Жазбаша тілге баулу икемділіктері мен дағдыны дамытудың теориялық негіздері


Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 30 бет
Таңдаулыға:   

Кіріспе

Қоғам өміріндегі және экономикадағы терең өзгерістер барлық білім жүйесінің қайта құрылуын талап етіп отыр. Сондықтан Қазақстан халықтарының достығы мен ел бірлігін нығайту үшін, әсіресе, қоғамның болашағы жастарды өз елінің тарихын, тілін, дінін бағалай білетіндей азамат етіп қалыптастыру үшін мемлекеттік тілді жетік меңгерудің маңызы ерекше.

«Білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында: «оқитындардың тілдік, ақпараттық, экономикалық және құқықтық даярлығын күшейту» керектігін міндеттей отырып, ол үшін оқытудың жаңа педагогикалық, ақпараттық және денсаулық сақтайтын технологияларын енгізу» туралы талап қояды. Ал «Қазақстан Республикасы жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартында» «Қазақ тілі» пәнін оқытудың мақсатын төмендегіше анықтайды: « . . . ана тілінің қоғамдық әлеуметтік мәнін түсінген, тілдің қызметін жүйелі меңгерген, қарым-қатынастық біліктілігі дамыған, сөз мәдениетінің талаптарына сай іскерліктерді меңгерген дара тұлға мүмкіндік туғызу», -деп көрсетілген. Ол үшін: «Қазақ тілінің» жаңа білім мазмұнын меңгертудің функциональдық-семантикалық және комунативтік-әрекеттік аспектілерін күшейтілумен бірге «оқушының тілін дамыту, тілдік шығармашылық қабілеттерін жетілдіруді міндеттейді».

Қазақстан Республикасының тәуелсіз мемлекет ретіндегі болмысы оның мектепке беріп отырған сұранысынан танылады. Қазіргі кезде мектеп оқушыларының ойлауы мен тілі сапалы дамытылуы басты нысанаға айналып отыр. Ғылыми білімнің сапасы биік болуы пәннің әдістемелік жүйесі қалай жабдықталғандығына тығыз байланысты. Елбасымыз Н. Ә. Назарбаевтың мектептерді компьютерлендіру, оқушылардың ойлауы мен тілі дамуына жағдай жасау, дарынды балаларды аса назарда ұстау сияқты озық идеялары жүзеге асырылуы үшін, оқыту әдістемелерінің жаңа тұрғыдан құрылуы міндетті болмақ. Әсіресе, Елбасы қазақтың ана тілін одан әрі дамытуға бар күш-жігерді жұмсау керектігін атап, тіпті «Қазақстан болашағы қазақ тілінде» екендігін ол үшін: «Біз барша Қазақстандықтарды біріктірудің басты факторларының бірі - еліміздің мемлекеттік тілін, барлық қазақтардың ана тілін, одан әрі дамытуға бар күш-жігерімізді жұмсауымыз керек»-деген тапсырыс жасады.

Б. Хасанұлы тілдің қызметі туралы: « . . . ол - ұлттық сана-сезім-ұлт үшін аса маңызды әрі күрделі ұғымның бір қыры ғана-ана тілін кеңінен қолданып, оны өзге тілден айыра, ажырата білумен қатар, қадір-қасиетін арттырып, дамытып, жан-жақты байыта түсуге ықпалын тигізетін негізгі қозғаушы күш», -дейді. Ал ұлттық тіл ұлттық ойлаумен байланысты.

«Қазақстан Республикасында гуманитарлық білім беру тұжырымдамасында»: «Қоғамды ізгілендіру - ХХІ ғасырдың табалдырығындағы өркениетті дамудың талабы, мұның өзі әлеуметтік қатынастарды ұйымдастырудың тиімді нысандарына қол жетуіне байланысты болып отыр. Әрі бұл қатынастарда алдымен әлемнің тұтқасы ретінде адам аса айшықтана көрінуі тиіс», -деп анықталады. Демек, болашақ ұрпақтың жеке тұлға болып қалыптасуында, оқыту мен тәрбие үрдісінде гуманистік бағыт пен ізгілік мақсаттың көрініс табуы - бүгінігі күнгі көкейкесті мәселелердің бірі болып қала беретіндігін дәлелдейді. Білім беруді ізгілендіру мәселесі мектепте қазақ тілі пәнін оқыту арқылы өз арнасын кеңейтіп, нығайтып дами түседі.

Жалпы тілдің мына төмендегіше арналары бар:

Біріншіден, қазақ тілі-қазақ жүрген жердің барлығында ұлтішілік ата мұра, қарым-қатынас құралы екендігі;

Екіншіден, қазақ тілі-қазақ халқының ұлттық болмысы мен мәдениетінің жан-жақты қазынасы, қоры;

Үшіншіден, қазақ тілі-дүние жүзі тілдері жүйесінде өзіндік орны бар, ұлт тілдері санатындағы дамыған тілдердің бірі ретінде игеру.

Тұжырымдағанда, мектеп оқушыларына қазақ тілі туралы білім бере отырып, жоғарыдағы аталған мұралар негізінде ұлттық тәрбие де берілу қазіргі кезеңдегі өзекті мәселенің біріне айналып отыр. Бұл арналар жазбаша тілді дамыта оқыту ісісмен де байланысты.

Әсіресе жазбаша қарым-қатынас қоғам дамуындағы қозғаушы күштің бірі болып табылады. Мәселен, жазудың пайда болуы мен қоғамдағы оның ролі туралы М. Балақаев: «Жазба тілдің ілгері даму барысында халық тілінің сөз байлығы, граматикалық құрлысы ықшамдалады, сұрыпталады, нормаланады; жазу мәдениеті арту арқыыл халықтың тіл мәдениеті артады», -деп анықтайды.

Сондай-ақ А. Көшімбаев оқушының жазба жұмыстарына мән бере отырып, «оқушының қиял дүниесінің қазынасы, ойлау жұмысының нәтижесі» деп бағалайды.

Әр адамның жеке ерекшеліктерін сипаттайтын ең жоғарғы психикалық қызметі: қабылдау, ес, ойлау т. б. оның нәтижесі сөйлеу қызметі барысында нақтыланады. Бірақ тілді игергенге дейін де адам белгілі бір дәрежеде әлеммен танысады, оны танып біледі, сан сезімнің әлемді қабылдаудың белгілі жолдары арқылы ол туралы нақты бір ақпаратқа (шындыққа ұласатын немесе жалған) ие болады, өз танымдағы нысандарды анықтап, салыстырады. Демек, жеке тұлғаның әлем (өзін қоршаған шындық) жайлы қандай болмасын жаңа ақпаратты игеруі өзіне бұрыннан бар ақпарат негізі арқылы іске асады. Осы арада айрықша атап өтетін жай: адамзат өзінің даму барысының алғашқы дәуірінде-ақ тілді игере бастайды да, жаңа тұжырым-танымдарды қалыптастыру тіл қатысуы арқылы іске асады , яғни психосоматикалық әрекеттер арқылы қалыптасқан білім тілдік мағыналарды игерумен қатар жүреді де, тілдік модельдер арқылы архетиптік символдар құрылымы түзіледі. Міне, осы негізде қалыптасқан ақпарат жүйесі негізінде тілдік модельдер арқылы сөйлеу жасалады.

Сөйлеудің нәтижесі - мәтін. Ал "мәтін дегеніміз - құрылымы және білдіретін мазмұны түрғысынан алғанда тұтас, ауызша және жазбаша түрдегі кез келген сөздік туынды (словесное приозведение) . Ал сөйлеуді мәтінге қатысты алғанда, оның формасы болып табылады. Өйткені әрбір мәтіндегі ақпарат (оның мәні) белгілі бір жүйелік ұйымдастырудағы тіл бірліктері арқылы қалыптасады және жеткізіледі.

Сөйлеу өзі ақиқат ортадағы кез келген құбылыс сияқты мазмұн мен форманың бірлігінен тұрады. Форма дегеніміз - сөздің нақты жағы (дыбысталым, жазылым), мазмұн - осы сөйлеу құрылымына енген тілдік бірліктерінің семантикасы және сол негізде пайда болған сөйлеудің тұтас семантикасы. Б. Шалабай, М. Ахметова: "Мәтін - адамзат тілінің, сөйлеу әрекетінің сан жылғы дамуының жемісі. Ол - дыбыс, сөз, сөз тіркесі, сөйлемдер тізбегі сияқты бірліктерді өн бойына тұтастай қамтыған ең ірі тілдік құбылыс", - деп анықтайды.

Жазу туралы түсініктің ең қарапайым анықтамасы - адамдарды қашықтықта тұрып қарым-қатынас жасауын қамтамасыз ету. Қ. Б. Күдеринова: "Жазу қоғамдық қажеттіліктен туындады. Адамдар арасындағы күрделі қоғамдық құрылыстың дамып жетілуін жалғыз ауызша сөйлеу тілі қанағаттандыра алмады. Сондықтан жазудың шығуы ең алдымен қарым-қатынастың маңызды бір құрамына деген (қоғамдық мұқтаждыққа қарыздар", - деп көрсетеді.

Тілдің үлкен жүйе, терең құрылым болуына жазудың ролі жоғары. Сондықтан Қ. Б. Күдеринова: "Бүгінгі әдебиетіміздегі күрделі синтаксистік (құрылымдар, күрделі фразалық тұтасымдар жазудың арқасында ғана дүниеге келді", - деп жазады.

Қазіргі мектеп бағдарламасында оқушылардың тілін дамыта оқыту мәселесі айрықша қойылып отыр. Мәселен, қазақ тілі бағдарламасы мектеп алдына мынадай талаптар қояды: "Мектеп жасындағы балалар "Қазақ тілі" пәні арқылы тілдің үш түрлі қызметін: теориялық мәселелердің практикалық дағдының базасы болытынын пайымдауға үйрететін білімдік қызметін; жалпы адамзат жинаған тарихи-мәдени, рухани мұраларды тіл арқылы меңгеруге болатынын және өз ойын жеткізудің, өзін-өзі тану мен өзгені танудың бірден-бір құралы тіл екендігіне көз жеткізетін танымдық қызметін, алған білімді практикалық тұрғыда қалай қолдану іскерліктерін жетілдіруге бағыттайтын коммуникативтік қызметін таниды", -деген жалпы талап қояды да, оны әр сынып бойынша жүргізудің жүйесін береді.

5-сыныпта: "Сөз қолдану мәдениеті, ең алдымен, сөздің емле-ережесіне сай жазылуымен байланысты екендігіне бағытталған жазба жұмыстарын жүргізу.

Жыл бойы өтілген тілдік тақырыптар мен пайдаланылған оқу материалдары бойынша әр түрлі топқа жататын сөздердің мағыналық реңктерін ескеріп, әңгімелеу, баяндау, сипаттау, мінездеу, талқылау бағытында мәтіндер құрату", -деп көрсетеді.

6-сыныпта: "Дұрыс жазу мен дұрыс сөйлеуге төселу; сөздерді орфографиялық нормаға сәйкес жаза алуы".

7-сыныпта: "іс-қағаздарының үлгілерін дайындай алуы; сөздердің байланысу тәсілдерін білуі".

8-сыныпта: "Қоғам, ұлт, өнер, махаббат тақырыбындағы мәтіндердің ой түйіндерін анықтату, ойдың желісін сақтап қайта мазмұндату, интервью, мақала, әңгіме жаза алуы тиіс".

9-сыныпта: "сөздерді стильдік нормаларға сай қолдана алуы; мәтіндерді стильдік сипатына қарай ажырата білуі", - деп көрсетеді.

Қазақ тілі ғылым ретінде терең зерттеліп, білім беру саласында балабақшадан бастап, жоғары оқу орындарына дейін ғылым негіздері қатарына енетін пән ретінде оқытылуы тілдің қатысымдық қызметін арттыру мақсатында мемлекеттік тілге көптеген міндеттер жүктейді. Сондықтан қазіргі кезде қазақ тілі пәнін оқытуда тілдің қоғамдық сипатын ашып, қолданылу аясын кеңейту мынадай салаларда жүзеге асырылуы тиіс екендігін қажетсіну байқалады:

1) жалпы білім беретін мектептердегі жазбаша сөйлеуге жаттықтыру, тіл дамыту жұмыстары жүйесінің жасалынбауы;

2) жазбаша сөйлеу жұмыстарының мазмұны, мақсаты мен міндеттерінің нақтыланбауы;

3) мектептердегі бағдарлама, оқулық оқу құралындағы жазбаша тілін дамытуға байланысты материалдар көлемінің теориялық жағынан да, тәжірибелік жағынан да анықталмауы;

4) жазбаша тіл дамытуда басшылыққа алатын оқушылардың сөйлеу икемділіктерін дамыта оқытуда зерттеулердің қазіргі күннің талаптарына сай болмауы;

Жұмыстың-мақсаты - оқушылардың жазбаша сөйлеу икемділіктері мен дағдыларын дамыта оқыту жолдарын анықтап, тиімді әдістемелік жүйесін жасау.

Жұмыстың міндеті:

- тілдік қарым-қатынасты қалыптастыруда жазбаша сөйлеу әрекеті және оның функциональдық ерекшеліктерін анықтау;

  • жазбаша сөйлеу икемділіктері мен дағдылары туралы ғылыми әдебиеттерді зерттеу және талдау;
  • жазбаша сөйлеудің психологиялық, педагогикалық негіздерін сипаттау;
  • жазбаша сөйлеуге жаттықтырудың нәтижелі жұмыс түрлері мен әдістемелік жолдарын белгілеу;
  • жазбаша сөйлеу әрекеті негізінде қатысымдық білім, білік, дағды- икемділіктерін қалыптастыру;
  • жазбаша сөйлеуді дамыта оқыту мен тіл мәдениетін қалыптастырудың әдістемелік жүйесін жасау.

Диплом жұмысының болжамы. Қазақ мектебінің 5-9 сыныптарында оқушылардың жазбаша тілін дамыта оқыту мынадай жағдайларды басшылыққа алғанда ғана тиімді болады:

- оқытуда жазбаша тілді дамыту лингвистикалық, психологиялық, педагогикалық негіздерге сай мақсатты, жүйелі, жоспарлы жүргізу арқылы;

- жазбаша сөйлеу әрекетке жаттықтыру қатысымдық іс-әрекет негізде жүргізілсе;

- жазбаша сөйлеу әрекетінің дамыту мәтін арқылы, оның қатысымдағы функциональды стиль түрлері бойынша мәтін құрастыруға жаттықтыру арқылы;

- мәтін құрау тіл мәдениетінің талаптарына орай (жүйелілігі, тазалығы, орындылығы, дәлдігі) жаттықтырылса;

- 5-9 сынып оқушылары қазақ тілінің мәтін лингвистикасы мен стилистикасын саналылықпен меңгерту сабақтары дамыта оқыту технологиясы арқылы ұйымдастырылса.

Жұмыстың әдіснамалық негізі. Қоршаған орта, өмір шындығының адамның санасына сәулеленуі тұрғысынан таным теориясы, ойлау мен сөйлеудің байланыстылығы туралы қағидалар, іс-әрекет теориясы, жеке тұлғаның қалыптасуы мен даму заңдылықтары болып есептелді.

Жұмыстың ғылыми жаңалығы:

  • оқушылардан жазбаша сөйлеу әрекетін дамыта оқытудың ғылыми-теориялық негізі анықталды;
  • жазбаша сөйлеу әрекетін дамыта оқытуда ұйымдастырылатын жұмыс түрлері нақтыланып және оларды оқытуды ұйымдастырудың ұтымды әдістемелік жүйесі жасалды;
  • жазбаша сөйлеу әрекеті мен тіл мәдениетіне баулудың әдістемесі ұсынылып, жазбаша мәтін құрастыруда жаттығулар жүйесі жасалды;
  • оқушылардың жазбаша сөйлеу әрекеті мен тіл мәдениетін дамытуға бағыттайтын жаттығулар мен шығармашылық тапсырмалардың тиімді түрлері әзірленіп, оны орындаудың нәтижелі әдістемесі ұсынылды.

Жұмыстың теориялық маңызы. Жұмыста қарастырылған жазбаша сөйлеуді дамыту әрекеті әдістеме ғылымының ғылыми-теориялық жағынан дамуына әсер етеді; тілдік қатынас мәселесін теориялық тұрғыдан жетілдіреді. Жазбаша сөйлеу әрекеті мен оның түрлерін дамыта оқыту тілді қатысымды-танымдық тұрғыдан меңгсрудің сапасын арттырып, әдістеме ілімін теориялық жағынан байытады, ұсынылып отырған жазбаша сөйлеу әрекетін дамыту әдістемесі оқулықтар мен әдістемелік құралдарды ғылыми-теориялық жағынан толықтырады.

1-тарау. Жазбаша тілге баулу икемділіктері мен дағдыны дамытудың теориялық негіздері

1. 1. Жазбаша сөйлеу және оқушылардың жазбаша сөйлеу әрекетін қалыптастыру мәселелері

Бұл мәселе мынадай бағыттарда қарастырылды:

  • адамдардың қарым-қатынас құралының бірі - жазбаша сөйлеу;
  • мектепте оқушылардың жазбаша сөйлеу әрекетін қалыптастыру жайы;
  • жазбаша сөйлеу әрекеті икемділіктері мен дағдыларын қалыптастыру әдістемесінің мақсаты мен құрылымы.

Адам баласын сонау көне дәуірден бастап біздің заманымызға дейінгі талай ғасырлар бойына ғылым мен техника, өнер саласында т. б. жасаған бүкіл мәдени байлығын ұрпақтан-ұрпаққа жеткізген - жазу.

Жазу теориясының пәнін анықтап алу үшін ғалымдар алдымен: "1) тіл дегеніміз не, оның қызметі қандай; 2) ауызша сөз бен жазбаша тілдің қандай айырмашылығы бар деген мәселелерді қарастырып алу керек" деді. XX ғасыр басына дейін тілдің ауызша және жазбаша формасы екі түрлі "дүние" ретінде, бір-біріне қарама-қарсы қойылып келді. Жазылған сөз сол тілдің өзі, ауызша тұрпатының оның көшірмесі ретінде қабылданды. Немесе жазуы жоқ тіл зерттеу нысанына айнала алмады, тілдер қатарына санала алмады. Жазуы сақталған өлі тілдердің болуы немесе жазуы жоқ тілдердің өмір сүруі және жазуы бар тілдердің көбеюі жазу - тілдің өмір сүруінің бір формасы ма, әлде өз алдына дербес тілдік жүйе ме деген сауалдарға жауап іздеуді қажет етті.

Ауызша форманың өз фонологиясы, орфоэпиялық нормалары, морфемдік құрамы, синтаксистік құрамдары, стильдік нормалары болады. Мұндағы фонетика мен морфемдік құрам бір бөлек те, лексикасы мен синтаксистік құрылымы бір бөлек. Алғашқысы дыбыстық тілдің айтылуы мен жазылуына байланысты. Мысалыға біз қазақ тілінде көптік жалғау алтау, олар-лар, -лер, -дар, -дер, -тар, -тер десек (қазіргі оқулықтардың бәрінде осындай), онда жазба тіл тұрғысынан ғана сөз етіп отырғанымыз. Ал ауызша сөйлеуде кездесетін -лөр, -дөр, төр жалғаулары (үйлөр, шөптөр, көлдөр) есепке алынбайды.

Ал жазба форма дискретті. Тіл деңгейлерінің осы екі саласына (фонетика, морфология) қарасақ, жазу тілдің өмір сүруінің бір формасы болып шығады. Ауызша формасында дыбыс қоры да, морфенмдік құрам да күрделі болады, жазбаша формасында шақталып морфонологиялық құбылыстар графонологиялық құбылыстарға айналады. Графонологиялық құбылыс ждегенді айтқан Л. В. Зиндер болатын. И. А. Бодуэн де Куртунэ жазудың графикалық белгілерін сол тілдің фонологиясынан іздеген ірі теоретик, жазуды тілдің бір формасы деп қараған.

Ал екі форманың сөздік қоры мен синтаксистік құрылымы тұрғысынан келгенде бір тілден екінші тілге аударуға болатын, екі тілдік жүйе ретінде қарауға болады.

Оқушылардың жазба жұмысы жөніндегі ғылыми еңбектеріне талдау жасағанымызда, анықталған мәселе: 1) жазу, сауат ашу, орфография мәселелері бойынша; 2) әдебиет пәнін оқыту ретінде шығарма жазуға байланысты қарастырылды.

Мәселен, әдебиет әдістемесімен айналысқан ғалымдар Ш. Кәрібаев, Ә. Қоңыратбаев, А. Көшімбаев, Е. Дайрабаев, Т. Ақшолақов, Ә. Дайырова, С. Тілешова т. б. еңбектерінде жазбаша сөйлеуге баулу шығарма жазу жұмысы ретінде қарастырылды.

Қазақ тілі әдістемесі ғылымының негізін салушылардың бірі-С. Жиенбаев еңбектерінде жазба жұмыстарына мән бере қарастырады. Мәселен, С. Рахметқызы С. Жиенбаев туралы: «Шығарманың анықтамасын беріп, оның көркем шығармадан айырмашылығын ашып көрсеткен әдіскер-С. Жиенбаев»-деп баға берді.

Т. Шонанұлының 1931-1932 жылы шығарылған оқулығы оқушылардың тілін, ойын дамытуға бағытталған. Әдіскер еңбегінде тіл дамыту жұмысы грамматикалық тапсырмалармен байланысты ұсынылғанмен, жоспар құру, суретке қарап әңгіме жаздыру, тіл ширату сабақтарын өткізуі, кітаппен жұмыс жасауды жүргізуі шәкірттерді шығарма жазуға төселдіру арқылы жазбаша сөйлеу икемділіктерін адмытуға болатындығын айтады.

А. Ысқақов «Баланың сөз дарынын дамыту дегеніміз-олардың ойлауын дамыту дегенмен бірдей» десе, әдіскер Ғ. Бегалиев оқушылардың өз ойын ауызша және жазбаша анық, дәл, мүмкін болғанынша бейнелі түрде білдіруге төселдіру керектігін, ол үшін мұғалімнің жүйелі, жоспарлы жазба жұмыстарын жүргізуге мінтеттілігін айтады.

Жазба жұмыс ғалым-әдіскерлер А. Байтұрсынұлы, Ғ. Бегалиев, Қ. Басомов, Ш. Сарыбаев, Қ. Жұбанов, А. Ысқақов тағы басқалардың да зерттеу нысанасы болды.

Ш. Сарыбайұлы «Жаздырып үйрету әдістері», «Күнделікті деректер» еңбегінде тіл дамыту мәселесін қозғайды, автор жалпы шығарма жазу жөніндегі мәселені алғаш рет осы еңбекте тілге тиек етеді, дегенмен ғалымның бұнда айрықша назар аударғаны сауаттылық жайы болды.

А. Байтұрсұнұлы «Біздің заман жазу заманы» деген пікір білдіре отырып, баланың ойын ана тілінің граматикасының оқыту әдістемесінің жетекші мәселелерін де қарастырады.

Қ. Жұбанов жазбаша жұмысты «Тіл ширату» ретінде төмендегідей талаптар қойды: «Оқығанын, есіткенін қысқаша түсінікті етіп жаза алатын болсын», -деп көрсетті. Сондай-ақ өзі жасаған оқулықта: «Сауаттандыру, жазуға үйрету бөлімдерінің енгізілуі кезеңінде жазу жұмысы алғы шарт ретінде маңызды роль атқарады», -деген пірік айтады.

Ал М. Жұмабаев оқушыларға шығармашылық жұмыс ретінде: «бастан кешкен оқиға бойынша әңгіме-шығарма жазуды» ұсынды. Педагог Т. Тәжібайұлы бастауыш мектеп оқушыларының ауызекі сөзі мен жазба сөзінің салыстырмалы талдау жасай отырып, жазба сөз ауызша сөзге қарағанда өзгеше психологиялық негізі бар, айрықша тіл функциясы, ол-өте қиын, саналы, әдейі бір мақсатпен жұмсалатын тіл формасы екенін анықтады.

Жазба жұмыстарын әдебиет пәнін оқытуда шығарманы жазба жұмысының бірі ретінде қарастырған Ә. Қоңыратбаев жазба жұмыстарын пән бойынша жүргізу оқушылардың тілін дамытуға, көркем мәтінді жинақтап-саралауға және оларға өздігінен жұмыс жасатуға көмектеседі деп есептеді. Ол көркем мәтіннің танымдық-білімдік ролін жоғары қоя отырып, YIII-IX сыныптардағы жазба жұмыстарын 1) тақырыптық (талдау), 2) публицистикалық, 3) әдеби-творчестволық деп топтайды, бұлай сараптауда әдіскер жазба жұмысын жалпылама қарастыра отырып, оқушылардың мәтінді оқи отырып, сол негізде өзіндік ой толған пайда болатындығын айтады.

Ә. Қоңыратбаев сондай-ақ әдеби-шығармашылық мәтіннің көркем стильде жазылуына, бейнелі түрде суреттелуіне мән береді. Ол шығарма жазу алдындағы төмендегідей алғышартқа: 1) мәтіндегі белгілі бір эпизодты оқушының өзінше суреттеуі, 2) өлең мазмұнын қара сөзге айналдыру, 3) тыңнан сюжет ойлап шығаруға тоқталып, оқушылардың осы мәселелерді тәжірибе жүзінде іске асыруын мақсат етеді.

А. Көшімбаев әдебиет сабағы бойынша жазба жұмыстарына мән бере отырып, шығарма жұмысын «оқушының қиял дүниесінің қазынасы, ойлау жұмысының жемісі, ойдан шығару өнерінің нәтижесі» деп бағалайды.

Зерттеуші ғалым оқушылардың шығарма жазуда ескеретін кейбір жұмыс түрлерін айқындап, оқушының төмендегідей мәселеге: баланың мәтіндегі оқиғаға байланысты көзқарасы, дәлелі болуына, жоспар құра білуі мен тақырыпты, мәтін мазмұнын толық меңгеруіне назар аударады. Сондай-ақ ол жұмысқа баулу жолдарының кейбір түрлерін: мұғалім әңгімесі, тезис жасату, қосымша материал жинастыруды ұсынады. Ал шығарма жаза білу дағдысына төселдіру мақсатында төмендегідей жұмыстардың орындалуын қостайды:

  1. Шығармаға керекті материалды таңдап ала білу;
  2. Ойын тақырып бойынша да, тақырыпқа жасалған жоспар бойынша да реттеп жаза білу;
  3. Ойына қорытынды жасай білу;
  4. Керекті цитаталарды тауып, оларды орнымен пайдалана білу.

А. Көшімбаев жазу жұмысының алдына қойылатын міндеттің ең бастысының өзі-оқушыны өз бетімен іздене алуға, кітаппен жұмыс істей білуге, өмірден көрген, тұшынған мәселелеріне байланысты пікір түйіп, ой тұжыруға үйрету екенін айта келіп, шәкірттерді шығарма жазуға үйретудің кейбір жолдарын ұсынды:

- тиісті мағлұматты оқушы үндемей отырып ойлап, іштей қайталап, кейін өзінше мазмұндап шығу;

- өмірмен байланысты жазу, оқушының мектептегі, жиналыстағы сөзі, баяндау хаты, іс қағаздарын жазу, экскурсия, саяхат есебі;

- кітапқа аннотация жазу.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ТІЛ ДАМЫТУ ӘДІСТЕРІ
Орыстілді оқушылардың сөйлесу әрекетін дамыта оқытудың ғылыми-теориялық негіздері
Тіл дамыту әдістемесі және мәнерлеп оқу практикумы және оның зерттелуі
Тіл мәдениеті және лексикалық норма
Бастауыш сыныпта бекіту сабақтарын өткізудің теориялық негіздері
Орфографиялық ережелерді оқыту әдістемесі
Сөйлеу әрекетінде лексиканың әдеби тіл нормасында қолданылуы
Қазақ тілі сабағындағы жазба жұмыстарының жүйесі
АҒЫЛШЫН ТІЛІН ОҚЫТУДА ЕРКІН СӨЙЛЕУДІҢ МАҢЫЗЫ
МОРФОЛОГИЯ МӘСЕЛЕЛЕРІН ОҚЫТУ АРҚЫЛЫ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ТІЛІН ДАМЫТУ ӘДІСТЕРІ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz