Қазақ тілі әдістемесінің методологиялық, лингвиетикалық және психологиялық негіздері



Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   
Қазақ тілі әдістемесінің методологиялық, лингвиетикалық және психологиялық
негіздері

Оқыту теориясының даму принциптері, оның ішінде қазақ тілі
әдістемесінің методологиялық негіздері қоғам өмірімен тығыз байланысты.
Біздің қоғамымыз ілгері дамыған сайын, оқыту процестерінің де
мазмұңы жаңарып, әдістері жетілдіріліп келеді. Оқыту процесінде кездесетін
себептілікті, байланыстылықты, бір-біріне тауелділікті, даму жолдарын нақты
ажырату үшін таным заңдылықтарын жете білудің маңызы зор.
Әрбір пәннің oқыту әдістемесі белгілі бір ғылымға негізделеді.
Мысалы, әдебиетті оқыту әдебиеттану ғылымына, тарихты оқыту тарих ғылымына,
ал қазақ тілін оқыту әдістемесі қазақ тіл біліміне тығыз байланысты
қаралады. Тілде дамымай, өзгеріске ұшырамай, бір қалыпта қалып қоятын
мәңгілік еш нәрсе. жоқ, бәрі де өзгереді, дамиды.Сондай өзгеру мен дамуды
тілдің синтаксистік жүйесінен көруге болады.
Тілдің синтаксистік жүйесіндегі өзгеріс, даму, ең алдымен, сөздердің,
яғни сөз таптарының бір-бірімен тіркесімпаздық қасиетіндегі құбылыстардан,
синтаксистік элементтерді бір-бірімен қарым-қатынасқа келтіретін амал-
тәсілдердегі, формалардағы құбылыстардан, грамматикалық формалардың,
мағыналары мен фукцияларындағы құбылыстардан байқалады. Мұндай
құбыдыстардың нәтижесінде сөздердің бір кездегі грамматиқалық топтарының
басқа бір топтағы сөздермен немесе өзді-өзімен синтаксистік байланысында
кездеспейтін жаңа тіркестер туып, қалыптасады. Мысалы, мейраммен құттықтау,
еңбек озаты, Жер серігі т.б.сөздер.
Тіл біліміндегі осындай өзгерістер қазақ тілін оқыту-әдістемесінің
дамуына әсерін тигізді. Осының нәтижесінде қазақ тілі бағдарламасы мен
оқулығыңа Сез тіркесі, Лексика . бөлімдері енгізілді. Мысалы, қазак
тілі бағдарламасы мен, оқулығындағы фонәтика, грамматика жөніндегі
материалдар, қазір лексика, стилистика, орфография мәселелерімен тығыз
байланыста қарастырылады. Қазақ тілі курсындағы сөз таптары жөніндегі
ережелер де нақтыланып, сөз тудыру маселесіне арнайы бағдарлама мен
оқулықтан орын беріліп отыр.
Мектепте қазақ тілін оқыту барысында оқушыңың ауызша және жазбаша
тіліне көп көңіл бөлінеді, Мұның өзі тілдің фонетика, орфография және
орфоэпия бөлімдерін саналы меңгеруге байланысты. Бұл тақырыптарды дұрыс
менгерген оқушы жазба жұмыстарында қате жібермей, сауатты жазатын болады.
Бұлардың бері де оқыту процесінде байланыстырып сөйлеуге дағды бере отырып,
ойын жүйелі, дұрыс айта білуге жаттықтырады.
Қазақ тіл біліміндегі сөз тудыру мәселесі біршама зерттелді. Мұның
мектепте қазақ тілін оқьпу әдістемесінде үлкен әсері болды. Әсіресе, қазақ
тілі бағдарламасы мен оқулығына бұл тақырып енгізіліп, сөздің құрамына, сөз
тудыру жұмыстарына баса көңіл бөлінді; Ол оқушылардың сөздік қорының
баюына, орфографиялық дағдыларды меңгеруіне жағдай жасады.
Қорыта келгеңде:, қазақ тілін оқыту әдістемесі тіл ғылымының осындай
дамуына, оның қойып отырған талаптарына сай жетіліп келеді. Мектепте
оқытылатын қазақтілі материалдарының қандай саласы болмасын, атап айтқанда,
қазақ тілінің фонетйкасы, лексикасы мен фразеологиясы, орфографиясымен
орфоэпиясы, грамматикасы, сөздердің өзгеруі мен сөздердің сөйлемдегі
тіркесі, сөйлем түрлері мен оның белгілері және қазақ тілінің жалпы
заңдылықтарымен таныстыру - қазақ тілін оқыту әдістемесінің нетізгі
объектісі болып табылады және онын ешқайсысы әдістемелік амал-тәсілдерсіз
оқытылмайды. Сондықтан қазақ тілі мектепке арналған бағдарлама бойынша
белгілі бір пән, ретінде танылса, қазақ тілін оқыту әдістемесі оның оқыту
әдістері мен тәсілдерін белгілейтін ғылым демекпіз.
Педагогика ғылымы соңғы жылдары бірсыпыра табыстарға
жетті. Әсіресе, адамның психикасының қоғамдық-тарихи даму табиғатын танып
білуде, ой-санасының жетілуін зерттеу проблемасының айналасында үлкен
ғылыми зерттеулер жүргізілуде.
Психологияның, жеке пәндер әдістемесін нақтылап түсіндіруде алатын
орны ерекше. Мысалы психология грамматиқалық ережелерді оқушылардың қалай
меңгеретінін, оны күнделікті практикада қалай жүзеге асыратынын зерттеп,
қазақ тілін оқыту әдістемесінің дамуына ықпалын тигізіп отырады.
Оқу жоспарын жасағанда да, қазақ тілінің бағдарламасы мен
оқулықтарындағы оқу материалдарын іріктеуде де оқушылардың
жас ерекшелігі мен психологиялық ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ҚАЗАҚ ТІЛІН ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІНІҢ НЕГІЗДЕРІ, ӘДІСТЕРІ МЕН ПРИНЦИПТЕРІ
Қазақ тілі әдістемесінің методологиялық,лингвистикалық және психологиялық негіздері
Қазақ тілін оқытудың инновациялық әдістері
Тарихты оқытудың әдістемесінің зерттелу деңгейі
ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІН ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ
Қазақстан тарихының орта мектепте пән ретінде оқытылуы: теориялық және методикалық негіздер (1958ж. - қазіргі кезеңге дейін)
БОӘ дамуына үлес қосқан Қазақстандық әдіскерлер және олардың еңбектері
Қазақстан тарихын мектепте оқытудың теориялық және әдістемелік негіздерін көрсету
Қазақ тілінде тіл дамыта оқытудың жалпы даму тарихы
Мектепте оқылатын тарих пәні
Пәндер