,
мәселеге бүгінгі күннің деңгейінен, синтаксис ғылымының қазақ тіл білімінде
және орыс, батыс тіл білімінде қазіргі қарастырылуы тұрғысынан ой қорыттық.
Қ.Есенов өзінің 1969 жылы шыққан Қазіргі қазақ тіліндегі шартты және
қарсылықты бағыныңқы сөйлемдер атты еңбегінде құрмалас сөйлемнің біраз
мәселелерін қамтып, зерттелу тарихына тоқталған. Ғалым кеңес өкіметі
тұсындағы құрмалас сөйлемнің зерттелу барысын сөз ете отырып, оны үш
кезеңге бөліп қарастырды:
1. 1930-1940 жылдардың арасы;
2. 1940-1950 жылдардың арасы;
3. 1950 жылдардан осы кезеңге дейінгі дәуір (автордың осы кезеңі
шамамен, 60-жылдардың орта шені)[1, 9].
Алайда, Т.Қордабаев Қ.Есеновтің бұлайша бөлуін тарихи дәлсіздік деп
қарайды. Ғалымның өз сөзімен дәлелдесек: Автор (Қ.Есенов) қазақ тілі
синтаксисінің кеңес дәуірінде зерттелу тарихын Қ.Жұбановтың 1936 жылы жарық
көрген бағдарламасынан бастауды жөн көріпті. Ақиқатына келсек, синтаксиске
қатысты терминдер де, сөйлем мүшелерінің, сөйлемдердің күні бүгінге дейін
қолданылып жүрген классификациялық жіктелуінің негізгі түрлері де 20-
жылдардағы оқулықтардан басталады... С.Жиенбаев, Н.Сауранбаев тәрізді
ғалымдардың 50-жылдарға дейін қолданған сабақтас сөйлем компоненттерін
сөйлем мүшелерінің атымен атаулары да осы 20-жылдардағы оқулықтардан
басталған, - деп сын айтады [2, 60].
Біздіңше, Қ.Есеновтің бұлайша кезеңдерге бөліп қарастыруына түрлі
жағдайлар әсер еткен. Біріншіден, ең басты себебі – ол кезде әлі қазақ тіл
ғылымының негізін салушы, Т.Қордабаев айтып отырғандай, негізгі тіл
терминдерін жасап кеткен, ұлт көсемі аталған А.Байтұрсынұлының аты саяси
жаладан ақталмаған болатын. Қордабаевтың өзі де оны ашып айтпай, тек меңзеп
қана отыр. Екіншіден, қазақ тілінің бағдарламасы мен оқулықтары алғаш рет
1930 жылдардың басынан жарық көрген. Осы жағдайларды ескере келіп, автор өз
еңбегінде құрмалас сөйлем синтаксисінің зерттелу барысын осылайша бөлуді
жөн көрген секілді.
Дегенмен, сол алғашқы кезеңнің өзінде қазақ тіл білімі ғылымының
теориялық негіздері сапалы ғылыми ізденістер негізінде қалыптаса бастағанын
қазіргі зерттеулер көрсетіп отыр. Сондықтан қазақ тілі синтаксисінің де
теориялық берік негіздері сол алғашқы дәуірдегі қазақ тіл білімі
классиктерінің еңбектерінде жатыр деп білеміз.
Ғалым Т.Қордабаев құрмалас сөйлем туралы қазақ тілінде айтыла бастаған
алғашқы пікірлерді А.Байтұрсынов жазған Тіл құрал атты оқулықтан және оқу
бағдарламаларынан кездестіруге болатындығын айтады. Ол: Қазірде қолданылып
жүрген басқа да көптеген лингвистикалық терминдер сияқты құрмалас сөзі
сол оқулықтардан (20-жылдардағы) басталып еді. Терминнің мағынасы өзі атау
болған категорияның мазмұнына сай келеді. Өйткені құрмалас деген атаумен
аталатын сөйлем - екі немесе одан да көп жай сөйлемдерден құралатын күрделі
категория. Кейбір ғалымдар (Қ.Жұбанов) құрмалас сөйлем деген атауды
күрделі сөйлем дегенмен ауыстыруды да ұсынды, бірақ бұл термин сіңісе
алмады - дейді[3, 14]. Ғалым қазақ тіліндегі құрмалас сөйлемдер жүйесіне
қатысты зерттеулердің отызыншы жылдардың аяқ кезінен бастап молырақ көріне
бастағанын айтады. Бұл арада құрмалас сөйлемнің беделді зерттеушілеріне
А.Байтұрсынов, Н.Сауранбаев, С.Жиенбаев, С.Аманжоловтарды жатқызады.
Осы ізбен құрмалас сөйлем теориясын кейінгі кезеңде зерттеп жүрген
Т.Ермекова Қ.Есенов атап өткен үш кезеңге төртінші кезеңді қосты. Себебі,
төртінші кезең алдыңғы озық идеялы аға буын өкілдерінің ізін жалғастырушы
жас ғалымдар легін қалыптастыстырды деп көрсетті. Ғалым олардың қатарында
Р.Әмір, М.Серғалиев, Т.Сайрамбаев, Б.Шалабай, Ж.Жақыпов, Б.Сағындықұлы т.б.
ғалымдарды жатқызады[4, 17].
Біз де зерттеу жұмысымызда, жоғарыда айтып өткеніміздей, негізгі үш
кезеңді ұсындық. Алғашқы кезеңді қазақ тіл білімінің классиктер дәуірі
деп атадық. Бұл кезеңде құрмалас сөйлемнің зерттелуі, негізінен, оқулықтар
мен бағдарламалардың төңірегінде практикалық тұрғыдан қалыптасты деп
айтылып жүргенімен, шын мәнінде, қазақ тіл біліміндегі құрмалас сөйлем
теориясы мен тәжірибесінің алуан бағытта қарастырылып, негізі қаланған
кезең – осы. Кейінгі зерттеулердің бәрі дерлік күні бүгінге дейін осы
алғашқы бастауларға соқпай өте алмайды. Бұл еңбектердегі ғылыми-теориялық
тұжырымдар уақыт талабына орай қайта қаралып жатса да, олардың берік
негізі, зерттеу жүйесінің ғылыми және практикалық тұрғыдын тереңдігі,
тілдік деректерді жан-жақты қарастыруы, пікірлер әралуандығы олардың ғылыми
әлеуетінің мықтылығын көрсетіп келеді.
Кейінгі жылдары (1950-1980) құрмалас сөйлем теориясына қатысты
мәселелер де ғылыми тұрғыдан жан-жақтылыққа ұмтылып, жоғары оқу орындарына
арналған оқулықтардан басқа, монографиялар, ғылыми диссертациялар түрінде
де зерттеле бастады. Бірқатар еңбектерде құрмалас сөйлемнің методикалық
мәселелері зерттелді. Мақалалар жарияланып, ғылыми айтыстың төңірегінде
дискуссияға айналды. Бұлар өзінің жемісін беріп, көптеген ғылыми
мәселелердің шешімін табуға, жаңа бағыттарды белгілеуге ықпал етіп отырды.
Дегенмен, осы кезеңнің 70-80 жылдарында қазақ тілі синтаксис саласының
кеңінен зерттелуінде баршама баяулықты байқауға болады. Қазақ тіл білімінің
өзге салаларына қарағанда, осы кезеңде синтаксис саласында көрінген
ғалымдар да санаулы ғана. Әрине, бұл олқылық, кейінгі үшінші кезеңдегі
ғылыми ізденістер арқылы толысты.
Үшінші кезеңде (90-жылдардан бері қарай) құрмалас сөйлем теориясы
жаңа қырынан – қатысымдық, қызметтік тұрғыдан, антропоөзектік парадигмалар
тұрғысынан зерттелуге бет алды. Бұрынғы мәселелер қайта қаралып, жаңаша
көзқарастар туындады. Құрылымдық бағыт ығыстырылып, алдыңғы орынға
функционалдық бағыт шықты. Сөйтіп, құрмалас сөйлем синтаксисінің бірқатар
қалыптасқан көзқарастары жаңаша қарастырылып, жаңа мәселелер алға қойылды.
1.2 Қазақ тіл білімінде құрмалас сөйлем теориясы қалыптасуының
классиктер кезеңі.
Екінші тараушада 20-40 жылдардағы классиктер кезеңін кейінгі – 50-80
жылдардағы және онан кейінгі уақыттарда жарық көрген ғылыми әдебиеттер
деректерін пайдалана отырып, мүмкіндігінше, кеңірек көлемде қарастырып,
алғашқы кезеңдегі құрмалас сөйлем теориясына қатысты ғылыми көзқарастардың
тіл ғылымы дамуының қазіргі ахуалына қаншалықты ықпал жасап отырғандығын
саралау көзделді.
Алғашқы кезеңде қазақ тіл білімінде құрмалас сөйлем деген атау
қалыптасып, аталмыш мәселе оқулықтар мен бағдарламалар деңгейінде
зерттелуімен қатар, бұл кезеңдегі А.Байтұрсынов, Қ.Жұбанов, С.Жиенбаев,
C.Аманжолов, Н.Сауранбаев сынды ғалымдардың еңбектерінде құрмалас сөйлем
мәселелері әр қырынан қарастырылды. Ең алғаш құрмаластық құрылымның маңызды
мәселелеріне қалам тартқан ғалым Ахмет Байтұрсынов болды. Ғалымның Тіл
құрал деген атпен 1925 жылы шыққан еңбегінде: Қазақ тілі сөйлемдері
арасында екі түрлі жақындық болады: бірі – ішкі мағына жақындығы да,
екіншісі – сыртқы қисын жақындығы дегенді айта келіп, жай сөйлемдер бір-
бірімен бірігіп, бір құрмалас сөйлем болу үшін олардың арасында осы екі
жақындықтың, ішкі мағына жақындығы мен сыртқы қисын жақындығының болуы
керек делінген [5,300]. Бір сөзбен айтқанда, құрмалас сөйлем компоненттері
бір-бірімен мағыналық та, тұлғалық та қатынаста болуы керек.
Ғалым құрмалас сөйлемді сыйысулы және қиысулы деп екіге бөліп
қарастырады. Осындағы қиысулы құрмаласты салалас және сабақтас
құрмаластарға бөліп, мағыналық түрлерге ажыратады. Мұндағы көңіл бөлетін
бір жайт – сабақтас құрмаластың басыңқы және бағыныңқы сыңарына берген
пікірлерінде. Басыңқы сөйлемнің бағыныңқы сөйлемнен гөрі сөйлемдік қасиеті
молырақ. Басыңқы сөйлемді өз алдына оңаша алып айтқанда да, мағынасы толық,
ой тыңғылықты айтып, біткен болып тұрады. Бағыныңқы сөйлем – бітпеген шала
сөйлем[5,303]. Ғалымның сонау тіл білімі ғылымының алғашқы кезеңінде
айтқан бұл пікірлерінен қазіргі кезде актуальды түрде қарастырылып жүрген
синтаксистік компоненттер мәселесін туындатуға болады. Себебі,
А.Байтұрсыновтың айтып отырған шала сөйлемдері құрмалас сөйлем
компоненттерін жай сөйлем деп қарауға емес, жай сөйлем типтес құрылым
ретінде тануға бағыт береді. Жалпы алғанда, ғалымның көзқарастарынан тілдік
құбылысты мағыналық тұрғыдан, мағынаға баса мән бере зерттеуге бейім
екендігін аңғарамыз.
Сондай-ақ, ғалым қазақ тіліндегі көп компонентті құрмаластар жөнінде
алғаш пікір айтқан. А.Байтұрсынов бұларды өрнекті сөйлемдер деп атап,
мынадай анықтама берген: Өрнекті сөйлем деп құрмаластардың бастары
қосылып, кестелі болып құрылуын айтамыз. Ондай сөйлемдер нақ текеметке, яки
кілемге салған түр сияқты болмағанымен, өрнек-өрнегімен айтылады. Өрнекті
сөйлемді айтқанда, дауыс көтеріліп, төмендеп, әнше оралып, қайырылып
отырады. Сондықтан өрнекті сөйлеу оралым деп аталады - дейді [5,310].
Тілдің қызметтік бағытының алғашқы зерттеулерден-ақ көріне бастағанына осы
және өзге де осы тәрізді көзқарастар айғақ бола алады.
Ал, Қ.Жұбанов құрмалас сөйлем деген терминді күрделі сөйлем деп
атауды жөн көрді. Бұл алғашқы кезеңдегі пікір кейінгі ғалымдардың
құрмаласқа берген анықтамаларынан көрініс тапқан. Себебі, ғылыми
әдебиеттерде қазақ тіл білімінде құрмалас сөйлемді зерттеген ғалымдардың
көпшілігі оның кем дегенде екі жай сөйлемнен құралатынын, күрделі ойды
білдіретінін ортақ пікір ретінде ұстанды.
Ғалым салалас сөйлемдерді ажыратуда тек олардың формалық белгілеріне
қарап қоймай, мағыналық мәндерін де басшылыққа алу керек деп есептеген.
Осыған орай Нұрымдікіне келсек, өзі кетіп қалған екен. Қой маңырап, түйе
боздап, ауыл у-шу тәріздес сөйлемдерді салалас құрмаластың қатарына
жатқызған[6, 358]. Дегенмен, мұндай сөйлемдер кейінгі зерттеулерде
сабақтас құрмалас деп танылған.
Ал, сабақтас сөйлемнің жасалу жолынан тек шартты рай тұлғасы
көрсетілген, мұның өзінде де оның құрамында қатыстық етістіктері (сілтеу,
сұрау есімдіктері) қолданылатын түрі ғана ескерілген. Сөйтіп, сабақтас
құрамалас сөйлемдер құрамындағы осындай сұрау, сілтеу есімдіктерінің
қолданылу ыңғайына қарай жіктелген. Автор сабақтас құрмалас сөйлемдерді
жеті топқа бөледі: бастауыш бағыныңқы, баяндауыш бағыныңқы, септес
бағыныңқы, іліктес бағыныңқы, шақтас бағыныңқы, жанас бағыныңқы, қабыс
бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлемдер[6, 360]. Әйтсе де, ғалымның бұл бөлуі
ғылымда орныға қойған жоқ.
Тіл біліміндегі құрмалас сөйлемдер жүйесінің бүгінгі дамуы мен оның
өзекті мәселелерін танып білуде профессор С. Аманжоловтың ғылыми
тұжырымдарының, атап айтқанда, сөйлем теориясының негізгі грамматикалық
сипаттары, жай сөйлем мен құрмалас сөйлемнің ара жігін айқындау, үйірлі
мүшелі конструкциялардың жаратылысын тану, сөйлемдерді топтастыру мен
олардың жіктелу принциптері, сөйлем теориясының даму жолдарына қатысты
тұжырымдарын қарастыруының маңызы зор болды.
Осы мәселелердің ішінде, С.Аманжолов құрмалас сөйлем синтаксисіндегі
даулы мәселелердің бірі үйірлі мүшенің табиғатымен тығыз байланысты екенін
дұрыс аңғарып, алғашқылардың бірі ретінде оларды жай сөйлем қатарында
таныды және мағыналық принципті алғаш рет басшылыққа алды. Құрмалас сөйлем
синтаксисіне тән заңдылықтарды қазақ тілінің өзіндік ерекшелігі, төл
табиғаты тұрғысынан қарастыруды көздеді. Құрмалас сөйлемді төрт түрге бөліп
қарады: салалас, сабақтас, аралас және тиянақты бағыныңқысыз сабақтас.
Құрмалас сөйлемнің төртінші түрін, яки тиянақты бағыныңқысыз сабақтастар
деп атаған түрін автор поэзиялық шумақтармен келетін сөйлем түрі ретінде
таниды, оны қазіргі грамматикамызда тиянақты бағыныңқысыз демей, көп
бағыныңқылы сабақтас түрінде қолданып жүр.
Ғалым С.Жиенбаев 1941 жылғы Синтаксис мәселелері атты кітабында
салалас, сабақтас құрмалас сөйлемдерді ажырата отырып, әрқайсысын талдайды,
әйтсе де, аралас құрмалас сөйлемді өз алдына бөлек категория ретінде
қарамайды. Себебі аралас құрмаластың өз алдына бір бөлек заңдары жоқ деп
көрсетеді[4, 10]. Автордың айтуынша, аралас құрмалас сөйлем салалас және
сабақтас құрмалас сөйлемдердің араласып келуінен тұрады. Сондықтан оны өз
алдына бөлек сөйлем түрінде қарамай, құрмалас сөйлемнің екі түрі бар деп
дәлелдейді. Бұл пікірді қазіргі кезде де ұстанушы ғалымдар бар.
Қарастырып отырған кезеңде қазақ тіліндегі құрмалас сөйлемнің ғылыми
тұрғыдан жан-жақты зерттелуіне Н.Сауранбаевтың қосқан үлесі зор.
Н.Т.Сауранбаев өз шығармашылығының нағыз шарықтау кезеңінде құрмалас ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz