Қазақ тілі пәнінде дидактикалық ойындарды қолданудың әдістемесі
Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
I Бастауыш сыныпта дидактикалық ойындарды қолданудың теориялық
мәселелері
1.1 Дидактикалық ойындардың психологиялық–педагогикалық
негіздері ... ... ..6
1.2 Бастауыш сыныпта дидактикалық ойындардың түрлері мен
маңызы ... ... ...11
II Қазақ тілі пәнінде дидактикалық ойындарды қолданудың әдістемесі
2.1 2-сыныпта қазақ тілі пәнінде дидактикалық ойындарды пайдаланудың
ерекшеліктері мен формалары ... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... .20
2.2 2-сыныптың қазақ тілі пәнінде дидактикалық ойындарды қолдану әдіс-
тәсілдері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .29
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . ... .33
Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 34
Кіріспе
Зерттеудің көкейтестілігі: Тәуелсіз Қазақстан мемлекетінің қазіргі
даму кезеңіндегі қоғамның дамуы, ұлттық тәрбиенің жоғарлауы арасында
байланыс айқындала түсуде. Оқушылардың белсенділігін арттыру жолында
олардың пәнге қызығуын, ізденімпаздыққа тәрбиелеу мектептің міндеті.
Қазақстан Республикасының Білім беру жүйесіндегі стратегилық
мақсатында- мемлекеттік, әлеуметтік және кәсіптік проблемаларын өз бетінше
тұжырымдай отырып, іс жүзінде шеше алатын, жоғары білімді, бәсекеге түсе
алатын, тұлға қалыптастыруға жағдай жасау делінген [1].
Педагогика ғылымында ойын әрекетінің оқу үрдісінде алатын орны туралы
пікірлер айтылып зерттеліп жүрген еңбектер өте көп. Ал ертедегі ұлы
ойшылдар Ж.Ж Руссо [2] мен И.Г. Песталоции [3] ойын арқылы балаларды
болашақ өмірге бейімдеу керек деп түсіндірген. Ойынның теориясы мен
маңыздылығы туралы К.Д.Ушинский [4] мен П.Ф.Лесгафт, тәрбиеде және оқыту
барысында ойынның алатын орны ерекше екендігі туралы В.А.Сухомлинский [5],
С.П.Шацкий [6] және Н.К.Крупская [7] өз пікірлерін білдірген. Педагогикалық
үрдісті жетілдіруде ойынның алар орны жөнінде Қазақстандық ғалым
Н.Құлжанова да зерттеген.
Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту
тұжырымдамасының жобасында жоғары білімді дамытудың негізгі үрдісі
мамандар даярлау сапасын арттыру, қарқынды ғылыми-зерттеу қызметімен
ықпалдастырылған инновациялық білімді дамыту, жоғары оқу орындары
зерттеулерінің әлеуметтік сала мен экономикалық қажеттіліктерімен тығыз
байланысты білім беру және технологияларды жетілдіру болып табылады деп
атап көрсетілгендей, қазіргі білім беру саласындағы басты мәселе:
әлеуметтік-педагогикалық ұйымдастыру тұрғысынан білім мазмұнына жаңалық
енгізудің тиімді болып қалыптасуына негіз қалау [8].
Мұғалім өмір бойы оқуы керек, ол оқуын, білім алуын тоқтатқан сәттен
бастап, оның бойында мұғалімдік те жойылады. Ойын бала үшін еліктеу,
инстинкт күнделікті негізгі іс-әрекет және өмірі деп дәлелденген.
Н.Құлжанованың айтуы бойынша ойынды әдептілік, тәрбиелік мақсатқа пайдалану-
болашақ өміріне түзу жол салу, үлкендерге еліктеу және өмірдің талаптарына
сай бейімдеу деп түсіндірген [9].
Себебі, ойын-оқу еңбек іс-әркеттері мен бірге адамның өмір сүруінің
маңызды бір түрі. Ойын баланың барлық қабілеттерінің дамуына, айналасындағы
дүние жайлы түсініктерінің кеңейуіне көмектеседі. Халқымыз ойындарға тек
балаларды алдандыру, ойнату әдісі деп қарамай, олардың мінез-құлқының
қалыптасу құралы деп ерекше бағалаған. Ойын балалардың негізгі іс-әрекеті
ретінде психалогиялық, анатомиялық- физиологиялық, педагогикалық маңызы
зор қызметтер атқарады. Ойын баланың даму құралы, таным көзі, білімділік,
тәрбиелік, дамытушылық мәнге ие бола отырып, адамның жеке тұлға ретінде
қалыптасуына ықпал етеді. Ойынды әр бір адам ойнап өседі, ойынды көп
онаған адамның дүние танымы кең, жаны таза, жүрегі нәзік, нағыз сезімтал
тұлға болмақ. Ал кей балалар ойында шынайы өмірде бейнелесе, кей балалар
ішкі сезімін білдіреді. Ойының дамуына және баланың ойынға араласуына әсер
ететін қызықты ойынның түрлері көп. Мысалы: қазақ халқының ұлттық
ойындары, бұл ойынның алғашқы танымы десек артық болмас.
Әр заманның өзіне тән экономикалық, саяси әлеуметтік және идеалогиялық
ерекшеліктері болатыны айқын. Сол сияқты, бүгінгі күннің ұрпақ тәрбиесіне
деген өз талабы, өз ерекшелігі бар.
Ойын әрекетінің философиялық негіздерін ғылыми тұрғыдан қарастырған
К.Гросс, Г.Спенсер, И.Хейзинга, И.Кант, Г.Гегель, В.Вундт, Ф.Шиллер,
Г.Бюллер, В.Фригер, Р.Ван Дер Коэй, Г.Мэйес, В.Демин, Н.Каган, К.Юсупов
т.б. ғалымдар ойын теориясын қалыптасуы мен дамуын ойын іс-әрекетінің
әлеуметтік жақтарын айқындап, оны бала қабілетімен оң әсер ететінін
анықтаған. Грек ойшылдары Гераклит ойынды Шексіз әлемге теңесе, Платон
өзінің Мемлекет еңбегінде жас өскінге өмірлік, қажетті іс-әрекеттерді
үйретуші құралға, өмірге, трагедияға, сезімге, жалпы ғарыштық әлемге
теңеген. Ұлы ақынымыз Абай: Асыр салып ойнамай, өсер бала болар ма?, -
деп бала үшін ойынның маңыздылығын айтып өткен [10].
Ойын - оқытуда жаңа технологияның маңызды бөлігі болып табылады.
Ойын ұғымына түсініктеме берсек - бұл адамның мінез-құлқын өзі басқарумен
анықталатын қоғамдық тәжірибені қалыптастыруға арналған жағдаяттар
негізінде іс-әрекеттің бір түрі.
Ойын – айналадағы дүниені тану тәсілі. Ұлы педагог Сухомлинский:
Ойынсыз, музыкасыз, ертегісіз, шығармасыз, ойсыз толық мәндегі ақыл-ой
тәрбиесі болмайды. - деп санайды [5].
Ойын дегеніміз - жаттығу, ол арқылы бала өмірге әзірленеді. Алғаш
мектеп табалдырығын аттап отырған балалардың ұжымын ұйымдастыруға сабаққа
деген белсенділігін арттыруға ойынды тәрбие құралы деп қарауға болады. Бала
мектепке дейінгі жасында түрлі ойындармен ойнап үлгерген. Сондықтан да ол
мектепте де ойнауға бейім тұрады. Бастауыш сынып мұғалімдерінің сабақ
барысында ойын технологияларын әлі де болса аз қолдануы, қазақ тілі
сабақтарында оқушылардың оқу белсенділіктерін дамытуға бағытталған ғылыми-
әдістемелік материалдардың жетіспеуі мен қазіргі кезеңде бастауыш мектепке
қойылып отырған мемлекеттік талаптар арасындағы қарама-қайшылықтарды шешу
үшін біз дипломдық жұмыстың тақырыбын Қазақ тілі пәнінде дидактикалық
ойындарды қолданудың әдістемесі деп алдық.
Демек, қазақ тілі сабағында дидактикалық ойындарды тиімді қолдана
білсек, оқушылардың рухани дүниесін ізгілендіруде, жеке тұлғалық
қасиеттерін қалыптастыруға жол ашамыз. Ал, ойындар кезінде оқушылар өздерін
еркін сезініп, ұжымды сыйлауға, өз ой пікірін дәлелдеуге үйренеді.
Ұлттық педагогика негіздерімен оқушыларды оқыту арқылы олардың өз халқын
сыйлауға, туған тілін құрметтеуге үйренеді. Бұл оқушылар бойына бір-бірімен
қарым-қатынас кезінде өзара кішіпейілділікпен қарауды, әдеп сақтауды,
сыпайы сыйласуды қалыптастырады және соның нәтижесінде балалардың тіл
мәдениеті жетіледі.
Бұл қазақ тілін дидактикалық ойындар арқылы меңгертудің басты
педагогикалық талаптары ғана. Ал оны жүзеге асыру үшін мұғалім әдістемелік
жағынан шебер қазақ тілінің тілдік құрылысын жете меңгерген, әдеби тілде өз
ойын анық, түсінікті жеткізе алатын болмағы ләзім.
Бүгінгі танда ҚР-ң қоғамдық өмірінде жүріп жатқан демократиялық
өзгерістерге байланысты белгілі әлеуметтік шарттарды ескере отырып, білім
беру жүйесіне қойылып отырған талаптар күшеюде.
Сол талаптардың бірі-бастауыш сыныптарда пәндерді оқыту барысында
дидактикалық ойындарды қолдану, оның алатын орны.
Білім-дүниетанудың кәусар бұлағы өйткені, дүниетануды бастауыш сыныпта
оқытудың барысында дидактикалық ойындар арқылы да қалыптастыруға болады.
Оқушылардың танымдық әрекеттерінің түрлерін бірқатар
психологтар мен педагогтардың еңбектерінде МА.Данилов [11],
И.Я.Лернер [12], Л.В.Занков [13], М.М.Махмудов [14], А.Н.Леонтьев
[15], П.Я.Гальперин [16] дидактикалық ойынның бала өміріндегі маңыздарын
атап өтті.
Дидактикадық ойындар - оқушылардың танымдық қызығушылығын өрістетудегі
маңызды бұлақ болып табылады.
Бұл мәселенің мектеп өмірінде маңыздылығын, қажеттілігін А.В.Усова,
[18], Ж.Аймауытов [19], М.Жұмабаев [20], А.Байтұрсынов [21], Т.Сабыров
[17], Ж.Қоянбаевтар [22] өз еңбектерінде ерекше мән берді.
Ойын арқылы баланың көзқарасы болашаққа деген түсінігі қалыптасады.
Дидактикалық ойын оқушының ой-өрісін, қиял, сезімін дамытып, сөйлеу тілінің
жетілуін қалыптастырады.
Сондықтан тақырыптың өзектілігі, қажеттілігі жұмыстың зерттеу мақсаты
мен міндеттерін айқындайды.
Зерттеудің мақсаты: Бастауыш мектептің 2-сыныбында қазақ тілі
сабақтарыңда дидактикалық ойындарды пайдаланудың әдістерін, ерекшеліктерін
анықгау.
Зерттеудің міңдеттері:
1. Бастауыш сынып оқушыларына қазақ тілі пәнін оқытуда дидакгикалық
ойындарды қолданудағы оқытудың ғылыми-әдістемелік, педагогикалық,
психологиялық әдебиеттерді талдау, мазмұнын, мәнін ашу.
2. Қазақ тілі пәнінің білім мазмұнын игеруде дидактикалық ойындарды
қолдану әдістерін анықтау.
Зерттеу объектісі: 2-сынып қазақ тілі пәні сабақтарындағы дидактикалық
ойындар
Зерттеу пәні: Қазақ тілі пәні, 2-сынып
Зерттеу әдістері: Теориялық, ғылыми-әдістемелік әдебиеттер мен жаңашыл
педагогтардың тәжірибелері және баспасөзде жарық көрген ғылыми еңбектерді
жинақтау, сұрыптау, талдау әдісін қолдану, дидактикалық ойын түрлерін
ұсынып, оның нәтижесін көрсету т.б.
Курстық жұмыс кіріспе, екі бөлім, қорытыңды және пайдаланған әдебиеттер
тізімінен тұрады.
1. Бастауыш сыныпта дидактикалық ойындарды қолданудың теориялық
мәселелері
1.1 Дидактикалық ойындардың психологиялық–педагогикалық негіздері
Жастардың болашаққа деген бағыт бағдары отбасында, мектеп қабырғасында,
жалпы еңбек, қоғамдық деңгейде алсақ, бүкіл қоршаған дүниенің әр саласының
көзқарасқа тигізетін әсері, беретін білімі, тәрбиеге ықпалы әртүрлі.
Мемлекетіміз осының бәрін ескеріп білім беру жүйесін дамытуға, оның
дүниежүзілік деңгейге көтерілуіне аса мән беруде. Білім беру, тәрбиелеу
және балалардың ой-өрісі қабілетінің дамуы бұл сабақтың алға қояр мақсаты
болып табылады.
Өмір сүру үшін білімді меңгерудің маңызды екендігі жайлы ғұлама
бабаларымыз Әл-Фараби, Қ.А.Ясауи [23], М.Х.Дулати [24], Ж.Баласағұн [25]
тамаша өсиеттер қалдырған.
Бастауыш сынып оқушыларының негізгі әрекеті – оқу, қарым-қатынас ойын
және еңбек болса, бұлардың әрқайсысы негізгі функцияларды атқарып, баланы
дамытады.
Ойын туралы көптеген теориялар бар. Солардың бірін алғаш рет жасаған
Ф.Врубель. Ол Ойын арқылы бала өзін-өзі көрсеткісі келеді, - дейді.
Біздің эрамызға дейін IV ғасырда өмір сүрген грек философы Гепокрит
ойынды мәңгілікке теңеген. Оның пікірінше, ойын Мәңгілік – шахмат ойнап
отырған бала. Келесі грек ойшылы Платон ойын теориясын қалыптастырушы
ретінде назарға алынады. Оның пікірінше, ойын - жоғары ақыл, рахаттану,
қызық және теңдесі жоқ жоғары құбылыс. Бұған философтар И.Кант және
Ф.Шиллердің пікірлері сабақтас. Сондықтан екеуінің пікірінше, человек
играет только тогда, когда он полном значении слова человек, и он бывает
вполне человеком лишь тогда, когда играет. Бірақ Ф.Шиллер пікірімен
келіспейтін тұстары да бар. Ф. Шиллер адамның ойлауына ешқандай сыртқы
дүние әсер етпейді, ол өзіндегі артық күштен арылу үшін ойнайды деп
есептейді және адамдар арасындағы ойынды жануарлар ойынымен тең қояды.
Мұндай пікірге ағылшын ғалымы Г.Спенсер де қосылады. Ойын теориясын
зерттеген Н.Хейзенге ойын іс-әрекетін адамның рухани энергия алу үшін
керек, - дейді. Осы энергия негізінде адам мәдени тұрғыдан дамиды және
өседі деген пікірде кеңес одағы философтары М.В.Делин, Д.И.Узнадзе т.б.
ойын адамның өзіндік іс-әрекеті дей келе, оны еңбекпен байланыстырады [10].
М.Лазарус Жұмыстан кейін демалу теориясын, Г.Спенсер Денедегі артық
энергияны шығару, К.Круз Тіршілік үшін күреске әзірлеу ойындарының,
С.Л.Рубинштейн Еңбекке дайындайтын ойындар теориясын жасады [17].
Психология тұрғысынан ойынды зерттеуге Л.С.Выготский [17],
С.Л.Рубинштейн [17], Д.Б.Эльконин [17], Б.Г.Ананьев[17], А.Н.Леонтьев
[17], секілді ғалымдар ат салысты. С.Л.Рубинштейннің пікірінше Ойын
негізінде адамның барлық психикалық қабілеттері қалыптасады. Баланы ересек
өмірге дайындайды. К.Г.Исулов ойынды адам санасының қоршаған ортамен
араласуындағы эвристикалық іс-әрекеті деп қарастырады. Психологтар ойынның
мынадай тізбесін дәлелдеген:
Қажеттілік мотив мақсат ойын іс-әрекет
нәтиже
Демек, психологиялық тұрғыдан ойын:
А). Әлеуметтік тұрғыдан ойлауды қалыптастыру;
Ә). Танымдық мотивтің дамуына әкеледі;
Б). Іс-әрекеттің бір түрі ретінде оқу және еңбекпен қатар тұрады;
В). Логикалық ойлаудан эвристикалық ойлауға үйретеді.
Еңбек, ойын және оқу ерте кезден-ақ адам тіршілігінің негізгі үш тірегі
болып есептелінген. Ол балалар үшін кәмелетке келгенше жүріп өтетін өмір
сатысы. Ойын технологиясы балалардың айналасын тану қызметіндегі
белсенділігі мен шығармашылығының қалыптасуына жолды кең ашатын табиғи
құбылыс. Атақты педагогтар В.А.Сухомлинский [17], Н.К.Крупская [17],
К.Д.Ушинский [17] ойынның балалардың ой-өрісін дамытуда, дүниетанымын
қалыптастыруда практикалық маңызы зор екенін атап көрсеткен.
Педагогикалық ғылым тарихына көз салсақ балалар ойынына қатысты
мәселелерге соқпай кеткен ағартушы, педагог болмаған екен. Тұлғалы
кезіндегі прогрессивті ұлы педагогтар Я.А.Коменский [17], Ж.Ж.Руссо [17],
И.Г.Песталоцций [17] халықтық ойындарға назар аударып, қолданып, халықтық
ойындардың теориялық негізін жасауға талпынған. Ойынның балалардың денесін
сауықтыратын, ақыл-ойын белсенді ететін және барлық ағзаларын икемді
қозғауға баулитын мәнін Я.А.Коменский дәріптеген. Ж.Ж.Руссо пікірінше білім
алу ойынның балалар өмірінде кезектесіп, алмасып отыруы бір-бірімен
сабақтаса байланысуы бала дамуындағы қажетті шарт болады.
Ойын – оқу үрдісіндегі оқытудың әрі формасы, әрі әдісі ретінде дербес
дидактикалық категория. Сонымен бірге ойынды мұғалім мен оқушылардың
бірлескен оқу әрекетінің өзара байланысты технологиясы ретінде қолдануға
болады. Бастауыш сынып оқушыларының мектепке келгенге дейінгі негізгі
әрекеті – ойын болса, оқу-тәрбие үрдісінде олар біртіндеп ойын әрекетінен
оқу әрекетін орындауға бейімделуі тиіс. Ол сабақ барысында пайдаланатын
дидактикалық ойындар арқылы жүзеге асады.
Ойынның мақсаты:
1. Баланы пәнге қызықтыру, логикалық ойлауын дамыту;
2. Сөздерді орынды қолдану дағдыларын жетілдіре отырып сөйлеу
мәдениетіне тәрбиелеу;
3. Таным әрекетін қалыптастыру, тиянақтау, пысықтау, алған білімді тексеру,
қызығушылығын ояту, белсенділігін арттыру.
Міндеті: 1) Танымдық: баланың тану, іздену әрекетін дамыту;
2) Тәрбиелік: айналасымен қарым-қатынас жасауға, қажетті дағдыны,
адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру, баланың қызығушылығын ояту.
Ойын сабақтың басында - өткен сабақты еске түсіреді.
Сабақтың ортасында – көңіл-күйін сергітеді, ерік-жігерін дамытады,
сабаққа ынтасын арттырады.
Сабақтың соңында – тақырыпты бекіту, сабақта алған білімді жинақтау
мақсатын көздейді.
Ойын – оқушылардың оқуға деген ынтасын арттыратын құрал. Сондықтан
бастауыш сыныптарда оқушылар ойынды көп қажет етеді.
Ойынның түрлері көп, соның ішінде маңыздысы – дидактикалық ойын. Бұл
ойынның пайдасы баланың ой-өрісінің қалыптасуын, дамуын мақсат етіп қояды.
Оқушының үйіндегі жұмысын сабақтағы педагогикалық тапсырмамен ұштастырып,
толықтырып отырғанда ғана оқушылардың алған білімдері терең, тиянақты
қалыптасады.
Педагогика саласында пайдаланатын ойындарды – дидактикалық ойындар
дейді.
Дидактика (грек. Didaktikos – оқытушылық бойынша (поучительный) –
білім беру мен оқыту (мақсатын, мазмұнын, оқытудың заңдылықтары мен
қағидаларын), сондай-ақ оқыту процесіндегі тәрбие теориясын дайындайтын
педагогиканың бөлімі.
Дидактикалық ойындар арнайы мақсатты көздейді және нақты міндеттерді
шешеді. Ойынның міндеті – баланың қызығушылығын оятып, белсенділігін
арттыру мақсатында іріктеліп алынатын нақты мазмұнмен анықталады.
Дидактикалық ойындар – баланың ынтасын сабаққа аударуға, көңіл
қойғызуға, қабылдауын жеңілдетуге, білімді толық игеруге көмектеседі.
Сабаққа эмоциялық бояу береді.
Дидактикалық ойындар балалар үшін өзіне тән жүру барысы, мақсаты,
маңызы бар әрекет. Дидактикалық ойындарды бала тәрбиесіне енгізу үшін
көптеген жұмыстар атқарылды. Дидактикалық ойындарды тиімді пайдалану
сабақтың әсерлігін, тартымдылығын, белсенділігін, ынтасын күшейтеді. Бұл
ойын ережесі балалардың түсінуіне оңай, қарапайым әрі қысқа болу керек.
Кейде оның мазмұны ережесі балаларға дұрыс түсіндірілмейді де балалар оған
қызықпайды, ынтасын қойып тыңдамайды. Оның үстіне дидактикалық материалдар
мен көрнекіліктерге жеке көңіл бөлінбейді. Баланың таным қабілетін,
логикалық ой-өрісін кеңейтіп, сабаққа ынтасын арттыруда дидактикалық
ойындарды ұтымды пайдаланудың маңызы зор. Сондай-ақ балалардың адамгершілік
сезімін оятуға, адамдармен дұрыс қарым-қатынас жасау, еңбек адамдарына,
басқа ұлт өкілдеріне, достық, туған жеріне сүйіспеншілік сезімін
тәрбиелеуге көңіл бөлінеді. Балалар алдарына қойылған дидактикалық
тапсырмаларды өз беттерінше орындау үшін тәрбиеші көркем әдебиет оқып беру,
суреттер дайындау, декоративтік заттар тағайындау арқылы алдын-ала жұмыс
жүргізу керек.
Дидактикалық ойындардың түп тамыры қазақтың ұлттық ойындарымен
мазмұндас. Ойын әрекеті балалардың бағалы өмірінің алғашқы күндерінен
бастап-ақ маңызы зор. Халық жасаған мұралар сан алуан. Солардың бірі - ұлт
ойындары. Ойынға тек ойын деп қарамай халықтың ғасырлар бойы жасаған асыл
қазынасы, бір жүйеге келтірілген тамаша тәрбие құралы деп қарау керек. Ұлт
ойындары отбасы тәрбиесінен бастап, мектептегі жеке пәндерді оқыту
барысында қосымша материал үшін, баланың сол пәнге қызығушылығын арттыру
үшін пайдалануға болады.
Дидактикалық ойындар – балалардың білімдерін арттырудың құралы.
Сабақта ойындарды қолданудың түрлі жолдары бар.
Ойын өмірде пайдасыз көрінгенімен аса қажетті көрініс, құбылыс. Өмір
сүру үшін білімді меңгерудің маңызды екендігі жайлы ғұлама бабаларымыз Әл-
Фараби, Қ.А.Ясауи [17], М.Х.Дулати [17], Ж.Баласағұн [17] тамаша өсиеттер
қалдырған.
Ұлы ойшылдар ағартушы педагог Я.А.Коменский, И.Г.Песталоцци, Ж.Ж.Руссо,
А.Дистерверг, Ы.Алтынсарин, К.Д.Ушинский оқыту арқылы оқушылардың ақыл-ой
қабілеттерін, дербестігін, ойлауын дамытуға көңіл бөлу керектігін айтқан
болса, оқыту үрдісінің ерекшеліктері мен ұстанымдары, оқыту әдістері мен
құралдарын М.А.Данилов, Б.Н.Скаткин, Ю.К.Бабанский, М.Жұмабаев, Т.Сабыров
т.б. өз еңбектерінде оқушылардың өз беттерінше жұмыс орындауда дидактикалық
ойындардың пайдалы жақтарын талқылаған, ғылыми түсініктер берген.

Міндеті:
1. Танымдық: баланың тану, іздену әрекетін дамыту;
2. Тәрбиелік: айналасымен қарым-қатынас жасауға, қажетті
дағдыны,адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру, баланың
қызығушылығын ояту.
Ойын сабақтың басында - өткен сабақты еске түсіреді. Сабақтың
ортасында – көңіл-күйін сергітеді, ерік-жігерін дамытады, сабаққа ынтасын
арттырады. Сабақтың соңында – тақырыпты бекіту, сабақта алған білімді
жинақтау мақсатын көздейді.

Алғашқы ойындар біздің заманымызға дейінгі мыңдаған жылдар
бұрын пайда болған. Ол ойындар өте қарапайым болған. Бірақ сол кезеңде
Үндістан жерінде өте қызық, әрі күрделі шахмат ойыны пайда болады. Аңыз
бойынша бұл ойынды шах бұйрығы бойынша шах сарайының бір ғалымы ойлап
тапқан екен. Шахқа ойынның ұнағаны сонша, ол өзінің көмекшілеріне ғалымға
өзі қалаған сыйлықты тарту етіңдер деген екен. Ғалым сыйлық ретінде оған
шахмат тақтасындағы шаршылар санындай бидай дәнін беруін сұраған. Бірақ
бидай саны былай саналуы керек болды: Әрбір келесі шаршыға оның алдындағы
шаршының квадраты көбейтілуі қажет еді. Шах болса, бұл бір екі-үш қап бидай
болар, неге алтын сұрамаған деп таң қалып кетіп қалады. Ертеңгісін
көмекшілерін шақырып, ғалымға бидайын бергендігін сұрайды. Бірақ
көмекшілері әлі бидай санын санап бітпегенін айтады. Шах ашуланып, ғалымды
өзіне шақыртады. Ғалым шахқа егер ол өзінің бүкіл жеріне бидай егіп тастаса
да, тіпті бүкіл жер шарын бидай алқабына айналдырса да керек бидай санын
жинай алмайтынын айтады. Шах ғалымның даналығына риза болып, оны дұрыстап
марапаттауын бұйырады. Міне, аңыз бойынша шахмат ойынының тарихы осындай.
1.2 Бастауыш сыныпта дидактикалық ойындардың түрлері мен маңызы
Бүгінгі таңда қоғамымыздың даму бағытында жан-жақты дамыған, сауатты,
саналы азамат тәрбиелеу мәселесі жүктеліп отыр. Мұндай мәселенің, мақсаттың
баянды болуы оқу-ағарту жүйесінің үлесіне түсетінін ескерсек, білім негізгі
бастауыштан басталғандықтан, жас жеткіншектердің білімді, білікті болуында
ойынның алатын орны ерекше. Ойын арқылы оқушыны білім алуға, оқуға
қызықтыра отырып, тұлғаны дамуын қалыптастыруға болады. Мазмұны бойынша
барлық дидактикалық ойындар оқушылардың ақыл-ой белсенділігін
қалыптастырудың маңызды құралы бола отырып, олардың бағдарлама материалының
негізгі тақырыптары бойынша алған білімдерін тереңдете түсуді, әрі
пысықтауды көздейді. Бұл ойындар балалардың сабақ үстіндегі жұмысын
түрлендіре түседі, олардың пәнге белсенділігін аялап, ынта-ықылас қоюына
баулиды және оқушылардың зейінінің, ойлау, зерде үрділерін дамытады. Өмір
тәжірибесін бір жүйеге келтіруге үйретіп, нерв жүйесін демалдырады. Міне,
сондықтан да ойын оқу-әрекетінде жетекші рөл атқарады.
Мұның барлығы дидактикалық ойындарды бастауыш сынып оқушыларының оқу
іс-әрекетінде белгілі бір жүйемен пайдалану қажеттілігін дәлелдейді.
Педагогикада ойын әрекетінің оқу үрдісінде алатын орны туралы
зерттеліп жүрген еңбектер аз емес. Себебі, ойын-оқу, еңбек іс-әрекеттерімен
бірге адамның өмір сүруінің маңызды бір түрі. Оны мынадай кесте арқылы
суреттесек те болады.
Сурет – 1. Ойын әрекетінің оқу үрдісінде алатын орны
Ойын ұғымына түсініктеме берсек – бұл адамның мінез-құлқын өзі
басқарумен анықталатын қоғамдық тәжірибені қалыптастыруға арналған
жағдаяттар негізіндегі іс-әрекеттің бір түрі. Адамзат тәжірибесінде ойын
әрекеті мынадай қызметтерді атқарады:
- ойын – сауық:
- коммуникативтік немесе қарым-қатынастық;
- дидактикалық (ойын барысында өзін-өзі тану);
- коррекциялық (өзін - өзі түзету);
- әлеуметтендіру;
Әлі де болса ойынның адамның дамуына, қалыптасуына, тәрбиесіне
байланысты функциялары анықталуда. Ойын – адамның өмір танымының алғашқы
қадамы. Сондықтан ойын арқылы балалар өмірден көптеген мәліметтер алып,
білімін жетілдіреді. Ойын - бір қарағанда қарапайым құбылыс не әрекет
іспетті. Ол міндетті түрде ұжымдық әрекет. Ойынның ережелері ойнаушылардың
қисынды ой қабілетінің дамуы, бір-біріне деген сыйластық қажеттіліктерімен
санасуы, әр ойыншының жеке әрекеттерінен туындайды. Ойынның басты шарты
жеңіске жету болса, әр ойыншы өз қарсыласының мүмкіндігімен санасып, бір-
біріне деген сенімін арттырады. Ойын әсері арқылы бала өз қасиетін қалай
қанағаттандыра алатыны, қандай қабілеті бар екенін байқап көреді. Ойын –
баланың тапқырлығын, байқағыштығын, зейінділігін арттырумен қатар, ерік
сезім түрлерін де дамытады. Сабақты бірыңғай әдістерімен жүргізе беру
оқушыларды жалықтырары сөзсіз. Егер арасында ойын араласып келіп отырса,
оқушылар сабақ мазмұнына аса назар аударып, тез қабылдап, ұғып алады. [31]
С.А.Шмаковтың анықтауы бойынша ойын:
- еркін дамытушы іс-әрекет, ол әрекет белгілі бір нәтиже үшін емес,
баланың қанағаттануына байланысты.
- әрекеттің эмоционалды жағынан көтеріңкі болуы, яғни жарыстық орын
алуы.
- ойынның мазмұнын сипаттайтын қағидалар.
Жоғарыда аталған белгілерге байланысты ойынның бастауыш сынып
оқушыларының білімін берік меңгеруіне тигізетін әсерін анықтау үшін біздер
мына сұрақтарға жауап ізделік. Бастауыш сынып оқушыларының оқу әрекетін
ұйымдастыруда ойынның құрылымы қандай болмақ?
Оқушылардың белсенділігін арттыру үшін ойынды қалай пайдалану керек?
Ойынды бастауыш сынып оқушыларының жас және психологиялық ерекшеліктеріне
сәйкес қалай қолдану қажет?
Бастауыш сынып оқушыларының психикасының дамуына ойын әрекеті шешуші
рөл атқаратындығы туралы белгілі ғалымдар өз еңбектерінде айтып кеткен
[32].
- Оқу білім алу мен білік, дағдыны қалыптастырса, қарым-қатынас – бұл
балалардың бірін-бірі дұрыс қабылдап, сонымен қатар жаңалық алмасуын
арттырады. Ойын – пәндік әрекеттерді жетілдіріп, бірлесіп жұмыс жасай
білуге дағдыландырады. Ал еңбек – қолдың қозғалысын жақсартып, практикалық
кеңістік және көрнекі ойлауын жетілдіреді. Балалардың бұндай әрекеттерге
белсене қатысуы олардың психикалық дамуын арттырады деп түсіндірген.
Ойын – баланың өз ісі. Егер баланың ойынына қатысқың келсе, өзің бала
болып қатыс. Балалар сенің ересек адам екеніңді сезбейтін дәрежеде болсын
– деген Мағжан Жұмабаевтың тұжырымы баланың ойын іс-әрекеті туралы көп
ойларды аңғартады [20]. Адамның жан дүниесінің дамып жетілуі, әлеуметтік
өмірге бейімделіп, тіршілік ету, әртүрлі іс-әрекеттермен шұғылдану
барысында қалыптасады. Бастауыш мектеп жасындағы оқушылардың психикалық
даму үрдісінде ойын әрекетінің тағылымдық және тәрбиелік маңызы зор. Ойын
әрекетінде баланың денесі мен ақыл-ойы дамып, өзін қоршаған ортаның заттары
мен құбылыстарын танып біледі. Тәлім – тәрбие ғылымы мен адамның жан
дүниесінің сырын зерттейтін психология пәні ойын әрекетін адамның
эволюциялық даму үрдісінің белгілі бір кездегі тіршілік қажеттілігі ретінде
қарастырады. Осы бағытта адамның ойын әрекеті әлеуметтік өмірдің негізгі
бір құрамды бөлігі және баланың үлкендердің өмірін бейнелеуі, айналадағы
ортаны тану жолы екендігін көрсетеді.
Т.Тәжібаев өз зерттеулерінде ұзақ жылдар бойы қалыптасқан ұлттық
ойындар мен түрлерінің кейбір ерекшеліктерін ескілікті салт-дәстүрлерді
білдіреді деген қате көзқарасты орында сынай отырып, олардың тәлім-
тәрбиедегі, денесін шынықтыру мен ақыл-ой жетілуінің әсеріне тоқталады.
Ойын тек көңіл көтеру, көңілін шаттандыру өміріне байланысты тәрбиелік
мағынасы зор жеке адамның, баланың дамып жетілуіне, қалыптасуына әсер етуші
факторлардың бірі болған. Бала ойындарының мазмұны байып, түрі өзгеріп
отырады. Ата-ана баланың ойлау, қиялдау, армандау сана-сезімдік
қабілеттерін қалыптастыру үшін, халық ауыз әдебиетінің жырларын айтып
тәрбиелеген [28].
Төзімділік, шыдамдылық пен ұстамдылық өзін-өзі тежеу сияқты
қасиеттердің қажеттілігін бастауыш мектеп жасындағы оқушы ойын барысында
сезінеді. Ойын баланың жаy серігі іспеттес. Қай бала болсын ойынмен өседі.
Мұғалім балаларды ойынға өз қызығушылығымен, ынтасымен қамтамасыз ету
керек. Сонда ғана ойын мақсатына жетіп, тәрбиелік мәні арта түседі. Баланың
әдепті, көрегенді, қарапайым, қайырымды болып өсуі қоршаған ортасына,
үлкендерге тыс уақытта ойнаған ойынның тәрбиелік мәніне де байланысты
болады. Ойын барысында баланың бойында қайырымдылық қасиетті сіңіре
білуіміз керек. Ол үшін баланың айналасына қолайлы жағдайлар жасауымыз
керек.
А) бала ұстаған заттың өз орынды және гигиеналық талапқа сай болуы
тиіс;
Ә) баланың талабының қанағаттануы қажет;
Б) мұғалімнің жеке басының үлгі-өнегесі, мәдениеттілігі, байсалдылығы,
мейірімділігі т.б. қасиеттері бала үшін аса маңызды;
В) балалар өмірінің бағдарламалық талапқа сай дұрыс ұйымдастырылуы;
Мұғалім оқушылардың ойынға белсенділігін үнемі арттырып отыруы тиіс.
А.С. Макаренконың айтуынша, ойын үстінде баланың физикалық,
психологиялық қасиеттерінің сапалары да өзгеріп отырады. Ойын баланың
сабаққа ынтасын аудартуға, көңіл қойғызуға, сондай-ақ қабылдауын
жеңілдетуге, білімді толық игеруіне көмектеседі [33].
Ойынның қалыптасуы "құпиясын" ашуға сан жүздеген жылдар бойы әртүрлі
ғылыми бағытта ғалымдар қалам тартқан. Оның шығуы туралы айтылған ой-
пікірлер көптеп кездеседі.
Ойындағы қиындық оның түрлерінің әртүрлілігімен, қарсыластардың қатысу
әдісімен, ойынның жүргізілуімен анықталады. Ойын-оқытудың таптырмайтын
элементі.
Ойын процесінде:
- жүргізудің ережелері меңгеріледі;
- әртүрлі үлгідегі экономикалык және әлеуметтік институттардың,
фирмалардың, мекемелердің, ұжымдардың, топтардың мүмкіндіктері
қарастырылады;
- ойындағы белгілі бір мақсатқа жету үшін оған қатысушылар бірлескен
ұжымдық іс-әрекет жасауға дағдыланады. Оқушының жеке мінез -құлқы
қалыптасады;
- мұғалімдер мен оқушылардың және қосымша пайдаланған көрнекі
құралдардың ойынға қосқан үлестерінен мәдени дәстүр қалыптасады.
Ойын-бір қарағанда пайдасыз болып көрінеді, олай бола тұра, қажетті,
өмірдің керемет құбылыстарының бірі. Ойын өзіне қызықтыра, тарта отырып,
ғылымда қиын, күрделі мәселе болып табылады [34].
Отандық педагогика мен психологияда ойын әрекетін К.Д.Ушинский,
П.П.Блонский [35], С.Л.Рубинштейн [36], Д.К.Эльконин [37], т.б. жете
зерттеді.
К.Гросс теориясы аса ықпалды теория болған. Оның ойынша, ойынның мәні,
мұнан әрі маңызды әрекетке, дайындыққа қызмет етеді; ойында адам жаттыға
отырып, өзінің қабілетін жүзеге асырады. Бұл теорияның құндылығы - ойынды
жетістікпен тығыз байланыстыруда болған. Ойынның жетістіктегі ролі ерекше.
Кемшілігі - бұл теория ойынның қайнар көзін емес, "мәнін" береді. Ойынды
тудыратын себептерді ашпайды. Гросс адам ойынын жануарлардың ойындары
сияқты түсіндіре отырып, оларды қате, бүтіндей биологиялық факторға,
инстинктке апарады. [14]
Ойынның себептерін ашуға талпына отырып, Г.Бюллер ойынның негізгі
себебі ретінде функциональдық рақаттану теориясын алға тартады. Бұл іс-
әрекеттің гедонистік теориясының жеке бөлігі болып, яғни адамның іс-әрекеті
рақаттану және құштарлану принциптерімен басқарылады деп есептейтін теория
болып табылады. Адам әрекетінің сарындары, адамның өзі сияқты әр алуан;
сондай немесе басқа да эмоциональдық реңі тек шынайы мотивацияның туынды
жағы және көрінісі болып табылады. Шиллер мен Спенсердің динамикалық
теориясы сияқты гедонистік теория әрекеттің шынайы мазмұнын көзден таса
етеді. Онда эмоцинальды тиімді түрін қамтып көрсететін оның шынайы сарыны
жасалған. Бұл теория ойын үшін анықталған функциональды рақаттану немесе
жұмыс істеуден рақаттану факторын тани отырып, ойында организмнің тек
функциональды қызмет атқаруын көреді [40].
Ойынның фрейдистік теориясында өмірде ығыстырылған талаптардың жүзеге
асқандығынан көрініс табады, себебі өмірде жүзеге аспағанмен, ойында жиі
ойналады және бастан өткізіледі. Ойында өмірден түңілген, өзіне-езі жауап
бере алмайтын субъекті сапасының кемдігі көрсетіледі. Ойында өмірдің
таңғажайыптары мен сұлулығы іске асырылып, шығармашыл қоқысқа айналады;
дамудың нәтижесі мен факторынан, ол жетіспеушілік пен сапасыздықтың
көрінісіне айналады; өмір сүруге икемделуден, керісінше оның қашқынына
айналады.
Л.С.Выготский мен оның ізбасарлары ойындағы жалпы мақсат адам ойнай
жүріп, шынайы жағдайдың орнына өзіне алдамшы жағдай жасап алады және өзі
сол жағдайға сай белгілі бір рөл ойнайды. Ойнай жүріп айналасындағыларға
үлгі береді.
Әрекеттен қалыпты жағдайға өту үшін ойынның ерекше түрлерінін дамуы
шынында өзгеше. Алайда алдамшы жағдайдың қалыптасуы мен мағыналарды
тасымалдау ойынды түсінудін негізіне жұмсалмауы тиіс.
Бұл түсіндірудің негізгі кемшіліктері мынадай. Ол ойынның кайнар көзін
айта отырып, ойын әрекетінің құрылымы төңірегіне топталады. Мағыналарды
тасымалдау, алдамшы жағдайға өту ойынның қайнар көзі болып
есептелмейді. Ойынның бастауы ретінде шынайы жағдайдан алдамшыға
өтуді талқылауга талпыну ойынның психоаналитикалық теориясының
сарқыншағы ретінде ғана түсінілу керек [40].
Қ.Жарықбаев ойында бала әрекеті пісіп жетілгенімен, ал, шынайы өмірде
әлі іс-әрекеті іске аса қоймаған тенденция нәтижесі ретінде қарастырады
Қ.Жарықбаевтың пікірінше ойын әрекеті ішкі мотивке айнала қоймайды. Ойын
теориясындағы сияқты, күштің молдығынан, ойын оң ықпал етуші ретінде
қолданылады. Ол дамудың өкімі ретінде қарастырылады. Бұл әрине жақсы, бірақ
теорияның негізгі кемістігі, ойынды қоршаған әлеммен қарым-қатынас
нәтижесінде туындаған іс-әрекет деп емес, іштен жетілген қызмет әрекеті
деп қарады. Ойын осылай іштей толығып отыратын шынайы мазмұнмен
байланыспайтын немқұрайлы белсенділікке айналады. Ойын "мәнінің" мұндай
түсінігі шынайы ойында оның нақты көрінуін түсіндіріп бере алмайды [41].
Дегенмен де ойынның балаларға берері мол екендігі педагог-ғалымдар
тарапынан қолдау табуда.
Дидактикалық ойындар үш топқа бөлінеді:
1. Заттық дидактикалық ойындар. Дидактикалық ойыншықтармен, түрлі ойын
материалдарымен ұйымдастырылады;
2. Үстел үстінде ойналатын дидактикалық ойындар. Лото, домино және
т.б;
3. Сөздік дидактикалық ойындар.
Дидактикалық ойындар балаларды өз бетінше жұмыс істей білуіне
дағдыландырады. Ойлау қабілеттерін, ізденімпаздығын арттырады, сөздік
қорларын молайтуға көмектеседі.Жалпы, қолданылатын ойын түрлері оқушылардың
ұғымдарын кеңейтіп, дағдыларын шыңдай түсетіні белгілі. Бұлай деудің
негізгі себебі – бұл жастағы балалар әлі де болса ойын баласы. Сондықтан
да сыныптан тыс жұмыстарда балалардың осындай психологиялық ерекшеліктерін
ескере отырып, мазмұнды ойын қолданған жөн. А.С.Макаренконың сөзімен
айтқанда, Жақсы ойнауға үйретеді. Мұндай ойындарға қойылатын талаптар
мынадай:
1. Сапа;
2. Пән мазмұнының тәрбиелік-танымдық құндылығы;
3. Бейнелейтін түсініктердің толықтығы мен дұрыстығы;
4. Ойы;
5. Іс-әрекетінің орындылығы;
6. Белсенділігі;
7. Ұйымшылдық пен шығармашылық сипаты;
8. Барлық ойыншылардың мүдделерін ескеру;
9. Ойын ережелеріне бағыну;
10. Ойын материалдарын мақсаткершілікпен пайдалану;
Ойын әрекетінің қызықты болуын қамтамасыз ететін баланың танымдық
қызығушылығы мен адамгершілік сапаларын дамытатын басты нәрсе:
1. Білім;
2. Әрекет;
3. Қарым-қатынас.
Міне осы жағдайларды ескере отырып, балалар бойында адамгершілік
сапаларды қалыптастыруда пайдаланатын ойын түрлерін төмендегідей жүйеледік:
1. Мазмұнды-бейнелі ойын: Отбасы, бала-бақша, мектеп, аурухана, ұшқыштар,
мал фирмасы, құс фирмасы, құрылысшылар, мұнайшылар, темір жол,
теңізшілер;
2. Қимыл-қозғалыс ойындары: Қу түлкі, ормандағы аю, мысық пен торғайлар,
бақташы мен қозылар, қуыспақ, қасқыр қақпан, ботақан, соқыр теке,
жырадағы қасқыр, желден биік, су, ауа, жер;
3. Дидактикалық ойындар: Заттардың түсін анықта, қуыршақты серуенге
дайында, орныңды тап, ойлан тап, ұзын-қысқы, аласа-биік, әр құстың
мекенін тап, түсті лото, дәл тауып айт, тігін шеберханасы, тез ретке
келтір, мына заттарды сипатта, сандардың орнын тап, жоғары-төмен,
көршілер, аралар, телеграф.
4. Құрылыс ойындары: Лего және басқа конструкторларды пайдалану;
5. Спорттық ойындар: Футбол, волейбол, теннис, хоккей, баскетбол;
6. Драмалық ойындар: Адамгершілік тәрбиесі тақырыбына оқылған ертегі,
әңгімелерді рөлдерге бөле отырып орындау.
Дидактикалық ойындардың оқыту мазмұнына танымдық іс-әрекет сипатына,
ойын құрылымына сәйкес жіктемелер бар. (Л.А.Венгер, О.М.Дьяченко,
Т.К.Жикалкина, т.б.)
Қазақ халық ойындарының жіктемесі:
1. Оқушылардың жас ерекшеліктеріне (А. Диваев);
2. Ойын сипатына (М. Гуннер, Е. Сағындықов, Б Төтенаев.);
3. Дене қасиеттерін қимылдық әрекеттерді дамытуға ( М.Таникеев,
Ж.Төлегенов, Т. Бекбатшаева, Т.Қуанышов);
4. Ойындардың педагогикалық мүмкіндіктеріне (А.К.Айтбаева) сәйкес
жасалды.
Дидактикалық ойындарды оқыту мазмұнына сәйкес түрлері:
1. Ойын-саяхаттар. Олар ертегілерге ұқсас. Олар фактілер немесе
оқиғаларды бейнелейді, бірақ олар ерекше түрде ашып көрсетіледі; қарапайым
жұмбақ арқылы; қиындық - оңай жолмен; кажеттілер - қызық жолмен беріледі;
2. Ойын-тапсырмалар. Бұл ойындардың негізін заттар мен әрекет, сөздік
тапсырмалар құрайды. Ойын міндеттері мен әрекеттері бір нәрсені болжауға
негізделеді.
3. Ойын болжамдар. Бұл ойындар "Не болар еді...?", "Мен не істер едім,
егер ..." деген сұрақтарға негізделеді. Ойынның дидактикалық мазмұны
балалардың алдына проблемалық міндет пен ситуацияны қоюда ерекшеленеді.
Мұндай ойындар білімді нақты жағдайда ұштастыра байланыс тапсырмаларын
белгілеуді талап етеді.
4. Ойын-жұмбақтар. Жұмбақтың негізгі ерекшелігі - логикалық астарының
болуында. Олар баланың ой-әрекетін белсендіреді. Жұмбақтар салыстыру, теңеу
және сипаттау арқылы ұғымның қасиеттерін ажыратуға тәрбиелейді, оқушы
қиялының дамуына әсер етеді.
5. Ойын-әңгімелер. Ол мұғалімнің балалармен, балалардың мұғаліммен
және балалардың балалармен қарым-қатынасына негізделеді. Бұл қарым-катынас
ойын мазмұнында ерекше сипатқа ие болады. Ойынның құндылығы - олар
эмоциональдық түрде белсендіруге, бір сөздікке, өзара әрекет жасауға,
бірлесіп ойлануға мүмкіндік туғызады.
Балалардың ойындары әр түрлі болып келеді. Сөз сөйлеудің дамуы,
тәрбиеленушінің білім қоры педагогтарға оларда әртүрлі ойындарға деген
іскерлікті қалыптастыруға: сюжетті-рөлдік, дидактикалық, козғалмалы
мүмкіндік береді. Балалар мінездегі ерешеліктерді ажырата бастайды және
өзінің іс-әрекеттерінде ойындардағы әдістерді, кұралдарды пайдаланады.
Баланың ойыннан толық мәнді дамуы тек тәрбиешінің мақсатты бағдарлы іс-
әрекеті қалыптастырылғанда көрініс алады. Осылайша, сюжеттік-рөлді ойында
ол балаларға толық сюжеттің мазмұны мен рөлдердегі өзара әдістер негізінде
көрінеді; дидактикалық ойындарда оларға тәртіпті көрсетіп, әрекеттің соңғы
нәтижесін жылжымалы ойын жүргізуді ұйымдастыруда ойынның мәнін, символын,
атрибуттардың қызметін ашуға, қарсыластарының жетістіктерін
бағалауға көмектеседі. Тәрбиеші сонымен катар, балалардын өзіндік
ойындарын басқарып, оларды дұрыс бағытқа ойынның арнайы дайындалған
кезеңдері арқылы нәтижеге қол жеткізеді.

Танымдық іс-әрекет сипатына сәйкес ойын түрлері:
1. Балалардың орындаушылық әрекетін талап ететін ойындар
2. Қайта жаңғырту іс-әрекетін орындауға бағытталған ойындар
3. Қайта жасау іс-әрекетін жүзеге асыруға бағытталған ойындар
4. Оқушылардың іс-әрекетін бақылауға бағытталған ойындар
5. Ізденіс іс-әрекетіне бағытталған ойындар.
Кұрылымы бойынша дидактикалық ойындарды мынадай түрлерге жіктейді:
1. Сюжеттік - рөлдік ойындар.
2. Жаттығу ойындар.
3. Драмалық ойындар.
4. Шығармашылық ойындар.
5. Әдеби-музыкалық ойындар.
Халық ойындарының педагогикалық мүмкіндіктеріне сәйкес мынадай
жіктемесі бар:
1. Білімдендіретін (білім беретін) ойындар.
2. Тәрбиелейтін ойындар.
3. Дамытатын ойындар.
4. Жеке тұлғаны әлеуметтендіретін ойындар.
5. Диагностикалык ойындар.
Жоғарыда көрсетілген жіктемелердің барлығының да мазмұны өте қызық
және өзіндік ерекшеліктерге толы. Олар дидактикалық ойындардың жалпы
мақсаты мен мазмұнына сәйкестендірілген. Бұл ойынның түрлерін бастауыш
сыныптың окыту үрдісінде кеңінен пайдалануға болады. [14]
Сюжеттік-рөлдік ойындар. Оқу жылының алғашқы жарты жылында тәрбиеші
балаларда ойындық іскерлік пен негізгі рөлдік қимылдарды қалыптастырады. Ол
бірігіп ойынға балаларды қосады немесе сюжетті кішігірім әңгіме негізінде
керсетеді.
Балалардың төменгі топтарында негізгі ойындық іскерліктер қалыптасады,
бұл оларға ойын барысында өзара байланысқан шарттық құралдарды пайдалануға
көмектеседі. [11]
Педагогтың алдында келесідей міндет тұрады. Ол балалардың шығармашылық
белсенділігін теңдестіру. Бұған ойынның құрамына әртүрлі рөлдерді қосу;
әлеуметтік сферадағы әртүрлі өмірді, әртүрлі әдеби шығармаларды,
ертегілерді, сонымен қатар, ертегідегі және шын өмірдегі персонаждарды
қосады. Мысалы, педагог (балабақшада тәрбиеші) полиция қызметкерін, от
сөндіруші және жалмауыз кемпірді, Тазша баланы, дәрігерді қосады. Жалпы
сюжетке мұндай рөлдерді қосу балалардың бейнесін белсендіреді, оларда
жаңа күтпеген жағдайларды ойлауына мүмкіндік береді, Сонымен қатар тәрбиеші
балалардың ойындық қызығушылығын ескереді, яғни күнделікті ойында
олар қалыптаспайды. Педагог балалармен бірігіп, ойында сюжетті
байланыспайтындай рөлдермен байланыстырып көрсетуі керек. Ол ойын
жоспарына жаңа жағдайлар және оқиға мен тұлғалар енгізетін балаларды
марапаттауы керек. Өйткені бұл баланың шығармашылық белсенділігін және
ойынның еркін менгерілуінің көрсеткіші болып табылады.
Сюжетті–рөлді ойындарға жағдай жасау немесе жетпей жатқан құралдарды
сюжет барысында көрсетуге көмектеседі, анық айтқанда ойыншының мәні мен
оның қатысушыларын байланыстырады. Әдетте бұл мақсатқа дайын ойыншықтарды
құрылыс материалы ретінде пайдаланады. Бұл жағдайда айнала ойынға
қолайлы ғана емес, сонымен қатар, шындыққа ұқсауы қажет. Өйткені, оны
балалар таза символды түрде ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz