Қазақ тілі сабағында оқушылардың сөйлеу қабілетін ойын арқылы жетілдіру


Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   

Қазақ тілі сабағында оқушылардың сөйлеу қабілетін ойын арқылы жетілдіру

Түсіпова Рыскүл Алдабергенқызы

№1 жалпы орта білім беру мектебі, қазақ тілі мен әдебиеті

Ойын дегеніміз ұшқын, білімге құштарлық пен еліктеудің маздап жанған оты.

В. М. Сухомлинский

Ойын - дегеніміз не? Ойын дегеніміз - халықтың баланы әдептілікке, сауаттылыққа баулитын құралдың бірі.

Ойынның түрлері өте көп. Мысалы: рөлдік ойындар, денешынықтыру ойындары, сюжеттік ойындар, дидактикалық ойын элементерін пайдаланудың маңызы өте зор. Дидактикалық ойындар баланың ақыл- ойын дамытып, сабаққа деген қызығушылықтарын арттырады. Бастауыш сынып оқушысының зейіні тұрақсыз, импульсивті болғанымен, қабылдау есте сақтау мүмкіндіктері жақсы дамыған.

Тіл дамыту, сауат ашу сабақтарында да рөлдік, сюжеттік ойындарды қолдануға болады. Рөлдік ойындар бастауыш сынып оқушыларының өмірінде елеулі орын алады. Бұл ойындар ұзақ та, қысқа да болу мүмкін. Мысалы «Дүкен» ойынын ойнағанда балалар сатушы мен сатып алушы әрекеттеріне еліктейді, ал «Мектеп» болып ойнағанда мұғаліммен оқытушының әрекетіне еліктейді. «Отбасы» ойындары арқылы айналадағы өмірді бақылауға, күнделікті өз өмірлерінен алған білімдерін ойын сюжетіне пайдалануға төселдендіруге болады.

Ойын үлгісінің технологиясы баланың нақ осындай белсенділіктерін арттырады. Кез-келген бала да адамның мәдениеті де ойын арқылы дамиды. [1. 241б]
Ойын бала үшін - нағыз өмір. Егер мұғалім ойынды ақылмен ұйымдастырса, ол балаларға ықпал жасауға мүмкіндік алады. А. П. Усова былай деп атап көрсетті: «Балалардың өмірі мен іс-әрекетін дұрыс ұйымдастыру - оларды тәрбиелеу деген сөз. Тәрбиенің тиімді процесі ойын және ойынның өзара қарым-қатынастары формаларында жүзеге асырылатын себебі сол, бала мұнда өмір сүруді үйренбейді, өз өмірімен тіршілікетеді».
Ойынды балалар өмірімен ұйымдастырудың формасы ретінде пайдалана отырып, алдымен, солардың ортақ мүддесін бағыттап және дамытып отыру, балалар ұжымын топтастыруға күш салу керек.
Ойын мен еңбектің өзара байланысы бұлардың арасында ұқсастық және айырмашылық болуымен айқындалады. А. С. Макаренконың еңбектегі сияқты, ойында да жұмыс күші мен ой күші жұмсалады деп көрсетті: «Күш жұмсалмаған ойын, белсенді іс-әрекетсіз ойын - қашан да жаман ойын». Ойынның жұмыстан айырмашылығы тек қана мынада: « . . . жұмыс адамның қоғамдық өндіріске . . . материалдық, мәдени, басқаша айтқанда, әлеуметтік игіліктер жасауға қатысуы деген сөз.
Сонымен бірге ойын да балалардың танымдық дамуына әсер етеді, білімдерін кеңейту қажеттігін туғызады. [2]

Қазақ тілі сабактарында дидактикалық ойындарды көркем әдебиеттермен ұштастыру жұмыстары да оқушыларды тәрбиелеуде маңызы зор. Көркем әдебиетгерді оқу арқылы оқушылардың эстетикалық адамгершілік қасиеттері дамиды. Шығармадағы кейіпкерлерді тану барысында жақсы істерге ұмтылады.
С. Рахметова қазақ тілі сабақтарында көркем шығармалардың оқушыларды тәрбиелеудегі маңызын жан-жақты талдап көрсетеді:
1. Идеялық-саяси, адамгершілік және эстетикалық тәрбие беру;
2. Дүниеге дұрыс көзқарас қалыптастыру;
3. Балаларды, жас өспірімдер мен үлкендердің үлгілі, ерлік істерімен,
еңбектерімен таныстыру арқылы қоғам игілігіне адал ниетпен еңбек етуге,
адамгершілікке, бір-бірін сыйлаушылыққа, адалдық пен шыншылдыққа,
кішіпейіл болуға тәрбиелеу;
Бұл үшін әлемдік тәрбиенің озық үлгілерін, сыннан өткен тәрбие көздерін қазақ тілін оқыту барысында тиімді қолдану қажет.
Қазақ тілі сабақтарында діни нақылдар мен өнегелік өсиеттерді үйрету арқылы оқушыларды адамгершілік құндылықтарды түсініп, оны келешек өмірінде дұрыс қолдана білуге дағдыландырылады.
Демек, ұлттык педагогика негіздерімен оқушыларды оқыту арқылы олардың, өз халқын сыйлауға, туған тілін құрметтеуге үйретеді. Бұл оқушылардың бір-бірімен қарым - қатынас кезінде өзара кішіпейілділікпен қарауды, әдеп сақтауды, сыпайы сөйлесуді қалыптастырады, нәтижеде балалардың тіл мәдениеті жетіледі. [3]

Сабақ барысында дидактикалық ойындардың үлгілері.

Жылы - суық

Мақсаты: Балалардың жылы және суық түстер жайлы түсініктерін бекіту

Ойын мазмұны: Балалар шағын топқа бірігеді. Әр топқа үлкен қағаз беті беріледі. Жүргізуші бір-бірлеп карточка көрсетеді, ал балалар өздерінің қағаздарындағы суреттер мен дөңгелектердің түстерін сәйкестерін алады.

Өрнектерді құрастыр

Мақсаты: Балалардың геометриялық пішіндер мен түстер жайлы білімдерін бекіту, түсті таңдай білуге үйрету (жақын, сәйкес) .

Сондықтан қазақ тілін дидактикалық ойындар арқылы меңгерту барысында шәкірттердің санасына ұлттық рухты сіңіру, өз халқының өткеніне мақтанышпен қарау сезімдерін ояту керек. Бұл оқушылардың жеке тұлғалық қасиеттерінің жетілуіне негіз бола алады. [4]
Қазақ халқының ұлт ретінде өмір сүруіне оның тілімен қатар салт-дәстүрлерінің, әдет-ғұрыптарының маңызы айрықша. Қазақтың мақал-мәтелдері жас ұрпақты әдептілікке, мінезін жақсы қасиеттер арқылы имандылық пен инабаттылыққа тәрбиелесе, ақын-жазушылардың көркем шығармалары эстетикалық, этикалық қасиеттерге тәрбиелейді. [5. 233б]

Баланың құлағына жас кезінен бастап халықтың тәрбиелік асыл-маржандарын құйып отыру - тек мектептегі мұғалімнің ғана жұмысы емес сонымен қатар үйдегі ата-аналардың негізгі міндеттерінің бірі болуға тиіс. Абай Құнанбаев он тоғызыншы сөзінде жас кезінен жақсы сөз естіп өскен бала кейін есті адам болады дейді: " Адам ата-анадан туғанда есті болмайды, естіп, көріп, ұстап, татып ескерсе, дүниедегі жақсы, жаманды таниды дағы, сондайдан білгені, көргені көп болған адам білімді болады. Естілердің айтқан сөздерін ескеріп жүрген кісі өзі де есті болады". Сондықтан баланы жас кезінен бастап тәрбиелік маңызы жоғары халық ойларының кәусар бұлақтарымен сусындату қажет. [6. 93-97б]

Қазақ тілі сабағында ойын технологиясын қолдану.

Ойын - оқу үрдісіндегі оқытудың әрі формасы, әрі әдісі ретінде дербес дидактикалық категория. Сонымен бірге ойынды мұғалім мен оқушылардың бірлескен оқу әрекетінің өзара байланысты технологиясы ретінде қолдануға болады, қазақ тілі сабағында ойын формаларын еңгізу барысында интерактивті тақтаны да қолданудың маңызы өте зор. Бастауыш сынып оқушыларының мектепке келгенге дейінгі негізгі әрекеті - ойын болса, оқу-тәрбие үрдісінде олар біртіндеп ойын әрекетінен оқу әрекетін орындауға бейімделуі тиіс. Ол сабақ барысында пайдаланылатын дидактикалық ойындар арқылы жүзеге асады.

Ойынның мақсаты - бағдарламада алған білімдерін қалыптастыру, тиянақтау, пысықтау.

Міндеті - баланың қызығушылығын ояту, белсенділігін арттыру.

Дидактикалық ойындар - балалардың білімдерін арттырудың құралы. Сабақта ойындарды қолданудың түрлі жолдары бар. Дидактикалық ойындар арнайы мақсатты көздейді және нақты міндетті шешеді.

Ойын сабақтың басында - өткен сабақты еске түсіреді.

Сабақтың ортасында - көңіл-күйін сергітеді, ерік-жігерін дамытады, сабаққа ынтасын арттырады.

Сабақтың соңында - тақырыпты бекіту, сабақта алған білімді жинақтау мақсатын көздейді.

Ойын - оқушылардың оқуға деген ынтасын арттыратын құрал. Сондықтан бастауыш, дайындық сыныптарында оқушылар сабақ үстінде ойынды көп қажет етеді. Оларға пайдаланылатын ойындар оқушылардың жас ерекшеліктеріне қарай күрделеніп отырады. Мысалы, дайындық сыныбында қарапайым ғана ойын түрлерін ойнатсақ, сыныбы үлкейген сайын баланың жас ерекшелігіне сай болып күрделенгені дұрыс. Олай болса, ойынды пайдаланудың маңызы зор. Мұндай ойынның көптеген түрлері бар. Ойын да халық педагогикасының құрамдас бір бөлігі болып келеді. Ұлттық ойындар халықтың әлеуметтік-экономикалық жағдайларына байланысты туып, дамығанына қазақ халқының ойындарымен таныса отырып, көзіміз әбден жетеді. Халық ойындарын сабақтарда пайдалану оқушының алған білімін күнделікті өмірмен берік ұштастыруға қолайлы.

Ойын - бала әрекетінің негізгі бір түрі. Бала үшін ойын - өмір сүрудің белсенді формасы, сол арқылы ересектерге еліктейді, олардың іс-әрекеттерін, қарым-қатынастарын үйренеді, еңбектің мәнін түсіне біледі, адамгершілік нормаларын игереді, әлеуметтік рөлдер атқарады. [7]

Сабақ үстінде жүргізілетін жұмыс түрлері, тақырыпқа сай алынған тәрбиелік мәні бар ойын элементтері оқушылардың ойлау белсенділігін керек етеді. Сондықтан мұғалім әр сабағында ойын түрлерін орнымен қолданып, оны қызықты ету арқылы олардың білімге ынта-ықыласын, пәнге деген сүйіспеншілігін қалыптастыруды мақсат етеді. Демек, мұғалім сабағын баланың қабілет-қарымына, психологиялық ерекшелігіне сай байланыста жоспарлау керек. Сонда ғана сабақ тартымды, жеңіл болады, оқушыларды жалықтырмайды. [8]

Педагогикалық ғылым тарихына көз салсақ, балалар ойынына қатысты мәселелерге соқпай кеткен ағартушы, педагог болмаған екен. Тұлғалы, кезіндегі прогрессивті ұлы педагогтар Я. А. Коменский, Ж. Ж. Руссо, И. Г. Песталоцций халықтық ойынға назар аударып, қолданып, халықтық ойындардың теориялық негізін жасауға талпынған. Ойынның балалардың денін сауықтыратынын, ақыл-ойын белсенді ететін және барлық ағзаларын икемді қозғалуға баулитын мәнін Я. А. Коменский дәріптеген. Ж. Ж. Руссо пікірінше білім алу ойынның ойынның балалар өмірінде кезектесіп, алмасып отыруы бір-бірімен сабақтаса байланысуы бала дамуындағы қажетті шарт болады. [9. 26-28б]

Қазіргі Қазақстан мектебіндегі жаңа өзгерістер әлемдік білім беру тәжірибелерін пайдалана отырып, баланың жеке-дара күшінің дамуын қамтамасыз ететін жаңа технологияларды іздестіру және оларды қолдануға бағытталған.

Инновациялық оқу оқудың түсіндірмелі-иллюстрациялық түрінен әрекетшілдікке ауысу арқылы жүзеге аса отырып, оқушының оқу әрекетінің белсенді субъектісі болуына мүмкіндік береді. Оның өзі сабақты әртүрлі технологиялар бойынша жобалауды қажет етеді. [10] Ойынның ұйымдастырылу түрлері: іскерлік ойындар, рөлдік және оқиғалық ойындар, саяхаттық және білімдік ойындар.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ тілі сабағында оқушылардың сөйлеу мәдениетін қалыптастыруда дидактикалық ойындардың ролі
Қазақ тілі сабағында дидактикалық ойындарды пайдалану
Бастауыш сыныпта тіл дамыту жұмыстары
Қазақ тілі сабағындағы дидактикалық ойын түрлерін сабақта тиімді қолдана білу әдісі, дидактикалық ойынның мәні, ерекшеліктері мен қызметі
Қазақ тілі сабақтарында оқушылардың тілін дамыту
Бастауыш сыныптың қазақ тілі сабақтарында көрнекі құралдарды қолдану арқылы ынталандыра оқыту үрдісі
Бастауыш мектептің қазақ тілі сабағында ойын технологиясын қолданудың тиімді әдістемесін ұсыну
Қазақ тілі сабағында оқушыларға арналған тапсырмалар мен ұлттық – танымдық ойындар
Орыс сыныптарына қазақ тілі пәнінен мәтінмен жұмыс жасау әдістемесі
Бастауыш сыныптарда қазақ тілін оқыту әдістері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz