Қазақ тілі сабағында дидактикалық ойындарды пайдалану жайлы


Тақырыбы: «Қазақ тілі сабағында дидактикалық ойындарды пайдалану»
Мазмұны
Кіріспе . . .
І бөлім. Бастауыш сынып оқушыларының білімін қалыптастыруда дидактикалық ойындарды пайдаланудың теориялық негіздері
1. 1. Оқушылардың білімін қалыптастыруда дидактикалық ойындарды пайдаланудың ерекшеліктері туралы ой-пікірлер . . .
1. 2. Бастауыш сыныпта қазақ тілі сабағында сөйлемді ойын әдісімен оқыту ерекшеліктері . . .
ІІ бөлім. Бастауыш сыныпта қазақ тілі сабағында оқушылардың оқу- танымдық қабілетін қалыптастыру әдістемесі.
2. 1. Бастауыш сынып оқушыларын дидактикалық ойындар арқылы танымдық іс-әрекетін қалыптастыру . . .
2. 2. 2-сынып оқушыларын қазақ тілі сабағында танымдық қабілетін қалыптастыруда сөйлемді меңгертуге арналған дидактикалық ойындар . . .
Мазмұны
Кіріспе
I. Бастауыш мектепте сөйлемді оқыту мәселесінің зерттелу тарихы . . . 5-9
- Бастауыш мектепте сөйлемді оқыту жолдары . . . 9-14
- Сөйлемдегі сөздердің байланысын оқыту . . . 14-19
1. 3 Бастауыш мектепте сөйлем мүшелерін оқыту әдіс-тәсілдері . . . 1 9-32
III. Бастауыш мектепте сөйлемді ойын әдісімен оқыту жолдары
- Ойын теориясы және бастауыш мектепте сөйлемді оқыту барысында дидактикалық ойындарды іріктеу . . . 32-45
- Бастауыш мектепте сөйлемді меңгертуге арналған ойындар . . . 45-52
Қорытынды . . . 52-54
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 54-57
Кіріспе
Диплом жұмысының өзектілігі. Бүгінгі таңда қоғамымыздың даму бағытында жан-жақты дамыған сауатты, саналы азамат тәрбиелеу мәселесі жүктеліп отыр. Мемлекетіміз осының бәрін ескеріп білім беру жүйесін баса дамытуға, оның дүниежүзілік деңгейге көтерілуіне аса мән беруде. Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев өз Жолдауында: «Болашақта өркениетті дамыған елдердің қатарына ену үшін заман талабына сай білім қажет. Қазақстанды дамыған 50 елдің қатарына жеткізетін, терезесін тең ететін - білім», - деп нақтылап берді. Білім беру - қоғамдық процесс, ол арқылы алдыңғы ұрпақтың әлеуметтік маңызды тәрбиесі кейінгі ұрпаққа беріледі. Оқушылардың білімін жетілдіруде дидактикалық ойындарды қолдана отырып танымдық қабілетін қалыптастыру бүгінгі таңда әрбір педагогтың алдына қойған мақсаты болып табылады. Қазіргі кезеңде дидактиканың кімді, қалай, және нені оқыту қажет деген сұрағы орта мектептегі оқыту үрдісіне де тікелей байланысты. Себебі, бүгінгі қоғамның дамуы, ғылымның және техниканың алға басуы мектеп оқушыларының сана-сезімін, ойлау туғызды. Сондықтан бастауыш мектепте оқушыларды сабаққа түрлі әдіс- тәсілдермен қызықтырып отыру керек. Сондай педагогикалық құралдың бірі - ойын әдісі. Дидактикалық ойындар арқылы бастауыш мектепте сөйлемді оқыту арқылы оқушылардың сабаққа деген қызығушылықтары ғана артып қоймайды, сонымен қатар олардың Дұрыс сөйлеу қабілеттері де артады. Сөйлем адам ойын шығаратын басты материал. Сондықтан бастауыш мектепте сөйлемді оқыту ісіне басты назар аудару қажет.
Диплом жұмысының мақсаты: Бастауыш сынып оқушыларының қазақ тілі пәні сабақтарында дидактикалық ойын іс-әрекеті арқылы танымдық қызығушылықтарын дамытудың жолдарын көрсету.
Диплом жұмысының міндеттері:
- Бастауыш мектеп жетілдіру;
- Оқушылардың сөйлемді Дұрыс қолдану ;
- Қазақ тілі сабағында пайдаланылатын тиімді түрлерін анықтау;
4. Дидактикалық ойындарды сабақта қолдану жолдарын
айқындау;
5. Оқушылардың сөйлеу тілін дамыту жолдарын айқындау
Диплом жұмысының нысаны болып Бастауыш мектепте кдзақ тілін оқыту процесі алынды.
Диплом жұмысының әдістері. Диплом жұмысында баяндау, талдау, салыстыру, сараптау, жинақтау, жүйелеу, қорыту әдістері қолданылды.
Диплом жұмысы жұмысы үш кезеңде жұргізілді.
Бірінші кезеңде диплом тақырыбына сай педагогикалық, лингвистикалық және әдістемелік әдебиеттерге талдау жасалынды. Осының негізінде диплом жұмысының мақсаты, нысаны анықталды. Бастауыш мектепте қазақ тілі сабағында оқушылардың сөз тіркесін оқыту тәсілдерін қолданудың міндеттері айқындалды.
Екінші кезеңде Бастауыш мектеп қазақ тілі сабағында оқушылардың тілін дамыту тәсілдерін қолданудың тиімді жолдары қарастырылды. Оқушылардың тілін дамыту тәсілдерінің тиімді түрлері анықталып, жүйеге келтірілді. Оқыту процесінде сөйлемді оқыту тәсілдерін қолдануды үйымдастыру және тиімді пайдалану жолдары айқындалды.
Диплом жұмысының теориялық маңызы Бастауыш мектеп қазақ тілі сабағында оқушыларға сөйлемді ойын әдісі арқылы оқытуға байланысты алынған ғылыми қағидалар мен түжырымдар қазақ тіл білімі мен қазақ тілін оқыту әдістемесін теориялық тұрғыдан толықтырады.
Диплом жұмысының практикалық маңызы
Диплом жұмысында үсынылып отырған әдістеме оқушылардың қазақ тілінің сөйлем жөнінде алған білімін тереңдетуге және тілдік материалдарды Дұрыс игеруіне ықпал етеді. Диплом жұмысы мектеп мұғалімдеріне және қазақ тілін оқыту әдістемесін зерттеушілерге көмекші кұрал бола алады.
Диплом жұмысы кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
I тарау. Бастауыш сынып оқушыларының білімін қалыптастыруда дидактикалық ойындарды пайдаланудың теориялық негіздері
1. 1 Оқушылардың білімін қалыптастыруда дидактикалық ойындарды пайдалану туралы ой-пікірлер.
Бүгінгі таңда қоғамымыздың даму бағытында жан-жақты дамыған сауатты,
саналы азамат тәрбиелеу мәселесі жүктеліп отыр. Мемлекетіміз осының бәрін ескеріп білім беру жүйесін баса дамытуға, оның дүниежүзілік деңгейге көтерілуіне аса мән беруде. Білім беру, тәрбиелеу және балалардың ой-өрісі қабілетінің дамуы бұл сабақтың алға қояр мақсаты болып табылады. Өмір сүру үшін білімді меңгерудің маңызды екендігі жайлы ғұлама бабаларымыз Әл-Фараби, Қ. А. Ясауи, М. Х. Дулати, Ж. Баласағұн тамаша өсиеттер қалдырған.
Ұлы ойшылдар, ағартушы-педагог Я. А. Коменский, И. Г. Песталоцци, Ж. Ж. Руссо, А. Дистерверг, Ы. Алтынсарин, К. Д. Ушинский оқыту арқылы оқушылардың ақыл-ой қабілеттерін, дербестігін, ойлауын дамытуға көңіл бөлу керектігін айтқан болса, оқыту үрдісінің ерекшеліктері мен ұстанымдары, оқыту әдістері мен құралдарын М. А. Данилов, Б. Н. Есипов, Н. Скаткин, Ю. К. Бабанский, М. Жұмабаев, Т. Сабыров т. б. өз еңбектерінде оқушылардың өз бетінше жұмыс орындауда дидактикалық ойындардың пайдалы жақтарын талқылаған, ғылыми түсініктер берген.
Оқушылардың білімін қалыптастыруда дидактикалық ойындар арқылы оқушыны білім алуға, оқуға қызықтыра отырып, тұлғалық дамуын қалыптастыруға болады.
Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасында белгіленген орта білім берудің негізгі міндеттерінің бірі « . . . білім алушылардың еңбек нарығындағы бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету» үшін тілдік фактілерді жалаң емес, қатысымдық тұрғыдан меңгерту қажет. Бұл Отанымыздың келешекте дамуымен, әлемнің алдыңғы қатарлы елдері сапына қосылуымен, қазіргі мектеп оқушыларының білім дәрежесімен, шығармашыл ойлай алу қабілеттерімен сабақтаса орайласады. Осыған орай, білім беру салаларында оқыту мен тәрбиелеудің жаңа технологияларын қолдану жұмыстары жедел қарқынмен жүргізілуі тиіс.
Орта ғасырда баланың ойынының мәні ашылмаған. Осыған қарамастан, ойын әрекеті алдыңғы қатардағы ғалымдардың, соның ішінде ұлы педагогтардың Дж. Локктың, Я. А. Коменскийдің және т. б. назарын аударды. Өскелең ұрпақты оқыту мен тәрбиелеудегі теориясының негізін салушы Я. А. Коменский өзінің әлемге әйгілі «Аналық мектебінде» мектеп азаптау мен ұрып соғудың емес, ойын мен ермек балалардың қоршаған орта туралы нақты түсініктердің, білімдердің жинақталуына себепкер болуы тиіс деп атап көрсетті.
Елуінші жылдары дидактикалық ойынның оқу үдерісінде орны ерекше бағаланып, мектепті өмірмен байланыстыру міндеттері қойылды. Оқу үдерісінде ойынды қолдану оқушылардың ойлау әрекетін белсенді ету, формализммен күресу құралы ретінде қаралды. Ол ойын сабақтардың әдістемесін, дидактикалық ойындар құрастырды.
Психологтардың - Б. Г. Ананьев, Л. С. Выготский, А. Н. Леонтьев, Д. Н. Узнадзе және басқалардың жұмыстарында ойынның әлеуметтік-психологиялық феномен сияқты рөлі басым талданған болатын.
Б. Г. Ананьев ойын - «адам өмірінің барлық дәуірлері» қамтылған, өзінің даму тарихы бар қызметтің ерекше түрі деп тұжырымдаған. Кейбір зерттеушілер ойынды ықыласпен оқуға және қоғамдық жұмыспен белсенді шұғылдануға міндетті оқушы үшін болмашы қосымша қызмет деп қараған. Ал басқалары балалардың қоғамдық ұйымдары аймағында өзіндік инициативасынан және еркін қуаныштан айырылғандарға арналған қандай да бір формальды процедура ретінде түсінді. Сонда ойын іс-әрекетінде бала қарым-қатынас, еңбек және таным субъектісі бола алады.
Ы. Алтынсарин қазақ балаларына мағыналы анекдоттар, жұмбақтар, ойына ой қосатын әңгімелер, танымдық қызығуын тудыратын жайттар адамгершілікке, ақыл ойды тәрбиелеуде аса тиімді болады деп санаған. Бүгінгі қоғам мүддесіне лайықты жан-жақты жетілген бойында ұлттық сана, ұлттық психология қалыптасқан парасатты азамат тәрбиелеп өсіру - отбасының, мектептің барлық халықтың міндеті. Заман өзгерген сайын адам баласының басынан өткендерібалалардың ойынында көрініс табады. Білімді меңгеру және оны бекіту үшін, дағды мен әдет қалыптастыруда балаға қайталау және жаттығу қажет. Бала әрбір затты ұстап, дәмін татып, сан рет байқап көреді.
Дегенмен, оқушылардың танымдық қабілетін қалыптастыруда дидактикалық ойынның маңызы зор.
ХХ ғасырдың ортасында 60 жылдары білім беруде дидактикалық ойындар танымал бола бастады. Ойын білімдік көзқарас бойынша жеке қызығушылықтарымен түйісуімен мүмкін болатын дидактикалық зерттеу тәсілі. Ойын оқушылардың өздерінің маңызды қасиеттерін көрсете алатын және басқа адамдармен бірлесіп әрекет ете алатын, белсенді бақыланатын қатынас жасауына мүмкіндік беретін оқытудың белсенді құралы болып табылады.
Дидактикалық ойын - оқылатын жүйелерді, құбылыстарды, үдерістерді еліктеу бойынша үлгерудің белсенді оқу қызметі. Дидактикалық ойын - әрбір қатысушы және топ бүтіндей негізгі мақсаттарды шешуге біріккен және өз әрекетін ұтуға бағыттайтын ұжымдық, мақсатқа бағытталған оқу қызметі. Бірақ дидактикалық ойын рөлдік ойынның эволюциялық нәтижесінде пайда болады. Бұл жөнінде ғалымдар түрліше атаулар мен түсініктемелер берді. Д. Б. Эльконин «рөл жасырын, ал ереже ашық» деп түсіндіріп, «ойын жаттығу» деп атады. Дидактикалық ойын - қарым-қатынас және еңбек арқылы тану құралы, олардың өзара байланысы мен өзара тәуелділігін жинақтауы. Дидактикалық ойын балаларды оқыту және тәрбиелеу құралы, дидактикалық ойын сабақтың құрылымының бір бөлігі және оқу материалын тереңдету және бекіту қызметін атқарады. Педагогикалық энциклопедияда «дидактикалық ойын - ақыл-ой тәрбиесінің құралы, балалардың заттар, құбылыстар, қоршаған өмір туралы білімін нақтылап, ойлауға, сөйлеуге, санауға және т. б. үйретеді» делінген. Сондықтан біздің пікірімізше, дидактикалық ойындар - бұл әрекет түрі ойын және оқу-танымдық әрекеттерді біріктіреді .
Ойынның тәрбиелік және оқу табиғатын ашуға, оның оқу үдерісінде қолдану заңдылығын түсіндіруге уақыт келді. Осы кезеңдерде мынандай бағыттағы жұмыстары жүргізілді:
- ойынның оқу үдерісінде мүмкіндігі анықталып, бейнелеу өнерінде тиімділігін анықтаған (А. А. Баранов) ;
- көркем кітаптар мен суреттердің әсерінен ойын бейнелерін жасау (Л. П. Бочкарев) ;
- оқушылардың танымдық мүмкіндіктеріне дидактикалық ойындардың ықпалын зерттеген (Г. А. Ляпина, Л. П. Гамбург) ;
- оқу үдерісінде танымдық қабілетін белсендіру оқушылардың тәжірибесін талдау (А. А. Баранов, Л. И. Бердешева) ;
- дидактикалық ойынның құрылымы (Е. И. Удальцова, А. А. Баранов) ;
- оқу-тәрбие үдерісін жетілдірудегі дидактикалық ойындардың педагогикалық өзара әрекетімен нәтижесі бағаланады (М. В. Стронин) ;
- оқу-тәрбие үдерісіндегі дидактикалық ойынның негізгі ерекшелігі анықталады (В. А. Верхогляд, Г. А. Ляпина) ;
- дидактикалық ойынға жетекшілік жасаудың негізгі әдістемелік тәсілдері (В. А. Верхогляд, Г. А. Ляпина) ;
- дидактикалық ойындарды сабақта және сабақтан тыс жұмыстарда қолдану тәжірибесі зерттелді (Н. Н. Ушаков, Н. М. Касаткин, З. Р. Расулова) .
70-90 жылдары дидактикалық ойынның рөлін кеңірек мағынада тұлғаның адамгершілігін қалыптастыру позициясында түсіндірілді. Осы бағыттағы Г. И. Камаева тұлғаның идеалын қалыптастырудағы ойынның рөлін, оқушының адамгершілік бейнесін қалыптастырудағы орнын көрсетті. Дидактикалық ойындағы оқу танымдық әрекеттің қалыптасуының құралы ретінде, оны белсенді етудің жолы ретінде қарастырды.
С. Жиенбаевтың "Қазақ тілінің методикасы" (1946), "Бастауыш мектепте кітап оқыту методикасы" (1957), "Бастауыш мектепте кітап оқыту методикасы" (1939), тағы басқа секілді қазақ тілін оқыту әдістемесіне қосқан еңбектері мен мақалалары бар.
С. Жиенбаевтың "Қазақ тілінің методикасы" (1949) жылы шыққан атты еңбегі үлкен-үлкен екі тараудан тұрады.
Бірінші тарауы - "Грамматика оқыту методикасы" деп аталса, екіншісі - "Кітап оқыту методикасы" - деп аталады. С. Жиенбаев сөздің мағынасы жеке тұлғада емес, басқа сөздермен байланысқа түскен жағдайларда ғана өз мағынасын береді, - деген пікір айтады. "Сөздің мағынасы сөйлем ішінде тұрғанда ғана байқалады. Жеке тұрғанда бір мағына беретін сөз, сөйлем ішінде басқа мағына беретін тілде көп үшырасады", - дейді.
Ғ. Бегалиев "Әріп, дыбыс, буын" (1935), "Бастауыш мектепте қазақ тілі методикасының мәселелері" (1950) т. б. еңбектері арқылы қазақ тілін оқыту әдістемесіне өзіндік үлес қосқан бірегей ғалым.
Ғ. Бегалиев "Бастауыш мектепте қазақ тілі методикасының мәселелері" (1950) атты еңбегінде грамматиканы оқытуға ерекше тоқталған. Кітап алты тараудан тұрады:
- Оқу-жазуға үйрету методтары;
- Жазуға және көркем жазуға үйрету;
- Оқу сабағына қойылатын міндеттер мен оқыту методтарытуралы;
- Грамматика мен емле программасы материалының мазмұны;
- Дұрыс жазуға үйрету;
- Тіл дамыту.
Ғ. Бегалиев "Оқушы қаншалықты пысық тиянақты болмасын -өз ойындағысын ауызша айтып беретіндігідей етіп жазбаша білдіре алмайды, ауызша тиянақты тұрде мазмұндай алғанын жазуға келгенде, ауыз екі айтқандағысыдай еркін мазмұндай алмайды", - деп түбір сөзге жалғанып оған қосымша мән беретін жұрнақтардың мағынасын түсіндіру керек болғанда, сол жұрнақтарды білдіретін 2-3 сөз келтіру керек", - дейді. Х. Арғынов - бастауыш мектепте қазақ тілін оқыту мәселесіне өзіндік құнды үлес қосқан ғалым. Оның "2-класс "Қазак тілі" оқулығына методикалық нүсқау" (1970), "Қазақ тілі методикасы" (1974), "Қазақ тілінен 2-классқа арналған дидактикалық материалдар" (1980) т. б. еңбектері бар.
Х. Арғынов, бастауыш сынып оқушылары грамматикасыз ешқандай
білімді игере алмайды, тілдің басқа салаларын түсіне алмайды, - дейді.
Бастауыш класс оқушылары, оның ішінде 3-ші класс оқушылары, сөздің
түбіріне саналы түсінбесе, сөз құрамының басқа салаларын да меңгере
алмайды".
Ш. Сарыбаев - қазақ тілінің методикасын қалаған ғалымдардың бірі.
Ш. Сарыбаевтың "Қазақ тілі методикасының кейбір мәселелері" (1959), атты еңбегінде "Бір тақырыпты не бір тақырыпшаны оқыту үшін сол пәннің өзін жақсы білу керек. Оқытатын пәнді көңілдегідей білмей тұрып, оны оқытудың методикасына жармасу бос еңбек" - мұғалімнің білімді болуы, көп ізденуі қажет екендігін атап көрсетті.
Аталған еңбегінде ғалым зат есіім, сын есім, сан есім, үстеу етістік, шылау секілді сөз таптарына тоқталып, өзінің оқыту әдістемесін ұсынады.
И. Қ. Ұйықбаев "Қазақ тілі методикасының очерктері" (1962) атты еңбегінде сөз таптарын оқытудың қажеттілігіне баса назар аударады. Балалардың сөз байлығын молайтуға, тілін жаттықтыруға грамматиканың орыны ерекше екендігін көрсетеді. "балалардың сөз байлығын көбейтіп тілін жаттықтыру үшін бірнеше сөз беріп, олардан жұрнақтар арқылы жаңа мағыналы сөз жасатып, сол сөздердің кейбіреулерін келтіре, сөйлемдер құрату керек, сонда оқушылар жұрнақ пен жалғаудың мәнін іс жүзінде анық байқайды. "
М. Балақаев - қазақ тілі білімінде алатын орын ерекше ғалым. М. Балақаевтың қазақ тілін оқыту мәселесені арналған "Бастауыш мектептің екінші сыныбына арналған "Қазақ тілі" байқау оқулығына методикалық нұсқау", "Тіл әдебиеті және қазақ тілін оқыту" т. б. М. Балақаев грамматикалық жаттығуларды іріктеуде мынадай талаптар қояды.
- Біріншіден, жаттығу материалдары мазмұнды болуға тиіс. Материалдағы жеке дыбыстар, әріптер, буындар сөз ішінде, сөздер, сөзтіркесі, сөйлем ішінде алынып талданылады.
- Екіншіден, әрбір мысал, әңгіме, өлең, сөз, сөйлем, тіл (стиль) жағынан мұлтіксіз әдеби норманы ұстануы тиіс. Ол үшін оқушылар Дұрысқұралмаған жасанды мысалдардан аулақ болып, әдеби тілдің жақсыүлгілері бойынша әдеби тілге тән басқа да мысалдар бойыншатәрбиеленеді.
3. Үшіншіден, алынған жатіығу тағы да басқа матераилдар құрамынан, керекті сөздер, дыбыстар, әріптер, грамматикалық тұлғалар, сөйлемдер жиі кездесетін болсын
М. Балақаев грамматикалық жаттығулар, бытыраңқы, шашыраңқы болады дей келе "оның себебі - грамматикалық, орфографиялық ережелер белгілі нақты сөздер тұлғалар негізінде емес, абстракцияланған көптеген фактілерді қорыту негізінде жасалады. Баланы соған жетектеу үшін көптеген байқау, жаттығу жұмыстары жұргізілуі тиіс" - деп грамматиканы оқыту арқылы "баянды білімнің белсенді "ойшылы" етіп тәрбиелейтіндігін атап көрсетеді".
Бұлардан бөлек бастауыш мектепте грамматиканы оқыту мәселесіне арналған: Х. Арғынов пен Ғ. Сүлейменов "2 - сыныпта каритна бойынша тіл дамытуға арналған көрнекті құралдарға қосымша ңүсқау" (1965), Х. Арғынов "қазақ тілі программасы мен оқулығын жетілдіру жайында" (1965), Х. Арғынов "Қазақ тілінен 3 - сыныпқа раналған таблицаларға нүхқау" (1967), Ш. Сарыбаев "Қазақ тілі методикасының кейбір мәселелері" (1959), Р. Әміров "1 класта қазақ тілін оқыту" (1962), Р. Әміров, А. Асқарова "2-3 класс "Қазақ тілі" оқулығына методикалық нұсқау" (1983), Ш. Сарыбаев "3 класта "Қазақ тілі" оқулығына методикалық нұскаулар" (1955), Р. Әміров "1 . класта оқушылардың тілін дамыту үшін істелетін жұмыстар" (1957), Ә. Садуақасов "Қазақ тілінен методикалық құрал" (1964), Бозжанова К, Әміров"бастауыш мектепте қазақ тілін оқыту" (1964), С. Рахметова "Қазақ тілін оқыту методикасы" (1992), М. Балақаев "Бастауыш мектептің 2 класына арналған "Қазақ тілі" методикалық нұсқау" (1969), Байқуатова "Бастауыш мектепте синтаксис материалдарын оқыту " (1997), "Бастауыш кластарда қазақ тілін оқыту методикасы" тағы басқа еңбектер жарық көрді.
Мұның барлығы бастауыш мектепте грамматиканы оқыту мәселесіне үлес қосқан еңбектер.
- . Бастауыш сыныпта қазақ тілі сабағында сөйлемдегі сөздердің байланысын ойын әдісімен оқыту ерекшеліктері.
... жалғасыОқу - тәрбие үрдісінде баланы жаңаша әдіспен оқыту үшін әрбір пәннің иесі - мұғалім сол жаңа технологияларды толық түсініп, меңгеріп алуы керек. Соның нәтижесінде ғана әрбір жалпы білім беретін мектеп мұғалімі тәжірибесінің жоғары деңгейге көтерілері анық. Ол мұғалім тек оқушыны дамытып қоймайды, сонымен қатар өзінің де жеке қасиеттерін жаңаша түрғыдан ашуына мүмкіндік алады.
Осыған орай, жалпы білім беретін мектеп мұғалімдерінің инновациялық іс-әрекетін қалыптастырудың алғы шарттарын жасаған болатынбыз:
Мектеп мұғалімінің инновацилық іс-әрекетін қалыптастырудың педагогикалық шарттары: инновация туралы білімі; инновацияны жан -жақты меңгеру; инновациялық іс-әрекет диагностикасын меңгеру; инновацияны тәжрибеге өндіру жұмыстары; практикада дұрыс қолдану.
Үздіксіз өзгеріп тұрған заман адамнан сол заман талабына сай білім алып, жаңа істерді меңгеруді талап етеді. Осыған орай, оқу-тәрбие үрдісіне жаңа педагогикалық техналогияларды жүйелі пайдаланудың маңызы зор. Оқу-тәрбие үрдісін жаңалықтармен қамтамасыз ету барысында ғана, біз саналы да білімді азамат тәрбиелей аламыз. Ал, қазіргі уақытта жалпы білім беретін мектеп мұғалімдерінің жаңа технологияларды пайдалану практикасын дамытсақ, мұғалім оны өз сабағында орында пайдалану арқылы еңбек тәжірибесін дамыта алады. Окушылардың қабілеттерін арттырып, сабаққа деген қызығушылықтарын оятып, өздеріне сенімді білімді азамат етіп тәрбиелей алады.
Сондықтан бастауыш мектеп оқушылырының шығармашылық қабілеттерін дамыту, белсенділіктері мен танымдық қызығушылықтарын қалыптастыру күнделікті сатылап атқарылатын мақсатты бағдарлы міндеттер орындалатын күрделі әдіс-тәсілдер жүргізу процесі арқыла іске асады. Яғни оқушылардың оқу іс-әрекетінде барлық танымдық әрекеттер қозғалысқа түсіп, дамуға ықпал жасады.
Психологтар Д. Д. Эльконин мен В. В. Давыдовтың зерттеулерінде оқу іс-әрекетінің негізгі қүрылымы оқу мақсаты және оқу әрекеттерінен түрады. Олардың пікірінше, оқу үрдісін басқарушы бөліктер оқу пәндерін оқыту (мұғалімнің іс-әрекеті) және оқу (оқушының іс-әрекеті) өзара бірлесіп әрекеттескенде және терең байланысып өзара тәуелдікте болғанда ғана оқудың сапасы артады, балалардың психикалық дамуы тиімді қамтамасыз етіледі.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz